Химия пәні және оның міндеттері
Химия пәні және оның міндеттері
Алғаш рет химиянық анықтамасын ғылым ретінде М.В.Ломоносов берді:
"Химия ғылымы денелердің қасиеттерін және өзгерулерін қарастырады...
денелердің құрамын... заттардың химиялық өзгерулер кезінде не
болатындығының себебін түсіндіреді". Байқап отырсақ, Ломоносов анықтаған
химияның міндеттері қазіргі кездегіге жақын екен.
Химия физикамен тығыз байланысты. "Және осы екі ғылым, - деп жазды
Ломоносов, - өзара тығыз байланысқаны соншалықты олар бірінсіз-бірі жетіле
алмайды". Химия сонымен қатар басқа да жаратылыстану ғылымдарымен әсіресе
геологиямен және биологиямен тығыз байланысты. Химия мен геология арасында
геохимия пайда болады, ол жер қыртысындағы және ғарыштағы химиялық
элементтердің ерекшеліктерін зерттейді. Химия мен биология арасында тірі
ағзалардағы химиялық әрекеттерді (процестерді) қарастыратын биохимия,
бейорганикалық және органикалық химия табысты дамып келе жатыр. Космохимия
денелердің құрамын және элементтердің әлемдегі миграциясын зерттейді.
Заттар өте көп. Қазіргі уақытта 4 млн-ға жуық органикалық және 100
мыңға жуық бейорганикалық (мииералдық) заттар бар. Оларды әр турлі
белгілеріне қарап жіктейді. Осылайша барлық белгілі заттарды үш топқа бөліп
қарауға болады: жәй, күрделі заттар және қоспалар. Заттарды жіктеудің тағы
басқа да түрлері болады.
''Химиялық ең маңызды міндеттерінің бірі - қасиеттері алдын ала белгілі
заттарды алу, өндірістік кәсіпорындарды интенсивтендіру және химиялық
өзгерулердің қалдықсыз технологиясын жасау. Кез келген заттардың
химиялық өзгерістері энергияның өзгеруімен бірге жүретінін атап өткен
жөн.
Жалпы орта білім беретін және орта оқу орындарында оқытылатын химия
пәнін үлкен үш бөлікке бөлуге болады: жалпы, бейорганикалық және
органикалық химия. Жалпы химия барлық химиялық өзгерістерге қатысты
заңдылықтарды қарастырады. Бейорганикалық химия (минералдық) заттардың
қасиеттерін және езгерулерін зерттейді. Органикалық химия органикалық
заттардық қасиеттерін және өзгерулерін зерттейді.
Химияның маңызы
Қазіргі уақытта өмірді химиясыз және химия өндірісінсіз көз алдыңа
келтіруге болмайды. Қазіргі химия халық шаруашылығының барлық салаларына
енді. "Химия адам ісіне құлашын кең жаяды". Қайда қарасақ та, қай жаққа көз
жіберсек те, барлық жерде көз алдымызда оны қолданғандағы табыстар тұрады,
- деп М.В.Ломоносов сонау 1751 жылы көрсеткен болатын.
Химияны сиқырлы өзгерулердің индустриясы деп атауға болады. Онық
көмегімен табиғатта жоқ заттарды аламыз, оларды әр түрлі машина, аспаптар
жасауда, құрылыстарда және халық тұтынатын бұйымдарды шығаруда қолданамыз.
Сондықтан да химия шапшаң қарқынмен дамып келеді.
Химия өндірісі жасанды каучуктерді, пластикалық массаларды, жасанды
талшықтарды, жасанды отындарды, бояғыштарды, дәрілерді және басқа да толып
жатқан заттарды шығарады.
Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді әр түрлі зиянкестерден, аурулардан
және арамшөптерден қорғайтын минералдық тыңайтқыштарды, химиялық заттарды
кеңінен қолданады. Оларды қолдану ауыл шаруашылығының өнімдерін көбейтудің
ең маңызды шараларының бірі болып табылады. Елді индустриализациялаудың
негізі болып табылатын металдарды осы химиялық әдістердің көмегімен алады,
металдарды коррозиядан қорғайды, негізгі химиялық өнеркәсібінің өнімдері -
қышқылдар, негіздер, тұздар өндіріледі.
Іс жүзінде химияның мүмкіндігі ұшан-теңіз.Тек қана мұнайдан 20 мықнан
астам органикалық заттарды, ал тас көмірден одан да көп зат алуға болады.
Әр түрлі халық тұтынатын бұйымдарды алуда сан алуан әдістер қолданылады.
Қазірдің өзінде химия өнеркәсібі атауы 50 мыңнан асатын өнім түрлерін
шығарады.
Соңғы кезде адамзат алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі
айналадағы ортаны, яғни адам еңбек ететін және өмір сүретін ортаны қорғау.
Айналадағы орта әсіресе өнеркәсіптердің қалдықтарынан, көліктің және
энергетикалық қондырғылардан, түрлі-түсті металлургияның, химия
өнеркәсіптерінің кәсіпорындарынан ұшып шығатын ластардан қатты зардап
шегеді. Біздің елде айналадағы ортаға ұқыптылықпен қарайды және табиғи
байлықтарды тиімді пайдалануға тырысады. Айналадағы ортаны қорғау туралы
елімізде маңызы бар бірқатар заңдар қабылданды. Зиянды қоспалардың мөлшерін
мемлекет өзі шектеп белгілейді және арнайы зертхана (лаборатория) арқылы
бақылап отырады.
Дүниенің көрінісін нақты түсіну үшін химияның маңызы өте зор. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz