Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факульиеті

Жалпы психология кафедрасы

Божбанбаева Гүлнұр

Тақырыбы: Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

050103- мамандығы -«Педагогика-психология»

Түркістан 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . .

1. 1 Балаларда құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың теориялық-педагогикалық мәселелерi . . . 7

1. 2 Балалар бойында құқықтық тәрбиені қалыптастыруда мектептің отбасымен жүргізетін жұмысы . . . 15

1. 3 Отбасы-балаларда құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың негiзгi көзi ретiнде . . . 26

  1. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ. . .

2. 1 Отбасы тәрбиесiнде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың құқықтық тәрбиенi қалыптастырудағы мүмкiндiктерi . . . 34

2. 2 Отбасы тәрбиесi жағдайында халықтық педагогика материалдарын пайдалану негiзiнде құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың әдiс-тәсiлдерi . . . 38

2. 3 Балаларда құқықтық тәрбиенi қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар нәтижелерi . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58

КІРІСПЕ

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Елiмiздiң құқықтық-демократиялық қоғам жағдайында дамуы бүгiнгi әрбiр азаматтың және өскелең ұрпақтың жоғары мәдениет пен құқық негiздерiн игеруiн керек етедi. Осыған байланысты қоғамның адам тәрбиесiне қояр талабы да барған сайын артып, оны iске асырудың көзi болып табылатын отбасы тәрбиесiне деген көзқарас өзгерiп келедi. Соған сай бүгiнде бiлiм беру ұғымының өзi өзгеруде және кеңеюде. Бiлiм беру барған сайын көп ретте мектепте, жоғары оқу орнында, тiптi отбасында оқумен бiрдей түсiнiлiп, мазмұны мен мәнi кеңейе түсуде.

Бүгiнде жаңа Қазақстан қоғамы жағдайында жеке тұлғаны функционалдық әзiрлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүрiп жатыр. Жаңа тұжырымдама бiлiм берудiң даралық сипатын көздейдi, ол әрбiр нақты адамның мүмкiндiктерiн және өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамытуға қабiлеттiлiгiн ескеруге мүмкiндiк бередi.

Құқықтық тәрбие әу бастан ақ өазақ халқының қмір салтында анық байқалған. Оған дәлел қазақ халқының әйел баласына деген теңдік қатынасы туралы айтылған шетел ғалымдары көзқарастарын жиі кездестіруге болады. Осы тұста біздің сөзімізді ғалым Ю. К. Малницкий растап: «Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде әйел баласы ең алдымен отбасы шаруашылығындағы басты құндылық болып табылған. Екіншіден, қыз балалары түрік халықтарының мұсылман дінін қабылдаған басқа тайпаларынан тараған халықтарға қарағанда анағұрлым еркін әрі үлкен құрметке ие. Оларды ең құрметті, қонақ отыратын орын - төрге отырғызған. Сонымен қатар, қазақ әйелдерінің көзқарасы мен пікірі отбасылық кеңесте шешуші дауысқа ие болған. Сондай- ақ, қазақ әйелдері ат үстінде еркін шауып, қонақтарды күтіп алуға және оларды қымыз, қымыранмен сусындандатуға қатысқан, тіпті олармен сұхбатқа да түсетін болған», - деп қазақ әйелдерінің басқа халықтар әйелдеріне қарағанда құқығының жоғарылығын ерекшелеп сипаттайды.

Осы тұста елбасы Н. Ә. Назарбаев өзiнiң "Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына" деген студент жастарға арнап оқыған лекциясында "Бүгiнгi күн - талантты, жiгерлi, өзiне сенетiн адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерiк - жiгерi бар адамдардың уақыты" , - деп атап көрсеткен болатын [1] . Мұның өзi өскелең ұрпақты жаңа технологиялар негiзiнде бiлiмдi де жоғары мәдениеттi азамат етiп тәрбиелей отырып, олардың жеке басының тұлғалық қалыптасуына аса үлкен мән берудi көздейдi. Мұның өзi отбасы тәрбиесi арқылы әрбiр жасөспiрiмдi заңға мойынсұнушы, өз құқықтарын жетiк бiлетiн азамат етiп тәрбиелеудi көздей отырып, iске асырылмақ.

Қазақстанда халықтық педагогика негiзiнде отбасындағы тәрбиенi ұйымдастыру мәселелерiн ғалымдар С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, Б. Айтмамбетова, А. Бейсенбаева Р. Төлеубекова, К. Қожахметова, С. Ғаббасов, З. Әбілова, Қ. Шалғынбаева және т. б. зерттеген [2-11] ; отбасындағы тәрбие берудi жетiлдiру мәселелерiнiң мектеппен байланысын жасау жұмыстарын Г. Байдельдинова, Н. Тригубова, И. Лысенко, Б. Мұқанова, А. Капенова, Атемова Қ. Т. және т. б. зерттеулерінде қарастырған [12-17] .

Жастарға құқықтық тәрбие беру мәселелерi қоғамның қай кезеңiнде болмасын ғалымдар мен педагогтарды ойландырып келген және ол заман ағымына сай тұлғаның қоғамдық әлеуметтену нормаларының бiр көрiнiсi ретiнде қарастырылып келдi. Осы тұста кеңес педагогы В. А. Сухомлинский, отандық ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев, Л. Керимов, Айтжан Б. және т. б. еңбектерiн атауға болады [18-21] .

Тiптi, Қазақстан Республикасының адам тәрбиесiне қоятын бүгiнгi талабы ең алдымен өзiн-өзi қорғауға қабiлетсiз балалардың құқығын қорғауға деген назары артып отыр. Осы тұста дүние жүзiлiк "Баланың құқығы туралы конвенция" қабылданы, кейiннен Қазақстанда бұл конвенция жұртшылық тарапынан қолдауға ие болып, 1995 жылы 5-шi шiлдеде қабылданды. Онда:

- адам құқығын құрметтеу;

  • баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтының, тiлi мен құндылықтарын, елiнiң байлықтарын бағалауға тәрбиелеу;
  • баланы еркiн қоғамда ынтымақтастық, түсiнiстiк, ұлтаралық қарым-қатынаста достық рухында саналы өмiр сүруге дайындау, - деп көрсетiледi [22] .

Бұл отбасы тәрбиесiнде ең алдымен бала құқығын құрметтей отырып, оның өз құқықтарын үйренуге жағдай жасауды мiндет етедi.

Тәрбиенiң алғашқы әлiппесiн бала отбасында алады. Әрбiр отбасы қоғамның кiшкентай бөлiгi бола тұрып, қоғамды өркениеттiлiкке жеткiзудiң ең алдымен әрбiр отбасындағы өмiрдң қоғам талаптарына сай ұйымдастырудан басталмақ.

Балаларға құқықтық мәдениеттi қалыптастыру мен жалпы азамзаттық құндылықтар жүйесiнде қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастыру отбасы тәрбиесi жағдайында бастау алады.

Бүгiнгi демократиялық-құқықтық қоғамның талаптары әрбiр өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығының болуын керек етедi. Әсiресе отбасы тәрбиесiндегi әрбiр азаматтың өз құқығының айқындалуы мен ондағы құндылықтардың қоғамдық құндылықтармен байланыстырылуы заман талабына айналып отыр. Дегенмен, жастар бойында құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың қоғамдық тұрғыдан талап етiлуi мен оны отбасы тәрбиесi жағдайында iске асыру мүмкiндiктерiнiң болмауы арасында қарама-қайшылықтың бар екендiгiн көрсетедi. Сондықтан осы қайшылықтың шешiмiн табу бiзге дипломдық жұмыстың тақырыбын " Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиенi қалыптастыру" деп алуымызға негiз болды.

Зерттеу обьектiсi: Отбасы тәрбиесi жағдайында балаларға құқықтық тәрбие беру.

Зерттеу пәнi: Отбасында халықтық педагогика материалдарын пайдалану негiзiнде балаларға құқықтық тәрбие беру үрдiсi.

Зерттеудiң мақсаты: Отбасы тәрбиесi жағдайында халықтық педагогика материалдарын пайдалану негiзiнде балаларға құқықтық тәрбие берудiң теориялық тұрғыда негiздеп, әдiстемесiн ұсыну.

Зерттеудiң мiндеттерi:

-балаларға отбасы тәрбиесi жағдайында құқықтық тәрбие берудiң теориялық мәселелерiн айқындау;

-халықтық педагогика материалдары астарындағы құқықтық тәрбие материалдарын iрiктеп алып, оны отбасы тәрбиесi жағдайында пайдалану мүмкiндiктерiн көрсету;

-отбасы тәрбиесi жағдайында балаларға құқықтық тәрбие берудiң әдiс-тәсiлдерi мен формаларын айқындау;

-отбасы тәрбиесiнде балаларға құқықтық тәрбие беру бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу көздерi: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер, диплом жұмысының тақырыбына қатысты зерттеулер мен фактiлер, мемлекеттiк тұрғыда жарық көрген құжаттар мен iс-қағаздар, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдаулары мен баяндамалары, оқушылар мен мұғалiмдер көзқарастары мен студенттiң педагогикалық практика барысында жинақтаған iс-тәжiрибесi және т. б.

Зерттеу әдiстерi: зерттеу мәселесіне байланысты кітаптар мен оқу құралдарын, арнайы әдебиеттердi, ғылыми-зерттеу материалдарын талдау; диалектикалық абстрактыдан нақтылыға өрлеу, тарихи-салыстырмалылық, жинақтау, топтау, теориялық талдау, мамандардан интервью алу, сұхбат, сауалнама жүргізу, оқушылардың зерттеу мәселесіне қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кiрiспеден, негiзгi екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.

Кiрiспеде зерттеу жұмысының өзектiлiгi мен қоғамдық сұранысы, оның бүгiнгi күнге дейiнгi зерттелу жағдайы, зерттеу мәселесiнiң қарама-қайшылықтары мен проблемасы, сондай-ақ, зерттеу мәселесiнiң ғылыми аппараты баяндалады.

"Халықтық педагогика материалдарын арқылы отбасында құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың теориялық негiздерi" деп аталатын бiрiншi тарауда құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың зерттелу жағдайын көрсететiн деректерге талдаулар мен отбасы тәрбиесi жағдайында балаларда құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың теориялық мәселелерi, ондағы халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиетiндегi үлгiлерiнiң құқықтық мәнi ашып көрсетiледi.

"Халықтық педагогика материалдарын арқылы отбасында құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың жолдары" деп аталатын екiншi тарауда отбасы тәрбиесiнде халықтық педагогика материалдарын пайдалану арқылы балаларда құқықтық тәрбие берудiң әдiс-тәсiлдерi мен жолдары қарастырылады. Онда мектептегi педагогикалық практика барысында анықталған және жүргiзiлген зерттеу жұмыстарының нәтижелерi оның мазмұнына талдаулар арқылы дәлелденiп көрсетiледi. Сондай-ақ, оның негiзгi идеяларының педагогикалық үрдістегі көріністері мен оны жетілдіруге әдістемелік ұсыныстары беріледі.

Қорытынды бөлiмде зерттеу жұмысының нәтижелерi тұжырымдалып, диплом жұмысының нәтижелерiн практикада пайдалануға нақтылы ұсыныстар берiледi.

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнде зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми және әдiстемелiк еңбектер тiзiмi көрсетiлген.

1 ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Балаларда құқықтық тәрбиенi қалыптастырудың теориялық-педагогикалық мәселелерi

Балаларда құқықтық тәрбиенi қалыптастыру мәселесiн теориялық тұрғыда талдау жасауда бiз ең алдымен "Құқықтық тәрбие", "Құқықтық мәдениет" ұғымдарының түсiнiгiне тоқталуды жөн санадық.

Бүгiнгi демократиялық құқықтық қоғамда өмiр сүрiп отырған әрбiр жас жеткiншектi тәрбиелеуде ең алдымен құқықтық мәдениеттi қалыптастырудың маңызы ерекше. Ол мектеп пен отбасындағы тәрбие мiндеттерiн мемлекет мүддесiмен сабақтастыра байланыстыру арқылы шешiлмек. Тєуелсіздікпен бірге рухани құндылықтар тұрғысында бүгінгі ұрпақтың еншісіне көптеген міндеттер де бұйырады. Оны баянды ету, ұлттық мүдделерді жүзеге асыруда біз әлі көп-көп қадамдар жасауға тиіспіз.

Жасыратыны жоқ бірнеше жүздеген жылдар бойы өзге ұлттың өктем саясатын бастан кешкен халықтың ұлттық рухани дамуы тежеледі. Өйткені жеке көзқарас қашан да империялық мүдденің шылауында болғандықтан ол екеуінің бір мақсатта қабысуы мүмкін емес. Кешегі кеңестік идеология ту еткен «интернационализм» идеясы біздің рухани құндылықтарымызды құрбандыққа шалып келді.

Бiз елдің келешек тізгінін ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа тәрбие беру ісіне айрықша тоқталғымыз келеді. Осы тұста жалпы бiздiң ұлттық бітім-болмысымыз, дәстүр-салтымыз өркениет көкжиегіне қызмет ете ала ма? деген сұрақ төңiрегiнде сөз қозғаймыз. Мұны айтқанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, рухани сана қоғамдық қарым-қатынастардан, қоғамдастықтан тыс қалыптастпайтындығына назар аударғымыз келеді.

Тарихқа көз жүгіртсек, ежелгі түрік әйелдері атқа мекем отырып, жақсы шаба білген, қару қолдануды үйренген, ерлік жасаудан тайынбаған, тіпті қамал күзетшісі, уәли, елші де бола алған. Үйдегі отбасында да әйел еркекпен тең болған. Балаға әке-шеше басшылығы қатар жүрген. Еркек әйелін үнемі құрметтеп, оны арбаға отырғызып, өзі соңынан жүріп отырған. Бұған дәлел орта ғасырларда өмір сүрген Қорқыт жырларындағы әйел бейнесі мен жар таңдау салттарында айқын сипатталған. Өйткені, ғұлама өз жырларында ойдың негізгі идеясын адамдар арасындағы теңдікке бағыттап отырады. Соңғы жылдарда елімізде ғылыми танымның әр түрлі салаларындағы гендерлік мәселелер белсенді түрде зерттеле бастағанын білеміз. Ал, қазақ халқының қалыптасу тарихында пайда болып, жарық көрген мұралар мазмұны сонау Томиристің (Тұмар), Қорқыттың заманынан келе жатқан өзіміздің теңдік саясатымыздың болғандығын дәлелдейді. Қазақ халқы оны «Қыздың жолы жіңішке» деген айдар аясында орынды пайдаланып келді.

Қазақ халқының әйел баласына деген теңдік қатынасы туралы айтылған шетел ғалымдары көзқарастарын жиі кездестіруге болады. Осы тұста біздің сөзімізді ғалым Ю. К. Малницкий растап: «Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде әйел баласы ең алдымен отбасы шаруашылығындағы басты құндылық болып табылған. Екіншіден, қыз балалары түрік халықтарының мұсылман дінін қабылдаған басқа тайпаларынан тараған халықтарға қарағанда анағұрлым еркін әрі үлкен құрметке ие. Оларды ең құрметті, қонақ отыратын орын - төрге отырғызған. Сонымен қатар, қазақ әйелдерінің көзқарасы мен пікірі отбасылық кеңесте шешуші дауысқа ие болған. Сондай- ақ, қазақ әйелдері ат үстінде еркін шауып, қонақтарды күтіп алуға және оларды қымыз, қымыранмен сусындандатуға қатысқан, тіпті олармен сұхбатқа да түсетін болған», - деп қазақ әйелдерінің басқа халықтар әйелдеріне қарағанда құқығының жоғарылығын ерекшелеп сипаттайды.

Мұндай қатынас әйел баласын өз кезегінде ел, ру, қауым көзқарасындағы талапқа сай болуға міндеттеген. Сондықтан болар, сол кезден-ақ қазақ қоғамындағы үйленуде әйел баласына талап жоғары қойылып, жар таңдау отбасының әлеуметтік-саяси мәселесі ретінде қарастырылған.

Қазақ халқының әйел баласына деген қатынасы жөнінде қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов қазақ қызының күң болмағанын, жүзін жасырмаған, ел басқарған болыс әйелдердің болғанын, талай әйелдердің аттары сол елдің ұраны болып кеткен талай рулы ел әйел атымен аталғанын айтады. Қысқасы, ежелгі түріктер сияқты әйел құқықтарын о бастан-ақ құрметтеген басқа қауымдастық тарихта кең таралмаған.

Сонымен бірге, көне түрік халықтарында, кейіннен қазақ халқында отбасы тәрбиесінің түпкі мақсаты баланы ел қамы, ел намысы мен мүддесі үшін өмір сүретін азамат етіп қалыптастыру мақсат етілген. Осы орайда, Түрік қағаны Орхон ескерткіштерінде былай дейді: "Түрік халқы жоқ болмасын деп, Түрік Тәңірісі мені жіберді. Мен күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым. Түрік елі аш-жалаңаш еді, кедей еді, бай қылдым, киіндірдім"- дейді. Түрік халқы қағанынан айрылғанда "қағаным, дәулетім қане?" - деп қайғыратынмын.

Біз ұлттық тәрбие, ұлттық мүдде дегенде екі ұдай пікір, көзқарас тұрғысынан қарау психологиясынан єлі де арыла алған жоқпыз. Әңгіме ұлтжандылық қасиеттер тұрғысында болса «ұлтшылдық» түсінік қалыс қалмайды. Бұл сөздерге жоғарыда айтқандай өктем саясаттың салдарынан орыстың «национализм», «шовинизм» атауларының негізінде керағар түсініктер қалыптасты. Шындығында бұл өз ұлтыңа жанашырлықты, ізет пен құрметті білдерсе керек.

Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.

Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалары болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениетінің «менін» құрайды. Жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.

Қазақстандық ғалым Керимов Л. К өзiнiң зерттеулерiнде құқықтық мәдениеттi екі тұрғыдан қарайды. Біріншісі кең мєнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер єрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау болып табылады [20] .

Құқықтық мєдениеттің тұлғалық мєнінде бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері қарастырылады. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны барлық єрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.

Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі құбылыс. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т. б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.

Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.

Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени дєстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.

Өкінішке орай, күнделікті күйбiң тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сєттік дүниенің жалған қызығына айырбастап сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.

Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмытылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет жєне қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі мына төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:

- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;

- заңның орындалуын бекіту;

- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;

- жеке адамның бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру;

- заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы.

Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойнында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.

Талантты кеңес педагогы В. А. Сухомлинскийдің «қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттардың бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты мағынасыз өткізу", - деген ой-тұжырымымен толық келісуге болады [18; 23] .

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мєдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.

Қоғамды қайта құру кезеңінде құқықтық мєдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу ерекше орын алды. Бұл жұмыс нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп, олардың жеке адамға және қоғамға қандай зиян келтіретінін білу керек.

Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол құбылыстарға қатынастардың көмескілігі, бағалаудың анық болмауы олармен күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездесетін жай. Нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да душар етеді.

Осы туралы оқушылар арасынан пікір жинай қалсаң неше түрлі бағалаулардың куәсі боласыз. Біреулер бұл шиеленістің әділетті өз ережесі барлығын дєлелдейді, кейбіреулер мұны дєстүр деңгейіне көтереді, ал қайсы біреулер мейірімсіз қылық деп бағалайды. Тіпті, кейде бұл туралы оқушылар пікірін шектеп алу қиын.

Қоғамдық орындарда кейбір жастардың тіпті мектеп жасындағылардың былапыт, балағат сөздер айтуы, адам тұлғасын қорлап, тіл тигізуінің куәсі болып жүрміз.

Бірақ көп жағдайда мұндай мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібі әкімшілік немесе тіпті қылмысты іс ретінде жазалануы керек екендігін ойланбайды. Дөрекіліктің түрі көп. Мінез-құлық тәрбиесіндегі көп жағдайда сырт көзге бүркемеленіп тұрады, ал оның негізінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті терең түсінбеушілік жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық тәрбие стилдері
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz