Халық емдері


Кірпінің өті көп ауруға ем көрінеді
Кірпінің өтін жарты литр суда қайнатып, суытып, күніне таңертең, кешке бір ас қасықтан ішіп жүрсе талма ауруын жоғалтады. Ал қанын ыстықтай бетке сүртсе сепкіл мен қара дақты кетіреді. Бойына шыр бітпей жүрген адам оның етін пісіріп жесе семіреді. Ол сондай-ақ өкпе туберкулезіне ем.
Қалтылдақ ауруын жазудың жолы бар
Қоянның қанын жылыдай бетке түскен секпіл мен қара даққа жақса із де қалдырмайды. Етін пісіріп жесе, өкпе ауруына шипа. Қалтылдақ ауруына ұшыраған адам қоянның миын пісіріп жеп жүрсе сырқатынан тез сауығуына көмектеседі. Қоянның ішкі майын жас баланың ала-құла шыққан тісінің қызыл етіне үйкеп, ауық-ауық жағып отырса бала тісі біркелкі болып тез өседі. Ал қоянның сыпырып алған жас терісін бала көтермей жүрген әйел 2-3 сағат беліне тартып байлап жүрсе ұрық жүретін жолдардың қабынуын жазады.
Құмырсқа тұнбасын жасап көріңіз
Құмырсқа тұнбасын суықтағанда, тұмауратқанда, ревматизммен ауырғанда терлеу үшін пайдаланады. Оны дайындау да өте оңай. Бөтелкеге жартысына келетіндей етіп құмырсқа саласыз. Үстінен толтыра спирт құясыз. Арақ болса да болады. Оны бірнеше күнге жылы жерге қоясыз. Бұл тұнбаны күніне үш мезгіл 20-60 тамшыдан ішіп тұру керек. Немесе осы тұнбаға дәкені батырып алып, ауырған жерге басуға болады.
Жыланның етін қалай дайындайды?
Жылан етінің адам денсаулығын нығайтуда пайдасы зор екенін білеміз. Осы мақсатта кейбіреулер жаз шыға жылан етінен сорпа дайындап, ішіп те жатады. Терлеп-тепшіп ішкен осы тамақ ағзаны суықтан арылтып, буын ауруларынан, басқа да сырқаттардан арылтатын көрінеді. Дегенмен жылан етінің қаншалықты пайдасы бар және оны қалай дайындау керектігін білмейтіндер де бар.
Жылан етінің қаншалықты пайдалы екенін Қытай, Тайланд, Сингапур, Малайзия, Филиппиндіктер жақсы біледі. Олар емдік мақсатта арнайы жылан фермасын ұстайтын көрінеді. Ал жақында француздықтар жылан етінің обыр (рак) ауруына да таптырмас ем екенін анықтапты. Ол үшін жылан етін жүгері майына қуыру керек екен.
Сонымен, француз емшілерінің айтуынша, кесілген жылан етін табаға салып, жүгері майына әбден шыжғырып қуырады. Содан кейін ауру адамға қуырылған жылан етін бес күн қатарынан түс мезгілінде аш қарынға жегізіп отыру керек. Емделетін адамға жылан етіне дейін нәр татқызбаған жөн. Қуырылған жыланды жеп болған соң екі сағаттан кейін ғана ет пен жұмыртқадан басқасын жегізеді.
Жылан еті адам ағзасын жақсы тазалайды екен. Бірінші аптада бес күн қатарынан, содан кейін жеті күн үзіліс жасап, осы ережеге қайта кірісу керек. Адамды обыр ауруынан толық айықтыру үшін бұл ережені төрт рет қайталаған жөн.
Француздардың бұл емін қазір Қытай мен Сингапур сынақтан өткізіп жатқан көрінеді. Нәтижесі көп ұзамай белгілі болып қалады.
«Халық емдері»
*Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
ПИЯЗ БАУЫР МЕН ӨТ ЖОЛДАРЫНА ЕМ
Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің көру қуаты артады.
УКРОП ҰРЫҒЫ СҮТ МӨЛШЕРІН КӨБЕЙТЕДІ
Бала емізіп жүрген әйелдің сүті азайса, укроптың ұрығын қайнаған суға салса, суыңқыраған соң шекер салып ішсе, сүт көбейеді.
ПИОН ГҮЛІ ҚОЯНШЫҚ АУРУЫН ЖАЗАДЫ
Пион гүлінің жапырағын кептіріп, араққа салып қойып экстракт дайындап ішсеңіз, қояншық ауруына ем екен
Азықтық заттар ұқсас болмағандықтан, олардың дәмдері де әртүрлі болады. Сондықтан олардың рөлі де түрліше болады. Халқымыз тарихи тәжірибелерімен азықтық дәмнің рө-лін төмендегідей жинақтаған.
Ашты дәмді азықтықтар: қан жүргізу, суықты айдау, денені жылыту, жел тарату рөліне ие. Мысалы: жем-жеміл, усарымсақ, қызыл бұрыш, тау сарымсағы, қара бұрыш қатарлылар. Жем-жеміл суық тарқатып, суықтан болған тұмауды емдейді. Аскөк желбөртпе және қызылша ауруын емдейді. Қара бұрыш асқазандағы суықты тарқатып, асқазанның суықтан бол-ған ауруын емдейді.
Тәтті дәмді азықтықтар: адамның дене қуатын күшейтіп, шұғыл түрдегі шаншу, бұлшық еттердің тыртысып түйілуін тарқатады, әрі азықтықтықтардың дәмін теңшеу рөлі бар. Мысалы: тұт ағаш жемісі қан толтырып, денені қуаттанды-рады. Жүзім қанды нәрлендіріп, сіңір сүйектерді бекемдейді. Бал өкпені нәрлендіріп, ішекті майдалап әлсіздіктен айықты-рады. Әрі әртүрлі дәмдерді теңшейді. Жүрек аурулыры мен іш ауруларына ем болады.
Қышқыл дәмді азықтықтар: анар, қара өрік ішекті тұтқыр-ландырып қуырады. Ішті қатырады. Долана жемісі іш уытын тиып, ішекті майдалайды, жөтелді басады. Шабдалы әлсіздік терінен айықтырып, адамды сергітеді. Ақшұғынық қанды қуаттандырып, йіңді қуырады. Бауырды жұмсартып, ауырғанын басады, етеккірді қалыпқа келтіреді.
Кермек дәмді азықтықтар: уытты қайтарып, ыстықты ба-сады. Өкпе, жүрек, бүйректегі ыстықты қайтарады. Дымқыл-дықты құрғатып, жалынды қайтарады. Мысалы: балдыркөк - ішті тиып, бауырдың ыстығын қайтарып, бастың ауруымен бас айланып, жүрек лоблын емдейді. Қант қызылшасы - ыстықты басып, уытты қайтарады. Онымен балалардағы жел бөрткен, қарамық, қызылша ауруын емдейді. Иісті үйеңкі - дымқылдықты құрғатып, асқазанды жақсылап, дизентерияны емдеуге қолданылады.
Сор дәмді азықтықтар: денені жұмсартып, түйіндерді шешеді. Денені майдалап, ішекті дымқылдатып, ішті жүргізеді. Мысалы: теңіз құрағы - денені жұмсартып, қақырықты түсіреді. Қалқаншабез ісігіне ем болады. Кептердің еті бүйректі қу-аттандырады әрі диабет(қантты несеп) ауруын емдеп, шөлді басып, дем сығылып, қуатсызданудың алдын алады. Жоғары-дағы әртүрлі дәмдердегі азықтықтардан орынды пайдалана білгенде түрліше дәмдердің өзіндік ерекше қасиеттері ғұмыр жасты ұзартуға денсаулығыңызды жақсартуға пайдалы.
Көз тигенді кетіру үшін ағашқа мақта орап, оны майға майлап, Құран аяттарын оқи тұрып: “Көш, көш!” деп ауруды үш қайтара айналдырып, адам аяғы баспайтын жерге лақтырып тастау керек. От, шырақ, әсіресе Құранның қасиетті сөздері кір қуатты (энергияны) аластап сорып әкетеді. Бұл аластау деп аталады. Ал шырақтың орнына тұз не күл алып, баланың бойынан жүргізіп шығуды ащылау деп атайды. Сондай-ақ ішірткі, бойтұмар да, көз тиюден сақтап, зиянды әсерін жойып жібереді. Тек қана оларды аяққа баспай, жерге тастамай, әжетханаға алып кірмей, ұқыптап сақтау керек. Біз, әрине көз тиюден сақтанудың, оған ем қолданудың халықтық тәжірибеде пайдаланып жүрген кейбір тәсілдерін ғана ортаға салып отырмыз. Сонымен қатар әрбір емшінің көз тигенді емдейтін өз әдісі тағы бар.
Ең жақсысы, әрине сақ жүріп, көз тигізбеуге тырысу. Ал көз тиген жағдайда жоғарыдағы амалдарды қолданған дұрыс.
Үшкіру. Өзіміз нақтылы көріп, куә болған емдеудің бұл түрін көбінесе қарт діндар адамдар жасайды. Үшкіруді кейде “дем салу” дейді. Бұл ем әсіресе мұсылман дініне негізделген. Өйткені, ол Құран сөзін, аятты айту арқылы жүргізіледі. Үшкіруді немесе дем салуды көбінесе кешқұрым, науқастың әлі біткен шақта жүргізеді. Үшкіруші немесе дем салушы науқастың жанына отырып, оның жағдайын байқағанан кейін белгілі бір аятты сыбырлап оқып, аурудың бетіне үрлейді. Бұл, тынысы тарылып, демі біте бастағандай адамға дем бергендей болады. Кейбіреулердің түсінігінше Құран сөзі қасиетті сөз, сондықтан аятты оқып бетке үргенде бойға күш бітеді, еңсені басқан ауру мен уайым қайтады. Осылайша үшкіру емі хал үстінде жатқан адамның, егер ол әлі де есінен танбаған болса, көңіліне демеу болады, онда үміт отын тұтатады. Ол, тіптен науқастың туған-туысқандарына да әсер етіп, олардың да көңілін орнына түсіреді. Сырқат адамның кеселінен жазылып кетуі ықтимал деген сенімін күшейте түседі.
Қадірі өте жоғары халық емінің емдеуінің әдіс-тәсілдерін білу мен пайдалану барлық адамға пайдалы екенін ғылыми тұрғыда анықтап оң бағасын беруде. Мен өзімнің сырқат жандарды ауруынан емдеуімде көбіне халық емінің көп түрлерін пайдаланып әрі байытып келемін.
Халық емінің ерекшелігі
Адамзаттың өткен ғасырлардағы өміріне зер салсақ халықтың ішіндегі киелі тылсым күш иелерінің құпиялы сырларына тосқауыл болғанымен, оның жойылуына әсер ете алмады. Тектік қасиет халықпен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапты. Өз жемісін де бере бастады. Сондықтан да болар басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Ертеректе дәрi тапшы болса, қазiр удай қымбат, химиялық құрамына да сенуге болмайды. Осындай сәтте халық медицинасында баяғы заманнан келе жатқан қазақи емнiң түрi- кәдiмгi қойдың емдiк қасиеттерi жайында бiлген де артық болмас.
Терiге түсiру - қой терiсiмен жел, құз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшiн семiз қойды бiтеу сояды да, оған ермендi бүрiмен қоса қайнатып, суын терiнiң iшiне құяды. Науқас адамды шешiндiрiп, 2-3 сағаттай сол терiге орап қояды. Бұл әдiс «терiге түсiру» деп аталады. Терiге түскен адам жылы оранып жатып, 2-3 күндей сорпа iшiп күтiнуi керек.
Қой құйрығы - жөтелдi басып қақырықты түсiредi. Тұмаудан кейiнгi созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке ерiтiп iшедi. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетедi.
Қойдың жыны - буын, тiзе сырқырағанда, қолданады. Жаңа сойылған қойдың қарнын жынымен қоса алып, оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейiн қарынның үстiңгi жағын тiлiп, науқастың екi аяғын жынға батырып, жылылап орайды. Ыдыстағы су салқындай бастаса, үстiне ыстық су құю керек. Булаудан шыққаннан кейiн жылы киiнген дұрыс.
Қойдың өкпесi - жөтелдi тоқтатып, несеп жолдарының жұмысын реттейдi, iсiктi қайтарады. Егер жас қойдың өкпесiн тiлгiлеп, сiрке суы қосылған суға қайнатып, күнде екi-үш тiлiмнен жесе, қақырықты түсiрiп, өкпе демiкпесiн басады. Қойдың тоқ iшегiн сәбидiң көкбауыры ауырғанда шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйiнде кiндiктiң үстiне қойып, сыртынан орап қояды. Егер iшектiң жылуы бәсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, iшектiң үстiне қояды. Бұл емдi бала терлегенше бiрнеше рет қайталайды.
Қойдың қарны - асқазан, iшек жолдарының дертiне, әйелдер ауруына, құяңға қолданады.
Науқас адамның екi аяғын көсiлтiп, ыңғайлап отырғызады да, жаңа сойылған семiз қойдың қарнын жылы күйiнде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды. Бiраздан соң науқас ағыл- тегiл терлейдi. Терi қалмас үшiн екi-үш сағаттан соң киiмiн ауыстыру қажет. Бұдан кейiн де бiрнеше күн сорпа iшiп күтiнген жөн.
Қой өтi - шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданады. Шашты тақырлап алып тастап, басты сабындап жуғаннан кейiн бөртпенiң бетiн су қосылған өтпен сүртсе, бөртпе тез жазылады.
Қойдың жiлiк майы - туберкулезбен ауырған әлсiз адамдар, жиi ауыратын жас балалар жесе, мың да бiр дауа.
Жаңа сойылған қой етi - жұқалап тiлiп, жығылғанда пайда болған iсiкке тағып тастаса, iсiк тез қайтады әрi жара iрiңдемейдi. Шиқанға, сыздауыққа таңса, жара аузы ашылады.
Қойдың етiн күйдiрiп, күлiн сiрке суына езiп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанын басады.
Етi сылынып алынған қойдың сүйегiн шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мөшел балаға үнемi iшкiзсе, нәресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бiтуiне де көмектеседi.
Халық емінің құдіретін түсіну, білу әрі оны пайдалану кез-келген адамға артық етпейді. Дәрісіз шипасы мол бұл халықтық емдік тәсілдің бүгінде қайтадан гүлдене бастағанына қуанамыз әрі қолдағанымыз қажет екенін білген артық болмайды. Біздің қырғыз елінде де халық емшілігіне деген көзқарас оңала бастады. Ал, менің бойымдағы қасиетімнің ашылуына да осы Қазақстанның халық емшілері қауымдастығы мамандары көмегі болды. Балдың емдік қасиеті
Бал - емдік қасиеті мол табиғат сыйы. Ол ерте кезден-ақ халық медицинасында кең қолдау тауып, көптеген ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылып келген. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина (Авицина) : “Егер жастығыңды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же” деген екен кезінде. Ал Грецияның ұлы математигі Пифагор: “Менің көп жасауымның себебі - “үзбей бал жеуімнен”, - деп атап көрсетті. Сөйтіп бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған. Балдың құрамында 60-қа жуық зат бар. Олар балдың қай мезгілде, қандай өсімдік гүлдерінен жинағанына, ауа райы мен жер жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Бұлардың құрамында ең көп кездесетін углевод глюкоза мен фруктоза. Олар балдың 70-75 пайызын құрайды. Балдың құрамындағы углевод адам бойына жақсы сіңеді. Углевод әсіресе, жүйке клеткалары мен бұлшық еттер үшін ерекше қажет. Егер қан құрамында углевод азайса, адмның ойлау қабілеті мен дене еңбегіне деген қабілеті күрт төмендейді. 100 грамм бал 355 калория береді.
Балдың құрамында минералды заттар, микроэлементтер де, ферменттер де, витаминдер де аз емес. Сондықтан бал ас қорытуды, ішек қарынның қызметін жақсартады. Бұл организмнің жалпы жағдайын нығайтып, асқазан қышқылының бір қалыпты болуына жағдай жасайды. Халық арасында суық тигенде, тұмауратқанда балды ыстық шай немесе сүтке езіп ішу әдеті дамыған. Бұл өте құптарлық жай. Өйткені, бал әр түрлі ауруларға қарсы организмнің қарсылық күшін арттырады.
Көп жылғы ғылыми зерттеулер балдың асқазан аурулары мен жүйке сырқаттарын емдеуге пайдалы екенін көрсетті. Дәрімен ғана емделген адамдардың әрбір үшіншісінің ал, бал мен дәріні араластырып емделген екі адамның бірінің асқазан жарасы жазылғанын тәжірибе көрсетті. Асқазанда жарасы барлар мен асқазан қышқылы шамадан тыс көп адамдар балды таңертең және түскі тамақтан бір жарым екі сағаттай бұрын, ал кешкі тамақтан соң үш сағаттан кейін пайдаланғаны жөн. Сонда бал асқазан сөлінің бөліну процесін тежеп, қышқылын төмендетеді, жүректің қыжылын басады. Сөйтіп ол ойық жараның жазылуына жақсы жағдай туғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz