Халық өлеңдерінің классификациясы


Халық өлеңдерінің классификациясы
Халық өлеңдерін соның ішінде тұрмыс-салт жырларын түр -түрге бөліп топтау мәселесі бір ғана қазақ фольклоршыларының алдында тұрған қиын да күрделі міндет деп түсінуге болмайды. Мұның күрделілігі көптеген елдердің фольклорынан байқалады.
Жалпы өлең жанрын түр -түрге бөліп жүйелеу, классификациялау мәселесінде бір - біріне ұқсамайтын әртарап көзқарастар бар. Біреулер халық өлеңін классификациялау үшін оның мазмұны мен тақырыбын негіз етіп алса, енді біреулер орындалу ортасына қарап топтайды. Тағы біреулері өлеңнің жанрлық сипатын негізгі критерий етіп алса, үшінші біреулері өлеңнің қай жерде, қай облыста жазылып алынғанына қарап жіктейді. Сондай -ақ өлеңді белгілі бір әлеуметтік топқа байланыстырып жүйелеу, немесе кәсіптің түр - түріне ылайықтап классификациялау әдістері бар. Ал, бұл туралы дүние жүзіндегі көптеген елдер фольклоршыларының еңбектеріне көз жіберсек, олар да өлең жанрын сан -салаға таратып талдайды.
Міне, сондықтан да қазақ халқының ауыз әдебиетін классификациялау фольклорлық шығармаларды жүйелеудің дүние жүзілік тәжірибесімен салыстырыла қаралып, олардың арасындағы айырым - ұқсастықтары аталып отыруға тиісті. Өйткені фольклорды классификациялаудың дүние жүзілік принциптері ұлттық материалдарды жүйелеудің негізінде жасалатыны ақиқат. Бұлар бірін-бірі жоққа шығармайды, қайта бірінен -бірі туындап, бірін -бірі толықтырып отырады.
Ал, қазақтың халық өлеңдерін түр-түрге бөліп, жүйелеуге талаптанушылық өткен ғасырдың орта шенінен басталған. Және мұның өзі орыс өлеңдерін классификациялау принципіне еліктеуден туғандығы ақиқат. Ол үшін XIX ғасырда шыққан белгілі жинақтарды атасақ та жеткілікті. Сол кездегі фольклоршы ғалымдардың қай -қайсысы болса да, П. В. Киреевскиийдің, Ф. Студитскийдің, И. Сахаровтың, А. Смирновтың, П. Якушекиннің, П. Шейннің, Н. Лопатин - В. Прокуиннің өлең кітаптарын басшылыққа алмауы мүмкін емес. Әрине бұл аталған авторлардың өздерінде де белгілі бір ортақ принцип болған жоқ. Әрқайсысы әр қалай: бірі жазылып алынған аймағына (географиялық белгілеріне) бірі айтылу, орындалу ерекшелігіне тағы бірі сыртқы түр формасына, мазмұнына, тақырыбына қарап талай саққа жүгіртті. Оның себебі бұл жинақтардың көпшілігі ғылыми - зерттеу сипатындағы жинақтардан гөрі халық қазынасын насихаттау мақсатында шыққан алғашқы тәжірибелер ғана болатын.
Халық өлеңдерін классификациялау проблемасының қиындығы әлі де болса күн тәртібінен түскен жоқ. Тіпті қазақ фольклоршыларын айтпағанныі өзінде, орыс ғалымдарының әрқайсысы күні бүгінге дейін әр түрлі пікірде келеді. Мысалы, көп жылдан бері орыс шаруаларының дәстүрлі салт өлеңдерін зерттеп келе жатқан Н. Колпакова орыс өлеңдерін, негізінен екі жанрға бөліп қарастырады. Бірінші топқа халықтың әдет - ғұрпымен, салтымен байланысты туған өлеңдер жатса, екінші топтағы өлеңдерге мұндай салттық, ғұрыптық сипаты жоқ лирикалық өлеңдер іріктелген. Ал, проф. В. Я. Пропп әлеуметтік белгілерді халық өлеңдерін жүйелеудің негізгі критерийі етіп алады. Бұл жүйелеу бойынша орыс өлеңдері мынадай үш топқа бөлінуі керек. Бірінші - егіншілікпен айналысып жүрген шаруа өлеңдері, екінші - егіншіліктен қол үзген шаруа өлеңдері, үшінші - жұмысшы өлеңдері. Бірінші топтағы өлеңдер: а) салт өлеңдері, ә) салтқа қатынасы жоқ өлеңдер деп жүйеленсе, екінші топтағы өлеңдер: қай әлеуметтік топтың ортасында орындалып жүр, соған қарап бөлінеді.
Ал, үшінші топтағы өлеңдер жанрлық белгілеріне қарай: лирикалық, эпикалық, сатиралық өлеңдер деп жіктелген. Сөйтіп, проф. В. Пропп өлеңді бірде әлеуметтік мазмұнына қарап бөлсе, енді бірде өлеңнің жанрлық, этнографиялық белгілерін де ескеріп отырады. Украин фольклоршысы Ф. Колесса фин ғалымы Ильмар Кронға ұқсап халық өлеңдерін оның сыртқы түр, формасына қарап классификациялау керек деген принципті ұсынды. Проф. С. Г. лазутин халық өлеңдерін оның жанрлық белгілеріне қарап бөлмей, қай әлеуметтік ортадан шыққанына қарап классификациялау керек дейді.
Міне, осындай әртүрлі көзқарастар тілі, тіршілігі жағынан өзара жақын қазақ, қырғыз, татар, тәжік, өзбек, қарақалпақ, алтай фольклоршыларының тәжірибесінен де байқалып жүр. Мысалы, тәжіктің фольклоршы ғалымы, филология ғылымдарының докторы, проф. Р. Амонов халық лирикасын классификациялау үшін өлеңнің идеялық мазмұны мен көркемдік стилін негіз етіп алады.
Осы секілді «қарақалпақ халық қосықлары» туралы арнаулы зерттеу жүргізген филология ғылымдарының кандидаты Ә. Тәжімұратов қарақалпақ халық қосықларын, негізінен, тақырыптық мазмұн тұрғысынан жүйелей отырып, өлеңнің жанрлық салттық белгілерін, оны кім шығарып, кімге арналған ерекшеліктерін де ескергендігін айтады.
Көптен бері татардың халық жырларын зертеп келе жатқан белгілі фольклоршы И. Надиров еңбектерінде де бұл проблеманың біраз қиындықтары айтылған. Сөйтсе де И. Надиров татар халық жырларын, негізінен, мынадай екі топқа бөліп қарастырады. Бірінші йола - жол -жора жырлары. Бұған түрлі наным сенімге, әдет -ғұрыпқа, үй- іші тұрмысына: қыз ұзату, бала көру, өлі жетімге арналаған жырла кіреді. Ал, екінші топ лирикалық өлеңдерде тұрады. Бұл ойын жырлары, еңбек жырлары, солдат жырлары, тұрмыс - күнкөріс жырлары болып бірде орындалу мәнеріне, бірде шығарушылар ортасына, тағы бірде мазмұнына, тақырыбына қарап классификацияланған. Сондай -ақ Надиров татар халық жырларын жасалу формасына қарап: ұзын яғни сюжетті жырлар, төрт жолды жырлар, қарама -қарсы жырлар деп төртке бөледі. Мұны филология ғылымының докторы, проф. Х. Я. Ярми де құптайды.
Рас, соңғы жылдарда халық өлеңдерін жанрлық, функционалдық тақырыптық тұрғыдан топтаумен қатар, оның жасалу формасына, орындалуына қарап, жүйелеу әдісі де қолға алына бастады. Мысалы, фольклоршы Т. Тюхтенев алтай халқының қожондарын классификациялай келе, дәстүрлі халық өлеңдерінің орындалу мәнеріне қарай: малдас құрып айтатын өлең, ат үстінде келе жатып айтатын өлең деп түр -түрге топтаған.
Халық өлеңдерін әр қырынан, әр түрлі белгі, сипаттарына қарап классификациялау өзбек, қырғыз фольклоршыларына да тән.
Әрине, жоғарыда аталған халықтардың әдет- ғұрып, жөн жосығы тұрмысы мен тіліндегі жақындықтан туатын өзара ұқсастықтар да, сондай ақ бұлардың бір - бірінен бөлектеніп тұратын айырмашылқтар да бар. Бұл айырмашылық, сөз жоқ әр халықтың бір өзіне ғана тән ұлттық ерекшелігіне, сол ерекшеліктен шығатын оның творчестволық қиял - қабілетіне, эстетикалық талғамына байланысты.
Сөйтіп қай халықтың болса да тұрмыс - салт жырларын жүйелеп классификациялаудың бірден бір дұрыс жолы - өлеңнің негізгі, тұрақты сипаттарына яғни жанрлық белгілеріне қарап жүргізілуі керек. Мұның үстіне, салтқа деген қатынасы да ескерілуі қажет. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың халық өлеңдерін классификациялау оның жанрлық - функционалдық белгілеріне сүйені қажет. Бірақ, соған қоса, өлеңнің өзге белгілері де, яғни оның арғы шығу тегі, халықтың күнделікті тұрмысынан ерекшелігі, музыкалық интонациясы мен салтттық, этнографиялық белгілері, ақыр аяғында көркемдегіш құралдарының өзіндік сыр -сипаты да ескеріліп отыру керек. Қазақ халқының және сонымен байланысты өзге бауырлас халықтар өлеңдерінң идеялық - тарихи бай мазмұныны ашып талдау осы классификация негізінде жүргізілуі тиісті.
Шер өлеңдері
Көне замандардан кел жатқан көп кәде, жора жосынның бірі - өлген адамды естіртіп, көңіл айту, жоқтау десек, бұл көптеген тарихшы - этнографтардың пайымдауынша ұрпақтан - ұрпаққа, заманнан - заманға ауысып келе жатқан тым ескілікті кәде. Академик Ә. Марғұлан ежелгі көшпелі тайпалардың тірішілігіндегі «патриархал қаумының әлеуметтік тұрмысы, жора -жосыны, өлікті қадірлеумен байланысты дәстүрлері - қоштасу, естірту, жоқтау, аза тұтып қөайғыру, жылау, қадірлеп шығарып салу, басына белгі орнату, ас беріп той жасау, сойыс қылу - бәрі бұрынғы көшпелі сақ, гун, үйсіндерден бері қарай қазақ пен қырғыз халқына дейін жеткен тарихи жоралар» - дейді.
Қазақта мұң -шер өлеңдерінң шығу мезгілі қай кез екенін анықтау қиын. Сөйтсе де М. Әуезов пен Ә. Марғұлан жалпақ елдің салтымен байланысқан шер өлеңдерінң мазмұны ежелгі Орхон - Енесей, жазбаларымен ұштасып, тамырлдасып жатқанын айтады. Мұнда да естірту, жоқтау, қоштасу сияқты өлең түрлерінң барлығы және моның көбісі қазақ тіршілігінен белгілі болған өлеңдермен өте үндес, сарындас екенін дәлелдейді. « Махмұд Қашқаридың жазуы бойынша да жоқтау - ежелгі түркі тайпаларының ерлік тұрмысынан туған жырдың бір түрі. Мұның бі жарқын түрін «Қорқыт жырында кездесетін Бамсыбұйрықты жоқтаудан көруге болады», - дейді Ә. Марғұлан. Сондай-ақ М. Әуезов қазақтың белгілі эпостық дастандары қоштасу, естірту, жоқтау сияқты шер өлеңдерінң негізінде туғандығын айта келіп, тұрмыс - салт жырларының мұндай кіші түрлері ежелгі дәуірдегі ғұндардан, кейін түркі тайпаларының өмірін көз алдыңа келтіргендей болады дейді.
Ал, шер өлеңдерінң осы аталған үлгілерінің ішіндегі жоқтаудың ескі, көне түрі ассирияның ұлттық эпопеясы «Гильгамеште» де, көне индия эпосы « Махабхаратада» да, гректің атақты поэмасы «Илиада» да, ескі еврей әдебиетінде де, Египет жырларында да кездеседі. Мұны бір кезде гректің трогиктері де, Рим ақындары - Катулла мен Виргилия да айтқан. Тегінде өлген адамджы жоқтап, жылап -сықтау дүние жүзіндегі елдердің бәрінің тарихында бар дәстүр. Жоқтау - сонау Африкадағы негрлердің де, Европадағы - немістер мен француздардың да, болгарлар мен латыштардың да өмірінде бар. Бұл түркі тілдес - қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, атар, алтай, қарашай халықтарынң да ескі көне өмірінен бері өшпей келе жатқан жанды дәстүрі. Жоқтаудың тіпті сонау ежелгі дәуірлерде туандығына куә боларлық ескерткіштер, тас жазбалар, эпостық шығармалар, ертегілер, шешендік сөздер бар. Академик, Ә. Марғұлан: «Жоқтау - әдебиеттің ең ескі түрі. Оның шығуы үй ішінде, қауым ортасында болған игі адамдардың дүниеден көшкеніне өкініп, оларды еске түсіру ретінде айтылған жыр. Жоқтау Орхон жазуларының түбегейлі аялығысы. Оның ең бір жарқын түрі Күлтегін, Бегретас жазуынан көруге болады (648ж) » - дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz