Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы жайында


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы

Жоспар:

1. Кіріспе.

  1. Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы.

3. Агрохимиялық анализ.

4. Агрохимиялық картограмма.

5. Агрохимиялық қызмет.

6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Химия - жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз - бізді айнала қоршаған материялық дүние. Бұл материялық дүние адам баласының сана-сезімінен « . . . материя дейтініміз, ол біздің сезім мүшелерімізге әсер арқылы түйсік туғызушы, материя дейтініміз бізге түйсі арқылы берілетін объективтік болмыс».

Химия - заттардың бір-біріне айналып өзгеруін зерттейтін ғылым. Химия заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістерін, өзгеріс жағдайын, әрі өзгерістерімен қабат болатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.

Химия - өте ертеден дамып келе жатқан ілім, ол күнделікті өмірге, қажеттіліктен тұған, оның металлургия, ауыл шаруашылығын, жеңіл өнеркәсіпті, дамытудағы рөлі ерекше және қазіргі кездегі даму қарқыны орасан зор. Химия халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік қолданылады: өте таза металдар алудың, қышқылдар, негіздер мен тұздарды, минерал тыңайтқыштарды, бояулар мен газдан және өнеркәсіптік қалдықтардан таңғажайып экологиялық таза полимерлік материялдар, өнеркәсіптік және тұрмыс-салт бұйымдарын, ауыл шаруашылығына керекті гербецидтер мен пестицидтерді синтездеудің жаңа технолоиялары дүниеге келді. Мамандар өндірісте материялдық ресурстарды өндіріп-өңдеуге химия заңдылықтарын пайдаланып, жоғары біліктілік көрсетеді.

Біз - химия ғасырының тұрғын адамдарымыз. Химия біздің тұрмысымыздың, өміріміздің барлық салаларына сіңіп кеткен. Автомобиль мен кемелер, самолет пен ракеталар химиксіз жасалмайды, химиясыз орнынан қозғалмайды. Ешбір құрылыс кірпіш, цемент, шынысыз мүмкін емес, ешбір адам тамақ, киімсіз, күнделікті тұрмыстық, мәдени керекті заттарсыз тұра алмайды. Ал, осы заттардың ешқайсысы химиясыз өндірілмейді.

Химиялық және химия өнеркәсібінің өркендеуі жалпы шаруашылықтың тезникалық прогресіне ерекше әсер етеді. Осы күнгі халық шаруашылығының алуан салаларының қайсысын алсақ та, химияны, химияның жетістіктерінің нәтижесін пайдаланбайтыны жоқ. Химия және оның жетістіктері еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсуінде, халықтың хал-ахуалы көтерілуінде, социализмнің материалдық-техникалық базасын жасауда үлкен орын алады.

Жалпы химия ғылымының дамуында дүние жүзінің химиктерінің еңбектері ерекше, бұлар бұрында, қазір де, алдыңғы қатардан орын алады.


Химияның ауыл шаруашылығындағы

маңызы.

Халық шаруашылығын химияландыру - ғылыми техникалық прогрестің маңызды бағыты - химияның табыстары мен әр түрлі әдістерін, химиялық материалдарды және одан жасалған бұйымдарды қоғамдық өндірістің тиімділігін жоспарлы және кең түрде арттыруда қолдану, сонымен қатар халыққа мәдени, медициналық және тұрмыста қызмет етуді жақсартк болып табылады. Әсіресе, ауыл шаруашылығын химияландыруға көп көңіл бөлінуде. Оған минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғайтын заттарды, мал шаруашылығының химиялық өнімдерін және әр түрлі полимерлерді және басқа да химиялық заттарды мелиорацияда қолдану жатады. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану - ол мол өнім алудың қуатты құрамы 1т минералдық тыңайтқыш қолдану арқылы кәдімгі өнімнен артық 2т астық 1т мақта - шикізатын, 10т астам қант қызылшасын алуға болатындығы есептелген.

Ауыл шаруашылығын химияландыру негізінде және органикалық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану арқылы жердің құнарлығын арттыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Ауыл шаруашылығына қажетті химиялық қосымшаларды, мал азығының консерванттарын, бой өсіргіштерді және өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғайтын заттарды, әр түрлі қабықшаларды, полимерлік материалдарды және басқа да химиялық өнімдерді көптеп шығару белгіленіп отыр.

Ауыл шаруашылығының қажетті микробиологиялық синтез өнімдері толығырақ қамтамасыз етілетін сол сияқты биотехнология мен гендік инженерия саласындағы ғылыми техникалық жетістіктер белсенді түрде өндірістерге енгізілетін болады.

Ауыл шаруашылығында өсімдіктерді әр түрлі зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғайтын минералдық тыңайтқыштарды, химиялық заттарды кеңінен қолданады. Оларды қолдану ауыл шаруашылығының өнімдерін көбейтудің ең маңызды шараларының бірі болып табылады. Елді негізі болып табылатын металдарды осы химиялық әдістердің көмегімен алады.

Агрохимия - ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін арттыру үшін өсімдіктердің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштармен т. б. химиялық заттардың тиімділігін зерттейтін ғылым. Міндеті - ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және көтеру. Агрохимия өсімдік қоректенуін, тыңайтқыш пен топырақ арасындағы қатынасты, тыңайтқыштардың қасиетін және олардың өсімдіктерге тигізетін әсерін, сондай-ақ аймаққа қандай тыңайтқыштар қолдануға болатынын зерттейді. Агрохимия ауадан азот алу әдістерін қолдану және микроорганизмдер мен тағы басқа химиялық факторлар арқылы топыраққа азот, фосфор, калий тағы басқа элементтер қорын көбейтудің, елімізде әр аймақтың топырақ-климаттық ерекшелігін ескере отырып органикалық және минерал тыңайтқыштарын, өсімдікті қорғауды қолданылатын химиялық заттар қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді, агрохимиялық зерттеулер жүргізудің әдістерін жасайды.

Агрохимия - егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Бұл химия әрі биологиялық ғылым болып есептеледі. Агрохимия әр түрлі өсімдіктердің жеке ерекшеліктеріне қарай жасаған жағдайды тексеріп, топырақ құнарын көтеруге бағытталған шаруаларды белгілейді.

Агрохимия, агрорхимиялық химия - топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Диханшылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. 1761 жылы швед химигі И. Валериустың агрохимия туралы алғашқы ғылыми еңбегі жарық көрді. Бірақ сол кезеңдегі жалпы химия ғылымының даму деңгейіне байланысты агрохимия ілгерілей алмады. Агрохимияның негізін салушылардың бірі - француз ғалымы Ж. Буссенго (1836ж) . Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Бірақ бұл процестің ғылыми мәні ағылшын ғалымы Г. Гельригел (1886ж) және орыс ғалымы С. Н. Виноградский (1893ж) нитрофикаттану (түйнек бактерияларының ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органикалық қосылыстарға дейін айналдыру) процесін ашқаннан кейін түсіндірілді. Кейін неміс ғалымы Ю. Либих (1840ж) топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, ал Дж. Лооз (1843ж) Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш супер - фосфат шығаратын зауыт алды.

Қазақстанда Агрохимия Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институты құрылғаннан кейін (1934ж) қалыптасып, дами бастады. Оның негізін салушылар ғалымдар И. И. Синягин мен К. И. Иманғазиев болды. Олар топырақ құрамындағы фосфордың органикалық минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді. Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады. Сондай-ақ Д. И. Меденовтың жетекшілігімен Қызылорда облысында көңнің, карбомиформның, Қаратау фосфоритінен өндірілген аммофос, метофосфат, полифосфат тыңайтқыштардың тиімділігі зерттелді. Б. С. Бәсібеков тыңайтқыштардың ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінің сапасына әсерін, С. Б. Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқыштарының тигізетін әсерін зерттеді. Р. Е. Елешевтің ғылыми жұмыстары топырақтағы жылжымалы Р 2 О 5 , фосфат потенциалы, калий фосфатының әр түрлі негізді кластарына арналды. Агрохимияның міндеті: өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштармен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. Агрохимия топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты олардың өсімділікке тигізетін әсерін, әр аймақта ауыл шаруашылық дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді. Топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларын қарсы қолданудың у - химиялық химикаттардың құрамына талдау жасайды. Өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимиялық картограммалар жасалады. Соның нәтижесінде тыңайтқыштар, гербецидтер, у-химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылды, мол өнім алудың жолдары іздестірілді. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті мен Қазақ егіншілік ғылыми-зертханалық институты үйлестіріп отыр.

Агрохимиялық анализ

Агрохимиялық анализ - топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, гербецидтердің, ауыл шаруашылық дақылдары зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у - химикаттардың химиялық құрамын зерттеудің лабороториялық әдісі. Топырақтың құрамы мен қасиетін анықтау үшін топырақ анализі жүргізіледі. Өсімдік анализі өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуі мен оларға қажет заттардың айналымын арнайы егістік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы
Шіріген органикалық заттар
Аштықты жоюдағы химияның рөлі
Жалпы химия
Фосфор қышқылы
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химиялық ыдыстар және реактивтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz