Хәләф ғұламаларындағы ақыл мен нақылдың орны


II тарау
2. 2 Хәләф ғұламаларындағы ақыл мен нақылдың орны
.
Ашғари да Матуриди де мутазилийа мен басқа да адасқан мазхабтарды жеңе білу үшін қарсыластарының ақылға қонымды жақтарын қолданып ахли суннат каламының құрушылары болды. Бірақ ахли суннаттың калам методын көбіне дұрыс және ғылыми түрде бастатқан, ақылға да нақылға да өздеріне лайықты маңызды бере отырып негіздеген және осылайша ислам ақаидын түсіндіруге тырысқан Матуриди еді. Өйткені дінде ақылға сай келмейтін еш нәрсе жоқ. Алланың бар екендігі, хаят, ғылым, құдырет, ерік секілді сипаттары және Хз. Мұхаммедтің пайғамбар екендігі ақылмен дәлелденеді. Матуриди хабардың екі түрлі болатындығын айтады: 1) Мутауатир хабар. Оның дұрыс екендігін анықтау үшін зерттеп талдау жасау қажет. 2) Пайғамбарлардың хабарлары. Қолдарында олардың дұрыс екендігін көрсететін аяттар (муғжизалар) болғандықтан олардың жеткізген хабарларынан да дұрыс хабар жоқ. Өйткені дұрыс екендігінің айқындығы жағынан жүрекке үлкен әсер ететін сөздер пайғамбарлардың хабарлары болып табылады. 1
Насстардың негізінде ақылмен әрекет етуді үндеген имам Матуриди өзінің Құран-Кәрімге жасаған түсіндірмелерінде (тәпсір) бұл тәсілді өмірлік ұстаным етті. Десекте, имам Матуриди Құран-Кәрімге түсіндірме жасағанда, мутәшаббих (мағынасы құпия) аяттарға махкем (мағынасы анық) аяттардың негізінде жорамал (тәуил) жасады. Оның пікірінше, егер, мүміннің ақылы тәуил жасауға күші жетпесе, ол мәселені Аллаһқа қалдырған жөн. Имам Матуриди мүмкіндігінше Құран-Кәрім аяттарының мәнін ашуға тырысты. Себебі, Құран-Кәрім аяттарында қарама-қайшылық жоқ болатын. Бұл туралы қасиетті Кітапта: «Егер, Құран Аллаһтан басқаға тиесілі болса, онда көп қарама-қайшылық болар еді» («Ниса» сүресі, 82-аят) деп бұйырылады.
Имам Матуридің мутәшаббих аяттарға түсіндірме жасауы, салафилердің ұстанымына қайшы болғанмен, бұл сол дәуірдің қажеттілігі еді. Себебі, Ислам қанатын кеңге жайған сайын, ескі діндер мен мәдениеттердің ықпалына ұшырай бастады. Ислам ғұламалары мутәшәббих (құпия) аяттарға түсіндірме жасамағанымен, дүбәра сенімдегі кейбір дүмше ғалымдар исламдағы мутәшаббих негіздерге долбар айта бастады. Олардың теріс пікірлерінен исламды арашалау үшін, имам Матуриди мұсылмандық негіздерге қайшы емес тұрпатта мутәшаббих аяттарға жорамал жасап, халық сенімі бұзылмауына алдын алып отырды
Ақылдың дәлеліне келер болсақ, мұның танымның себебі екендігін қабылдауымыз керек. Себебі сезімдер мен хабарлар арқылы қол жеткізілген танымды ойластырып ретке келтіре отырып үкім шығаратын да соның өзі. Сезімдерден аулақ болған және олардан тыс нәрселерді түсінетін, хабар арқылы белгілі болған нәрселерде қателіктің орын алып алмағандығы ықтималдылығын қарастыратын, кейін пайғамбарлардың мұғжизалары мен сиқыршылардың алдап-арбауын ажырататын және басқа да нәрселердің дұрыс бұрыстығын түсінетін де ақыл. Ақылдың ойлауы арқылы жаратылыстағы хикметті және жаратушылары болып табылатын Алланың бар екендігін айғақтайтын дәлелдерді түсінеміз. Сол себепті ақылмен бастауы жоқ (қадим) Алланы танып, оны жаратылғандардан ажыратамыз. 2 Матуриди «Тауилат-ул Қуран» және «Китаб-ут Таухид» атты еңбектерінде рационалдық (ақли) ойлау мен дәлелді жақтап уахидің жол көрсетуіне негізделген ақылға жүгінеді. Алланың бар екендігі туралы рационалдық дәлел келтіруді міндетті түрде қажет деп санайды. Ақыл қателесіп шындықты таба алмауы мүмкін деп қауіптеніп тек қана нақылға жүгінуді қажетті деп санайтын факихтер мен хадисшілерге қарсы шығып былай дейді: «Адамды ақылын қолданудан бас тартуға үгіттейтін шайтанның азғыруынан (уәсуәсә) басқа еш нәрсе де емес. Себебі шайтан адамды өз ақылының жемісінен алыстатады, мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін және мақсатына жетуі үшін адамның сенімін жояды. Ақылды қолдана отырып зат туралы ойлау, оның принциптері мен нәтижелерінің көмескі тұстарын білуге болады. Кейін осыларда заттың кейіннен пайда болғандығын (хадис) және осыларды жаратушының бар екендігіне, нәпсілерін алдамшы ләззаттан сақтағандар үшін дәлелдер бар. Ақылды қолдануға кедергі болатын шайтанның азғыруы мен соның ісі екендігін білуіміз керек. »3
Сонымен қатар Матуридидің пікірінше ақылды қателіктер мен кедергілерден сақтау үшін мұқият болып, мақұлданған және белгілі нәрселерге (ма’қул) қоса нақылға да сүйену қажет. Ол осы мәселе төңірегінде былай дейді: « Кімде кім нақылға сүйене отырып ақылды қолдануда мұқият болуды қабылдамаса, ақылға беймәлім болған болған нәрселердің мәні мен түп-төркінін білгісі келіп, Хз. Пайғамбардың ешқандай ишараты болмаса да толық емес әрі шектеулі ақылымен Алланың хикметтерін толығымен қамтуға тырысар болса, ол адам өз ақылына зұлымдық етіп, оның шамасы жетпейтін нәрселерге зорлаған болып табылады . »
Имам Матуриди ақиқатты тануда барынша тиімді ойлауды мақсат етті, ақылмен шешіп қолдануда асыра сілтеушілікке ұрынбай, ақыл мен қисынды орнықты пайдалануымен ерекшеленеді. Ал, имам Әшғари мен оның мәзһабы нақлға (Құран мен сүннетке) көп мән беруімен өзгешеленеді. Осыған қарай, Матуридиді Муғтазила мен Әшғари мәзһабының арасындағы мәзһаб деуге болады.
Имам Матуридидің ақылға жүгінуін шариғат шеңберінің негізінде деп ұққан жөн. Осы тұрғыда, ол ақылмен ақиқатты іздеуге жүрексініп, тек Құран мен сүннеттен ақиқатты іздеген салафи өкілдерімен пікірталастырды. Имам Матуриди сәләфи өкілдеріне қарсы екендігін «Китабут-тәуһид» атты шығармасында былай жеткізеді: «Ақылды терістеушілік шайтанның азғыруы болып табылады. Себебі, ақылды теріске шығарған адам, одан басқа ештеңеге жүгіне алмақ емес. Бұл біздің ақылға деген мұқтаждығымыздың дәлелі бола алады. Аллаһ тағала құлдарын ақылмен әрекет етуге шақырады. Ақиқатты ақылмен іздеуге әмір етіп, ғибрат алуды ұсынады. Бұл ақылдың негізгі қайнар-көздердің бірі екендігіне дәлел» .
Имам Матуриди ақылды дәлел келтірудің дербес қайнаркөзі деп бағалағанмен, ақыл жете алмайтын жәйттер де бар деп білді. Бірақ, оның бұл түсінігінен тек нақлға мән беретін сәләфи өкілдері секілді ақылдың дәрежесін тым төмендеткен жоқ. Керісінше, ол ақылмен әрекет ету барысында ақиқат арнасынан ауытқып кетпеуге барынша мән берді. Имам Матуриди бұл тұрғыдағы пікірін былайша сабақтайды: «Кімде-кім нақлмен бірге ықтиятты болуды терістесе, сондай-ақ, құпия ілімді (мутәшаббих) кемшілігі бар ақылмен анықтағысы келсе, онда ол адам ақылға оның көтере алмайтын жүгін артқан болып, зұлымдық жасаған болып табылады» (Пр. Др. Мұхаммед Ебу Зехра, «Исламда саяси, итикади, фыкһи мәзһабтар тарихы» 183-187 беттер) .
Имам Матуруди сенім мәселеcін ақыл немесе қисынмен талдауды жақтағандықтан, ханафи мәзһабының өзге өкілдері де бұл мәселеде имам Матурудидің көзқарастарынан бөлек өзіндік пікір білдіретін. Мысалы: ханафи мәзһабындағы атақты «жеті қазының» («әл-кудатус-себа») бірі саналатын имам Дабусидің (өлген жылы 430/1039) сенім мәселесін имам Матурудиден өзгеше көзқарасы болатын.
Насстардың негізінде ақылмен әрекет етуді үндеген имам Матуриди өзінің Құран-Кәрімге жасаған түсіндірмелерінде (тәпсір) бұл тәсілді өмірлік ұстаным етті. Десекте, имам Матуриди Құран-Кәрімге түсіндірме жасағанда, мутәшаббих (мағынасы құпия) аяттарға махкем (мағынасы анық) аяттардың негізінде жорамал (тәуил) жасады. Оның пікірінше, егер, мүміннің ақылы тәуил жасауға күші жетпесе, ол мәселені Аллаһқа қалдырған жөн. Имам Матуриди мүмкіндігінше Құран-Кәрім аяттарының мәнін ашуға тырысты. Себебі, Құран-Кәрім аяттарында қарама-қайшылық жоқ болатын. Бұл туралы қасиетті Кітапта: «Егер, Құран Аллаһтан басқаға тиесілі болса, онда көп қарама-қайшылық болар еді» («Ниса» сүресі, 82-аят) деп бұйырылады.
Имам Матуридің мутәшаббих аяттарға түсіндірме жасауы, салафилердің ұстанымына қайшы болғанмен, бұл сол дәуірдің қажеттілігі еді. Себебі, Ислам қанатын кеңге жайған сайын, ескі діндер мен мәдениеттердің ықпалына ұшырай бастады. Ислам ғұламалары мутәшәббих (құпия) аяттарға түсіндірме жасамағанымен, дүбәра сенімдегі кейбір дүмше ғалымдар исламдағы мутәшаббих негіздерге долбар айта бастады. Олардың теріс пікірлерінен исламды арашалау үшін, имам Матуриди мұсылмандық негіздерге қайшы емес тұрпатта мутәшаббих аяттарға жорамал жасап, халық сенімі бұзылмауына алдын алып отырды
Матуридидің қолында ұстаздарынан оқып риуаят еткен Имам Ағзамның трактаттары ақаидтан калам іліміне айналды. Осы трактаттар сенілуі қажет болған ахли суннаттың сенім негіздерінің түсіндірмесі іспеттес болды.
Матуриди осыларда баяндалатын ақаидты басқа да нақли дәлелдермен күшейтіп рационалдық нақты дәлелдермен қуаттады. Ақаидтың салаларын бурһандармен айқындап күшейтті. Ол Мауараннахр өлкесі мен басқа да түрік халықтары өмір сүретін аймақтарда Әбу Ханифа мектебінің каламшысы, ахли суннат уәл-жамағаттың басшысы болды. Сол себепті ақаидта ханафийа мазхабы Матуридеге барып негізделді. Осылайша азғана бір бөлігін есептемегенде ханафийа мазхабының каламшылары матуридийа деп аталды. Әбу Ханифаның есімі тек ханафий фикхшыларымен ғана шектелді. Көптеген каламшылар мен зерттеушілер матуридийа деп аталатын осы ахли суннат мазхабының негізгі құрушысы Имам Матуриди емес Имам Ағзам Әбу Ханифа екендігін, ал Матуриди болса Имам Ағзамның жазған ақаид негіздерін ақли және нақли дәлелдермен күшейте отырып түсіндірмесін жасағандығын жазады. Кейбір ғалымдардың көрсеткеніндей Матуриди Имам Ашғаридің шәкірті емес, ол Имам Ағзам мен оның достары негізін қалаған ахли суннат мазхабын жан-жақты түсіндіріп іргесін бекіткендердің бірі.
Имам Әбул-Хасан әл-Ашғари мен Имам Әбу Мансур әл-Матуриди ахли суннат ақаидын жаю мақсаты мен көптеген түсіндірмелерінің нәтижелерінде біріккенімен, екеуінің калам методтарында аздаған айырмашылықтар бар. Екі каламшы да Құранда қамтылған ақаидты рационалдық және логикалық дәлелдермен дәлелдеуге тырысқандығында еш күмән жоқ . . . Өйткені толыққанды ақыл мен дұрыс нақыл мүлдем қарама-қайшы келмейтін еді. Бірақ Матуриди Ашғаридан да басымырақ ақылған маңыз берді. Оның көзқарасында ақылдың өте маңызды екендігін ашғарийа мен матуридийа мазхабтары арасындағы айырмашылықтар дәлелдейді. Екі мазхаб бойынша да Алланың бар екендігін ақли дәлелдер келтіре отырып білу уәжіп (парыз) ! Матуридидің пікірінше пайғамбар жіберілмесе де Алланы ақылмен білу уәжіп. Аллан танудың қажеттілігін ұғынатын ақыл. Ақылдың жалғыз өзі Алланың бар екендігін біле алады және оның қажеттілігін ұғынса да пайғамбар жіберілмей-ақ Алла тарапынан істелуі жөнінде ұсынылған үкмдерді жалғыз өзі біле алмайды. Алланы ақылмен танудың ақли тұрғыдан уәжіп деген көзқарас матуридийа мазхабына Имам Ағзам Әбу Ханифадан алынған. Баязидің (1098/1867) түсіндіруі бойынша Әбу Ханифа «Ақыл жаратылғандарға (махлуқат) қарап Ұлы Жаратушыны білудің құралы болғандықтан, Алланы танымауда ешкімнің сылтауы жоқ» деген екен. 4
Ашғарилар болса ақыл Алланың бар екендігін және бір екендігін білуде құрал болғанымен, адамға білудің қажеттілігін бұйыратын ақыл емес Алла Тағала. Алланың әмірі де уахимен және шариғатпен белгілі болады5 дейді. Матуридишілер де Алланы танудың қажеттілігін бұйыратын Алла Тағала болса да, ақыл Алла уағыздап әмір еткен осы қажеттілікті білуі мүмкін дейді. Бірақ «ақылды адамның себепсізден себепсіз Алланың бар екендігі мен бір екендігі туралы дәлел келтірмеуі харам болып табылады. Ақли дәлелді ешбір себебі болмай қолданбаған адам күнәһар болады. Ақылдың бір өзі Алланы тани алады. Бірақ ұсынылған үкімдерді (адамдарға Алла тарапынан жүктелген үкімдерді) біле алмайды» деген нәтижеде екі мазхабтың сөзі бір жерден шығады.
2-Ашғари «Алла Тағала бір себеп пен мақсатқа байланысты өз ісін істемейді (Алланың іс-әрекеттері мақсат, мүдде және себептерге қатысы жоқ) . Яғни, Алла Тағала бір нәрсені себеп, мақсат пен мүддесіз істейді, бір себепке байланысты және бір мақсатқа байланысты істемейді. Өйткені Ол істеген ісіне жауап бермейді, олар (адамдар . . . ) жауапты болады» дейді. Аяттарды өтетін Алланың хикметін де Оның ғылымы мен еркіне қалдырады.
Матуридидің пікірінше Алла өзін «Хикмет иесі» (Хаким) деп атайды. Олай болса Оның хикмет сипаты да бар. Алла түкке тұрғысыз және әбес істерден пәк. Кез келген ісінде хикмет бар. Ұлы Алла ұсынған үкімдерінде болсын, жаратқан істерінде болсын зорлықсыз және мәжбүрлеусіз осы хикметті мақсат етіп қалаған. Өйткені Ол ешкімге тәуелсіз, қалауы шексіз және қалағанын істеуші. Мутазиланың айтқанындай құтқару мен құлдарының істеріне ұюға ол мәжбүр емес. Өйткен қажеттілік пен керекті болу ерікке қарама-қайшы болады және басқасының онда құқының бар болуын қажет етеді және Оның істеген істеріне жауап беруіне тура келеді. Алла істеген істеріне жауап бермейді. 6
3-Матуриди мазхабындағылар «Алланың жаратушылық (такуин) сипатын құдырет сипатынан басқа азали және ақиқат сипат ретінде қабылдайды. Себебі Алла Құранда өзін жаратушы (халиқ) ретінде сипаттайды. Алла затты құдырет сипатымен жаратушылық сипатымен жаратады» дейді.
Ашғарилар болса жаратушы сипатын Алланың құдырет сипатымен байланысты жарататын нәрселерде пайда болатын бір сипат ретінде қабылдайды. 7
Матуридийа нақылға аса мән бере отырып насстардың мәніне сай түсіндірмелер жасаған. Измирли Исмаил Хаккы «Жаңа калам ілімі» атты еңбегінде ашғарийа мен матуридийа мазхабтары арасындағы айырмашылықтарды көрсеткен кезінде «ашғарийа бойынша бір адамның өлер кезінде құдайлық азапты көріп тәубе етіп иман келтіруі (тауба-у йаис) қабылданбайды. Матуриди бойынша қабылданады» (қараңыз: Йени илм-и келам, т. 1, Стамбул 1341-1339, 115 б. ) деуі қате. Өйткені матуридийа мазхабы бойынша мұндай тәуба келтіру мүлдем қабылданбайды. Тек күнәһар муминнің тәубасы бұған жатпайды. Алла қаласа қабыл етеді.
Матуриди «Тауилат» атты еңбегінде, Әбу Му’ин ан-Насафи (х. 508 ж. қ. б. ) «Табсира» атты еңбегінде «тауба-у йаис»-тің қабылданбауының себептерін былайша түсіндіреді:
«Себебі бұл иман қорқыныш пен азаптан құтылу үшін иман келтіру болып табылады. Еңбектену арқылы қол жеткізілген иман оның (өлгеннің) иман келтіруі іс-әрекет арқылы пайда болатындықтан иманға жатпайды . . . »8
«Бір адамның өлер алдында немесе ақыреттегі азапты көрген кезде иман келтіруі қабылданбайды және пайдасыз болады . . . »9
Өлер алдындағы иманның қабылданбайтындығы туралы «Жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: «Енді шынайы тәубе қылдым» деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес» (Ниса, 18), «Азабымызды көрген кезде иман келтірулері оларға пайда бермейді» (Ғафир, 85) секілді аяттар бар. Матуридийа мазхабындағылар аяттардың тура немесе сыртқы мағынасына қайшы келетін көзқарастарды айтпайды. Тек Алла мумин адамның өзер кездегі тәубесін қабылдайды.
Екі тарап та сенім негіздерінің басты түсіндірмелерінде және діни мәселелерде бірігетіндіктен бір бірін күпірлікпен айыптамаған. Төменде көрсетілетін басты басты тоқайласпаған көзқарастары мыналар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz