Халықаралық сауда теориясындағы ұсыныс және сұранысты талдаудың мәнісі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

4. 2. Халықаралық сауда теориясындағы ұсыныс және сұранысты талдаудың мәнісі

Сұраныс пен ұсынысты талдау баға тепе-тендігін және экспорт пен импорт көлемін анықтауға көмектеседі. Мемлекеттің тауар қызметі импорттау және экспорттау көлеміне, дүниежүзілік баға мен мемлекет ішіндегі сол тауарға деген бағаның айырмашылығына байланысты. Дүниежүзілік баға тепе-тендігі дүниежүзілік ұсыныс пен сұраныс қатынасынан пайда болған, яғни баға ғаламдық сұраныс пен ұсыныс қатынасына тең.

Мемлекет ішіндегі баға тепе-тендігі ішкі сұраныс пен ұсыныстан пайда болады, яғни бұл баға халықаралық саудаға қатыспайтын жабық экономикалы елде қалыптасады, мұндай жағдайдағы баға деңгейінде тауар мен қызмет керсету аз немесе көп болмайды. Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мемлекет ішіндегі баға дүниежүзілік бағаға сәйкес келе бермейді. Жабық экономикалы елдерде импорт пен экспорт бағасы мемлекет ішіндегі баға мен дүниежүзілік баға айырмасынан қалыптасады.

АҚШ-тағы сұраныс пен ұсыныс. Екі мемлекетті қарастырайық - Канада, АҚШ. Екеуі де алюминий өңдіреді. Сауда бөгеті жоқ. Көлік шығынын да қарастырайық. 90-суретте /а/ АҚШ-тағы алюминийге деген сұраныс пен ұсыныс қисығы көрсетілген. S және D қисығының қиылысуы алюминийге деген мемлекет ішіндегі баға, 1 фунт алюминий = 1 долл. және алюминий мөлшерінің тепе-тендігін (100 млн. фунт) сипаттайды. Егер баға 1 долл. болса, алюминий шектен тыс және аз да болмайды. Ал егер АҚШ экономикасы ашық болса және алюминийдің дүниежүзілік бағасы 1 долл. кем не көп болса не болады?

АҚШ-тың экспорт ұсынысы. Егер алюминий бағасы 1 долл. қымбат болса, онда АҚШ фирмалары 100 млн. фунттен артық алюминий шығарады және артық өнімді экспорттайды. Алюмининдің дүниежүзілік бағасы 1, 25 долл. болса, онда америкалық фирмалар 125 млн. фунт өндіреді. Оны 5 қисығынан көруге болады. Америкалықтар тек 75 млн. фунт алюминий сатып алады (D) . Сондықтан олар артық қалған 50 млн. фунт алюминийді (1, 25 долл. ) экспорттайды. Ал дүниежүзілік баға 1, 50 долл. болса, онда америкалық фирмалар 150 млн. фунт алюминий өндіреді, америкалық тұтынушылар тек 50 млн. фунт сатып алады. Сонда 100 млн. фунт алюминий артық қалады. АҚШ сол 100 млн. фунт алюминийді экспорттайды. Дүниежүзілік баға мемлекет ішіндегі бағадан жоғары болғандағы алюминийдің экспорты 90(ә) -суретте горизонталь осінде көрсетілген. Дүниежүзілік баға және мемлекет ішіндегі баға тең болғанда экспорт көлемі 0-ге тең (а нүктесі), яғни ішкі өндіріс қалдығы жоқ. Ал дүниежүзілік баға 1, 25 долл. болғанда америкалық фирмалар 50 млн. фунт артық қалған алюминийді экспорттайды (b нүктесі) . Дүниежүзілік. баға 1, 50 долл. болғанда 100 млн. фунт алюминийді экспорттайды (с нүктесі) . Жоғары бағытталған экспорт үсынысының қисығы а, b, с нүктелерінің қосындысы арқылы табылған. Қисық жоғары көтеріледі, америкалық экспорт көлемімен байланысты дүниежүзілік баға өскен сайын америкалық экспорт көлемі де өседі.

АҚШ-тағы экспорт сұранысы 90(а) -суреттегідей 1 долл. кем болса АҚШ импорты өседі. Мысалы, 0, 75 долл. ұсыныс қисығы бойынша америкалық фирмалар мемлекет ішінде 75 млн. фунт алюминийді пайдалы сата алады. Ал сұраныс қисығы бойынша америкалықтар осы бағамен 125 млн. фунт алюминийді сатып алғысы келеді. Сондықтан АҚШ тұтынушыларын қамту үшін 50 млн. фунт алюминийді импорттайды. Дүниежүзілік баға 0, 50 долл. болса, америкалық өндірушілер 50 млн. фунт алюминий өндіреді. Ал америкалықтарға 150 млн. фунт жетпейтіндіктен олар оны импорттайды. 90(ә) -суретте сұраныс қисығы көрсетілген. Төмен бағытталған қисықпен дүниежүзілік баға 1 долл. төмен болғандағы алюминий импорт көлемі көрсетілген, дүниежүзілік баға мен импорт арасыңда кері қатынас бар. Егер баға 1 долл. болса, онда импорт көлемі /а нүктесі/ О-ге тең, баға 0, 75 долл. болса, онда олар 50 млн. ф. импорттайды /х/; 0, 50 долл. болса, онда олар 100 млн. ф. импорттайды /у/, а, х, у нүктелерінің қиылысуы нәтижесінде төмен бағытталған америкалық импорт сұранысы қалыптасады. Дүниежүзілік баға ішкі бағамен салыстырғанда өссе, онда Американың экспорты да өседі.

Канададағы ұсыныс пен сұраныс. 91-суретте Канадаға талдау жасайық. (Канада долларын бағам бойынша АҚШ долларына ауыстырдық. ) Канададағы алюминий бағасы - 0, 75 долл. Егер дүниежүзілік баға 0, 75 долл. болса, Канада импорттамайды және экспорттамайды. (91(ә) -сурет, у нүктесі) . Егер баға 0, 75 долл. жоғары болса, онда Канада фирмалары тұтынушылар сұраныс мүмкіншілігінен көп шығарып, қалдығын экспорттайды. Егер дүниежүзілік баға 1 долл. болса, онда Канада 50 млн. фунт алюминийді экспорттайды (б нүктесі) . Баға 1, 25 долл. болса, 100 млн. фунт алюминийді экспорттайды (8 нүктесі) . Жоғары жылжыған Канаданың экспорт ұсыныс қисығы 0, 7 долл. жоғары болса, алюминийдің экспорт көлемін көрсетеді, дүниежүзілік баға 0, 75 долл. төмен болса, онда Канада тұтынушылар сұранысын толық қанағаттандыра алмайды, 0, 50 долл. болса, онда тұтынушылар 125 млн. фунт алюминий сатып ала алады, ал Канада фирмалары тек 75 млн. фунт алюминийді өндіре алады. Сондықтан олар тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 50 млн. фунт алюминийді импорттайды (t) .

Дүниежүзілік баға тепе-теңдігі, экспорт және импорт. АҚШ пен Канаданы мысал ретінде қарастырып, енді алюминийдің дүниежүзілік бағасын және дүниежүзілік экспорт пен импорт көлемін анықтай аламыз. 92-суретте америкалық экспорт ұсынысы және импорт сұранысы (906 сурет) және Канаданың экспорт ұсыныс мен импорт сұранысы (916 сурет) біріктірілген. АҚШ-қа байланысты (бағытталған) ә қисығы американың алюминий бағасынан оңға қарай бағытталған. Канаданікі де сол сияқты. 2 мемлекетті қарастырғанда халықаралық тепе-тендік - бір мемлекеттің импорт сұранысы мен екінші мемлекет экспорт ұсынысы қисықтарының қиылысу нүктесі. Бұл жағдайда АҚШ импорт сұраныс қисағы Канаданың экспорт ұсыныс қисығымен е нүктесінде қиылысады. Алюминийдің дүниежүзілік бағасы 0, 88 долл. Канаданың экспорт ұсынысының қисығы дүниежүзілік баға 0, 88 долл. болғанда Канада 25 млн. фунт алюмининді экспорттайтынын көрсетеді. Ал АҚШ 25 млн. Канаданың алюминийін импорттайды. Дүниежүзілік баға импорт сұранысы мен экспорт ұсынысының көлемін теңестірді (25 млн. фунт) және бұл баға дүниежүзілік ұсыныс пен импортты көрсетеді. Дүниежүзілік бағаға айырбас жасаған кезде осы баға екі елде де орнатылады. Бәсекелестік нарықта белгілі бір стандартты тауарға тек бір ғана баға болады. Халықаралық саудада барлық тұтынушылар алюминийді 0, 88 долл. сатып ала алады. Дүниежүзілік бағаға теңестірілген кезде канадалықтар айырбасқа дейінгі бағаға қарағанда алюминийді қымбаттырақ алады (0, 88 долл. және 0, 75 долл. ), ал АҚШ керісінше арзан бағамен алады (0, 88 долл. және 1 долл. ) - Неге Канада 50 млн. фунт алюминийді АҚШ-қа импорттайды? Өйткені олар алюминийден түскен ақшаға басқа тауарларды сатып алады. Мысалы, АҚШ-тың компьютерлік бағдарламасы.

Саудадагы бөгеттер. (Еркін сауда экспорттық жағынан тиімді болғанымен оған көп бөгеттер қойылады. Олар:

Импорт тауарына акциз салығ

Қазыналық баж салығы - мемлекет ішінде өндірілмеген тауарға салынады (Мысалы, АҚШ-та банан, кофе) . Қазыналық салымның мөлшері үлкен емес, оны мемлекет бюджетін толықтыру үшін салады.

Қолдампаздық салым . Олар жергілікті өңдірушілерді шет ел өндірушілерінің бәсекелестігінен қорғау үшін салынады, мөлшері көп болмағанымен шет ел өндірушілерін сауда кезінде қолайсыз жағдайда қалдырады.

Шторттық квота - оның көмегімен белгілі бір уақыт ішінде импортталатын тауардың ең жоғарғы шегін белгілейді. Халықаралық саудаға салымдардан гөрі импорттық квота көп әсерін тигізеді.

Тарифсіз бөгет - лицензиялық жүйе.

Экспортқа еркін шектеу - сауда бөгеттерінің жаңа түрі. Шет ел фирмаларының белгілі бір мемлекетке экспорттайтын тауарға өз еркімен шек қоюы, қатал сауда бөгеттерінен қорыққан экспорттаушылар экспорт көлемін өз еркімен шектеуге келіседі. Мысалы, Жапония машина жасаушылары АҚШ-қа машинаны экспорттағанда өте жоғары тариф пен өте төмен импорттық квоталардан қорқып, экспорт көлемін төмендетеді.

Қолдампаздық

Еркін сауданы жақтаушылар көп, бірақ мемлекет басшыларының жиналысында қолдампаздықты жақтаушылар көп. Олардың еркін саудаға кедергі қою себептері қандай?

Қорғаныс қажетін қанағаттандыру. Бұл себептің маңызы экономикалық емес, әскери саясат үшін маңызды. Қолдампаздық баж салымдары соғыс жүргізу немесе қорғаныс үшін стратегиялық тауар мен материалдар шығару үшін салынады.

Мемлекеттегі жұмыс орнын көбейту. Оның бастауы макроталдауға байланысты. Ашық экономикада жиынтық шығын тұтыну шығынынан (С), инвестициядан (I), мемлекеттік шығыннан (О), таза экспорттан (Хn) құралады. Импорт мөлшерін қысқарту арқылы жиынтық шығынның өсуі экономиканың дамуын ынталандырады. Өйткені соның арқасында пайда және жұмыс орны көбейеді. Бірақ бұл саясаттың кемшілігі көп:

  1. Импорт кезіндегі жұмыс орнының қысқаруы. Импорт көлемінің өсуі жұмыс орнын қысқартады, бірақ басқа елдерде жұмыс орны көбейеді. Кейінгі кезде импорттың көбеюі болат балқыту және тоқыма өнеркәсібінде жұмыс орнының азаюына әкелді. Бірақ басқа салаларда жұмыс орны көбейді. Мысалы, "Хонда" машиналарын сату және электронды құрал-жабдықтарды импорттаудан Жапонияда жұмыс орны көбейеді. Сондықтан импорт жұмыс орны мөлшеріне онша әсер етпейді.
  1. Импорттық шектеу енгізген кезде барлық мемлекеттер жетістіктерге жете бермейді. Бір мемлекеттің экспорты басқа мемлекет үшін импорт, экспорт импорттан үлкен болса, ол мемлекеттің экономикасы жақсы дамиды, ал экспорт импорттан кіші болса, онда ол мемлекет экономикасы құлдырап, жұмыссыздық көбейеді. Сондықтан баж салымын және импорттық квотаны енгізу саясаты көрші елдің экономикасын құлдырату да, оныңнегізі: ішкі проблеманы шешу үшін сауда бәсекелестерінің экономикасын құлдырату.
  2. Баж немесе квотадан ауыртпашылық көрген мемлекет оған жауап ретінде сауда бөгеттерін жоғарылатады. Соңында барлық мемлекет экономикасы құлдырайды. Америкадағы ең жоғары баж салымы туралы Смут-Хоули заңы (1930 ж. ) Америка экономикасының дамуын ынталандырудың орнына күйзелтті. Өйткені басқа елдер осы заңға қарсы көптеген сауда шектеулерін орнатты. Бұл "сауда соғысы" салдарынан халықаралық сауда құлдырап, табыс және жұмыс орны азайды.
  3. Ұзақ уақытты кері байланыс. Ұзақ уақыт жоспары бойынша экспорт импорттан үлкен болу арқылы ішкі жұмыс орнының өсуін ынталандыру жетістіктерге әкелмейді. Өйткені шетелдер Америкаға импорттау арқылы ақша табады да, Америка тауарын импорттатады. Ұзақ уақыт жоспары бойынша мемлекет экспорттау үшін импорттау керек. Сонымен баж салымы арқылы таза экспортты өсіруге және жұмыс орнын көбейтуге боладыдеген экономистер қателеседі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Кейнсиандық моделі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Экономикалық теория қалыптасу кезендері
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Нарықтағы еңбекақы
Сұраныс пен ұсыныс жайлы мәлімет
Қазақстандағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелері
Экономикалық өсудің кейнстік модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz