Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
1.Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсімін қамтамасыз ету және
Қазақстанның оң беделін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен
ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Банк түрлі қауымдастықтарға
қатысу, халықаралық институттармен өзара қарым-қатынас жасау, біліктілікті
ұдайы арттыру, түрлі конференцияларға, саммиттер мен семинарларға қатысу
арқылы өз жұмысында табысты жұмыс істейтін басқа даму институттарының
тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға тырысады. Банктің іскерлік
байланыстарын кеңейту ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана
емес, экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді жылдам шешу
мақсатында елімізге шетелдік инвесторларды белсенді тартуға да мүмкіндік
береді.
Осы мақсатта Банк түрлі халықаралық іс-шаралар өткізеді, олардың
жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының, рейтингтік агенттіктер мен
аудиторлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі инвесторлар қатысады.
2003 жылдан бастап Банк Азия және Мұхит жағалауы елдері Қаржы Даму
Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және
Директорлар Кеңесінің құрамына кіреді.
Банктің табысты халықаралық қызметіне халықаралық қаржы ұйымдарының
Банкке түрлі марапаттаулар беруі растау болып табылады. 2005 жылы
Euromoney халықаралық қаржы басылымы Банкке Дүниежүзіндегі ең серпінді
даму банкі марапаттауын берді. 2006 жылы Euromoney қаржы басылымы Банкті
Орталық және Шығыс Еуропада корпоративтік басқару саласындағы көшбасшы
банк номинациясында жеңімпаз деп таныды. Бұдан басқа, Банктің жобаларын
2005 және 2007 жылдары ADFIAP көлік және энергетика инфрақұрылымы,
байланыс, технология саласында үздік деп таныды.
Банк Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде Банкаралық Ұйымның
(БАҰ) толыққанды қатысушысы болып табылады. 2007 жылғы қазаннан бастап банк
ШЫҰ БАҰ төрағасы болып сайланды.
Өз қызметін кеңейту мақсатында банк ірі халықаралық қаржы ұйымдарымен
белсенді ынтымақтасады. Құрылған сәтінен бастап Банк Ресей
Сыртқыэкономбанкі, Румыния Экспорт-Импорт Банкі, Корей Даму Банкі, Еуропа
Қайта құру және Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Жапония Халықаралық
Ынтымақтастық Банкі (JBIC), Қытай Даму Банкі, Түркия Даму Банкі, Солтүстік
Инвестициялық Банк (NIB), JP Morgan, Мерил Линч (Merrill Lynch), ABN AMRO,
UBS, Америка Банкі, Словакия Республикасының, Испанияның Экспорт-Импорт
Банкі және т.б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол
қойды.
Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары
Ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру басымдықтарын
ескере отырып, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен даму
институттарының қағидаттары мен әдістерін үйлестіре отырып, өзара ұтымды
ынтымақтастық өңірлік және халықаралық маңызы бар серпінді жобаларды іске
асыруға және Қазақстан экономикасының басым салаларына жаңа капитал
салымдарына ықпал ететін болады деп ұйғарады.
Банк Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады,
ол қаржы нарығын дамыту, реттеуші заңнаманы жетілдіру және уәкілетті
мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық жүргізу мәселелерімен
айналысады. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының басшылығымен
салыстырмалы аз уақыттағы қызметінде қор нарығына қатысушылардың көбі, оның
ішінде банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар
нарығына кәсіби қатысушылар, аудиторлық және консалтингтік компаниялар,
ғылыми-білім беру ұйымдары бірікті.
Екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-әрекет жасасу шеңберінде Банк
түрлі салаларда ынтымақтасудың мүмкін нысандарын әзірлейді: металлургия,
машина жасау, химия және мұнай-химия, фармацевтика, тоқыма және тамақ
өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы және логистика, құрылыс материалдарын
өндіру және құрылыс, энергетика (СБЭС, АЭС, ЖЭО және энергияның баламалы
көздері) саласында инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру;
халықаралық жалпыға бірдей банк практикасын ескере отырып, синдицирленген
кредиттер беру және тарту; экспорттық операцияларды қаржыландыруды
ұйымдастыру; инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыру; өкілдердің
тағылымдамаларға, семинарларға, конференцияларға, тренингтерге, бизнес-
форумдарға және басқа да іс-шараларға қатысуы жолымен тиісті қызмет
салаларында жинақталған тәжірибе мен білім алмасу.
Ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа Қазақстанның Даму Банкі АҚ мен Альфа-
Банк ДБ АҚ, АльянсБанк АҚ, ТұранӘлем Банкі АҚ, Центркредит Банкі АҚ,
Қазкоммерцбанк АҚ, Қазақстанның Халық Банкі АҚ арасында жобаларды
бірлесіп қаржыландыру саласында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою
алғашқы қадам болды, ол инвестициялық ынтымақтастыққа негіз салды.
Сондай-ақ ҚР қаржы секторы мен экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз
ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспары шеңберінде Банктің
инвестициялық басымдықтары мен кредит саясатына сәйкес перспективалық
инвестициялық жобаларды қайта қаржыландыру саласында екінші деңгейдегі
банктермен белсенді ынтымақтасады.
Мемлекеттік органдар
Банк өз қызметінің басынан ҚР мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықты
нығайтуға көп көңіл бөледі. Банктің өз құзыретінің шегінде ҚР Президенті,
ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Қазына ОДҚ АҚ және басқа мемлекеттік органдар
(ҚР Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі және т.с.с.) алдында тұрақты есептілігі қамтамасыз етілді.
Банктің өкілдері ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге,
семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысады.
Банктің қатысуымен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар мен
экспорттық операцияларды іріктеу кезінде, сондай-ақ оларды тұрақты негізде
табысты іске асыру үшін мынадай жұмыс жүзеге асырылады:
- Банк қызметін таныстыруды жүргізе отырып, іске асырылатын және жаңа
жобалар мен операциялардың мәселелері жөніндегі мақсатты өңірлік іссапарлар
жүргізіледі;
- жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық өзара іс-әрекет ету жолға
қойылған (әкімдіктерге тоқсан сайын қарауда жатқан өңірдің жобаларының іске
асыруға мақұлданғаны немесе мақұлданбағаны туралы ақпарат жіберіледі);
- өткізілетін республикалық және өңірлік конференцияларға,
семинарларға, форумдар мен кеңестерге белсенді қатысу ұйымдастырылады.
2.Тікелей шетелдік инвестиция және халықаралық корпорациялардың саясаты
В.И.Ленин айтуы бойынша қаржы капиталы заманында жеке меншік пен
мемлекеттік монополиялар бір-бірімен байланысып жатқанын, әлемді бөлу
мақсатында олар империалисттік қақтығыстың тек кейбір бөлшектері ғана болып
табылатынын біз анық көріп отырмыз. New York Times Magazine 28.03.01
жазылған мақалада: Егер Америка жаһандануды дамытқысы келсе, әлемдік
аренада өзін астам держава ретінде ұстауға қысылмау керек, өйткені ол
шынында да солай болып келеді. Нарықтың елеусіз қолы ешқашанда елеусіз
жұдырықсыз іске асырылмайды. Елеусіз жұдырық деп АҚШ-тың әскері, флоты
және әуе күштері аталады - деп белгіленеді.
Қазіргі заманда адамзат жаһандану адами қоғамының барлық салаларына
әсер ететін қиындықтарымен айналысады: экономикалық, әлеуметтік, саяси,
мәдени, сонымен қатар әлемнің, аймақтардың, белгілі мемлекеттердің мен
жерлердің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Жаһандану үрдісі
әлемдік экономика эволюциясы, әлемдік шаруашылық байланыстар күшеюінің
қайталмайтын нәтижесі болып объективті сипатқа ие. Жалпы әлемдік нарықтың,
капитализмнің әлемдік жүйесінің және оның ішінде трансұлттық корпорациялары
билігі дамуының қалыптасуына қарай экономикалық үрдістің қатысушылары
ретінде ұлттық мемлекеттердің құруы концепциясы ұсынылды. Осы концепцияға
сәйкес аса ірі корпорациялар өсуі кезінде ұлттық мемлекет экономикалық
бірлік ретінде өзінің соңына жақындап келеді. Әлемнің экономикалық
болашағы әлем кіріктіретін ірі корпорациялар қолында. Осындай үрдістің
шарықтау шегі ретінде ірі корпорациялар қол астында әлемнің экономикалық
ұйымдастыруы болуға тиіс. Көлік пен байланыс саласында технологиялық
жетістіктердің жаһандану әсері трансұлттық корпорациялары іс-әрекеттері
экономикалық әсерінің дамуында көрінеді. ТҰК сауда операциялары мен
капиталдың шығарылуын алмастырады, кейбір жинақтаушы бөлшектерді шығаруын
әртүрлі елдерде және солардың біреуінде күрделі өнімнің соңғы шығаруын
орналастырып, әлем көлемінде еңбекті цехаралық бөлудің пайдаларын тиімді
қолданады. ТҰК – бұл жаңа жаһанды субъектілер, олардың ең ірілері қаржы-
экономикалық және технологиялық мүмкіндіктері бойынша әлемнің кіші және
орта мемлекеттерінің көбін асып түседі.
Трансұлттық корпорациялар өздерінің филиалдарын оларға қызықты
мемлекеттерде ашады. Қызықтарының негізі - өзінің технологиялық бөлімдерін
мен өндірісті орналастыру немесе дайындалған тауарларды, өндірілетін
қызметтерді сату болып табылады. ТҰК өздерінің эволюциясы кезінде
өздерінің географиясын бұрынғы КСРО елдеріне де өткізді.
Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік егемендішін алуы ішкі және сыртқы
ресурстарының сапасы мен жұмылдыруына байланысты елдің өмірге
төзімділігінің негізгі кепілі ретінде Трансұлттық корпорациялармен қауіпсіз
экономикалық қатынастармен қатар жалпы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын күшейтті.
Қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік ең алдымен Қазақстанның алдыңғы
қатарлы экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, елде
әрекет ететін трансұлттық копорациялар, инвесторлар мен шетел
компаниялардың экономикалық іс-әрекеттердің ұлттық экономикасына теріс
жағдайларын тоқтату, аталған экономикалық объектілерімен дұрыс қатынасты
құруға бағытталған экономикалық қауіпсіздігіне сүйенеді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы даму стратегиясының негізгі
бағыттарының ішінде, елдегі трансұлттық компаниялардың филиалдарымен
ойдағыдай жұмыс істеп, оларға заңсыз операцияларды жүргізуге, мемлекеттің
салық органдарынан табиғи ресурстардан түскен пайдалырының ірі көлемдерін
көрсетпеуіне, табиғатқа және аймақтардың әлеуметтік- әлеуметтік,
экологиялық жағдайларын кемсітуге жол бермеу, қазақстандық өнеркәсіптерін
технологиялық, өндірістік жағынан өздерінің елдеріне тәуекел етуге тосқауыл
қоятын барлық саяси-әлеуметтік салалардың тиімді және тұрақты қызмет етуін
қамтамасыз ететін экономикалық жүйесінің қауіпсіздігі басым болып табылады.
Соңғы жылдары ТҰК мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені экономика, оның жағдайы
мен әлемдік экономикалық қоғамдастығына ықпалдасу деңгейі трансұлттық
корпорациялардың орталықтары әлемнің жетекші елдерінің өз шамданушылықтары
мен мүдделерінің пайдасына шешілуіне әкелетін әсер ету тетіктеріне жиі
айналып отырады.
Жалпыға мәлім болғандай, бүгінде Қазақстан Республикасындағы
трансұлттық корпорациялар, шетел компаниялардың іс-әрекеттері мен ұлттық
экономиканың қауіпсіздігі экономистердің, саяси және мемлекеттік
қайраткерлерінің, халықаралық экономикалық ұйымдар басшыларының ерекше
назар аударатын мәселелерінің қатарына қосылды.
Экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету мен шетел мен
трансұлттық компаниялардың зиянды да теріс әсерлерін төмендету, олардың
экономикалық-әлеуметтік жағдайына оң салдарын көбейту мәселелеріне деген
ерекше назар аударылуы келесі жағдайлармен себептеледі:
1. Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-
қатерлері ұлттық қауіпсіздігінің басты және түйінді қауіп қатерлердің
қатарына кіретін құбылысқа айналды;
2. экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-қатерлердің материалдық
залал келтіру деңгейі мен айқымдары (мысалы, шетел мен трансұлттық
корпорациялардың филиалдарымен жасалатын экономикалық қылмыстардың деңгейі,
шетелге кететін капиталдарының кему көлемдері) қауіп қатерлердің басқа
түрлері бойынша қалыптасқан шығышдарының едәуір жоғары болады;
3. шетел мен трансұлттық корпорациялар жасаған экономикалық зиян
салдары толықтырылмайды және кеткен капиталдар мемлекеттік бюджетке
штрафтар немесе алымдар ретінде толығымен қайтарылмайды, сондықтан қазіргі
қауіп-қатерлердің кейінгі сақталуы мен таратылуы әлеуметтік-экономикалық
қатынастарының деформациялануына шарасыз болып жатады.
4. Қазақстан Республикасында орналасқан шетел мен трансұлттық
корпорациялармен бірге құрылған бірлескен немесе шетел капиталы бар
кәсіпорындар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мағынасында стратегиялық
салаларда үлкен роль алады. Бұл кәсіпорындарға экспорт пен импорт, тауар
өндіру мен ішкі нарықта сату көлемінің 50-80% пайызға дейін келеді. Бұл
болашақтағы мемлекеттің тәуелсіз экономиканы құруға көлемді күдікті
туғызады
Жоғары аталғанын есепке ала отырып, осы дипломдық жұмыстың мақсаты –
Қазақстанда трансұлттық корпорациялар әрекеті мен экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы ұйғарымдарын жүйелеу, сондай-ақ
қазіргі әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың рөлі мен даму
тенденцияларын, қабылдаушы мемлекетке қандай әсер ететінін, экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі мен осымен байланысты Қазақстан
Республикасының экономикалық қауіпсіздік жүйесінің қазіргі жағдайына талдау
жасау.
Жалпы мақсатынан шыға отырып, жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:
әлемдік шаруашылықта трансұлттық корпорациялардың орнын мен іс-
әрекеттерін зерттеу;
әлемде қазіргі трансұлттық корпорацияларының даму тенденцияларын
талдау;
трансұлттық корпорацияларының қабылдаушы мемлекеттердің экономикалық
дамуына мен ұлттық қауіпсіздікке ықпалын қарастыру;
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік жүйесі мен оны
қамтамасыз ету тетіктерін қарастыру;
Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз
етудегі мемлекеттік саясатының алдағы негізгі міндеттері мен басымдықтарын
талдау;
Қазақстанның экономикалық даму жүйесінде трансұлттық копорациялар
әрекетін талдау.
Зерттеу объектісі трансұлттық корпорациялар мен экономикалық
қауіпсіздік жүйесі болып табылады.
Бұл дипломдық жұмыста ақпарат көздері ретінде ұлттық экономиканың
стратегиялық даму саясатының, статистикалық, жедел есептердің ақпараттары,
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы материалдар, ресми
органдарының статистикалық мәліметтері, сондай-ақ халықаралық экономикалық
ұйымдардың статистикалық мәліметтері мен талдаулары қолданылды.
3.Трансұлттық компаниялардың іс-қызметін қадағалауды күшейтуді ұсынады
"Отан" партиясы төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева үкімет пен
парламентті Шахтинскіде болып жатқан оқиғаларға баса назар аударуға
шақырып, трансұлттық компаниялардың іс-қызметін қадағалауды күшейтуді
ұсынады.
"Мен республика парламенті мен үкіметін болып жатқан оқиғаларға баса
назар аударуға шақыра отырып, трансұлттық компаниялардың іс-қызметін
қадағалауды күшейтуге бағытталған тиісті заңнамалық актілерді қабылдауды
талап етемін",- делінген депутаттың бүгін таратқан мәлімдемесінде.
"Үкімет тансұлттық компаниялардың баға белгілеу саясатын, сондай-ақ,
өндірісте қауіпсіздік талаптарын, еліміздің еңбек заңнамасын сақтау жайын
қадағалауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тиіс",- деп пайымдайды
Д.Назарбаева. Депутаттың пікірінше, "компания мейлі жергілікті, мейлі,
шетелдік меншік иесіне қарасты болсын", еңбек қорғау және қауіпсіздік
талаптарын сақтау шаралары республика аумағында жұмыс істейтін барлық
кәсіпорындарға бірдей қатысты болуға тиіс".
Саясаткер сонымен бірге еңбеккерлердің құқығын қорғау мәселелерін
шешуге қоғамдық ұйымдарды белсенді тарту керек деп бағамдайды. "Қуатты
кәсіподақ ұйымы болмайынша, жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған
барлық ұсыныстар қағаз бетінде қала береді", деді Д.Назарбаева. Осыған
байланысты ол қазір парламентте республиканың жаңа Еңбек кодексінің жобасы
талқыланып жатқанын еске салды. "Оған кәсіподақ ұйымы өкілдерінің өндірісте
қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қадағалау құқығының аясын
кеңейтуге бағытталған нормаларды енгізуді ұсынамын. Сонымен бірге еңбек ету
жағдайы зиянды және қауіпті өндірістерде кәсіподақ ұйымын құру міндетті
екенін заңдастырып, ұжымдық келісім-шарттарын қарау және оларға қол қою
мерзімін бекітуді ұсынамын",- делінген Д.Назарбаеваның мәлімдемесінде.
Мәжіліс депутаты кеншілердің экономикалық талаптары орынды деп санайды.
"Кеншілердің жалақыны көтеру жөніндегі талаптарын қолдауды, сондай-ақ,
еңбек ету жағдайы зиянды және қауіпті өндірістерде еңбекақының сағаттық
мөлшерін заңмен бекітіп беруді ұсынамын. Жұмыс берушіге жұмысшылардың
денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған шығындарының орнын толтырып
беруді міндеттеу қажет"
4.ҚР-ғы халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
Қызмет тиімділігін арттыру, үйлестірілген жұмысты қамтамасыз ету және
экономиканы ұзақ мерзімді инвестициялау кезінде тәуекелдерді бөлу
мақсатында Банк еліміздің даму институттарымен стратегиялық әріптестікті
ұйымдастырумен және қамтамасыз етумен жұмыс істейді.
Даму институттарының өзара іс-әрекет етуінің бірыңғай жүйесін құру
процесінде Банк Мемлекеттік экспорттық кредиттер мен инвестицияларды
сақтандыру жөніндегі сақтандыру корпорациясы АҚ, Қазақстанның
Инвестициялық қоры АҚ, Технологиялар инжинирингі және трансферті
орталығы АҚ, Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы АҚ өзара
ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.
Қол қойылған Өзара ынтымақтастық туралы меморандумдардың, сондай-ақ
Қазына АҚ құрамында бірлесіп жұмыс істеу аясында Қазақстанның
Инвестициялық Қоры АҚ-мен бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылады,
Мемлекеттік экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
сақтандыру корпорациясы АҚ Банк қаржыландыратын экспорт және жобалар
бойынша операциялар сақтандырылды. Банк ҚР даму институттары өткізетін іс-
шараларға белсенді қатысады.
Еуропалық инвестициялық банкпен ынтымақтастық ұзақмерзімді және арзан
несие ресурстарын тартуға мүмкіндік береді

несие ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Нақ осы мақсатпен сенбі күні
Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық инвестициялық банк арасында
негіздемелік келісімге қол қойылды.
Келісімге қол қояр алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Банк президенті
Филипп Майштадпен әңгімелесті.
Мемлекет басшысы Банкпен ынтымақтастықтың жай-жапсары ағымдағы жылғы
күзде ҚР Президентінің Брюссельге жоспарланған сапары барысында
талқыланатынын айтты.
Ф.Майштадт Негіздемелік келісім Банктың Қазақстанда жұмысын бастау
үшін алғашқы қажетті қадам болып табылатынын атап көрсетіп, Еуропалық одақ
Банктің Қазақстанмен ынтымақтастығын дамыту ниетін мақұлдағанын атап өтті.
Еуропалық Одақ біздің Қазақстанда қызметімізді бастауымызға өтініш
білдіргені түсінікті. Осы Негіздемелік келісімге қол қою біздің жобаларды
немесе Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндімізді белсенді зерделеуге жол
ашады. Осы қызметке біз алған мандат Еуропалық Одақ пен Қазақстан үшін
энергетика саласындағы өзара тиімді жобаларды қарастыруға мүмкіндік
жасайды, - деді ол.
Н.Назарбаев Қазақстан мен ЕИБ арасындағы ынтымақтастықтың жол
картасын жасауды ұсынды, онда орта және ұзақ мерзімді перспективаға
келешегі зор нақты жобалардың көрініс табуы маңызды. Кездесу барысында
Кедендік одақты құру қазақстандық рынокты еуропалық инвестициялар үшін
мұнай-газ және энергетика саласында ғана емес, транзиттік-көліктік
инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және индустриялық-инновациялық сала үшін де
тартымды алаңға айналдырады.
Қазақстан сонымен қатар ЕИБ-ны жаңартылатын энергия көздерін дамыту,
өндірісте экологиялық тұрғыдан таза серпінді және энергосақтау
технологияларын пайдалану арқылы су ресурстарын басқару жобаларына тартуға
мүдделі.
Мемлекет басшысы Ф.Майштадтты ағымдағы жылдың маусым айында Алматыда
өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысына қатысуға шақырды.
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық инвестициялық банк арасында
бүгін қол қойылған Негіздемелік Келісім болашақтағы өзара тиімді
ынтымақтастыққа негіз қалауы тиіс. Бұл Қазақстан үшін ең бірінші кезекте
инфрақұрылымдық жобаларға ұзақмерзімді және салыстырмалы түрде онша қымбат
емес несиелік ресурстар тартуға мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті
Нұрсұлтан Назарбаев.
Еуропалық инвестициялық банк (ЕІВ) - Еуропалық одақтың қаржылық
мекемесі, ол Рим шартына сәйкес құрылған. Ол қаржы рыноктарынан займдар алу
арқылы қаржыландырылады. ЕИБ әрі банк және сонымен бір мезгілде даму
институты ретінде әрекет етеді. Еуропалық ықпалдастасқа теңдестірілген
жобаларды қаржыландыра отырып, Еуроодақтың жаһандық мақсаттарына қол
жеткізуіне жәрдемдеседі.
Әлемдік несиелік рейтинг түзуші агенттіктер
Инвестиция туралы шешім қабылдау кезінде портфельдік инвестиция елдің
арнайы несиелік рейтингтеріне сүйенеді. Мұндай рейтингті арнайы ұйымдар
жариялайды. Ішіндегі ең беделділері: Moody’s, Standard and Poor’s, Fitch,
IBCA, т.б.
Standard and Poor’s агенттігінің рейтингі:
1. Инвестициялық рейтинг:
ААА – эмитенттің қарызды және % төлеу мүмкіндігі өте жоғары дегенді
білдіреді;
АА - эмитенттің қарызды және % төлеу мүмкіндігі едәуір жоғары дегенді
білдіреді;
А - эмитенттің қарызды және % төлеу мүмкіндігі жоғары,бірақ ішкі
экономикалық жағдайға тәуелді;
ВВВ - эмитенттің қарызды және % төлеу мүмкіндігі сол кездегі
экономикалық жағдайға тәуелді.
2. Спекулятивтік рейтинг:
ВВ - ішкі экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы эмитенттің төлем
қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін;
В - эмитенттің төлем қабілеттілігі шектеулі.
3. Аутсайдерлік рейтинг:
ССС – мүдделерді қорғау біршама бар, бірақ тәуекелділік пен
тұрақсыздық жоғары;
СС - эмитенттің төлем қабілеттілігі ішкі экономикалық жағдайға тікелей
тәуелді;
С - эмитенттің төлем қабілеттілігі ішкі экономикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz