Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар



Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі

Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
_______________ Ә.А.
Смайылов
2013 жылғы ___ ______ № ___

Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдар

Астана 2013 жыл

Мазмұны

Мазмұны 2
Кіріспе 3
1. Негізгі терминдер, анықтамалар және қысқартулар 4
2. Халықтың статистикалық тіркелімі туралы жалпы мәліметтер 5
3. Халықтың статистикалық тіркелімінің құрылымы 6
4. Тұлға туралы статистикалық бірлік 8
5. Отбасы статистикалық бірлігі 9
6. Үй шаруашылығы статистикалық бірлігі 11
7. Халықтың статистикалық тіркелімі оқиғаларының дерекқоры 13
8. Әкімшілік және статистикалық көрсеткіштер арасындағы байланыс 14
9. Халықтың статистикалық тіркелімі мен е-Статистика компоненттері 15
арасындағы байланыс
10. Халықтың статистикалық тіркеліміне мәліметтердің келіп түсуі кезінде 16
әкімшілік дереккөздердің басымдылығы
11. Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу кезінде қолданылатын 19
жіктеуіштердің тізбесі
12. Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізуді ұйымдастыру 19
13. Кесінді мен іріктемелерді қалыптастыру модулі 21
14. Жиынтық ақпаратты қалыптастыру модулі 21
Қолданылатын әдебиеттер тізімі 22
1-қосымша 23
2-қосымша 25
3-қосымша 26

Кіріспе

Осы әдістемелік ұсынымдар Халықтың статистикалық тіркелімінің
құрылымы мен мазмұнының түбегейлі сипаттамасын, сонымен қатар оны
жүргізудің негізгі үдерістерін қамтиды – халық туралы жеке әлеуметтік-
демографиялық деректерді топтау мен жинау, үнемі жандандыру, өңдеу және
бекітілген тәртіпте тарату.
Әдістемелік ұсынымдар Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізуді
жүзеге асыратын мамандарға, сонымен қатар статистикалық есепке алу
саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын басқа да мамандарға арналған.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Мемлекеттік
статистика туралы Заңына сәйкес Халықтың статистикалық тіркелімі Қазақстан
Республикасының аумағында тұрып жатқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша тұрып жатқан оның
азаматтары туралы ақпаратты қамтиды.
Халықтың статистикалық тіркелімі үшін деректер әкімшілік
дереккөздерден түскен мәліметтерден жүйелі түрде қалыптастырылады. Бұл
бақылау бірлігінің ахуалы мен зерттелетін көрсеткіштерге түрлі
факторларының ықпал ету үшін бағалауға мүмкіндік береді.
Халықтың статистикалық тіркелімінің ерекшелігі, демостатистикалық
есепке алу мақсаттынан басқа, қандайда бір мамандырылған мақсаты
жоқтығында, сол себепті онда бүкіл ел тұрғындары жайлы мәліметтер
енгізіледі. Халықтың тіркелімін жүргізу дәстүрі едәуір баяғыдан бастау алса
да, оның кеңінен және тиімді пайдаланылуы электрондық-есептеу техникасының
дамуымен және оған лайықты бағдарлама қамтамасыздандыруды жасаудан
басталады.
Туылғанда (немесе ел аумағына кіргенде) адамға жеке сәйкестіндіру
нөмері (ЖСН) беріледі, аталған номір бүкіл өмірі бойына өзгермейди. Адам
өміріндегі барлық уақиғалар, міндетті құжаттамалық рәсімдеуді талап ететін
тиісті құжаттарға ЖСН енгізілуімен жүргізіледі. Осы құжаттардың бір данасы
міндетті түрде тіркелімді жүргізуші мекемеге жолданатындықтан, адам
өміріндегі бүкіл өзгерістер іле арада деректер қорында тіркеледі. Бір
мезгілде саны сияқты және құрылымы бойыншда барлық жиынтығы өзгереді.
Ағымдағы демографиялық ахуал туралы ғана емес, сонымен қатар әдетті санақта
ғана тіркелетін халықтың сипаттамалары туралы ақпаратты да кез келген уақыи
кезеңінде алуға мүмкіндік туындайды. Автоматтандырылған халық тіркелімі
перманентік санақ болып қалыптасуда десе болады, бұл халық санағын
өткізуден бас тартуға алғышарт жасайды, санақтіркелім деректерін түзету
үшін жүргізілгенде немесе тым болмаса санақаралық кезең ұлғайтуға үшін.

Халықтың статистикалық тіркелімінің жұмыс істеуі келесі міндеттердің
шешімін қамтамасыз етуі қажет:
Қосымша сұрақтамаларды жүргізбей-ақ, Қазақстан Республикасының жеке
тұлғалары туралы мәліметтерді әкімшілік дереккөздерден жүйелі түрде алу
және жүктеу;
1) Халықтың статистикалық тіркелімінің деректерін өңдеу, тұлға,
отбасы, үй шаруашылығы сияқты статистикалық бірліктерді құру;
2) Демографиялық статистика саласында әртүрлі-аспектілі зерттеулерді
іске асыруға мүмкіндік беретін Халықтың статистикалық тіркелімін
талдау;
3) Халықтың статистикалық тіркелімі негізінде деректерді түзету және
тарату.

1. Негізгі терминдер, анықтамалар мен қысқартулар

Осы Әдістемеде келесі анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
ҚРСА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ҚР Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
ҚР ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҚР ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі;
ЖТ МДҚ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жеке тұлғалар
Мемлекеттік деректер қоры;
ЖМТ МДҚ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын
мүлік тіркелімі Мемлекеттік деректер қоры;
МТ МДҚ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мекенжай
тіркелімі Мемлекеттік деректер қоры;
ДСБАЖ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірыңғай ақпараттық
жүйесі;
ХТҚ ТП АЖ, ХТҚ ТП - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Халықты тіркеу және құжаттандырудың тіркеу пункті ақпараттық жүйесі;
АХАЖ АЖ – Қазақстан Республикасы халықының азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу үрдістерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйесі;
ЕХӘҚМ АЖ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің ақпараттық жүйесі;
Бүркіт АЖ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
ақпараттық жүйесі;
ҰБТ АЖ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Ұлттық бірыңғай тестілеу ақпараттық жүйесі;
ХТҚ ДҚ – Халықтың табиғи қозғалысы деректер қоры;

Мекенжай тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) - бұл мекенжай объектінің
бірігей коды, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесімен генерацияланады.
МТК бірегей және тұрақты болып келеді мекенжай объектінің бүкіл тіршілік
циклының ішінде.
ШЖК – Шетелдік жұмыс күші
БСН – Бизнес сәйкестіндіру нөмірі
Неке – ері мен әйелі арасында заңды өзара қатынастарды қалыптастыру
актісі, рәсімі немесе үрдісі;
Үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай
немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді
бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған
экономикалық субъект;
Перинаталдық өлім-жітім – жүктіліктің 28 аптасы кезеңінен, алғашқы 7
тәулік соңына дейгі балалардың өлімі.
Ажырасу – некені заңды түрде бұзу;
Тіркелім – бірліктер деңгейінде жүйелі түрде жаңарту мүмкіндігімен
ұйымдастырылған деректерді жинау жүйесі;
Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі - Қазақстан Республикасының
барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын
ақпараттық жүйесі;
Жаңғырту – тіркелімді құру, жаңғырту, түзету мен кеңейту мақсатымен
сәйкестендіруге берілетін ақпаратты өңдеу;
Отбасы – бірыңғай жалпы отбасылық қызмет негізінде неке қатынасы – ата-
аналық – туыстықпен байланысты, сонымен қатар халықтың көбеюі мен отбасы
буындарының жалғастырулығын, сонымен қатар балалардың әлеуметтігі мен
отбасы мүшелерінің тіршілік етуін сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдар
тобы;
Қайтыс болу – тірі туу орын алғаннан кейін кез келген уақыт өтуден
өмірдің барлық белгілерінің түпкілікті тоқталуы (туғаннан соңғы өмірлік
барлық функциялардың оның қалпына келтіру мүмкіндігісіз тоқтатылуы);
Халықтың статистикалық тіркелімі (ХСТ) - Қазақстан Республикасының
аумағында тұрып жатқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерде уақытша тұрып жатқан оның азаматтары
туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі;
АСДС – статистикалық нысандарға сәйкес алғашқы статистикалық
деректерді сақтау, өзгеру, бірегейлендіруге арналған Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің ақпараттық жүйесі;
Тұрғын үй бірлігі – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын,
белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай
келетін дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме.

2. Халықтың статистикалық тіркелімі туралы жалпы мәліметтер

ХСТ байқау объектісі – Қазақстан Республикасының халқы болып
табылады. Тіркелімінің құқықтық бірлігі – жеке тұлға болып табылады.
Құқықтық бірлігі негізінде үш статистикалық бірлігі құрылады: Тұлға, Отбасы
және Үй шаруашылығы.
ХСТ, ЖТ МДҚ (эталондық базасы) сонымен қатар Қазақстан Республикасының
аумағында 2009 жылы өткізілген Халық санағының қорытындысы бойынша жасалған
"Халық санағы" дерек қоры негізінде жасалған болатын.

ХСТ-ға деректер әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелері, сонымен
қатар статистикалық байқаулар деректері негізінде келіп түседі. ХСТ-ға
деректердің түсімі жүйелі түрде, көріністің пайда болуына қарай
мерзімділікпен айқындалған уақыт аралығында жүзеге асырылады. Мәліметтердің
түсу алгаритмі тиісті ақпараттық өзара іс-қимыл ережелерінде жазылған.
ХСТ үшін түсетін ақпараттардың негізгі дереккөздері ЖТ МДҚ мен АХАЖ
АЖ-дан түсетін мәліметтер болып табылады. Осы ақпарат жүйесі басқа
әкімшілік дереккөздердегі жеке тұлғаларды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін
сәйкестендіруші деректерді қамтиды, сонымен қатар халықты есептеу үшін туу
мен қайтыс болу туралы мәліметтерді ұсынуға арналады. ХСТ-нің ЖТ МДҚ және
АХАЖ АЖ-мен өзара іс-қимылы тиісті жүйелердің өзара іс-қимыл ережелеріне
сәйкес жүзеге асырылады.
Түскен деректердің негізгі дереккөздерінен басқа ХСТ-ға келесі
ақпараттық жүйелерден мәліметтер түседі:
1) ДСМБАЖ – туу туралы медициналық куәліктерден, қайтыс болу және
перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәліктерден мәліметтер;
2) ҚР ІІМ ақпараттық жүйелері – халықтың ішкі және сыртқы көші-қон туралы
мәліметтер;
3) Бүркіт ақпараттық жүйесі – тұрғылықты тұру орнына шығукелу
мақсатымен Қазақстан Республикасының шекарасынан өту туралы және ҚР
азаматтығын алу мақсатымен шекараны өтетін тұлғалар туралы мәліметтер.
4) ЕХӘҚМ АЖ – халықтың жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздық пен басқада
әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтер;
5) ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі:
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуден немесе кешенді тестілеуден өткен Қазақстан
Республикасының оқушылары жайлы мәлімет (ҚР БҒМ Ұлттық бірыңғай тестілеу
орталығының АЖ)
2. Оқыту орындарының түлектері мен оқу орындарынан шығып кеткен оқушылар
жайлы мәліметтер.
Санақ өткізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
немесе уақытша тұратындар туралы мәліметтерді қамтитын Халық санағы
дерекқоры ХСТ-ға ақпаратын алудың қосымша дереккөзі болып табылады.

3. Халықтың статистикалық тіркелімінің құрылымы

ХСТ-ға мәліметтерді жинау ұдайы түрде, әкімшілік дереккөздерден
жүзеге асырылады.
ХСТ-ға түсетін деректер анықтамалықтар сәйкестілігіне талдаудан өтеді
және құқықтық бірліктен статистикалық бірлікті құрастырып, іріктеледі.
1-ші суретте ХСТ дерекқорының жалпы сызбасы бейнеленген.
(мәліметтердің түсімі және кейінгі шығарылым мәліметтерін қалыптастыру).

1-ші сурет. ХСТ дерекқордың жалпы сызбасы

ХСТ қызмет етуінің механизмі әкімшілік дерекқорда тиісті ақпараттың
өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының әрбір тұрғынына қатысты
белгілі бір ақпарат жазбаларын үнемі қабылдауға мүмкіндік береді.
ХСТ-да екі деректі сақтайтын қор қолданылады.
1) Оперативті дерекқор - OLTP (Online Transaction Processing);
2) Деректер қоймасы – OLAP (online analytical processing).
OLTP қоры әкімшілік дереккөздерден нақты уақыт тәртібінде түсетін
мәліметтерді қамтиды және бұл ізденісті, іріктемелеуді, алғашқы деректерді
өңдеуді, сонымен қатар ХСТ-да ұсталатын енгізілген деректердің дұрыстығын
бақылауды және оның форматтық-логикалық бақылау сәйкестігін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Қабылданған мәліметтер негізінде әкімшілік сияқты
статистикалық бірліктерде қалыптастырылады.
OLAP қоры бірліктердің барлық түрлері бойынша, ақпаратты өңдеу үшін,
сонымен қатар динамикалық есептерді құрастыруға арналған. Кесінділерді
қалыптастыру негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша шығу мәліметтерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік және статистикалық бірліктер
түрлері бойынша жүзеге асырылады.
2-ші суретте OLTP қорында деректерді сақтау сызбасы кескінделген.

2-ші сурет. OLTP қорында деректерді сақтау сызбасы

4. Тұлға статистикалық бірлік

ХСТ-ға жеке тұлғалар туралы мәліметтер әртүрлі әкімшілік
дереккөздерінен түседі. Түскен деректер негізінде ХСТ статистикалық
көрсеткіштерді қалыптастыратын Тұлға статистикалық бірлікті
қалыптастырады.
Тұлға ХСТ-да абстрактылы бірлік болып табылады, ол жеке тұлға
құқықтық бірліктің келесі түрлері бойынша құрылады:
1. Қазақстан Республикасының Азаматы – Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы аумағында дүниеге
келген және басқа шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын, сонымен
қатар Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы заңға сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болған тұлға.
2. Шетелдіктер – бұл Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылмайтын, өзінің басқа шет мемлекет азаматтығына тиістілігін
дәлелдей алатын тұлға.
3. Азаматтығы жоқ адам - бұл Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылмайтын, өзінің басқа шет мемлекет азаматтығына тиістілігін
дәлелдей алмайтын тұлға.
1-қосымшада әкімшілік дерекқорларынан түсетін ХСТ-да тұлға
мәліметтерін сипаттайтын атрибуттарды қамтиды.
Тұлға жаңа статистикалық бірлікті қалыптастыру критерии келесі
ахуалдар түрлері болып табылады:
1) АХАЖ АЖ мен ЖТ МДҚ-дан тууды тіркеу жазу актісі туралы мәліметтер;
2) Шетелдіктер үшін – ЖТ МДҚ-дан шетелдікке Қазақстан Республикасында
тұрғылықты тұруға рұқсатын бергенде;
3) Шетелдіктер үшін – Бүркіт АЖ-дан Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұруға рұқсатын (бұдан әрі – ТТР) бергенде.
4) Азаматтығы жоқ адамдарға – ЖТ МДҚ-дан азаматтығы жоқ адам куәлігін
бергенде.
Тұлға статистистикалық бірліктің белсенділігінің тоқталуы
критерийлері:
1) АХАЖ АЖ-дан кайтыс болуды тіркеу жазбаның актісі туралы мәліметтер;
2) Бүркіт АЖ-дан шетелге тұрақты тұруға кеткен және азаматтығын
өзгерген жеке тұлға туралы мәліметтер;
ХСТ-дағы Тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жеке тұлғаға
берілген ЖТ МДҚ-дан ХСТ-ға ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы берілген нөмірі
болып табылады. ЖСН ХСТ-дан келесі жағдайларда шартты түрде шығарылады:
1) мәліметтер Құқықтық статистика мен арнаулы есеп шеңберінде өз
құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті
орган белгіленген тәртіпте, көлемде және мерзімде ұсынылатын жеке
тұлғаның хабарсыз жоқ болуы туралы сот шешімінің күшіне енуінен
кейін;
2) Қазақстан Республикасынан бейрезиденттердің шығуы кезінде.

5. Отбасы статистикалық бірлігі

ХСТ-да Отбасы мағынасында бірігіп тұратын және бір-бірімен
тіркелген неке шеңберінде немесе ата-ана-бала туыстықпен байланысқан екі
немесе одан да көп тұлғалардан тұратын топ. Сөйтіп, отбасы ретінде баласыз,
немесе 1 балалы немесе одан көп балалы жұбайлар немесе бір не одан да көп
балалы ата-ананың біреуін айтамыз.
Балалар мағынасында кем дегенде бір ата-анасының үй шаруашылығында
тұратын және бұл үй шаруашылығында өз жұбайы мен балалары жоқ 25 жасқа
дейін туған балалар, өгей ұлдар мен қыздар және балалыққа алынған балалар
түсініледі.
ХСТ-да отбасылардың келесі түрлері қалыптастырылады:
1. Жай отбасы – баласыз немесе бір және одан да көп баладан тұратын
жұбайлардан тұратын отбасы.
2. Толық емес отбасы – бір немесе одан да көп баласы бар бір ата-
анасынан тұратын отбасы.

3-ші сурет. Отбасыларды құру сызбасы

Қарапайым отбасының қалыптастырылуы АХАЖ АЖ, Бүркіт АЖ, ХТҚ ТП-дан
түскен оқиғалар негізінде қалыптастырылады және жаңа отбасының құрылуы
немесе Қазақстан Республикасы аумағына көшіп келетіндер туралы мәліметтерді
қамтиды.
ХСТ-ге толық емес отбасылары АХАЖ АЖ мен Бүркіт АЖ-дан келген
хабарламалар негізінде қалыптастырылады.
3-ші суретте Отбасы статистикалық бірлікті құруға негіз болатын
оқиғаларды көрсете отырып отбасыларды құру сызбасы көрсетілген.
ХСТ-дағы Отбасы атрибуттары:
1) отбасының ID
2) отбасындағы тұлғалар саны;
3) отбасындағы балалар саны;
4) отбасын құру күні;
5) отбасын құру кезіндегі оқиға түрі;
6) отбасының айырылысу күні;
7) отбасының бұзылуы кезіндегі оқиға түрі;
8) отбасы түрі;
9) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің ЖСН-дері);
10) МТ коды (МТ АЖ-дан қойылады);
11) ТҚТ-дан IKD (үйдің, пәтердің);
12) отбасының мекенжайы (МТ немесе ТҚТ коды жоқ болған кезде ғана);
13) үй шаруашылығының ID.
ХСТ-дағы отбасының ID белсенділігі тоқтатылуының критерийлері ретінде
келесі оқиғалар түрлері белгіленеді:
1) ажырасу кезінде, егер жұбайлардың баласы болмаса;
2) ажырасу кезінде, егер отбасында екі немесе одан да көп бала болса
және ата-аналар балаларды бөлген жағдайда, жай отбасының ID
жойылады және 2 толық емес отбасының ID құрылады;
3) шет мемлекетке Қазақстан отбасының тұрақты тұруға кетуі;
4) екі толық емес отбасы басшыларының (еркек пен әйел арасында) неке
қию жағдайында екі толық емес отбасының ID қызметін тоқтатады және
жай отбасының жаңа ID қалыптасады.
5) толық емес отбасында ата-ананың немесе жалғыз баланың қайтыс болуы;
6) жай отбасында екі ата-ананың қайтыс болуы;
7) толық емес отбасында жалғыз баланың 25 жасқа толуы;
8) толық емес отбасында 25 жасқа дейінгі жалғыз баланың некеге тұру
туралы акт жазбасын құру.
ХСТ-да отбасын құру кезінде отбасын сәйкестендіруді жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін отбасының 12-мәнді бірегей ID кодының автоматты түрде
берілуі көзделген.

6. Үй шаруашылығы статистикалық бірлігі

ХСТ-да үй шаруашылығы мағынасында бірігіп тұратын бір немесе одан
да көп жеке тұлғалардан тұратын экономикалық субъект түсініледі. Үй
шаруашылығы түсінігі дербес тұлғалар немесе топтар өз-өзіңіздерді тағам
мен мен тіршілік үшін барлық қажеттілікпен қамсыздандыратын тұрмыстық
салтқа негізделеді.
ХСТ-да үй шаруашылықтарының келесі түрлері бар:
1) жеке үй шаруашылықтары;
2) институционалдық үй шаруашылықтары.
Жеке үй шаруашылықтары келесідей бөлінеді:
1) бір тұлғадан тұратын үй шаруашылықтары – жекелеген тұрғын бірлікте
тұратын және шаруашылықты құру үшін басқа бір тұлғамен бірлеспейтін
өзін тағам мен мен тіршілік үшін барлық қажеттілікпен
қамсыздандыратын тұлғалар;
2) топтық үй шаруашылығы - тұрғын бірлікте бірлесіп тұру және өзін
тағам мен тіршілік үшін барлық қажеттілікпен қамсыздандыру үшін
біріккен екі және одан да көп тұлғалардан тұратын топ. Осы топтағы
тұлғалар өз табыстарын бірігуге және шаруашылықты азды-көпті ортақ
бюджет бастамасында жүргізе алады; олар туысқан бола алады немесе
бола алмайды немесе туысқандар және туысқандар емес комбинациясын
ұсынады.
Тұрғын бірлікте тұратын барлық тұлғалар бір шаруашылықтың мүшелері
болып саналады, сондай-ақ, бір үй шаруашылығы бір тұрғын бірлікті алады деп
түсініледі. Тұрғын бірліктердің орын алатын саны оның орын алатын үй
шаруашылықтар санына тең, ал тұрғын бірліктің орналасқан жері үй
шаруашылығының орналасқан жерімен түйіседі.
Институционалдық үй шаруашылықтары – бұл тұлғалардың баспана мен
тағамдану қажеттіліктері мекемемен қанағаттандырылатын үй шаруашылықтары.
Мекеме мағынасында, тұлғалар топтарын ұзақ тұру мен қызмет көрсету және
барлық тұрғындармен қолданылатын жалпы ыңғайлықтарын қамсыздандыру (демалу
үшін дәліз, асханалар, жатаржайлар және т.б.). Институционалдық үй
шаруашылық қатарына келесілер жатады:
1) сәбилер үйі;
2) балалар үйі;
3) жетімдер мен ата-аналардың қамқорлығынан айырылған балаларға
арналған интернат-мектебі;
4) мүгедек балаларға арналған интернат үйі;
5) тәрбиелеудің ерекше тәртібімен мектеп;
6) шипажай интернат-мектебі;
7) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-мектеп;
8) созылмалы ауруы бар науқастар үшін диспансер;
9) әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, соның ішінде баспанасыздар
үшін көмек көрсету арқылы тұруға арналған кешендер;
10) бас бостандығынан айыру орындары;
11) діни қауымдастықтар;
12) бірлесіп тұру үшін ұқсас басқада тұрғын жайлар.
Үй шаруашылығы жаңа статистикалық бірлігін құру критерийлері:
1. аталған үйдепәтерде тұрады деген шартпен МТ АЖ-дан жаңа мекежайын
құру туралы мәліметтер;
2. ХТҚ ТП-дан жаңа мекенжайымен тұлға туралы мәліметтер (бұрын ХСТ-да
жоқ болған);
3. Бір тұрғын мекежайға ие тұлғаларға үй шаруашылығының бір ID
беріледі;
4. Институционалдық үй шаруашылығында тіркелуі туралы мәліметтер.
Үй шаруашылығы статистикалық бірлігінің белсенділігін тоқтату
критерийлері:
1. МТ АЖ-дан мекенжай ресурсының коды белсенділігінің тоқтатылуы
туралы мәліметтер;
2. Үй шаруашылығы барлық мүшелерінің тұру орнын ауыстыру кезінде – ХТҚ
ТП-дан тіркеу туралы мәліметтер келетін институционалдық үй
шаруашылығының мекенжайы бойынша.
Институционалдық үй шаруашылығының түрін анықтау Бизнес тіркелім АЖ-
дағы мекенжай кодын салыстыру жолымен жүзеге асырылады. (Институционалдық
үй шаруашылығы Бизнес тіркелім АЖ-да Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы
жіктеуіші  (ЭҚЖЖ) бойынша анықталады).
Үй шаруашылығының атрибуттары:
1. Үй шаруашылығының ID (Үй шаруашылығының ID автоматты түрде ХСТ-дан
беріледі).
2. МТ коды (МТ АЖ-дан беріледі).
3. ТҚТ-дағы (ТҚТ-дан беріледі) IКD (үйдің, пәтердің).
4. Үй шаруашылықтың мекенжайы (МТ коды мен ТҚТ-дан IКD жоқ болғанда
жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайынан қойылады).
5. Үй шаруашылығының отбасыларының саны (бір мекенжай бойынша тұратын
отбасылар санынан беріледі).
6. Үй шаруашылығы мүшелерінің саны (бір мекенжай бойынша тұратын жеке
тұлғалардан беріледі).
7. Үй шаруашылығы мүшелерінің ЖСН-дері (бір мекенжай бойынша тұратын
жеке тұлғаның ЖСН беріледі).
8. Үй шаруашылығының түрі (үй шаруашылығының түрлері анықтамалығынан
код беріледі).
9. Отбасылар ID (аталған үй шаруашылығына жататын отбасылар ID
беріледі).
ХСТ-да әрбір үй шаруашылығына бірегей 12-мәнді код автоматты түрде
беру көзделген. Үй шаруашылығының жеке сәйкестендіру нөмірі егер мекенжай
ресурсының коды бар болса, бірақ аталған үйде (пәтерде) ешкім тұрмаған
жағдайда шартты түрде шығарылады.

7. Халықтың статистикалық тіркелімінің оқиғалар дерекқоры

ХСТ OLTP оқиғалар дерекқорында мәліметтерді сақтауды көздейді.
Қосымшаларда OLTР дерекқорында қамтылатын атрибуттар тізімі ұсынылған.
Оқиғалар қорының атрибуттар тізімі 3-ші қосымшада келтірілген. 2-ші
қосымшада ХСТ оқиғалар қорына түсетін халықтың білім деңгейін анықтайтын
мәліметтер.
Әкімшілік дереккөздерінен түсетін ақпарат ХСТ оқиғалар қорын
қалыптастырады, бұл тұлға, отбасы, үй шаруашылығы сияқты статистикалық
бірліктерді қалыптастырады.
ХСТ-да оқиғалардың келесі есепке алу түрлері жүргізіледі:
1) туу;
2) қайтыс болу;
3) неке;
4) ажырасу;
5) сытқыішкі көші-қон
6) білім деңгейінің өзгеруі;
7) жұмыспен қамтылу жағдайының өзгеруі.
Қандайда бір уақыт бойынша демографиялық оқиғалар туралы мәліметтерді
ағымдағы есептен алады, яғни бұл оқиғалардың шығу мөлшері бойынша тіркейді.
Осымен туулар, өлімдер, неке қию және ажырасулар біздің елімізде азаматтық
ахуал актілерінің тіркеу органдарында тіркеледі (ааат), Сол кезде көшулер -
ішкі істер органдарында (ішкі және сыртқы көшіп қону) және ҰҚК шекара
қызметі комитетінде (сыртқы көшіп қону оқиғасында) жүргізіледі.
Демографиялық оқиғалар тіркеуі арыздану принципіне сәйкес жүргізіледі, яғни
халық қандайда бір оқиға жайлы тиісті органдарға барып хабарлауы керек.
Бұл, демографиялық есеп оқиғаларды есепке алудың толық болмауы мүмкіндігі
мәселесін туындататыны әдбен түсінікті. Бұл мәселені шешу немесе төмендету
үшін, көптеген елдердің заңнамасы бекітілген демографиялық оқиғаларды
білгіленген уақытта тіркеу міндеттілігін немесе мемлекттік органдарды
ақпараттандыруға тиісті мекемелерге жауаптылығын жүктейді: перзентхана,
әділет органдары және т.б. Осы мақсатқа туу туралы, қайтыс болу
куәліктерінің, неке қию және ажырасуды тіркеу қолға берілуі қызмет етеді.
Осылайша демографиялық оқиғаны тіркеуге ынталану жоғарылайды. Бұдан бұрын
жоғарыда аталған барлық оқиғалар қолмен тіркелетін және қағаз тасығышта
берілетін, ал қазіргі уақытта бүкіл қызметтердің ақпараттануына байланысты
мәліметтер электронды түрде де беріледі. Болашақта бүкіл қағаз жүзінде
тіркеудің барлық түрінен бас тарту жоспарлануда.
Туу туралы, қайтыс болу, неке қию және ажырасу қазіргі таңда бұлардың
тіркелуі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы "Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы" Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Тууды тіркеу барысында сәбидің жынысы, туылған күні, жаңа туған
сәбидің бойы мен салмағы, реттік нөмірі, бірұрықты немесе бірнеше
ұрықтылығы, ата-анасының жасы, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық
сипаттамалары (ұлты, білімі және т.б.) бекітіледі. Өлімді тіркеу барысында
қайтыс болғанның жынысы мен жасы, себебі, туу туралы оқиғаға сәйкес оның
әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары бекітіледі. Азаматтық хал актілерінде
бар мәліметтер туу туралы, қайтыс болу, неке қию және ажырасу мәселелерін
терең және көп өлшемді өңдеуін жүргізуге мүмкіндік береді.
Туу. ХСТ туу жайлы мәліметтер ҚР ӘМ АХАЖ АЖ және ҚР ДСМ БАЖ келіп
түседі. ДСБАЖ мәліметіне сәйкес туу туралы толық мәліметтер түседі. Мысалы:
баланың бойы, салмағы.
Баланың тууын тіркеу үшін дәрігердің медициналық куәлігі немесе бала
туылуы жайлы белгіленген фактісі бойынша сот шешімінің көшірмесі негіз
болады. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу баланың тууы орны бойынша немесе
ата-анасының бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органмен тіркеу
жүргізіледі. Ата-анасының тұрғылықты жері заңды мекенжайына сәйкес
анықталады. ХСТ шет ел азаматтарының тууы туралы мәліметтер есепке
алынбайды, өйткені неке және отбасы туралы заңға сәйкес бұл балдарға ЖСН
бекітілмейді.
Балардың туылуы ең алдымен тірі туылған балалар санатына қатысты.
Облыстар (аймақ) бойынша туылғандар саны анасының тұрақты өмір сүру орны
есептеледі.
Қайтыс болу. Өлім мен өлім жітім статистикасын қолдануыдың басты және
маңызды бағыттары мыналар болып табылады: қазіргі демографиялық талдау
жағдайы мен оның өзгеру қарқындары; денсаулық сақтау қызметінің әкімшілік
және зерттеу қажеттілігін қанағаттандыруға байланысты, өңдеу және қоғамның
денсаулығы бағдарламасы орындау және оның нәтижелік бағасымен анықталады.
Қайтыс болу туралы деректер ҚР ӘМ АХАЖ АЖ және ҚР ДСМ БАЖ келіп
түседі. Перинаталдық өлім бойынша деректер ДСБАЖ түседі. Өлі туылғандарға
ЖСН бекітілмейді. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге неке және отбасы
туралы заңына сәйкес мыналар негіз болып табылады:
1) медециналық ұйым берген қайтыс болу туралы бекітілген нұсқадағы құжат;

2) қайтыс болуы жайлы белгілінген фактісі бойынша заңды күшіне енген сот
шешімі немесе тұлғаның өлімі туралы хабарлама.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болған адамның, тұрғылықты
жері немесе қайтыс болған жері бойынша тіркеуші органмен жүргізіледі.
Облыс (аймақ) бойынша қайтыс болу саны, қайтыс болғанның тіркелген
жері бойынша есептеледі.
Неке. Неке туралы мәліметтер АХАЖ АЖ келіп түседі. Некені (ерлі-
зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, некелесушілердің (ерлі-зайыптылар)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен нұсқасы бойынша жазбаша
түрде бірігіп жазған арызы негізінде тіркеуші органмен тіркеу жүргізіледі.
Облыс (аймақ) бойынша неке қию саны, некені қиған жері бойынша есептеледі.
Біздің елімізде тек, азаматтық хал актілерінде (АХАЖ) тіркелген неке заңды
болып табылады.
Статистиканы қалыптастыру үшін неке ең алдымен, "отбасы" статистикалық
бірлігін және бала туу алғы шарттары ретінде туылу және өлім-жітім
процестері қызықты болады.
Неке жайлы статистиканы құру барысында басты көрсеткіштер болып
қандайда бір дәуір ішінде нақты неке қиғандар жатады (н.е. тіркегендер).
Ажырасу. Ажырасу жайлы мәліметтер АХАЖ АЖ келіп түседі.
Ажырасуды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу үшін, ажырасушылардың
(ерлі-зайыптылар) бірігіп жазған арызы немесе некені бұзуға құқығы бар
белгіленген тәртіпте ерлі-зайыптылардың бірінің жазған арызы және де
ажырасу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негіз болады. Ажырасуды (ерлі-
зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, жазбаша түрде бірігіп жазған арызы
негізінде, тіркеуші органмен ерлі-зайыптылардың тұрғылықты жері бойынша
немесе ерлі-зайыптылардың бірінің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

Облыс (аймақ) бойынша ажырасулар саны, некені бұзуға арыз беруші ерлі-
зайыптының тұрғылықты жері бойынша санақ жүргізіледі.
Көші қон. Халықтың (қалаға ауылдан, ауданаралық және де басқа көшулер)
ішкі және сыртқы (эмиграция, иммиграция) көшіп қону ерекшеліктер бар. ХСТ
АЖ көші қон статистикасын құру үшін екі әкімшілік қайнар көзін қолданады:
ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ. Көші қон кезінде ҚР ХТҚ ТП АЖ қолданылады, сондай ақ
шекара асып шет елде тұрақты тұрушылар мен шет елден ҚР келгендер туралы
мәліметтер ҚР ҰҚК Бүркіт АЖ арқылы келіп түседі.
Көші қон жайлы мәліметтер елдің демографиялық статистиканың құрамдас
бөлігі болып табылады. Саны жайлы, жынысы мен тұлғаның жасы, беогілі
ауданға шығуы немесе белгілі бір уақыт мерзімінде оны тастап кету жайлы
мәліметтер; тұлғалардың саны туралы мәліметтер, осы ауданда сол кезең
басында тіркелгендері жайлы, осы дәуірдегі туулар мен өлім туралы
мәліметтер халық құрылымдары мен санын бағалау үшін маңызды болып табылады.
ҚР Статистика агенттігі халықтың көшіп қонуы туралы деректерді,
ішкі істер органынан келіп түсетін ақпараттар негізінде (әділет және көші
қон полиция бөлімі) - келу және кету есебі статистикалық талондары арқылы
мекенжай қағазымен бір уақытта толтырылатын, тіркеуге тұру және шығу
кезінде (тіркеу және тіркеу есебінен шығару) тұрғылықты жері бойынша (келу)
қалыптастырады. Жоғарыда көрсетілген талон электрондық форматқа
ауыстырылған және ҚР ІІМ және ҚРСА арасында өзара іс-қимыл ережелеріне
сәйкес онлайн тәртібінде беріледі.
Статистикалық есепке алу талоны көшіп қонушылардың келу қағазында
келесідей сипаттамаларды көрсетеді:
- туылған күні және жылы,
- жынысы,
- ұлты
- тіркелген орны (тіркелгендігі) қашан және қайдан келді ,
- шыққан орнында қай жылдан бастап тұрған,
- келудегі мақсаты,
- бұрынғы тұрғылықты жері бойынша жұмысы мен жұмыс орны,
- білім деңгейі,
- тұрмыс жағдайы (некеде тұрғандар, күйеумен немесе жұбайынсыз
келгендігін көрсетеді),
- ересектермен бірге келген, 16 жасқа дейінгі балалар туралы
мәлімет,
Көшіп қонушылар туралы осыған ұқсас деректерді статистикалық есепке
алу талонында кету қағазында болады. Статистикалық талондардағы,
мәліметтерді өңдеу арқылы келуші және кетушілер жайлы, топтастырылған
аумақтық және әлеуметтік-демографиялық (жынысы, жасы, ұлты, тұрмыс жағдайы,
білім деңгейі және т.б.) белгілері бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі
пайда болады
Білім. Білім деңгейі жөніндегі мәліметтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДИСПАНСЕРЛІК НАУҚАСТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТІРКЕЛІМІ
Соvid-19 инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Статистикалық жинақтау
Пәндер