Хоккей тарихы



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Хоккей тарихы
2. Қазақ хоккейінің тарихы (II бөлім) 1987-92
3. Қазақ хоккейінің тарихы 1992-98
4. Қазақ хоккейінің тарихы 1999-2008

Пайдаланылған әдебиет

Хоккей тарихы

Хоккей — қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не шайбамен
ойналатын командалық спорт түрі. Ойын жазда көгалда доппен, қыста шайба
және доппен мұз үстінде өтеді; қара Допты хоккей, Көгалдағы хоккей, Шайбалы
хоккей.
Әлі күнге дейін хоккейдің тарихы мына елден шыққан деп дөп басып айту
қиынға соғады. Алайда, алғаш рет хоккейді шайбомен ойнауды канадалықтар
дәстүрге айналдырса, Ресей - оны кәдімгі доппен алмастырған.
Алғашқы ресми матч 1875 жылы 3 наурызда Монреал қаласындағы Виктория мұз
айдынында өткізілді.
Ол кездегі хоккейді бүгінгі күнгі ойынның ережелерімен салыстыруға
мүлдем келмейді. Ол кезде әр командада 9 ойыншыдан топтастырылған еді. Ал,
бүгін де әр құрамаға кем дегенде 18 ойыншыдан келеді.
Футболдың тарихы сынды хоккейдің себет-торы да бірте-бірте пайда болды.
Алғаш рет хоккей арнайы сеткамен 1900 жылы ұйымдастырылды. Кейіннен қақпа
темірден тұрғызылды. XYI-XYII ғасырларда хоккей голландиялықтар үшін
таптырмас ойын болып есептелінді. XIX ғасырдың 70 жылдары Канадада хоккей
қысқы олимпиада ойындары бағдарламаларына енгізілді. Оның алғашқы шарттарын
Монреалдағы университеттердің бірінде білім алып жүрген студенттер қауымы
жасады.
1899 жылы Монреалда жасанды мұз айдынында ірі хоккей жарысы болып өтті.
Додаға 10.000 жанкүйер қатысты. Оны Канаданың әуесқойлар хоккей лигасы
ұйымдастырды. 1914 жылы хоккейде кәсіби клубтар Ұлттық Хоккей
Лигасына топтастырылған.
Ал, 1908 жылы Ұлыбритания, Богемия,  Швейцария, Франция және Белгия Хал ық
аралық Хоккей Федерациясын құрды.
Ойын талаптары жиі жаңаланып тұрды. 1900 жылы хоккей алаңы (61х30 м)
болады деген ортақ шешім шығарылды. Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезең 20
минуттан деп есептелінді. Қақпашылар 1929 жылға дейін арнайы қорғанбаған
еді. Сол жылы Канаданың клубы Монреаль Канадиенстің намысын қорғаған
Клинт Бенедикт алғаш болып мұз айдынына маскамен шықты. Осы уақытқа дейін
барлық матчтар ашық далада өткізілген. 1870 пен 90 жылдары жабық мұз айдыны
жасақталды.
Әлемде қолдан жасалған мұз айдыны 1903 жылы Лондонда жасалды. Хоккейдің
дамуына Ұлыбритания едәуір үлес қосқан.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен хоккей қайта қолға алынды. Жаңа
хоккей державалары қалыптаса бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысына
дейін КСРО,Чехословакия мен Канада  құрамалары үздік танылды. Ал, ХХ
ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жаңа алпауыт құрамалар бой көтерді.
Бұлардың қатарына Финляндия, АҚШ және Швеция қосылды.

Қазақ хоккейінің тарихы (II бөлім) 1987-92
1987 жылдың 24 қыркүйегінде өскемендік Торпедо жоғарғы лигадағы
өздерінің алғашқы ойнын өткізген. Алғашында зауыт командасы ретінде
құрылған топ, 30 жыл ішінде КСРО хоккейінің бетке ұстарына айналды. Алғашқы
кездесу Өскеменнің спорт сарайында Спартак командасымен болған. Кездесу
нәтижесінде екі команда бірдей ойын көрсетіп, матч 4:4 есебімен аяқталды.
Бұл нәтиже жеңістен артық болып көрінді, торпедолықтар өз күшіне, ал
жанкүйерлер торпедолықтарға сенді.

Торпедо командасы жоғарғы лига ойындарында үздік нәтижелерге жетіп,
республикамыздың атын бүкіл КСРО аумағына танытып, КСРО чемпионатының 1991-
92 жылғы кезеңдерінде 5 және 8-інші (1-ші және 2-ші кезең), 1990-91 жылғы
кезеңде 9-орынға ие болған. Торпедо командасының жастар құрамасы Кеңес
одағындағы түрлі турнирлерде жеңімпаз атанып, 1989 жылы Өскемен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулықты жақсартуға әр түрлі спорт түрлерінің әсері
Ахмет Жұбанов атындағы мемориалды ескерткіш
VІІ қысқы Азия ойындары
Мұз үстінде ойналатын ойындар мен эстафеталар
Олимпиада ойындары
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Қазақстан жетістіктері
28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада – 2017 қорытындысы.Алматы қаласы (биатлон)
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Дене мәдениеті
Пәндер