Діни ұйымдар мен топтар



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Діни ұйымдар мен топтар.
1. Харизма және харизматикалық діни көшбасшылар.
2. Діни мекеме.
3. М. Вебер Идеалды тип туралы ретінде

 .
Харизма – адамдар өзгелерге тиімді әсер ете алатын және адамдарды
ерекше дарынды иесі деп санайтын айрықша қасиет. Харизма (грекше. charisma)
— бұл тамаша дарын, ерекше дарындылық. Харизма түсінігі ежелгі грек
мифологиясынан бастау алады – өзіңе назар аударуды білдіру. Ал хариттер –
ежелгі гректердің әдемілік, әсемдік, нәзіктілік білдіретін әйел құдайы.
  Харизманың классикалық анықтамасын М. Вебер ұсынған: Харизма деп
басқаларға қол жетімсіз, ерекше күшке және қасиетке тән құдырет ретінде
бағаланатын жеке тұлғаның қасиеті.
 Тарихта харизматикалық тұлғалардың ішінде әлемдік діндердің негіздеушілері
де бар. Мысалы, Лютер Кальвин. Басқа жағынан мемлекеттік және әскери
қызметтегілер де бар, мысалы, Шыңғысхан немесе Наполеон. ХХ ғасырдағы
қайтаркерлер арасында – Гитлер, Муссолини, Ленин, Троцкий, Ганди және
Мартин Лютер Кинг. Харизма қасиеті қызмет түріне байланыссыз: қылмыскер де,
әулие де бірдей харизматикалық көшбасшы бола алады.
Харизма - ( гр. charisma - шапағаттылық, құдай берген дарын) - аса
дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін,
айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. "Харизма" ұғымы
харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық сияқты саяси түсініктердің
негізі болып табылады. Ұғымды әлеуметтік-саяси ғылымға
енгізген Э.Трельч (1865- 1923) және М.Вебер (1864-1920). Вебер хар измалық
үстемдіктің ерекше түрін анықтап, оны дәстүрлі және заңды үстемдікке қарсы
қойды. Оның пікірінше, харизмалық үстемдік - айтқанын екі етпей, бұлтақсыз
көнетін, ерікті түрде бағынатын, харизмалық билеушінің таңдаулы екендігіне
сенетіндер қолдайтын "көсемнің билігі".

Харизма — жеке тұлғада оған бас игізгендей және оның мүмкіндіктеріне
сөзсіз сенетіндей қасиеттер бар деп білу. Бұл феномен топтасу процесінде өз
мұраттарын жеке бір адамға түгелдей дарыған деуге бейім шағын және әсіресе
үлкен топтарға тән. Харизма көбіне экстремальды тарихи жағдайларда пайда
болады. Харизмалық лидерге оның жақтастарының барлық жетістіктері
байланыстырылады, тіпті оның көріну кемшіліктері дәріптелуге дейін барады.
Харизмалық лидердің діни немесе саяси аренадағы қабілеттері тылсым мәнде
ұғынылып, құтқарушы деп табыну шығады. Харизма оған сәйкес әлеуметтік-
психологиялық қажетсіну болғанда қалыптасады. Топтық психологияның феномені
ретінде Харизма, әдетте, өңінің айналдырылған түрінде қабылданады: барлық
назар харизманы жасаушы ізбасарларға аумай, лидерде болады. Харизмаға
өтпелі сипат берушілік, оның мұрагерлеріне тарату, иерархиялық тұрғыдан
орнықтыру әрекеттері болады. Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік
жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің
құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының
арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын
орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында
әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа
алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы
мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік
теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін
түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. Стратта деген
геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты
қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі
жік деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму
сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын
стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:

• касталар;
• сословиелер;
• таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе

1. Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын
өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық
жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық
стратификациялық жүйе деп аталады
2. жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға
болады. Каста - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді.
Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында
қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және
соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп,
ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы
болған:
• брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
• кшатрийлер (әскери адамдар);
• вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
• шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
• хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру,
қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен
төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң
тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген
тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де
Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-
құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу
типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген.
Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары
сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер,
шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне
өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және
төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік
тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты
жағдайлар орын алған. Тап деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді.
Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл
ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды.
Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

Діни мекемелер

Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні - ислам. Тарихи деректерге
сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан
аса уақыт өтті. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа
жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып
келді. Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы деген қазақ халқы небір
қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен
жоқ. Тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы
толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген.
Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы
жаңа арнаға түсіп, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп
жариялады. Конституциямызда: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
көрсетілген (Қазақстан Республикасының Консти-туциясы). Сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде өз азаматтарының заң
жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді.
Мемлекеттің басты заңына сәйкес, діннің және діни бірлестіктердің
әлеуметтік қызметтерін реттеудің, халықаралық тәжірибелеріне негіз-делген
өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Дегенменде, діннің
мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің
қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі,
кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осындай
белгісіздік, әсіресе, оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда
орын алған жаңа үрдістерге байланысты анық та, айқын аңғарылуда.
Қазіргі таңда ел ішінде іріткі салып, халықтың патриоттық сезімін құртып,
мәңгүрт етуге тырысып жатқан дәстүрлі емес діни ұйымдардың көбі христиандық
бағыттағы діни ұйымдар (протестанттық діни ұйымдар) болса, арасында
арагідік шығыстық дәстүрлі емес діни ұйымдар да (иогтар, кришнаиттер т.б.)
кездеседі.
Негізінен, өзге діндердің Қазақстан аумағына орналасуын үш
кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Бірінші кезең - III-XIV ғ.ғ. Бұл уақытта Орта Азияда және
Қазақстанда мелькиттер, яковиттер, несториандар, армяндық Апостоль шіркеуі
және католик шіркеулері алғаш орын тепкен.
Екінші кезең - ХVIII-ХХ ғ.ғ. басы. Қазақстанның орыс
патшалығының қол астына қараған кезі. Бұл кезеңде Ресей империясының
шекарасы ресми белгіленіп, картасы сызылып бекітілген соң, патша үкіметі
бұрынғы уақытша ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан
бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру
(христиандандыру) саясатын ашық жүргізе бастады (МырзахметовМ. "Қазақ қалай
орыстандырылды").
Бұл саясат кеңес үкіметі тұсында да жалғасын тауып, Қазақстанға жер
аударылғандар да өз діндерін қоса әкелді. Христиан дінінің тармақтары
(католицизм, лютерандық, менониттер, баптистер, адвентистер т.б. келе
бастауы - соның куәсі.
Үшінші кезең - еліміз тәуел-сіздік алған жылдары. Осы
кезеңде қоғамдағы идеологиялық тұрақсыздықты, сондай-ақ, берілген заңды
құқықтық артықшылықтарды ұтымды пайдалануға тырысқан жат-жерлік дәстүрлі
емес діни ұйымдар, бұрын соңды кездеспеген діни ағымдар мен секталар
(пресветериандық және методистік, протестанттық кон-фессиялар: Агапе,
Жаңа аспан діни ұйымдары, Бахаи Сайтан шіркеуі Саентология шіркеуі
сияқты т.б. діни бірлестіктер) көптеп орналаса бастады (Иванов Я.Ф.,
Трофимов В.А. "Христианство в Казахстане").
Кейінгі кезде еліміздегі өзге діни бірлестіктердің ішінде католик,
протестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар өз миссионерлік
қызметтерін елімізде белсенді түрде жүргізуде. Христиан діні
миссионерлікпен ғасырлар бойы айналысып келеді. Ал енді осы миссионерлікті
жүргізудің үш сатылы мақсаты бар. Бұл - еш өзгермейді Біріншісі - христиан
дінін жаю, Исаның дініне кірушілердің санын арттыру. Екіншісі - сол елдегі
шіркеулер құрылысын салмас бұрын шіркеуді толтыратын маман адамдарды табу,
ол үшін сол елдің зиялыларының шығармаларына, мәдениетіне христиандық
элементтерді енгізу. Үшіншісі - дамыған батыстық өркениетті христиандықпен
бір деп көрсету. Батыс өркениеті мен мәдениетін негізгі өлшем, эталон
ретінде ұсыну, еліктіру шарт (Кенжетай Д. Шахановтың жан айқайы немесе дін
туралы заңымыз қазақтар үшін жасалған ба? Иассауи жолы).
Миссионерлік - негізінен, діни ілімдерін таратуға арналған діни және саяси
қызмет сонымен қатар шағын мәдениетті, этносты өзінің табиғи бейнесінен
айырып, ассимилияцияға ұшыратудың таптырмас құралы. Миссионерлік ұйымдардың
шоқын-дыру саясаты Африка және Азия халықтары арасында қарқындап, мақсатты
түрде жүргізіліп отырды. Миссионерлік ұйымдарға бірқатар елдердің
мемлекеттік құрылымдары қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар,
қаржылық топтар материалдық және моральдік тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса
жұмыс істейді. Миссионерлер баратын елдің дінін, тарихын, әдет-ғұрпы мен
психологиясын зерттеп, біліп барады, жергілікті халық басым елді мекендерде
тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін
табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді (Бұлұтай М. "Дін
және ұлт"). Бұған байланысты әйгілі миссионер Чарльздің: Мұсылмандарға
жақындау үшін олардың дін тілін қолданыңдар. Құранның ішінен христиандыққа
зияны жоқ аяттарды алып қолданыңдар. Әрі мұсылмандардың жұма құлшылығына
параллель жұма уағыздарын ұйымдастырып, үй шіркеулерінің лидерлері имам
секілді көрінуіне болады. Үй шіркеуіне кірерде: аяқ киім шешу,
мұсылмандардың діни рәсімдеріне ұқсас рәсімдер ұйымдастыруға болады деген
сөзі жақсы мысал бола алады (Бұлұтай М. Қазактың ұлттығына нұқсан
келтіретін диссертацияларға әрқашанда қарсы боламыз "Заң" газеті.).
Шынында, миссионерлер діни уағыздарын қай ұлттың өкілі басым болса, сол
тілде жүргізетіндігін көріп отырмыз. Сондай-ақ, рәсімдерінде айтылатын діни
әндерін домбыра, қобыз, сыбызғы секілді ұлттық музыка аспаптарының
сүйемелдеуімен орындайды. Миссионерлердің үгіт-насихат құралы да,
материалдық техникалық базасы да тиісінше қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі, бұл -
дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Себебі,
олардың әрекеттері қоғамда кереғар көзқарастар туғызып келеді. Қоғам
мүшелерінің біршамасы өзінің тарихи, дәстүрлі діндерінен шығып, секталардың
шылауында адасып жүр. Осының негізінде дәс-түрлі отбасылық және қоғамдық қа-
рым-қатынастарда діни көзқарастарға байланысты түсініспеушіліктер орын
алуда.
Осы күні қоғамда кейбір отбасы мүшелерінің түрлі дінге еріп, тоз-тозы шығып
жатқанын көріп жүрміз. Адамды адастырушы діндерге кірген кейбір
қандастарымыз, өз отбасының ойранын шығарып, ата-анасы, бауырларымен
басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап және өз көзқарастарына өз
жақындарын да мәжбүрлеуде. Өзімшілдікке бой алдырған кейбір бауырларымыз өз
үйін, жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншіктеріне беріп, отбасылық
өмірден (ата-ана, бала-шаға, туыстары) бас тартып, адамды көрсоқырлыққа
итермелейтін діни-нанымдардың соңына еріп, өзгелердің қол шоқпарына
айналғаны өкінішті. Бұл - дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту. Мұндай діни
көзқарастары алуан түрлі жандардың ешқашан бір шаңырақтың астында береке-
бірлікте өмір сүре алмайтындығын көріп отырмыз. Отбасы - кішігірім бір
мемлекет. Демек, бұл - бүтін бір ұлттың шаңырағын шайқалту әрекеті деп
білеміз.
Атақты тарихшы Л. Гумилев: Бір халықты идеологиялық тұрғыда жаулап алу,
қару қолданып, күш жұмсаудан арзан, әрі анағұрлым тиімді - екенін айтқан.
Осы күні алпауыт мемлекеттер әскери күшпен жаулап алудан гөрі ұлтты
пассивтендіру (самарқауландыру) әдісін де кең қолдануда. Қазір болып жатқан
дәуір идеологиялық күрес дәуірі, саяси тактикалар дәуірі. Оның нақты
айғақтары - біз жоғарыда атап өткен, миссионерлік. Тұтас бір халықтың ішіне
іріткі салу, халқын фатализмге сүйреу.
Біз, келешек өскелең жас ұрпақты осы бір қатігез
мылтықсыз май-даннан аман сақтап қалуымыз керек. Ал ұлттық мәдениетімізге
жат діни ағымдардың көбейіп кетуі, Қазақстан Республикасының дін туралы
заңында көптеген жайттардың ескерілмеуінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Қазақстандағы «Грейс благодать» шіркеуінің қызметі
Қызығушылық топтар, түсінігі, функциялары, типологиясы
Дәстүрлі діннің белгілері
«Діни –экстремизм XXI ғасырдағы ғаламдық мәселе»
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
Саяси партия ұғымы туралы
Пәндер