ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. ХІХ-ХХ ғ. ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен

тарихи кезеңдері . . . 4

1. 1. Ағартушы философиясының туындалу шарттары мен халыққа ықпал ететін факторлар . . . 4

1. 2. Ресей еліндегі ағартушы философиясының дамуы . . . 9

ІІ. ХІХ ғ. Қазақ ағартушыларының философиясы . . . 13

2. 1. Ш. Уәлиханов- ағартушы, философ, энциклопедист . . . 13

2. 2. Көрнекті қазақ ағартушысы -Ыбырай Алтынсарин . . . 20

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28

Кіріспе

Қай жерде болмасын дін мен шіркеу ғылымының дамуы мен ойының еркін қозғалысы жолында кедергі болып тұрса, ондай жерде ағартушылық пайда болады. Ендеше, ағартушылық теоцентризмді жену қажеттілігін көрсетеді. Сөйтіп, адамзаттың ғылым мен білім ұстанымына өтуін танытады. Бұндай жалпыға бірдей тәртіптен Қазақстан да тыс қалмады. Дегенмен де, Еуропа және Ресеймен салыстырғанда діни ойлау дағдарысының себептері бізде басқаша болды. Батыстағы теоцентризмнің дағдарысы жас әрі қайсарлы буржуазия мен оның идеялық жетекшілерінің өз әрекеттерінің теологтар қағидаларымен сай келмейтіндігін тез арада жеңу идеясымен шартталатын болса, Қазақстанда бұл үрдіс Ресейге қосылудың салдарымен байланысты болды.

Сондықтан да ағартушылыққа тән әлеуметтік-саяси құрылыстың буржуазиялық жаңару қажеттілігін бейнелеуді, қазақ ағартушылығы өзгеше түрде білдіреді.

Ол Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын нығайтуға шақыру сипатында сөйтіп, қазақ қоғамының Ресейдің прогрессивті мәдениетін қабылдау ретінде көрінеді. Қазақстанда ағартушылар қазақ халқының ортасына еуропалық, соның ішінде, орыс өркениетінің енуіне негіз дайындалады, қазақ ағартушыларының сауатсыздыққа қарсы күресі, қоғамда ғылым-білім тарату үшін жүргізген күресі, адамдарды қанауға қарсы жүргізген күресі, әділеттіліктің орнығуы үшін күресі, азиялық деспотизмге қарсы күресі, демократия жолындағы күресі басқа мақсаттарды көздеп, басқа нәтижелерге алып келеді.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері қазақ ағартушылығын қалыптасу кезеңдерін қарастыру, оның Қазақстанда ағартушылықтың орнын және рөлін анықтау, ағартушылардың ағарту мәселесіндегі ерекшеліктерін қарастыру, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу, қазақ ағартушыларын Батыс және Ресей ағартушылықтарын айырмашылығы, ХІХ ғасырда Қазақстанның, саяси-әлеуметтік жағдайын қарастыру, Шоқан Уәлихановтың өмірін, ағартушылығының ерекшеліктерін және Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылығы, философиялық ойларын қарастыру.

Тақырыптың өзектілігі ағартушылардың тек белгілі бір кәсіппен айналыспай жан-жақтылығы, ағартушылардың философиялық ойларының ерекшелігі.

Тақырыптың басты өзектілігі қандай болмасын қоғамның ағартушылық жағдай, мемлекетте ғылыми білімнің таралуы, оның жетістіктерінен мемлекеттің қандай деңгейде екенің білуге болады. Ғылыми жаңалығы ағартушылықтың қазақ халқында қалай дамыған анықтау, қазақ қоғамы үшін сол тарихи жағдайда ағартушылық қозғалыс ауадай қажет болғанын білу.

ХІХ-ХХ ғ. ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері

1. 1. Ағартушы философиясының туындалу шарттары мен халыққа ықпал ететін факторлар.

Батыстағы аграрлық өркениеттің дағдарысы жас әрі қайсарлы буржуазия мен онын идеялық жетекшілері әрекеттерінің ортағасырлық қоғам қағидаларымен сай келмейтіндігін тез арада жеңу идеясымен шартталатын болса, Қазақстанда- бұл үрдіс Ресейге қосылудың салдарымен байланысты болды [2, 5 б. ] .

Сондықтан да ағартушылыққа тән әлеуметтік-саяси құрылыстың жаңару қажеттілігін бейнелеуді, қазақ ағартушылығы өзіндік түрде білдіреді. Ол Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын нығайтуға шақыру түрінде, қазақ қоғамының Ресейдің батысқа жақындау мәдениетін қабылдау ретінде көрінді [3, 405 б. ] .

Қазақ ағартушылары қазақ халқының ортасына Еуропа, соның ішінде, орыс өркениетінің енуіне негіз дайындады. Батыс ағартушыларының күресіне қарағанда қазақ ағартушыларының сауатсыздыққа қарсы күресі, қоғамда ғылым-білім тарату үшін жүргізген күресі, әділеттіліктің орнатылуы үшін күресі, отаршылдыққа, азиялық деспотизмге қарсы күресі, тәуелсіздік үшін күресі басқа мақсаттарды көздеп, басқа нәтижелерге алып келді. Қазақ ағартушылары күрескен кемел қоғамдық құрылым Қазақстанда нарық пен азаматтық қоғамның идеализацияланған құрылымы болмады және болуы мүмкін емес те еді.

Айтылғандардың барлығы қазақ ағартушыларының қазақтардың Ресей бодандығына қарсы жүйелі ойластырылған күресі барысында халықтың ғасырлық үміті мен еркіндік, бақыт туралы армандарының бейнесі болып табылатын халық мүддесіне сүйенгендігін сенімді айғақтайды. Халықтың сауатсыздығы мен қорғалақтығы, оның күштерінін бытыраңқылығы, ауыз бірлігінің болмауы және енжарлығы ағартушыларды "жоғары" жаққа, яғни Ресей үкіметіне мойынсұнуына мәжбүр етті. Бұл олардың либералдық қиялдарынан шыққан жоқ, олардың қалыптасқан жағдайды жақсы, дұрыс бағалап, парасатты және шынайы жолдар арқылы күрделі саяси мәселені шешу қажеттілігімен шартталды.

XIX ғасырдың ортасында Қазақстанда халықты отарлық қанаудан босатып және қоғамның саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге мүмкіндігі бар қоғамдық күштердін болмауы, ағартушылардың халық ауыртпалығын жеңілдету үшін дамыған Ресейдің көмегіне сүйену ынталары тарихи тұрғыдан ақталған әрекет еді. Демек, қазақ ағартушыларының пікірі бойынша, барлық мәселс қазақтардың қоғамдық прогрескс икемі бар ма әлде жоқ па дегенде емес, сол прогреске жетудің дұрыс жолдарын табуда. Осы сұраққа тынымсыз жауап іздеу оларды артта қалған халық өздерінің дамуы үшін және барлық адамзаттың дамуы үшін, дамыған халықтардың мәдениетінен үлгі алу керек деген қорытындыға алып келді. Қазақстанда қалыптасқан сол кездегі нақты-тарихи жағдай ағартушыларды тез арада алдыңғы қатарлы орыс ғылымы мен мәдениетін игеруге және сол арқылы әлемдік өркениеттің таусылмас байлығына жол табуға табанды түрде шақырды.

XIX ғасырдың ортасында Қазақстанда қалыптасқан нақты-тарихи жағдайда патшалық самодержавиенің жағымсыз жақтары оның ұлтты отарлау саясатында, жергілікті жерлердегі патша әкімшілігінің реакцияшыл өкілдерінің тонаушылық әрекеттерінен көрініс тапты. Қазақстанға тереңдей кіруді іске асыра отырып, царизм оның аумағында өзінің шеқарасын бекіте түсті. Царизм қазақ халқының өмірі мен тұрмысының жақсаруы үшін және оның қоғамдық прогреске қол жеткізуі үшін қам жеген жоқ. Керісінше, отаршылдық тонау мен өзінің Шығыстағы саяси беделін артыру мақсатында, царизм қазақтардын орыс бодандығына кіруін өз мүдделері үшін пайдалануға тырысты. Патшаның қазақ даласына жіберген жоғарғы дәрежедегі шенеуніктері қазақтың қоғамдық өмірінің дамуын қолдан тоқтатуға тырысты, қазақ халқының орыстармен достасуына кедергі жасап, қазақтардың сауатсыздығын және артта қалуын сол күйінде сақтап қалғысы келді.

Ағартушылық дәуірдегі болашақ қоғамдық құрылыс мәселесіне байланысты қазақ ойшылдарының мұраты батыс ағартушылары өкілдерінің мұратымен сай келмеді. Батыс ағартушылары өздерінің сенімдеріне қарамастан өз қоғамының сұранысына жауап беретін нарықтық құрылысты объективті идеализацияласа, қазақ ағартушылары қоғамның барлық мүшелері сауаттандырылған, толық еркіндік пен әділдік және адамдардық өз елінің саяси өміріне толық араласуын қамтамасыз еткен, білімге негізделген тәуелсіз тәртіп орнату үшін күресті [2, 6-7б. ] .

Ресейге қосылу нәтижесшіне Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Аймақтың халқының тағдырында осы бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық қажеттілік туды. Ол қажеттілік XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған және қоғамдық сананың дамуында жетекші рөл атқарған ағартушылық ой түрінде көрініс береді.

Қазақстанда ағартушылық ойдың мәнін түсіну үшін мынадай теориялық және әдіснамалық қағидаларды ескеруіміз қажет: біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты-тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мәдениетімен кең танысу және сол арқылы еуропалық өркениеттен сусындау - Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстандағы ағартушылық идеологиясын зерттеуде жалпы ағартушылық құбылысқа тән белгілермен қатар, оны тудырған мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшелігіне де баса назар аудару қажет. Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі оның азатыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі Кеңес өкіметіне дейін және сол өкімет тұсында өз мәнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М. Дулатов - "Оян қазақ!", М. Жұмабаев - "Тәңір", "Мен кім", "Тез барам" т, б., А. Байтұрсынов - "Қазақ өкпесі", "Тәні саудың жаны сау", "Қазақша оқу жайынан", Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Шоқаев, Ж. Аймауытов т. б. ) . Патша өкіметі мен сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын басынан өткізіп, әділет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға шақырған еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды. Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол өз дамуында кертартпа идеялық бағыттармен күреске толы болды. XIX ғасырдық екінші жартысы - XX ғасырдың алғашқы кезеңінде ағартушылар кейбір діни түппегізшіл-клериқалды идеологиямен және әртүрлі діни-мистикалық бағыттармен келісімде болмады. Қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың орта тұсында пайда болған дәстүрлі-консервативті Тәңіршілдік бағытың XIX ғасырдың аяғындағы діни-реформаторлық жәдидшілдікті, Ресейдің мұсылман халықтарының арасында кең тараған панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырғап рухани құбылыстың рөлі мен мәні нақтылы идеялық күрестің аясында көрінетіндіктен, берілген бағыттар мен ілімдердін табиғатын жете ұғыну қажет. Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдын қалыптасуыпа XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы орыс ағартушыларының, әсіресе, "батысшылдардың", "славянофилдердің" ықпалы қатты әсер етті. Орыс "батысшылдарының", "славянофилдердің" қайсыбір мұраттары Қазақ ағартушыдарының жанына жақын келді. Олар (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) Ф. Достоевскийдің, Н. Добролюбовтың, А. Герценнің, В. Белинскийдің еңбектерімен ал кейбірі (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев) олардың авторларымен таныс болатын. Халықшыллықты практикалық іс-әрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты-тарихи жағдайда халық бұқарасының екі жақты - әлеуметтік және ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты қазақ ойшылдары тұтас алғанда типтік ағартушылық тұғырды ұстанды. Бұдан тарихи құрылымы мен қоғамдық күштердің жіктелуі әлдеқайда өзгеше орыс революционер-демократтары секілді төңкеріс жолын қуаттап, оған бірден-бір шешуші әдіс, айқын жол деп шақырмауын кемшілікке жатқызу орынсыз болар еді. Керісінше, рух пен тән арасындағы, жалпы Аспан астындағы үйлесімділікті іздеп, сол жолда бойды сезімге емес, ақылға жеңдіртіп, мәселенің шеті мен шегіне ауытқымай негізгі ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясының көрінісін аңғарғандаймыз. Алтыншыдан, "тоқырау", "сеніп қалу", "артта қалушының", "дәстүршілдік" ұғымдары, жалпы Шығыс мәдениетінің мәңгі бақи арылмайтын атрибуттары деген сияқты абетрактылы және табиғатынан ғылымға, тарихи объективтілікке сай келмейтін тұжырымдама, бірыңғай, іштей біркелкі Шығыс феноменінен ұстындық айырмашылығы бар тек Батыс феноменін мойындау, екіншіден, "тоқырау", "артта қалу құбылыстарын метафизикалық абеолюттендіру және оларды тек Шығысқа имманентті деген түсінікке негізделген. Дұрысында, қай халықтын болмысын мәдениеті дамуынын кейбір кезеңіндегі тоқырау, құлдырау құбылыстары адамзат дамуының тарихи жалпы диалектикасының белгілі кезені ретінде қарастырылуы тиіс. Өйткені ол өзгеріс бола қалғанда өз қарама-қарсылығы өрлеу, өркендеу, дамуға көшетін нақты-тарихи жағдайлардың нәтижесі [2, 8-9 б. ]

Қазақ халқының тарихи өткеніне келетін болсақ, шетелдік және отандас шығыстанушы ғалымдардың зерттеулері берілген аймақтық Таяу және Орта Шығыстың ежелгі заманнан (біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдықтан бастап) XII ғасырда бұл аймақтар барлық өлшемдері бойынша Шығыс және Батыс мәдениетінен әлдеқайда озық және жоғары тұрады. XIII ғасырдағы Шыңғыс хан шапқыншылығы кейін ғана даму қарқыны бәсеңдеп, XVI ғасырдан кешеуілдеу үдерісі белең алды. Жалпы алғанда, бүкіл Таяу және Орта Шығыс ежелгі заман мен орта ғасырдың он бойында көрсетілген дәуірлерде Шығыс және Батыс арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың -бүкіләлемдік мәдени-тарихи үдерістің "орталық зонасына" айналды. Яғни қарастырылып отырған аймақ әлемдік өркениеттің шалғай ауданы емес, керісінше, XV ғасырға дейін Шығыс және Батыстың ирандық, үнділік, сириялық, византиялық, грек-эллиниетік мәдени дәстүрлерімен тығыз байланыста дамығанын көреміз [4, 127 б. ]

Демек, қазақ мәдениетінің тоқырауы жөнінде сөз құрғанда бұл ұғымды сол аймақ мәдениетінің дамуы өн бойында емес, тек белгілі кезеңінде - XV ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралыққа қатысты алынатынын жадымызда тұтуымыз қажет. Ресейге қосылу бұл аймақ халықтарына әлеуметтік-экономикалық саладағы түпкі зардаптарын қозғамаса да, жалпы кешеуілдеуді жою, қоғамдық прогреске жету мүмкіндігін берді деп аита аламыз. Жетіншіден, қазақ ағартушыларына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық тәртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрлі қауымдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған баиланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық ынтымақ, достық, орыс халқы мәдениетінің жетістіктері мен игі әсері жайлы ойлармен астасып жатады [5, 239 б. ]

Қазақ елінің Ресей империясына қосылуының тарихи салдарын түсіндіруде үш тұғырнама бар. Олар О. А. Сегізбаевтың жоғары оқу орындарына арналған "Қазақ философиясының тарихы" жөніндегі оқулығында былай жіктелгеи:

Бірінші тұғырнама бойынша, Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары тек қана реакциялық нәтиже берді.

Екінші тұғырнама бойынша, қазақ халқы үшін Қазақстанның Ресейге қосылуы соншалық теріс құбылыс емес еді.

Үшінші тұғырнама бойынша, Қазақстан үшін Ресейдің жүргізген саясаты шын мәнінде реакцияшыл отарлау саясаты еді, оған қарамастан ол прогрессивті құбылыс деп бағаланады.

Бірінші тұғырнаманы қолдаушыларға XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы саяси элитасының қатарындағы А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, С. Торайғыров және т. б. жататындығы айтылады. Олар қазақ жеріндегі тәуелсіз, дербес мемлекеттің құрылуы халықтың болашағы үшін қажеттілік деп түсінген еді.

Екінші тұғырнаманы А. Асфендияров және оны жақтаушылар қолдады. Олар қазақ елінің Ресеймен қатынасы көрші жатқан Орта Азия хандықтарына, Қытай, Англия сияқты елдерге тәуелді болумен салыстырғанда тиімді деген тұжырымды келтіреді.

Үшінші тұғырнама Кеңес үкіметі кезеңінде, әсіресе, XX ғасырдың 50-жылдарынан кейін оның негізгі басымдық танытқан тек прогресшіл мәнін қолдайтын ұстанымға айналды. Оның себебі социалистік жүйенің кеңестік идеологиясын жүзеге асырудағы кейбір қолайлылықтарда жатқан болатын.

Бұл үш тұғырнама да ғылыми бағасын алуға немесе пікір ретінде өмір сүруге хақы бар және оларда айтылған дәйектемелердің басымы әлеуметтік тәжірибеде көрініс бергенін мойындауға болады. [2, 9-10 б. б. ]

Әрине, зерттеу барысына диалектикалық терістеу әдісін қолдана отырып, әлеуметтік құбылыстарды талдаудан өткізеск, онда тарихтағы он оқиғаларды, үдерістерді де бағалай білуімізге болады. Енді ХVШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ елі мен Ресей империясы арасындағы қатынастар әлеуметтік салада басқа қаншама мүмкіндіктер болса да (Қытаймен, жонғарлармен, Қоқан хандығымен, ағылшындармен) қазақ жері Ресей империясының құрамына енді. Бұл үдерісті, тарихи-әлеуметтік құбылысты тек қана рационалды тұрғыдағы пайымдаулармен толық түсіндіру мүмкін емес. Өйткені дүниедегі қатынастардың рационалдық емес негіздері бар. Бұл жағдай төртінші тұғырнаманың іргетасын құрайды. Бұл тұғырнаманың сипаттамасы темендегідей: тарихи үдерісте мәдениеттер үнемі бір-бірімен сұхбаттасады, түйіседі, қайшылықта болады. Олар бір-бірімен өзара әлеуметтік сыйысушылықта болып, тарихи дамуда жүптаса, бірлесе, ұтымды тіршілік ете алуы үшін, жалпы прогресшіл тарихи үдеріске сәйкес пәрменді алға жылжу үшін міндетті түрде мәдениеттердің рухани мүмкіндігінің әр алуандығы керек, яғни бірі күштірек, екіншісі әлсіздеу (рухани, ментальдық, экономикалық, өркениеттік және т. б. салалар бойынша қарастырғанда) болуға тиісті. Сонда ғана Жер бетіндегі арқилы деңгейдегі мәдени құрылымдардың өзара кірігу (иптеграция) үдерістері жүреді. Әрине, бұл үдерістін адамзат тарихында көбінесе зорлықпен, тұрпайы түрде байқалуы оның өзіндік көленкелі беттеріне жатады. Өз заманының тағылымдары мен заңдылықтарына сәйкес болып келетін осындай этносаралық, мемлекетаралық байланыстардың болашағы ұзағынан болуы үшін мәдениеттердің өзара үйлесу, бірін-бірі толықтыру үдерісі жүруі керек. Сонда ғана әлсіздеу мәдени-әлеуметтік құрылымдар (этникалық қауымдастықтар) тарихи бәсекелестік барысында бейсаналық деңгейде күштілеу тарихи-әлеуметтік құрылымдарға арқа сүйеуге бейімделеді. Әрине, бұл қарым-қатынастың өзіндік келеңсіз жақтары да біршама көрініс табуы мүмкін. Осындай тарихи ахуалды көптеген зерттеушілер аңғарып, оны әлеуметтік әділстсіздік ретіпде атап өткен.

1. 2. Ресей еліндегі ағартушы философиясының дамуы.

В. Г. Белинский (1811-1848) зиялылар ортасынан шыққан уездік дәрігердің ұлы еді. Ол жастайынан халықтың ауыр тұрмысын көріп өсті және оның себебін басыбайлықтан іздеді. 1829 жылы ол Мәскеу университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оның алғашқы курстарында-ақ айналасына алдыңғы қатарлы озық ойлы студенттерді жинап алғанды. Университетті үздік бітірген соң, 1833 жылы ол Станкевичтің үйірмесіне қатысады. Алғашкы кезде әртүрлі баспаларда шағын сыни мақалалары жарық көреді. Кейінен, 1839-1846 жылдар аралығында «Отандық жазбалардың» жетекші сыншысы болып істеді де, 1846 жылдан бастап өмірінің аяғына дейін «Замандастар» да қызмет атқарады. Отызыншы жылдардағы Белинскийдің әлеуметтік - саяси, философиялық көзқарастары ағартушылық сипатта болды. Бұл кезде ол идеализмнің ықпалында болды да, қоғамдық дамудың себебін «әлемдік ақыл - ойдың» заңдарынан іздеді. Бұл орайда оған Гегель философиясының ықпал жасағанын байқаймыз. Алайда, 1840 жылдың өзінде-ақ Белинский идеализммен біржола қоштасады да, материалистік бағытқа көше бастайды. 40- жылдары Белинскийдің шығармашылық табыстары күрт өсті. Оның қоғамдық - саяси және әдеби қызметінің қорытындысы ретінде бағаланатын «Гогольге хаты»1847 жылдың шілде айында жазылған еді. Онда Белинский Гогольді аяусыз сынау үстінде Ресейдегі басыбайлық тәртіпті аймандай қылып, әшкерлейді де, демократиялық қайта құрудың бағдарламасын тұжырымдайды және орыс әдебиетінің халықты азат ету үшін аянбай қызмет ету мәселесін ұлы міндет етіп қояды. Өз шығармаларында Белинский алпауттық Ресейдің негізгі үщ тірегіне қатты шүйлікті. Олар басыбайлық, самодержавие және шіркеу еді.

Қоғамдық өмірді түсінуде Белинский идеалистік бағыттың ықпалынан шыға алған жоқ. Атап айтқанда, тарихи дамудың қайнар көзін ол ақыл - ойдың көркеюінен іздеді. Осы тұрғыдан ол халық бұқарысының тарихтағы рөлін айқындап бере алмады. Алайда, бұл орайда сонымен қатар көптеген бағалы пікірлер де айтқан болатын. Мысалы, тарихи прогрестің шексіздігі, күні өткен қоғамдық құрылыстардың заңсыздығы, ұлттық және жалпы адамзаттық мақсат - мүдделердің бірлігі туралы айтқан ойлары күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол славяншылдарды тар өрістілігі үшін сынады, айталық, олардың орыс ұлтын Батыс Европа елдеріне қарсы қоюға тырысуын Белинский тарихқа қарсы бағытталған келеңсіз әрекет деп айыптаған еді. Ол капиталистік қоғамды демократиялық тұрғыдан сынады, ал социалистік қоғамды адамзаттық шынайы армандарына сай келетін, қанау мен теңсіздік сияқты жексұрын құбылыстардың тамырына балта шабатын әділетті құрылыс ретінде қарастырады. Мқндай қоғамға өту ісі қантөгіссіз жүзеге аспайтынын ол жақсы білді, бірақ та нақтылы қалай, қандай жолмен, кімдердің арқасында жүзеге асырылатынын пайымдай алмады.

Белиский төңкерісшіл демократтардың көш бастаушысы, аға буындарының қатарына жатады. Орыс халқының азаттық үшін күресінде оның алатын орны ерекше. Белинскийдің философиялық ойлары, өршіл, өткір мақалалары, ескі дүниені жаңа мазмұнда қайта құру ісіне шақыруы кейінгі ізбасарлары үшін ойтүрткі, демократиялық ақыл - ойдың өркендеуіне өзек бола алды.

Ресейдегі азаттық қозғалыстың көрнекті қайраткері Александр Иванович Герцен (1812-1870) ХІХ ғасырдың материалистік философияға өз үлесін қосқан ойшыл, революционер-жазушы, публицист. Ол алпауыт И. А. Яковлевтің некесіз туған баласы болатын. Ақсүйектік тәрбие алған Герцен жастайынан Радищевтің, декабристердің, Пушкиннің еркіндікке баулитын идеяларын бойына сіңірген еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Философия мәдениет феномені хақысында
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Огюст Конт позитивизмі
Философия пәні мен қызметі
Философия пәнінен дәрістер
Философия (Оқу құралы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz