Халықаралық қарыз мәселелері



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
14.3. Халықаралық қарыз мәселелері

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де
тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық
мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы
берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет
қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос
аќша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер,
сондай-ақ, әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің
қатысушылары болып отыр.
Халықаралық кредит – бірќатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ
басқа заңи және жеке тұлѓаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне
және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары. Сыртқы
экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит
сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр:
Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі және оның
ұйымдары – Дамудың халықарылық ассоциациясы, Инвестициялар кепілдігінің
көпжақты агенттігі және басқалары. Халықаралық Валюта Қоры валюта
бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға баќылау жасау,
қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем
баланыстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен
валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары
елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің
экономикалық әлуетін іске асыруға ќабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы
қолдап отырады. 
Халықаралық мемлекеттік кредит – халықаралық экономикалық қатынастар
сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет
дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе кредитор ретінде болатын
қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын
қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік
және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы
есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие
субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар
жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып
саналады. 
Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен
айқындалады.
Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:
1) еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу;
2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы; 
3) елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз
етілуі;
4)жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың
қажеттігі;
5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.
Халықаралы кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:
1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;
2) ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті
және тартылынды (тартылған) қаражаттары) ; 
3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.
Ақша нысанындағы халықаралық кредит ұлттық валюталарда және еркін
айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртќы экономикалық қызметі
процесінде мерзімділік, ақылыќ және қайтарымдылық жағдайында тауар және
ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық
дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық
бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.
Халықаралық кредиттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау
Ел экономикасына шетелдік несие ресурстарын тарту және қолдану
Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі
Халықаралық капитал қозғалысындағы несие қатынастарының мәні
Заем (қарыз) түсінігі
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалау
Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы
Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары ұғымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы
Пәндер