Халықаралық құқық негіздері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық құқық негіздері
1. Халықаралық құқық ұғымы.
2. Халықаралық жария құқықтың кайнар көзі.
3. Қазақстан-дуниежүзілік коғамдастықтың тең құқылы мұшесі.
Әдебиеттер мен кажетті дерек көздері:
1 .Досжанова Г. Халықаралық құқық бойынша терминдердің тұсіндірме сөздігі.
-Алматы: Зан әдебиеті .2002
2. Сәрсенбаев М. Международное право. -Алматы: Жеті жарғы 1996.
3. Құлжабаева Ж. Международное публичное право.-Алматы, 2003.
4. Құлжабаева Ж. Халықаралық жария құқығы. Алматы 2003.
5. Халықаралық жария құқығы. -Алматы, 2004.
6. Қазақстан -2030. -Алматы: Юрист. 2001
7. Қазақстаннын ішкі және сырткы бағыттары. Президент жолдауы. 2004. Егемен
Қазақстан газеті.
7. Халықаралық құқық- Дәрістер курсы. -Алматы: ҚазГЗУ, 2003.
1. Халықаралық құқық ұғымы.
1. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың өзара тығыз байланыста болуы
мемлекеттерің халықаралық құқық нормалары мен егемендік құқығын сактау
болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық өзара қарым-
қатынастан тұрады. Халықаралық құқық кез-келген коғамның өміріне үлкен
мағынасы бар, халықаралық өзара қарым-қатынастың дамуы мен өсіп жетілуін
реттейді. Халықаралық құқықтық норманың мазмұнын анықтайды.
Халықаралық құқық - бұл құқықтың әртүрлі: саяси, экономикалық және
мемлекеттер арасындағы баска да өзара қарым-қатынасты, сонымен катар
халықаралық өзара қарым-қатынаска қатысушы баска да
құрылымдардыреттейтін саласы. Ол мемлекет ішіндегі басқа да құқықтар
саласынан өзгеше болатын кұқықтың айырықша жүйесі ғана емес. Халықаралық
құқық халықаралық өзара қарым-қатынасты реттейтін және мемлекеттін келісім
еркін білдіретін келісім және жай нормалар кағидаларынын жүйесін білдіреді.
Халықаралық құқықты сақтау, халықаралық құқықтын белгіленген шегі мен
үлгісі көлемінде жеке және алкалы өлшеммен камтамасыз етіледі.
Құқық тұжырымы халықаралық құқықка да жатады. Оны анықтаудағы әрбір
эдементінің халықаралық құқықта өз ерекшелігі болады. Мысалы, халықаралық
құқықта құқықтың дәстүрлі белгілері тән: мемлекеттік еркіндік сипаттағы
күбылыс; зандық нормалары белгілі бір коғамдық өзара қарым-қатынастарды
реттеу; халықаралық құқықтық нормаларды сактауды мәжбүрлі камтамасыз ету.
Бұлармен бірге, халықаралық құқықка бірнеше өзіндік ерекшеліктер тән.
Реттеу саласы. Халықаралық құқықтын мемлекетпен пайда болу негізінен
байланысты екеніне қарамастан, ол жеке мемлекет құқығы немесе мемлекет
үстінен қарайтын құқық болып табылмайды. Ол мемлекеттердін өзара достық
қарым-қатынастарын орнықтыратын және оны камтамасыз ететін халықаралық
құқық болып табылады. Бұл қарым-қатынас ереже бойынша саяси, экономикалық
және де басқа да, өзінің өр түрлі табиғи денгейіне, саяси жағына, ішкі
құрылымына, аумактық бөлігіне, тұрғындардын санына байланысты әртүрлі
болатын, мемлекеттердің арасындағы қатынастар. Тағы бір айта кететін жай,
халықаралық құқық саласын халықарлық құқықтық қатынас объектісінен айыра
білу керек.
Халықаралық құқықтық қатынас объектісі-бұл, құқық субъектілерінің
жалпыға бірдей танылған қағидалар мен халықаралық өзара қатынас нормалары
негізінде бір-бірімен құқықтық қатынаска түсуі. Объектінің түрін үшке
бөледі: аймақ, іс-әрекет, істен бас тарту. Мысалы, аймак мәселесі объект
ретінде жиі кездеседі, әсіресе әскери жағынан бейбітшілік мәселесі, өзара
көмекті түсіне білу, бұл мемлекеттер арасындағы әр түрлі құқықтық қарым-
қатынастын объектісі болады. Бейтарашық, соғыс жүргізудін заңдары мен
дәстүрлері туралы проблемалар объектісі халықаралық құқықтың кағидалары мен
нормаларына кайшы келмеуге тиіс.
Халықаралық құқықтын. өзара қарым-қатынастың аймағы кенейген сайын,
объектінің де шеңбері ұлғая түсуде. Мысалға, ғарыштық байланыстын құқығы
атомдық куатты мақсатта пайдалану, ішкі континенттік мемлекеттердің
мәртебесі сиякты жана бағыттар, объектінін жақа жуйесін құрайды.
Халықаралық құқықтын мемлекеттік құқықтан тағы бір айырмашылығы, ол-
құқықтық норманы камтамасыз ету қабілеті. Құқықтың субъекгілерімен
келісімге келуден баска да, халықаралық құқықтық мәжбүрлеу шараларын
колданады. Сонғысыяа, жекеше және үйымдық касиет тән. Халықаралық құқықтын
нормасы мемлекеттер арасындағы өзара келісім жасау кезінде калыптасады.
Баска сөзбен айтқанда, халықаралық құқықтың, құқықтың аз немесе одан да көп
негізгі өзіне тән ерекшелігі бар.
Мемлекеттің ішкі құқығының барлық саласындағы тұлғасы, яғни құқық пен
міндеттін иегері, занды жөне жеке тұлғалар болып табылады, Халықаралық
құқық тұлғалары екі топқа бөлінеді: 1-топ- негізгі тұлғалар (субъектілер):
а) егеменді мемлекеттер
б) өзінің тәуелсіздігі үшін құресіп жаткан ұлттар мен халықтар 2-топ-
кайталама топтар:
в) халықаралық ұйымдар
г) мемлекетке ұқсас құрылымдар
Мемлекеттің ішкі құқықтарын мемлекеттін арнайы органдары құрады және
ұлттың тікелей құқықгық субъектілеріне міндетті болады.
Халықаралық құқықтың қалыптасу үрдісі баскаша болады. Халыңаралық
құқықтың нормасы келісулі немесе жай және мемлекеттердің өзара келісімімен
болады. Халықаралық құқық нормасы екі, бірнеше немесе көп мемлекеттердің
өзара келісімдері аркылы қатысушыларының ең манызды және жалпы мінез-кұлқы
тән.
Халықаралық қуқықтың негізгі қағидасы халықаралық құқықтың казіргі
кездегі жүйесінің ең маңызды заңдылығын білдіреді.
Қағидалар жүйесіне мыналар тән:
1. Әмбебаптық (универсалдық);
2. Жалпыдан қолдау тапқан;
3. Жалпыға міндетгілік;
4. Тұрақтылық;
Халықаралық қуқық жуйесі екі бөлімді қамтиды.
Жалпы бөлім:
-Халықаралық құқық ұғымы, тарихы, қызметі, қағидалары;
-Халықаралық құқық субъектілері;
-Халықаралық құқық кайқар көздері;
-Халықаралық шарттар құқығы;
-Халықарлық үйымдар құқығы;
-Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.
Ерекше бөлім:
-Халықаралық кауіпсіздік құқығы және дауларды бейбіт жолымен реттеу;
-Дипломатиялық және консулдық құқық;
-Адамнын халықаралық құқықтары мен халық мәселесі;
-Халықаралық құқықтағы жер мәселесі;
-Халықаралық коғамдық құқық;
-Халықаралық экономккалық құқық;
-Халықаралық теніз құқығы;
-Халықаралық әуе құқығы;
-Халықаралық экологиялық құқық;
-Халықаралық ғарыш құқығы;
-Халықаралық кылмыстық құқық;
Халықаралық құқықтың қызметі- ол халықаралық құқьіқ жүйесімен өмір
сүрган ортаның, яғни халықаралық жүйе компоненттерінің арасындағы үнемі
болатын қарым-қатынас. Мұндай көзқарас халықаралық құқық ролін одан әрі
тани түсуте, оньвд дамуына болжам жасауға, онын бейбітшілікті және
халықаралық ыытымактастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін
арттыруға ықпал етеді. Халықаралық құқықтын функциялары оның халықаралық
қатынастардың негізгі қатысушыларымен өзара іс-кимылдарынан көрінеді. Мұнда
құқықтық қатынас субъектілері әр түрлі амалдарды пайдаланады. Халықаралық
құқықтың кызмет атқаруы үшін, бір жағынан халықаралық құқықпен сырткы
саясат ара салмағынын, екінші жағынан-халықаралық құқық және дипломатия ара
салмағынын мәселелері көкейтесті болып есептеледі.
Халықаралық құқықтың көкейтесті мәселелері болып:
• халықаралық құқық мемлекеттерді жалпы танылған нормалар мен
принциптерді басшылыққа алады міндеттей отырып, олардың сырткы саясаты мен
дипломатиясын шектейлі;
халықаралық құқықтын, сонымен бірге, сырткы саясат пен дипломатияны
дамытута негізі бар;
халықаралық құқық сырткы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысатын
органдардың кызметін реттейді.
Мысалы, халықаралық жария құқық өз жүйесінде дипломатиялық және
консулдық кұқық саласын зерттейді. Оған халықаралық та, сондай-ақ ішкі
мемлекеттік сипаттағы жеткілікті нормативтік база бар - дипломатиялық
қатынастар жөніндегі 1961 жылғы Вена Конвенцнясы, консулдық қатынастар
туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясы, ҚР-ның "Дипломатиялық қызмет туралы"
1997 жылғы Заңы.
2. Халықаралық жария құқықтың қайнар көзі.
"Құқық кайнар көздері" термині материалдық және заңдық аспектіде
қолданылады. Халықаралық құқықтын материалдық қайнар көздеріне халықаралық
еңбек бөлінісі нәтижесінде дамып келе жаткан және халықаралық құқық
нормаларын туғызатын бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар жатады. Қазіргі
халықаралық құқықтың заңдық кайнар көздері халықаралық құқық жасауда ерекше
орын алады, атап айтканда, халықаралық құқық нормалары мен принциптерін
калынтастыру және құру процесі.
Сонымен, халықаралық құқықтың кайнар көздері - зандық үғымда -
субъекгілердің келісілген еріктерін білдіретін халықаралық құқық нормалары.
Қайнар көздер жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.
Негізгілерге жататындар:
-Халықаралық келісім-шарт;
-Халықаралық салт-дәстүр;
Халықаралық құқықтың көмекші кайнар көздеріне мыналар жатады:
-Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары; -Халықаралық Соттың және
арбитраждың сот шешімдері; -Ішкі мемлекеттің заң, үлпық соттардың
шешімдері; -Халықаралық құқық саласындағы ғалымдар доктринасы; -Өркениетті
ұлттар кабылдаған жалпы құқық принциптері.
Халықаралық құқықтың бұл кайнар көздері, біріншіден, халықаралық
құқықтық нормалар құру процесінде белгілі кезендер болын табылады;
екіншіден, Заң шығару процесіне ықпал етеді; үшіншіден, халықаралық құқық
нормаларының өмір сүруін белгілейді.
Халықаралық келісім-шарт уағдаласушы тараптар үшін құқықтар мен
міндеттер өзірлейді, ал оның заң нормаларында көрсетіледі. Бұл қайнар
көздер халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне сәйкес келетін заң
нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормаларын жасаушы мемлекеттердің
келісілген еріктері өзінің шепгімін таикан, уағдаластыққа қол жеткен кезде
сондай нәтижелер бермек. Соңғыларының қатарына біз мемлекеттер арасында
жасалған уағдаластықтарды да жаткызамыз. Мұнда жазбаша немесе- сирек
жағдайда-ауызша мәлімделген белгілі бір мәтін болуға тиіс. Халықаралық
құқық доктринасы халықаралық келісім-шарттар зандылығының басты критериі
оларды жасаған кездегі тараптар еріктілігі деп түсінеді. Сонымен коса,
тиісті мемлекеттердің тең құқықты калауы бойынша келісім шарт құқық қайнар
көзі болуы да мүмкін. Халықаралық уағдаластық не көп мәрте колданылатын
жалпы нормаларды қамтуы керек немесе бір ғана жағдайда колданылатын дара
құқықтардан тұруға тиіс.
Бүрын шешуші орында келген салт-дәстүр уағдаластықтан кейінгі екінші
орынды иеленеді. Әдеттегі норма ұзақ мерзімді практика нәтижесінде, құқық
субъектілері осы норманың заңдық міндетгі сипатын мойындаған кезде пайда
болады. Уағдаластық және әдеттегі нормалар халықаралық құқықтың жалпы
жүйесін құрады, олар бір-біріне қарама-қарсы түрмайды, халықаралық құқық
нормаларын тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып, өзара ынтымақтасады.
Халықаралық салт-дәстүр халықаралық практикада калыптаскан мінез-
құлықтар ережесі, халықаралық құқық субъектілері оның міндеттілік сипатын
мойындайды. Уағдаластық нормаларынан айырмашылығы, салт-дәстүрлер нормалары
тиісті ереженің анық айкьіндалған түжырымы бар заңды қүжат болын
есептелмейді. Салт-дәстүр барлық немесе бірнеше мемлекеттердің осындай
халықаралық іс-кимылдарының арқасында қалыптасады. Ол үшін коддану ұзақтығы
және заңды түрде міндеттілікке сенімді болуы тән касиет. Мұнда мемлекеттер
практикасы ұзактығының салыстырмалы ғана сипаты бар. Қазіргі халықаралық
қатынастарда әдеттегі қысқа мерзімді нормаларды жасау практикасы да
кездеседі.
Сонымен, халықаралық салт-дәстүр үшін мыналар тән.:
1. қолданудың ұзақтығы;
2. танудың жалпыға ортактығы;
3. занды түрдегі міндеттілікке сенім.
Халықаралық салт-дәстүрді қалыптастыру үшін қайталанбалы практика қажет.
Халықаралық құқықтық әдебиеттерде әдеттегі нормаларды кайталаудың бәрі
бірдей жасай алмайтындығы әдденеше рет атап көрсетілді. Бір әрекетті
қайталай беру мінез-күлық нормаларын жасауға жеткізбеуі де мүмкін. Ол
үйреншікті әдет болуы мүмкін. Халықаралық үйреншікті әдет-мемлекеттердің
занды міндеттілік сипатын мойындамайтын жалпы практйкасы.
Халықаралық қатынастарда, әсіресе дипломатиялық және кеме
қатынастарында, ұзақ уақыт бойы сақталатын нормалар аз емес, алайда, олар
халықаралық құқық нормалары болып саналмайды. Мәселен, дипломаттардың жүгін
кедендік тексеруден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқық негіздері оқу курсының жүйесі
Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Құқық негіздері Оқу құралы
Құкық пен заң шығарушылық
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Құқық жүйесі және құрылымы
Пәндер