ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖАЙЫНДА


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

10 ӘРІС. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

10. 1. Халықаралық экономикалық интеграцияның объективі негіздері және мәні
10. 2. Сауда-экономикалық одақтардың түрлері
10. 3. ТМД елдерінің экономикалық одағы

10. 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ОБЪЕКТИВІ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ МӘНЕ
Қазіргі кезде әлемдік кеңістікте екі тенденция көрініс алған, атап айтқанда:
• Біріншіден, әлемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғалымдық сипатының күшеюі;
• Екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы.
Жалпы алғанда «интеграция» терминін латын тілінен аударағанда, «бөліктердің бір бүтінге айналуы» деген мағынаны береді.
Халықаралық экономикалық интеграция дегеніміз- экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесіне енуі.
Бұл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдылық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.
Халықаралық экономикалық интеграция (ХЭИ) шаруашылық өмірдің процесінде ерекше кезең болып табылады.
ХЭИ- бұл біртекті, іштей тұтасқан бірнеше елдерден тұратын шаруашылық организмнің құрылу процесі.
Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол байланысқан, яғни өндірітің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интерграцияның алғы шарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.
Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, соларды атап өтейік:
• Ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
• өндіріс, ғылым және техникадағы халықаралық специализация мен кооперацияның кең түрде дамуы;
• интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы терендетілген құрылымдылық өзгерістер;
• интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
• интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.
Интеграциялық процесс бүтін жүйенің жекелеген салаларын қамтиды: өндіріс, айналым (тауар, қызмет, капитал, ақша массасы, бағалы қағаз және т. б) шешім қабылдау сферасы (фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар. )
Интеграцияның алғы щарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жаңдайында экономикалардың өте терең түрде өзара енуі және тұтасуы көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынына жетуге болады.
Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулердеөте тиімді мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге, ол өндірістің белгілі түрлерін немесе ғылыми зерттеулерді дамыту мақсатында интеграцияланушы елдердің ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді.
Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жоғарлату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.
• Біріншіден, тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның болуы;
• Екіншіден, үкімет орындары тарапынан, белгілі экономикалық және саяси шешімдердің қабылдануы.
Интеграцияланушы шаруашылықтардың бір-бірін өзара толықтыруы олардың экономикалық дамуына да байланысты, бұл кезде даму деңгейлері бірдей, ең алдымен өндіріс дамыған елдер тез арада интеграцияланады.
Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.
Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.
Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шетаймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байбайланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, өте қарқынды түрде жүріп жатыр.
Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе саяси жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұрғысын қарастырылады:
• Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстардың кездейсоқ дамуымен теңестіріледі;
• Екіншіден, интеграцияның барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.
Жалпы алғанда, бұл реттеуші және нарықтық бастамалардың, халықаралық интеграция барысындағы саясат пен экономиканың арақатнасы жөніндегі сұрақтар.
Шын мәнінде, нарықтық типтегі шаруашылығы бар елдердің интеграциясы кездейсоқ, өздігінен пайда болатын өзгеріс деп қарастыруға болмайда, өйткені ұлттық экономикалардың өзара бейімділуі сыртқы экономикалық сфераға мемлекеттің араласуынсыз мүмкін емес.
Қазіргі таңда бір-бірін өзара толықтырып және тығыз байланыстыра отырып, интеграцияның барысы екі түрде қарастырылады:
• Біріншіден, жеке меншік-корпорациялық интеграция (фирмалық, микроэкономикалық интеграция)
• Екіншіден, мемлекеттік және мемлекеттік-корпорациялық интеграция (елдер аралық: макроэкономикалық деңгейдегі интеграция)
Бұл екі интеграция кей жағдайларда қатар жүреді. Осы жағдайларда өзара экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді күшейту тенденциясы көрініс алады.
Жеке меншік- корпорациялық интеграцияның мемлекетаралық интеграциямен толықтырылуы, мемлекетаралық бірлестіктердің қалыптасуы елеулі түрде саяси сипаттағы себептердің әсеріне тәуелді болып отыр.
Батыс Еуропадағы мемлекетаралық интеграцияның дамуы осы аймақтың соғыстан кейінгі дәуірдегі саяси дамуының ерекшеліктерімен байланысқан.
Жалпы алғанда, алдыңғы қатарлы дамыған державалар үшін интеграция олардың өндіргіш күштерінің дамуының қол жеткен жоғары деңгейнің функциясы ретінде, ал үшінші дүние елдеріне қатысты айтар болсақ, олар үшін интеграция индустрализацияны жүргізуді жеңілдету құралы ретінде қолданылады.
Нақты түрде айтар болсақ:
• Экономикалық даму қарқынын жеделдету;
• Шаруалылықтың тиімді құрылымын құру;
• Бұрынғы метрополияларға тәуелділікті жою;
• Халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі бағыныштылық жағдайда өзгерту.
Бірақ та дамушы елдердің экономикалық интеграциясы өте баяу жүруде. Оның жүзеге асырылуы көптеген себептерге байланысты алға жүрмей отыр.
Енді сол себептерді атап өтейік:
• әрбір жекелеген елдің экономикасының ішкі ерекшеліктері;
• интеграцияланушы елдердің өзара байланысының сипаты;
• ішкі сипаттағы себептер.

10. 2. САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жоғырада атап өткеніміздей, интеграциялық процестердің дамуы олардың белгілі бір құқықтық негізде бекітілуін талап етеді. Басқаша айтқанда, елдер сауда-экономикалық одақтарды құру жөнінде келісім жасайды.
Мұндай одақтардың негізгі түрлерін атап өтейік:
- еркін сауда аймағы;
- кедендік одақ;
- ортақ нарық;
- экономикалық одақ;
- толық экономикалық интеграция.
Аталған одақ түрлерінің әрқайсысына толық сипаттама берейік.
Еркін сауда аймағы.
Еркін сауда аймағы дегеніміз келісімнің бір түрі, яғни оған қатысушылар кедендік тариф мен квоталарды өзара алып тастау жөнінде келіседі. Сонымен бірге еркін сауда аймағының әрбір қатысушысы үшін елге қатысты өзіндік саясатты жүргізуге құқығы бар.
Кедендік одақ.
Бұл одақтың және сауда аймағының арасындағы негізгі ерекшелік мынада: яғни қатысушы мемлекеттер өзара сауда кезінде тарифтер мен квоталарды алып тастаумен ғана қоймай, сонымен бірге үшінші елдерге біртұтас квоталар мен тарифтерді белгілейді.
Кедендік одақ сауда-экономикалық одақтың қисынды түрде аяқталған формасы болып табылады.
Ол халықаралық сауда сферасымен шектеле отырып интеграциялық топтамалардың күрделі формаларына көшуді қажет етеді.
Ортақ нарық.
Сауда-экономикалық одақтың тұл түрі қатысушы елдер арасында өндірістің барлық сфераларының еркін қозғалуына әсер ететін барлық кедергілерді жоюды көздейді.
Өндіріс факторларының белгілі бір топ ішінде еркін қозғалуға мыналардың болуына ықпал етеді:
- жиынтық ресурстардың өте рационалды пайдалануына;
- еңбек бөлінісі мен өндіріс специализациясының дамуына;
- өндірістік құрылымдардың оптимизациясын және т. б.
Сонымен бірге ортақ нарыққа кіруші мемлекеттредің жүргізіп отырған экономикалық саясаттарындағы айырмашылықтар (осы аталғандардың толық жүзеге асуына) кедергі жасап отыр.
Экономикалық одақ.
Бұл форма қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты арқылы жоғарыда атап өтілген қарама-қайшылықты жоюға ықпал етеді.
Мынаған көңіл аудара кетейік, яғни экономикалық саясатты келісу процесі белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, ол өзіндік логика шеңберінің тығыз байланысуын талап етеді.
Бұл процесс сауда-экономикалық одақтың кешенді және күрделі формасы, атап айтқанда толық экономикалық интеграция шеңберінде өзінің белгілі бір логикалық аяқталуы.
Толық экономикалық интеграция.
Бұл жағдайда келісім процесі жөніндегі мәселе ғана емес, сонымен бірге іс жүзіндегі біртұтас экономикалық саясатты жүргізу мәселесі қарастырылады. Ол қатысушы елдердің шаруашылық субъектілерінің қызмет етуінің заңдылық базасын унификациялауды талап етеді.
Бұл кездегі ең негізгі шарттарды атап өтейік:
- ортақ салық саясаты, яғни топқа кіруші барлық елдерде бірдей немесе ұқсас салық ставкалары болады;
- біртұтас стандарттар, мысалы: азық-түлік өнімдеріне арналған консерванттар, пайдаланылған газдың улылығына қойылған талаптар, құрал-жабдықтардың өлшемі және т. б. ;
- техника қауіпсіздігінің біртұтас ережелері;
- біртұтас еңбек заңдылығы, яғни жұмысқа қабылдау мен одан шығарудың ережелері, біртұтас зейнеттік жас;
- кәсіподақ ұйымдары мен оның мүшелері құқығына қойылған біртұтас талаптар;
- біртұтас монополияға қарсы күрес заңдылығы және оны қолданудың біртұтас тәжірибесі;
- жаңа фирмаларды құру мен тіркеудің жаңа ережелері.
Толық экономикалық интеграция формасындағы сауда-экономикалық одақтың маңызды компоненті- бұл монетарлық саясаттың унификациясы. Ол біртұтас орталық банкі және де валюталық біртұтас аймақтың валюталық жүйесі бар валюта одағын құруға септігін тигізеді.
Сонымен бірег, ұлттық шаруашылық субъектілеріне қатысты ( сәйкес үкіметтік органдардың) протекционизм және преференцияның кез келген формасынан бас тарту жөніндегі шешімдері қабылданды.
Атап айтқанда, тауарлар мен қызметтердің ірі тапсырыс берушісі бола отырып, толық экономикалық интеграция шеңберінде мемлекет сәйкес келісім-шарттарды бекіту кезінде отандық фирмаларды таңдауға құқығы жоқ, бірақ ол келісім-шарттың өте тиімді шарттарын ұсынатын компанияны таңдауға міндетті.
Сауда-экономикалық одақтың әр түрлі типтерінің сипаттамасы төмендегі кестеде көрсетілген.

:
Одақ ішіндегі еркін сауда: Одақ ішіндегі еркін сауда
Үшінші елдерге қатысты біртұтас тарифтер мен квоталар: Үшінші елдерге қатысты біртұтас тарифтер мен квоталар
Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы: Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы
Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты: Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты
Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты: Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты
: Еркін сауда аймағы
Одақ ішіндегі еркін сауда: х
Үшінші елдерге қатысты біртұтас тарифтер мен квоталар: -
Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы: -
Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты: -
Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты: -
: Кедендік одақ
Одақ ішіндегі еркін сауда: х
Үшінші елдерге қатысты біртұтас тарифтер мен квоталар: х
Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы: -
Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты: -
Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты: -
: Ортақ нарық
Одақ ішіндегі еркін сауда: х
Үшінші елдерге қатысты біртұтас тарифтер мен квоталар: х
Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы: х
Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты: -
Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты: -
: Экономикалық одақ
Одақ ішіндегі еркін сауда: х
Үшінші елдерге қатысты біртұтас тарифтер мен квоталар: х
Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы: х
Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты: х
Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты: -
: Толық экономикалық интеграция
Одақ ішіндегі еркін сауда: х
Үшінші елдерге қатысты біртұтас тарифтер мен квоталар: х
Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы: х
Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты: х
Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты: х

10. 3. ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҒЫ
ТМД шеңберіндегі ортақ экономикалық кеңістіктің құрылу перспективасы 1994 жылдың сәуір айында өткен ТМД елдерінің экономикалық одағы жөніндегі келісімді белгіленеді. Бұл келісімнің көптеген шарттары мынаны дәлелдейді, яғни оның авторлары интеграцияның Батыс Еуропалық ториясы мен тәжірибесіне сүйенген. Экономикалық одақ интеграциясының және координациялық іс-әрекеттердіңтерңдеуі арқылы құрылады.
Осы арналған іс-әрекеттер төрт кезеңнен тұрады:

  • Еркін сауданың мемлекетаралық (көпжақты) ассоциациясы;
  • Кедендік одақ;
  • Тауарлар мен қызметтер, капиталдар және жұмысшы күшінің ортақ нарығы;
  • Валюталық (ақшалай) одақ.

Біртұтас ұлттық емес валютаға көшу немесе ұлттық валюталардың толық конвертирленуіне дейінгі кезеңде Төлем одағын құру көзделген. әзірше бұл келісімнің нақты мазмұны мен толықтырылуы өте баяу жүреді.
Еркін сауда ассоциясы және оның жоғары органы- Кедендік одақ- кейбір жекелеген бағыттарда ғана қалыптасып жатыр.
ТМД көлеміндегі ішкі тарифтік бөгеттер әлі де болса алынған жоқ, өте манызды тауарларға, әсіресе энергия тасымалдаушы, шикізат және азық-түліктің кейбір түрлеріне белгіленген квоталар әлі дә өз күшінде; біртұтас кедендік тарифтер жөнінде және үшінші елдерге қатысты ортақ саясат жүргізу жөнінде ТМД-ның көптеген мемлекеттері ойланып та жатқан жоқ.
Елдер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуының ұлғая түсуі, жұмысшы күшінің және капиталдың еркін миграциялануы жөніндегі айтар болсақ, бұлардың екеуіне де әкімшілік тыиым салулар өз кедергісін тигізуде.
1994 жылдың қазанында Одақтық мемлекетаралық экономикалық Комитет (МЭК) құрылды. Осы МЭК Достастықтың ұйымдастырушылық құрылымын бекітуі тиіс, сонымен бірге интеграция мен оның механизмдерін тереңдету жолдарын жасауға негізгі күш-әрекеттерді бағыттауы тиіс.
ТМД елдерінің Кедендік Одағын құрудың бірінші кезеңі ретінде еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісім жасалады.
Мемлекетаралық экономикалық одақтың құрылғанына 3-ақ жыл уақыт болса да біраз қорытындылар жасауға болады. Осы қысқа мерзім ішінде экономикалық одақтың тұрақты қызмет ететін координациялаушы және атқарушы органдарын құру барысында тәжірибелік жұмыстар кеңінен жүргізілді. Комитеттін жоғары органы, яғни үкімет басшылары орынбасыларынан құрылған президиум, сонымен бірге экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің өкілетті өкілдерінең тұратын МЭК коллегиясы құрылды.
МЭК-тің қызмет етуінің алғашқы қадамдарынан бастап алға қойылған негізгі мәселелерге мыналар жатады.

  • Достық мемлекеттерінің Экономикалық Одағының құрылуы және тиімді қызмет етуі проблемаларының шешу;
  • Мемлекет басшылары және ТМД-нің үкімет басшылары Кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Кеңестік жүйеден кейінгі кеңістіктегі интеграция мәселесі
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
Экономикалық интеграцияның алғышарттары
Еуразия идеясы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz