Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары


Жоспары
І. Кіріспе . . . 3 II. Негізгі бөлім . . . 6
1. Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары . . . 6
2. Терроризмге қарсы күрестің саяси - заңнамалық тетіктерін қалыптастыру
. . . 11
3. Қазақстанның терроризмге қарсы күресте халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастығы . . . 26
ІІI. Қортынды . . . 34
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 37
Кіріспе
Әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналған Қазақстан әлемдік қайшылықтарды қауіптерді планетарлық мәселелерді әлем халықтарымен бөліседі. Көптеген елдерге қауіп төндіріп отырған терроризм құбылысы да Қазақстанға қауіп әкеледі. Бағымызға қарай Қазақстанда халықаралық террористік ұйымдар жасаған террористік актілер болған жоқ. Террористік топтар ұйымдастыруды мақсат тұтқан шаралар болды деген ақпараттар назарымызға іліккен жоқ. Қазақстан терроризм құбылысынан аман елдердің қатарында. Террористік топтардың елде терактілер жасамауы Қазақстан терроризмнен мүлдем аман тұра береді деген сөз емес. Қазақстанда да терроризм болуы ықтимал. Сондықтан халықаралық терроризмді болдырмаудың, ел аумағына енгізбеудің шараларын қарастыру маңызы арта түседі. Себебі, Қазақстанда террористік шабуылдар обьектісіне айналатын нысаналар өте көп. Олар; ядролық қондырғылар, су, жылу электростанциялары, қару-жарақ қоймалары, ауыз су қоймалары, стадиондар, кинотеатрлар т. б. адамдар көп шоғырланатын кешендер. Елдің көптеген балалар демалатын жаздық лагерлері, спорт базалары, санаторийлер мүлдем күзетсіз қалалардан тысқары жерлерде орналасқан. Террористер жырақ орналасқан шағын елді мекендерді толық басып аламын десе оған сол сәтте қарсы тұрар күштер ешбір аудан, облыс орталықтарынан шыға қоймайды. Терроризмге қарсы күресуші күштер мардымсыз.
Басым державалар Қазақстанға қатысты тек әділетті саясат ұстанады деп ойлау қателік. Ресей империясы Қазақстанда 300 жыл тонаумен болғаны шындық. Өздерінің ұлттық мүддесі үшін бүгінгі Ресей Федерациясы басшылығы Қазақстанды қайтадан аяққа салуға дайын. Ондай пиғылды Ресей элитасының өкілдері Солженицын, Жириновский, Миронов т. б. БАҚ-та әлденеше рет ашық айтқан. Сондықтан Ресейдің арнаулы қызмет органдары Қазақстандағы түрлі діни ағымдарға, сепаратистік топтарға, сектанттық ұйымдарға қолдау көрсету арқылы терроризмге ұласатын діни экстремизмді қоздыруы ықтимал. Мұндай әрекеттерге, Қытайдың, АҚШ-тың, Өзбекстанның басқа да көршілес мемлекеттердің құпия жұмыстармен айналысатын қызмет органдары баруы мүмкін. Олар бұл істе Қазақстандағы көпконфессионалдық ахуалды пайдаланатыны байқалуда. Түрлі діни топтардың Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіру мақсатында саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді шайқалтуды көздейді. Мысалы, «Қазақстанды 2010 жылға дейін евангелилендіру жоспары» бары анықталған. Бұл жоспарды жасаған АҚШ-тың халықаралық миссионерлік ұйымдары. Қазақстанда сектантизм құбылысының күшейе түсуінің түрлі себептері бар. Біріншіден, елдегі басым көпшілік ұстанатын мұсылман діні де, христиандық проваславие діні де өзіне халықты қарату мақсатында аса белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, елдің арасына шығып түрлі шаралар өткізбейді. Бұл жағынан дәстүрлі діндер белсенді емес. Екіншіден, қазақстандық дін басшылары сектанттық ұйымдардың түпкілікті мақсаты кең байтақ қазақ жерін әлемдік басым державалардың билігіне көшіру немесе трансұлттық корпорациялардың меншігіне айналдыру екендігін жоққа шығармайды. Дін тек бет перде ғана. Сектантизм мен терроризмнің арасы тым жақын екендігін әлемдік саяси тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді. Діни сарапшылар Қазақстанда жұмыс жасап жатқан діни секталардың мормондардың, иеговистердің және елуіншілердің артында ірі қаржылық -олигархиялық топтар тұрғандарын айтады. Ал сайентологтар тіптен зор қаржылық империя. Мақсаттары қазақстандық азаматтарды өздеріне тарта отыра оларды дәстүрлі діннен және қазақстандық патриотизмнен безіндіру. Діні мен Отанынан безінген, санасы уланған адам қарсы қандай да болмасын әрекеттерден тайынбайтыны белгілі.
Үшіншіден, сектанттыққа қарсы мемлекеттік заң мен күресудің кешенді бағдарламасы қажет-ақ. Теледидардың коммерциялық каналдары ақша табу мақсатында эфирді тиым салынған сектанттық топтарға, тіптен дәстүрлі діндерді мойындамайтын топтардың қайсысына болмасын беруін тоқтату қажет. Мұсылман дінін, православие дінін насхаттауға көмек жасау жолдарын белгілеу маңызды. Балабақшаларда, мектептерде, колледждерде дәстүрлі діндер бойынша сабақтар берудің де мезгілі жетті. Оларды кестеден тыс консультативтік сабақтар ретінде ұйымдастырудың мүмкіндіктері бар. Осындай дәріс сабақтарында сектантизмнің қаупі туралы, олардан терроризм қаупі туатындықтары жайында жастарға түсіндіруге болады. Кришнаиттар, ваххабистер, хизбутшылар, мормондар, иеговистер, сайентологтар Қазақстан халқы үшін ешқандай жақсылық жасаған жоқ. Олар зор қаржылық қоры бола тұра елде бірде-бір әлеуметтік мекеме аурухана, балабақша, монша, дүкен т. б. салмаған. Тек діни кітаптар мен уағыз айтатын ғимараттарды ғана көркейтеді. Осы ісінен ғана олардың түпкілікті мақсаты Қазақстан халқын гүлдендіру емес бағындырып, тобырға айналдыру екені көрініп тұр.
Төртіншіден, сектантизм діни экстремизммен туыстас. Қазақстан сияқты атеизм кең жайлаған халықты дәстүрлі діндерден алшақтатып секталарға енгізу оңай. Поликонфессиялық және полиэтникалық Қазақстан халқы ұлттық идеялар мен қазақстандық патриотизм идеологиясы төңірегінде де әлі толық топтасып болған жоқ. Сондықтан діни экстремистік топтар Қазақстан халқын оңай бөлшектенетін тобыр ретінде қарастырады. Әлемдік терроризм мен діни экстремизмнің тірегіне айналдыруды мақсат тұтады.
Қазақстанның терроризмнің қаупінен сақтануы үшін елдің ішкі қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз. Сондықтан «халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздік жүйесін қозғайтын жаһандық тетіктер өзгеруі тиіс, -деп есептейді Н. Ә. Назарбаев.
II. Негізгі бөлім
1 Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Кең масштабтағы терактілердің зияны бейбіт жатқан Қазақстанға да зиянды әсерлерін тигізуі ықтимал. Себебі, Қазақстан жоғарыда аталған мемлекеттердің барлығымен де тығыз экономикалық, сауда және саяси байланыста. Олар Қазақстан экономикасына инвистицияны ең көп мөлшерде салушы елдер. Аталмыш мемлекеттердің ондаған ірі компаниялары мен фирмалары Қазақстанда жұмыс істеуде. Демек, осы ірі компаниялардың қайсысы болмасын террористердің нысанасына айналуы мүмкін. Ондай жағдайда терактілердің тікелей Қазақстан жеріне келуі болады. Оған дәлел ретінде тағы да Н. Назарбаевтың пікірін келтіруге болады: «Шағын екі ел Палестина мен Израил арасындағы қақтығыс жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлемнің көптеген өңірлеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып отыр. Шағын екі мемлекет Ауғанстан мен Ирактағы оқиғалар терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратудың негізгі факторына айналды. Бастапқыда жергілікті мәселе болған осынау тауқыметтерді бүкіләлемдік қауымдастық көп уақыттан бері жоя алмай келеді. Жаһанданудың екінші жүзі осындай», -дейді Елбасы.
Ашық, демократиялық қоғам құрудың кейбір жақтары ел қауіпсіздігіне қиыншылықтар тудырады. Азаматтық мемлекет принциптері Қазақстан Республикасы Конституциясында нақты белгіленген. Мысалы, 19 бапта «әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға, және қай дінге жататынын өзі анықтауға, және көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінсе 22 бапта «әркімнің ар ождан бостандығына құқығы бар. Ар - ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланыста болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. делінген. Конституцияның аталған және басқа да баптары елдің есігін түрлі діндерге, саяси қозғалыстар мен түрлі бағыттағы ұйымдарға ашады. Бұлай болуы әлемдік өркениеттілік белгісі. Алайда көптеген шетелдік ұйымдар елдің өмір сүруінің конституциялық принциптеріне өздерінің арами, жымысқы пиғылдарына пайдалануды көздейді. Террористік пиғылдағы идеологияны басшылыққа алатын экстремистік топтар да осы жағдайды пайдаланып Қазақстан жеріне кіруді және саяси экономикалык тұрақтылықты шайқалтуды мақсат тұтады.
Осындай топтар көздеген істерін жасап та жатыр. 2004 жылы «Хизб-ут-Тахрир» тобының діни экстремистік әрекеттері әшкереленіп ұйымның ел аумағындағы қызметіне тыйым салынғаны белгілі. Соған қарамастан 2005 жылы Көкшетау университетінде олар үгіт насихат жүргізген. Өзбекстан мен Ресейден қуылған кришнайттар ұйымдары да Қазақстанға ендеп кіріп алған. Бейресми мәліметтерге қарағанда Қазақстанда 2010 жылы шамамен 3500 дей кришнаиттіктер болған. Зерттеуіміздің алдыңғы тараушасында айтқанымыздай Қазақстанға 2009 жылға 3420 діни бірлестік пен 413 шетелдік миссионерлік ұйымдар кіріп үлгерген.
Кейбір баспасөз мәліметтеріне сүйенсек Қазақстандағы түрлі діни ұйымдардың, секталардың, миссионерлік ұйымдар мен топтардың жалпы саны 5, 5 мыңға жеткен. Аталған деректер Қазақстанда азаматтық, құқықтық мемлекет негіздерін тұрақты қорғайтын, елдегі саяси діни ахуалға адекватты жауап беретін жаңа Қазақстандағы дін және діни бірлестіктер туралы заң қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан ел Парламенті жедел түрде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы Заңына түбегейлі өзгерістер енгізуі қажет, немесе осы заңның жаңа редакциясы қабылдауға тиісті. Онсыз Қазақстанда террористік әрекеттердің қаупін ауыздықтау тіптен мүмкін емес. Себебі, Қазақстандағы терроризм тек діни сипатта болуы мүмкін. Саяси билікке қарсы тікелей террористік әрекеттер де, топтар да байқалған емес. Көкшетауда, Шымкентте, Алматыда және Ақмола облысында ұсталған саяси жүйені өзгерту мақсаты бар топтардың барлығы діни сипатта болған. Олар «Хизб-ут-Тахрир», «Таблиғи Жамағат», «Сүлейманши», «Дағуатшылар», «Бозғұрт» сияқты діни топтар. Өкінішке орай осы топтар қатарында Каирде, Карачиде, Тегеранда, яғни мұсыл- ман елдерінде білім алып келген қазақ жастары кездеседі деген мәліметтер бар.
Астыртын діни ұйымдар ең алдымен Қазақстан жастарының санасын улауды көздейді. Олар өздерінің үгіт насихат жұмыстарын түнгі клубтарда, диско барларда, ірі спорттық кешендерде, бильярд клубтарында белсенді жүргізіп келгендіктері белгілі болып отыр. Сондықтан, жастардың бұқаралық демалыс орындарының терроризм қаупінен сақтануы мәселелеріне құқық қорғау органдарының ерекше назар аудару қажеттігі туды.
Қазақстанды терроризм қаупінен қорғау Орта Азия аумағындағы тыныштық пен саяси тұрақтылықтың сақталуына тәуелді. Бұл пікірді Елбасы Н. Ә. Назарбаев ерекше деп қойып айтып жүр. Өңірлік, региондық қауіпсіздік Қазақстанға терроризмнің жайылуына қарсы ең сенімді тосқауыл деп біледі Президент. Алматыда өткен VI медиа - форумдағы сөзінде Президент: «Дәл осындай жауапты көзқарасты біз өңірлік саясат деңгейінде ұстанамыз. Қазақстан өңірдегі өзге елдермен бірге Орталық Азияның болашағы үшін жауапты екендігін мәлімдеді. Біздің өңір ядролық қарудан ада аймақ деп жарияланды. Біздің елдер біртұтас кеңістік ретінде дами отырып, халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі тасымалы, және заңсыз көші қонға сенімді кедергі болатын «экономикалық сәттілік белдеуін құра алады», - деп атап көрсетеді.
Қазақстан өз территориясында терроризмді болдырмау үшін ислам елдері арасындағы қайшылықтардың шешілуіне үнемі көмектесіп отыруға міндетті. Ислам мемлекеттері арасындағы алауыздық әлемдік терроризм құбылысының күшейе түсуіне әкелді. Террористік топтар осы қайшылықтарды пайдалана отыра өз әрекеттерін емін - еркін жүргізді. Сонымен қатар террористер ислам елдері мен Батыс мемлекеттері арасындағы қайшылықтарды да өз пайдасына шешіп отырды. Терроризмнің осындай қауіптерімен күресте Қазақстанның көпвекторлық сыртқы саясатының пайдасы зор. Алдымен Орталық Азиялық одақтастық (ОАО) ұйымы қалыптасып күшеюі қажет. Екіншіден, Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйымы (ҰҚШҰ) қатысуы мен осы ұйымның беделін күшейте түсуге ат салысу пайдалы. Үшіншіден, Шаңқай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) белсене араласудың тек экономикалық маңызы ғана емес терроризмге қарсы күрес шараларды ұйымдастырудағы маңызы зор. Төртінші басымдылық НАТО-ның стандарттарын қабылдау арқылы терроризмге қарсы күштердің және шаралардың сапаларын күшейту маңызды. Терроризмге қарсы күресті күшейту талабы Қазақстаннан АҚШ-тың, Ресейдің бәсекелесті жандайшабы болмауын қалайды. Экономиканың динамикалық дамуын, қуат ресурстарының молшылығын Қазақстан тәуелсіз геосаясат жүргізу үшін пайдаланғаны абзал. Бұл мәселе туралы Ресей сарапшысы Михаил Калишевский «Қазақстан өзінің бар артықшылықтарынан бас тарта алмайды. Оның даму қарқыны көпвекторлы саясатын тәуелсіз жүргізуге жағдай жасап отыр. Қазақстанның ТМД елдері арасында тағы да бір «полюс» жасауға ұмтылысы күшті. Ол мақсат Ресейге «жаулық» емес. Тағы да бір «басқа полюс» жасау».
Терроризм қаупі Қазақстан қарулы күштерін жаңаша жасақтауды талап етуі жоғары да айтылған әлемдік қауіптерге тікелей қатысты. Әлемдік қауіптерге қарсы тиімді күрес жүргізе алатын кәсіптік дайындығы жоғары армия Қазақстан үшін қажетті. Елдің жаңа әскери доктринасы 2000ж қабылдаған ескі әскери доктринаны алмастыруы да осыған байланысты.
Қазақстанның негізгі төрт аймағының өзінше қауіптілік деңгейі бар. Шығыс өңіріне Қытай мен Ресей қаупі бірдей. Бұл екі ел тікелей әскери агрессия жасамаса да экономикалық блокада, сауда блокадасын жасауы, терроризмді қоздыруы мүмкін, Солтүстік өңір де, тек Ресей қаупі ғана бар. Егер Ресей қазіргі достық саясаттан тікелей империялық, отаршылдық пиғылдағы саясатқа көшсе Солтүстік Қазақстан өңіріндегі славян халықтарының сепаратистік көңіл күйі террористік әрекеттерге ұласуы қаупі жоқ емес. Батыс өңір мұнай мен газдың бай қоры арқылы ерекшеленеді. Бұл өңірде шетелдік компаниялар мен фирмалардың үлес салмағы басым. Қазақстанға қарсы саяси күштер осындай шетелдік кәсіпорындарда диверсиялар ұйымдастыруы, немесе әлеуметтік қақтығыстарды қоздыруы мүмкін. Ондай әрекеттер Қазақстан мен Батыс елдерінің ара қатынастарын нашарлататыны сөзсіз. Қазақстандағы ішкі қауіптер иерархиясында ең қауіптісі Оңтүстік аймақ. Оңтүстікте бірнеше диаспоралар жинақы отыр. Олар өзбектер, дүнгендар, күрдтер, ұйғырлар, түріктер. Кейінгі кезеңде аталған диаспоралар өкілдері елдің билік құрылымдарына бару ниетін, өздерінің мүдделерін жергілікті қазақ халқымен нақты шараларда теңестіру мақсаттарын ашық айта бастады. Қазақстандағы ислам дінін ұстанатын диаспоралар өкілдерін исламдық террористік топтар пайдалана алады. Сонымен бірге ел Оңтүстігіне көршілес Қырғызстандағы саяси күрес ұзақ уақыт перманентті түрде қайталануда. Өзбекстандағы террористік топтар билік өкілдеріне қарсы әрекеттерінен бас тартып отырған жоқ. Ахуал жылдам өзгереді. Бүгінгі саяси тыныштық пен этникалық татулықты келешекте сақтау маңызды.
2. Терроризмге қарсы күрестің саяси - заңнамалық тетіктерін қалыптастыру
Әлемдік жаһандық қауіптердің біріне айналған терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізудің кепілі сапалы заңдар қабылдау және оларды іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті мен Үкіметі осы қажеттілікті білді. Сол себепті Қазақстан егемен мемлекет бола салысымен ресми билік елді терроризмнен қорғаудың кешенді шараларын қолға алды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру барысында халықты терроризм құбылысынан сақтаудың заңдық базасын жасау маңызға ие болды. Терроризм құбылысын заңсыз деп бағалау ел көлемінде оған тосқауыл қоюдың шешуші факторы болатындығын басқарушы элита жақсы түсінді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді ауыздықтаушы мемлекеттік орган ретінде терроризмге қарсы заңдар жобаларын Парламент назарына ұсынып отырды.
Қазақстан терроризммен күресте өзі жалғыз жеңіске жете алмайтындығын білді. Әсіресе ХХІ ғасырдағы ғаламдану үрдістерінің күшейе түсуі «жаңа көпжақты, үйлестірілген күрес әдістерін талап етті. Себебі, ешбір мемлекет өзі жалғыз терроризмді тежей алмайды», -деген пікірлер орынды. Терроризмді өркениетті әлемдік қауымдастық айыптап отырғаны, саяси күрес тәсілі ретінде қабылдауға қарсы болып отырғаны белгілі. 1949 жылы қабылданған Женева конвенциясында саяси мемлекеттік биліктің мақсаты азаматтарды соғыс қаупінің қандай түрлерінен болмасын сақтау деп көрсетіледі. Халықаралық гуманитарлық құқық ережелерінде де азаматтардың жеке басына зорлық -зомбылық көрсету, жазықсыз өміріне қауіп төндіру әрекеттері айыпталады. Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары мемлекеттерді өздерінің заңдық кеңістігінде, ең бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қаматамасыз етуді талап етеді.
Қазақстан саяси басшылығы тәуелсіздік алған соң әлемдік қауіптердің бірі ретінде терроризммен күресудің халықаралық заңнамасына қосылудың қажеттілігін білді. Қазақстан БҰҰ-ның барлық он екі терроризмге қарсы күрес конвенцияларына қосылды:
1. 1963 жылғы әуе кемелері портында жасалған қылмыстық немесе басқа да актілер туралы Токио конвенциясы ;
2. 1570 жылғы әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы Гаага конвенциясы ;
3. 1971 жылғы азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы Монреал конвенциясы;
4. 1973 жылғы халықаралық қорғау құқығын ие, соның ішінде дипломатиялық агенттерде қарсы қылмыстардың алдын алу және тазалау туралы конвенция;
5. 1979 жылғы кепілдікке алумен күрес туралы халықаралық конвенция;
6. 1980 жылғы ядролық материалдарды физикалық қорғау туралы конвенция;
7. 1988 жылғы халықаралық авиацияға қызмет көрсететін аэропорттардағы заңсыз зорлық актілеріне қарсы күрес туралы хаттама;
8. 1988 жылғы теңіз кемесі жүру қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы Рим конвенциясы;
9. 1988 жылғы құрлықаралық мүйістерде орналасқан стационарлық платформалардың қауіпсіздігіне қарсы жасалған заңсыз актілермен күрес туралы Рим хаттамасы;
10. 1991 жылғы пластикалық жарылғыш заттарды тауып алу мақсатында
маркировка жасау туралы конвенция;
11. 1988 жылғы бомбалық терроризмге қарсы күрес туралы конвенция;
12. 2000 жылғы терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция.
Жоғарыда аттары аталған терроризммен күрестің түрлі аспектілерін қамтитын заңдар, конвенциялар, хаттамалар мен келісімдер негізінде, олардың талаптарын ескере отыра Қазақстан Үкіметі, Парламенті мен арнаулы қауіпсіздік қызметі органдары терроризмге қарсы күрестің ұлттық заңнамасын жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша терроризммен күресте құқық қорғау органдарының әрбір саласының өзінше корпоративтік мүдделері бар. Ішкі істер министрлігі, Президент күзеті қызметі, прокуратура, наркобизнеспен күрес мекемелері, қаржы министрлігі әр мекеме заңнамада өздерінің корпоративтік мүдделерін өткізгісі келеді, іске асырғысы келеді. Мысалы, наркобизнеспен күресушілер наркотиктерді таратушыларды ұстағанда куәгерлер институтының болуын жұмысқа зор бөгет тудырады деп есептесе, сот пен прокуратура куәгерлер болуы қылмыскердің ісін заңды қарауды қамтамасыз етеді», - деп есептейді.
Заңда Қазақстандағы терроризммен күрес мәселесі тікелей халықаралық терроризмге қарсы күрес мәселесімен байланыста екендігі есепке алынған. Себебі: осы уақытқа дейін Қазақстанда ішкі саяси - әлеуметтік ахуалға қатысты терроризм құбылысы болған емес. Қазақстан аумағына келген террористік ниеттегі топтардың қайсысы болмасын шетелдік, немесе халықаралық террористік топтардың өкілдері болып табылады. Сол себепті Заңда бір мемлекеттен көп мемлекеттердің жерінде және мүдделеріне қарсы террористік әрекеттер халықаралық терроризм құбылысы қатарына жатқызылады.
Қазақстандағы терроризммен күрестің негізгі, заңдық тірегі Қазақстан Республикасы Конституциясы болып табылады. Конституцияның елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған конституциялық нормалар террористік әрекеттерге заңдық тосқауылдар негіз бола алады. Мысалы, Ата Заңның 5 бабының 3- ші тармақшасында «Мақсаты немесе іс - әрекеті Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік - топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай - ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
Конституция шетелдік түрлі ұйымдардың, қорлардың, діни басшылықтардың мемлекеттің ішкі ісіне араласуға тыйым салуға ерекше көңіл бөлді. Себебі, терроризм құбылысын Қазақстанда түрлі шетелдік ұйымдар, қорлар, миссиялар астыртын қолдауы, қаржыландыруы, насихаттауы орын алуы мүмкін. Сол себепті Конституцияның 5-ші бабының 5-тармақшасында «шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz