Химиялық қауіпті объекттердегі авариялар



ЖОСПАР
Кіріспе
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Химиялық қауіпті объекттердегі авариялар
1. Химиялық апаттарға әкелетін қауіпті аймақ
2. Химиялық заттардан қорғану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріпе

Химиялық апатарға қоршаған ортада табиғи, табиғи антропогенді
процесстер немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық-химиялық
процесстер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз.

Тіршілік ортны уландыратын көздерді, қоршаған ортаға сұйықтық,
газды және қатты түрдегі өндіріс қалдықтарын шығаратын техникалық,
қондырғылар, мұнай және мұнай өнімдері, көмірдін ысрапталуын азайту
мақсатында прогрессивті бұрғылау, өндеу технологиялары болып табылады.

Алдағы уақытта шешімін қажет ететін осы саладағы әлі күнге дейін
орын алып келе жатқан проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

- кен орындарынан шығатын қышқылданған, уланған заттарды тазарту;

- кішігірім қазандықтарды жою;

- бұзылған жерлерді рекультивациялау;

- айналма технологияны кеңінен қолданып, жұмсалатын кен мөлшерін
төмендету;

- қатты қалдықтарды шикізат ретінде басқа өндіріс салаларында
қолдану жолдарын табу.

Химиялық қауіпті объекттердегі авариялар

Апатты химиялық қауiптi заттардың төгiлуi және тасталуы, және сақтау,
тасымалдау және өндiру кезiнде тасымал ыдысының бұзылуы нәтижесiнде пайда
болады. Сомен қатар токсиндi емес заттардың кейбiр жағдайларда (жарылыс,
өрт) химиялық реакция нәтижесiнде апатты химиялық қауiптi заттарға айналуы
мүкiн. Апат болған жағдайда тек жердiң атмосфералық қабатының ғана емес,
сонымен қатар су көздерiнiң, тамақ өнiмдерiнiң және жер қабатының
залалдануы мүмкiн.

Химиялық қауiптi объект дегенiмiз – апат не бұзылу болған жағдайда
адам, ауылшаруашылық жануарлары мен өсiмдiктерiнiң шығыны мен залалдануына,
қоршаған ортаның улануына әкелiп соқтыратын, қауiптi химиялық зат
сақталатын, өндiрiлетiн, тасымалданатын объект.

Апатты химиялық қауiптi зат деп - өндiрiсте және ауыл шаруашылығында
қолданылатын, апатты төгiлу және тасталу кезiнде тiрi ағзаны улайтындай
концентрациядағы қоршаған ортаны залалдайтын химиялық қауiптi затты
атаймыз.

Химиялық улану – қауiптi химиялық заттардың қоршаған ортада адамға,
ауылшаруашылық жануарлары мен өсiмдiктерiне белгiлi бiр уақытта зиян
келтiретiндей концентрацияда не мөлшерде таралуы.
Химиялық улану зонасы - қауiптi химиялық заттардың қоршаған ортада
адамға, ауылшаруашылық жануарлары мен өсiмдiктерiне белгiлi бiр уақытта
зиян келтiретiндей концентрацияда не мөлшерде таралу аймағы.
Қауiптi химиялық зат – тiкелей не қосымша әсерi адамның созылмалы
ауруына не өлiмiне әкелетiн химиялық зат.
Химиялық улану ошағы - қауiптi химиялық заттардың әсерi нәтижесiнде
адамдардың, ауылшаруашылық жануарлары мен өсiмдiктерiнiң жаппай залалдану
аймағы.
Токсикалық – заттың ағзаны уландыратын қасиетi.Белгiлi бiр улануға
әкелiп соқтыратын заттың мөлшерi арқылы айқындалады.
Токсомөлшер – АХҚЗ қаупiнiң мөлшерлiк көрсеткiшi. Бастапқы токсомөлшер –
уланудың алғашқы белгiлерiн көрсететiн қауiптi химиялық заттың минималды
мөлшерi.
Концентрация – уланған ауа бұлтының мөлшерлiк қасиетi, гм3 не мгл
өлшенедi.
ХҚО апаттарында негiзгi уландырғыш фактор – АХҚЗ әсерiнен адамның
улануына әкелетiн жердiң атмосфералық қабатының химиялық залалдануы.
Типтiк химиялық объектiлер АХҚЗ-ның мөлшерi, токсиндiгi және сақтау
технологиясы көрсеткiштерi бойынша, ал өндiрiстiк көрсеткiштерi бойынша –
АХҚЗ-ны өндiретiн және қолданатын болып бөлiнедi.

Химиялық қауiптi объектiлердегi апаттардың классификациялары

Барлық апаттар, оның iшiнде химиялық апаттар, улану нәтижесiнiң
масштабымен классификацияланады. Олар:
Жеке – бiр ғана құрылым, цех. Улану нәтижелерiн жою жұмыстары өз ұжым
жұмысшылары арқылы жүргiзiледi.
Объектiлiк – мекеме, объект. Улану нәтижелерiн жою жұмыстары объектiлiк,
Азаматтық қорғаныстың кәсiби мекемелерi арқылы жүргiзiледi.
Тұрғылықты – қала, аудан, облыс. Улану нәтижелерiн жою жұмыстары
Азаматтық қорғаныс, Төтенше жағдайлар, қажет болғанда Азаматтық қорғаныстың
әскери бөлiмi арқылы жүргiзiледi.
Аймақтық – Ресей Федерациясының бiрнеше субъектiлерi және аймақтары.
Улану нәтижелерiн жою жұмыстарына Азаматтық қорғаныс барлық бөлiмдерi
қатысады.
Ғаламдық – бiрнеше аймақ және мемлекеттер. Улану нәтижелерiн жою
жұмыстарына Азаматтық қорғаныс барлық бөлiмдерi, Қарулы күштердiң әскери
бөлiмдерi, министрліктің кәсiби бөлiмшелерi қатысады.

Химиялық апаттарға әкелетін қауіпті өндірістер
Алматы қаласының қауіпті өндірістеріне қызметі қауіпті
материалдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және өндірумен
байланысты өндірістік, ауыл шаруашылық, тасымалдау мекемелері мен
ұйымдары жатады. Оларды:
химиялық қауіпті заттар мен қалдықтар;
қатты әсер ететін улы заттар;
өрт қауіпті (жылдам тұтанатын) сұйықтар мен қатты заттар;
жарылыс қаупі бар заттар;
биологиялық - қауіпті (инфекциялық) заттар;
экотоксикалық заттар.
Қауіпті өндірістері бар (химиялық және радиациялық қауіпті
объекттер) мекемелерге үлкен қауіп көрсететін табиғи сипаттағы
төтенше жағдайлар болып табылады олар көліктік коммуникацияларға,
электр беріліс желілеріне, гидротехникалық құрылыстарға қауіп
төндіреді, нәтижиесінде көліктік авариялар, тіршілік қауіпсіздігі
жүйелерінде зақымдалулар пайда болады.
Стихиялық апаттар екінші ретті қауіпті факторларға себепкер болуы
мүмкін: өртпен, жарылыстармен, қатты әсер ететін, улы, радиоактивті,
биологиялық қауіпті заттармен байланысты авариялар, катастрофалар,
инциденттер, тіршілік қауіпсіздігімен байланысты электроэнергетикалық,
ко ммуникациялық жүйелердегі зақымдалулар болады.
Табиғи катастрофалар екінші ретті факторлармен қатар жүзеге асса
ТЖ зиянды зардаптары бірнеше есе артады.
Жер сілкіністері кезінде өрт, құбырлар жарылысы, мұнай бөлінуі
және газ жарылыстары болуы мүмкін. Химиялық және радиациялық
қауіпті объекттердің бұзылуы үлкен зақымдалу зоналарының болуына
әкеледі.
Химияға қарсы қорғаныс. Табиғи сипаттағы ТЖ пайда болған кезде
ядролық физика Институтында реактор бұзылуы мүмкін, ол Алатау
ауылында қала территориясында орналасқан химиялық қауіпті
объекттерде орналасқан. Химиялық зақымдалудың зардаптарының алдын
алу және төмендету үшін келесі іс-шаралар қарастырылған:
- халық арасында химиялық және радиоактивті зақымдалу кезінде
тәртібі ережелері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-радиациялық зақымдалудың алдын алу және медициналық көмек пен
зақымдалғандарды санитарлық өңдеу медициналық құралдарын дайындыққа
келтіру;
- желдің жылдамдығы бағытын еске ала отырып радиоактивті бұлттың
өлшемі мен ізін есептеу, радиациялық барлау аспабын дайындау;
- иондалу сәулелерінің көзі болып табылатын объекттердің санын
анықтау және оларды ТЖ зонасы сыртына шығаруға дайындау;
- гидрооқшаулау кедергілерін жасау үшін материалды – техникалық
құралдарды дайындау;
- ҚӘУЗ қорларын технологиялық үрдісті сақтап қалуға қажетті
мөлшерге дейін азайту;
- зақымдалу ошақтарында халыққы және жұмыс істейтін адамдарға
жеке қорғаныс заттарын тарату;
- дегазациялау және дезактивациялау құралдары мен техникасын
дайындау;
- қорғау ғимараттарында жасырыну;
персоналды тарату және халықты эвакуациялау;
зиянды химиялық және радиоактивті заттарды арнайы жинақтау,
сұрыптау және көму жүйесін жасау.
Халықты құтқару, шаруашылық объекттерді зақымдалудың екінші ретті
факторларынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық жағдайды бағалау және болжау
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар
Азаматтық қорғаныс күштерінің халық өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен міндеттері. Бейбітшілік және соғыс кезіндегі төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері. Транспорттагы төтенше жағдайлар. транспорттық оқиғаларды топтастыру
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Табиғи апаттар
Пәндер