ХVІІІ ғасырдағы Француз материализмі
Жоспар
І. Кіріспе:
ХVІІІ ғасырдағы Француз материализмі.
ІІ. Негізгі бөлім:
А) Француз ағартушылары
Ә) Қоғамдық келісім туралы
Б) Француз философтарының дүниеге материалистік көзқарасы.
ІІІ. Қорытынды.
Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқьщар мен жалпылардың
(универсалилер) табиғаты жөніндегі тартыс-қа айнадды. Фома Аквинский
Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принцйпі
ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың
жемісі болғанымен, санадан тыс, қүдайдың ойында орын алған-дьіқтан, өз
алдына жеке-дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан келіп ол
универсалилердің уштүрлі өмір сүретіндігін көр-сетеді.Яғни, олар: 1.
затпайда болғанға дейін—қүдайдың ойында; 2. заттардың өзіңде — олардың мәні
ретінде; 3. заттардан кейін, адамдардың акыл-ойында — сол заттардың ұғымы,
абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде өмір сүреді.
Заттардың мәні олардың түпнегізі — құдайдың бойындағы жалпы идеялар
болғандықтан, адамардың мақсаты —оларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу.
Ал философия болса, ол да діни догмалардың дүрыстығын, ақиқаттығын өзіне
тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.
Идеалистердің пікірінше, дін қүдайдың табиғатын түсіндіретін ілім,
соңдықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары түрады.
Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани
өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағыну
керек. Рухани билікті жүргізетін, аспанда—Христос жерде—Рим папасы.
Иделистердің ілімі көне дәуір философиясы кезеңінің аяғында қалыптасқан
қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің
теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр:
Франция XVIII ғасырда ағылшын философиясының ықпалымен ағартушылық
ілімінің ошағына айналды. Бұл қозғалыстың көсемі Вольтер шынаты-жөні
Франсуа Мари Аруэ(1694— 1788 ж.ж.) болды. Негізгі шығармалары:
"Тарихфилософиясы", "Философиялық повестер мен әңгімелер", "Эстетика",
"Хаттар", т.б.
Вольтердің өткір де шыншыл шығармалары арқылы ағартушылық идеясы толық
қалыптасып, барлық Европа елдерінде тарады. Өз шығармаларында Вольтер
феодализмнің келеңсіз жақтарын және діннің қағидалары мен уағыздарын келеке
етіп, сынға алды. Дегенмен де, ол құдайдың бар екенін мойындайды, бірақ ол
жоқты бар ете алмайды, ол тек табиғаттың алғашқы қозғаушы күші ғана.
Табиғат, қоғам әрі қарай өз зандылықтарымен дамиды. Адамзат тарихы,
Вольтердің пікірінше, адамзаттың прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы.
Ол осы тұрғыдан адамзат үшін мәдениеттің құндылығын баса көрсетті.
Мемлекетті басқарудың ең тиімді түрі — ағартушылық монархия. Ол ерікті
қоғамның қалыптасуына жағдай жасауы керек. Сол кезде ғана ерікті қоғамның
басқа табиғи талаптары — сөз, баспасөз, ар-ұждан бостандықтары шын мәнінде
жүзеге асады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік — заңды құбылыс, ал адамдар
тек қана заң алдында тең болулары керек.
Жалпы алғанда, Вольтер — тарихқа, мәдениет және филосовия тарихына ерекше
көңіл бөліп, осы ғылымдардың дамуына себепкер болған және ағартушылық
идеяны қағида ретінде қабылдап, уағыздаған ойшыл.
Монтесъке Шарль Луи—(1689-1755 ж.ж.) құқық және тарих мәселелерін
философия тұрғысынан қарастырған француз ойшылы. Негізгі еңбектері:
"Фарсылық хаттар", "Римдіктердің ұлылығы мен күйреуінің себептері туралы
пікірлер", т.б.
Монтеське әр халықтың және елдің заңдарын, саяси өмірін олардың табиғи
және тарихи жағдайларының ерекшеліктерінен деп түсіндіреді.
Зандар—табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи заңдарға әр
елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа райы, жер реңі, т.б.)
қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. Бұл зандылықтар мәңгі
өзгермейді. Осы заңдылықтар негізінде өзгермелі қоғамдық заңдар
қалыптасады. Мемлекетті басқару ісі билеуші бекіткен қоғамдық зандар
бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Билеудің өзі мемлекеттің жер көлемінің үлкен-
кішісіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай Монтеське: үлкен
мемлекеттер үшін — деспоттық, орта көлемді елдер үшін — монархиялық, ал
шағын елдер үшін—демократиялық билеудің түрлері тиімді деп есептейді. Оның
пікірінше, билік бөлініп, заң шығару, атқарушы және сот биліктері дербес,
бір-біріне тікелей бағынбайтын болулары керек.
Монтеськенің саяси-әлеуметтік ілімдері қоғам дамуының қозғаушы күштерін
айқындауға, қоғамдағы болашақ реформаларының тиімді жолдарын қалыптастыруға
негізделгендіктен, оның біршама ойлары кейінгі ойшылдарға, саясатшыларға
зор әсер етті.
Руссо Жан Жак — (1712—1778 ж.ж.) француз ағартушылығы ағымының шеңберінен
шыға алмасада, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы
және философ. Негізгі еңбектері: "Теңсіздіктің себептері туралы", "Қоғамдық
келісім туралы", "Эмил немесе тәрбие туралы", т.б.
Егер Вольтер адамзат тарихын оның прогресс пен білімділік үшін күрес
тарихы десе, Руссо мәдениет прогресімен қатар. әдептіліктің құлдырауы
сәйкес келіп отырады дейді. Себебі, қоғам неғұрлым ілгері дамыған
сайын,теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік өз тарапынан керенаулықтың,
жалқаулықтың, тоқмейілсудің қайнар көзі болғаңдықтан, адамгершіліктің,
мінез-құлықтың азғындауына әкеліп соқтырады.
Теңсіздік — мәңгі әлеуметтік құбылыс емес, Алғашқы қауымдық қоғамда
теңсіздік болмаған, себебі жеке меншік болған жоқ, сондықтан барлық мәселе
адамгершілік тұрғысынан шешілді. Ал кейінірек, өндірістік құралдардың
жетілуі және жоғары сатыға көтерілуі жеке меншіктің, ал ол — теңсіздіктін
пайда болуына себепкер болды.
Әлеуметтік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы, Руссоның айтуынша, бәсеке
бостандығы арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz