Халықтық тәрбиенің факторлары


Халықтық тәрбиенің факторлары
Жоспар
1. Табиғат - халықтық тәрбиенің факторы
2. Халықтық тәрбиедегі ойындар мен сөздердің рөлі
Табиғат - халықтық тәрбиенің факторы.
Жер бетiнде бiрнеше халықтар жойылып, олардың орнына жаңа халықтар пайда болды. Ал қазiргi өркен жайып, өмiр сүрiп отырған ұлттардың да әлденеше ғасырдан кейiн жер бетiнен жоғалып, олардың орнын жаңа этностардың басуы мүмкiн. Кез келген табиғат жүйесiнiң, (соның iшiнде этностардың да) ыдырап, құрып бiтуi сөзсiз. Бұл - табиғат заңы. Өмiрдiң өлiммен ұштасуы, ал өлiмнен кейiн жаңа өмiрдiң жер бетiнде өркен жайып, дүниеге келуi - диалектикалық заңды құбылыс. Ал мәдениет тарихынан ондай диалектикалық заңдылықты көрмеймiз.
Табиғаттан адамның өзгешелiгi - олар материалдық игiлiктердi жасап, заттардың санын көбейткенiмен, табиғат сияқты, жанды бiр заттан екiншi бiр жанды зат (тiршiлiк иесiн) туғыза алмайды. Мысалы, табиғатта өсiмдiк пен аңдардың, хайуанаттардың жаңа түрлерi (белгiлi тарихи кезеңде) пайда болып, өсiп-өне бередi. Жер бедерiнiң тау-тас, жел мен жаңбырдың әсерiнен мүжiлiп, төбешiкке, тiптi бара-бара тегiс жерге айналуы, өзен-көлдердiң суалып, құрып кетуi немесе жер астына сiңiп, ағыс бағытын өзгертуi мүмкiн. Ал адам баласы жасаған Мысыр пирамидасы немесе Эйфел мұнарасы өзгерiссiз, ғасырлар бойы сақталады. Мәдени ескерткiштердi жасаушы этностар жер бетiнен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ жылдар бойы өмiр сүредi.
Табиғат байлығын игерушi адамдардың мәдени-техникалық прогресi үнемi алға қарай жүре беретiн құбылыс болып көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, шын мәнiсiнде, олай емес. Мәселен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VIII ғасырда өмiр сүрген скифтер қара теңiз жағасын жайлаған, 500 жыл бойы өркендеген, мәдениетi бай ел болған. Олар теңiз жолында сауда-саттықты өркендетiп, кереметтей өнердiң, өзiндiк мәдениеттiң иесiне айналды. Өткен ғасырлардағы адамдар кейiнгi ұрпаққа жақсы дағдылар мен бiлiм жиынтығын мұра ретiнде қалдыруды армандады. Мысалы, вавилондықтар - математикалық түсiнiктердi ойлап тауып, қалдырып кетсе, гректер - философия мен театр өнерiн, римдiктер - юриспруденцияны, арабтар - персиялық “ақылдың кенi” - алгебраны бiзге мұра еттi.
Фрацуздар асқан сұлу живопись өнерiмен, итальяндықтар әсем сазды музыка мәдениетiмен, ал қазақ халқы аса бай ауыз әдебиетiмен iз қалдырды. Олардың бәрi де бiр-ақ мақсатты көздеп, келер ұрпақты бақытқа бөлеудi армандады. Өткен ғасырлардағы халықтар жасаған асыл мәдени мұралардың бiздiң дәуiрiмiзге жұрнағы ғана жеткен. Бiзге жеткен мұраның қалдығымен ғана өткен дәуiр мәдениетiнiң өресiн өлшеу, жоғалғандарын елеп-ескермеу тарихқа қиянат болып табылады. Оларды жан-жақты қарап, ескермесек, өткендегi этностық мәдениетке дұрыс баға бере алмаған болар едiк.
Ағаш пен киiздi былай қойғанда, қиыршық құм тас, сияқты материалдардың өзi желмен, жаңбырмен үгiлiп, тозып, жоқ болып кететiнiн естен шығаруға болмайды. Оның үстiне, жер сiлкiнiсi, су тасқыны сияқты апаттар тағы бар. Осындай апаттардың салдарынан тарихи ескерткiш-мұралар да жойылады. Олай болса, адамзат қолымен жасалған мәдени-ескерткiштердiң бәрi мыңдаған жылдардан кейiн жойылып кетуi мүмкiн. Сөйтiп, материалдық мәдени мұралардың өткен дәуiрлердегi осындай жай-күйi тарихты дұрыс баяндамауға әкеп соқтырады. Ұлт мәдениетiнiң озық үлгiлерi арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеу - этнопедагогиканың өзектi мәселесi. Қазақ этностар мәдениетiнiң өткенiн анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет.
Халықтық тәрбиедегі ойындар мен сөздердің рөлі.
Ойын бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, екіншіжағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Ойын - адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты - жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу. Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т. б. түрлерi бар.
Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған. Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған.
Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де сынға түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, көксиыр, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ, моңданақ, ақбайпақ, түйiлген шыт, тиын салу, ақшамшық, ақсерек-көксерек, көршi, шалма, шымбике, инемдi тап, айдапсал, қарамырза, қарт-қарт, жылман т. б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған. Ойын адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды.
Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей мүмкiндiк алды. Қазақтың әдет-ғұрып ойындары халықтың бастан кешкен қилы-қилы оқиғаларын бейнелеп, баяндап бередi. Оған Наурыз мерекесiндегi ойын-сауық түрлерi дәлел болмақ. Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың айғағы.
Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады, ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет - өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. Ойын серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға үйретедi. Ойын - адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң көрiнiсi. Ойын-сауықта кiсiлiк қасиет шыңдалады, адам қабiлетiнiң құндылығы артады. Әр деңгейдiң өз өнерi мен өнегесiне қызыққан шетел саяхатшылары осы қайталанбас табыстарды қанша мәртеге дәл сипаттап жеткiзе алған. Ұлттық ойын - халық өнерi мен мәдениетiнiң негiзгi бiр саласы. Әдет-ғұрып ойындарына, “алдымен қыз ұзатар және үйлену тойында болатын ойын-сауықтар жатады. Мысалыға, жер-жерде үйлену тойының мынандай ойын-сауықтары таралған: “тоғыз аяқ”, “тоғыз табақ”, “жар-жар”, “беташар”, “құда тарту”, “қол ұстатар”, “шаш сипар”, “неке қияр”, “кемпiр өлдi”, “шымылдық байлар”, “сақина салар”, “есiк ашар”, “ат байлар”, “түндiк ашар”, “ит ырылдатар”, сондай-ақ “тоқым қағар”, “қынаменде”, “қыз кәде” сияқты ырым-жоралар бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz