ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3
1. тарау. ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия
қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар.
1.1. Солтүстік және Орта Италияның
қалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. ХІ – ХІІ Италия қалаларының экономикалық және
саяси
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

... ... ... ... ... ...11
2. Тарау. ХІІІ – ХV ғасырлардағы Италия қалаларының саяси дамуы және
халық наразылықтары.
2.1.Ортағасырлық Италия қалаларының саяси
құрылысы ... ... ... ... ... ... ..1 6
2.2. XIV және XV ғасырларда Оңтүстік Италия мен
Сицилияның экономикалық және саяси
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

... 22
Пайдаланылған әдебеиттер мен сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...24
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XI—XV ғасырлар бойына Италия, Германия сияқты,
саяси бытыраңқы ел болып қала берді. Елдің тарихи дамуының өзгешелігіне
қарай мұнда негізгі үш аймақ бөлініп шықты: Солтүстік Италия мен Тоскана,
Папа аймағы мен Оңтүстік Италия.
XIII—XIV ғасырлардағы Солтүстік және Орта Италия, бүкіл тұтас елдегі
сияқты, саяси бытыраңқы түрде қала берді.
Жалдамалы жұмысшылар мен қолөнер қалалардағы еңбекшілерді қанау
мен езушіліктің, кәдімгі типтік цехтық құрылыс-қолданып көрмеген
формаларын туғызды. Бұл жағдай XIV ғасырда Солтүстік және Орта Италия
қалаларында өз ерекшелігі бар жаңа халықтық қозғалыстарға — пред-
пролетариаттың көтерілістеріне де әкеліп жеткізді[1].
Орта ғасырлардағы Италияның дамуында алғашқы капиталистік-
қатынастардың прогресшілдік ролі қаншалықты зор бола тұрса да, олардың
тіпті, Солтүстік және Орта Италияның барлық қалаларына бірдей
тарамаушылығын және тіпті не папа аймағында, не Оңтүстік Италияда мүлдем
дамымаушылығын, еске алмасқа болмайды.
Италияның қалаларындағы алғашқы капиталистік қатынастар қалалық
өндірістің барлық салаларында тегіс емес, көбінесе шұға мен жібек тоқитын,
кеме жасау мен кен - руда өнеркәсібінің салаларында дамыды. Италияның ең
алдыңғы қатарлы орталық қалаларындағы өндірістің осы салаларында цехтың
ыдыраушылығы, оның шеңберінде алғашқы капиталистік қатынастардың пайда
болуына, неғұрльим дәулетті негізгі шеберлердің кәсіпкерлерге, ал көмекші
шеберлер мен ұсақ қолөнершілер-дің — жалдамалы жұмысшыларға айналуларына
әкеліп жеткізді[2].
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Орта ғасырлық жазба төркін-деректер бірнеше түрге бөлінеді: документальды
материалдар, заңдық ескерткіштер, хабар беретін төркін-деректер, фольклор,
әдеби шығармалар т. с. с.
Орта ғасырлар тарихын соның ішінде Италия қала мемлекеттерінің қалыптасуы,
ондағы капиталистік қатынастардың даму мен қалыптасуы тақырыбын зерттеген
бірнеше авторлар бар. Олар: Сказкиннің редакциясы бойынша шыққан
Ортағасырлар тарихы оқулығы. Онда бірнеше ғалымдардың атап айтқанда
Абрамсон М, Бернадская Е, В Баткин Л. М. т.б. зерттеулері жинақталған.
Италия қалаларының тарихын зерттеуде әсіресе Е Бернадская жақсы
қарастырған.
Ортағасырлық Италиядағы қоғамдық идеялардың дамуы мен әлеуметтік
ереуілдер туралы М.Л.Абрамсонның Положение крестьянства и крестьянские
движения в Южной Италии в XII—XIII веках атты еңбегінде жан – жақты
қамтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Ортағасырлық Италия қалаларында феодализмнің қалыптасуы мен дамуын
және оның өзіндік ерекшеліктерін жан – жақты қарастыру.
-Қала мемлекеттер бәсекелестігі.
- Батыс Европаның басқа қалаларының Италия қалаларымен салыстырғанда
даму дәрежесі.
- Италия қалаларының саяси - әлеуметтік құрылысын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ортағасырлық Италия қалаларының қалыптасуы мен дамуына түсінік беру.
2. Италия қалаларының саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуына
сипаттама беру.
3. Ортағасырлық Италия қалаларының экономикалық тоқырауға ұшырауының
себептерін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
1 – тарау. ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала
– коммуналар.
1.1. Солтүстік және Орта Италияның қалалары. Солтүстік Италия мен
Тоскананың басты ерекшелігі қалалардың орта ғасырлардағы Европаның өзге
елдеріне қарағанда, тым ертерек және анағұрлым тезірек дамуында болды.
XI—XII ғасырларда бұл ауданның қалаларында сауда-қолөнершілік ісі көбірек
күшейе түсті. Сиена мен Пизада, Флоренция мен Пьяченцада және Миланда
шұға маталары, Кремонада — зығыр маталары, Луккада — жібек маталары
өндірілді; Венеция мен Генуяда және Пизада кемелер жасалынды; Венецияда
тері-терсектер мен аң терілері және кенеп өңделіп шығарылды, шыныдан
жасалынған Венеция бұйымдарының XII ғасырдың өзінде-ақ қаладан шалғай
жерлерде даңқы шығып жатты; Тоскана мен Ломбардияда темір рудасы өндірілді,
Милан әр түрлі қару-жарақты және талшық тарауға арналған металл щеткаларын
(жүн тарағы) өңдеп шығарумен де әйгілі болды[3]. Қолөнердің, атап
айтқанда, құрылыс ісінің дамуына, қалалық бекіністерді салудың
қажеттілігі себепкер болды: Кремона мен Модена, Бергамо мен Павия және
Милан — қаланы сыртқы жаудан қорғайтұғын өре жетпес биік дуалдармен айнала
қоршалынды. Италия қалаларының қолөнершілері, Батыс Европаның барлық
жерлеріндегі сияқты, цехтарға біріктірілді. XII ғасырда қолөнершілердің
корпорациясы солтүстік қалалардың басым көпшілігінде және Орта Италияның
көптеген қалаларында құрыла бастады. Мысалы, XII ғасырдың аяғында
Миланда —қолөнершілер корпорациясының Креденца святой Амвросия деген
одағы пайда болды; Флоренцияда бірнеше қолөнершілік цехтар: сырттан
әкелінген шикізаттан жүн маталарын өндіруші, жүн өнеркәсіпшілерінің Лана
цехы, француздық және немістік дөрекі шұғаларды қайта өңдеп жақсартумен
айналысқан — шұға бұйымдарын өндіретін мамандардың Калимала цехы
қалыптасуға айналды. Қолөнершіліктің негізінде қалаларда сауда-саттық
жұмыстары жедел өркендеп, жергілікті маңыздылықтың шегінен асып шыға
бастады[4].
Миланда, әдеттегі күнделікті рыноктан басқа, жылына төрт рет жәрмеңке
ашылып, оған итальяндық және шетелдік қалалардың көпестері келіп жиналды;
мұнда олар қару-жарақ пен шұға маталарының және шығыстық товарлардың
саудасын жүргізді. XII ғасырда Адриатика мен Ломбардияның арасында
жүргізілген саудада Венеция ең негізгі делдал болып саналды; қалаға
Ломбардия мен Тоскан және Эмилия қалаларының көпестері ағылып келіп жататын
болды, ал немістің көпестері онан қонақ үй (фондако) алып тұрды. XII
ғасырда Феррарада жылына екі рет жәрмеңке ашылып отырды; бұған Ломбардия
мен Тосканың және екінің бірінде Франция мен Германиядан да көпестер келіп
жиналды[5].
Сонымен, товар айырбасы елдің тек кейбір қалалық округтары мен
аймақтарының ішінде ғана емес, сонымен қатар аймақтар арасында да өсті;
кейбір жәрмеңкелер жалпы итальяндық және, тіпті жалпы европалық маңызға ие
болды. XI—XII ғасырларда итальяндық қалалардың халықаралық экономикалық
қарым-қатынастары да ұлғайып, өсуге айналды: олар Египет, Алжир, Тунис,
Мароккамен сауда-саттық істерін жүргізді; Генуя Каталония мен Провансте
орнығып, Солтүстік Африкада өзінің отарларын ұстады; Оңтүстік Францияның
қалаларында, Корсика мен Сардинияда Пизаның бүтіндей кварталдары болды;
Венеция Адриат теңізінің Далматтық жағалауындағы кейбір қалалар мен
жерлерді өзіне бағындырды. Италияны қоршап тұрған теңіздерінің
византиялықтар мен арабтардың үстемдігінен босаулары, сондай-ақ крест
жорықтары сауда-саттық ісінің өркендеуіне мүмкіншілік туғызды. Крест
жорықтарының нәтижесінде Венеция, Генуя, Пиза, Анкона Таяу Шығыспен
(Левантпен) тұрақты сауда-саттық қарым-қатынастарын жасап, онда сансыз көп
сауда-саттық факторияларын орнатты. Олар онан бұрын және басқа дәмділік
тағамдар мен мақтаны, жүн мен шұғаларды бояйтын заттарды әкеліп, онда
астық пен мал және металл бұйымдарын шығарып өткізіп тұрды. Шығыстағы
делдалдық сауда-саттық жұмыстары итальяндық қалаларға адам айтқысыз көп
пайда келтірді. XII ғасырдың басында-ақ Солтүстік және Орта Италияның
қалалары жетекші экономикалық күштерге айнала бастады.
Солтүстік және Орта Италияның сеньорларымен қалалардың күресі. Алайда
қолөнер кәсібі мен сауданың одан әрі өркендей беруіне қорқыныш тудыратын
қалалардың жауы,—феодалдық-сеньорлар болды.
Италияда бұлар, қағида бойынша, епископтар болған еді. Олардың жағдайы
I Оттонның Италияға жасаған жорығына байланысты бұрынғыдан да гөрі нығая
түсті, ол епископтарға кең саяси: сот правосын, әкімшілік басқару, таможня
және рыноктық баж салығын жинау, монет соғып шығару және тағы басқа
праволар берді. Қаланың бүкіл саяси және экономикалық өмірі епископ —
сеньордың бақылауында болды. Бұл жағдай, әрине, қалалардың одан әрі дами
беруін бөгеп, өңдіргіш
күштерге тұсау салды. Қалалардың сауда-қолөнерші халқы пополандар XI—ХІІ
ғасырларда едәуір күшейіп, өзінің дұшпаны сеньорларымен күреске кірісті.
Бұл күрестің ең алғашқы рет тұтанулары IX—X ғасырларда басталып, XI ғасырда
мейлінше кең өріс алды.
Германиядағы сияқты, итальяндық қалалардың да бұл күресте
корольдік өкіметпен одақтастығы болмады, өйткені Солтүстік
Италия өз алдына дербес корольдік бола алмады, ал герман
императорының өкіметі мұнда таза номинальды түрде болып қала берді. Бірақ
та қала халықтары екінің бірінде ұсақ феодалдармен-вальвассорлармен
одақтаса берді[6]. Бұлар сауда-саттыққа жиі қатысып, ірі феодалдар
өкіметінің әлсіреуіне мүдделі болды; бұрын маман әскерилер болғандықтан
вальвассорлар қала халықтарының сеньорларға қарсы күресін ойдағыдай
жүргізуге көмектесті. Олар, мысалы, Милан қаласындағы халықтың 1035 жылғы
көтерілісіне қатысты, ал 1042 жылы бұлармен одақтас Миландықтар қиян-кескі
күрестен соң өздерінің сеньоры — архиепископты оны қолдаушы феодалдық
ақсүйектермен (капитандармен) қоса қаладан қуып шықты. Қалалық жасақтың
қарсылығын жоюға тырысқан архиепископ 1044 жылы біржолата жеңіліп, Милан
дербестілікке ие болды.
Қалалардың сеньорларға қарсы жүргізген күресі ауыспалы табыспен жүріп
жатты. Алайда ақыр аяғында""сеньорлар қалалардағы саяси праволарды бірте-
бірте қала халықтарына беруге мәжбүр болды. Ең әуелгіде қала халықтарының
өз уәкілдерін епископтық совет пен сотқа енгізуге қолдары жетті, ал содан
соң сеньорлардың қаланың саяси дербестілікке ие болғандығын заң жағынан
мойындап қуаттайтын грамоталарды да жиі ала бастады. XI ғасырдың басынан
XII ғасырдың басына шейін мұндай грамоталарды Мантуя, Феррара, Пиза,
Қремона, Болонья және көптеген басқа қалалар алды. Міне осылайша
епископтар XII ғасырда-ақ Ломбардия мен Тоскана қалаларына жүргізетін-
билігінен айрылды. Бұл қалалар бірте-бірте ішінара немесе түгелдей тәуелсіз
коммуналарға айналып, содан соң дербес мемлекет-қалалар бола бастады[7].
Солтүстік және Орта Батыс Италияның қалалық коммуналары европалық
елдердің көпшілігіндегі, бүкіл орта ғасыр бойына жуық саяси және әкімшілік
өмірдің орталығы болған селолық феодалдық замокқа қарағанда, Италияда
коммуналардың пайда болуына байланысты мүндай орталық енді қала бола
бастады. Феодалдардан тәуелсіз коммуналар қаланың қарапайым халықтарының —
қолөнершілері мен ұсақ саудагерлердің — сеньорларға қарсы жүргізген
қиян-кескі күресінің нәтижесінде пайда бола тұрса да, бірақ олардың
табыстарының жемістерін барлық қалаларда да қалалық байлар мен ұсақ
феодалдар пайдаланып кетті. Коммуналардың орнауына байланысты өкімет билігі
феодалдық сеньордан консульдар коллегиясының қолдарына көшті. Бұлар әдетте
ақсүйектерден (капитандардан), ұсақ феодалдардан (вальвассорлардан) және
көпестерден сайланды. Қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің уәкілдері
коллегияның құрамына енгізіледі. Коллегия бүкіл шаруашылық пен соғыс және
сот жұмыстарын басқарып жүргізетін атқарушы орган болып табылады.
Коммуналардағы заң шығаратын өкіметті, қаланың барлық аудандары болып
сайлайтұғын сенімді адамдардың советі— Креденца жүзеге асырды. Кейде
толық праволы қала халықтарының жиналысы — парламенто да шақырылып тұрды.
Коммунаның пайда болуынан кейін қалаларда сауда-саттық пен қолөнерінен
жиналған қорлар феодалдың қазынасына емес, енді қала халықтарының өз қолына
көшкен қалалық экономиканы едәуір дәрежеде дамытуға жұмсалды. Бұл жағдай
итальяндық қалалардың XII—XIII ғасырларда әжептәуір даму себептерінің бірі
болды. Коммуна өз өкіметін тек қала шеңберімен ғана шектеп қойған жоқ: оған
әдетте өзінің төңірегіндегі деревнялар мен феодалдық замоктарды қоса
.Контадо деп аталынған бүкіл селолық жер бағынды. XII ғасырда қаланың өз
төңірегін-дегі селолық жерге экономикалық және саяси ықпалы күшейе түсті.
Келесі ғасырлар ішінде Италияның көптеген қалалық коммуналары өз
иеліктерінің шеңберін ұлғайтып, басқа қалаларды олардың округтарымен бірге
өздеріне бағындырды, бұл аса кең-байтақ территория көбіне дистретто деп
аталынып, өзі бір бүтіндей мемлекетке айналды және оның ішіндегі ең басты
коммуна астананың ролін атқарды[8]. Мысалы, Солтүстік және Орта Италияда —
Флоренция, Сиена, Милан, Равенна, Венеция, Генуя, Пиза және тағы басқалары
сияқты көптеген мемлекет-қалалар құрылып қалыптасты.
Қалалардың өз өкіметінің билігін төңірегіндегі селоларға та-ратушылығы
феодалдардың саяси құдіретін анағұрлым әлсіретті. XI
ғасырдан бастап олардың кейбіреулері замоктарын тастап, қалаға көшіп барып
орналаса бастады. Алайда өз ықпалын сақтауға тырысқан феодалдардың
көпшілігі қарсылығын тоқтатпай жүргізе берді. Олар қолөнершілер мен
көпестердің шаруашылық әрекеттеріне қасақана бөгет жасап, сауда жолдары мен
тау асуларын бақылауларына алып, коммуналарды құруға кедергі келтірді. XII
ғасырда пополандар грандармен (феодалдармен) қарулы күрес жүргізді және
олардың замоктарын талқандап өртеді, ал олардың өздерін зорлап қалаға
көшірді. Қалаға көшіп орналасқан феодалдар, бұл жерде де қарап отырмай
зәулім дуалдары мен мұнаралары бар замоктар салды, бірақ та бұл соғыс
бекіністері, әлі де коммунаға қауіпті бола тұрғанымен де, енді олар
күнделікті бақылауда болғандықтан, оншама қорқынышты бола қоймады.
Италияның коммуна-қалалары, Батыс Европа елдерінің басқа қалаларына
қарағанда, феодалдардың саяси және экономикалық күш-қуаттарын міне осылайша
жеңіп шықты[9]. Осының арқасында олар селолық қолөнершілікпен бәсекені
жойып, өздеріне бағынышты территорияның ауыл шаруашылығын қаланың мүддесі
үшін қызмет еткізді.
Қалалардың сеньорларды жеңіп шығуы, Солтүстік және Орта Италияның
экономикасын гүлдендіруге және елдің бұл аймақтарындағы қалалардың
экономикалық және саяси маңызының одан әрі өсе беруіне мүмкіндік берді.
Коммуналардың гүлденуі — феодалдық қатынастардың жойылуын көрсетпейді
және көрсетуі мүмкін де емес. Бірақ та феодалдық иерархияның қолданып
отырған системасына елеулі өзгеріс енгізілді. Система бұзылды.
Коммуналардың тап өздері де нақ феодалдардың орнын басқан тәрізді болды.
Бұрынғы феодалдық иеліктерден құрылған өзінің территориясында, коммуналар
енді өздерінің вассалдарын ұстады. Осы территорияның - шеңберіндегі саяси
өкімет бұларға көшті. Қала әрі шаруашылық, әрі саяси жағынан да феодалдық
организм болып қалды. Қаланың қолөнершілік өндірісінде цехтық құрылыс
үстемдік етті[10]. Солтүстік және Орта Италия қалаларының феодалдық айқын
табиғи көріністерінің бірі олардың экономикалық және саяси жағынан
жекелікке тырысуы болды, бұған олар өз алдарына дербес мемлекеттерге айналу
арқылы ғана жетіп отырды.
1.2.ХІ – ХІІ ғасырлардығы Италия қалаларының экономикалық және саяси
дамуы.
Италияның өзінде, не оның экономикалық жағынан неғұрлым кемелденген
Солтүстік бөлігінде, орта ғасырлардың аяғына шейін бірыңғай мемлекеттің
құрылып, қалыптаспау себептерінің бірі болды.
Солтүстік француздық және ағылшын қалаларына қарағанда, неміс қалалары
сияқты, Италияның қалалары да, экономикалық жағынан өздерінің тым жоғары
өркендеулеріне қарамастан, елді саяси жағынан біріктірудің орталықтары бола
алмағандары былай тұрсын, қайта көбінесе тіпті оған кедергі жасап отырды.
Бұл олардың XII ғасырда-ақ ішкі рынокпен емес, көбінесе сыртқы рынокпен
қарым-қатынастарда болғандығымен түсіндірілді. Ол ол ма, тіпті шығыстағы
рынокпен жасалған сыртқы саудада болсын (Левант, Египет, Византия) және
батыстағы рынокпен жасалған саудада болсын (Франция, Германия,, Англия,
Фландрия) қалалар сауда-саттық жұмыстарында,ал кейініректе банк
операцияларында бір-бірімен бәсекелесті. Сауда-саттық істері жөнінде
Венеция мен Генуя, Генуя мен Пиза бәсекелесті; Флоренция Пизамен, Сиенамен
және Луккамен бәсекелесті, Бұл бәсекелесушілік Италияның өз ішіндегі
мемлекет-қалалардың арасындағы бітпейтұғын қақтығыстарға айналды.
Қақтығыстардың бір себебі, аса құдіретті қалалардың өз территориясын,
көршілес отырған әлсіздеу қалалардың есебінен ұлғайтуға тырысуында болды.
Осының негізінде Милан мен Кременаның, Болонья мен Моденаның және
басқаларының арасындағы
қақтығыстар ұзаққа созылды. Экономикалық және саяси бәсекелестіктің
салдарынан итальяндық қалалар, немістердікі сияқты, елдің саяси бірлігіне
мүдделі болмады, олар тек біреу-міреудің сырттан, атап айтқанда, герман
императорының тарапынан қауіп төнген кезде ғана, уақытша бас қосып бірігіп
отырды[11]. Солтүстік және Орта Қалалардың жедел дамушылығы және
Италия деревнясының товар-ақша қатынастарының дамуына қаланың жасаған
ықпалы. Солтүстік пен Орта Италияның аймақтарындағы қаланың шапшаң
ұлғаюшылығы, италияның деревнясындағы натурал- шаруашылықтың негізін бұзды
және Италияның бұл бөлігіндегі аграрлық құрылысқа елеулі өзгерістер
енгізуге әкеліп жеткізді. Қалалардың ауыл шаруашылық өнімдеріне деген
өскелең сұранысы, негізінде ұсақ шаруалар шаруашылығы өндірісінің есебінен
ғана қанағаттандырылды. Сондықтан егістік жердің көлемін ұлғайту бос жатқан
жерлерді тазартып, саз-батпақ жерлерді құрғату және тағы басқалары арқылы
жүргізілді. XI ғасырдың аяғына таман, әсіресе XII ғасыр ішінде ірі
феодалдар қожалық шаруашылықты кенет қысқартып, жеке меншіктегі жерді
(домен) шаруалар мен ұсақ рыцарьларға, сондай-ақ қала халықтарына
Либеллярлық түрде ұстаудың шартымен арендаға немесе эмфитевтік арендаға
бере бастады. Деревнядағы жерлердің біраз бөлігі бұл кезде қалалық жоғарғы
топтың қолдарына көшті. Олар бұл жерлерді не жұрттан жинап сатып алды,
немесе арендалаған жерлерін іс жүзінде өздерінің меншігіне айналдырды. XI
ғасырдың өзінде-ақ рентаны коммутациялау басталды. Ақшалы рента XI—XII
ғасырларда мейлінше кең тарады, егістік барщинаның біраз бөлігі жүкшілік
міндеткерлікпен алмастырылды. Солтүстік және Орта Италияда жұмыспен өтеу
рентаның ешқашанда басым болмағандығын айта кеткен жөн, заттай және тіпті
ақшалы ренталар VIII—IX ғасырлардан бастап-ақ әжептәуір кең таралды, соның
ішінде крепостной шаруалар жөнінде де осылай болды. Солтүстік.Италияның
кейбір аймақтарында товар-ақша қатынастарының өсушілігі өнім рентасының
сыбағалы салмағын арттырды шаруалардан жиналған өнімдерді феодалдар рынокқа
шығарып өткізді. XI—XII ға-сырларда шаруалардың сеньорларға қарсы жүргізген
белсенді күресінің нәтижесінде, Италияның бұл жақ бөлігінде шаруалар
міндеткерліктерінің біраз бөлігінің мөлшері белгіленіп қойылды[12].
Солтүстіктегілерге қарағанда онтүстік итальян қалаларының тағдыры да
өзгеше құрылды. XI—XII ғасырлар ішінде олардың да әжептәуір өркендеуге
қолдары жетті. Бірақ та бұл өркен-деушілік, өздерінің меншікті қолөнер
өндірісі мен жергілікті сауда-саттық жұмыстарының нашар дамығандығынан,
көбінесе транзиттік саудамен байланысты болды. Осының салдарынан және
сондай-ақ XII ғасырдың басынан-ақ Оңтүстік Италияда біршама күшті феодалдық
мемлекеттің құрылуы себепті, оңтүстік итальяндық қалалар тәуелсіздікке жәңе
тіпті дербес автономия болуға да жете алмастан, күшті орталық өкіметке
бағынышты болып қала берді[13]. Сондықтан мұнда товар-ақша қатынастары
деревняның шаруашылық және әлеуметтік өміріне айта қоярлықтай елеулі ьгқпал
ете алмады.
XII ғасырдың екінші жартысында германдық Солтүстік және Орта
агрессияның жандана түсуіне байланысты. Фридрих Барбаросса
басқарған германдық феодалдар өздерінің Италиядағы басқыншылық әрекеттері
үшін, итальяндық жерлердің біраз бөлігінің бұрын Рим империясы дегенге (X
ғасырдан бастап) формальды түрде жататындығы негіз бола алады деп санады.
Осы басқыншылық жоспарларды жүзеге асыруға Италияның саяси
бытыраңқылығы, әлбетте қолайлы жағдай туғызды. Италияны жаулап бағындыру
ниетімен I Фридрих Барбаросса оған бес рет жорық жасады. Шетелдік езіп-
жаншуының қауіпі ең алдымен өркендеп келе жатқан солтүстік итальяндық
қалаларға төнді[14]. Фридрих Барбароссаның Италияға жасаған жорықтарына
шейін Ломбардия мен Тюскана қалаларының империядан тәуелділігі тек
номинальды түрде ғана болған еді, кейбір жағдайларда олар императорға
жәрдем ақша мен көмекші отрядтар ғана беріп тұрды. Сөйтіп олар титулы бар
шетелдік феодалдың жоғарғы билік праволарын мойындамаса да, одан тиісті
тәлем төлеу арқылы құтылып отыруға мәжбүр болды. Ал енді қалалардың
жергілікті сеньорлармен жүргізген күресінде соншалықты қиыншылықпен жеңіп
алған экономикалық және саяси тәуелсіздігінен айрылып қалудың нақтылы
қауіпі ұлғая түсті.
Миланды мейлінше рақымсыздықпен жазалаушылық және германдық
басқыншылардың елді аяусыз тонаушылығы бүкіл Италия халқының ашу-ызасын
келтіріп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz