Хикаядағы сюжеттер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Хикаядағы сюжеттер

Бұл хикаялар , негізінен, үш сюжет құрайды. Бірінші сюжет мынадай: бір адам жолда келе жатып аузында адамның өкпесі бар итті (нсмесе ешкіні, т. б. хайуанды) көреді. . Оның албасты екенін біліп, әлгі адам албастыны сабап, өкпені алған жерге кайта қуып келеді. Келсе, жаңа босанып жатқан әйел не талып, не өліп жатады. Үйге келген адам албастыны ұрып, өкпені орнына қойдырады. . Сол кезде әйелге жан бітіп, көзін ашады.

Екінші сюжет бойынша, албасты түнде ешкімге көрінбей келіп, үйдегі әйелді, немесе қызды тұншықтырып жүреді. Осы үйге қонаққа келген «киелі» біреу албастыны көріп, оны сабап, үйден қуып жіберед, сөйтіп ауру адам науқасынан мүлде айығады.

Хикаялардың үшінші сюжсті былай деп баяндалады: бір адам албастыға жолығып соған үйленсді де - біраз уақыт бірге тұрады. Соңында әртүрлі себептерге байланысты адам одан қол үзеді, бірақ албасты оған зияндық істейді. Адам оны ұрып қуады, немесе атып өлтірсді. Әрине албасты, туралы мұндай хикаялар, қазіргі кезде ел арасында айтылмайды, себебі ол әңгімелерді тудырған ескі діни нанымдардың өзі өмірден ғайып болды. Ал жоғарыда келтірілген сюжеттерге келетін болсақ, олар, Совет өкіметі орнағанға дейінгі қазақ ауылында мұндай әңгімелер кең тарағанын көрсетеді.

Сонымен, албасты . туралы хикаялар үш сюжеттен, тұрады дедік. Осының үшеуінде де албасты адамға зиянкес кейіпкер болып көрсетіледі және оның қандай жағ-дайда адамға ұшырасатыны жайында да айтылады: ол көбінесе адамға иен далада, ала көлеңкеде кездеседі: «Үш жолаушы келе жатса, жолдың үстінде, бір ешкі суретті нәрсе аузында өкпесі бар жүгіріп барады», - деп бір хикая басталса, енді бірі: «Бір Молжігіт деген атағы шыққан бақсы көп адамдармен астан келе жатыр еді. Сол уақытта бір ақ итті көреді, аузында өкпесі бар», -- деп басталады.

«Біздің елде бір мерген жігіт бар еді. Ол мылтыкпен дала аралап, аң-құс атып жүретін. Бірде ол албастыға кездесіп, соны әйел қып алыпты. Үйінс ксліп, өз қатынының қойынына жатқанда, әлгі албасты түнде көрінбей келіп, жігіттің екінші жағына жатады сксн де, таң ата бере ешкімге көрінбсй кетіп қалады екен». Міне, бұл - басқа хикаяның басталуы

Албасты туралы хикаялар көркем емес, сондықтан әңгімеде оның да, адамның да сырт пішіні, келбеті анық суреттелмейді. Біздің; қолымыздағы хикаяларда албасты көбінесе хайуан кейіпінде көрсетіледі. Рас, - кейбір хикаяларда ол адам бейнесінде: тек әйел, немесе қыз түрінде көрсетіледі. Басқаша айтқанда, албастының бейнесі айқын емес. Бұл, біріншіден, оның, көне заманғы мифтік, элементтерін жоғалтпағанын, көрсетеді де, екіншіден, синкретті образ екенін дәлелдейді. Бұрынғы адамдардың албасты өмірде бар деп ойлап, оған сенуінің өзі осы образдың мифтік сипатын танытады. Албасты, туралы шығармаларды жариялаған кісілердің бәріде елдің бұл әңгімелерге кәміл сенетінін, тіпті сонда бейнеленетін албасты, жын, жезтырнақ тәрізді кейіпкерлерден қорқатынын айтады. Мысалы, Ә. Диваев: «Шымкент уезінің Қошқарата болысында тұратын Бексейіт Манкишев дейтін бақсы маған өзінің албасты шын кездескені жайында айтып берді», - деп жазады:

Қолда бар материалға қарағанда, албасты-синкретті бейне, ол бағзы замандарда әртүрлі зиянкестер ролінде көрінген болу керек. Мәселен, Шоқан Уәлиханов ескі қазақ түсінігіндегі албастыны былайша суреттейді: Албасты-әйел босанғанда қастандық қылатын жын (дух) . Оларды кейде: жезтырнақ деп те атайды. Албастылардың басшылары

сөрел (сорель) деп аталады: оның бойы 3 құлаш (сажень), кеудесі тар, аяқтары жіңішке, тұяғы жұқа болады . . .

. Сөрел - орман адамы кейбір әңгіме бойынша, ол жезтырнақтың ері (күйеуі), кейбір ертектер бойынша, ол әртүрлі кейіпте болады. Сөрел - мүлгіген қалың орманды мекендейді, түрі адам сияқты. Оның бойы ұзын ағашпен бірдей. Ол адамды қытықтап өлтіреді, орыстың орман адамы тәрізді.

Шоқаннын сөзіне қарағанда қазақтар ол кезде албасты мен жезтырнақты, тағы басқа мақлұқтарды (сорель) бөлектемей, бәрі бір нәрсе деп ойлаған сияқты. Бірақ сол кездің өзінде-ақ албастыға айқын роль берілген: жас босанған әйелді өлтіру. Мұндай функция басқа ешбір зияндас жын-шайтандарда жоқ. Аса бір көңіл аударып айтатын нәрсе сол - албасты образы мен оның осы зиянды функциясы жалғыз қазақ емес, көптеген шығыс халықтарының фольклоры мен діни нанымдарында кездеседі. Атап айтқаңда, өзбек, қырғыз, қарақалпак, түрікпен, түрік, татар, құмық, ноғай, малқар, қарашай, ұйғыр, чуваш, тува сияқты түркі халықтарының фольклорыңда албасты туралы, хикая кең етек алған. Ал, иран тектес халықтарда албасты бейнесі тәжік, шугнан, язгулям, вахан, ишкашим, рушан, хуф елдерінің фольклорында кездеседі: Албасты сөзі әр түрлі вариантта тіпті кавказдағы абхаз, адыг, нах, дагестан, армян тілдерінде де бар екен. Ғалымдардың айтуьшша, албасты сө-зі удмурт, мари тілдерінде де ұшырасады.

Жай-қарағанда таза қазақ сөзі синяқты көрінетін «албасты» дексемасы көп халықтар тілінде кездесуі, ол туралы түсінік пен хикаялардың ұқсас болуы бұл образдың көнелігін дәлелдейді. Зерттеушілер албасты образының шығуы, қай елден қай елге қалай ауысқаны жайында әрқилы пікір айтуда. Мәселен, албасты сөзінің этимологиясын арнайы қарастырған Г. Климов пен Д. Эдельман бұл сөздің шыққан мекені- көне Месопотамия, ал бейненің өзі Элам елінің көне мифімен байланысты, кейін олардан ассириялықтар мен аккадықтар алып, әрі қарай таратқан деп пайымдайды.

Алайда, бұл пікірге қосылу қиын, өйткені дүниеде адамға, соның ішінде әйелге қастандық істейтін жын - шайтандар (злые духи) көп деген ұғым. Месопотамиядағы мемлекеттердің дәуірінен анағұрлым бұрын пайда болған және оларға қарсы көптеген шаралар қолданылған. Сол себепті албастының жас босанған әйелге жасайтын зияндығы көп елде ұқсас та, бірақ оның аты басқаша: Ал, немесе Карина, я болмаса Тпха, Алк т. б.

Біздің ойымызша, мәселе тек «албасты» сөзінің қайда, және қашан, шығуында емес (әрине, тіл білімі үшін бұл маңызды) . Біз үшің керегі- осы «албасты» сөзінің, албасты бейнесі мен функциясының соншалықты көп ел, де болуының себебін ашу. Әңгіме- біреуден біреу қабылдап алған деген тұрғыда емес. Жоғарыда айтқанымыздай, аты басқа болса да, заты ұқсас бейне әр елдің өзінде атам заманда, мүмкін ежелгі рулық дәуірінде пайда болған да, кейін осы елдердің этногенезін кұраған ру тайпалармен бірге олардың мифі мен діни нанымдарына сіңген. Осынша елге ортақ албасты образының функциясы ғана ұқсас емес, содан-ақ оның сырт пішіні де бірыңғай сипатталады ол көп жағдайда емшектері салбыраған, шашы жалбыраған, әйел түрінде бейнеленеді. Мәселен, өзбектерде, «албасты шашын жалбыратып жіберген қортық әйел» кейпіңде суреттеледі, тәжіктерде албасты «бірнеше ұзын емшегі бар, шаштары да ұзын әйел бейнесінде көрінеді». Қавказдағы ноғайлар албастыны «шашы жалбыраған, емшектері салбыраған, ірі денелі әйел» ретінде бейнелейді. Албастыны осы түрде суреттеу қазақтарда да бар: «албасты ұрғашы, жетпіс емшегі бар, әр емшегімен жетпіс баланы емізеді. Келбеті қорқынышты, шашы ұзын болады», - деп жазылған Ә. Диваев оқыған Молда Көбей Тоқболатовтың қолжазбасында.

Алайда, албасты образы әр елде кейде әр түрлі болып та сипатталады. Жаңағым көрсетілген ортақ белгілерімен бірге әр халық албасты бейнесіне басқа бір сипаттар қосқан, сөйтіп, ол еркек болып та суреттеледі.

Мысалы, ноғайларда еркек албастыны Кіркөйлек деп, атайды екен. Қазақтарда да еркек албасты бар деп сенушілік жайлы кезінде Шоқан Уәлиханов жазған.

Сонымен бірге қазақтар тіпті албасты адам бейнесі түгіл, хайуан кейгінде: де көрінеді деп санаған және албастыны сары албасты һәм қара албасты деп екі топқа бөлген. Сары албасты - өте қу болады, адамды - кездескен кезде «енді саған жоламаймын»! - деп алдайды - да , өзі қайтадан қастандығын істей береді, деп сенген. Ал кара албасты анадан әлдеқайда күшті, һәм қауіпті. Оның істеген зұлымдығын жою қиын деп түсінген. Қазақтың «қара бассын!», «қара басқыр!» деп қарғауы я болмаса «не қара басты?» - деуі осы түсінікке негізделген болу керек. Жын-шайтанды «сары қыз» деп, оныц түрінде көрінеді деп ұғыну да «сары : албасты» туралы түсінікке байланысты болуы ықтимал.

Ал, енді ескі діни нақыштағы албасты - бейнесі мен фольклорлық шығармалардағы (яғни хикаядағы) албасты образы бір-біріне ұқсай ма, жоқ па? - міне, енді осыны анықтайық.

Албасты туралы мифтік түсінік бойынша оның басты функциясы - жаңа босанған әйел мен сәбиге қастандық қылу, екенін айттық. Осы функция барлық жоғарыда аталған халықтардың хикаясында көрсетіледі. Рас, албастының зиян келтіру жолдары өзгешелеу: тәжік пен өзбек хикаяларында албасты жаңа туған сәбиге емшегіңн емізіп, қастық қылады да, босанған әйелдің құтын бекітіп, ендігәрі бала көрмейтін етеді. Ал қазақ хикаяларында албасты толғатып жатқан әйелдің өкпесін ұрлап алып, - суға тастайды, сөйтіп, әйелді өлтіреді. Рас, хикаялардың көпшілігінде киелі бір адам өкпені ұрлап алып бара жатқан албастыны көріп қалып оны есінен тандыра сабап, қорқытып, өкпені кайтадан орнына қоюға мәжбүр етеді.

Демек фольклорда (яғни хикаяда) адам албастыдан басым болып шығады, оны айтқанына көндіріп, айдағанына. жүргізеді. Бұдан фольклорлық каһармандардың алғашқы үлгілерін көреміз. Мұнда мифтегідей ілкі ата жоқ және албастыны жеңетін кейіпкер жасампаз-қаһарман сияқты - емес, ол адамзатқа зиянды мақлұқпен ашық күреседі. Күрескенде, ол жауын алдап жеңбейді, күшпен тізе бүктіреді, яғни мұнда трикстэрлік элемент жоқ. Албастыны жеңген кейіпкер - болашақта, жезтырнақты, айдаһарды, жалғыз көзді дәуді жеңетін аңшы мергеннің, жауды ойсырата талқандайтын батырдың алғашқы бейнесі, тұңғыш типі. Көне, мифтік ұғыммен байланысты болғандықтан бұл кейіпкер кейінгі батырларда үлкен күштің иесі емес, керісінше, шамандык, яғни адамзаттан бөлек тылсым күштермен тілдесіп қажет болса шайқасып оларды жеңе алатын қасиетқе ие. Сол себепті албасты туралы түсініктерде оны жеңе алатын адам - не бақсы, не бір «киелі» кісі болып саналады. Бұлардың қатарында кейде молда жүреді, бұл исламның әсері. Ислам қазақтың бұрынғы діни нанымдарының бәріне- қарсы күресе отырып оларды да мұсылмандық мифологияға енгізіп, өзінің реакциялық мүддесіне пайдаланып отырған. Мысалы, Ә. Диваев көшіріп алып; жариялаған бір діни қолжазбада әйел затын кеміту үшін албасты, жын, диюларды Хау-ана, адам-атасыз тапқан, сондықтан олар адамға қаскүнемдік, қылады, делінген.

Ал фольклорлық хикаяда албастының шығуы туралы әсте сөз болмайды. Хикая үшін маңыздысы- дүниеде көрінбей жүретін мақлұқтар болатынын адамға білдіріп, оны олардан сақтандыру. Бұл - алғашқы қауым заманындағы адамдардың өзін қоршаған ортаны, төңіректі, тіпті бүкіл дүниені танып-білу барысында туған түсінік пен пайымдардың қалдығы. Сондықтан дінге қарсы күрес жүргізгенде мұндай хикаялардың исламна, әлдеқашан бұрын пайда болғанын, олардың көне мифтік ұғымдармен байланысын ашып көрсету керек.

Ол үшін философ-атеистер мен этнограф, фольклористер күш біріктіріп, тек дін уағыздарын ғана талдамай, көне заманғы ескі- мифтік ұғымдарды және фольклорды біріктіре, бірлікте зерттеу қажет.

Бұл салада әсіресе, фольқлордың берері, көп, «Өйткені фольклорлық шығармалар-Мүслім Базарбаев айтқандай ұзақ өмірдің сәулеленіп көрінуі халықтыф көп ғасырлар бойы дамыған санасының айғағы айнала табиғатты, тіршілік еткен жандарды көркем жолмен тануының айғағы, сонан туған түсінік, ұғым».

Албасты туралы хикая халықаралық сипатта болса, жезтырнақ туралы хикая тек қазақ фольклорында ғана бар. «Жезтырнақ тек әйел кейпіндегі жын (дух) . Ол орманда өмір сүреді. Жезтырнақ туралы аңыздар көп», - деп жазады Ш. Уәлиханов. Иә, қазақта жезтырнақ жайында хикая көп. Біздің қолымызда 20 шақты текст бар, оның жартысы жарық көрген, қалғаны Академияның кітапханасы мен әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.

Жезтырнақ туралы хикаялардың негізгі сюжеті мынау аңшы мерген, я болмаса жолаушы батыр кешке таман қасыңа келіп, ас пісіріп отырғанда, қасына шолпысын сылдырлатып әдемі келіншек келеді. Жігіт оған тамақ ұсынады, ал әйел тамақты колының ұшын жасырып алады. Тамақ ішіп алған соң келіншек жайына кетеді. Енді мергенге «осы жезтырнақ емес пе екен?» - деген ой келеді де, ол сақтана бастайды, өзінің орнына бөренені ұйықтап жатқан адам құсатып оран кояды да, өзі баска жақта аңдып отырады. Біраз уақыт өткен соң бағанағы әйел ұрланып келіп, бөренені адам екен деп, қапсыра кұшақтап, тырнағымен карс айырады. Осы сәтте андып тұрған мерген мылтығын басып қалады. . Өлгеннен кейін келіп қараса, жезтырнақ екен. Жігіт оның тырнақтарын кесіп алады да, қоржынына салып қояды. Кейбір хикаялар мұнымен бітпейді. Өлген жезтырнақ-тың балалары кек алуға тырысып, әлгі мергенді андиды, одан түк шықпаған соң оның балаларын ториды. Мергеннің балалары да қапыда қалмай, жезтырнақтың келетінін біліп, тосып жүреді. Ақыр соңында жігіттің балалары жезтырнақтың ұрпағын жоқ қылады.

Жезтырнақ туралы хикаялар албасты, жалғыз көз деген дәу жайындағы әңгімелерге -карағанда біршама көркемделген, тіпті шежірелік (генеологиялық) циклге де түсе бас-таған, яғни ертегі жанрына ойыса тускен.

Мұнда құр адамның жезтырнақпен кездескен окиғасы ғана айтылмайды оқиға әрлене баяндалады, жезтырнақ келер алдындағы адамның жай-күйі, маңайдағы табиғат, түн сипатталады, тіпті жезтырнақтың сыртқы киімі, кескіні суреттеледі. Ойымыз дәлелді болу үшін жезтырнақ келер сәтті байқайық:

«Бір күні қара мерген кешкісін ет пісіріп отыр еді, бір сыбдыр естілді. Мерген бұл не сыбдыр? Бұл маңайда ешкім жоқ еді ғой!» - деп жан-жағына қарады. Дәл осы сәтте қостың ішіне көк көйлек - киген әйел кіріпкелді де, - үндеместен бір тізесін - бүгіп, отыра кетті. Мерген әйелге зер сала қарап еді, беті сап-сары, көзі аларған екен. Ол да мергенге тесіле қарады».

Тағы бір мысал: атасының жезтырнақты қалай өлтіргені туралы Жүсіп мерген қасындағы серігіне айтып отырып, . жезтырнақ келген мезетті былай суреттейді. «Атам атып алған таутекенің төстігін отқа қақтап отырып, үңгірге түсініксіз бір дыбыс жақындап келе жатқанын сезеді.

«Зыңғыр, зыңғыр» деген дауыс, естілген соң, атам бұл жезтырнақтың мыс тырна-ғынан шыққан дыбысы екенін біліп, оның келуін күтеді. Содан шынымен үңгірге адам тәрізді бірдеңе келеді, үстінде шапан, басында тақия» .

Келтірілген екі үзінді де жезтырнақтың келер мезгілі, - түн, адам әр дыбыстан сескенетін уақыт. Оның үстіне маңайда тірі жан да жоқ, айдала. Бұның бәрі тыңдаушыға үрей туғызары сөзсіз. Демек, жезтырнақ жайындағы хикаяларда тек оқиғаны айтуға ғана мән беріліп коймайды. Мұңда тыңдаушыға қажетті дәрежеде әсер ету керектігі де ескеріледі, ал бұл-көркем фольклордың белгісі. Демек, хикая жанрында көркемделудің алғашқы нышаны елес бере бастайды.

Біздің, бұл ойымызды дәлелдейтін тағы бір нәрсе - Жезтырнақтың сырт-пішіні мен киімінің суреттелуі, ендеше, біз фольклорлық бейне, пайда бола бастаған деп айта аламыз. Әрине бұл әлі таза фольклорлық көркем образ емес, бірақ соның өзінде де образдың сыртқы түрін, кескінін бейнелеу бар және бір қызығы - жезтырнақтың түрі барлық хикаяда бірдей, емес. Айталык, бір хикаяда ол жап-жас келіншек түрінде келсе, екінші бір хикаяда ол үсті басын түк басқан еркек адам болып көрінеді. Ойымыз дәлелді болу үшін 2-3 мысал келтіре кетейік.

«Бір уақытта әйелдің дауысы, шықты. Кешікпей-ақ бір әдемі, сылдырлаған, әйел жетіп келді. Әйелге бұл жігіт сөйледі: «Жеңеше, - нағып жүрсіз? - деді. Ол әйел айтты: «Екі бала түйе бағып кетіп еді, солар кешігіп; - келмеген соң соны іздеп шығып едім. От шыққанға, солар ма деп, мұнда келіп едім деді». Міне, бұл: 1888 жылы жарияланған бір хикаядағы жезтырнақтың - кейпі. .

Ал, 1910 жылы жарық көрген хикаяда жезтырнақ былай суреттеледі: «Адам тәрізді бірдеңе аяғындағы-, тұяғын кайыстырып, адамнан жасырып тұрады. Шапа-нының жеңін түсіріп, қолындағы тырнағын көрсетпейді. Жезтырнақ келіп, басын изейді де, аттың қасыңа тізерлеп отыра кетеді».

Басқа бір хикаяда жезтырнақ еркек болып керінеді:

«Борекең (Боран- С. К. ) басын көтерсе, көрмеген - бір хайуан, жезтырнақ екен, оның қаруы екі қолында, саусақтары бүркіттің тұяғындай, істік темір -сықылды, тұла бойы жалбыраған түк екен».

Жезтырнақтардың әртүрлі кейіпте көрсетілетінін Шокан Уәлиханов та айтқан. Сонымен бірге кейбір хикаяларда жезтырнақ жалғыз жүрмейді, тіпті жезтырнақ елі бар екені, олардың да басшылары, көсемдері болатыны жайында айтылады. Бұдан біз бұл жанрда дүниеде адамзаттан басқа да, бірақ көзге көрінбейтін тірі жандар, мақлұқтар бар деген мифтік ұғымның ізі сақталғанын көреміз. Ендеше, хикая - көне жанр, ежелгі мифтің өзгерген түрі деген пікірімізді бұл тағы да дәлелелдеп тұр. Басқаша айтқанда, хикая жанры қазақ жұртында көркем ертегімен көп уақыт қатар өмір сүрген, жай ғана өмір сүріп қоймаған: ұзақ мезгіл ішінде жаңа-хикаялар туып, ескілері ертегіге айналып отырған басқа жанрлармен қоян-қолтық араласып, бүкіл фольклорлық процестің ішінде болғаң. Осы ойымызға орай С. Сейфуллиннің мына сөзін еске түсіре кетейік. «Тіпті ертек, әңгімелердің көшпелі ел арасында шығуы, - деп жазады. ол, -соңғы жылдарға шейің үзілмей келді. Арғыдағы елдерде, соңғы жылдарда «метр аяқ», «үш буын», «айдаһар», «жапан далада, жүргенде пәленді перінің қызы шәріне көтеріп апарып, қайтып әкеліп тастапты» деген ертектер шығып жүрді. Ана жылы, жаз жаңбыр болмаған жылы «пәлен жерде пәлен сұмырайды көріпті», «сұмырай келсе су құриды» деген: осы екен деп, шындай сөйлеп жүрді.

Міне, қазақтың ауыз әдебиетіндегі ертек, әңгімелер ескі замандағы надан жұрттың панатын әңгімелері». С. Сейфуллиннің айтып отырғаны - біз талдап отырған, хикаялар, ' тек ол басқаша атаған. Біз жезтырнақ образына қайта оралайық. Жоғарыда, айтылғандай, жезтырнақтардың өз елі бар деп сенген; халық хикаяда жезтырнақтың жұртын бейнелейді.

«Бір күні Төлебай батыр бір жолдасын ертіп тауға аңға шығады. Тау аралап жүріп, олар мал жайып жүрген кісілерді көреді, бірақ олар Төлебайларға жылы жүз көрсетпейді. Осы кезде Төлебай тастан қаланған, үйлерді көреді де, соған қарай бет бұрады. Шеткі үйге жақындағанда ішінен жезтырнақ шығып, Төлебайға жылы шыраймен сәлем береді де, батырға аттан түсіп, үйге кіріп шай ішіп кетіңіз», - дейді. Төлебай тоқтамай өтіп кетеді де, жанындағы жолдасына «жезтырнақ елінен күні-түні жүріп шығып кетейік!» -дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мифология және қазақ мифтері
Хикая, оның жасалу жолы
Ибн Туфейль
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қазақтың ғашықтық жырлары
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz