ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.д., профессор
________________ Қ.Ергөбек
Орындаған студент:
_________________Төлентаева А.
050117- қазақ тілі мен әдебиеті
Бекітемін СҚӘ-415 тобының
студенті
Кафедра меңгерушісі ________
ф.ғ.д., доцент С.Ергөбек
Хаттама № _____
_____ _____________ 2009 ж.
Түркістан- 2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе (Жұмыстың жалпы сипаттамасы)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
І ТАРАУ
ХІХ ғасырдағы әлеуметтік жағдай және әдебиет, діни-ағартушылық
ағым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 6-25
ІІ ТАРАУ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің шығармашылық қырлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-59
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 60-61
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62-
63
Кіріспе
(Жұмыстың жалпы сипаттамасы)
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайға тығыз байланысты болды. ХІХ ғасырда
қазақ халқы отарлық езгінің түрлі көріністерін бастан кешті. Ұлан ғайыр
қазақ даласы бірнеше бөліктерге бөлшектеіп кеткендей болды, елдің үлкен
бөлігі сол тұста Ресей қол астында болды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс
бөлігі Қоқанға қарады. Сол секілді Қиуа хандығы, Бұхар әмірлігі де қазақ
даласынан өз үлестерін алып қалуға ұмтылды. Өз тұстарындағы қазақ жерлерін
бауырына басып, елінен ауыр алым-салықтар алып отырды. Қазақ жерінің үлкен
бір бөлігі Қытай қол астында болды. Бұл жағдай қазақ жері тұтас дерлік орыс
патшалығы қол астына өткен 1864 жылға дейін созылды. Осы жағдайлардың
барлығы дерлік тарихтың көркем шежіресі әдебиетте көрініс тапты. Қалай
дегенде де өткен ғасырлармен салыстырғанда, қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда
тақырыптық тұрғыдан ауқымы өте кеңейген, жанрлық тұрғыдан өскен, көркемдік
дәрежесі көп көтерілген әдебиет болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы
дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет
бұрған еді. Қазақ әдебиеті өзінің дәстүрлі жыраулық, ақындық поэзиясын өзге
де ұлттық дәстүрлерін дамытумен бірге орыстың бай классикалық әдебиетіне,
орыс әдеьиеті арқылы батыс әдебиетімен танысуға қол жеткізе бастады. Халық
мұсылманша оқумен бірге аздап орысша оқып, европалық өнер-білімге қол соза
бастады. Қазақ халқының тұңғыш ойшылдары елінің мәдени өрлеу сапарын оның
жарқын болашағын меңзеу, өз елін мәдениеті ілгері орыс халқымен, батыс
мәдениетімен ұштастыра ілгері бастауды өздерінің азаматтық борышы санады.
Замана талабы олардан ағартушылық идеяны алға шығарып, бұқара халықтың
мұңын көтеруді қажет етті. Осыдан көп ұзамай ағартушы-демократтардың қатары
өсіп, олардың озық пікірлері құлашын кең жайды. Шоқан, Ыбырай, Абай секілді
қайраткерлердің озық идеяларының өрістей түсуі халық мәдениетінің болашағын
меңзеді. Қоғам, өмір, тұрмыс тіршілігі, мәдени, әдеби өркендеулердің
барлығы осы заманның алдыңғы қатарлы санасына тәуелді еді. Мәдениет
өкілдері – ақын, жазушылар елінің бағыт-бағдарын танып, оның жөнін
сілтеуге, жұртшылықтың көзін ашып, көңілін оятуға күш салады. Кейде олар
зорлықшы үстемдерге наразы халықтың жоқшысы, басшысы ретінде ерлік күреске
бастап, белсенді күрескер ретінде де танылады. ХІХ ғ. қазақ өлкесінде бой
көрсеткен халық қозғалыстары және оған басшы-ұраншы жауынгер ақындар
поэзиясы – осындай тарихи шындықтың айқын көріністері. Мұндай халық
қозғалыстары қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі жауынгерлік жыраулар поэзияның
одан әрі ұласуына әсер етті. Мысалы, Махамбет. Ақындар поэзиясы бұрынғы
баяу дәстүрінен өзгеріп, жауынгерлік, өткір тілді күрескерлік қасиеттерін
күшейтті. Қазақ поэзиясында жай мысқылдан гөрі өткір сатира, сарказм басым
айбарлы сын-сықақ мотивтері өрістеді. Хан, би, сұлтандарды әшкерелеу,
бетіне басу ақпа ақындар поэзиясының жиі қолданар сыншыл да шыншыл әдісі
ретінде қалыптасты. Айтылмыш өткірлік пен шыншылдық осы дәуір поэзиясының
идеялық жоғары сатыға көтерілгендігіне күә бола алады. ХІХ ғасырдағы қазақ
поэзиясының тақырыптық ауқымы да кеңіп, молыға-толыға түсті.
Адамгершілікке, әділеттілікке уағыздаумен бірге қоғамдық мәселе, әлеуметтік
теңдік, азаматтық идеялары жырланды. Заман талабына сай жаңалықтардың
жаршылары бола білді. Оқу, өнер-білімнің маңызын, адал еңбекті үндеп, өз
елін мәдениеті озық елдердің қатарына көтеру қамын жасады. Поэзиямыздың
идеялық-тақырыптық ауқымының кеңейіп, зорая түсуі, оның жанр, түр жағынан
өркендеуіне жағдай жасады. Жаңа мазмұн мен идея соны түрді керек ететіні
мәлім. Сол себепті де бұрынғы өсиет өлең, толғау, жыр сияқты жанр түрлеріне
жаңалықтар қосылды. Қазақ лирикасы сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті.
Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті,
пейзажистік, образдылық жақтары бой сала өсті. Адамның арақатынас, махаббат
сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп,
адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы
көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана, философиялық ой-
тұжырымдары, дәуір жаңалықтары жырланды. Саяси-әлеуметтік, азаматтық,
реалистік жаңа поэзиямыз қалыптасты.
Жаңа поэзия өзінің жаңа өлеңдік өрнектерімен де жақсара түсті. Тіл
көркемдігі жағынан да жетіліп, ұстартылды, поэзияға тың талаптар қойылып,
оның бейнелілігін арттыра түсуге ерекше көңіл бөлінді. ХІХ ғ. қазақ
поэзиясы өзінің эпостық сипатымен де жаңа нышандарға ие болды. Мазмұны
терең көркем толғау, шиыршық атқан ғажайып сюжетті, оқыс оқиғалы дастандар,
романтикалық және эпикалық поэмалар да осы кезеңнің қосқан үлестері.
Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің
дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс
пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Ұлттық оқшауланудан бас
тартып, жер жүзілік өнер жетістіктеріне бой ұра бастады. Сөйтіп, қазақ
әдебиеті өзінің жаңа өрлеу кезеңін бастады. Ұлттық кемеңгер ақындары
дүниеге келді. Олар қазақ әдебиетінің жаңа бетін ашып, болашағын
меңзегендей көш басшылары болды.
XIX ғасыр әдебиетінің бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары
Х.Досмұхамедұлы [1], М.Әуезов [2], С.Мұқанов [3], Қ.Жұмалиев [4],
Ы.Дүйсенбаев [5], Ә.Қоңыратбаев [6], Б.Кенжебаев [7], Х.Сүйіншәлиев [8],
С.Қирабаев [9], Т.Кәкішов [10], Р.Бердібаев [11], М.Мырзахметов [12],
М.Мағауин [13], Б.Омарұлы [14], Мәдібай Қ. [15] т.б. ғалымдар еңбектерінде
жан-жақты қарастырылды. Ұзақ жылдар бойы бұл әдебиет түрлі ағым-бағыт
жөнінде, көркемдік құндылықтар жағынан қарастырылып келеді. XIX ғасырдың
әдеби танымға қатысты түрлі көкейтесті жайлары зерттелу, зерделеу үстіндегі
жалғасын таба береді.
Айтылған жайлар ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшелігін арнайы
қарастыруға арналған дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында ХІХ ғасырдағы қазақ
әдебиеті тақырыптық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан арнайы қарастырылады.
Кезең әдебиеті туралы бұрын-соңды жазылған ғылыми зерттеу еңбектеріне
барынша зер салып, ғылыми және кезеңнің көркем туындыларын қайта қарап,
кезең әдебиетінің сан қырлы ерекшелігі туралы аналитикалық талдау жасау
жұмыстың жаңалығы саналады.
Тақырыптың теориялық, практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы ХІХ ғасыр
басындағы әдебиеттің даму мәселелерін зерттеу арқылы ХІХ ғасыр басындағы
әдебиет тарихы мен теориясына қосары бар деп білеміз.
Зерттеудің мақсат, міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін талдау. Осы мақсатқа сай
мынадай міндеттер көзделеді:
- Кезең әдебиетінің ағымдық ерекшеліктерін саралау;
- Кезең әдебиетінің тақырыптық ерекшеліктерін анықтау;
- Кезең әдебиетінің жанрлық тұрғыдан даму ерекшеліктерін нақтылау;
- Кезең әдебиетінің көркемдік тұрғыдан даму ерекшеліктерін саралау.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ
ХІХ ғасырдағы әлеуметтік жағдай және әдебиет, діни-ағартушылық ағым
ХІХ ғасырда қазақ даласын орыс патшалығының отарлауы бұрынғыдан да
күшейе түсті. Отарлау ісінде бұрынғыдан көп сенімді қимылдаған отарлық жүйе
қазақ елінің билік жүйесін қатты өзгерте бастады. Ғасырлар бойы келе жатқан
хандық жүйе жойылып, аға сұлтандық әкімшілік басқару тәртібін орнату
жобаларын іске асыра бастады. Бұрынғы атадан балаға ауысып келе жатқан
хандық билік орнына сайланып қойылатын сұлтандар әкімшілігі орнатылды.
Бұған дейін отарлық жүйе, алдымен, қазақ елін ұсақ хандықтарға бөлшектеп,
хандықтардың санын көбейтіп, қазақ елін мақсатты түрде қатты әлсіретіп алып
еді. Мысалы, орта жүзде патшалыққа қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстар
жеңіліс тапқаннан кейін Уәлі ханның хандығының дәл қасынан Бөкей ханның
хандығы ашылды. Жәңгірді басқа жүз хандарынан беделді тұтып, оны қазақ
даласына ықпал етудің қол шоқпарына айналдырды. Бірақ Еділ мен Жайық
өзендерінің ортасындағы Бөкей ордасы басқа сырт елдермен байланыс жасай
алмады. Тек Ресеймен тікелей байланыс жасап, өз хандығының елге саяси
ықпалын нығайтуды ойлады. Көрші Ресейдің қалалары, станциялары мен қазақ
халқы арасында тауар, ақша айырбас, базар қатынастары ұлғайды. Рулар
арасындағы өзара тартыстар бәсеңдеп, таптық қайшылықтар айқындала бастады.
Жәңгір ханның тұсында ел тыныштығы мүлде бұзылды. кіші жүзде де бір жағы
хандық, бір жағы сұлтандық биліктер араласып жатты. Ішкі Ордадағы Жәңгір
хандығы мен Жайықтың бергі бетіндегі Баймағамбет сұлтанның билігі қатар
болды. Оған сүйенген қазақ билері, сұлтандары мен старшындары білгендерін
істеп, берекесіздікті өршітті. Осы жағдайлардан кейін қазақ даласына толық
орныққан орыс патшалығы аға сұлтандық, болыстық, ауылнайлық жаңа жүйелер
енгізді. 1868 жылы жаңа низам бойынша бүкіл қазақ жері орыс патшалығының
меншігіне айналды. Қазақ халқы өз жерін өзі арендаға алып, салық төлеп,
пайдалануға мәжбүр болды. Сулы, нулы жерлер қазақтан түбегейлі тартып
алынды. Бұл жағдай жайылымға негізделген, мал баққан қазақ шаруасының
күйзелуіне әкеп соқты. Осы жағдайлардың нәтижесінде жиі-жиі халық
көтерілістері бас көтеріп тұрды. Бірақ көтерілістердің барлығы әскери қуаты
басым патшалық тарапынан басылып, жаншылып отырды. Аталған жағдайлардың
әдебиеттен көрініс алды. Мысалы, Сырым Датұлының хандық жүйеге, орыс
отарлығына қарсы күресі. Осы тұстағы ірі тарихи қозғалыстың бірі осы Ішкі
Ордада болған еді. 30-жылдары Ішкі Орда шаруалар көтерілісі болып, Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы сияқты өжет ерлер басқарып халық кегін алу
жолында ханға қарсы күрес бастады. Бұл көтеріліс 1837-38 жылдары шарықтау
шегіне жетті. Бірақ бұл көтеріліс ойған мақсатына жете алмады, жеңіліс
тапты. Халық көтерілісінің жалынды жаршысы әрі батыр, әрі ақын Махамбет
болды.
Жәңгір ханға қарсы күрескен Исатай-Махамбет қозғалысы жауынгер жырау
Махамбет, шешен Шернияз, Алмажан Азаматқызы секілді ақындар шығармашылығы
арқылы әдебиетте мол көрініс берді.
Абылай хан ұрпақтары Қасым сұлтан қозғалысы, Саржан Есенгелдінің
әрекеттері, Хан Кене мен Ер Науан басқарған халық қозғалысы да әдебиетте
жырланды. Мысалы, Нысанбай жыраудың Кенесары-Наурызбай дастаны,
Досқожаның Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны, Жүсіпбек Шайхысламұлының
Қисса Наурызбай төре, Доскей ақынның Кенесары секілді шығармалары,
Саржан, Жасауыл қырған секілді тарихи жырлар дүниеге келді. Қысқасын
айтқанда, орыс патшалығына қарсы Абылай хан ұрпақтары бастаған халық
қозғалыстары әдебиетте үлкен атқырыпқа айналған мол шығармалар шоғыры
болды. Сондай-ақ, қазақ жерінің отарлануы, билік жүйесінің ауысуы Дулат
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы секілді зар заманның ұлы
жыршыларын дүниеге әкелді.
Осы кезде қазақ арасында Ресей патшалығына деген наразылықтарды Орта
Азия хандықтары одан әрі қоздыра түсу әрекеттерін жасады. Әсіресе, Оңтүстік
Қазақстан еліне ықпал етуді көздеген Қоқан, Хиуа бектері Қазақстанның
шектес жерлерін басып алып, өздерінің әмірлерін жүргізді. Осыдан 1821 ж.
Оңтүстік өлкесінде Қоқан басшылығына қарсы Тентек төре бастаған қозғалыс
басталды. Кейін, 1851-1853 жж. Жетісуда Сұраншы бастаған көтеріліс болды.
Бірақ қазақ феодалдарының опасыздығы бұл көтерілістерді де нәтижесіз
аяқтатты.
Хандық билікті қайта қалпына келтіру мақсатымен де халық қозғалыстары
болды. Қырқыншы жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс жалғасты. Қалың
қазақ бұқарасының орыс халқымен қарым-қатынасы нығайып, бірте-бірте
жақындасуы нәтижесінде қазақ халқының мәдениетіне де көптеген өзгерістер
енді. Орыс мектептерінде оқу арқылы қазақ жастарына алғаш рет европалық
тәрбие алуға жол ашылды. Қазақ даласында ежелден келе жатқан дәстүр бойынша
ханның, сұлтандардың, ірі байлардың маңына өнер адамдары топтасты. Мысалы,
ақындар, әнші-ақындар, әншілер, бишілер, күйшілер, түрлі музыкалық аспапта
ойнайтын өнерпаздар. Осы дәстүрдің ХІХ ғасырдағы көрінісі, жалғасы Жәңгір
ханның маңына топтасқан Байтоқ, Жанұзақ сияқты ақындар. Ал Кенесары маңында
Медеубай, Досқожа, Нысанбай секілді ақындар болды. Бұл дәстүрдің бір
құндылығы қазақ халқының бастан кешкен түрлі тарихи оқиғалары дер кезінде
жырланып отырды. Мысалы, Нысанбай жыраудың Кенесары-Наурызбай дастаны
осындай әрі көркем, әрі кезең оқиғасынан нақты жырланған жәдігер туынды.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті - өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз
ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқын әдебиет болды.
Бұл кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын бейнеленді. Үстем қоғам билеген
заман сыры жан-жақты ашылып, қоғамдық, ұлттық сананың ояна бастағаны,
отарлық езгінің салдарынан күшейіп кеткен әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық
қайшылықтар жырланып, қазақ ақындарының ежелден келе жатқан дәстүр бойынша
ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады. Қазақ поэзиясы бұрынғы
ақындық, жыраулық дәстүрін көп ілгерілетіп, қоғамның түрлі күрделі
мәселелерін жырлайды. Поэзияда дәуір талабынан туындаған түрлі тақырыптар
мен өршіл сарын пайда болды. Поэзияның халықтық беті ашылып, бұқарашыл
идеялары нығаяды.
ХІХ ғасыр ақындары өздерінің жаңа идеяларын поэзияның бұрынғы дәстүрлі
үлгі формаларын дамытып жырлады. ХІХ ғ. поэзиясын кең өріске көтеріп,
ілгері дамытқан жанрлары деп арнау, толғау, айтыс формаларын, әдебиетімізге
еніп жатқан жаңа жанрларды ерекше атап көрсеткен орынды.
Қазақ әдебиеті XIX ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді,
түрленіп, түлеуді бастан кешті. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті
қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері XIX ғасыр әдебиеті
айрықша назарда болды, зерттелді.
Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері, оның туу жасау себептері тек қана сырт
мазмұндау емес көркемдік негіздермен дәлелденіп, айғақтала бастады. XIX
ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық
мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, кеңес дәуірінде кезең әдебиеті
түрлі саяси қаулы-қарар; әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың,
идеологияның салдарынан ол уақыттарда көркемдік әлем, сөз өнері жайлы ғылым
жалаңдыққа, жасандылыққа барды.
Соңғы уақыттарға шейін XIX ғасыр әдебиеті түрлі атаулармен бөлініп
келді. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі, әдеби
үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз
болды. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет
ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде
қолданылмады. Қазақ әдебиеттану ғылымында, көркемдік танымда реализм тек
Абайдан басталды деген ұғым басым болды. Ғалым Қ. Мәдібайдың пікірі бойынша
реалистік бағыттың негізі тереңде: Көркем әдебиет реалистік негізсіз
тумайтынын, жасамайтынын, мойындағымыз келмеді. Фольклордың өзі 99 пайыз
реализм болғанда, қай дәуірде жасамасын танымын, жан сезімін, бастан кешкен
тірлігін сиқыр сөзбен сұлулап өнерге айналдырған ой зергерінің, сезім
құлының өнерін шын емес еді, шындығы жоқ еді деп неге айтпақпыз [16, 4].
XIX ғасырдағы әдебиеттің өзіне дейінгі әдебиетпен тығыз байланыста
бола тұра, көркемдігі жағынан, басылым, шығармашылық тақырып мазмұны
жағынан бірнеше ерекшелік, айырмасы бар. Негізінен, XIX ғасырға дейін ауыз
әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі
жағынан бірнеше түрлі болды. Ішкі көркемдік сапа жөнінен де көп өзгеріс,
жаңалық туды.
Х.Досмұхамедұлы XIX ғасыр әдебиетінің бір қыры ретінде: ...Қазақтың
жазба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салғаны
сөзсіз. Сондықтын да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының
діни және ғибраттык түрлерінен іздеу қажет,- деп көрсете келе, тағы бір
ерекшелігі – Халық әдебиеті XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі
түрде хатқа түсе бастады. ...оны қызығушылар мен Радлов, Потанин,
Ильминский, Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды.
Қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этногроф Әубәкір Ахметжанұлы
Диваев болды. Қырық жылдан астам уақыт бойы ол шаршамай-талмай қазақ халық
әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды, - деп білді.
[16, 5].
Халық әдебиеті үлгілері Омбыдағы орыс оқымыстылары, зиялылары
тапсыруымен Шыңғыс Уәлиханов, Шоқан Уәлихановтар арқылы жинастырылғаны
белгілі.
XIX ғасырдың соңына қарай қазақ тіліндегі баспасөзде Түркістан
уәлаятының газеті, Дала уәлаятының газеті беттерінде әдебиет
материалдары, оларға қатысты пікір, сыни ойлар жарияланды. Яғни әдеби
өмірде жазбаша әдеби сынның туа бастағаны да осы кезең.
Орыс тіліндегі түрлі басылымдарда, қазақ тіліндегі басылымдарда
Алекторовтың, Диваевтың, Радловтың, Лютшьтің еңбектері арқылы халық
қазыналары - әдебиет үлгілері жарық көріп жатты.
XIX ғасырдың соңын ала, төңкеріске шейін Қазанда көптеген өлең кітап,
жинақтар басылып шықты. Дулаттың Өсиетнамасы, Шортанбайдың Бала зары,
түрлі қиссалар.
Бұл құбылыстардың барлығы әдеби өмірдегі ауыс-түйіс өткен сырт
уақиғалар фактілер болса, әдебиеттің ішкі ісінде, көркемдік шеберлігінде де
өзгеріс, жаңару, даму тенденциялары аса күшті байқалды. Қазақ өлеңі жаңа
түрлер жасады. Оның басында Махамбет, Дулат тұр. Бұл құбылыс Абаймен
жалғасты. Жаңа жанрлар туды. Европалық мәндегі жаңа жазба әдебиет
қалыптасты. Мысал, сықақ, сатира жанры жаңғырып, жанданды. Поэма туды.
Сырлы да нұрлы лирика толысты. Сал-серілер өнері шарықтады. Айтыстың мәні,
мазмұны тереңдеді. Поэманың алғашқы нысандары көрінді. Тарихи жырлар туды.
М.Әуезов XIX ғасырда жазба әдебиет туғанын айтты: Біздің білуімізше,
зар заман ақындарынан бастап біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады.
Бұдан бұрын қарастырған әдебиет жұрнақтарының барлығын ауызша әдебиет
десек, мыналарды жазба әдебиеттің басы деу керек. Не болмаса қазақ
топырағында ең алғашқы жазба әдебиетті туғызған анасы осылар деу керек.
... Жаңағы зар заман ақындарына осы белгінің жалғыз өзін алып қарасақ,
алғашқы ақындар жазып айтпаса да, орта буыннан бастап, соңғыларының барлығы
да жазып сөйлейтін болған. [17, 193].
Ал Әуезовтің тұжырымы XIX ғасыр әдебиетіндегі аса елеулі көркемдік
төңкеріс өткенін көрсетіп жатыр емес пе.
Осындай ақын шығып, көптің жайылып жүрген бетінен бөлек бір жаңа
бейнелер тауып, қалың елге жаңа өріс, жаңа жайылыс табамыз деген ниеттер
туған соң, бұл елдің әдебиетінде оң алғашқы бағыт, мақсат деген нәрселер
туады. Жақсылыққа бастасын, қайда тартса да, әйтеуір өз халқының бұрынғы
халіне қанағаттанбай жаңалықты іздеп, "бастаймын, түзеймін, қазіргі күйге
қанағаттанбаймын" деген күй беріліп, алғашқы рет тұтасқан ой құралып,
әдебиет жүзінде елдің, әлеуметтік тіршілігі сөз бола бастаған соң, жазба
әдебиет дәуірі туа бастады да есептеу керек. Ауызша мен жазбаша әдебиетінің
арасын бөлетін белес, кезең осы (Әдебиет тарихы, 192 б.).
М.Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар әлеуметшілдік,
азаматтық бағыт әкелгенін айтты.
XIX ғасыр әдебиетіне байланысты С. Мұқанов 1942 жылы: XIX ғасыр
әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей
көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен, XIX ғасырдың алғашқы жартысында ұлт
бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. XIX ғасырдың 50-70 жылдарында Зар
заман әдебиеті басым болды, XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап
просветительдік (мәдениетке үндеуші) әдебиет туды.
XIX ғасырдан бұрынғы ғасырлардың ешқайсысының әдебиетін біз нақ XIX
ғасыр әдебиетіндей кезеңді дәуірлерге жүйелей алмаймыз.
С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінің өзгешеліктерін айта келіп, мынадай
тұжырым жасайды: ХІХ ғасырдың одан бұрынғы ғасырлардан өзгешелігі – бұл
ғасырда шын мағынасындағы жазба әдебиет туды [18, 8].
С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінің тағы бір өзіндік ерекшелігін атады.
Жер жүзіндік классикалық әдебиетпен қазақ әдебиетінің шын мағынасында
араласуы ХІХ ғасырда ғана.
XIX ғасыр әдебиетінің туып, жасауының тарихи сипаттамасы жасалды. Ол
негізінен орыс отаршылығы түрлі саяси-экономикалық актілерді жүзеге асырған
бар билікті тұтас алған, жерді иеленген, қаласын салып, қамалын орнатқан,
қорғандап болған уақыт.
Кезең әдебиетін сырт үлгісіне қарай ғалым Құлмат Өмірәлиев былай
жіктейді:
Сөйтіп, XIX ғасырдың орта түсындағы қазақ поэзиясы, әрі оның
шығарушылары жайлы мынаны айтуға болар еді: біріншіден, би-ақындар болды,
олар байырғы дәстүрмен, үлгімен тақпақ сөздер, мақамды сөздер жасады,
екінші, сарай ақындары болды, олар мадақтау жырлар таратты, үшінші, айтыс
ақындары болды, олар мақтау өлеңдер мен айтыс өлеңдерді шығарды, төртінші,
шығыс әдебиетіндегі ғашықтар жайлы сюжеттерді (әрі қиссаларды) қайта
жаңғыртып жазатын кәсіпқой ақындар болды, олар жыр, өлең үлгісіндегі
ғашықтық дастандарды туғызды, бесінші діни ислам өкілдері жайлы
шығармалардан сюжет алып, өлең үлгісінде қисса жазатын молда-ақындар болды,
алтыншы, әрі айтысқа түсетін, әрі ауызша да, жазба түрде де толғау жыр
шығаратын ақындардың жаңа тобы көрінді [19, 81]. Мұның өзі ХІХ ғасыр
әдебиетінің өзінің қыр-сырын ашудағы үлкен табыс болғанымен, әлі де сол
дәуір әдебиеті әдеби жанрларды саралауға, көркемдік-саяси ағым, бағыттарды
қарастырып, айқындай түсуге зәру.
XIX ғасыр әдебиетінің тарихы оқулықтарында, проф. Х. Сүйіншәлиев
жазған оқулығындағы талданған әдеби мұраларға көзқарастарды заман
тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туып отыр.
Кезінде Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов XIX ғасыр әдебиет
үлгілеріне қатысты жасаған тұжырымдар қазірде тұтастай ғылыми айналымға
түсіп, бүгінгі ғылымның жеткен өлшемдерімен жатырқамай табысып жатқан жайы
бар.
XIX ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. Қазақ хандығы
дәуіріндегі әдебиет негізінен жыраулар поэзиясы түрінде көрінді. Онда
негізінен жыр үлгісінің түрлі жанрлары басым болды. XIX ғасырда қазақ
әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері
туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер,
сатира, айтыс түрлері, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері, айтыс түрлері
қатар жасады. Көркем прозаның үлгілері (Ыбырай әңгімелері) сыни мақалалар,
түрлі баспасөз жанрлары, аударма әдебиет ғылыми-публицистика туып,
қалыптаса бастады. Мазмұн мен түрдің жалпы сырт сипатына қарағанда, әдебиет
мынадай үлгілерде, салаларда көрінеді:
1. Жыр үлгісінде келген түрлі толғау, терме, үгіт-насихат өлең; Ерлік,
бостандық күрес жырлары. Тарихи жырлар; жоқтау, естірту, зар; 2. Ақыл-
нақыл, афоризм; 3. Айтыс өлендер; 4. Сал-серілердің ән өлеңдері; 5.
Қиссалар; 6. Саяси-әлеуметтік көңіл-күй лирикалары; 7. Поэмалар; 8. Көркем
қара сөз; 9. Публицистика; 10. Сын; 11. Аударма.
Осы әдебиетті туғызушы, жасаушылар: жыршы, қиссашыл (кітаби) ақын,
айтыс ақындары, сал-сері, жазба ақындар, аудармашы, әңгімеші, тілші, т.б.
XIX ғасыр әдебиетіндегі түрлі әдеби үлгі әр қилы саяси, тарихи
себептердің негізінде, түрлі жағдайда туып дамыды: бостандық күрес, Исатай
мен Махамбеттің, Кенесары мен Наурызбайдың, Жанқожа мен Бекеттің
отаршылыққа қарсы карулы бас көтеру, ұлт азаттық күрес үстінде туды; Қоқан
хандығы езгісінде болған өңірлердің өзгеше шындығынан жаралды; су түбіне
кеттің, жұрт, тал қалған жоқ қармарға деген торығу, қасіретпен өрілді; Ол
әдебиет ендігі күні не болмақты ойлаған жаудың тілін біл, көргенін көр,
жасағанын жаса деген тірлікке шақырған жаңа сілкіністен туды, өзін-өзі
сақтауға ұмтылған күрестен туды. Дініңді, тіліңді билеп, төстемек, оған
көнбе, рухани мұраңды сақта деген ниеттен туды ...
XIX ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: бостандық рухты жырлаған
Махамбет пен Шернияз; зар заманның ұлы жыршылары Дулат, Шортанбай, Мұрат,
Әубәкір; әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай;
атышулы сал-серілер Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері; қиссашыл ақындар;
Қоқан езгісі төңірегіндегі әдебиет өкілдері Сүйінбай, Мәделі, Құлыншақ,
Майлықожа, Базар; жаңа жазба әдебиет өкілдері: Шоқан, Ыбырай, Абай.
Жалпы, әдебиет тарихында жасаған ақын-жырауларды тақырыптық тұрғыдан
топтастыру шартты құбылыс. Белгілі бір уақыттарда әлгі жіктеулер мен
айырмалар ол шарттылықтарға жауап бере бермейтіні анық. XIX ғасыр әдебиеті
сан түрлі қисынмен түрлі ағымға, бағытқа, саяси арнаға бөлінгенін көруге
болады: Махамбетті М.Әуезов зар заман әдебиетінің ісшілдік дәуірінің өкілі
десе, С.Мұқанов XIX ғасыр әдебиетіндегі бостандық күрес дәуірінің өкілі
дейді. Дулат Бабатайұлын зар заман әдебиетінің айтулы өкілі десек, М.Әуезов
те, С.Мұқанов та әуелгі еңбектерінде Дулатты қоспады. Шортанбайды зар заман
әдебиетінің айтулы өкілі деп М.Әуезов, С.Мұқанов, т.б. ғалымдар, күні
бүгінгі ғылымда көпшілік зерттеушілер айтып жүргенімен, проф. Б.Кенжебаев
пен Х.Сүйіншәлиев құрастырған 1980 жылғы Қазақ әдебиеті тарихы
бағдарламасында (Ежелгі дәуір және ХҮІІІ-ХІХ ғғ.) Шортанбай мұрасы XIX
ғасыр әдебиетіндегі халықтық шығыстық сарындар атты бөлімде қарастырылады.
Ол сарында толғаған ақындар Мәделі, Майлықожа, Құлыншақ, Мұрат, Бұдабай,
Базар деп аталған [20, 11].
Ал Сегіз Сері мұрасы XIX ғасырдың әнші-лирик ақындары бөліміндегі
Біржан, Сара, Ақан, Жаяу, Әсет мұрасымен қатар емес, Бұқарашыл ақындар
Дулат, Махамбет, Шернияз, Алмажан, Арыстан, Шөже, Орынбай, Кемпірбай,
Сүйінбай, Бақтыбай, Түбек, Нұрым, Қашаған, Марабай т.б. ақыңдар мұрасымен
бір қарастырылады.
Әдеби процесс шекара, шектің жөніне көне бермейтін желілі, сабақтас,
қанаттас процесс. Сал, сері, айтыс ақыны, күрескер рухтың ақыны, әлеуметшіл
ақын, оятушы, ағартушы ақын, т.б. дегенде, әрине негізгі ерекшелік
қамтылады. Сонымен бірге дәуірдің басты көркемдік бағыт, ағым, сарынына
барлығы да белгілі бір дәрежеде тәуелді:
Қ. Өмірәлиевтің мына бір тұжырымдары да осы жайдан: Айталық, XIX
ғасырдың орта тұсында Орынбай, Жанақ, Шөже, Тезек, т.б. айтыс ақындары
болды. Олар тамаша айтыс өлеңдерін жасаушылар, айтыс өлең дәстүрін
дамытушылар ретінде қазақ әдебиетіңде артықша бағаға ие. Олар әрі азаматтық
тақырыпта да өлең жыр-туғызуды, әрі олар эпос, тұрмыс-салт жырларын айтушы
жыршы ақындар болды. Яғни бұлардың репертуарында поэзияның бірнеше жанрына
тән мұралар болды [21, 27]. Бұл пікірді сал-серілерге қатысты да айтуға
болады. Оны зар заман әдебиеті өкілдеріне де, Абайдан бергі әдебиетке де
қатысты айтуға болады.
Әдебиет үлгілері негізінде қарастыру XIX ғасыр әдебиетінің саяси
мазмұндық, тақырыптық жөнін де көркемдік бағыт, ағымдарын да аша түсуді
шектемейді, қайта молықтыра түседі. XIX ғасыр әдебиетінде көркем сөздің
қандай түрлері болды, олардың қатынасы қандай деген мәселе - әдебиеттің
теориясына, әрі тарихына қатысты мәселе.
Ол тұрғыда ғалым Қ.Өмірәлиев XIX ғасыр поэзиясын жанрлық, стильдік
тұрғыда мүлде жаңа сапада, таза теориялық талаптар тұрғысынан арнайы, алғаш
қарастырды десек артық емес.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясына сипаттама
тарауында XIX ғасырдың 30-40 жылдарына дейінгі қазақ поэзиясының өлең
түрлері, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ауызша поэзия және оның жанры
мен стильдік сипаты, қазақ поэзиясында мен – ақын жасаған туындылардың
жанры мен стилі туралы кеңінен қамтып, әріден тартып сөйлейді.
Бірақ Дулат пен оның тұстас ақындары екі мектептің (осылай айтуға
болса) ақындары болды. Сарыбайдан бастап Жанақ, Түбек, Шөже, Орынбай,
Балта, Құлмамбет, Арыстан т.б. ақындар бір жағы айтыс ақыны, бір жағы терме-
тақпақ ақыны, бір жағы мақтау өлең ақыны болды" [21, 71]. Айтыс ақыңдары
барды дамытып қосып айтушылар болды. Жаңа нәрсе жасаған жоқ. Терме-тақпақ
айтқанда, дәстүрлі дүние шарттары, адам болмысы, үгіт-өнеге, мадақ,
қошемет, мақтау түрінде келеді.
XIX ғасырда жыраулық өнердің, жыраулардың қазақ хандығы дәуіріндегі
миссиясы солғын тартты. Хандық билік жойылған соң жыраудың әлеуметтік
тұлғасы да өзгерді. Алайда жыраулар әлі де жасады. Ендігі би дау-дамайда
шешендік сөзге, төрелік қоныс сөзге ыңғайланды да, ол ақындық қабілеті,
дарыны молдары тақпақ сөзге көшті.
XIX ғасырдың бірінші жартысынан бұлар Жәңгір хан қасындағы Алаша
Байтоқ жырау, Кенесары қасындағы Нысанбай, Досқожа, т.б. жыраулар болды,-
деді Қ.Өмірәлиев.
XIX ғасырда хат таныған, сауатты ақындар болды, олар жазба түрде де
өлең-жыр туғызды. Қайсыбірі ежелгі ерлік дастандарды, аңыз-әңгімелерді
жаңғыртып жазды. Түркі, татар тіліндегі діни қиссаларды қазақ тілінде
жазып, таратты. Кітап (кітаби) өлеңдер аталған Бозжігіт, Сейпіл-Мәлік,
Ақсақ Темір хан, Сақып-Жамал сияқты қисса-дастандарды атап айтып, ғалым
Қ.Өмірәлиев және бір ғылым мүддесін жеткізер тоқтамдарға келеді.
Бұл дәуірдің ақындарының ендігі бір тобы екі ақындық мектептің қатар
өкілі болды: олар әрі айтысқа түсіп, айтыс ақындарына тән машықтықпен
өлеңді суырып салып табан астында ауызша шығарып отырды, әрі олар өлеңді
жазып шығарды. Заман жайлы жаңа толғаулар жазды. Айтыста олар Жанақ, Түбек,
Орынбай сияқты мақтау өлең иелері, ал, заман жайындағы толғауларында мүлде
бөлек тұрпатты ақындар болды. Дулаттың соңын ала шыққан Шортанбай осы
сипатты ақындардың басты өкілі [21, 80].
А.Байтұрсынов Әдебиет танытқышта қазақ әдебиетінің теориялық
негіздемесін жасап, терминдік өрісін белгіледі. Сол әдебиеттің XIX
ғасырдағы үлгілері де, айрықша бөлініп, XIX ғасыр еншісі деп
қарастырылмағанымен, аса нақтылы ғылыми негіздеулердің фактісі, материалы
болды [22].
М.Әуезов Әдебиет тарихында қазақ әдебиеті тарихын алғаш рет
мақсатты түрде алға тартып, ғылыми жүйенің үлгі негізін ұсынды. "Әдебиет
тарихындағы, "Тарихи жырлар", "Зар заман әдебиеті", "Айтыстардың" елеулі
арнасы — XIX ғасыр әдебиетінің еншісі. Сонымен бірге, XIX ғасырда ауызша
әдебиеттің байырғы үлгілері де қатар жасап отырғанын ескергенде, "Әдебиет
тарихының" барлық бөлімінің XIX ғасыр әдебиетіне қатысы бар [23].
С. Сейфуллиннің "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" (1931), "Қазақ
әдебиеті" оқулық - хрестоматияларында да XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері
молынан қамтылған [24].
1942 жылғы "Қазақтың XVIII, XIX ғасырлардағы әдебиет тарихының
очерктері" көмекші оқу құралында С. Мұқанов XIX ғасырдағы әдебиетті әдебиет
үлгілеріне қарай кеңінен қамтып қарастырды.
Қ. Жұмалиевтің "Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері" (І том,
1958), "Қазақ әдебиет тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі" (II
том, 1960) монографиясында XIX ғасыр әдебиеті жан-жақты қарастырылды.
З. Ахметовтың "Казахское стихосложение", "Өлең сөздің теориясы"
еңбектерінде қазақ өлеңі туу, жасау заңдылықтары, негізгі жанр, үлгілері
жөнінен айрықша негіздемелерімен ашылды.
Қазақ әдебиеттану ғылымында XIX ғарырдың әдебиетін арнайы қарастыру
үрдісі тоқталмай, үздіксіз жетіліп, дамып келе жаткан үлкен бір ғылыми
арна. Оның айтулы саласы бүгінде - абайтану ілімі. Сол сияқты махамбеттану
ілімі қалыптасып дамып отыр. Абайтану өрісі де ауқымды. Зар заман өлеңнің
зерттелуі де өзіндік жүйесі, алымы айқын арна. XIX ғасырдағы қазақ өлеңінің
түр, жанр, стильдік, тілдік, құрылым, өлең заңдылықтары жөнінен зерттелуі
де іргелі ғылым. XIX ғасыр әдебиеті қазақ әдеби тілінің дамуындағы орнына
қарай да кең зерттеулер нысаны болып отыр.
XIX ғасыр әдебиетінің тарихы Қ.Жұмалиевтің ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ
әдебиеті, Х.Сүйіншәлиевтің XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті,
Ә.Қоңыратбаевтың Қазақ әдебиетінің тарихы сияқты жоғары мектептің
оқулықтарында жүйеленген. Кейінгі зерттеулерде осы ғалымдар дәстүрі
дамытылып, түрлі арналарда зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кезең әдебиеті тарихына
арналған ғылыми зерттеулері ғалым Қ. Мәдібай т.б. еңбектері.
ХIX ғасырдағы рухани оянудың аса пәрменді күші көркем әдебиет болды.
XIX ғасырдағы діни-ағартушылық бағыттың бірі - ежелгі нәзира дәстүріндегі
қайта жаңғырған қисса-дастандар. Қисса-дастандардың жандану себептерінің
түп-төркіні отаршылдық, миссионерлік саясатта жатты. Белгілі бір тарихи
кезеңнің сөз өнері көтерген мәселенің бірі - дін жайы. Кеңестік кезеңде XIX
ғасырдағы қиссалар Батырлар жыры (1964), Ғашықнаме (1976), Қисса
дастандар (1980), Дастандар (І,ІІ том 1990) жинақтарында басылды.
XIX ғасырда қазақ арасына кең жайылған қисса-дастаңдар зерттеушілер
деректеріне қарағанда ортағасырлық нұсқадан қайта басылып та,
нәзирагөйлікпен қайта жырланып та тарап отырған. Бір шығарманы бірнеше
ақынның өзінше жырлап, бастыруы да қисса-дастанның үрдісіне айналған.
Ортағасырлық туындылардың ықпалымен үлгісімен жаңадан туған, қазақ өмірінен
алынған шығармалар - өз алдына бір әдеби әлем. Яғни шығармадағы шығыс
әдебиетінің, халық ауыз әдебиетінің ортағасырлық әдеби ескерткіштердің
кезең әдебиетіне, қисса-дастан жанрының дамуына тигізген әсері мол. Қисса-
дастандар қазіргі таңда жан-жақты қарастырылып зерттеліп отыр. XIX ғасыр
әдебиетіндегі қисса өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі сол
ғасырдың орта тұсынан бастау алады.
Ш.Уәлиханов Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінен (Таңдамалы,
1985) зерттеуінде қисса өлеңдерді өлеңнің бесінші түріне жатқызады. Ғалым
Ө.Күмісбаев Шоқан өз тұсындағы ақындар туралы: Шығармаларының мазмұны
етіп кейбір дін уағыздарды алады. Олар қазір Сейітбаттал қожаның ерлігін,
Жүсіп пен Злиханың махаббатын, Ибрайым, т.б. өмірін жырлап жүр. Олардың
бәрі өзінің фанатизм идеясы және өмірін әсерлеулерімен мүлдем жалықтырарлық
шығармалар деген Ш.Уәлихановтың қиссалар жөніндегі пікірін оқырманға
талдап ұсынады.
Европалық мәдениетке, ірі ілімге қол жеткізген жас Шоқан үшін Шығыс
мақамын берік ұстанған, жыр, қисса жазған ақындар бір шеңберде ғана
фанатистік, қиял жағынан ғана көрінуші еді [25, 77].
Қисса-дастандар туралы В.В.Радлов тұжырымдарында XIX ғасырдағы
отаршылдық саясат мүддесінің сұлбасы байқалғанымен, ғалымның ғылыми
тұрғыдан зерделеуі басым. Кітаби өлең, Кітап өлеңнің қазақ әдебиеті
шығармаларының халықтың өзі бөлген екінші түрге жатқызғандығын, оның
өзіндік ерекшелігін В.В.Радлов сол кездің әдебиет үлгілері негізінде
белгілі бір дәрежеде дұрыс көрсетті. Халық шығармаларын қарапайым халықтың
ауызша таралған өлеңдері мен әңгімелері құрайды, оған қазақ халқының ислам
діні әсері тие қоймаған шығармалары жатады. Кітаби өлеңді жыршы жатқа
айтпайды, жазылған кітаптан оқиды. Кітап өлеңді шығарушылар - молдалар.
Қазақтардың таза жазба тілі жоқ. Сауатты қазақтар татар тілінде жазады.
Жазба тіл - екі тілдің койыртпағы. Кітаби өлең - діннің ұрығы, ислам ілімін
таратуды мақсат тұтады. Кейбір өңірлерде ислам дінінің қаһармандары
жөніндегі өлеңдер халық батырлары туралы жырларды ығыстырып отыр.
В.В.Радлов толып жатқан кітаби өлеңге түсінік беріп, мазмұн, мәнін
баяндайды. Қандай үлгіде таралып отырғанына назар аударады. Елдің рухани
өміріне белсенді араласып, тәрбие, тұрмысына аса зор ықпал ете бастағанын
айрықша, қадала айтады. Ғибрат өлеңдердің ішінде көп айтылатыны осы аттас
кітаптың атымен аталатын Жұмжұма. Үлкен жиындарда айтылған осы жырды
маған бірнеше рет тыңдауға тура келді. Жыршы сөзін бар ынтасымен тыңдаған
жұртшылық тірі күнінде дін шарттарын орындамаған мұсылманның өлгеннен
кейінгі азабын сипаттаған кезде қорқынышты үрей пайда болады.
Тыңдаушылардың үнсіз тыныштығын тек қана О, құдіретті тәңірім, Қайырымы
көп құдайым деген тәрізді лебіздер ғана бұзып отырды. Маған қазақтар
арасында исламды орнықтыруға бір Жұмжұманың әсері даланы кезіп жүрген
жүздеген молдадан артық тәрізді [26, 19]. XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі
дін жайын, діни сарын, әсіресе Шортанбай шығармаларындағы діни астар деген
кейінгі көп тұжырымға В.В.Радловтың іргелі ғылыми еңбегіндегі тұжырымдардың
аз ықпалы болған жоқ. Шортанбай ақынға діншіл, діни деген айдардың
ажырамастай болып танылуының бір ұшығы В.В.Радловтың Зар заман өлеңді
молдалар шығарған деген пікірінен тараған болуы мүмкін.
Көрнекті шығыстанушы В.В.Радловтың ғылыми-зерттеушілік еңбегінің,
қазақ әдебиетінің ғылыми сипаттамасын жасауының құны өлшеусіз. Алайда Ресей
империясын халықтың басқа күйі көбірек ынтықтырғандықтан да ғалым бар
жүмысына сипаттама бергенде империяға аса қажет мәліметтерді алға тарта
сөйлейді: Бұл басылымның I және II томдарында жарияланған халық
әдебиетінің үлгілері басқа көпшілік тайпаластары тәрізді ислам әсеріне
беріле қоймаған көне шаман дінін әлі де берік ұстанған Оңтүстік Сібірдегі
түркі тайпаларының рухани мұрасын құрайды. Ал мына ұсынылып отырған том
Алтайдың терістігін жайлаған қазіргі кезеңде ислам дінін тұтынатын түркі
тайпаларына арналған. Ол тайпалардың ретін біз территориялық жағынан да,
қоғамдық және рухани жағдайымен де Мұхаммед дінінде жоқ түріктерге бір
табан жақын тұратын қазақтардан бастаймыз [26, 16].
Қазақ еліне ислам дінінің қалай таралғаны туралы біраз деректер, діни
уағыздар мен ақпарлар өлеңмен, қара сөзбен жазылған (Манулат қырғыз
жинағы 1879 жылы жарық көрген. Діни уағыздар жайы әңгімеленетін Хисса
жұм-жұма, Сал-сал, тағы басқа дастандар 1881-1883 жылдары шыққан), -
дейді көрнекті ғалым Ш.Қ.Сәтбаева [27, 200].
XIX ғасырдың күрделі шындығы қисса дастандардың халықтың рухани
әлеміне оң ықпалына қоса тіл шұбарлау, діни фанатизмге қарай тарту сияқты
кері ықпалы да болғандығын көрсетеді. Соған орай қазақ арасында, ислам
негіздерін ұғындырған ағартушылар еңбектері, Шоқан, Ыбырай, мақсаткерлікпен
қозғаған дін жайы да етек алды. Яғни дін жайын қозғаған нәзира қиссалардың
таралып, басылуы қандай қажеттілік болса, исламды сол кезде - қоғамдық-
экономикалық формацияның жаңа басқышына аяқ салғалы тұрған қазақ баласына
дүмшеліктен сақтап, таза күйінде жеткізу де - сондай қажеттілік еді.
Мұсылманшылықтың тұтқасы атты еңбегін жазудағы мақсаты туралы
Ы.Алтынсарин былай дейді: Қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни
оқуы жайылып, етек алып барады... мүмкін болғанша, біріншіден қазақ
жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал
екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу
үшін (бұл қазақтарды татарландырудың ең сенімді тәсілдерінің бір ғой) мен
соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап... Оқу құралын құрастыруға
кірістім) [27, 203]. Осы жайды М.Мырзахметовтың Ыбырай жайлы айтқан мына
пікірі тарата түседі. ... Ыбырай Алтынсарин отаршылдық мүдде тұрғысынан
ашылған Орынбордағы оқу орнында тәрбиеленіп, орыс тіліне терең жетіліп
шықты. Арманы — туған халқы көкірек көзін ашып, европалық білім беру,
кітаби ақындар қисса-дастандарындағы шұбарланып бара жатқан ана тілінің
табиғатын таза сақтау жолында күрес жүргізу. Бірақ сырттан еріксіз таңылған
миссионерлік дүниетаным мен олардың педагогтық жүйесін бойына дарытпады.
Сол себепті де Ыбырай екі жақты саяси-әлеуметтік қыспаққа түскенін Мұхтар
Әуезов: Он чуствовал двухсторонное давление от церковников и мусулманства.
Мусулмане считал, что он хочет крестить казахских детей, клеветал на него,
а Ильминский который официально помогал ему, был убежденный христианин-
миссионер, уверял всех, что через эти школы скорее можно провести свою идею
обрусение казахов,- деп (М.Әуезов. Абайтанудан жарияланбаған материалдар.
А.1988, 258-бет), мәселенің түп тамырын дәл, танып көрсеткенімен, бұл
пікірін баспа бетіне шығара алмады [27, 120].
Ахмет Байтұрсынов Әдебиет танытқышта қазақтың жазу әдебиетінің туу
жөніне тоқтала отырып, қазаққа жазу дінмен келді дейді. Жазу әдебиетке
жазылған шығарма жататынын, жазба сөзді бастапқыда бала оқытушы қожа, ноғай
молдалар шығарған, дінді халыққа өлеңмен үйреткенін айтады. А.Байтұрсынов
қазақ арасына қисса өлеңнің таралу жайын, мәнін, тіл шұбарлануын, орыс
отаршылдығы тарапынан жүргізілген саясатты егжей-тегжейлі саралап, ақиқат
тұжырымдар жасады: Әдебиетті молдалар дін бесігіне бөледі. Әдебиет өсе
алмай, мешел больш жатқанда орыс үкіметінің саясаты келіп килікті. Қазақ
діні шығып жетпеген шала мұсылман халық, мұны мұсылман дінінен христиан
дініне аударып жіберу оңай деген пікірлермен орыс үкіметі қазақ пен ноғай
арасына жік салып, екеуін айырғысы келеді. Оның үшін қазақ байлары ноғайша
оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізеді. Қазақ балалары үшін школ
ашады, ноғайға қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін
қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады [28, 434].
А.Байтұрсынов жазу әдебиет, жазба әдебиет дегенді қатар колданып, екі
дәуірге бөлген. Сол қисындар әдебиет тарихы мәселелерін қарастыруда әзірге
тексерілмей келе жатыр. Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, екеуі екі
жаққа сүйреп жүргенде, қазақ орыс әдебиеті арқылы Европа жұрттарының
әдебиеттерімен танысады. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты -дінді жаю,
дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты - тілді ұстарту,
әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп, жазба әдебиеттің өзі екі
дәуірге бөлінеді: діндар дәуір, ділмар дәуір [28, 435]. Ғалымның
еңбегінде қиссаларға берген анықтамасы, олардың мән-жайын баяндауы
бүкпесіз, қисынды. Қисса - өлеңмен жазылған, көбінесе діндар әңгіме, басқа
жұрттың ертектері, мазмұнына қарай екі түрі болады. 1) Дінді қасиеттеу үшін
мұсылман дінінің артықтығын айту үшін шығарылған қиссалар. Кәпірмен соғыста
мұсылман жеңіп отырады. 2) Шариғат бұйрығын істеу мақсатымен шығарған
қиссалар. Діндар дәуір шығармалары А.Байтұрсынов еңбегінде әрі қарай
хикаят, мінажат, насихат т.б. түрлерге бөліп қарастырылды.
Әбубәкір Диваев жинаған материалдар ішінде қисса деп өлеңмен,
қарасөзбен жазылған баяндар аталады. Қисса-дастандар - XIX ғасыр
әдебиетінің елеулі, комақты саласы болды. 1915 жылы Қазақ газетінде (№
110) Райымжан Марсеков қазақ әдебиетін үш дәуірге бөліп, қазақ әдебиетінің
тарихын жасаудың алғашқы үлгілерін ұсындады. Соның екінші дәуірі - кітаби
әдебиет таралған түс, әрі оның жазба әдебиет екенін айтады: Енді
әдебиеттің екінші дәуірі келеді. Бұл екінші дәуір жазудың халық арасына
көбірек тараған заманы. Әр жақтан әр түрлі халықтың адамдары келе бастап,
қалың қазақтың ортасына орнап қалғаны да болған... Сөйтіп жұртқа тыю салына
бастаған. Түрлі-түсті кітаптар таралып тіл кітапшаға айналып, ескі сөздер
жазбаға түсіп мирас болып қалмай бұрынғы тілге, бұрынғы жақсы сөзге жұрт
жаман көзбен қарап, кітапшаны үлгі қыла бастаған [29, 156-157]. Бұл жерде
Р.Марсеков шығыс әдебиетінің ықпалы сол тұста қазақ ішінде үлкен ағым,
құбылыс болғандығын айғақтай түсер тұжырым жасаған. Шығыс қисса-
дастандарының Абайдың ақындық айналасында да өз орны болды. Мұхтар
Әуезовтің Абай Шыңғысқа жәй әуесқойлықпен бармағанын уақыт көшінде үнемі
ашық айта алмағанымен де, назарда ұстағаны белгілі. Ол Абайдың шығармашылық
өрісіне сопылық ағымның ықпалын ашып көрсетеді. Абай шығармаларындағы қазақ
өлеңінде жоқ өзгешелікті де М.Әуезов ең әуелі шығысқа телиді: ... Кроме
того, он сочиняет поэму Азим на тему из Тысяча и одной ночи. Все это
порождено тем, что Абай хотел сделать доступными казахским читателям все
легенды, предания, распространенные в восточном мире... [30, 60].
Абайдың Шығысым - Батыс, Батысым - Шығыс болып кетті деуінің астары
тым әріде. М.Әуезов Ақылбай, Мағауия поэмаларын Байрон, Пушкин үлгісі
(шығыс желісіне жазылған романтикалық дастан) дейді. Абайдың Шығысы мен
Батысы мәселесі белгілі бір дәрежеде XIX ғасыр әдебиетінің көркемдік арна,
ағымдарының да басты мәселесі.
Абайтанушы М.Мырзахметов Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары
монографиясында Мұхтар Әуезовтің Абайдың Шығысына қатысты түйіндеріне
толымды барлау жасап, абайтану ақтаңдақтарын бүтіндей түсті. Абай
мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында М.Әуезовтен басқа
алдына ешкімді де мәселе көтермегенін атап өткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz