Халиль ибн-Ахмад аль-Фарахидидің араб фонетикасы саласында ғылыми қызметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
БІРІНШІ БӨЛІМ. Халиль ибн-Ахмад аль-Фарахиди . . . 6
ЕКІНШІ БӨЛІМ. Халиль ибн-Ахмад аль-Фарахидидің араб фонетикасы саласында ғылыми қызметі . . . 8
ҮШІНШІ БӨЛІМ. «Айн кітабы» . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 14
КІРІСПЕ
Халифтер әрдайым ақындар мен ғалымдарды жақтады. Омеийдтер әсіресе аудармашыларды бөліп шығаратын болды, ал соның ішінде кейбіреуі өздері де ғылым және әдебиетпен айналысты. Аббасидтердің кезінде, дәлмен айтқанда халиф ар-Рашидтің билік жүргізген кезінде الحكمة بيت (Даналық үйі) салынды.
Мұсылмандарға білім бәрінен де маңызды - Құран білуден, хадистерден және мойындалған тафсирлерден тұрды. Осының бәрін үйреніп-білуге көптеген жылдар керек болды. Басқа дүние және адам туралы білімдерді арабтар тәжірибелік мәліметтер ретінде, ақиқат ретінде қарастырды. Тез арада ғылымның араб өмірінде үлкен дәрежеге ие болғаны соншама: ол дәрежеге басқа елдер ғасырлардан кейін жетті, онда да арабтардың көмегінсіз болмады.
Арабтарда тазалық, жарқырау әшекейленудің «таза, әшекейленген» синонимі болып табылады. Сондықтан халифатта филология барлық ғылымдардың патшасы болғаны ғажап емес. Ол міндетті сабақтардың қатарында болды, әңгіме мен диспуттардың тақырыбына айналды, орта білімнің маңызды бөлігі болып саналды. Филологиялық еңбектер көптеген мөлшерде шығарылды. Әсіресе, еңбектер VIII-X ғасырларда көп шықты. Араб тілі, араб тілінің грамматикасының түсіндірме сөздіктері, филологиялық ғылыми еңбектер әлі күнге дейін еш жоғалусыз өте жақсы сақталынды1.
Лексикография және де араб тілінің кейбір ерекшеліктерін өңдеу үлкен дәрежеге ие болды. Араб тіліне тән спецификалық үш дауыссыз түбірлер анықталып, дыбыс құрылу зерттелініп, бірінші рет араб тілінде әріптер мен дыбыстарды айыру басталды. Түбір мен аффикстердің анықталуы XIX ғасырдың ғалымдарына, әсіресе Ф. Боппқа әсер етті.
Грек және Үнді ғалымдарына қарағанда, араб тіл мамандары тек өздерінің тілдерін зертеп қоймай, басқа да түрік, монғол, парсы тілдерін зерттеді.
Арабтардың өз тілдерін зерттеуді қашан бастағаны бізге белгісіз. Бірақ оған қарамай, жазу Исламға дейін де пайда болғаны бізге белгілі. Бірақ, өкінішке орай, жазудың пайда болуы туралы және лингвистикалық еңбектер туралы бізде мәліметтер жоқ.
Негізінен араб ғалымдарының ғылыми еңбектерінде көбінесе араб тілінің грамматикасының құрылуының түрлі варианттары туралы айтылған. Және барлық еңбектерінде Абу-л-Асуад ад-Дуали халиф Алидің замандасы араб тілінің біліміне негіз салғандығы туралы айтылады. Және бұл еңбектерде Абу-л-Асуад ад-Дуалидің араб тілін зерттеудегі себептері талқыланған. Ол араб тілінің ережелерімен таныс емес адамдардың оны бұрмалайды деп және әсіресе киелі кітап Құран Кәрімді оқығанда адамдар өрескел қате туғызып, оның мағынасын өзгертіп жіберуі мүмкін деп қатты қиналды. Сонымен ол келесіні қарастырды:
- Сөз таптарын: зат есім, етістік және көмекші сөздердің бөлінуін.
- Орфографияның кейбір проблемалары (харакаттар) .
- Флексия.
Абу-л-Асуад ад-Дуалиден кейін оның ғылыми жолын араб тілінің тарихында атағы
қалған шәкірттері: Яхия ибн Йаъмар, Анбаса ибн Маъдан аль-Фихри және Абу Амр Иса ибн Умар ас-Сакафи - грамматист Халил ибн-Ахмад аль Фарахиди және толық араб тілінің грамматикасы туралы кітаптың авторы Сибауейхи оның жолын жалғастырды.
Халиль ибн-Ахмад аль-Фарахиди
«Ғылымды көбірек түсінуге, азырақ есте қалдыруға тырыс»
Халиль ибн-Ахмад аль-Фарахиди
Абу Абд ар-Рахман аль-Халиль ибн-Ахмад аль-Фарахиди аль-Азди аль-Басри азд ұрпағының фарахид тұқымының таза арабы болған. Ол өзінің ұрпағы мекендеген Оманда 715 ж., немесе 719 ж дүниеге келді. Бірақ, жас жігіт болып Басраға көшіп кетіп, сонда бүкіл өмірін өткізеді, мосқал жасқа келіп, дүниеден өтті. Оның дүниеден кетуі жайында ең ықтимал дата-786 жыл, атақта Харун ар-Рашидтің таққа отыратын жылы(786-809) . Сөйтіп, ғалымның өмірі мемлекеттің аласапыран кезеңіне тап болды.
Халиль жақсы, тамаша филологтік - діни орта білім: Құран, сүннет, ерте өлең-жыр және тіл туралы өте жақсы білім алды. Кітаптың лексика-грамматикалық талдауын және түсіндіруді ол, жеті канондық оқырмандардың бірі- Абу Амр ибн аль-Аладан үйренді және өзі де қадірлі оқырмандардың біріне айналды. 2
Ол өзінің өмірін ғылымға арнады. Кішкентай кезінен бастап филология білімінің негіздеріне, ұстаздарымен Иса ибн-Умра ас-Сакафи мен ибн Алямен құмарланды. Аль-Халиль араб тіліне Баср мекендеушісі-Сакафиядан үйрнеді. Оның мектебі Құранның дұрыс оқылуын, ерте арабтардың өлеңдерімен оқыды, бірақ олар еш ережесіз болды. Халиль оның құрылымын өзінің «Өлең құрылу кітабымен» бірінші болып анықтады. Ол бедуиндер сияқты өлең өлшемдері туралы ғылымға жүгінді ма, әлде дайын басқа халықтың, мысалы Үнді халқының өлең өлшемдері туралы ғылымды пайдаланды ма екені белгісіз. 3 Оған дейінгі әліппесіз системамен болған лексикалық жазуларды, және арабтың классикалық сөздеріне түсініктерді Халиль бір үлкен «Айн» атты кітапқа жинады.
Оның жан досы Басрадағы перс ибн аль-Мукаффа- пехлевиялық әдебиетің атақты аудармашысы болды. Соның арқасында ол грек-сириялық- пехлевиялық ғылыммен танысты, ол араб тілінің классикалық сөздерін зерттеуде де осы әдісті пайдаланған болса керек. Тап осылай, ол арабтанған халықтың аудармаларымен, әсіресе математика ғылымымен айналысты. Ибн Мукаффа-оның досы, оның барлық аудармаларын оқыды, әсіресе Аристотель қисынын оқыды. Ол және де музыка ритмы жайлы ғылымды аударды. Осы ғылымның білгіші болуы үшін ол кітап жазды.
Халиль сирек ақылды адам болды, ибн Мукаффа шын айтқан «Ода білім көп болған». Ол атақтырақ болған сайын одан да еңбекпен көп айналыса беретін болды. Оған өмір сүру үшін көп ештеңе керек болған жоқ. Оның шәкірттерінің бірі- Надру ибн Шумаил Халильдің лашық үйде тұрғандығын айтты. 4Ол еліне атақты-даңқты болса да, өмір сүру деңгейі өте төмен болған. Кей уақыттарда, бар ақшасы өзіне жеткіліксіз болатын күндері де кездесетін.
Халиль аль-Фарахиди араб фонетикасы саласында ғылыми қызметі
Араб ғалымдары бізге дыбыс жіктелуі біреу емес екі түрлі болып келгендігіне дұрыс көңіл бөлген жоқ. Ішіндегі біреуі-дөрекі толық анықталмаған Халильге жазылған. Оның шәкірті -Субауейхи оны айтпайды, бірақ одан кейінгі филологтардың -Замахшари және Ибн Яишаның еңбектеріне қарағанда бұл жіктелу қарастырылғаны айтылады.
Халиль дыбысты көмектен тіске қарай 8 жіктікке бөледі. Оның жіктеу системасында маңызды қателер бар екені айқындалады. Ол мысалы, дәлелсіз увулярсыз топтың ішіне ك және ق ; خ , ش , د дыбыстарын ол ашық топқа кіргізген. ت , د , ز ол тілдік дейді және т. б. 5
Араб фонетистердің еңбектерінде huruf al-qalqala деген сөзде біріккен, ерекше бір топпен кездесуге болады. Әдетте араб дыбыстарын айтқанда (дыбыстар 39) 16 құрылу орны болады. Ибн Джазари 17 қабылдап, аль-Фарра 14 қабылдайды.
Бұл нақтылы 16 құрылу орны былай орналасады:
- Көмейдің артқы жағы: хамза жәнеه
- Көмейдің ортаңғы жағы:عжәнеح
- Көмейдің алдыңғы жағы:جжәнеخ
- Тіл түбірі және жұмсақ таңдай:ق
- Ерінге
- Тілдің ортаңғы жағы және таңдайға қарсы жатқан жақ:ج, شжәнеي
- Тілдің соңғы жағының ұшы және түбір тістер:ض
- Тілдің ақырғы жағы және қарсы жатқан күрек тістер:ل
- Тілдің ұшы және ортаңғы күрек тістер:ن
- لжәнеنарасында, бірақ дорсальдіреу:ر
- Тілдің ұшы және альвеолалар:ط, دжәнеت
- Тілдің ұшы және алдыңғы күрек тістердің түбірі:ز, سжәнеص
- Тілдің ұшы және күрек тістердің бөліктері:ظ, دжәнеت
- Төменгі еріннің ішкі жағы және жоғарғы күрек тістердің бөліктері:ف
- Жоғарғы және төменгі еріндер (қос еріндік) :ب, مжәнеو
- Мұрын қуысы:ن
Халиль және басқа да фонетистер қатары сөйлеу мүшелері арқылы құрылатын
дыбыстарды үлкен топтарға біріктірген. Бірінші топқа ол тілдің ұшымен айтылатын дыбыстарды: тіс дыбыстары, үнді және еріндік дыбыстар. Содан соң ол таңдай- тілдік топтарды бөледі. Үшінші топты көмейлік дыбыстар, оның ішінде тіл алды спиранттары да кіреді.
Тіл арқылы шығаратын дыбыстарды атап шыққанда түсініксіздік пайда болды, себебі ر , ل және ن басқа оларға тағы еріндік дыбыстар م , ف және ب жатқызылды. Бұл топтың атауы huruf al-dalaka, яғни жалпы түсінік бойынша еріндіктерді م , ف және ب жатқызуға болмайтын сияқты. Бұл түсінісбестікті былай түсіндіруге болады. Dalk терминін тілдің ұшы деп емемс, тілдің соңы деп түсіну керек ر , ل және ل әрине
тілдің соңы, ал م , ف және ب еріннің соңы(шеті) . Не болса да Халильдің өзі мұндай мәлім берді. Ол әрбір топтағы дыбыстарға анықтама мен құрылу әдісін көрсетіп, оларды бір үлкен топқа huruf al-dalaqa-ға жатқызады. 6
Тіл теориясымен қатар, араб өлең өлшемдері туралы ғылым немесе өлең құрастыру теориясы пайда болды. Оның негізін салушы да аль- Халиль болып табылады. Оған және де араб әліппесін жөнге салу еңбегі жатады. Аль-Халиль дыбыстардың шығу белгілеріне: көмейліктен бастап еріндікке дейін сипаттап орналыстырды. Ол туралы төменде былай айтылған. Өлең құрастыру теориясы (аруд немесе аруз) просодия және өлең өлшемдері туралы ғылым енді «Аль-Халильдің ғылымы» ретінде танымал. Оның ішіне стилистика, поэтика және әдеби сындар кіреді.
Араб тілінің филологиясының идеясының бірі-Пайғамбардың сәулесі түскен араб тілінің анық қағидасы болды( лисан араби мубин) . Айқын қағидаға жетуге бұл теория мүмкіншілік берді. Филологиялық зерттеулер жаңа ғылымның-араб риторикасының шығуына алып келді. 7
«Айн Кітабы»
Халиль және де бірінші араб сөздігі - «Айн Кітабының» авторы болып табылады. Оның сөздігінің кереметі: сөздер араб алфавитінің орналасу тәртібімен емес және тарихи деп айтуға болатын тәртіппен емес, ол фонетика-физиологиялық принциппен, санскриттік тәртіппен орналасқан: бірінші көмейлік, тілдік, еріндік және жартылай дауысты дыбыстар.
Бір жағынан бұл сөздікте грек ғылымының әсері де көрініп тұр. Онда өткізілетін жіктеу келесідей болып табылады. Тегіс қамти алатын философияның ішіне екі бөлімнен тұратын-теориялық және практикалық кіреді. Теориялық философия үш бөлімнен тұрады- табиғат туралы ғылым, математика ғылымдары және Құдай туралы ғылым. Математикалық ғылым төртеу- арифметика, геометрия, астрономия және музыка немесе бәріне танымал ертедегі Европаның quadrivium. Құдай туралы ғылым бөлімдерге бөлінбейді. Химия, дәлірек айтқанда, алхимия, медицина және кейбір басқа ғылымдар табиғат туралы ғылымға жатады.
Практикалық философия этика, экономика және политикаға бөлінеді. Ерте кездегі грамматика, риторика және диалектикадағы trivium шашыраңқы болып қалды. Грамматика мұсылмандық діннің ілімі мен құқығынан кейін басқа тарауға жататын болып, ал риторика мен диалектика логика тарауына кіретін болды. Араб ғылымының әдебиетінде Халильдің нағыз жазулары туралы талқыланады. «Айн Кітабы» Халильдің шәкірті - аль -Лаиттың жұмысы деген бірнеше куәліктер бар. Бірақ қазіргі арабтар Халильдің жұмысы екендігіне күдіктенбей, оны қлодайды. 8
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz