ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНУ
ЖОЛДАРЫ

Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi
экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының
қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзуде.
Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға
бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу
қажеттiгiн алға тартып отыр.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм
реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған
мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12
жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың
ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген
өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы –
бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды.
Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан
терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе
отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда. Еліміздің егемендік алуына
байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық
мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына
ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген
ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-
методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие
жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған.
Қазіргі кезеңде жүргізіліп жатқан тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар
халықтық педагогикалық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің
құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеуде.
Халық педагогикасы жалпы, қазақ халқы педагогикасы жеке алғанда
көптеген ғасырлар бойына қаланды, өңделді және бүгінгі күнге өзіндік
педагогикалық дәстүрлер мен көзқарастарды жеткізді, сондықтан оқыту-
тәрбиелеу жүйесінде лайықты орнын алуы керек [2].
Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің
өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың
жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған
нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді
қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы
білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды,
қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие
процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен
көтеріледі.
Оқытудың айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль, жаңа ойлап табуларда
емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек
балалар, балалар мен педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара
байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-
қатынастарда жалпы, балалар арасында жекелей алғанда сезгіштік,
қайырымдылық, сергектік, ақ пейілділік, ізгілік ахуалын туғызуда.
Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны
қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға
қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда.
Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек
қызметін атқара алады [2].
Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың
тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым
технологияландырылған болса, адамдық пен адалдықтың, қайырымдылық пен
мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі,
демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге
назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің
үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.
Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және
техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде
барынша қолдану және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның
әлеуметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстанның тәуелсіз алған
қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп
тиісті орнын алуы қажет.
Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты
қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударымен және педагогикалық
дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендету мен қамтамасыз
етілмек.
Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен
тәжірибесін сақтаушы халықтың педагогикалық зердесі жасампаздық роль
атқаруға қабілетті. [4].
Олай болса халықтық педагогиканы пайдаланудың бағдарламаларын дайындау
қажеттігі туындайды. Олар мысалы, төмендегідей бағыттарда мазмұндалса
тиімді болар еді:
• мақсат, міндеттерді ұсыну, оларға жетудің жолдары мен құралдарын
анықтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақта Баланы жастан
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Пәндер