Хикая, оның жасалу жолы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Хикая, оның жасалу жолы

Аңыздық прозаға жататын жанрлар, ертегінің ішікі жанрлары сияқты бір-бірінен өзара ерекшеленеді, бірақ оларды ертегіден бөлектендіріп, әрі өзара жакындатып тұратын нәрсе олардың шындыққа бағыталуы (установка на вемесел ) мен танымдық функцисы.

Шындыққа бағытталған жанрладың ішінде мазмұны әжептәуір қилды болып келетіндері де бар (мысалы, хикая мен әпсана-хат) . Бұларда адамдар мен бірге мифтік мақлұқ-кейіпкерлер де бейнеленеді. Алайда мифтік кейіпкерлердің болуы хика мен әпсана-хикаятты шындыққа, реалды оқиғаға негізделген аңыздан айтарлықтай алшақтата алмайды, өйткені бұлардың үшеуі де жеке жанр болғанымен елді өзіне иландыратын қасиеті бойынша халық прозасының бір түріне жатады. Ал, ол қасиет аңыздық прозаның, көне дәуірдің діни наным, түсінік-пайымымен байланысының және танымдық функциясынан туған.

Қазақтың ескі заманғы діни нанымдарымен байланысты туған әңгімелер осы күнге дейін не этнографтар, не тарихшылар, не атеистер, не фольклористер назарына ілінбей келеді. Діни және этнографиялық жағын былай қойғанда, бұл шығармалар қазақ фольклорының жеке бір жанрын құрайды. Біз оны «хикая» деген терминмен атадық. Орыс фольклортану ғылымында бұл жанрды «быличка» деп атайды.

Хикаяны халық прозасының бір жанры деп зерттеу, оның жанрлық табиғатын ашу, ондағы мифтік кейіпкерлердің мән-мағынасын анықтау- еңбегіміздегі алға қойылған мақсаттардың бірі.

Өмірдегі әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өзгерістер аңыздық прозаға кіретін кейбір жанрлардың табиғатын, қызметі де өзгертеді. Мысалы, қазіргі кезде, ел арасында албасты, үббе, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу сияқты нәрселер бар, олар адамға кездессе зияндық жасайды дегенге ешкім сенбейді, Сондықтан хикая жанры бұрынғы, Совет өкіметі орнағанға дейінгі түрінде сақталған. Бұл күнде ондай әңгімелер анекдот ретінде, қабылданып, күлкі тудырады. Ауыл арасындағы егде адамдар болмаса, қазіргі заманда мұндай хикаяларды ешкім айтпайды, сондықтан бұл жанр осы күнге дейін ешбір зерттеушінің назарына ілінбеген. Қазақ фольклористері бұл жанрды жинамаған, тіпті фольклор деп есептемеген. Ал, біздің зерттеуіміэге негіз болған хикаялар: - өткен ғасырда жарық көрген және, ертегілер құрамында айтылған шығармалар, бірақ сан- жағынан онша көп емес.

Сонымен, хикая жанрын сөз, еткенде мерзімі жағынан өте шектелген, яғни XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырда ғана жиналып, жарияланған материалға сүйенуге тура келеді.

Қазақ фольклорында көрініс тапқан халықтың ескі нанымдарын. (суеверия) зерттеу - тек қана этнографтармен тарихшылардың ісі емес. Бұл фольклористер үшін де ете маңызды.

Халықтың көне діни нанымдары фольклордың әр жанрында әр түрлі көрініс табады, өйткені әр жанрдың өз ерекшеліктері, "міндеті мен қызметі болады. Айталық ежелгі нанымдармен байланысы мығым хикая жанры мен сол нанымдар елес қалдырған сатиралық ертегі жанры бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Мысалы, хиқаядағы адамды атын атап шақырып, суға батыратын үббе, жас босанған әйелді буындыратын албасты, саяқ жүрген аңшыны торитын жезтырнақтар сатиралық ертегідегі Алдар көсемен бәстесетін шайтаннан мүлде басқа. Себебі хикая жанры алғаш өзінің шыққан тегі - миф-тен онша қол үзе қоймаған, сондықтан айтушы да, тыңдаушы да хикаяға, баяндалатын оқиғаға мүлтіксіз сенген. Ал, сатиралық ертегідегі шайтанның оқиғасы бір кезде хикая ретінде айтылғанмен, кейін сол хикаядан да (алғашкы мифтен - болса да!) бірталай алшақтаған. Ел бұл оқиғаға сенбейді, ал сенетіндері болса, дәл хикаядағыдай іштей корқынышпен, сыйынумен сенбейді.

Демек, жаңағы албасты үббе, жезтырнақ, шайтан образдарының түпкі төркіні - көне замандағы мифтік санамен діни нанымдар. Олардың бір-бірінен айырмасы сол шығу тегінен қаншалықты алыстағанында, яғни осы кейіпкерлерді бейнелейтін жанрлардың, қаншалықты көркемдік қызмет атқаруында және осыған байланысты шығармалардың сюжеттік құрылысының қаншалықты күрделі болуында. Басқаша - айтар болсақ жанрдың, функциясы шығарманың формасын жасайды. Ендеше танымдық функциясы басым болса, шығарманың формасы қарапайым болады, мұнда айтушы тыңдаушысын сендіруді басты мақсат етіп қояды. Бұл - хикая; жанрына тән негізгі қасиет. Онда адамның көзге көрінбейтін басқа дүниенің өкілдерімені кездескені жайлы әңгіме шын деп баяндадады, ал қиял-ғажайып ертегілерде онда кездесу керемет қиял, әсірелеу деп қабылданады. Міне осыдан-ақ хикая мен ертегінің қайсысы мифке жақын екенін көруге болады.

Қазақ халқының әр түрлі мифтік (мифологиялык) мақлұқтар мен құбыжықтар туралы түсінігін барынша айқын бейнелейтін жанр хикая болып табылады. Хикая дегеніміз - ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы діни нанымға негізделген әңгімелер. Мұндай әнгімелерді ғылымда әр түрлі: атайды да «қарабайыр мифологияға» (низшая мифология») жаткызады. Алайда, біздің ойымызша, «карабайыр мифология» деген терминнің өзі дұрыс емес. Оған әдетте, көне Греция мен "Римнің көркем мифологиясындай болып дамымаған Азия, Африка, Австралияда рулық, патриархалды феодалдық қоғамда болған елдердің ертегі болып үлгер- меген, мифтік санамен тікелей байланысты шығармаларын жатқызатын. Бірақ соңғы 15-20 жыл ішінде миф деген терминнің ұғымы өзгеріп, оған ежелгі Греция мен Римиің мифологиясынан басқа да үлгілер кіретіні анықталды. Қазір зерттеушілер Австралия, Африка, Американың тұрғынды халықтарының мифін жан-жақты зерттей, оның жеке жанр екенін және стадиялық мерзімі жағынан етедегі Греция, Рим, Египет, Кытай, Үнді мифтерінен көне екенін дәлелдеді. Ендеше, «қара байыр мифология» деген ұғымды ескірген деп білу керек.

Сондықтан хикая бұған кірмейді, ол - фольклорлық, прозаның жеке жанры. Қолдағы материалға қарасақ, хикая жанры - көне мифтің феодалдық қоғамдағы өз-герген түрі. Ойымызды анықтайық. Патриархалды рулық қауымнан құл иеленуші мемлекеттік қоғамға соқпай, бірден патриархалды-феодалдық қоғам орнатқан елдердің көне мифтері жүйеленіп үлгірмей, ыдырай бастайды, себебі бұл дәуірде мифтің бұрынғы танымдык қызметін басқа рухани дүниелер атқарады да, көркемдік-эстетикалық санат ала бастайды. Дегенмен бұрығы көне мифтер бірден жоғалып кетпейді, өйткені, біріншіден, ол мифтерді туғызған ескі діни нанымдар инерциямен сақгалып қалады, екіншіден, бұқара көпшілік жаңадан туған рухани нәрселерді ә-дегеннен қабылдай бермейді. Сөйтіп, көне заманда туған миф басқа сипат алып, адам мен қоғамның рухани өмірінің перифериясына көшеді. Енді ол классификалық көне миф сияқты адамды толық қанағаттандырмайды, бүкіл әлем, өмір туралы сауалдарға бұрынғыдай жауап бермейді Бұл дәуірде көне мифтен тек мифтік кейіпкерлер ғана сақталады, соның өзінде де ол баяғы түріндей емес. Ол өзгерген, адамға бұрынғыдай билік жүргізе алмайды тіпті ол адамнан қорқады, сондықтан адамды қулықпен, алдап, арбап қана қолға түсіреді. Демек, бұл кезде адам өзі сеніп, қорқатын мақлұктардан өзін күшті сезінген, өзін оған қарсы коя алған. Міне, хикая жанрының қалыптасу жолы осылай. Бұл заңдылықты кұл иеленуші мемлекет құрмай рулық қауымнан феодалдық қоғамға бірден көшкен Европа халықтары мен шығыс славяндар фольклорынан да көреміз.

Әрине феодализм дәуірінде бұл жанрдағы шығармалар бұрынғының қалдығы ретінде ғана өмір сүрген, тіпті өзгеріске ұшырап, ертегіге де айналған. Елдің неше түрлі мифологиялық нәрсеге сенуі азайып ескі діни нанымдар жоғалған сайын мұндай хикаялар немесе ертегі мен анекдотқа айналады, немесе ұмытылады. Сөйтіп, бір кезде бір адамнын басынан өткен болып айтылатын естелік (меморат) әңгіме көркем жанрға айналады.

Хикаяда эстетикалық функция негізгі болмаса да, сол себепті оның стильдік бейнелеу кұралдары ертеректегідей көркем болмаса да, оның жанрлық белгілері өзіндік образдар жүйесімен және композициялық кұралдармен сипатталады. Хикаяның сюжеттік құрылысы, ондағы кейіпкердің суреттелуі, табиғаттың сипатталуы, тіпті әңгіменінің өз образы, - бұның бәрі хикаяның негізгі функциясына бағындырылған, ел арасында етек алған, көзге көрінбей өмір сүретін әр түрлі су иесі, тау иесі, тағы да басқа мақлұқтар бар деген халық сенімін дәлелдеуге бағытталған. Сондықтан хикая көп жағдайда куәлік сипатта болады: баяндалып отырған оқиғаны әңгімеші өз басына өткен деп айтады, немесе елдің көбі білетін атақты адам, я болмаса танысым көріпті деп куәландырады. Ал кейде әйтеуір бір адамның басынан өткен оқиға ретінде де айтылады. Ең кереметі - айтушы оқиғаның рас болғандығына еш шүбәланбайды.

«Ақ мешіттің бер жағында, өзімен үшінші маңайында Бірқазан деген көл бар. Сол Бірқазаннан нан кешке таман екі жігіт атпен түнде, айдың жарығымен Ақ Мешітке келе жатса, жолдың бір жағында екі бой жеткен қыз отын арқалап жүре берді. Біраз тұрған соң екеуі де қалың тоғайға еніп кетті де, бұлардың атын атап, әр жерге от жағып, «ауыл мұнда» деп шақыра бастады . . . » Міне бұл - адамның шайтанмен кездесуін баяндайтын хикаяның айтылу стилі. Мұнда аытушы көзімен көріп тұрғандай қылып айтады және осы өтірік емес пе екен деген ешқандай күдік те жоқ. .

Тағы бір хикаяның айтылу мәнерін байқайық:

«Ақ Мешітте Нүрпейіс деген бір би бар еді. Бір күні қатыны толғатып, баласын тапты да, өзі талып қалды. Сол уақытта бір түлкі келіп, қатынның жатқан жағына барды. Сол мезгілде еркектер өз алдына жиылып, бір тамда отырған екен. Солардың ішінде бір кісі түлкінің кіріп келгенін көріп, оны албасты деп, тұра қуып еді, түлкі есіктен шығып барды да, дарияға қатынның өкпесін тастап жіберді. Сонан соң талып жатқан қатын өліпті».

Мұнда да айтушы өзі көргендей қылып баяндайды. Оның үстіне тыңдаушысың сендіру үшін нақты қаланың (Ақ Мешіт), адамның (Нүрпейіс би) атын атап, әңгімесінің рас екеніне еш күмән келтірмейді. Міне, бұл хикаяның өзіндік стилі десе де болады.

Хикая тек бұл түрде ғана айтылмайды. Кейде хикаялар естелік түрінде, әңгімешінің өз атынан баяндалады, яғни әңгіме бірінші жақтан айтылады. Бұл әдістің бір қызығы - хикая жеке емес, ертегі типтес шығарманың ішінде баяндалады. Мұнда басты кейіпкер хикаяны өз басынан кешкен оқиға қылып айтады. Осындай хикаяның бірі - «Мамай батыр». Үйіне келіп қонақ болып отырған үш жолаушыға Мамай батыр өзінің жезтырнақпен кездескен хикаясын былайша баяндайды:

«Менің әкемнің әкесі де, менің әкем де Үшарал деген жерге аң аулап барып, жоқ болып кетіпті. Содан мен ержеттім, ат жалын тартып атқа міндім. Сөйтіп жүргенімде маған ой түсті. «Менің әкелерім Үшаралға барып өлді. Онда қандайлық пәле бар, барып көрейінші», - деп ойладым. Елімізде бір балгер бақсы бар еді, соны шақыртып алып, жөнімді айттым. Ол қобызында ойнап - ойнап жіберіп, маған былай деді: «Тіл алсаң барма әкелерің де сонда өлді, сен де сонда өлейін деп пе ең!» - деді. Оған мен болмадым. Не болсада құдайдың салғнын көрдім деп, бәйге күрең атым бар еді, соған мініп алып, тәуекел деп, Үшаралға жүріп кеттім. Сонымен бірнеше күн жүріп, Үшаралға келіп жеттім. Жері шүйгін. Неше түрлі аңдары да, қалың құз тоғайлары да көп екен. Екі-үш күн аң атып жеп жүрдім. Өзімді-өзім күзетіп: «Бұл менің әкелерімді құртып жүрген пәле-қайда?» - деп ойладым. Сонымен қанша жүре берейін, «қой қайтайын», -деп бір аңды атып алып, бақырға салып, «жеп кетейін» деп пісіріп отыр едім, әлден уақытта арқандаулы тұрған атым осқырып қоя берді. Жүгіріп қасына барсам, атым дірілдеп, қан сиіп тұр екен. «Е, бір пәле бар екен, етімді жылдам пісіріп, жеп кетейін», -деп асып отырған бақырымның қасына келіп отыра берген де, бір нәрсе зуылдап келе жатты. Қарасам, ұзын бойлы, қара сұр әйел. Екі қолы кусырулы, екі көзі мені ішіп жеп бара жатыр. Келіп, асулы тұрған еттің қасына отырды. Мен де екі көзімді одан айырмадым. Бір қолыма мылтығымды ұстап, бір қолыммен еттің астына от жағып отыра бердім. О да көзін менен айырмады. Ет пісті. Ол кететін емес. Бір қолымда мылтық, етті түсіріп, жеп отырмын. Бір жіліктің басын алып, ұсынып ем, аузын ашты. Аузына сүйек-мүйегімен асатып едім, ол бір ақ толғап, сүйегімен жұта салды. Сонымен мен де отырдым. Ол да жауап қатпады. Мен де етті жеп болдым. Көзімді одан айырғам жоқ. «Егер көзім ауып кетсе, қағып жібереді екен», - деп ойладым. Соныменен біраздан соң тұрып, жүріп кетті «Қой менің әкелерімді құртып жүрген осы екен», - деп енді кетейін деп, - атымды әкеп ерттеп, ойланып тұрып: «Бұл қалай, мен елге барғанда не көрдім деп барамын. Бүгін құдай сақтағанда, тағы сақтар. Осы жерге қонайын», - деп қайта ойландым. Мұның артын тағы байқайын деп, түнде өз бойыммен бірдей жуан терек кесіп әкеп, ер тоқымымды басына жастап, үстіне қара шапанымды айқара жауып, кісіге ұқсатып жатқызып, өзім биік талдың басына шығып, мылтығымды оқтап, ұйықтамай қарап отырдым. Ай жарық еді. Бір уақытта аттым тағы осқра бастады. Қарасам әлгі қатын келе жатыр екен. Шапан жамылып жатқан мен екен деп, келе сала ағашқа мініп алып, жұмарлай бастады. Мен мылтықпен тақ өкпеден дәлдеп басып салдым. Тұра жөнелді. Мен де жылдам атымды ерттеп, міне сап, ізіне түсіп келемін. Жүрген жерінен қан жосып келеді. Бір жерге келгенде қалың тоғайдан атым жүре алмады. Соңына түсіп, жаяулап келсем, қалың талдың ішінде лашық бар екен. Соған кіре құлап, өлген екен. Екі қолын кесіп алдым. Қолы пістедей темір, жезтырнақ екен».

Бұл - Мамай батырдың бір хикаясы. Әңгіменің жалғасында екінші хикая бар. Онда батырдың перілермен кездескені жайлы баяндалады.

Әңгіменің бас кейіпкері - айтушының өзі, ол хикаяны естелік түрінде, яғни бірінші жақтан баяндайды. Демек, өзі де тыңдаушы да оқиғаның шындығына еш күмән келтірмейді. Оның үстіне нақты Үшарал деген жердің аты аталады. Бұл да - хикаяның ақиқат екендігін дәлелдейтін факт ретінде қабылданады. Басқаша айтқанда, хикая шындыққа бағытталған. Мұнда жезтырнақтан басқа ешбір қиял (ойдан шығарған нәрсе) жоқ. Әңгіме үш жолаушы Мамайдың үйіне келіп, сұхбаттасуынан басталады. Жөн сұрасқаннан кейін, сұхбат басталып, Мамай батыр өзінің басынан кешкен екі хикаяны айтады.

Осындағы әңгіме тудырған жағдай - қазақ арасына тән ситуация және ол - хикая жанрының ел арасында өмір сүруінің бір көрінісі.

Хикаяның сюжеттік мазмұнында ешбір қиял жоқ. . Мұндағы өмір - қазақ өмірі: мал баққан ел, аңшы мен малшы, жолаушылап жүрген адамдар, құдайы қонақтар т. т. яғни күнделікті, еш ерекшелігі, елең еткізер ғажайыбы жоқ, кәдімгі сахарадағы қазақ ауылының болмысы. Бірақ соған қарамастан, мұнда тыңдаушыға үрей туғызатын да жағдай бар. Ол - жезтырнақпен кездесердегі ситуация. Дүниеде адамнан басқа да тірі, бірақ көрінбейтін, құпиялы мақлқтар, жер-судың иелері бар деп сенген адам жезтырнақ келер алдындағы аттың осқырып, қан сиюінен-ақ бір сұмдықтың боларын сезіп, күдіктене бастайды, ол атты киелі жануар, сондықтан алдын-ала бір пәле болатынын біліп тұр деп ойлайды да, не болар екен деп, ынтыға түседі. Тыңдаушының хаупі расталып, «зуылдап қара сұр әйел келеді». Оның зуылдап келуі мен қара сұр болуының өзі адамда қорқыныш тудырады және бір сұмдық болатынын аңғартады. Міне, бұл - хикаяның тағы бір жанрлық ерекшелігі.

Хикаяның жанрлық болмысы - оның мазмұнына ғана емес, сонымен қатар айтылу ситуациясына да қатысты. Бірақ қалай болғанда да адамың басқа дүниенің өкілімен кездесуі - өте құпиялы, тылсымды ғана емес, аса қорқынышты, тіпті тыңдаушысына үрей туғызатын әңгіме болып келеді.

Ертегіге қарағанда, хикаяда мифологиялық кейіпкерлер корқынышты болып келеді, тіпті хикаяның бүкіл мазмұны ғана емес, ондағы табиғат та, адам да үрей тудырады. Кейбір хикаялар трагедиямен аяқталады: мақлұқпен кездескеннен кейін адам не есінен танып қалады, не мас болып, әйтпесе ұйықтап қалады, ал кейде өліп те кетеді. Мазмұнының тылсымдығы мен трагедиялық сипаты оқиғаның өң мен түс арасында болуы хикая жанрының мифологиялық қасиетін күшейтіп, тыңдаушының сенімін арттыра түседі. Мысалы, хикаядағы оқиға көбіне-көп түнде, тұман түскенде, айдалада, елсіз жерде, қалың тоғай, қамыс арасында, тау ішінде, көл жағасында болады және мақлұқтардың кездесетін адамдары да - иен далада жүретін кісілер.

Хикая кейде үшінші жақтан айтылса да, оны айтушы адам бәленнен естіген едім деп, әрі қарай сол оқиғаны басынан кешкен кісінің атынан, яғни бірінші жақтан да айта береді. Сонда хикаяны айтушы кейіпкердің өзі емес, басқа біреу болады, бірақ соған қарамастан әңгіме «лирикалық геройдың» атынан айтылып, айтушы лирикалық кейіпкердің, әңгімедегі оқиғаға толық сенетінін, оның құбыжықпен кездескен сәттегі сезімін түгел, сол өзі алғаш естіген қалпында сақтауға тырысады.

Хикаяның жанрлық ерекшеліктер туралы айтқанда, оның ел арасында, айтылуы мен тарауының да ерекше екенін есте ұстау керек. Хикаяны әдейілеп көңіл көтеру үшін айтпайды. Ол әңгіме-дүкен құрып отырған қауымның арасында пайда болған жағдайға байланысты айтылады. Отырғандардың әңгіме тақырыбына, психологиялық көңіл күйіне қарай әңгіме айтушының бірі өз басынан, немесе басқа бір жақынының басынан өткен хикаяны әңгімелейді. Дәл осындай оқиғаны басқа біреуі айтады. Сөйтіп, бір хикаядан кейін бір хикая айтылып, жиылған жұрт бірнеше ұқсас әңгіме естіп, оны басқа бір жиындарда айтып, ел арасына таратады.

Хикаялар, әдетте, елсіз жерде жүретін аңшылар, жолаушылар мен малшылар арасында жиі айтылған, яғни табиғатпен тікелей араласып, оның неше түрлі құпия сырларын көріп, бірақ оларды толық түсінбей, қорқып, тіпті табынып, әр түрлі сезімде болатын адамдар арасында, туып, айтылып, елге тараған. Демек, хикаяларда басты кейіпкер болып жолаушылап жүрген батыр, мерген, аңшы, керуенші көрінуі тегін емес және әңгіменің, көбінесе, солардың атынан баяндалуы да заңдылық.

Зерттеуші хикаяның ерекше атмосферада ғана айтылатынын қатты ескеруі қажет. Әйтпесе, оның жанрлық табиғатын, тыңдаушыға жасайтын ықпалын да, тіпті функциясын да зерттей алмайды. Өзінің әңгімеленген жағдайынан бөлініп алынған хикая бүкіл өзіндік бітімін жоғалтады.

Хикаяда мифологиялық құбылыстардың сырт пішіні де суреттеледі, бірақ, көбінесе, портреті емес, жалпы бейнесі, түрі, түсі, бет әлпеті туралы түсінік беріледі. Әдетте ол кұбыжықтың кім екені бірден айтылмайды: ол жолаушымен қатарласып келе жатқан қыз боп көрініп, артынан жоқ боп кетеді (шайтан), сұлу келіншек кейпінде келіп, үндемей отырып, мергенмен бірге тамақтанып, соңынан оны өлтіруге келгенде, мерген, атып өлтіріп, әйелдің кім екенін біледі (жезтырнақ) т. т.

Алайда кейбір хикаяларда жезтырнақтың, албастының, перінің бет әлпеті біршама суреттеліп, қарапайым портретті образ жасалады, бірақ. бұл жалпы хикаяға тән емес. Мүмкін, бұл көркем прозаның әсері болуы да.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Қой қазақ ұғымындағы өте қасиетті мал
Ертегілерді оқыту
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі
Эмоцианалды - экспрессивті сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Күлтегін туралы жыр
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Сөзжасамдық тәсілдер
Мысал жанрын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz