Халықаралық маркетинг жайында


1. Халықаралық маркетинг
Халықаралық маркетинг «маркетингтың жоғарғы» мектебі болып саналады. Себебі экспорт барлық уақытта сауда ісін ұйымдастырудың жоғарғы деңгейімен сиппатталады, ал сыртқы рынокта әрекет ететін кәсіпорындар маркетинг жетістіктерін қолдану қажеттілігін сезеді.
«Халықаралық маркетинг» ұғымын «экспорт»ұғымынан айырған жөн. Дәстүрлі экспортта отандық кәсіпкер өзінің өнімдерін басқа мемлекет фирмаларына, яғни импортерлерге жеткізу мен ғана айналысады. Жабдықтаушылардың өніммен ие болғаны, тұтынушылардың қажеті қаншалықты қанағаттанғаны экспортшыны қызықтырмайды. Ал халықаралық маркетинге келер болсақ, мұнда тұтынушыға тауарды жеткізу жолындағы халықаралық рыноктың әр сатысын белсенді, жоспарлы және жүйелі игеру, оны өңдеу іс-әрекеті қамтылады. Халықаралық маркетинг дамуының бірнеше сатысын қарастыруға болады. (1-кесте)
Халықаралық маркетингтің даму деңгейі
Экспортшы жүйелі түрде шетел рыногын зертейді және сол рынок талабына сай өзінің өндірісін бейімдейді .
Экспортшы тауардың түпкі тұтынушыға жылжу жолын бақылауға тырысады.
1-кесте
Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын екі факторы бар. Біріншіден, ішкі рыноктың даму деңгейі рынокты тауарлармен толықтыруы, бәсекелестердің көбейіуі, делдалдық сауда тәуекелділігінің өсуі . Осыдан шетел рыноктарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа құю қажеті қалыптасады. Екіншіден, фирма тауарлары басқа елдерде сатылу мүмкіндіктерінің өсуі. Шетел рыногында қалыптасқан жағдайда қосымша шығындарға және басқада қиыншылықтарға қарамастан ішкі рыноктан қол үзбей-ақ, фирма өзіне тартымды сыртқы рыноктарды игеруі мүмкін. Өйткені олардың капиталы халықаралық сипат алады. Мысалы, трансұлттық компанияларға «Нестле, Кока-кола, Юнилевер»және т. б. жатады.
Соңғы кезде ірі трансұлттық компаниялар әлемдік глобалды сипат алған. Өйткені олар әлемдік глобалды маркетингпен айналысады.
1. 1Халықаралық маркетинг ортасы
Шетелге тауарды өткізуді ұйымдастырудан бұрын фирмаға көп нәрсені ұғынып шешу қажет. Ол халықаралық маркетинг ортасын, оның ерекшеліктерін зерттеп білумен байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ортада көптеген өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің ең маңыздылары мыналар.
1. әлемдік эканомиканың .
2. АҚШ-пен қатар басқа елдердің дүниежүзілік саудада салмақты орын алуы, соған байлансты АҚШ-тың бұрынғы басымды ролі кемігені және осыған байланысты сауда балансының түпкі әселемлерінің қалыптасуы. 3. Ә лем рыногындағы Японияның экономикалык қуатының күшеюі.
4. халықаралық қаржы жүйесінің қалыптасуы.
5. 1973 жылдан кейін әлемдік табыстың көзі мұнай өндірушілеріне ауысуы
6. ішкі рынокты шетелдік бәсекелестерден қорғау қорғау үшін қалыптасқан әртүрлі сауда кедергілерінің молаюуы;
7. жаңа ірі рыноктардың (мысалы, Қытай, ТМД, араб елдері ) қалыптасуы
Шетелдердің басқа елдерден тауар мен қызметтерді қабылдауға дайындығы және олардың шетелдік фирмалар үшін тартымдылығы экономикалық, саяси-құқықтық, мәдени т. б. с. с. ортаға тәуелді болады.
Экономикалық орта . Мемлекеттің экономикалық ортасы тауар мен қызметтің қазіргі және болашақтағы тұтыну мүмкіндіктерін қалыптастырады. Экономикалық орта өмір сүру деңгейіне, жалпы ұлттық өнім көлеміне, экономикалық даму деңгейіне және валюта тұрақтылығына байланысты.
Өмір сүру деңгейі мемлекетте адам басына шаққандағы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің орташа санымен сапасымен сипатталады. Оны есептеудің және бір жолы - әртүрлі тауарларды сатып алу үшін қанша уақыт мерзімі кететінін анықтау.
Жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) бір жыл ішіндегі мемлекетте өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы мөлшерін көрсетеді. ЖҰӨ жыл сайын жарияланып отырады және оны басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Алайда жиынтық ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші ақиқат жағдайды көрсетпеуі мүмкін. Себебі бұл орташа корсеткіштер. Мысалы, елдің басын бөлігінде төмен табыс қалыптасып, ал бірнеше шіріген бай адамдар арқылы орта есеппен алынған бұл көрсеткіш кедейлердің нашар жағдайын бүркемелейді. Ал маркетинг мүмкіндіктері елдің экономикалық деңгейімен анықталады. Орта көрсеткіштері елдің сатып алу қабілетін дәл көрсетпеуі мүмкін. Оған дәлел ретінде дамыған елдерде маретинг мүмкіндіктері бірдей болмайды. Және де ол елдердегі өмір сүру және табыс деңгейі жоғары, содан сұранысы да кем. Өйткені қажетін толығымен қамтамассыз еткен. Бұл елдердегі тұрғындар саны әдетте тұрақты болады және кейбір өнімдер өтімі қажетті толықтыру деңгейіне жеткен.
Тағы бір ескеретін фактор - валютаның тұрақтылығы. Шетелдік валютамен ұлттық валюта арақатынасы өтім мен пайдаға әсер етуі мүмкін. Мысалы, 1985 ж. Мексика ұлттық валютасының 75 % -ке құнсыздануы (девальвациясы) Мексика тауарларын басқа елдерде өте арзан бағамен сатуға, ал Мексика тұтынушыларына шетелдік тауарларды қымбатқа сатып алуға әкеліп соқтырады. Сондықтан шетелдік фирмалар Мексика рыногында тауарларын сату кезінде көптеген қиыншылықтармен кездесті (өтім көлемі, сондықтан пайда көлемі де төмендеді) .
Саяси-құқықтық орта. Басқа елдермен іскерлік қатынастарын орнату үшін мына факторларды есепке алу керек: шетелден тауар сатып алу жағдайы, ондағы саяси тұрақтылық, валюталвқ шектеулер, мемлекеттік аппарат жағдайы.
Шетел мен сауда қатынастары, ол қатынастарға деген көзқарастар әр елде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Индияда экспортшыларға импорттық өз үлесін сақтау талаптары, құрылатын кәсіпорындар басшыларының қатарында отандық азаматтардың болуы т. б. шарттары қой»ылады. Осы тәрізді себептерге байланысты Индия рыногынан «ИБМ», «Кока - кола» компаниялары шығып кеткен.
Саяси тұрақтылық та өзекті мәселе. Үкімет Ауысқан сайын саяси өзгерістер болуы мүмкін. Халықтың талабына байланысты мемлекеттік өзгерістері болуы мүмкін Бұның бәрі шетелдік кәсіпкерлер әрекеттеріне әсер етеді.
Халықаралық шектеулер негізінде валюталвқ айырбасқа байланысты болады. Кейбір жағдайда үкімет ұлттық валютаны шетел валютасына айырбастауға шек қойып, сауданы тек ұлттық валютасына жүргізуду талап етеді. Осы тәрізді жағдайда шетелдік кәсіпкер шетел валютасына өзіне қажетті тауарды немесе басқа жерде өзіне керек валютаға сатуға болатын тауарларды сатып алады. Валюта шектеулері валюта айырбас курсының тұрақсыздығын қалыптастырып, іскерлік қауіп - қатерін ұлғайтады.
Үкімет аппараты. Мемлекет тарапынан шетелдік компанияларға тиімді көмек жүйесі ұйымдастырылуы мүмкін. Айталық, кәсіпкерлік әрекеттерге әсер ететін тиімді кеден қызметтері, салық жүйесі, еркін экономикалық аймақ болуы мүмкін.
Мәдени орта. Әр елдің өзінің дәстүрі, тілі, ережесі, қойылған шектері болуы мүмкін. Маркетинг бағдарламасын шетелде құру алдында ол елдегі тұтынушының салт-дәстүрін, тауарға деген халықтың көзқарасын, тұтыну мүмкіндіктерін зерттеп білу қажет. Мысалы, «Дженерал Моторс» Оңтүстік Америкаға өзінің «Шеви Нова» деген автомобилін ұсынған кезде ол елде «но ва» - «жүрмейді» деген ұғым көрсететінін білмеген. Сондықтан сол рынокқа ұсынған автомобильдің атын «Карибе» деп өзгертуге тура келген.
Егер әр елдегі салт-дәстүрді қарастыратын болсақ, мысалы, Индияға сиыр етін ұсынуға болмайды, өйткені ол етке сұраныс жоқ. Себебі сиыр малы Индияда аса қасиетті жануар саналады. Ал, Қазақстанда, мысалы, керісінше ондай шектелу кездеспейді: сиыр, сонымен қатар жылқы, қой еттері көп көлемде тұтынылады. Айталық, Танзанияда балаларға жұмыртқа бермейді, өйткені шаштары тез түсіп қалады деп қорқады. Бізде және басқа елдерде олай емес.
Фирмалар осы тәрізді ел дәстүрін және әр елдің мәдени ерекшеліктерін білмесе, оның табыс мүмкіндіктері азаяды ол тіпті банкроттыққа да соқтыруы ықтимал.
1. 2 Сыртқы рынокқа iшығу тәсілдері
Фирма шетелде тауарды өткізумен айналысу үшінсол рынокқа шығудың тиімді тәсілін таңдауы қажет. Сыртқы рынокқа шығу стратегиялары 2-кестеде көрсетілген.
Шетелдік рынокқа шығу стратегиялары 2-кесте.
1. 3. Экспорт
Шетел рыногына шығуд ың еңоңай түрі экспорт болады. Жүйесіз экспорт дегеніміз фирма кей-кейде ғана өзінің артық тауарларын экспортқа шығарады және шетелдік фирмаларының көтерме саудагерлеріне сатады. Белсенді экспорт фирма белгілі рыногқа өзінің экспорттық операцияларын ұлғайту мақсатын қойған жағдайда қалыптасады. Бұл экспорттың екі түрінде де фирма тауарларын өз елінде өндіреді. Ал ол тауарларды экспортқа шығарған кезде оларды қосымша өңдеп өзгертуі, немесе өзгертпеуі де мүмкін. Фирма экспортты екі тәсілмен жүргізуі мүмкін:
- Жанама экспорттәуелсіз халықаралық маркетинг делдалдары арқылы жүргізіледі. Бұл экспорт тәсілі экспорт әрекетімен айналысуды жаңадан бастаған фирмалар арасында кең тараған. Себебі жанама экспорт шамалы ақша қаражатын талап етеді және аздаған қауіп қатерімен сипатталады.
- Тікелей экспорттәсілінде экспорттық операцияларын фирма өз бетінше жүргізеді.
Бірлескен кәсіпкерлік
Отандық кәсіпорын және шетелдік фирма өндіріс және маркетинг мүмкіндіктерін біріктіреді. Нәтижесінде бірлескен өндіріс күштері құрылады. Бірлескен кәсіпкерліктің әдетте 4 түрі орын алған:
- Лицензия алудегеніміз лицензияны сатушы өндіріс үрдісін, тауар белгісін, патентті, сауда құпиясын қолдану құқын қалам ақыға (гонорарға) немесе лицензиялық төлемге айырбастайды. Бұл тәсіл арқылы лицензия сатушы рынокқа шығу қауіп-қатерін азайтады, ал лицензияны сатып алушы бірден атақты таңбаға, өндіріс тәжірибесіне иелік алады.
- Медігерлік өндірісстратегиясында шетел кәсіпкері жергілікті өндірушілермен бірлесе тауарды өндіру келісімін жасайды. Мысалы, «Сирс» фирмасы Мексика және Испания рыноктарында өзінің әмбебап дүкендерін ашу барысында өзінің тауарларын өндіретін жергілікті өндірушілерді тапқан.
- Келісім бойынша басқарустратегиясында отандық фирма шетелдік серіктеске басқару саласындағы өзінің «ноу - хауын» ұсынады. Мысалы, осы тәсіл арқылы әлемнің әртүрлі жерлерінде «Хилтон» фирмасы отель жұмыстарын ұйымдастырған еді.
- Бірлескен жергілікті комерциялық кәсіпорнын құру үшін шетелдік және жергілікті капитал салымшыларының әрекеттерін біріктіреді. Капитал салымшылары салым үлесіне байланысты басқару үдерісіне қатысады, пайданы да бөліседі.
Тікелей инвестициялау
Шетелдік рыноктағы әрекеттерге қатысудың толық түрдегі формасы ретінде шетелде құрастырылған кәсіпорындар немесе өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру болады. Тікелей инвестициялаудың артықшылықтары мыналар:
- Арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қолдану мүмкіндігіне, көлік шығындарын азайту арқылы фирма қаражатын үнемдеу мүмкіндігіне қол жеткізеді;
- Жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамассыз етіп, серіктес елде өзіне жағымды бейне қалыптастырады;
- Қабылдайтын елдің клиенттерімен, жабдықтаушыларымен, дистрибьютерлерімен тығыз қатынас құру арқылы өзінің тауарларын жергілікті маркетинг ортасына ұтымды бейімдейді;
- Фирма өзінің капитал салымдарына толық бақылауын сақтай алады.
1. 4 Маркетинг - микс
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz