СЭҚ-тарды кедендік саудалық реттеуге қатысатын негізгі ұйымдар


СЭҚ-тарды кедендік саудалық реттеуге қатысатын негізгі ұйымдар
Қазақстан Республикасының сауда - кедендік ұйымдардың қызметіне агғысуы, Қазақстанның халықаралық кеден қауымдастығына қатысуы бірден-бір маңызды каналдары болып табылады.
Сонымен Қазақстан дүниежүзілік Кеден ұйымына 1993 жылы 5 арашадан бастап мүше ретінде қатысып келеді.
Универсалды сауда-кедендік халықаралық ұйымдардың бірі бұл - ГАТТ болып табылады. (Тарифтер және сауда бойынша Бас Келісім) . Қазір бұл дүниежүзілік Сауда ұйымы ( ары қарай ДСұ) .
Біздің ел ГАТТ, ДСұ-ның бақылаушысы болып табылады. Таяуда ел дүниежүзілік Сауда ұйымының толық құқылы қатысушысы болады. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Кеден ұйымының ресми мүшесі болып табылады. Оның бұрынғы аты СТС- Кедендік Қауымдастық Кеңесі.
Халықаралық Кеден нормаларына негізделген Қазақстандық кеден құқығының дамуы және Қазақстаның жаңа халықаралық қауымдастыққа белсене қатысуы-өзара байланысқан және өзара толықтырылған процесстер.
Қазақстан Республикасының кеден кодексіндегі республиканың кеден заңдарындағы барлық жиынтықтарында халықаралық кеден құқығының принциптері бар: ұлттық режим қағидасы алалаушылық; қағидасы; ДСұ-ның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері тең; сыртқы сауданың және кеден саясатының жариялық қағидасы; мемлекеттің сырқы саудасын реттеу ретінде кеден тарифын қолдану қағидасы.
ДСұ, ГАТТ 1947 жылдың қазанында құрылған құқықтық механизмдері мен көптеген сыртқы сауда проблемаларын шешеді. ГАТТ-тың ерекшелігі ол-бір уақытта халықаралық ұйымда, сауда және кеден сұрақтары сферасында халықаралық келісім шарт болып келеді. Қазіргі ДСұ үшін ГАТТ-тың құндылығы мынада: ГАТТ-тың көмегімен құрылған келісуші жақтардың сессиясы түріндегі құрылымдық механизм; өкілеттіктер кеңесі, хатшылықтары, тұрақты және уақытша комиттетер, кеңестер және топтар өзгеріссіз ДСұ-ға қызмет етіп келеді.
ГАТТ ДСұ -ның ұйымдастырушылық - басқару құрылымындағы маңыздысы сауда және даму бойынша Комитет болып табылады. Мұнда сауда жатының сұрақтары қарастырылады, сонымен қатар халықаралық сауданы либерализациялау сұрақтары; ауыл-шаруашылық тауарларының саудасы бойынша комитет осы тауарлардың халықаралық аренадағы сауданы либерализациялау сұрақтарын қарастырады; кедендік - тарифтік саясаттың негізгі сұрақтарын қайта құратын тарифтік жеңілдіктер бойынша комитет; осы ұйымның қатысушыларының арасындағы тұрақты ақпарат алмасуды жақсартатын саудадағы техникалық кедергілер бойынша комитет.
ГАТТ ДСұ-ның субсудиялық және компенсациялық баждар бойынша, антидемпингтік практика бойынша, кедендік бағалау бойынша комитеттері бар.
Қазір ТМД мемлекеттерінің әрқайсысы, соның ішінде Қазақстан ДСұ-ға (ГАТТ) ресми мүшелігін және толық құқылығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалып жатыр. ДСұ-ға кіру үшін Қазақстан сырқы экономикалық қызмет туралы заңдарын өзгерту керек, тарифтік және тарифтік емес реттеу құралдарын ДСұ-ның талаптарына сәйкестендірілуі керек, оның ішінде тарифтік реттеу басымдырақ болуы керек. Бұдан басқа, елдің нарықтық экономикаға көшкендігін нақты көрсету керек және ол кедендік баждардың көлемін көтермелеуге міндеттеледі.
ГАТТ жүйесінде сыртқы экономикалық және кеден проблемаларын шешуде тиімді құқықтық механизмдер қалыптаса бастады. ГАТТ мынадай халықаралық құқықтық қағидалар негізінде қызмет істеп келеді. Олар: өзара
пайда қағидасы; алалаушылық қағидасы; барынша жағдай жасау қағидасы. ДСұ осы қағидалар негізінде қызмет етіп келеді.
ГАТТ-тың ұйымдастыру-басқарушылық құрылымына сауда даму бойынша комитет (Сауда саясаты мәселелері, саудада дамушы елдерге жеңілдіктер ұсыну туралы шешімді жүзеге асырылуына бақылау), тарифтік бойынша комитет (Кедендік тарифтік саясат және оны реттеу), ауылшаруашылық тауарлары саудасы бойынша комитет. ГАТТ-тың органдар жүйесінде ГАТТ-қа қатысушылардың арасындағы жаңа стандарттар мен техникалық регламенттар туралы информация алмасуды жақсартатын, түзететін саудадағы техникалық кедергілер бойынша комитет қызмет атқарған. ГАТТ шеңберінде субсидиялар мен компенсациялық баждар бойынша, кедендік бағалау бойынша комитеттер жұмыс істеген. ГАТТ-тың VII- ші бабына сәйкес кедендік бағалау бойынша комитет кедендік бағалау әдісі бойынша қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңына талдау жасап және кеден құқығы бойынша теримологияны қайта жасап шығарды.
ДСұ (Дүниежүзілік Сауда ұйымы) 1995 жылы 1 қаңтарда ГАТТ- тың негізінде құрылды.
Бұл ұйымның штаб пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан. Негізгі қызметіне мыналар жатады: көпжақты сауда келісім- шарттарын және келісімдерін жүзеге асыру, сауда келіссөздерін жүргізуге көмектесу, сауда дауларын реттеуге көмектесу, әлемдік экономикалық саясатта қайта құру мақсатында бірлесіп басқа да халықаралық ұйымдармен қызметтесуге қатысу. Ұйымның құрылымы: ДСұ-ның жоғарғы органы-министерлер деңгейіндегі юнференция болып табылады. Ол екі жылда бір рет шақырылады. Ағымдағы жұмысты ДСұ-ның Хатшысы жүзеге асырады, ол Бас Директормен басқарылады. Келесі кеңестер мен комитеттер жұмыс істейді:
- Сауда тауарлар бойынша Кеңес;
- Қызмет көрсетулер саудасы бойынша Кеңес;
- Интеллектуалды меншікке құқық аспектілері саудасы бойынша Кеңес;
- Келісімдер мен шарттар бойынша Комитет;
- Сыртқы сауда саясатындағы басқа проблемаларды реттейді, сауда даму бойынша Комитет;
- Қаржы қызметтері бойынша Комитет;
- Даулы сұрақтарды қарастыру бойынша орган;
Ұйым өзінің қызметі негізінде халықаралық кеден сұрақтарын шешуге қатысады. ДСұ-ға қосылу кезінде мемлекеттер кеден баж ставкасын көтермеу керек, бұл баждардың көлемі ұйымға қосылар алдында келісілуі керек. Бұдан басқа ДСұ-на кірген мемлекеттер экспортталатын тауарларға бағаны түсірмеуге міндетті.
ҚР Президентінің "2006 жылғы сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары" туралы халыққа жолдауында көрсетілгендей, үкімет алдында Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру және дайындалу бойынша белсендіру тапсырмасы тұрады.
Ұйымға кіру мемлекетке және қоғамға жан-жақты әсер етеді, орлардың негізгілері:
- әкелу кеден бажының төмендеуі және импортер жақтан келетін күшті бәсеке шарттары бойынша жұмыс істейтін отандық қызмет көрсетуші және тауар өндірушілер мүддесі;
- отандық өндірушілер мен импортерлер бәсекесі нәтижесінде тауарлар қызмет көрсету сапасының жоғарлауынан және бағаның төмендеуінен ұтатын тұтынушылар мүддесі;
- халықаралық келісім- шарттармен бекітілген аймақтық ұйымдар шеңберіндегі екіжақты және көпжақты сауда кооперациялық байланыстар мен міндеттерді қайта қарау күрделі болады;
- мемлекет ролі мен орнының халықаралық еңбек бөлінісі мен кооперациядағы, әлемдік рынокқа шығу жағдайының өзгеруі;
Осылардың барлығы соңғы есепте ортақ нәтижелі баланыстың сәйкестенуі үшін осы жағдайдағы аспектілердің плюсі мен минусы есептелінген мүдделерді сәйкестендіру керектігін білдіреді.
Сол үшін Қазақстан ДСұ-на кірудің объективті өзара байланыстылығын және соның аймақтық экономикалық шеңберінде пайда болатын халықаралық міндеттерді ерекше талдау қажет.
Қазіргі кезеңде Қазақстан ТМД-ның, ЕурАзЭҚ- тың, Орта Азия Ынтымақтастық ұйымының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып табылады.
Осылардың ішінде тек ЕурАзЭҚ қана мүше мемлекеттерінің өзара келісуі арқылы Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруді ұсынады. Кеден одағы және Дүниежүзілік Сауда ұйымы:
Ұйымға кіру туралы өтінішті 1992 жылы - Ресей, 1994 жылы- Белорусия, 1995 жылы - Қазақстан, 1996 жылы - Қырғызстан Республикасы білдірді. Өткен уақыттарда ұйым хатшылығында әрбір елдің сырқы сауда режимі туралы меморандум қарастырылған, сонымен қатар мемлекеттердің үкіметтері ұйымға мүше елдерінің осы меморандум бойынша жіберген сұрақтарына жауаптар кайтарылды. Бірінші "танысу" біткен соң Кеден Одағы елдері келесі "ДСұ-на кіру шарттары туралы" кезеңіне кірісті, ал Қырғыстан ұйым мүшесі болды.
Интеграциялық комитеттің алғашқы инциативаларының бірі - бұл ДСұ-на кіру кезінде Кеден Одағы елдерінің жақындастығы мен координациялануы болды.
Осы елдердің басшылының сараптау кездесуінен кейін 1997 жылы маусымда бірінші құжатқа қол қойды - ол Кеден Одағы туралы келісімі мүше елдерінің ДСұ-на кіру кезіндегі мемлекеттердің халықаралық сауда келісім сөздері туралы хаттама.
Бұл құжатқа сәйкес елдер ДСұ-кіру кезінде, басқа халықаралық сауда және экономиаклық шарттарды әр ел өз алдына жүргізді.
Біртұтастық тек елдердің бір - бірімен келіссөздер жүргізу тактикасы және стратегиясы туралы кеңестер беру, ақпараттар алмасу, келіссөздер жүргізу кезінде пайда болатын проблемаларды шешу туралы тәжірибелер алмасу ғана белгіленген. Осыған сәйкес интеграциялық комитетке осы шараларды жүзеге асыруда координаттар функциясын атқару тапсырылды.
1999-2000 жылдары Ресей қаржы дағдарысын біртіндеп жойып, тұрақты заму алды. Содан кейін өнім өңдеу жылдамдап, ішкі жалпы ұлттық өнім өсім жоғарылады. ДСұ-ның жұмысшы тобымен осы ұйымға кіру туралы келісімдер қайта жанданды.
Қарастырылып жатқан проблеманы өзекті ететін екінші жағдай - бұл 2005 жылы елдер басшылығының халықаралық экономикалық ұйым құжаттарын жобалау және оны Кеден Одағының базасында құру, сонымен қатар ұйымға кірумен байланысты жасалған қызметтерді құжаттау туралы шешімі.
2000 ж қазанда Ресей, Қазақстан, Белорус, Тәжікстан, Қырғыстан Президенттері ЕурАзЭҚ құру туралы келісімге қол қойды.
Мұнда елдердің президенттері белгілегендей ЕурАзЭҚ-ның қызметі бірқатар сыртқы сауда және кеден саясаты тапсырмаларын шешуге және ДСұ-на осы ұйым мүшелерінің бірлесіп, өзара келісу арқылы кіруге бағытталған.
Бұл жағдайлар ДСұ-на кіру туралы проблемаларға мүше мемлекеттерден тағы басқа әдістер талап етеді. Ендігі кезекке осыған байланысты Ресей делегациясы жағынан өзінің сыбайлас мемлекеттерімен тығыз байланысынан бас тартып, ДСұ-ға кіруді тездету туралы уайымын тудырды.
Өзара әрекеттесудің бірнеше варианттары бар:
1. Қазір қолданылып жатқан ДСұ-на кіру туралы шарттар бағыттарын сол күйінде қалдыру;
2. Сол кездегі келісім жүргізуді белгілеуден келісім жасау мен оның негізгі элементтерін унифакциялауға өту. Осы мақсатқа сәйкес функциялармен жасалатын және олардың шешімі унифакциялау кезінде әріптес мемлекеттер үшін міндетті болатын нтеграциялық комитеттегі комиссияға консультативтік кездесулерді трансформациялау керек;
3. Келіссөздер жүргізуді бағыттау механизмінен қатал келісуге және унифакциялауға өту, осы арқылы бірдей бағыт ұсынып ДСұ-на кіру;
4. ДСұ-на кіру перспективаларын қарастыру, яғни ЕурАзЭҚ-тың біртұтас Кеден Одағына мүше елдер ДСұ-на жеке-жеке кіретін болса, онда бірдей бағыт ұстану өте қиын болады. Кеден құрылымы келіссөздер процесстері және олардың біту кезеңіне өтуі, Қырғызстанның ДСұ-на мүше болуы қазіргі кезде осы тапсырманы шешу проблемасы болып табылады.
Жылдың басында ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің үкіметтік делегациясының басшылары консультацияларында мыналар анықталған болатын:
- Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ- қа мүше елдердің әрқайсысы ДСұ- кіру
кезеңдерінің әр сатысында тұрғаны;
- Келіссөздер жүргізу бағыттары информациялардың конфеденциалды
болуына байланысты күрделенгені;
Мүше елдердің үкіметтері ДСұ-на кіру кезінде келесі облыстардағы келіссөздер бағыттарын сәйкестендіруге және унифакциялауға үлкен көңіл бөлулері керек:
- Тауарлар рыногына ену бойынша тарифтік ұсыныстар және кеден баж ставкаларын байланыстырудың соңғы деңгейіне;
- Қызмет көрсету рыногына енуі бойынша Ұсыныстарға;
- Экономика және сауда мәселелері бойынша міндеттер, ең алдымен, табиғи монополия, баға құру, мемлекеттік субсидия, интеллектуалды меншік, саудадағы технологиялық тосқауылдар, кеден процедуралары облысындағы заң базасының өзгертілуіне және оның практикада колданылуына;
- ДСұ алдында қабылданған міндеттердің импелементациялық мерзіміне. Осы үшін ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2002 жылы ақпанда ДСұ-на кіруде жүргізілетін келіссөздерді мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысында талқылау туралы мүше мемлекеттердің басшыларына Ұсынған болатын. Соның ішінде оның айтуынша осы келісулер тиімділігі ЕурАзЭҚ-ның стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыруға әсер етеді, бәрінен бұрын біртұтас СЭҚ тәртібін орнату.
2002 жылы мамырдағы мемлекетаралық кеңестің жыл сайынғы өткізетін комитінде ДСұ- кіру жөніндегі мүше елдердің келіссөздер жүргізуді жетілдіру туралы, сонымен қатар жүйелі түрдегі консультациялар өткізу туралы құжат қабылданды.
Мұнда Ресей Федерациясының ДСұ-на оған кіруші мемлекеттермен шешілетін болды.
Сонымен, жақын уақытта ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер келесі процестерді тиімді жүзеге асыру мүкіндігі жасалатын болады:
- Ортақ тауар, қызмет көрсету және капитал нарығы және оны құрайтын негізгі - біртұтас және кеден саясатын құру; ДСұ- на кіру арқылы дүниежүзілік шаруашылыққа ену.
Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіне және ДСұ-на интеграциясы.
Қазақстанның халықаралық саудаға интеграциясы оның әлемдік экономика жүйесіне енуіне және оның әлемдік шараушылық байланыстарын күшейтуге бағытталған маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кіші көлемді рыногы және әлемдік рынокқа енуді қажет ететін Қазақстан үшін ашық сауда саясатын жүргізу объективті түрде қажет.
Жалпы жағдайда халықаралық саудаға интеграциялану елдерге басқа әріптес елдерге сияқты құқық бере отырып, тұрақты және болжауға болатын сауда ортасында өзінің даму стратегиясын үшін анағұрлым тиімді, мүмкіндіктерді пайдалануға мұмкіндік берді.
Қазақстандағы сауда реформаларын келесідегілерге байланыстыруға болады: ТМД елдерінен біржақты тәуелділікті жою үшін және тұтынушылық таңдауды кеңейту үшін сауда жасауды және бағыттарға қою, әлемдік бағаналарға жақындау үшін Ресей инфрақұрылымын дұрыстау, ірі кәсіпорындардың монопольды басқаруын шектеп, отандық өндірушілерді сыртқы бәсекеге қосу; экономикалық реформалардың тиімділігін арттыратын шетелдің тікелей инвесторларын тарту.
Қазақстан ашық сауда режиміне өту кезінде ДСұ-на кіру бағытын ұстанады. ДСұ-на кіру сыртқы сауда заңдылықтарын, ережелерін және олардың тәжірибеде қолданылуын ДСұ келісімдерінің көпжақты міндеттемелеріне жақындастыруды талап етті.
ДСұ-на мүшелік нәтижесінде қосылушы мемлекеттерден белгілі бір шегіністер жасау талап етіледі. Бұл талап одақтың рыногына шетел
тауарларының көптеп келуіне әсер етеді (мыс, кеден тарифтерін төмендетуден), осыған байланысты ішкі реттеу шараларын қолдануға әжептеуір әсерін тигізеді.
Ал ДСұ-на мүшелік етуден қосылған мемлекет басқа елдер рыногына оңай енуіне мүмкіндік береді.
Сондықтан қосылушы мемлекет келіссөздер жүргізуге дайындық кезінде көпжақты келісімге жан-жақты анализ жасауы қажет, себебі бұл келісімнен шығатын міндеттемелерді қабылдай алатындығы туралы өзінің дайын екенін сыртқы сауда режимінің дайын екені Ұлттық заңымен және статистикалық мәлімдемелермен дәлелденуі тиіс.
Соңғы кезде Қазақстанның тарифтік режимі оның өндірісінің инфрақұрылымының жетілмегенін, ресурстарының жетіспеушілігін және қаржы жүйесінің инфрақұрылымының бітпегенін көрсетеді, ал бұдан көретініміз, жалпы экономикадағы тиімділіктің жетіспеушілігі. Бұлардың барлығы ДСұ келісімі шеңберінде ашықты қатынасты көрсете алмайды. ДСұ құзіретіне жататын қызмет көрсетумен сауда жасау және интеллектуалды меншікті қорғау саласы сияқты жаңа салаларды сыртқы сауда режимінде реттеу заң жағынан негізделген.
Қазақстан үшін күрделі мәселе, ДСұ бойынша әріптестерімен келіссөздер жүргізу кезіндегі шетел тауарлары мен қызмет көрсетулері одақтастықтың рыногына ену туралы проблемаларды шешу болып табылады. Бұл дегеніміз Қазақстан өзіне приоритетті болып табылатын салаларды қорғай алуы, олардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру керек. Берілген тапсырма қиын және күрделі және ол ДСұ-на қосылушы Қазақстанның өзімен шешілуі гаіс. Стагнацияның қиын жағдайында және экономикалық дағдарыстан шығу үшін халық үкіметтен өзінің Ұлттық өндірушілерін қолдау үшін әртүрлі протенционистік шараларды қолдануды талап етеді.
Ашық экономика өзінің қатысушыларына тек әлеуметтік саудада қанша күш салынғанымен тосқауылдарды сақтауда. Саудада ережелердің қайта құрылуы сақталуда. Бәсекелестікті қорғау және тікелей инвестиция саласында толық келісілген ережелер жоқ. ГАТТ-ң құрылуы кезінде сауда тарифтері дамыған елдерде 40% болады. 2005 жылғы болжамдарға қарағанда олар 7 % - төмен болады екен. Бұл цифр сауданың еркіндегенін көрсетеді. Алайда, кейбір дамыған елдерде өнімдердің жекелеген түріне деген жоғары тарифтер сақталуда.
Қазақстанның ДСұ-на кіруінің ұйымдастырушылық процедурасынан басқа бірқатар қарама-қайшылықты, өзінде құрымдылық, инфрақұрылым артта қалушылықты бірқатар геозоляционизмдік қиындықтар бар. Постсоциалистік Орталық және Шығыс Еуропа елдері шекарасы Батыс Еуропаға жақын.
Олардың дәстүрлі квалификациялық жұмыс күші бола тұра олар Еуразиялық Одақ және ТМД арасындағы кең жәэне континент аралық еркін сауда аймағы -бұл алыстағы перспективті іс болып табылады. Қазақстанның дамыған және дамушы елдермен сауда байланысы аймақтық және субаймақтық одақтар мен сауда аймақтарына ТМД-ң кіруін қолдаумен қатар жүреді. Бұл үшін бұрын тұрып қалған республика аралық еңбек бөлінісін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды өңдеуді әлеуметтік тереңдету арқылы ауыстыруды қамтамасыз ету керек. Тек осы жолдармен ғана қысқа және орта мерзім ішінде Кеден Одағы шеңберінде ТМД және Орта Азия елдері мен ДСұ шеңберіндегі Ұзақ уақытты және стратегиялық бүкіәлемдік сауда ынтымақтастығы тенденциясы ТМД-ға бағытталу проблемаларын шешуге болады.
Қазақсанның ДСұ-на кіруі туралы мәртебесін таңдауы:
Практикада ДСұ-на кіруші мемлекеттер үшін 2 түрлі мәртебе алу көзделген: дамушы елдер мэртебесі және өтпелі кезең режимі мәртебесі. Елдердің көбі, соның қатарында постсоциалистік Ресей, Қытай, Қазақстан елдері ДСұ-на кіру кезіндегі дамушы ел мәртебесін және ол үшін елеулі жұмыстар атқарды.
ДСұ-ның кейбір ережелері мен қағидаларынан бөлек өзіне тиімді жақтарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл төлем балансын орнату үшін импортқа уақытша шектеулер қою, сонымен қатар жаңа сала құру үшін немесе барынша дамыту үшін шектеулер қою шараларын іске асыруды білдіреді.
ДСұ мүшелері өтпелі кезең мәртебесін алған елдерге көп көңіл бөлінеді. ДКұ (Дүниежүзілік Кеден ұйымы) 1945 жылы 12 қыркүйек, тарифтер және Сауда бойынша Бас келісім (ГАТТ) қағидалары негізінде Еуропалық кеден одағын құру мүмкіндігін зерттеу бойынша зерттеу тобын құруға 13 үкімет келісімін берді. Келесі 1948 жылы зерттеу тобы өзінің Брюссельде Бас өкілеттілігін орналастыру туралы Бенилюкс елдерінен ұсынысты қабылдап, екі комитетті құрды. Экономикалық Комитет және Кедендік Комитет. Сол уақытта қызмет етіп келген экономикалық комитет экономикалық қауымдастықтың және даму бойынша ұйыммен тоқтатылған еді, Кеден Комитетіне 140 мемлекет мүше үкіметаралық ұйым негізінде Кеден Бірлестік Кеңесі болды.
ДКұ- мы құрылымы бойынша келесі органдардан тұрады: Кеңес, Кеден
саясаты бойынша комиссия, қаржы комитеті.
Кеңесте үйлестірілген жүйе бойынша комитет Номенклатура бойынша
комитеті. Кеңесте үйлестірілген жүйе бойынша комитет, Номенклатура бойынша комитет, ғылымдық подкомитет. Кеден саясаты бойынша комиссия
және ондағы - Тұрақты техникалық Комитет, мәжбүрлеу комитеті, 1972 жылғы контейнерлер бойынша кедендік конвенцияны басқару бойынша комитет кедендік ұйымдастыру мақсатында көмектеседі. Қаржылық комитет - кедендік квалификация бойынша техникалық комитетпен, кедендік бағалау бойынша комитетпен, консультациялық ақыл үйрету тобымен бақыланады. ДКұ-ның құрамында контрабандаға қарсы күрес бойынша комитет.
Конвенцияның мәліметтеріне сәйкес кеңестің қызметіне:
- Кеден ішіндегі бірлестікке қатысты барлық сұрақтарды зерттеу;
- Кеден режимдерінің біржақтылығын және үйлестірілімінің ең жоғарғы деңгейіне жету мақсатында кедендік жүйенің техникалық аспектілерін зерттеу;
- Қызығушылық білдірген үкіметтерге ұсынысты қабылдау үшін конвенция жобасын және түзетулерді жасау;
- Конвенцияны талқылау, қолдану және осындай конвенцияларды нақты белгіленген функцияларды жүзеге асырудың бірегей формасын бекіту үшін ұсынысты дайындау;
- Конвенцияны қолдану және талқылау сұрақтары бойынша мәселелерді шешу үшін үсынысты дайындау;
- Кеден процедурасына қатысты ақпаратты тарату;
- Қызығушылық білдірген үкіметтерге, өздерінің инициативасы бойынша немесе сұрау бойынша кеден ісі, СТС-ның жасалуындағы конвенцияның бас жоспарына қатысы бар сұрақтар бойынша мәліметтер беру;
- Оның құзіреттілігі шеңберінде басқа Үкіметаралық ұйымдармен ынтымақтастықты қамсыздандыру.
Қазіргі таңда бұл функцияларды ДСұ жүзеге асырады.
Жарғылық сессия 1953 жылы 26 қаңтарда Брюссельде және онда
■
Австрия, Белгия, Дания, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, ІШвецария, Туркия және ұлыбритания өкілдерінің қатысуымен өтті. 30 жыл өткен соң 1983 жылы 26 қаңтарда, бүкіл Дүниежүзілік Кеден қызметкерлері тойлайтын халықаралық кеден күні болып жарияланады.
ДКұ кеңесі маусым айында жылына бір рет әдетте Брюссельде
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz