Европа көлеміндегі буржуазиялық революция



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1 ХVІІ ғасырдың І жартысында Англияның сыртқы саясаты

1.1 Европа көлеміндегі буржуазиялық революцияның
себебі ... ... ... ... 8

1.2. XVII ғасырдағы буржуазиялық революция кезеңіндегі Англияның ішкі
және сыртқы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..11

2 ХVІІ ғасырдың ІІ жартысында Англияның сыртқы саясаты

2.1 Буржуазиялық революцияның Англия саясатының дамуындағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

Кіріспе

Тарих барысында қоғам төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай прогресті
түрде қарыштап дамыды. Бұл прогрестің аса маңызды белгісі қоғамның өндіргіш
күштерінің өсуі болып табылады.Адамдардың еңбек құралдары мен жұмыс күші
өндіргіш күштер деп аталады. Өндіргіш күштер еңбек құралдарын жетілдіру мен
қоғамдық құрылыстың төменгі сатыдан анағұрлым жоғары сатыға ауысуының
нәтижесінде өсті. Алғашқы қауымдық қоғамда өндіргіш күштер ең төменгі
дәрежеде болды. Ол құл иеленушілік құрылыс тұсында өсіп, феодализм
дәуірінде одан ары жетіле түсті.
Қоғамның прогресті дамуы ешбір тежеусіз, біркелкі өтеді деп ойлауға
болмайды. Алайда тұтас алғанда тарихтың барысында қоғам дамуының төменгі
сатысы өндіргіш күштер күшті дамыған жоғары сатымен алмасып отырды.
Қоғам дамуының алғашқы үш сатысы – алғашқы қауымдық, құл иеленушілік
және феодалдық құрылыстар болды.
Қоғамдық дамудың келесі кезеңі капиталистік құрылыс немесе
буржуазиялық жалдамалы жұмысшылардыңеңбегін қанауына негізделген қоғамдық
құрылыс – капитализм болды. Капитализм тұсында жерге және өндіріс
құралдарына жеке меншік сақталады. Қолында өндіріс құралдары мен жері бар
жеке меншік иелері (капиталистер) еңбек құралы да, жері де жоқ жұмысшыларды
қанайды.
Құл иеленушілік қоғам ежелгі дүние тарихының, ал феодализм – орта
ғасырлардың басты ерекше белгісі. Жаңа тарихтың басты ерекшелігі, әрі
негізгі мазмұны – капитализмнің дамуы және орнығуы. Қазіргі заман тарихының
басты мазмұны – капитализмнің күйреуі, социализмнің жеңісі әрі дамуы.

Тарих кезеңдері Қоғамдық құрылыс және Ескерту
олардың уақыттары
Ежелгі дүние тарихы Алғашқы қауымдық
құрылыс.Бірнеше жүз мың
жыл.
Құл иеленуші құрылыс.Б.з.б.Кейбір қоғамдар құл
V-VII ғасырға дейін. иеленуші құрылысқа
Орта ғасырлар Феодалдық құрылыс. Б.з. соқпай, фодализмге өтті
V-VII ғасырынан XVII
ғасырға дейін (Европада)
Батыс Европаның жаңа Алдыңғы қатарлы елдер-дегі Кейбір елдер Ұлы
тарихы капиталистік құры-лыс XVII Октябрь социалистік
ғасырдың ортасынан 1917 ж. революциясының жеңісі
дейін нәтижесінде
капитализмге соқпай
Қазіргі заман тарихы. Социалистік құрылыс. социализмге өтті.
Социализмнің жеңісі,
капитализмнің жалпы
дағдарысы, капиталистік
құрылыстың куйреу дәуірі.
1917 жылдан бастап.

Қоғамдық даму кезеңдерінің алмасуы барлық елдерде бір уақытта өтті деп
ойлауға болмайды. Жаңа тарихтың басталу қарсаңында елдер мен
континенттердің қоғамдық құрылыстарының даму деңгейі барынша түрліше болды.
Мысалы, Азия елдерінде феодалдық тәртіптер үстемдік етті. Африканың
көптеген халықтары, австралияның байырғы халықтары, американың үндіс
тайпалары алғашқы қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүріп жатты. Африканың
жағалаулары мен орталығында бытыраңқы феодалдық немесе құл иеленуші
мемлекеттер кездесіп отырды. Европа (Голландиядан басқасы) феодалдық
мемлекеттерден құралды. Олардың кейбіреулерінде, әсіресе Англияда, сол
кездің өзінде капиталистік қатынастар пайда болып, жалдамалы еңбек
қолданыла бастады.
Жаңа тарих алдыңғы қатарлы елдерде буржуазиялық революциялардың жеңісі
нәтижесінде капитализмнің орнығуынан басталды [ 1 ].

1 ХVІІІ ғасырдың І жартысында Англияның сыртқы саясаты

1.1 Европа көлеміндегі буржуазиялық революцияның себебі

Орта ғасырлардың соңғы кезінде алғашқы буржуазиялық революцияларға
және капитализмге өтуге қажетті жағдайлар ең алдымен Европаның алдыңғы
қатарлы елдерінде қалыптасты. Европада шаруаларды феодалдық қанау
қалалардың едәуір өркендеуімен және қолөнер өндірісінің жетілуімен
ұштасты.
Бұдан кейін Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде қолөнершілер мен
жалдамалы жұмысшылардың еңбегін қанауға негізделген капиталистік
мануфактуралар пайда болды.
Шаруалар, қолөнершілер мен буржуазия феодалдық тәртіппен күреске шыға
бастады. Халық бұқарасы (шаруалар, қолөнершілер, жұмысшылар) буржуазиялық
революциялардың барысына буржуазияның басшылығымен феодализмге және
абсалютизмге әлденеше рет өлтіре соққы берді. XVI ғасырда Нидерланд
революциясы буржуазиялық революция болды, бірақ ол негізінен жергілікті
мәні бар революция еді.1640 жылы ағылшын буржуазиялық революциясы
басталып, Англияда капитализмнің орнауына шешуші түрткі болды.
Жаңа тарихтың бірінші кезеңі - бұл Европа мен Американың алдыңғы
қатарлы елдерінде 1640 жылдан 1870 жылға дейінгі Париждегі
пролитариаттықреволюцияның тұңғыш әрекетіне дейінгі капитализмнің жеңу және
орнығу дәуірі еді. Бүкіл жаңа тарих 1640 жылдан 1917 жылға дейінгі уақытты,
яғни қазіргі замен тарихының бастамасын социализм жеңісінің және
капитализмнің күйреуінің бастамасын жасаған Россиядағы Ұлы қазан
социалистік революциясына дейінгі уақытты қамтиды [ 2 ].
XVII ғасырдың ортасында Англияда болған буржуазиялық революция орта
ғасырлық қаймағы шайқалмай отырған феодалдық абсалюттік құрылысқа елеулі
соқы берген европа көлеміндегі тұңғыш революция болды. Өйткені революция
жариялаған принциптерінің англиядағы ғана әлеуметтік экономикалық даму
мүддесін және бағытын көрсетіп қойған жоқ, ол бүкіл Европа елдерінің даму
бағытына, мүддесіне сай келді.Бұл заңдылықтардың бастылары – феодалдық
тәртіп пен күрес, буржуазиясының жетекшілігі, қозғаушы күш- халық –
шаруалар мен қаланың төменгі топтары болды [ 3 ].
Ағылшын буржуазиялық революциясын дайындаған алғышарттары өндірістің
жаңа капиталистік жүйесінің пайда болып, дамуы еді. Революция қарсаңында
Англияда, біріншіден, өнеркәсіпте капиталистік мануфактура кең құлаш
жайды, ауыл шаруашылығында жерді ірі жалға беру әдеттегі іске айналып,
сауданың әсіресе сыртқы сауданың көлемі күрт өсті; екіншіден ол қоғамдық
еңбек бөлінісіндегі прогресс күшейді; үшіншіден, ортағасырлық өндіріс
түрлерін күштеп қирату етек алды.
XVII ғасырдан бастап англияда өнеркәсіптің түрлі салаларында тез өсу
байқалды. Сыртқы саудада шұға шығару кең қанат жайғаны сонша, оның үлесіне
бүкіл ағылшын экспортының бестен төрт бөлігі тиді. Жүн күйінде сыртқа
шығарып сату тиімсіз болғандықтан, король укіметі 1614 жылы өңделмеген
жүнді сыртқа шығаруға тиым салған жарлық шығарды.Жүн иіру, шұға тоқу елдің
қалың орналасқан оңтүстік-шығыс графтықтарының деревняларында
ұйымдастырылды. Ағылшын көпестері тез байыды.Олар бұдан біраз бұрын-ақ
өздеріне қолайлы артықшылықтарды пайдаланатын түрлі сауда компанияларын
құрып алған болатын. Мәскеу мемлекетімен сауда жасайтын1555 жыл құрылған
мәскеу компаниясы, Африкамен сауда жасайтын 1575 жыл құрылған Марокко
компаниясы, Прибалтикамен сауда жасайтын 1579 жылы құрылған Остзей
компаниясы, таяу шығыспен суда жасайтын Леванттық компаниясы, 1600 жылы
құрылған Ост-Индиямен жеке сауда жасайтын Ост-Индия компаниялары
құрылды.Компания мүшелерінен басқаларының ол жерлерде сауда жасауға құқығы
жоқ болған.1617 жылы ғана Ост-Индия компаниясының 9514 жарна төлеуші
мүшелері болды. Жарна мөлшерінің өте жоғары болуына байланысті кірісі аз
көпестер мүше бола алмады [ 4 ].
XVII ғасырдың басында ағылшын сауда компаниялары өзінің іс-әрекетінің
ауқымын едәуір кеңейтті. Ираннан Солтүстік Америкаға дейін, Щвециядан
Үндістан және Цейлонға дейін сауда байланысын жасады.
Нидерланды мен Солтүстік Герман қалаларына жүн, өңделмеген шұға, сыра
шығарып, ол елдерден кездеме, мыстан жасалған заттар, әсемдік бұйымдар
әкелді.Францияға тоң май, сары май, ірімшік, бидай, қара бидай, тері,
помази апарып одан кездеме, шарап, шайыр, шілтерлі әшекей тоқыма
алды.Испанияға Лиссабонға Вест-Индия, Бразилияға,Балтық жағалауларына,
балық, қорғасын, шұға, тері, арақ т.б. апарып сатып, ол елдерден өздеріне
қажет өнімді қант, алтын. Күміс, асыл тастар, ағаштан жасалған бұйымдар,
жібек, қалайы,фосфор тағы көптеген заттар алып келеді.
Сауданың тиімділігіне мына кестені келтіру арқылы көз жеткізуге
болады.
Тауар аттары Фунт тауардың бағасы
Үндістанда Англияда
Бұрыш 3 пенс 20 пенс
Мускат жаңғағы 3 пенс 78 пенс
Индиго 13 пенс 60 пенс
Жібек шикізаты 7 ширлинг 20 ширлинг
Қалампыр 9 пенс 72 пенс

Бұндай пайда табу ағылшын үкіметін сыртқы жауап алу саясатын
жүргізуге, өзімен теңізде бәсекелес болып отырған Голландияны әлсірету
жолындағы саясатын жүргізуге итермелейді.
XVII ғасырдың бірінші он жылдығында Үндістан мен Америкаға сұғына
ендей түсті.1609 жылы Суратта ағылшын факториясы. 1610 жылы – Гамбияда,
1619 жылы- Мадраста ашылды.1627 жылы- Гвианада т.б. жерлерде отарлар
орнықты. XVII ғасырдың басында сыртқы сауда екі есе өсті.
Сыртқа дайын бұйым шығарып сатудың тиімділігіне байланысты көпес-
саудагерлер өндірісті ұйымдастырушыларға айнала бастады.Деревня
тұрғындарынан жүн сатып алып, оны иіртіп, тоқытты. Ол үшін кіші-гірім
мануфактуралар ұйымдастырылып, оны шикізатпен, алам күшімен қамтамасыз етті
[ 5 ].
Ірі шұғашы Кристофер паттикерн 1631 жылы 1 мың кедейлер мен
тоқымашыларға жұмыс берді. Осы жылы шұғашы Безингсток 80 приходта тұратын
кедейлерге жұмыс берді.Лондон көпесі Самуил Мико өзінің жүн
мануфактураларында мыңдаған адамдарға жұмыс істетті.
Осы прцестердің дамуына ағылшын қоғамында көптеген түрлі-түрлі
кедергілер қабаттасып отырды. Олар: ортағасырлық тәртіп, қалалардағы
артықшылықтарды пайдаланатын қолөнерлік цехтық құрылыс, король үкіметі
жүргізіп отырған монополия саясаты. Міне осының бәрі мануфактураның дамуына
кедергі жасап, олардың жасалуы мен өсуін тежеді.Капиталистік мануфактуралар
әуелі деревнфларда, қала сыртында орын теуіп, біртіндеп нығайып, дамыды.
Әкелінген және сыртқа шығарылатын тауарларға салынып отырған ауыр
салықтар, біреулерге монополиялық құқықтардың және басқа түрлі
артықшылықтардың беріліп отырғандығы нәтижесінде Лондон және басқа
жерлердегі сауда ісінің күйзеліп жеткендігі, өтініштер мен сұраныстарды
қанағаттандыруға тиісті парламенттің өте сирек шақырылатындығы және
шақырылса да оның жиі-жиі таратыла беретіндігін т.б. жағдайларды ескерті.
Англияда тауарлы өндіріске өтудің күшеюіне байланысты ауыл
шаруашылығында үлкен өзгерістер жасалды. Қала тұрғындарының өсуіне
байланысты ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс артты. Қой өсірумен қатар
сүтті және етті мал өсіру қолға алынды. Сондай-ақ техникалық дақылдар егу,
бау-бақша салу жұмыстары кең өріс алды.Егістік жерлердің көлемін ұлғайту
үшін батпақтарды құрғату, жерді тазалауға деген ұмтылыс күшейді. XVII
ғасырдың басынан бастап картоп, шалқан, жоңышқа егу басталды. Агрономиялық
ойлар дамып, кітаптар жазылуына түрткі болды.Ауыл шаруашылығында жалдамалы
еңбекті пайдалану етек алды. Олардың үш түрлі болған: мерзімді, тындырған
жұмысы үшін ақы алатын және күндік жұмысшылар. Балаларды күндік жұмысшы
ретінде қабылдау кең етек ала бастады.

1.2 XVII ғасырдағы буржуазиялық революция кезеңіндегі Англияның
ішкі және сыртқы саясаты

Капиталистік қатынастың дамуына байланысты бұрынғы шаруалардың жер
иесіне – жері аз шаруаға айналу процесі күшейді. Шарулардың бір бөлігі
байыды, екінші бөлігі кедейленді.
Капиталистік өндірістің жасалуында жүн өндіру үлкен рөл атқарды. Шұға
өндірісті XVI ғасыр аяғынан бастап ағылшын өнеркәсібінің басты саласына
айналды; оның үлесіне XVII ғасырдың ортасында ағылшын экспорты құнының тең
жартысы тиді.
XVII ғасырдың аяғынан бастап шұға өндіру ісінде еңбек бөлінісі
күшейіп, сұрыптау, түту, тоқу, бояу сияқты кәсіптер жүздеген мың
жұмысшылардың кәнігі ісіне айналды.
Англияда капиталистік қатынастардың дамуына таптық қайшылықтың одан
әрі шиеленісуіне әкеліп соқтырды .Ел екіге ажыратылды:феодалдық шексіз
билікті жақтаушылары және қарсыластары. Елде екі қанаушы тап – дворян және
буржуазия дүниеге келді. Бірі селода, бірі қалада еңбекшілерді қанауды
күшейтті.Дворяндар саяси үстем тап, ал буржуазия саяси жағынан құқықсыз
орташа сословие болды. Елде жартылай пролетариат - жалдамалы жұмысшы
табы пайда болды.
Дворяндардың өзі екіге бөлінді. Ескі ортағасырлық рентамен
қанағаттанып отырған бөлігі елдегі короь билігін сақтап қалуды жақтап,
шексіз билікті қорғады, ал екінші жаңа дворяндар - өздерінің
шаруашылықтарын капитализмге ыңғайлап жүн, астық сатумен, сыра қайнатып,
ірімшік өндірумен айналыса бастағандары – революциялық пиғылда болды. Бұлар
кәсіптік бостандықты қалады, қоршауды тездетуді король билігін шектеуді
қалады.Бұлар әсіресе елдің оңтүстік-шығысындағы графтықтарда көп болды [ 6
].
Англияның буржуазисының негізін құрағандар: саудагерлер, сатып
алушылар азшылық мөлшердегі - өнеркәсіпшілерден.Көпестер мен қаржы иелері –
аристократиялық топтармен тығыз экономикалық байланыста болып отырған ірі
буржуазияны құрды, корольдің жеңілдіктерін яғни монополиялық құқықтарды
пайдаланды. Сондықтан да, бұлар революцияның барысында монархиямен күресті
аяғына дейін жеткізуге мүдделі болмады, король үкіметін сақтап қалуға
ұмтылып, өздеріне қажетті дәрежеде ғана жеңілдіктер алғысы келді.
Революцияға басшылық жасағандар жаңа дворяндардың түрлі топтары болып
шықты. Ал шексіз билікке қарсы негізгі аппазициялық күші –халық болды; олар
– шаруалар, ұсақ қол өнершілер, шәкірт-үйренушілер, жалдамалы жұмысшылар,
батрактар. Бұлар қанауға түсіп отырған негізгі қоғамдық байлықты жасаушылар
еді,бұлардың бойынан шексіз билікке деген жек көрушілік сезім айқын және
толық көрінді.
Енді испан, француз корольдері сияқты шексіз басқарғысы келіп отырған
ағылшын короліәнің еркін өз бетінше елді басқаруына кедергіге айналып
отырған парламенттен құтылғысы келді. Бұл кездегі таптық шиеленіс осы
король үкіметі мен парламент арасындағы қатынастан айқын көрінді. Парламент
жаңа дворяндар мен буржуазия өкілдерінен тұрғандықтан елдің әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуына өзгерістер жасауға мүдделі болса, король
үкіметі шексіз билікті жанталаса қарманып отырды. Революция қарсаңында
король өкіметі әрекетінің негізгі мазмұны парламентті шектеу тіпті оны
тарату болды. Ағылшын тағына 1603 жылы Стюарттар әулиетінің өкілі I Яков
король болып жариялануымен бұл бағыт ашық сипат алды. I Яков король
билігінен басқа билік түрін мойындамады. Ал оның баласы бірінші Карл (1625-
1649) әкесінен де асып түсті. Шешуші қимылдар жасады. Қазынаны толықтырудың
жолдарын тапты.Өз бетінше салықтар салды, атақтар сатты. Бұның бәрі тіпті
дворяндардың өзін ызаландырды. Олар кешегі күнгі кедей адамдардың бүгін
өзімен терезесі тең, дәрежесі бірдей болғанын қаламады, ызаланды.Ал, король
оның ызаланғанын не қылсын, оған қазынаны толықтыру қажет болды [ 7 ].
I Карл король 1629 жылы парламентті таратып жіберіп елді 11 жыл бойы
үздіксіз биледі. Бұл аралықта король шексіз билікті нығайтуға бағыттарлған
шараларды іске асырып, тұрақты әскер жасады, эпископтық шіркеуді нығайтып,
жаңа салықтар ойлап тапты, монополиялық құқықтар сатты.Кеме салығын
жаңғыртып (1634) түрлі айыптар терезе т.б. салықтар көбейді бұл шаралар бұл
жағынан король билігін күшейтсе, екінші жағынан оны әлсіретті. Себебі,
елдің барлық дерлік әлеуметтік топтары жаңа дворян, буржуазиядан бастап –
қарапайым еңбекші шаруаға қала тұрғындарына дейін күйзелді. Олардың
экономикалық мүддесіне нұқсан келді, еркін кәсіпкерліктің дамуын
тежеді.Сыртқы саясатында Испаниямен жақындасты.Испания Англияның теңіздегі
бәсекелесінің бірі еді, ағылшын көпестері бұған наразы болды, теңіз
саудасында Испанияны әлсіретудің орнына король онымен жақындасты. Осы
саясаттың бәрі келіп жоғарыда айтып кеткен король үкметіне наразылықты одан
әрі күшейте түсті.
Ағылшын буржуазиясы XVI- XVII ғасырларда сауда мен өнеркәсіпте ғана
емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығында, деревняда да жасалды. Жерді жалға алып
отырған саны аз болса да ұсақ капиталистік жекеменшік шаруаның жоғары тобы
фригольдерлер, шаруа – копигольдерлердің де бір қатар байыған тобы деревня
буржуазиясын құрды. Бұлар деревня кедейлерін, ұсақ жолдаушылар мен жерсіз
коттерлердің еңбегін қанады. Осыдан да ағылшын буржуазиясы көпшілік
дворяндар ортақтасып король билігіне қарсы күресте бірігіп қимыл жасады.
Феодализмге қарсы күрестегі ең негізгі оппозиция шаруалар ұсақ қол
өнершілер шеберлер, жалдамалы жұмысшылар, батрактар болды.Бұларда
революциялық жігер күштер өте күшті болды. Себебі бұлар жоғарыда аталғандай
шексіз биліктен негізгі жапа шегушілер [ 8 ].
Шексіз билік ішкі және сыртқы саясатта толық күйзеліске ұшырады Елдің
капиталистік даму жолына түсуіне орай саяси, экономикалық және әлеуметтік
құрылыс пен капиталистік қайта құру мәселесі күн тіртібіне қойылды. XVII
ғасырдың 30-40 жылдарында елдің тұрғындарының басым көпшілігі орта таптар
мен төмендегілер іріп-шіріп отырған орта ғасырлық тәртіпке әбден тойды.
Елде революциялық ахуал айқын көрінді.
Англияда пурутанизм деген атпен қоғамдық діни – саяси қозғалыс пайда
болды. (Латын сөзі пуру- таза). Пуритандар XVI ғасырдың 60 жылдарынан
бастап, ағылшын қоғамындағы осы ғасырдың ортасында жүзге асырылған
реформалардың жартыкештігіне наразы болды. Пуритандар епископтық англикан
шіркеуін жартылай папалық деп санады. Екінші жағынан англикан шіркеуі
үкіметке тәуелділігімен келіскісі келмеді. Пуританизм тек шіркеуге қарсы
діни қозғалыс болып қойған жоқ, буржуазиялық көзқарасты орнықтырғысы келген
саяси қозғалыс болды [ 9 ].
Буржуазиялық алдыңғы қатарлы батыл тобының ескі феодалдық шашпа,
төкпелікке, жалқаулыққа қарсы идеологисы болды. Олао бұған қарама-қарсы
ұқыптылықты, қорлануға деген ұмтылысты, кәсіпкерлікті, әрекетті ұсынды.
Сондықтан бұл идеология алғашқы қорлану кезеңіндегі буржуазиның
табиғатына сай келді деп тұжырым жасауға әбден болады. Сондай-ақ
пуритандықтар англикан шіркеулерінң көптеген мейрамдарына қарсы болды
өйткені қорлануға кесірін тигізеді, текке шығын келтіреді деп есептеді,
оның орнына мейрамдарды библия кітаптарын оқумен өткізуді ұсынды. Жақсы
киінуге, карта ойнауға, спиртті ішімдіктер ішуге, аң аулау, музыкамен
әуестенуге театрларға баруға қарсы болды.Қысқасы адамның барлық болмысынан
қорлануға қажетті қасиеттерді іздеп, пуритандар жаңа буржуазиялық моральді
уығыздады. Сондықтан бұл идеолония революция қарсаңынжа және революция
барысында буржуазия мен жаңа дворяндардың топтасуына, сөйтіп шексіз билікке
қарсы күресуге көмектесті.
Пуратанизмнің екі ағымы болған: пресветериандық және индепеденттік.
Бұл бөлігіс негізінен шіркеу құрылысы қандай болу керек мәселенің
төңірегіндегі келіспеушіліктен шықты.
Пресвитериандар англияда бір тұтас шіркеуді сақтап қалғысы келді, тек
оны католицизмнің папалық қалдықтарынан тазартып қартар жиналысы арқылы
басқаруды ұсынды. Бұларды бай көпестер және жаңа дворяндардың жоғарғы
топтары қолдады.Бұлар шіркеуді басқаруда өз ықпалын орнатқысы келді [ 10 ].
Индепендеттер шіркеудің бүтіндігіне және құдіретіне қарсы күресті.
Діни қауымдардық өз ісінде тәуелсіздігін қалады.Бұлар бір тұтас щіркеуді
секта қауымдарға бөліп жіберуді ұсынды. Бұл ағымдардың уағызы, жоспары ұсақ
және орта буржуазия шаруа қолөнершілер, орта қол дәулеті бар деревня
джентрилерінен қолдау тапты.
Революция қарсаңында қалыптасқан бұл идеологияның сипаты діни ғана
болып қойған жоқ оның экономикалық және саяси астары бар.Шіркеу король
үкіметімен бірге шексіз биліктің негізгі тірегі болып отыр еді, халықты
қараңғылықта ұстап корольдің құдайдың баласы екеніне сендіріп, жарылқау
ілімін уағыздайтын, сөйтіп еңбекшілерді бүгінгі күні дүние – үй
талаптарынан бұрып, о дүниедегі жұмақ өмірді уғыздайтын. Шіркеу бір жағынан
ірі жер иесі болды. Ендеше шіркеуді әлсірету арқылы король үкіметін, шексіз
билікті әлсіретуге болатын еді. Пуританизмнің мақсатын осылай түсінген
дұрыс.
Пресвитериандар үкімет басына келді.Олардың әлеуметтік жағынан қандай
таптың өкілдері екендігін жоғарыда айттық.
Пресветериандың бұл көзқарасы бірінші азамта соғысы кезінде және
кейінгі тіпті олардың алдында олардың іс-қимылынан, король үкіметімен
жақынжасу әрекеттерінен көрінген революциялық қозғалыстың тереңдеуінен
қорқып феодализмге қарсы күресіп жүрген радикал топтармен арасын бөле
бастады. Осы мақматта елде пісіп-жетіліп келе жатқан азамат соғысының шығып
кетуінен қорыққын пресветиреандар 1642 жылы 1 маусымда парламент 1 Карл
корольге 12 ұсыныс тапсырды.Бұл құжатта айтылған ұсыныстарды король
үкіметі қабылдаса, олардың ойынша бейбітшілікті орнатып, конституциялық
тәртіп король мен парламент арасында дұрыс қатынас орнатар еді. Король
үкіметі алдында үлкен шегініс жасау болса да, олар азамат соғысынан
қашқақтады. Ондағы талаптардың түрі мынадай: иезуиттерге, папистерге қарсы
заңды қайтадан жаңғырту, папист- лордтардың жоғары палатаға қатысуына тиым
салу парламенттің келісімінсіз король балаларының неке одағын жасамау,
парламент ұсынған құқық туралы петиция деген құжаттағы талаптарды орындау
және басқа . Бұл таолаптар өте самарқау, сонау XVII ғасырдың 20 жвлдарына
тән талаптар еді. Бұл талаптарды король қабылдамай тастады.
Пресвитериандардың таптық мәні азамат соғысы жүріп жатқан 1643 ж 1 ақпанда
королге тапсырған ұсыныстан тағы да терең көрінеді. Онда да сол 12
ұсыныстағыдай армияны таратуды, деликвенттерді қарусыздандырып,
парламеттің соттауына беруді, ағылшын шіркеуінің құрылысын жоюды талап
етті.
Буржуазия арасында, дегенмен прогресшіл азшылық ымырашылдардан онша
пайда таппайтын адамдар да болды. Көбінесе ауқаттылығы шамалы буржуазиядан
құралған бұл азшылық революцияға тілектес болды - деп жазды. Ф.Энгельс
ағылшын буржуазиясы хақында
[ 11 ].
Азамат соғысының мақсатын индепенденттер және оның басшысы Кромвель
басқаша түсінді. Бұларды пресвитериандардың жоғарыда айтылған мақсаттары
қанағаттандырмады. Бұлар ескі тәртіпті талқандады. Азамат соғысын ақырына
дейін жеткізуге мүдделі болды. Жаңа салюттік монархияны жойып қана қоймай,
жерге де феодалдық меншікті жойып, әскери қуатын талқандау керек ьолды.
Әскерде бұған дейін пресвитериандық топтар ықпалды еді. Қолбасшылық
солардың қолында болатын. Кромвель олардың негізгі айыптаушысы болды.
Нәтижесінде 1644 жылы пресвитериандық генералдар орындарынан
түсірілді.Кромвель орнында қалдырылды.
Екінші азамат соғысының барысында индепенденттер үкімет басына келді.
Қауымдар палатасы өзін жоғары өкімет деп жариялады. Бұл – Англияда
республикалық тәртіптің шын мәнінде орналуы еді. Парламентті
пресвитериандар депутаттардан тазартып, енді парламенте индепендеттер
көпшілікке айналды. Индепендеті республика кезінде (1649-1653 ж.) лордтар
палатасы мен король атағы таратылды. Мемлекеттік кеңес құрылды. Үкімет
билігі енді орта буржуазия мен орта дворяндар қолына өтті. Бұлар үкіметті
бір жағынан роялистерге қарсы күресуге, екінші жағынан халық қозғалысын
басуға пайдалануға тырысты. Революциялық соғыс жылдарында шаруашылық
күйзеліп, еңбекшілердің тұрмысы адам айтқысыз нашарлап кетті.Индепенденттер
олпардың тұрмысын жақсарту мақсатында еш шара қарастырғысы келмеді.
Индепендеттер Республикасының таптық сипаты олардың бұдан бұлайғы жүргізіп
отырған саясатынан айқын көріне бастады . Левеллер қозғалысының көсемі
Д.Лильберн индепендеттер республикасын Англияның жаңа бұғауы деп атады.
Индепендеттердің өз арасында әскер ішінде көптеген мәселелер
төңірегінде ауыздықтар пайда болды. Ұсақ буржуазиялық ағым қалыптасты. Олар
қала мен деревняның ұсақ буржуазиясының мүддесін қорғады.Муниципалдық
реформа жасауды ,жанама және шіркеу салықтарын қысқартуды талап
етті.Левеллерлер қозғалысы пресвитериандармен индепендеттерге қарағанда
саяси сипатта қозғалыс болды.Левеллер теңестіруші-деген сөздің өзі бірден-
ақ әлеуметтік қозғалыс екенін көрсетті.
Левеллерлер қозғалысының ең көрнекті идеологы Джон Лильберн (1618-
1657)-ұсақ жер иесі дворянның баласы жас кезінен пуританизм ықпалында
тәрбиеленді.Рұқсат етілмеген әдебиттерді таратқаны үшін жазаланды.Шіркеудің
пресвитериандық құрылысын мойындамады, саяси памфлеттер жазумен айналысып,
оны солдаттар арасында таратты. Оның жазған памфлеттері негізінен шаруалар,
қолөнершілер қаланың төменгі тұрғындарынан тұратын солдаттар қауымының
арман-тілегі сай келді. Олар бүтін бір тарауларын жаттап алып, айтып
жүрді.Азамат соғысы жүріп жатқан 1646 жылы Дж. Лильберн Англияның
жаратылысынан бері құқығын қорғау деген памфлет жазып, онда халықтың
табиғи құқығын тұншықтырып отырған лорттар палатасын таратуды талап етті.
Сондай –ақ заңсыз потенттер белгілі бір кәсіппен айналысуға не сауда
жасауға беретін куәліктермен монополияларды қысқартуды, ондық салығын
жоюды, кедейлерге көмек беруді, ар бостандығы мен ой-пікір еркіндігін талап
етті. Олар өздерін теңестірушілер деп атағанмен, теңестірушілер бола алған
жоқ
[ 12 ].
Ағылшын буржуазиялық революциясы барысында бірде-бір буржуазиялық
партиялардың бағдарламаларынан өздерінің мүддесіне жақын келетіндей ештеңе
таба алмаған ел ішіндегі шаруа – плебейлік революцияның ең жоғарғы өрлеп
тұрған шағында диггерлердің атымен өз бағдарламасын жасады. Онда елді
феодализмнен тазарту мақсат етілді, жаңа дворян мен буржуазияның мүддесіне
қайшы келетін бірден-бір бағдарлама болды. Лебеллердің бағдарламасынан
түбірлі ерекшелігі осында. Лебеллерлердің бағдарламасындағы талаптары –
қоғамдық буржуазиялық негізіне зиян тигізбейтін, тек буржуазия
демократизімінің белгілі бір сатылары үшін ғана күрес еді.
Диггерлер қозғалысы 1649 жылдың көктемінен 1650 жылдың көктеміне дейін
созылды. Осы кезеңде Уинстенли үлкен үгітшіге айналды, жоғарыда айтылған
өсек-аян, жалаларға қарсы күресті. Бір жыл ішінде ғана 12 памфлет жазды.
Бұл памфлеттерден үзінділер хрестоматияда және осында көрсетілген
практикумдарда бар.1650 жылдың жазында бұл қозғалыс тоқтады. Инднпенднттік
республика үкіметімен тіресе алмады.
Бұл қозғалыста диггерлердің мүддесін қорғап жүрген әлеуметтік топтар
ұйымдаспаған шашыранды сипатта болды. Саяси пісіп жетпеген, утопиялық
көзқарастағы қозғалыс болды. Мақсаттарына бейбіт жолмен қол жеткізу әрекеті
нәтиже бермеді. Әскери үкімет басқару аппараты күшті жаңа дворяндар мен
буржуазия оған еш уақытта ырық бермес еді.Сонымен қатар диггерлер
ойлағандай құдай атымен лордтарды, жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Вена конгресі
Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Синьхай революциясы
Ірі буржуазия өкімет басында
XVII ғ Ағылшын буржуазиялық революция
Ұлы Француз буржуазиясының ревалюциясы
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
Пәндер