ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СИПАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1 ДӘРІС. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СИПАТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1. 1. Халықаралық экономика пәні
1. 2. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы
1. 3. Халықаралық экономика дамуының сипаты мен ерекшеліктері

1. 1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ПӘНІ

Х алықаралық экономика тауарлардың халықаралық айырбасы, өндіріс факторлардың қозғалысы және мемлекеттің халықаралық саясатын қалыптастыру саласындағы әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері қарым-қатынасының заңдылықтарын зерттейтін нарықтық экономика теориясының бөлігі.
Халықаралық пәніне кіретін:

  • шаруашылықты ұйымдастыру нарықтың жүйесінің халықаралық масштабында дамуының заңдылықтары;
  • халықаралық айналымдағы тауарлармен өндіріс факторларының ұсыныс пен сұраныстың қалыптасуының заңдлықтары;
  • ашық ұлттық экономикаға анализ жасау құралдары;
  • халықаралық қаржы нарықтарымен қаржы механизмдері дамуының тенденциялары;
  • халықаралық экономиканы реттеудің институционалдық құрылымы, оның қалыптасу заңдылықтары, даму тенденциялары және жетілдіру жолдары.

Әртүрлі ұлттық экономикалардың жиынтығы тауарлар, қызмет көрсету және факторларының қозғалысымен сипатталады. Осының негізінде мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қатынастар, яғни әртүрлі елдер арасында шаруашылық байланыстар пайда болады.
Халықаралық экономикалық қатынастар - дүниежүзілік шаруашылығындағы мемлекеттермен олардың байлықтың құрылымдары және жекелеген кәсіпорындар арасындағы қарама-қарсы сипаттағы экономикалық қатынастар кешенінен тұрады.
Халықаралық экономиканың нысандары:
1. халықаралық еңбек бөлінісі.
2. тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы.
3. капитал мен шетел инвестицияларының халықаралық қозғалысы.
4. жұмыс күшінің халықаралық миграциясы.
5. халықаралық валюта-қаржылық және несиелік қарым-қатынастар

  • халықаралық экономикалық интеграция.

Халықаралық экономика тарихи және саяси - экономикалық категория болып табылады, өйткені әрбір тарихи кезеңге өндірістің нақты деңгейі мен масштабтары, шаруашылық өмірдің және әлеуметтік - экономикалық құрылым тән.
Халықаралық экономика халықаралық микроэкономика және халықаралық макроэкономика болып екіге бөлінеді.
Халықаралық микроэкономика - елдер арасындағы нақты тауарлар мен өндіріс факторларының қозғалысы жәәне сонымен қатар олардың нарықтық сипаттамаларының заңдылықтарын зерттейтін халықаралық экономика теориясының бөлігі.

1. 2. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазіргі уақыттағы дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономикалық объективті заңдылықтарына бағынатын үлкен экономикалық жүйе, сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланыстағы ұлттық экономикалық бірлестігі.
Өзінің дамуымен қалыптасуы барысында дүниежүзілік шаруашылқ ұзақ та қиын жол өтті. кейбір зертеушілер дүниежүзілік шаруашылық жүйе ретінде қарастырып, оның пайда болуын Рим империясы дәуіріне жатқызады басқа зерттеушілер дүниежүзілік шаруашылық XV-XVI ғ. ғ. ашылған географиялық жаңалықтар кезеңінен бастайды. Осы жаңалықтардан арқасында елдер араснда асыл тастармен, металлдармен, құлдармен халықаралық сауда жедел дами бастады. Бірақ бұл кезеңдердегі дүниежүзілік шаруашлық едәуір шектеулі болған.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың соңындағы өндірістік төңкеріліс кейін капитализмнің монополиялық сатыға ұласуы барысында пайда болады.
Көптеген қарама-қайшылықтарды және көпжоспарлы тенденциялрды сақтай отырып, XXI ғасырға бағытталған дүниежүзілік шаруашылық XX ғасырдың ортасындағы дүниежүзілік шаруашылыққа қарағанда неғұрлым тұтас өзара байланысқан және динамикалық сипатқа ие.
XX ғасырда дүниежүзілік шаруашылықта тұрақсыздық орын алды. Бұл көптеген империалистік экономикасы дамыған және дамушы елдер арасындағы өткір қарама-қайшылықтардың әсерінен болған.
XX ғасырдың ортасында дүниежүзілік шаруашылық әлемдік капиталистік және әлемдік социалистік болып екіге бөлінді. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде капиталистік шаруашылық басым позицияларда болды. 60 жылдардан бастап дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер де кіре бастады. 70 жылдар ортасында оңтүстік-шығыс азияның жаңа индустриалды елдері және латын америка елдері едәуір жетістіктерге қол жеткізе алды.
КСРО-ның ыдырауынан кейін және шығыс европаның революциялық өзгерістердің нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылық тұтас құрылымдық сипаттарға ие болды.
Қазіргі әлемдік шаруашылық -бұл нарықтың объективті заңдарына бағынатын, бір-біріне тәуелді және тығыз қарым-қатынастағы ұлттық экономикалар жиынтығы. Әлемдік экономика мен онң ұлттық шаруашылықтары дамуында бірнеше кезеңдерді айырады.
Қазіргі әлемдік шаруашылық дамуын үш негізгі кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең. XX ғ. 20-50 жылдары, әлемдік шаруашылық дамуындағы кризистік құбылыстармен сипатталады: бірінші дүниежүзілік соғыс және ресейдегі қазан революциясы. 1917 жылы көтеріліскапитализмге альтернатива құрды. КСРО-ның құрған экономикалық блокадасы батыс елдерімен бұрынғы қатынастарды шалғастыруға мүмкіндік бермеді. 20 ж. аяғы мен 30 ж. бағындағы экономикалық тапшылық (Ұлы депрессия) дамыған елдердегі өндірістің төмендеуіне әсер етті. Ұлы депрессия. 1929-1932 ж. ж. АҚШ-та жалпы өнім 28%; өндіріс 44, 2%; Францияда 11% және 25%; Германияда 15, 8% және 40, 8%; Британияда 5, 1% және 11, 4%-ға төмендеді.
Экономикалық тапшылық әлемдік шаруашылықтағы экспорттың жалпы төмендеуіне әкеліп соқты, өндірістің ұлттық сфераларының мәнін күшейтті.
Екінші кезең. XX ғ. 50-80 жылдар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік шаруашылық құрылуымен байланысты әлемдік экономиканың жаңа даму кезеңі басталды. Әлемдік шаруашылық екіге бөлінді: капиталистік және социалистік шаруашылық. Әлемдік социалистік шаруашылықтың жабық болғанына қарамастан социалистік және капиталистік елдердің экономикалық қажеттіліктері сыртқы экономикалық қатынастарды жалғастыруға мәжбүр етті. Олар тек қана материалдық техникалық мәнде болды. Қарым - қатынас күрделі және қарама - қайшы сипатта болды. 60 ж. колониалды жүйе құлдырағаннан кейін, көптеген дамушы елдер пайда болды.
Әлемдік шаруашылық дамуының екінші кезеңі кәсіпкерлік капиталдың әлемдік капиталистік экономикада шығарудың қарқынды өсу жағдайында өтті.
Үшінші кезең. XX ғ-дың 90 -шы жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейін. Өткен жүзжылдықтың соңғы он жылын әлемдік экономиканың дамуының жаңа кезеңінің басы деуге болады. Социалистік жүйенің құлдырауы, постсоциалистік елдердің құрылуына әкеліп соқты. Олар қазір дамудың өтпелі кезеңін өтіп жатыр, экономикалық, әлеуметтік және саяси қатынастарды қайта қалпына келтіруде. Өзінің принциптері мен механизмдері бар нарықтық экономиканың қалыптасу процессі өтпелі кезеңнің жалпы заңдылығы болып табылады.

1. 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТРАНЗИТТІК (ӨТПЕЛІ) ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Экономикалық жүйелердің мінездемесі мен оның ерекшеліктері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
Инвестициялық жобаның өмірлік циклі
Еркін сауда аймақтары
Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz