ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН. ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны Ж.Баласағұн туралы зерттеулер


ЖОСПАР
І. ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны Ж. Баласағұн туралы зерттеулер.
ІІ. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанының идеялық желісі.
ІІІ. «Құтты білік» пен қазақ халқының жан - дүниесіндегі терең тамырластықты пен рухани сабақтастық.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН.
Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуірсіз Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес. Караханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-салалы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың "Түркі тілдерінің сөздігі", Жүсіп Баласағұнның "Құтты білігі", Ахмет Игүнекидің "Шыңдық сыйы", Ахмет Иассауидың "Диуани Хикметі" сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Кезіңде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді "Бақыт деген не?", "Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналықдеген не?" деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі "Құтты білік" поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Ол -ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол - философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан "Құтты білік" кітабы - сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тіліңде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбегі. Сондықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне енетін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жал-пыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, "Мың бір түн", "Жолбарыс терісін жамылған батыр" секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен . қатар "Құтты білікті" де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поэмасы көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этникалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсак-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан "Манас" пен "Құтты білік" арасында айқын ұқсастықтар бар.
Зерттеушілер әсіресе, Баласағұн поэмасыңдағы "Шығыс Ренессансы" идеяларымен байытылған әрі өткір, актуальды, әрі эмоционалды айқын өмір философиясына назар аударды. Жеке халықтың тілі мен мәдениетін жалпы адамзат мәдениетінің күрделі тұтастығынан, шетсіз-шексіз диалог жүріп жатқан үлкен тарихи уақыттан тыс түсінуге болмайды. Мәдениеттің ұлы туындыларының өзі де осындай үлкен уақытқа ғана сыяды емес пе?
Үлкен уақыт деңгейінде жекелеген мәдениет құбылыстарына халықтар мен ұлыстардың, жекелеген мәдениеттердің ғасырлар мен мыңжылдықтардағы өзара ұғысу, адамзат мәдениетінің күрделі бірлігіне көшу перспективасы ашылады. Орта Азия халықтары әдебиетіне іштей және сырттай әсер еткен сансыз байланыстарды ескере отырып, Н. Конрад: "Орта Азия халықтарының мәдениеті, оның ішінде әдебиеті де орта ғасырлардағы иран және түркі халықтары мәдениетімен, олардың өз заманыңца жалпы әлемдік әдебиет атаулының шыңы болып санаған бай әдебиетімен тарихи тұрғысынан байланысты болса, өз кезегінде бұл халықтардың мәдениеті және араб, үнді мәдениетімен тығыз байланыста болған" 1 , -деп жазды.
"Құтты біліктің" Европа әлеміне әйгілі болуы австриялық шығыстанушы Фон Хаммер Пургшталь есімімен тікелей байланысты. Ол 1796 жылы Стамбул қаласында аталмыш қолжазбаны қолға түсіріп, Вена кітапханасына сыйға тартқан болатын. Еңбекті алғаш рет неміс тілінде жарыққа шығарған белгілі шығыстанушы Г. Вамбери 1891-1910 жылдары дастанның түпнұсқасымен қоса, оның немісше аудармасын жариялаған. В. В. Радлов еңбегінен кейін ғана поэма, шын мәнінде, ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. Дастанның үзінділерін тұңғыш рет орыс тіліне аударған С. Е. Малов, 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен дастанның еркін аудармасын жасады. 1971 жылы К. Керимов "Құтты білікті" өзбек тіліне аударды. Ал дастанды 1986 жылы қазақ тіліне Асқар Егеубаев тәржімалады. Үш қолжазбаның (Вена, Каир, Наманган) мәтіндерін сын елегінен өткізіп, елеулі еңбек еткен Р. Р, Арат 1947 жылы дастанның ғылыми тұрғыдан бір ізге түсірілген желісін жасап шықты. "Құтты біліктің" толық мәтінін "Рақатқа жетелейтін ілім" деген атпен 1983 жылы орыс тіліне аударған С. Н. Иванов. Дастанның академиялық деңгейдегі басылымы академик А. К. Кононовтың редакциясымен, жекелеген жәйттер туралы мақалалары С. Н. Иванов редакциясымен бірігіп жарық көрді. 1970 жылы Ленинград қаласында "Құтты білікке" арнайы өткізілген IV түркологиялық конференцияда осы ескерткішті жүйелі түрде жан-жақты терең зерттеу қажеттігі атап көрсетілді.
Баласағұн шығармашылығын және оның еңбегі жазылған дәуірді зерттеу ісі аса көрнекті орыс шығыстанушылары В. В. Бартольд, С. Е. Малов, белгілі тарихшылар әрі әдебиет танушылар Е. Э. Бертельс, А. Н. Самойлович, А. Н. Кононов және т. б. ғалымдар арқылы ойдағыдай жалғасын тапты.
А. Н. Кононов "Құтты білікті" философиялық шығарма деп атайды. С. Н. Иванов: "Дастанның философиялық негіздері зерттеуді, дәл түсіндіруді қажет етеді", - деп ескертеді. Этика бойынша жазылған кітаптардағы шағын тақырыпшалар, жеке мақалалар, әрине, Жүсіп Баласағұнның рухани байлығын толық таныта алмайды. Оның жалпы шығармаларына ойшыл суреткер ретінде объективті баға беру - болашақтың міндеті. Баласағұн поэзиясын біртұтас, соның ішінде философ ашық тұрғыдан оқып, тану өз кезегінде орта ғасырлық ойшыл ақынның күрделі ішкі әлемінің кілтін табуға, оның тереңде жатқан қатпар қабаттарын ашуға, көпшіліктің тілегі мен ниетінен шығуға көмегін тигізеді. "Құтты білікті" тарихи-мәдени талдау объектісіне айналдыру дамудың орта ғасырлық кезеңіндегі түркі халықтарының қоғамдық ойы тарихының, көркемдік дәстүрінің одан әрі тиянақты зерттелуіне жол ашады.
Ж. Баласағұн "Құтты білік" поэмасында-мемлекеттік басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен зандарды, әдет-ғұрыптар, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, т. б. мәселелерді өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан жоғары дәрежеде көрсете білді. Тұтастай алғанда, Баласағұн жалпы философиялық мәселелерді алға тартып, өмірді эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеген. Ғылымның сан саласын меңгеруге, жалпы әлемдік көзқарастарды жан-жақты қамти білуге талпыну Жүсіп өмір сүрген мәдени ортаның болмысына тән болатын.
Дастанның идеялық желісін сипаттаған А. Н. Кононов пен С. И. Иванов "ислам" элементтерімен қоса суфистік реңктің бой көрсететінін атап көрсетеді. Шыңдығында, поэманың идеялық өзегінде ислам белгілі орын алады. Алайда, оның мазмұны исламға бағындырылмаған. Жүсіп Баласағұн шығармаларының ренессанстік, гуманистік бастауы, біздіңше, Аристотель мен Фараби философиясы дәрежесіне көтерілген. Баласағұн көзқарасын айқындайтын екінші қалтарыс қабат ислам діні енгенге дейінгі көшпелі және отырықшы елдерге таралған-зороастризм, манихей, буддизм секілді әр түрлі нанымдар болып табылады. Осы нанымдар ішіндегі ерекше әсерлісі "Құтты біліктің" өн бойынан айқын көрініп тұратын пұтқа табынушылық пен шамандық белгілері. Өмірдің мәнділігі, бұл дүниенің жалғандығы секілді исламға тән ұғымдар "Құтты білік" авторына тән болатын. Өткен жастық ғұмыр, өлім қайғысы сияқты шамандық түйсікке жақын сарындар Жүсіптің рухани көңіл-күйін сипаттайды.
"Құтты білік" поэмасының басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі - мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы, екіншісі - бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек, үшіншісі-ақыл-парасат, төртіншісі-қанағат-ынсап мәселесі.
"Құтты біліктің" кіріспесінде тәңірдің құдіреттілігі суреттелген кезде оның бар болмысы - айды, күнді, жерді, көкті жаратқандығы тәптіштеледі. Тәңірдің сандық қатынастардан, кеңістік пен уақыттан тыс екендігі, көзден жырақ, бірақ көңілге жақындығы ескертіледі. Оның еш жерде тұрағы жоқ, ол мәңгі, табиғаттың барлық құбылыстары, тау-тасы, орман-көлі - бәрі құдіреттің жасампаздық әрекетінің ізі, суреті.
Жаратқанның көкте тізіп қойған сансыз жұлдыздарының ішінен Жүсіп Баласағұн он екісін бөліп алады да, оларды үш-үштен төрт мезгілге телиді. Айталық, көктем жұлдыздары - Қозы, Еді, Ерентұз; жаз жұлдыздары-Қушық, Арыслан, Бұғтай басы; күз жұлдыздары - Улгу, Чадан, Иа; қыс жұлдыздары- Оғлақ, Көнүк, Балық. Олардың үшеуі - су, үшеуі - жел, үшеуі - от, үшеуі-топырақ. Оларды бітіспес қайшылықтан жарастыққа мәжбүр ететін жаратушы хақ.
"Үш от, үш су, үш жел түгел таралды,
Үш топырақ - ғалам солай жаралды.
Бір-біріне жаулар бұлар өлгенше,
Жауды жауға салып қойған сенгенше . . .
Қатыспас жаулар, іштей тынып жарасқан,
Көріспес жаулары өшіп бүгін тарасқан.
Жаратушы хақ жаратты апарып,
Жаратты да, жарастырды қатарын".
Төрт нәрсе бар, аз деп ұғып кейіме.
Дана айтқан сөзді түйгін зейінге.
Бұл тертеудің біреуі жау, бірі - өрт,
Үшіншісі тіршіліктің торы дерт,
Бұлардан басқа біреуі бар, ол - білім,
Эсал көрме, төртеуініңешбірін.
"Жамандық - от, от күйдіріп өтеді;
Жолын бөгер күш жоқ, күл қып кетеді" 2 .
"Төрт тұғырық" өлшемдік қағида - "Құтты біліктің" құры-лымдық арқауы. Күнтуды (Әділет), Айтолды (Дәулет), Өгдүлміш (ақыл), Оғдұрмыш (қанағат) бірін-бірі қисынмен толықтырып отыратын кейіпкерлер. Әділеттің ақ туы Күнтуды Елік - орталық, кіндік тұлға, себебі ізгілікті қоғамның мәңгілік арқауы - әділеттілік. Ол - ана сүтімен сүйекке сіңетін қасиет. Ал ақыл да, дәулет те, қанағатшылдық сезім де жүре бітер қасиеттер. Оның үстіне тұрақтылықпен ерекшеленбейді. Дәулет баянсыз, тұрақсыз, түлеп, жаңғырып тұрады. Ақыл адалға да, арамға да бітеді, қанағат сараңдықпен де шектесуі мүмкін. Олардың әрқайсысы жеке-дара алып қарағанда дүниеге тұтқа бола алмайды, адамды бақытқа жетектей алмайды. Төртеуі бірлікке жеткен жағдайда ғана халық бақытқа кенеледі. Бектің бақыты-халықтың бақыт-тылығында. Бақыт жеке басқа тән ұғым емес. Ол - халықтық сипаттағы ұғым. Өз халқын бақытқа жеткізген билеуші ғана бақытты. болмақ. "Құтты біліктің" мазмұны осы,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz