ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Халық тәрбиесі баланын жас кезінен көпшіл, ынтымақшыл, өнегелі адам болуын көздеген, баладан адамгершілік қасиетгі талап еткен. Қазіргі танда ұл-қызымыздың білімді, әдепті, тәрбиелі, мәдениетті, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуын армандаймыз. Келешекте елге ие болатын ұрпақтың бойына біліммен қатар адамы жақсы қасиеттерді меңгерту үшін ең алдымен мұғалімнің білімі терең, ой-өрісі бай болғаны жөн. Білім берудің ұлттык жүйесіне ден қойып, этнопедагогика, яғни ұлтымыздын өзіне тән педагогикалық мәдениетін жандандыру қолға алынған сәтте мектептердегі окулықтарға көп көңіл аудару қажет деп ойлаймын.

Соңғы жылдардағы әлемдік білім беру мсн жаһандану талабына орай жаңашылдыққа бет алған мемлекетімізде игі істер атқарылуда. Осыған байланысты қажетті оқу-әдістемелік құралдар, жаңа оқулықтар әзірленуде. Қазіргі таңда тіліміздің қүдіретін танытатын өрнекті сөз - ортақ қазыналарды қалай оқытып жүрміз деген оймен окулықтарды ақтарып, ой елегінен өткіздік. "Кітаптың бағасы арзан, іші толған маржан" демекші, орта білім беретін мектептердің жас баланын дүниетанымына, жас ерекшелігіне сай ауыз әдебиетінің үлгілерін (жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер) көптеп кездестіруге болады.

"Сөз асылы - мақал" дейді халық. Оны айтушылар да, тұтынушылар да халық. Сондықтан макал - халық тәжірибесінде туған, тұжырымдалған ой-пікірлер. Мақал-мәтелдер қазак фольклорында жасалып, сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын даналық католы нақыл сөздер десек қателеспейміз.

Көптеген мақалдар адам баласының еңбек ету жайында беріліп, онда халықтың еңбекке көзкарасы байқалады. Мысалы: "Ағаш кессең, ұзын кнс, қысқартуың оңай" деген мәтел сөздерге тәжірибесі мен көргені аз балалар алғаш бұл жұмбакталып айтылған сөз бе деп түсінбей қалуы да мүмкін. Ойға салып талқылай келе, өмір тәжірибесінен алынып айтылған өнегелі сөз екеніне сүйсініп үлгі етеді. "Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті", "Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар", "Еңбек түбі -береке", "Ердің атын еңбек шығарады", "Еңбегін қатты болса, татқаның тәтті болар" т. б. Қазақ мақалдарымен қатар ұлы ақын Абайдың "Енбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" сынды нақыл сөздердің жасөспірімдерді еңбекке баулуда, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде септігін тигізері даусыз. Сондай-ақ еріншектік, жалқаулық- кісінін соры, жаман әдет екендігін жас буынға ескертетін "Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме", "Адамды еңбек асырар, жалқаудың құтын қашырар", "Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті" сияқты мақалдар еңбекті дәріптеп, жасөспірімдерге еңбск адамын үлгі-өнеге ете отырып, жағымсыз қасиеттерден жирентіп, жақсы мінез-құлық қалыптастыруда еңбектің орны ерекше қастерленеді.

Білім алу, еңбек сүюшілікке дағдылану, бәрі де адамның саулығына, жақсы тәрбиеге байланысты екені де мақалдарда толық қамтылған. "Денсаулық- зор байлық" деп алдымен денсаулығынды сақта, саулығың жақсы болса, ойлаған мақсатыңа жетесің деп үйретеді. Ал "Тазалык - денсаулық кепілі" екені баршаға аян. Саулықтың негізі - таза тұрып, таза жүруге байланысты екені де ескертіледі. Осы айтылған мақалдардың бәрі де жас буынға ой салып, өмір танытады.

Жас ұрпақты жағымды мінез-құлыққа, өнерлі болуға, адамгершілікке тәрбиелеудің қайнар көзі, әрине, мақал-мәтелдер. "Кекшіл болма, көпшіл бол", "Мейірімді алғыс алады, мейірімсіз қарғыс алады", "Жақсы бала - сүйік, жаман бала - күйік", " Үйрен жақсы әдеттен, жирен жаман әдеттен", "Игі істер өлмейді, ізгі ойлар өшпейді", "Жігіттің құны - жүз жылқы, ары мың жылқы", "Батырдың өмірі қысқа, даңқы ұзақ", "Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді", "Талабы жоқ жас та бір, қанаты жоқ құс та бір", "Қорқақ көлеңкесінен де қоркады", т. б. мақалдар арқылы әдепсіз қылықтардан жирендіреді, ненің жаксы, ненің жаман екенін түсіндіреді. Жас баланы адамшылыққа, ізгілікке баули отырып, жаман әдеттен арылуға үйретеді. Осылайша бала бойындағы кемшіліктерді атап көрсетіп, жаман мен жаксының ара-жігін ажырата білуге, әзілдің астарындағы сын ескертпені аңғаруға үйретеді. Мысалы: "Өтірік сөз жанға қас", "Ашу - ақылдың дұшпаны", "Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен", "Білмеген бүлдіреді, бүлдіреді де күлдіреді", "Қисыктың келеңкесі де қисык", "Жаман адам - құлкынның қара қабы, жақсы адам адалдықтың асыл тағы" т. б.

Егер баланы жақсы жағдайда дұрыс тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие болатыны сөзсіз. Баланың алғашқы тәрбиешісі -ата-анасы. Баланың бойына жастайынан ізгілікті, имандылықты, кішіпейілділікті сіңіру бірінші міндеті болғандықтан, тәрбиеші, яғни ата-аналар жайлы да біраз мақалдар берілген; "Анаға қарап қыз өсер", "Әке балаға сыншы", "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол", "Ата - бәйтерек, бала - жапырақ" деген халық мақалы мейілінше дұрыс айтылған пікір. Бұл-өмір тәжірибесінен алынған бірден-бір даналық сөз.

Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі -достық пен адалдық. "Жомарт дос көбейтеді, сараң мал көбейтеді", "Адал достық алтыннан да қымбат", "Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен" т. б. Мақал-мәтелдерде жасөспірімдерді мейірімді, кішіпейіл болуға, жақсы жолдас болуға үйрету бар. Сонымен қатар жастарға дос пен қасты ажырата білуге меңзейді, адал достықты дәріптеп, адамгершілік қасиетті паш етіп отыр.

Мақал-мәтелдер - халық шығармаларының төл жемісі, тәрбие теориясы. Заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа кітап сөзіндей аса қымбат болғаны да, құндылығы да осыдан. З. Әбілованың еңбегінде "мақал-мәтелдерді көне түркі тілінде "аталар сөзі" деп атайды, яғни бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан қазына" деген сипаттама берілген (Этнопедагогика. А., Қазақ әлем тілдері университеті, 1997. ) .

Ал балалар әдебиетін зертгеген Ш. Ахметов өз еңбегінде "Мақал-мәтелдер - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып шешетін асыл мұра, сонымен қатар акылыңа ақыл қосатын, жарқын болашағыңа дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы екендігін" сөз етеді (Қазақ балалар әдебиеті тарихының очерктері. А., "Мектеп", 1965. 37-бет) .

Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтін "Қазақ тәлім-тәрбиесі" атты еңбегінде "ғасырлар бойы қалыптаскан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадында біртіндсп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғүрыптар насихатталса, жұмбақтарда - терең ақыл-ой тәрбиесі, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтың тәрбиесінің сан алуан мәселелсрін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы" делінген. (Қазақ тәлім-тәрбиесі. (оқу құралы) . - Алматы: "Санат", 1995. - 6-7 бет. )

Мақал-мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшамды, есте сақтауға икемді әрі жеңіл болғандықтан бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқарады. Сондай-ак балаларға арналған макал-мәтелдердің ерекшелігі - оның құрылысы мен жасалу жолынан емес, мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмысына, оқу-ағарту ісіне байланысты болуынан көрінеді; балаларға терең ой салумен бірге оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын дамыта түседі. "Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың" деп еңбектенудің, талаптанудың, үздік әрекеттің арқасында осындай игілікке, алға қарай ұмтылуға болатынына олардың сенімін арттырып, өздсрін ынталандыра, қызықтыра түседі. Жасөспірімдердің көңілін серпілтіп, қанаттандыра береді. Осының бәрі - халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра. Бала өсіруде, тәрбиелеуде халық өзінде бар бүкіл асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнаған. Өз өмірінің ғасырлық тәжірибесінде алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп үлгі-өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын ұрпағына қалдырып отырған. Кім де болса өз баласын білімді, тәрбиелі, өнегелі халық азаматы болып өссін дегенді арман етеді. Сол арманын іске асыру үшін қолда бар мүмкіншілігін бала болашағының игілігінсн аямайды. Халық мақалдарында жастарды енер-білімге баулумен қатар, оларды тәрбиелеу керектігі де толық ескерілген. Адам баласына пайдалы, өнегелі істердің барлығына да мақал-мәтел етіп айтылғанын алдымен ауызға алатынымыз анық. Сондықтан да халықтың нақыл сөздерін, мақалдарын әрқашан құлағына құйып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Балаларға ұлттық - тәлім тәрбиені берудің жолдары
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz