ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық,
көркемдік мәселелері)

Бекітемін
Ғылыми жетекші:
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к.,
доцент С.Ергөбек

_______ ф.ғ.к., доцент С.Ергөбек _____________
Қорғауға жіберілді:
Орындаған:
Хаттама № ______ ФҚӘ-515
тобының студенті

____ ___________ 2009 жыл А. Байсеңгірова
_________

Түркістан – 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ
ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ДІНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТ ЖӘНЕ
КІТАБИ АҚЫНДАР, ҚИССАЛЫҚ ӘДЕБИЕТ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, ЖАНРЛЫҚ, КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ елінің Ресей қол астына өтуі.
Бодан ел болуы, қазақ жерінің орыс патшалығы тарапынан тартып алына
бастау, миссионерлік, шовинистік рухани қысымдардың енуі. Осыған қарсы
діни–ағартушылық қозғалыстың басталуы. Ол ең алдымен әдебиетте кітаби
ақындар шығармашылығында көрінуі.
Қазақ әдебиетінің тарихына қатысты кітаби ақындық және олардың басты
шығармашылық дәстүрі нәзирагөйлік алғаш рет Алтын Орда дәуірінде ұлыс
түріктерінің даму, қайта өрлеу ренессансы кезеңінде дүниеге келгені
аңғарылады. Бұған дәлел ретінде Алтын Орда дәуірінің Қиссаси
Рабғузи, Жұм–жұма, Қисса Жүсіп секілді шығармаларының араға
ғасырлар салып, ХІХ ғ екінші жартысы мен ХХ ғ басында қазақ
топырағында нәзирагөйлік дәстүрде қайта түлеуін айтсақ та
жеткілікті. Ғалым А.Қыраубайқызының Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет
тарихы, оның қазақ әдебиетіне қатыстылығы және қазақ әдебиетіндегі
нәзирагөйлік дәстүрдің туу табиғаты жөніндегі ойлары ойға орнықты,
көңілге қонымды көрінеді. Алтын Орда дәуірінде қазіргі қазақ
тілінің түркілік нұсқасымен жазылған, өзінің жерін басып, суын
ішіп жүрген елде, аталар жүріп өткен аймақта туған оншақты
әдеби кітап бар. Әзірге анық зерттеліп, ғылымға қосылғаны
жетеу. Хорезмидің Махаббатнама дастаны (1353), Әлидің Қисса
Жүсібі (1212-1213), Хусам Кәтибтің Жұмжұмасы (1370), Құтбтың Хұсрау
–уа Шырыны (1314 -1342), Махмуд бин Әли Кердерінің Неһж -ул –
Фарадис (Жұмаққа апарар жол 1258), Рабғузидің Қисса –и Рабғузи
(Қисас –ул –әнбиа 1310), Сайф Сарайдың Гүлстан би –т түркиі (түрікше
гүлстан), - деп көне әдеби ескерткіштерімізді атай келіп: -Алтын
Орда дәуіріндегі жазба әдебиеттің өркендеуі қала мәдениетінің
дамығандығын айтуға негіз бола алады, - деп қорытады ғалым. Сонымен
бірге, аталған шығармалардың туу, таралу табиғаты, дәстүрі
жөнінде: - ... Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетке ғана тән, сол
кезден бастау алған бір әдеби үрдіс нәзирагөйлік үрдіс екендігін
назарға алады. Қазақ даласына нәзирагөйлік дәстүрдің алғашқы
нышаны дін исламның орнығуы кезінде көріне бастағаныны, алайда
дәстүрдің толық орнығуы, кең сипат алуы Алтын Орда дәуірі
екенін ерекше атап айтып отырады. Нәзира табиғаты - тым
тереңде, әріде жатқан жалпы адамзат баласының өркениетіне тән
құрылыс. Сондықтан біз әңгіме етіп отырған мәселе – бұл дәстүрдің
қазақ әдебиеті тарихында көрініс беру және туу, даму т.т
мәселесі. Нәзира әдебиеттегі ағым ғана емес, ояна бастаған
тркілік сананың дабылы да... Ал оянушылықтың негізгі
шарттарының бірі – өткен тарихқа, ғасырлар шаңында қалған әдеби
мұраға оралы, ана тілінің мәртебесін көтеру. Мұндай жайлар
әдебиетімізде Алтын Орда дәуірінен кейін, ХІХ –ХХ ғасырдың бас
кезінде көрінген еді. Әсіресе, түркілер өркениетіндегі
оянушылықтың негізгі тәсілі болған нәзирагөйліктің орыс
отаршылдығының қысымына қарсылық ретінде ғасырымыздың басында (
ХХ ғ) дами түсуі [1, 122] дәстүр табиғатының ағымдық,
қозғалыстық, оянушылық қасиеті қуатынан туындап жатқан құбылыс
еді.
ХІХ ғ. – ХХ ғ. басында діни мектеп, медресселерде оқып, дін тарихын,
араб, парсы әдебиетін терең танып өскен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің
дамуын ислам өркениетімен мұсылмандық шығыспен байланыста таныған
қаламгерлер тобы да осы кезде шығармашылық етті. Олар дін тарихына қатысты
шығармаларды, Мың бір түн, Кәлилә мен Димнә, Тотынама үлгілерін қазақ
тілінде назиралық дәстүрде қайта жырлады. Сол арқылы қазақ әдебиетін тың
тақырып, жаңа жанр үлгілерімен толықтырды. Қазақ жазба әдебиетінің өсіп
өркендеуіне үлес қосты. Оларды бүгінгі әдебиеттану ғылымында кітаби ақын,
шайыр, қиссашыл ақын секілді бірнеше атаулармен береді. Оның себебі:
олардың тәрбие алған негізгі бастауы қазақ фольклоры мен жыраулық, ақындық
поэзия болғанымен, мектеп, медреселерде білім алып, мұсылманша жақсы
сауатты болған ақындар. Олар өз шығармаларын негізінен жазбаша шығарған
деуге болады. Діни оқу орындарында оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін
біліп, сол тілдерде жарық көрген Орта Азия, Қазақстан аймағына тараған
шығыс әдебиеті үлгілерімен діни тақырыптағы шығармалардағы сюжеттерді
пайдаланып, хисса, хикаялар жазған, классикалық, һәм діндарлық шығармаларды
аударған. Шығыстың классикалық шығармаларымен таныстырып, насихаттауда
кітаби ақандардың елеулі ролі болды. ХХ ғасыр басындағы кітаби ақын-
шайырлар қатарында М.Қалтайұлы, Шәді Жәңгірұлы, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек
Шайқысламұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нұралы Нысанбайұлы, Мұсабек Байзақұлы,
т.б. ақындарды атауға болады. Олар кітаби ақын, шайыр ретінде Құран
сюжеттерін, Пайғамбарлар өмірі мен ұрпақтары, діни, тарихи тұлғалар мен
оқиғалар, Мың бір түн ертегілерін т.т. көп жырлаған, сол арқылы қазақ
әдебиетін діни тақырыптармен, діни сюжеттермен т.б. байытқан кезең
әдебиетіне мол үлес қосқан.
Диплом жұмысының мақсаты. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы болып
табылатын діни ағартушы - кітаби ақындардың шығармашылық мұрасын
осы кезең әдебиетінің үдерісінде танытуды мақсат етіп, диплом
жұмысы алдына мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- Діни ағартушы – кітаби ақындардың әдеби мұраларының өзіндік
ерекшеліктерін тану;
- Діни-ағартушылық бағыт және кітаби ақындар шығармашылығының дамуын
дәуір әдебиетінің үдерісінде тану;
- ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы кітаби ақындар және
қиссалық әдебиеттің даму мәселелерін пайымдау;
- Кітаби ақындар және қиссалық әдебиеттің пайда болуы мен
даму үдерісін айқындау;
- Қиссалық әдебиеттің басты тақырыптары мен жанрлық, көркемдік
ерекшеліктерін қарастыру.
Жұмыстың зерттеу әдістері. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық бағыт және оның өкілдерінің
шығармашылық ерекшеліктерін кезең әдебиетінің даму үдерісінде және олардың
басты шығармашылық дәстүрі болған назира дәстүрі туындыларын яғни, қиссалық
әдебиетті дәуір тынысымен сабақтастықта қарастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық бағыт өкілдері мен
туындыларын назира дәстүрі аясында қарастыру, қиссалық әдебиеттің өзіндік
даму ерекшеліктерін және тақырыптарын ашу.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ДІНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТ ЖӘНЕ
КІТАБИ АҚЫНДАР, ҚИССАЛЫҚ ӘДЕБИЕТ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қазақ
жерінде, елінде ағартушылық ой өріс алды, дамыды. Қазақ
даласындағы ағартушылықтың дамуына басты –басты екі –үш себеп
болды деуге болады. Біріншісі, қазақ хандықтарының жаппай жойылуы
мемлекеттік ойдың көмескіленуіне жол ашты. Қазақ жерінің жаппай
тартып алынуы, қазақ даласында әскери бекініс –қалалар тізбегінің,
жүйесінің жүзеге асуы арқылы болды. Қазақ даласында сенімді
орнығып алған соң, елдің тұрмыс –салтының ұлттық болмысының,
танымының қазығы – дініне ауыз салды. Ғасырлар бойы ұстанып
келген мұсылман діні, мұсылман жазуына қатар төнді. Қазақ
даласында орысша оқу, шоқындыру өріс алды. Бұл үшін қазақ
даласында миссионерлер, миссионер ғалымдар жұмыс жасады.
Қазақ қалай орыстандырылды атты еңбегінде: миссионерлік жолмен
жіңішкеленіп шоқындыру арқылы орыстандырудың ең бір алмағайып
тетігі жергілікті халықтардың ішінде аралас мектептер мен оқу
орындарын ашудың өзінде миссионерлік мақсатты ұстанған саясатты
көреміз. Осының бір көрінісі М.Әуезовтің : ...Бұл шіркеуді Миссия
деп атайды... Ақшіркеудің жанында школ да бар,- дейтін ішіне
қатпарлы сыр бүккен тезистік желідегі сөзінің арғы төркініне үңілер
болсақ, көп ойлар сабақтауға, бұларсыз шындықты толық танып
білудің өзі қиынға соғарын сезінеміз. Миссионерлердің қолдауымен
ашылған орыс –түземдік аралас мектептер мақсаты жағынан мұсылман
мектеп – медреселеріне қарсы идеологиялық құрал ретінде Үкімет
тарапынан қолдау тауып отырды. Миссионер ғалымдар осы бағдарға
орай оқытушылар кадрын даярлау ісіне де айрықша мән берген. Бұл
салада Мәскеу, әсіресе қазанның рухани академиясының орны бөлекше
деп саналған. Қазанның рухани академиясында арнайы мақсат көздеп
ашылған мұсылмандыққа қарсы бөлімнің (противомусульманская
отделение) тұңғыш кафедра меңгерушісі Ильминский түркі-монғол тілді
халықтар үшін ашылған аралас мектептерді кадрмен қамтамасыз
етудің ордасына айналдырды. Бұлармен осымен қатар жергілікті
халықтық өкілдерінен келешек миссионерлік жолға берілген дін
кадрларын даярлау үшін, тіпті ерлер мен қыздар монастырын ашуға
да тікелей кірісіп кетті [2, 30]. Күні кешеге дейін ұлы
ағартушы аталып жүрген Ильминский мекілді орыс отарлығының
зымиян саясаткерлерінің миссионерлік қызметін жан – жақты ашып
көрсетті. Қазақ еліне арналып орыс кириллицасымен басылған
христиан дінін уағыздайтын миссионрелік кітаптар көптеп шығып, ел
ішіне таралып жатты. Мысалы, Құдай үшін көп азап тартқан
Евстафий Плакиданың, оның қосағының, екі ұлының өмірі. Жизнь и
страдания Святого великомученика Евстафия Плакиды с семейством.
На киргизском языке. Издание Православного миссионерского общества,
Казань, Тип. В.М.Ключникова, 1886, 1890, 1894. Орыс әрпімен қазақ
тілінде жазылған, Первоначальное сведение о православной христианской
вере. Казань. 1886. Святое Евангелие господа нашего Иусуса Христа от
Луки, на киргизском языке. Казань 1889, 1890; Первоначальные сведения
о православной христианской вере, сообщаемые киргизу, готовящемуся
по св. Крещению, на русском и киргизском языках Казань, 1890;
Священная история Ветхого Завета, Казань, 1890; Ақыл беретұғын
книга. Из премудрости Уисусе сына Сиракова, на киргизском языке,
Казань, 1891; Әулие князь Владимир.Св. благоверный князь Владимир и
Крещение Руси. На киргизском языке. Казань, Изд. Православн. Миссионер.
Общ –ва, 1892, 1894; Ізгі Авраам (Ізгі Авраам на киргизском языке).
Православн. Миссионер. Общ –ва.Казань, Тип. М.А.Чирковой, 1892; Ізгі Иов
(Ізгі Иов на киргизском языке). Казань, 1892; Священкая история
Ветхого и Нового Завета на киргизском языке. Казань, 1893; Иисус
Христостың еткен құдіреттері (Иисус Христостың еткен құдіреттері)
Чудеса Иисуса Христа. На киргизском языке. Казань. 1893; Иисус
Христостың айтқан мысалдары (Иисус Христостың айтқан мысалдары).
Притчи Иисуса Христа на киргизском языке. Казань, 1893; Святое
Евангелие от Марка на киргизском языке. Изд. Алтайско –Киргизской
духовной миссии на средства Британского и иностранного Библейского
общества. Томск, 1894, секілді кітаптардың басылып шығуы және
олардың орыс әрпімен қазақша шығып жатуы көп жайдың көрінісін
аңғартса керек. Сондықтан қазақ оқығандары, ағартушылары мұсылман
оқуына көп ден қоюы, кітаби ақындардың мұсылман әлемінің діни,
фольклорлық, әдеби мұрасын қазақ тілінде сөйлетуі қазақ халқын
тілінен, дінінен айырғысы келетін орыс миссионерлерінің іс –әрекетіне
тосқауыл ретінде көп дамығанын, жолға қойылғаныны аңғаруға болады.
Әлбетте, ең бастысы, кітаби ақындардың қазақ әдебиетіне шығыс
классикасын әкелген өлшеусіз қызметі еді. Демек, қазақ кітаби
ақындары діні бар болмаған елде бірлікте, тірлік те болмайтынын
аңғарып, әрі діни, әрі әдеби қызмет еткен ағартушы қаламгерлер
болды.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ
оқығандарының орыс отарлығына, христиан миссионерлігінің күшеюіне
қарсы қолданған алғашқы қаруы білім алуды күшейту, сол арқылы
қазақ даласындағы ислам негіздерін нығайта түсу болды. Со
себепті де ХХ ғасыр басында қазақ халқында оқу –ағарту ісі
күшейе түсті. Осы оқу мәселесінде, тіпті халықтың ағартушылық
мәселесінде, тіпті халықтың ағартушылық мәселесінде ХІХ ғасырдың ІІ-
жартысы мен ХХ ғасыр басында екі ағым қатар өмір сүріп тұрды.Олар усули
қадим немесе қадым оқуы мұны қазақша қадымша деп қысқарта салған. Қадым
оқуы ежелгі дәуірлерден ХХ ғ басына дейін күллі түрік халықтары қолданған,
арабтың 28 әріпіне негізделген жазу болатын. Сондықтан оны кейде түрки
деп те қолданамыз. Бұл жазудың ерекшелігі түріктің қай халқы болса да, осы
28 әріп негізінде жазып және оқитын. Шындығында қадым жазуын әр түрік
өзінше оқитын. Мәселе тек жазуда емес, қадим қалыптасқан оқу жүйесі бар
тәртіпті жүйе еді. Бұл оқуда ислам діні, шариғат шарттары, қағидалары көп
оқытылатын. Өзге пәндер, мысалы, тарих, жағрафия т.т. дүниелік пәндер,
ғылыми сапалары аз оқылатын. Қадым оқуы түрік халқының діни –
схоластикалық пәндер көп оқылуы себепті түрік халықтары үшін
күрделі оқу жүйесі болатын. Оқуды меңгеру қиындығынан дүмше
молдалардың көптеп шығу құбылысы қазақ даласында анық аңғарылған
еді. Әйтсе де қадым оқуын терең меңгерген, сол арқылы түрки,
араб, парсы тілдерін меңгеріп, сол тілдердегі фәлсафалық, тарихи,
фольклорлық, әдеби т.т. шығармаларды оқуға, терең тануға қол
жеткізген кісілер де аз болған жоқ. Сондай кемел молдалар легі
кітаби ақындардың мол шоғыры еді. Сонымен бірге қадым
оқуының басты ерекшелігі, құндылығы түрік халықтарын бір жазу
–сызу аясында ұстауы еді. Қадым түркілердің түбі бір, діні
бір тұтастығының, біртұтас ұлттық танымының ұзақ ғасырларға
сақталуына негіз болған оқу жүйесі еді. Демек, күні бүгінге
дейін күллі араб әлемін құран жазуы қапай біріктіріп,
біртұтас ұлттық танымда ұстап отырса, қадым оқуы түрік халықтары
үшін ғасырлар бойы сол дәрежеде қызмет еткені анық. Яғни
түрік ұлыстарын тұтастықта, бірлікте ұстаған Қазақ усули қадым
болатын. Кешегі Кеңес дәуірінде және бүгінгі күнге дейін
қадым оқу жүйесін бір жақты сынау белең алып келеді.
Дұрысы, күрделілігін айта отырып, оның кеше дәуірлерге
созылған ұлы қызметін де есте ұстағанымыз жөн. Қадымды жоғалттық.
Қадыммен бірге түркі халықтарының ортақ оқу, ортақ жазу
мәдениетін жоғалттық. Біртұтас ұлыстық, ұлттық танымнан,
біртұтастық, бірлік ой –қазығынан айрылдық. Әйтсе де, ескі
тозбай қоймайды, жаңа жеңбей қоймайды. Бізден көп бұрын орыс
бодандығын қабылдап, отарлық езгіні ғасырлар бойы көріп келе
жатқан, сол езгінің нәтижесінде ерте есейген татар халқында
Усули жадид қозғалысы ерте басталды. Жалпы, қазақ халқының
мәдени өркендеуіне, ұлт ретінде оянып, бас көтеруіне татар
халқында басталып, татар қоғамдық өмірінің бар саласын
қамтыған, әдебиетіне, өнеріне, мәдениетіне зор әсер еткен ағым
ретінде қалыптасты. Оның алғашқы нышаны ХVІІІ ғасырдың аяқ шені
мен ХІХ ғасырдың басында көрініс тапқан. Оның көрнекті
өкілдері Курсави, Маржани секілді татар ағартушылары болды [3, 14].
Олардан кейін татар халқының ұлы ағартушы ұстазы Каюм Насыри
мен бүкіл өмірін Ресей қоластындағы түрік жұртын оятуға
арнаған, сол үшін Тәржүман газетін шығарып, оны өзіне өмірлік
қайраткерлік мінберіне айналдырған Исмайыл–бей Ғаспралыларды атауға
болады.
Араб тілінде қадым- ескі, жадид - жаңа деген сөз. Яғни, ескі
жүйе мен жаңа жүйе. Усули Жадид ең алдымен араб әріпті
түрки әліпбиге реформа жасады. Арабтың 28 әрпі негізінде түрік
халықтарының фонетикалық ерекшелігіне сай қамтылмай келген
дыбыстарға жаңа әріптер жасап енгізді. Тек әліпби ғана емес, күллі
оқу жүйесіне жаңалықтар енді. Жаңа оқу жүйесінде діни сабақтармен қатар,
ғылымның түрлі саласының қамтылуы, оқылуы қадағаланды. Бұл оқу жүйесінің
жеңіл әрі ұғынықты болуына алып келді. Бұл сол кезең үшін даму, процесс
болды. Шындығында да Усули жадид тек оқу саласы ғана емес, қоғам
өмірінің барлық саласын қамтып үлкен ағымға айналды, отарлық езгіде
жаншылған татар халқын бұл ағым үлкен қозғалысқа алып келді. Сол қозғалыс
біртіндеп қазақ даласына да өте бастады. ХХ ғасыр басында шығып тұрпған
қазақ газеттері, түрлі қалаларда көптеп басылып жатқан. Қазақ кітаптары
қазақ қоғамындағы дамудың, оянушылық, ағартушылық ой-идеяның көркеюінің
көрінісі, жемісі еді. Оның артында үлкен қозғалыс, қоғамдық даму туғызып
тұрған үлкен себепкер Усули жадид ағымы тұр еді. Әлбетте , осы ағымдардың
қайсысының болса да үлкен мәселелерінің бірі – мұсылман дінін христиан
миссионерлік шабуылынан сақтап қалу еді. Діл – ұлттық тұтастықтың
бір кепілі екендігі сөзсіз. Сондықтан да бұл ағымдардың өзегінде
дін үшін күрес өріліп тұрады. Сол себепті де ХІХ ғасыр соңы мен
ХХ ғасыр басында басылып шыққан кітаптардың басым бөлігі діни
кітаптар болды. Оларда діни уағыздар, пайғамбарлар өмірі, ғазауат
ерлері туралы жырланды. Ең алдымен, құран сюжеттері жырланды. Құран
сүрелері қазақ кітаби ақындары қаламынан, назира дәстүрі аясында
дербес көркем шығармаларға айналып жатты. Бұл –уақыт қажеттілігі,
дәуір талабы еді. Яғни, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басында
қоғам өмірін тұтас дерлік қамтып келе жатқан ағартушылық қозғалыстың
үлкен саласы –діни – ағартушылық болды.
Кітаби аќындар м±сылманша оќыѓан жєне тєрбиеленген діни µте сауатты
ќаламгер-молда аќындар болды. Атап айтар болсаќ, Ораз молда, Шєді тµре
Жєњгір±лы, Ж‰сіпбек ќожа Шайхислам±лы, Майлыќожа С±лтанќожа±лы, Аќылбек
Сабал±лы, Кєшшєфуддин Шаћмардан±лы, Мєулекей Юмашыќов, Єріп Тєњірберген±лы,
Мєшћ‰р Ж‰сіп Кµпей±лы, Мєшћ‰р Маќыш Ќалтай±лы секілді соњдарына едєуір мол
м±ра ќалдырѓан, ќазаќ єдебиетін тµл жєне нєзиралыќ м±ралармен толыќтырѓан,
ќазаќ єдебиетін шыѓыс классикасымен, фольклоры, таќырыптарымен,
сюжеттерімен байытќан. Сол ењбектері арќылы ќазаќ жазба єдебиетініњ негізін
ќаласќан шайырлар еді. Кеңес дәуірінде кітаби ақындар шығармашылығы әдебиет
тарихын зерттеу, тану мєселелері т±рѓысында ќазаќ єдебиеті тарихында болып
µткен ќ±былыс ретінде, зерттелуі тиіс мєселе санатында сµз болды. Б±ѓан
дєлел ретінде ±лы жазушы, ѓалым М.О.Єуезовтыњ Проблемы изучения истории
казахской литературы атты маќаласын айтуѓа болады. М±нда ѓалым ќазаќ
єдебиеті тарихынан зерттелуі тиіс баѓыт-баѓдарын н±сќап кµрсеткен. Сонда
болашаќта зерттелуі тиіс ќазаќ єдебиеті тарихыныњ бір саласы ретінде кітаби
шыѓармашылыќты – кітаби аќындар м±расын сµз етеді, бірнеше кітаби
туындыларды және кітаби ақындарды атап өтеді [4, 470-471].
Кітаби ақындар ХХ ѓасыр басындаѓы аѓартушы аќындар санатында
кµрсетілді. Олардың шыѓармашылыќ басты ерекшелігі болып табылатын
назирагµйлік м±ралары арнайы сµз етілмей, тек таныстыру сипатында болды.
Б±л т±рѓыда ќазаќ єдебиеті тарихыныњ ‰лкен зерттеушісі, ѓалым
Б.Кенжебаевтыњ 1958 жылы “Ќазаќтыњ ХХѓ. басындаѓы демократ жазушылары атты
ењбегін атап µту шарт. Б±л ењбекте ѓалым уаќыт тынысына орай кітаби
аќындарды аѓартушы аќындар санатында таныстыру, жалпы сипаттама берумен
шектеледі [5, 27]. Қазақ кітаби ақындарының шығармашылық ерекшеліктері
жөнінде ќазаќ фольклорыныњ т‰рлі ‰лгілерін жинаушы, жариялаушы ѓалым
В.В.Радлов: Ќазаќ єдебиеті шыѓармаларын ќазаќтардыњ µздері екі бµлімге
бµледі: халыќ шыѓармалары (ќара сµз) жєне кітаби µлењ. Халыќ шыѓармаларын
ќарапайым халыќтыњ ауызша тараѓан µлењдері мен єњгімелері ќ±райды,
сондыќтан да оѓан ќазаќ халќыныњ ислам діні єсері тие ќоймаѓан шыѓармалары
жатады ... кітаби µлењдердіњ м±ндай атќа ие болу себебі, оны жыршы жатќа
айтпайды, жазылѓан кітаптан оќиды. М±ндай кітаби µлењді шыѓарушылар –
моллалар, сауатты ќазаќтар [6, 9] деп кµрсетеді. Ѓалымныњ м±сылмандыќ
шыѓыс єлемінен енген кітаби шыѓармаларды сыни т±рѓыдан баѓалап: Маѓан
ќазаќтар арасынада исламды орныќтыруѓа бір Ж±м-ж±маныњ єсері даланы кезіп
ж‰рген ж‰здеген молдадан артыќ тєрізді [6,12] дейді. Пікірде кітаби
ақындардың қазақ халқының ислам дінін сақтауына еткен үлкен қызметі
аңғарылады. Бұны олардың діни ағартушы ақын ретінде көрінуі деуге болады.
Ѓалым Є.Ќоњыратбаев Ќазаќ єдебиетініњ тарихы деген еңбегінде кітаби
аќындар, назиралыќ, ќисса-дастандар мєселесін біршама сµз етеді [7,210-
220]. Мысалы, Шєді, Т±рмаѓанбет тараулары.
Кеңес дәуірінде кітаби аќындар м±расы єдеби байланыс ретінде жалпы
ќарастырылды. Кењестік кезењ ‰шін кµлемі жаѓынан да, мєн-мазм±ны жаѓынан да
мол берілген ќ±нды ењбек Ќазаќ єдебиетініњ тарихы ІІ-том, 1-кітабындаѓы
Ќазаќ єдебиетініњ шыѓыс єдебиетімен байланысы атты ѓылыми-зерттеу ж±мысы
дер едік. Ењбекте кітаби аќындар аталып µтіп, назиралыќ шыѓармалар жалпы
топтап беріледі. Арнайы авторларымен сµз ету маќсат т±тылмаѓан. Сол себепті
де Ќазаќ арасына тараѓан шыѓыс єдебиеті н±сќалары деген арнайы ќосалќы
таќырыпшамен берілген. Ењбекте ќисса-дастандарды єлеуметтік баѓыты,
мазм±ны, идеялыќ-кµркемдік т±рѓысында ‰ш топќа бµліп, жіктей ќарастыруы
ќажеттілігі сµз болады: Бірінші – негізінен дінді уаѓыздайтын, исламныњ
ќаѓидаларын, діни ±ѓым-нанымдарды насихаттауѓа баѓытталѓан: Сал-сал,
Зарќ±м, Сейітбаттал сияќты шыѓармалар, ... дей келе, б±л топќа жататын
шыѓармалардыњ аз емес екендігін, тек олардыњ мазм±н-сапасы, идеялыќ ќ±ны
тµмен, т‰гелдей дерлік ескі, керітартпа санаѓа діни фанатизмге тєн идея-
сарындарѓа толы болып келетінін айтады. Солай дей келе, аталѓан шыѓармалар
идеялыќ жаѓынан да, кµркемдік т±рѓыда да тµмен туындылар деген ќорытынды
жасайды [8,540]. Екінші – кµршілес елдермен басќа шыѓыс халыќтарыныњ
ежелгі ањыз-єњгімелері, халыќ романдары мен поэмалары жєне классикалыќ
єдебиет µкілдерініњ дастандары: Шаћмаран, Сейфулмєлік, Бозжігіт,
Абулхарис, Шєкір-Шєкірат, араб елініњ ертегісі Мыњ бір т‰н, ‰нді
ертегісі Тотынама, классик аќындар: Фирдоуси, Фзули, Навои, Низами дастан
етіп жазѓан Шахнама, Лєйлі-Мєжн‰н, Таћир-Зућра, Фархад-Шырын,
Ескендір секілді шыѓармалар,- деп б±ларда да ескі ±ѓым-нанымдар,
кертартпа идеялар кезіккенімен, олардыњ негізінен шыѓыс халыќтарыныњ
алдыњѓы ќатарлы µнеге-дєст‰рлерін дамытќан халыќтыќ сипаттаѓы шыѓармалар
деген ќорытындыѓа келеді. Сонымен бірге, б±л топќа Ж‰сіп-Зылиха секілді
шыѓармаларды да жатќызуѓа болатын секілді деген ой айтады. Шыѓарма діни
мифологияѓа негізделгенімен, заманындаѓы ѓибратты, ќ±нды идеяларды кµркем
бейнелеген, µзіндік тарихи мєні бар, с‰йіспеншілік жайлы дастан, ќисса деп
т‰йеді [9,541]. Ењбекте ќазаќ тіліндегі ќисса-дастандардыњ ‰шінші тобы
ретінде шыѓыс сюжетіне ќ±рылѓан, біраќ ќазаќ єдебиетіне сіњісті болып,
ќазаќ фольклорыныњ дєст‰рлерімен ±штасып, тµл шыѓарма сипаттас болып кеткен
М±њлыќ-Зарлыќ сияќты шыѓармалар кµрсетіледі. Олардыњ ќазаќ єдебиетініњ
‰лгі – дєст‰рімен терењ ќабысып, кісі аттары, образды бейнелеу, уаќиѓаны
баяндау ерекшеліктері м‰лде жањѓырып, ќазаќ єдебиетініњ µзіндік тумасына
айналѓанын, сондыќтан б±л салаѓа жататын шыѓармаларды жіктеп бµліп алу,
кµрсету ќиынѓа соѓатынын сµз етеді. [8,541]. Осы жерде ескерте кету керек,
шындыѓында, осы айтылѓан ќазаќ ќисса-дастандарыныњ ‰шінші тобын тіпті
басќаша атау, сипаттау ќажет. Себебі олар - ќазаќ топыраѓында ќайта т‰леген
шыѓыстыќ ‰лгідегі ќисса-дастандар емес, керісінше, шыѓыстыќ ќисса-
дастандар дєст‰рінде жырланѓан, µзіміздіњ топыраѓымызда д‰ниеге келген
фольклорлыќ, не єдеби шыѓармалардыњ нєзиралыќ дєст‰рде ќайта жырланѓан
‰лгісі. Яѓни, нєзиралыќ дєст‰рдіњ тек сырттан сюжет єкелуші, енгізуші ѓана
емес, тµл м±раны ќайта ќорытушы м‰лдем жања сапада ќайта тудырушы ерекше
табиѓатын д±рыс тануѓа тиіспіз. Демек, бар ќиссаны тек шыѓыстан келді дей
беруге де болмайды. Жоѓарыда аты аталѓан М±њлыќ-Зарлыќ сондай тµл, ќазаќы
ќиссамыз. Жалпы, ќазаќ єдебиетіндегі шыѓыстыќ сарын, кітаби аќындар жєне
олардыњ м±расы жµнінде ѓалымдар єр кез сµз етіп келеді. Мысалы, М.Єуезов,
Б.Кенжебаев, Ы.Д‰йсенбаев, Є.Жиреншин, Ќ.М±хаметханов, З.Ахметов, М.Бµжеев,
Ш.Сєтпаева, Р.Бердібай, С.Ќасќабасов, ‡.С‰бханбердина, Н.Келімбетов,
Ш.Елеукенов, ¤.К‰місбаев, А.Ќыраубайќызы, Б.Єзібаева, Ж.Шалѓынбаева секілді
ѓалымдарды атап айту керек.
Ќазаќ єдебиетінініњ тарихына ќатысты кітаби аќындыќ жєне олардыњ басты
шыѓармашылыќ дєст‰рі нєзирагµйлік алѓаш рет Алтын Орда дєуірінде ±лыс
т‰ріктерініњ даму, ќайта µрлеуі ренессансы кезењінде д‰ниеге келгені
ањѓарылады. Б±ѓан дєлел ретінде Алтын Орда дєуірініњ Ќиссаси Рабѓузи,
Ж±мж±ма, Ќисса Ж‰сіп секілді шыѓармаларыныњ араѓа ѓасырлар салып, ХІХ
ѓ. екінші жартысы мен ХХ ѓ. басында ќазаќ топыраѓында нєзирагµйлік дєст‰рде
ќайта т‰леуін айтсаќ та жеткілікті. Єсіресе, ѓалым А.Ќыраубай ќызыныњ Алтын
Орда дєуіріндегі єдебиет тарихы, оныњ ќазаќ єдебиетіне ќатыстылыѓы жєне
ќазаќ єдебиетіндегі нєзирагµйлік дєст‰рдіњ туу табиѓаты жµніндегі ойлары
ойѓа орныќты, кµњілге ќонымды кµрінеді. Алтын Орда дєуірінде ќазіргі ќазаќ
тілініњ т‰ркілік н±сќасымен жазылѓан, µзіміз жерін басып, суын ішіп ж‰рген
елде, аталар ж‰ріп µткен аймаќта туѓан оншаќты єдеби кітап бар. Єзірге аныќ
зерттеліп, ѓылымѓа ќосылѓаны жетеу. Хорезмидіњ Махаббатнама дастаны
(1353), Єлидіњ Ќисса Ж‰сібі (1212-1213), Хусам Кєтибтіњ Ж±мж±масы
(1370), Ќ±тбтыњ Х±срау-уа Шырыны (1314-1342), Махмуд бин Єли Кердерініњ
Нећж-ул-Фарадис (Ж±маќќа апарар жол 1258) Рабѓузидіњ Ќисса-и Рабѓузи
(Ќисас-ул-єнбиа 1310), Сайф Сараидыњ Г‰лстан би-т-т‰ркиі (Т‰ркіше
г‰лстан),- деп кµне єдеби ескерткіштерімізді атай келіп: -Алтын Орда
дєуіріндегі жазба єдебиеттіњ µркендеуі ќала мєдениетініњ дамыѓандыѓын,
соѓан орай Алтын Орда µркениеті болѓандыѓын айтуѓа негіз бола алады,- деп
ќорытады ѓалым. Сонымен бірге, аталѓан шыѓармалардыњ туу, таралу табиѓаты,
дєст‰рі жµнінде: - ... Алтын Орда дєуіріндегі єдебиетке ѓана тєн, сол кезден
бастау алѓан бір єдеби ‰рдіс ... нєзирагµйлік ‰рдіс екендігін назарѓа алады.
Ќазаќ даласына нєзирагµйлік дєст‰рдіњ алѓашќы нышаны дін исламныњ орныѓуы
кезінде кµріне бастаѓанын, алайда дєст‰рдіњ толыќ орныѓуы, кењ сипат алуы
Алтын Орда дєуірі екенін ерекше атап айтып отырады. Нєзира табиѓаты - тым
терењде, єріде жатќан жалпы адамзат баласыныњ µркениетіне тєн ќ±былыс.
Сондыќтан біз єњгіме етіп отырѓан мєселе - б±л дєст‰рдіњ ќазаќ єдебиеті
тарихында кµрініс беру жєне туу, даму т.т. мєселесі. Нєзира єдебиеттегі
аѓым ѓана емес, ояна бастаѓан т‰ркілік сананыњ дабылы да ... Ал оянушылыќтыњ
негізгі шарттарыныњ бірі - µткен тарихќа, ѓасырлар шањында ќалѓан єдеби
м±раѓа оралу, ... ана тілініњ мєртебесін кµтеру. М±ндай жайлар єдебиетімізде
Алтын Орда дєуірінен кейін, ХІХ – ХХ ѓасырдыњ бас кезінде кµрінген еді
...Єсіресе т‰ркілер µркениетіндегі оянушылыќтыњ негізгі тєсілі болѓан
нєзирагµйліктіњ орыс отаршылдыѓыныњ ќысымына ќарсылыќ ретінде ѓасырымыздыњ
басында (ХХѓ.) дами т‰суі [8,116-122] дєст‰р табиѓатыныњ аѓымдыќ,
ќозѓалыстыќ, оянушылыќ ќасиеті ќуатынан туындап жатќан ќ±былыс еді.
Соњѓы жылдары б±л таќырыпќа арнайы немесе µзге таќырыптарды зерттеу
барысында ќарастырған біршама ењбектер д‰ниеге келді. Мысалы, кітаби
аќындарды діни-аѓартушылыќ аѓым µкілдері ретінде ќарастырѓан Ќалижан±лы
У. [10], Бермаѓамбетов С. [11], Камалќызы Ж. [12], Керім З. [13],
Алпамысова З. [14], Т±яќбаев Ѓ. [15] секілді ғалымдардың зерттеу ењбектерін
атауға болады.
Кітаби аќындардыњ басым бµлігі негізінен ескіше оќыѓан молда аќындар
еді делінді. Шындыѓында да, олар ата-бабамыздыњ ѓасырлар бойы ќолданып,
т‰рік халыќтарына ортаќ ќазынамыз болып келген т‰рки, шаѓатай, ќадым
аталып ж‰рген тілде – т‰ркіше оќыѓан, ескі мєдени тіліміздіњ ќыр-сырын
толыќ мењгерген, сол арќылы кµне єдеби, мєдени, діни м±раларымызды игеруге
толыќ м‰мкіншілігі болѓан аќындар еді.Олар медресе ќабырѓаларында ж‰ріп
жылдап араб, парсы тілдерін оќыды. Ол тілдерде д‰ниеге келген діни, єдеби,
тарихи жєне фєлсафалыќ м±ралармен, шыѓыстыњ ±лы шайырлары шыѓармаларымен
таныс болды. Сол себепті де олардың діни, єдеби шыѓармашылыќтары сол
мұралармен тығыз байланыста дамыды.
Кітаби аќындар т‰рік халыќтарыныњ діни, єдеби, мєдени т.т. жаѓынан
г‰лденген дєуірі - Алтын Орда дєуірініњ єдеби ескерткіштерін ќайта
жырлады. Б±л салада Ж‰сіпбек ќожа Шайхислам±лыныњ Ж‰сіп-Зылиханы ќайта
жырлауы, µзініњ ќаламгерлік ќарымын, шыѓармашылыќ шабытын ќазаќ халќыныњ
кµне м±рамен, тек т‰рік халыќтарыныњ ѓана емес, к‰ллі адамзаттыњ ортаќ
ќазынасы єрі ѓашыќтыќ, єрі діни, єрі фєлсафалыќ кµне классикамен ќазаќ
халќын таныстыруѓа, табыстыруѓа ж±мсауы ерекше атап айтарлыќ мєселе.
Кітаби аќындар µздері оќып, сусындап µскен шыѓыс шайырлары туындыларын,
шыѓыс фольклоры сюжеттерін ќазаќ тілде нєзирагµйлікпен ќайта тудырды,
жырлады. Сонымен бірге, олар нєзирагµйлік дєст‰р жєне кітаби шыѓармашылыќ
ќазыѓы етіп діни шыѓармаларды жырлауды ±станды. Б±ѓан мына сияќты мєселелер
себепші болды: 1. Діни-аѓартушылыќ ой-идеяныњ аѓартушы ќаламгердіњ µмірлік
±станымдарына, сонан туындап шыѓармашылыќ м±раттарына айналуы еді. 2. Орыс
отарлыѓыныњ к‰ннен-к‰нге к‰шейе т‰суі. Жерді алуы, елді алуы, ±лттыќ, елдік
салт-сананыњ µзгеріске т‰суі, ±лттыќ-адами бітім-болмыстыњ б±зылуы, ќатты
µзгеріске ±шырауы, діни ±станымдарѓа шабуылдыњ к‰шеюі еді. Б±ѓан дєлел
ретінде к‰нделікті зорлыќ-зомбылыќтан µзге ќазаќ тілінде хрестиан дінін
уаѓыздаѓан діни кітаптардыњ кµптеп басылуы жєне таралуын айтуѓа болады
[16;15]. Яѓни, діни-аѓартушылыќ ой-идеяныњ т±тастай аѓымѓа айналуы, отарлыќ
езгіге ќарсы к‰рес тєсілі, єдіс-айласы ретінде, ±лттыќ тілі мен ділі,
мєдениетін саќтау жолындаѓы к‰рес жолы, тєсілі ретінде ±станымѓа айналуы
еді. Б±л - кітаби аќындардыњ ±лт ‰шін µмірлік м±рат т±тќан ±лы ќызметі.
Молдалыќ-±стаздыѓы, діни ќызметі, шайырлыќ шабыты, ќаламгерлік ќарымы
ќайраткерлікпен ќабысып жатќан аќындар екендігін кµрсетеді.
Кітаби аќындардыњ келешек ±рпаќ алдында жасап кеткен ±лы ќызметініњ бірі –
ќазаќ халќыныњ тµл м±расын, фольклорын ел ішін аралап ж‰ріп, тауып, жазып
алуы, µњдеп кітап етіп бастырып отыруы, тіпті кейде ќайта жырлап жатуы еді.
Мысалы, М±њдыќ–Зарлыќ ќиссасы, Алпамыс, Ќыз Жібек жырлары. Кітаби ақын
Ж‰сіпбек ќазаќ ертегілерін ел ішіндегі ањыз, ертегілерді де пайдалана
отырып, М±њлыќ-Зарлыќ атты жања сападаѓы нєзиралыќ, поэтикалыќ туындысын
жасап шыѓарды. Ќыз Жібек жырыныњ µзін єлденеше рет кітап етіп бастырѓан.
Б±дан кітаби аќынныњ бірнеше шыѓармашылыќ ќырын ањдаймыз. Ел ішінде
саќталып келген жырды тауып, баѓасына жетіп жазып алуы, ќайта ќарап шыѓып,
т‰зеп кітап етіп бастыруы. Ќыз Жібек жырына аќын мынадай алѓы сµз жазады:
Мен хожа Ж‰сіпбекмін, басында хикаясын ж±ртќа µзім шыѓарып жайып едім, оны
басќа адамдар сµзін б±зып ќойѓан екен, кµріп ќайтадан т‰зетіп жаздым,
оќыѓандарѓа мєлєл келмесін деп. Ќисса-и-Ќыз Жібек жазушы хожа Ж‰сіпбек...
[16, 127]. Сол фольклорлыќ шыѓарманы негізге алып, т±тастай ќайта жазып
шыѓуы, яѓни жања, нєзиралыќ туындыны д‰ниеге єкелуі. Жинаќшы, фольклоршыныњ
туындыгерге айналуы осы т±с. Жалпы осы ењбектіњ ќай-ќайсысы болса да,
б‰гінгі ќазаќ ќадір т±тар, ерекше баѓалар ±лт ‰шін жасалѓан ќызмет болса
керек.
Кітаби аќындар діни-аѓартушылыќ аѓымныњ µкілдері болды. Аѓым да, кітаби
шыѓармашылыќ та отарлыќ тєуелділіктегі ќазаќ елі µмірімен, тыныс-
тіршілігімен тыѓыз байланысты к‰рес негізінде д‰ниеге келді. Кітаби
аќындарымыздыњ ±станѓан басты дєст‰рі нєзирашылдыќ болды. Оќыѓан, діни
сауатты, кµне єдебиетімізді, єдеби жазба м±раларымызды жетік игерген, еркін
мењгерген, ењ бастысы т‰ркілік, м±сылманшылыќ рухта тєрбиеленген аќындар
болды.
Кітап, кітаби сµзі кітаби аќын жєне назирагµйлік жµнінде мына
секілді жєйттерді айтуѓа болады. Мысалы, Сауаттылыќ, оќыѓандыќ. Ќазаќ халќы
сауаттылыќты ‰немі жоѓары баѓалап, оларѓа ‰лкен ќ±рметпен ќарап, ілтипат
кµрсетіп отырѓан. Ескі ±лттыќ танымымызда оќыѓан кісіні кітап ±стаѓан,
молла деп ќатты сыйлап, айтќан сµзін де кітап сµзі деп ерекше ќадір
т±тќан. Олар кітап сµзін жырлады жєне кітап етіп бастырды. Сол себепті де
олардыњ шыѓармашылыѓына тєн ортаќ сарын, ортаќ стиль, ортаќ тіл мєнері
болды. Яѓни, кітаби аќындар сµйлеген сµзімен де, жазѓан шыѓармалары
табиѓатымен де ел ішінде µзінше µзгеше ќ±былыс болып ќабылданды. Кітаби
аќындардыњ шыѓармашылыѓы дінмен, м±сылманшылыќпен, діни фєлсафамен, кµне
кітаптармен тыѓыз байланысты болды. Мысалы, Ќ±ран, Ясауи хикметтері,
Баќырѓани кітабы, Алтын Орданыњ, Шаѓатай ±лысыныњ кµне єдебиетін ќайта
жањѓыртты, кµнені жањѓыртушы болды. Б±л ±лыс пен ±лт µмірініњ б‰гінімен
ертењі ‰шін айтылар сµздіњ кµне сµзді тірілту арќылы айтылуы еді. Кµне
арќылы жањаны жырлауы еді. Кµне ойдан жања ой, кµне м±радан жања м±ра туды.
Б±л кµненіњ кєдеге асуы, кєдеге асырып, керекке жарату еді. Б±л жєйт-
нєзирагµйлік дєст‰рдіњ басты ќырларыныњ бірі. Демек, ќазаќ кітаби аќындары
єр туындысын шыѓыстан ала бермеді. Тµл м±рамызды ќайта жырлады не т‰п-
тµркіні шыѓыстыќ болса да, б±рын ќорытылѓан, т‰ркіленген м±раны ќайта
т‰летті. Б±л - бір єдебиеттіњ ішінде болып жатќан даму ќ±былысы. Жањаны
жасау, µзіњді тану ‰шін кµнеге бет б±ру – нєзирагµйлік дєст‰рдіњ, іштей
ќайта т‰леудіњ ‰лгісі. Ќ±ран, Мыњ бір т‰н, Кєлилє мен Димнє жєне
Шыѓыстыњ ±лы шайырлары шыѓармалары кітаби аќындар шыѓармашылыѓы арќылы
ќазаќша сµйледі. Б±л – нєзирагµйлік дєст‰рдіњ єдеби байланыс т‰ріндегі
кµрінісі.
Кітаби аќындарымыз жањаны жырлау ‰шін ескіге, Алтын Орда дєуіріне
ќалай барып отырса, сол дєрежеде ќазаќтыњ тµл, фольклорлыќ, єдеби
туындыларына да солай барып отырды. Мысалы, ѓалымдарымыз к‰ні б‰гінге дейін
шыѓыс єдебиетіне ќосып келген М±њлыќ-Зарлыќ - тµл туындымыз. Оныњ т‰п-
тµркіні ќазаќ даласында ж‰ріп µткен тарихи оќиѓаларда жатыр. Оњт‰стік
Ќазаќстан жерінде М±њлыќ, Зарлыќ атты мазар-ескерткіштер к‰ні б‰гінге
дейін саќталып келген. Сонымен бірге Шаншар ќ±дыќ, Ханшайым аралы
секілді жер аттары да осында. Аталѓан таихи жєдігерліктер бір жерге
шоѓырланѓан. Бір-бірінен алыс емес. Жаќын орналасќан. Сырдария µзенініњ сол
жаѓалауы мен Ќызылќ±мныњ арасында орналасќан. Б±л жєйттер де аталѓан
шыѓарма оќиѓасыныњ осы µњірде шын мєнінде орын алу м‰мкіндігін жоќќа
шыѓармайды. Б±л жµнінде Оњт‰стік Ќазаќстан жазушысы Єдіћам Шілтерханов та
сонау 1986 жылдары Ќазаќ єдебиеті газетіне маќала да жариялап еді. Маќала
±станымы да М±њлыќ-Зарлыќ ешќандай да шыѓыстыќ ќисса емес. Осы µњірлерде
болып µткен тарихи оќиѓалардан хабар беретін ќазаќ ањыз-єњгімелері,
ертігілері сорабымен желі тартќан, ќайта жырланѓан нєзиралыќ шыѓарма.
Нєзиралыќ шыѓарма авторы - Ж‰сіпбек ќожа Шайхыслам±лы. Фольклоршы ѓалым Ќ.
Саттаров та шыѓарма µзегінде ќазаќ ертегілерініњ табы жатќанын жасырмайды.
Ол Ќазаќтыњ халыќ романдыќ эпосы (Алматы, 1992) атты ењбегінде: М±њлыќ-
Зарлыќ эпосыныњ ежелден келе жатќан ертегілік сюжеттері Шанжар хан,
Зарлыќ Алтынайдар, Шаншар кейде М±њлыќ-Зарлыќ таѓы басќа атымен де
белгілі екендігін айтады [17,72]. Ќазаќ ќолжазбаларыныњ ѓылыми
сипаттамасыныњ екінші кітабында да (¦ЃА М.О.Єуезов атындаѓы єдебиет жєне
µнер институты) ќолжазбалар ќорында М±њлыќ-Зарлыќ хикаясынан µзге М±њлыќ-
Зарлыќ, Шаншар хан ертегілері тіркеліп, аннотациялар берілген [18, 203-
229]. Сондай шыѓармалардыњ бірі - Ќисса-и Дотан Ќ±баќанбай±лы уа ћєм
жалмауыз кемпірніњ µлгені. Шыѓарма 1903 жєне 1915 жылдары Ќазан ќаласында
басылып шыќќан. Б±л шыѓарманы Ж‰сіпбек аќын ертегіден алып, ќисса етіп
жырлаѓан. Оны автор жасырып отырѓан жоќ. Ертегіден ерігіп ќисса ќылушы
Мєшћ‰р ќожа Юсуфбек Шайхислам±лы деп кітап м±ќабасында бере кетеді. Сонымен
бірге ќисса соњында:

Басында ертегі м±ныњ µзі,
Осындай ѓып бір оныњ айтќан сµзі.
Ќисса ѓып шыѓаруѓа лайыќ кµріп
Ж‰сіпбектіњ б± да бір салѓан ізі,

- деп аяќтауы да кµп жайды, кітаби аќынныњ бір шыѓармашылыќ ќыры ішкі
нєзиралыќ жырлаудыњ болѓанын аныќ ањѓартады. Б±л нєзиралыќ дєст‰рдіњ бір
±лттыњ фольклоры мен єдебиеті аясындаѓы ішкі даму процесі.
Ќисса 1960 жылы Ќазаќ єдебиетініњ тарихы 1-т. 1-к. 1961 жылы 2-
кітапта ќарастырылѓан. Сонымен бірге 1963 жылы шыќќан Батырлар жыры
жинаѓына да енген [19, 169-172].
Ќазаќ єдебиеті тарихында жасалу жолы к‰ні кешеге дейін келіп жеткен,
ќазаќтыњ б±рынѓы жырларынан µзгеше ќисса не дастан, кейде тіпті хикая деп
берілетін біршама тµл туындыларымыз бар. Ел ішінде оларды ќыса деп
кµбірек айтады. Оларда ерлік, ѓашыќтыќ, отанын жаудан ќорѓау жырланады.
Солардыњ бірі - Ер Жафал мен Тањшебер ќыздыњ ќиссасы. Б±л секілді
шыѓармалар ќазаќ даласына ежелгі дєуірлерден ене бастап, ХІХ ѓасырдыњ
екінші жартысы ХХ ѓасыр басында мол жырланды. Олар ќисса-дастандардыњ яѓни,
кітаби не нєзирагµйлік дєст‰р ыќпалында тыњнан жырланѓан туындылар деуге
болады. Б±лардыњ ќатарында Ќисса–и Кенехан ћєм Наурызбай, Ќисса-и
Наурызбай тµре Ќасым±лы секілді Ж‰сіпбек ќожа ќиссаларын атауѓа болады.
Демек, тµл ќиссаларымыздыњ бір шеті тарихи ањыз єњгімелер мен жырларѓа да
иек артып жатады. Жалпы ел ішінде к‰ні кешеге дейін осы секілді ќысалар
оќылып, ќолмен ќайта кµшіріліп, жатталып айтылып, не оќылып келген болатын.
Б±л ќысалар жаралу жєне жырлану дєуірі (уаќыты мен таќырыбы) т±рѓысыныњ
алѓанда кµп жањалыѓы ањѓарылады. Мысалы, М±њлыќ-Зарлыќ фольклорлыќ
шыѓармадан єдемі туындыѓа айналса да, табиѓаты т±рѓысынан кµнелігін,
фольклорлыќ сарынын, бітім болмысын саќтап ќалѓан. Ал Кенехан ћєм
Наурызбай, Ќисса-и Наурызбай тµре Ќасым±лы, Ер Жафал мен Тањшебер
ќыздыњ ќысасы жырлаѓан уаќыты, таќырыбы т±рѓысынан кµп жања туындылар.
Алѓашќы екі ќисса ХІХ ѓасырдыњ 30-40 жылдары болѓан ±лт-азаттыќ ќозѓалыс
жєне ќазаќтыњ ењ соњѓы, зањды ханы Кене, оныњ інісі Наурызбай батыр туралы
туындылар екені атарынан-аќ кµрініп т±р. Ал, соњѓысы - ќазаќ-ќалмаќ соѓысы
дєуірі жырлаѓан шыѓарма. Біраќ, б±ларды тарихи жырлармен шатастыруѓа
болмайды. Б±л жерде олардыњ жанрлыќ ерекшелігі, ќысалыќ табиѓаты назарѓа
алынуы керек. Демек, б±л ќиссалар кітаби, нєзирашылдыќ дєс‰рдіњ таѓы бір
ерекшелігі, ерекше бір кµрінісі десек болады. Б±л - єдеби ќ±былыс. Ќисса-
дастан, хикаяларды жаратудыњ кітаби, нєзирашылдыќ дєст‰рін ±станып тµл
туынды тудыру. Ќазаќы ќисса-дастандардыњ д‰ниеге келу жолы деп мына секілді
жєйттерді айтуѓа болады: шыѓыстыќ ќиссалардыњ тєжірибесі, тµл фольклорлыќ
шыѓармаларды ќисса етіп бастыру тєжірибесі келе-келе тµл ќазаќ ќиссаларыныњ
д‰ниеге келуіне жол ашты. Кітаби, нєзирашыл аќындардыњ басты шыѓармашылыќ
маќсаты -єлемдік классиканы ќазаќ тілінде ќайта жарату, ќазаќ халќына, сµз
µнеріне назирагµйлік дєст‰рде ќызмет ету. Сондыќтан да кітаби аќындар
жырлап отырѓан шыѓармаларыныњ т‰п-тµркінін жасыра бермейді. Керісінше,
шыѓарманы ќайдан алып жырлап отырѓанын ашыќ кµрсетіп отырады. Сµйте т±ра,
олар µздерін толыќ дєрежедегі автор деп таниды. Кітаби, назирашыл аќындар
±ѓымында солай. Б±л - єсіресе кітаби аќындар білім алып, сусындап µскен
шыѓыс єдебиетініњ ‰рдісі. Басты мєселе – єлемдік классиканың ќазаќ тілінде
сµйлеуі. Сµйлеткен кітаби аќын, нєзирашыл ќаламгер. Б±л - ‰лкен жетістік,
заманы ‰шін зор табыс. Нєзирашыл аќын Аќылбек Сабал±лы Таћир-Зућра жырын
аяќтап отырып, оќушысына арнап айтќан µлењ жолдары:
Бітірдім, мен Аќылбек м±ныњ µзін,
Таћир мен Зућраныњ µлген кезін.
Ахмет деген бір ноѓай басќан екен,
Ѓусмания тауарихтан Таћир сµзін.

М±хаммед Зариф ±ѓлы Ахмет ноѓай,
Оќуды ќуар едім, халым жоќ-ай.
Ноѓай тілінен аударып µлењ ќылдым,
Оќыѓан ќазаќтарѓа болсын оњай.

Ќазаќша µлењ ќылып, жаздым µзім,
¤зім µлсем жоѓалмас осы сµзім.
Хикаятты ќиссаѓа айналдырып,
Ќате боп кете ме деп талды кµзім [20, 248].
Кітаби ќаламгер Аќылбек Сабал±лы µзін толыќ автор-туындыгер ретінде танып,
кµрсетіп отыр. Нєзира дєст‰рі, талабы солай. Нєзирагµйлік дегеніміздіњ µзі
осы. Б±л жµнінде жазушы, ѓалым М.Єуезов Абай (Ибраћим) Ќ±нанбай±лы атты
монографиялыќ ењбегінде: Кµпке мєлім болѓан тарихи шындыќтар бойынша,
шыѓыста бір классик жырлаѓан таќырыпты келесі буында таѓы бір шыѓыс аќыны
ќайтарып єњгіме ететін, тыњ дастандар шыѓаратын тыњ дєст‰р бар еді. Сол
ќатарда Ж‰сіп-Злиха таќырыбын, Лєйлі-Мєжн‰н, Фархад-Шырын, Жеті
ш±ѓыла жєне осы Ескендір турасын немесе Ќ±стар тілі деген сияќты
таќырыптарды бірінен соњ бірі ќайталап жазѓан ірі классиктер бар. Олар
біреуініњ таќырыбын біреуі алуды зањды жол еткен... Б±лайша, бір таќырыптыњ
єр аќында ќайталануы еш уаќытта аударма деп танылу керек емес. Ол µзінше
бір ќайта жырлау, тыњнан толѓау немесе аќындыќ шабыт-шалым сынасып, жырмен
жарысу есепті салт еді. Шыѓыс поэзиясы б±л салтты зањды деп біліп, осы
дєст‰рге назира деп, назирагµйлік - деп атау да берген, - [4, 150].
деп б±л шыѓармашылыќ дєст‰рдіњ шыѓыс єдебиетінде кењ орын алѓан дєст‰р
екенін айтады. Ѓалым Н.Келімбетов те Кµркемдік дєст‰р жалѓастыѓы атты
ењбегінде: ...кейбір єдебиет зерттеушілер ...кµркем єдебиеттегі еліктеудіњ
сыртќы формасын кµреді де, ішкі табиѓатына ќатысты µзгерісті ањѓармайды.
Соныњ салдарынан назира дєст‰рін сырттай еліктеу ќ±былысы деп баѓалайды,-
[21, 204] дей келе шыѓыс поэзиясын терењ зерттеген ѓалым Е.Э.Бертельске
с‰йеніп пікірін жалѓастырады: Кµркем єдебиеттегі еліктеу категориясы
туралы кезінде Е.Э.Бертельс аса ќ±нды пікір айтќан. Ѓалымныњ пікірі
бойынша, єлемдік єдебиетте Ескендір (Александр Македонский) туралы жазылѓан
екі ж‰зден астам поэма бар екен. Алайда олардыњ єрќайсысыныњ айтар ойы,
идеялыќ баѓыт-баѓдары бір-біріне ±ќсас емес,-дейді [22, 205].
Кітаби аќындар нєзирагµйлік дєст‰рде жырлаѓан туындылар б‰гінгі ќазаќ
єдебиеттану ѓылымында ќисса, дастан, хикая, хикаят секілді бірнеше
атаулармен беріліп ж‰р. Кейде ќисса-дастандар деп ќосылып беріледі. Ѓылым
академиясы М.О.Єуезов ѓылыми-зерттеу институты 1990 жылы ќазаќ халыќ
єдебиеті сериясымен шыѓарѓан осы таќырыптаѓы шыѓармаларды дастандар деген
атпен берді. Алѓы сµз жазѓан Б.Єзібаева Дастан жанрына тоќталып, оларды
іштей ѓашыќтыќ, хикаялыќ, ќаћармандыќ, ѓажайып-фантастикалыќ секілді
салаларѓа жіктей ќарастырып келеді. ‡.Субханбердина µзі баспаѓа єзірлеп
шыѓарѓан Ѓашыќнама жинаѓын Шыѓыс хикаяларыныњ желісіне ќ±рылѓан ќазаќ
дастандары деп берді. Сол секілді 1986 жылы шыѓарѓан жинаѓын Ќисса-
дастандар атады. Сонымен бірге жоѓарыда айтылѓан Шыѓыс хикаяларыныњ
желісіне ќ±рылѓан ќазаќ дастандары деген аныќтаманы берді. Ѓалым
А.Ќыраубаева да ќисса-дастандар деп ќосып ќолданѓанды маќ±л кµрген секілді.
Бір аныќ ањѓарылатын жєйт, кітаби аќындардыњ парсы єдебиетінен желі тартќан
нєзиралыќ шыѓармаларды дастан деп атаѓаны. Ал, т‰п негізі араб
єдебиетінде жатќан не сол єдебиет арќылы келген шыѓармалардыњ басым бµлігі
ќисса аталѓан. Ара-т±ра хикая деп ќолданылады. Шын мєнінде ХІХ ѓ. екінші
жартысы ХХ ѓасыр басында баспадан шыќќан нєзиралыќ шыѓармалардыњ басым
бµлігі тек ќисса деп аталѓан, дастан атауы салыстырмалы т‰рде µте аз
ќолданылѓан. Тіпті осы кезењде баспа ж‰зін кµрген ќазаќтыњ фольклорлыќ
шыѓармаларыныњ µзі ќисса атауымен шыѓарылѓан. Мысалы, Ќисса Ќ±ламерген,
Ќисса Алпамыс, Ќисса Ќозы Кµрпеш т.т. Кейде ќисса, хикая сµзі бір
атаудыњ ішінде ќатар ќолданыла береді. Мысалы, Ќисса – Ќыз Жібектіњ
хикаясы деген секілді. Осы кезењде басылып шыќќан айтыстарымыздыњ µзі де
Ќисса атауымен басылѓаны мєлім.

ІІ ТАРАУ

ҚАЗАҚ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, ЖАНРЛЫҚ КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы кітаби шығармашылық
табиғатына зер салсақ, кітаби ақындар және кітаби шығармашылықтың,
нәзиралық қисса-дастандардың, мысалдар мен мысал-дастандардың т.б. мына
секілді басты-басты арнада жырланғанын аңғаруға болады. Адам ғалейхис-
сәләмнан бастап пайғамбарлардың Құран сүрелерінде сөз болуы, сонан соң
барып олардың әрқайсысының дерлік жеке шығармаларға өзек болуы, жырлануы.
Мұның көне бір үлгісі Рабғұзидің Қиссас-ул-әнбиясы еді. ХІХ ғасырдың соңы
ХХ ғасыр басында пайғамбарлар өмірі мен қызметі жеке-жеке шығармалар-
қиссалар болып шығып жатады. Мысалы, Қисса-и-Адам, Ибраһим пайғамбардың
хикаяты, Қарунның жер жұтқан уақиғасы, Қисса-и Юсуф ғалейһис-салам мен
Зулейханың мәселесі т.т. Әлбетте, аталған кезеңде қазақ тілінде дүниеге
келген шығармалардың бір арнасы Құран сүрелері мен хадистер болса, бір
арнасы түркі өркениетінің гүлденген дәуірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
«ҒАЗАУАТ СҰЛТАН» ҚИССАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Әсет Найманбайұлы шығармашылығы
Пәндер