Ежелгі хундардың шығу тегі мен мекен-жайы
Жоспар
1. Ежелгі хундардың шығу тегі мен мекен-жайы
2. Хундардың мәдениеті, тұрмыс-салты, діни сенімі
3. Азиядағы хундар құрған мемлекет
4. Хундардың экономикасы және мемлекетті баскару дәстүрі
5. Европадағы Хундар империясы

Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы
еді. Олардың біріншісі - Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь
(б.з.б. 135 — 67 жылдар). Оның еңбегі ІІІи-цзи (Тарихи жазбалар) 130
бөлімнен тұрады. Соңғы бөлімінде Сыма Цянь хундар, Орта Азия халықтары,
оғыздар, қаңлылар, үйсіндер, қырғыздар және тағы басқалар туралы да
жазыпты. Оның хундар туралы келтірген мәліметтерінің бәрі өте қысқа -
үзінді түрінде берілген.
Екінші тарихшы - Бань-Гу. Ол жазған еңбек Цянь Хань-Шу (Батыс Хань
мемлекетінің қүжаттары) деп аталады. Бүл еңбек біздің заманымыздан бүрынғы
206 жылдан басталып, біздің заманымыздың 25 жылына дейінгі оқиғаны қамтиды.
Үшінші тарихшы — Фай Е-нің Хоу Хань-шу (Шығыс Хань мемлекетінің
қүжаттары) - жоғарыда аталған екі тарихшының ізімен жазылған аса құнды
еңбек. Бір артықшылығы - түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар:
Чжоу-шу (Чжоу ұлысының қүжаттары), Бэи-ши (Алдыңғы ұлыстар тарихы),
Түндянь (Бөгде тайпалар жылнамасы), Тайпин хуан-юи (Кене тарих
туралы дерек) және тағы басқалары.
Еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцеллин - біздің
заманымыздың IV ғасырындағы Рим тарихшысы. Ол біздің заманымыздың I
ғасырынан V ғасырына дейінгі хундар туралы маңызды деректер қалдырған. Оның
еңбегі - Іс-қимылдар деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығарма. Ал Гот
тарихшысы, біздің заманымыздың V ғасырында өмір сүрген Иордан хундар көсемі
Ругила, Аттила басқарған мемлекет туралы және Атталаның Римге жорығы
туралы, соғыстың жеңістері женінде ете бағалы мәліметтер келтірген.
Хундардың шығу тегі туралы тарихшылардың зерттеулеріне сүйенсек,
б.з.б. III ғасырда хундар түркіше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, қырғыз
т.б. жиырмадан астам түркі тайпаларымен бірге өмір сүрген. Өткен ғасырларда-
ақ Еуропа ғалымдары хундардьщ кім болғанын, Еуропаға қайдан келгені туралы
ғылыми зерттеулер жүргізс бастаған. Кейінгі жылдары қазіргі Монғолия мен
Байқал өңірінде көп ғасыр бойы өмір сүрген сюннуларды (хундарды) жамандап
жазған қытай жазбалары табылды. Қытайлардың оларды жек көруінің себебі де
бар еді. Сюннулар (хундар) туралы жазылған бір қолжазбадп мынадай мінездеме
берілген: Дәстүрлері бойынша малдың етіп жеген, оның сүтін ішіп, мал
терісінен киім жасап киген, малдары шеп жеп, су ішкен, жылдардың әр
мезгіліне қарай су, шөп іздеп олар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған,
Оларда ішкі және сыртқы қорғандар жоқ, тұрақты мекен-жайлары жоқ, қалалар
болмаған және жер өңдеумен айналыспаған. Әрбір еркек жауынгер болған.
Соғыста құстардың тобы сияқты жауына бәрі қүлшына жабылады, ал жеңілген
кезінде бытырап кетеді, сонан соң қайта жиналады.
Сюннулардың тарихы қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы 403
жылдан басталады. Біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы олардың көсемі Моде
еді. Оның жоғары қолбасшының баласы болғанын айтады. Қытайлар түркілерді
сюннулардың (хундардың) ұрпақтары деп есептейді.
Хундардың шығыс көршісі ретінде қытай жазбаларында біздің заманымыздың
І ғасырының соңында Монғолиядан хундарды ығыстырып шығарған сәнбилер
аталады. Кейінірек сәнбилер хундар сияқты Қытайда бірнеше әулеттің негізін
қалайды, сәнбилер әулетінің ішінде Солтүстік Вэй әулеті (386 - 534 жылдар)
ерекше аталады.
Белгілі француз ғалым Пеллио 1925 жылдың күзінде Санкт-Петербургта
оқыған өзінің бір лекциясында қытай әдебиеттерінде сәнбилердің түркі тілдес
халық екенін аңғаруға болатын сөздік сақталғандығын хабарлайды. Егер
сәнбилер түркілер болса, онда бұдан мынадай қорытынды келіп шығады: өте
ерте уақыттарда түркілер Монғолияның шығысын мекен еткен. Сәнби және Сібір
халықтары жайында Византия және Армян жазбаларында алғаш рет 463 жылы,
соңғы рет 558 жылы айтылады. Алайда сәнбилердің батысқа қоныс аударуы
туралы ешнәрсе белгісіз.
Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеу негізінде түркілердің шығу тегі,
көне тарих мәселелері қарастырылуда. Түркі ата тілі, монғол ата тілі,
тунгус ата тілі - бүлар Алтай тіліне жатады. Чуваштар хундардың ұрпақтары
болып табылады, осыған орай чуваш-түркі ата тілі хундардың тілі болған.
Түркі тайпаларының көпшілік бөлігі ертеде Алтайды мекендегенін түркі
халқының аңыздары, тайпа, өзен, көл тау аттары айғақтайды. Түркі халқының
шығуы туралы деректер бар, солар бойынша хун империясы ежелгі түркі
мемлекеті болып саналады.
Орыс ғалымы Н.А. Аристовтың айтуынша, б.з.б. III ғасырда хундар
түркіше сөйлеген. Хун замандастарына кангюйлер, үйсіндер және Жетісу
бойынан ығыстырылған сақтар (кытайша: сэ) жатады. Сол кездегі Енисейде
түрған қырғыздар қытай деректеріндегі хундар дәуірін, б.з.б. 201 жылды еске
түсіреді. Ежелгі қытай транскрипциясында қырғыз деген сөз - гяньгунь.
Бұдан шығатын қорытынды: түркілер - хун ұрпақтары, адамзат тарихында
ежелден келе жатыр. Олардың қалыптасуын ежелгі Қытай, Грек, Рим жұртының
қалыптасу тарихымен қатар қойып салыстыруға болады.
Хундар жұрты үш бөлікке бөлінген. Біріншісінің ішінде сюнналар болды,
олардың мекен-жайлары біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдықтың ортасынан
бастап Хуанхэ өзенінің орта тұсы мен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін
және Орта, Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік
Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.
Екіншісі - біздің заманымыздан бұрынғы I мынжылдықта сыртқы
Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сөйлеген
сәнбилер. Кейіннен сәнбилер солтүстік Вэй әулетін құрған (386-534 жылдар).
Үшіншісі — түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда
Ішкі Монғолияда, Байқалда, Ордостан (Ордос - Қытайдағы өзен) Алтай,
Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген хун тайпалары қалыптаса
бастайды. Бұл тайпаларда түркі тілінде сөйлеушілер көбірек болған,
ал бұлар бұрынғы сақ тайпаларының ұрпақтарымен көрші тұрған. Бұлардың бәрі
бір этникалық қауымдастыққа жататын тайпалар болған.
Осы аталған хундар мекендеген үш бөліктегі жерлерде түркілік және
монғолдық тіл тобына жататын тайпалар одағы араласып тұрған. Ал олардың
батысқа өтуі ерте басталады. Бұлар Еділ мен Дунай бұлғарларының тілдерінде
(бұлғарлар славянға жатпай тұрғанда) өз көрінісін тапқан. Қазіргі уақытта
бұлғарлардың, чуваштардың тілінің негізгі бөлігі Еділ бойындағы татарларда,
гагауыздарда, құмықтарда т.б. түркі тілді тайпаларда сақталған.
Мұның бәрі біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың аяғьшда, біздің
заманымыздың I мыңжылдығының басында болған.

Орта Азиядағы хундардың мәдениеті, оның түр-сипаты археология арқылы
қалпына келтірілуде, ертедегі қытайдың архив қорында сақталған жазбаларында
айтылған. Жартастарға, тасбақа сауытының үстіне, малдың жауырын сүйегіне
жазылған жазуларда (б.з.б. ХІУ-ХІ ғ.) қытайлар солтүстік шығыстағы түркі
тілді көршілерін цяндар деп немесе кейінгі уақыттарда олар жундар деп
аталған, оған қоса кейде қара қытайлар деген. Жазбаша деректерде оларды
атты цяндар және ат ауыстырушы цяндар деп те атапты. Қытай тарихшысы Сыма
Цянь солтүстіктегі кершілері туралы әнгімелерін жинақтап, өзінің сол тарихи
жазбасында көрсеткен. Орта Азия жерін мекендеген тайпаларды Сыма Цянь - жун
(хун) және ди деп те атаған. Сол заманда Ішкі Монғол даласын, оңтүстік
Манчжурияны және Үлкен Хинган саясын мекендеуші тайпалар тау жуны және
дунхулар (шығыстың адамдары) деп аталған.
Бичуриннің айтуынша: Жундар мен дунхулар тары себумен айналысқан,
бірақ олардың негізгі кәсібі - мал бағу, әр жердің қарына, суына қарай
малмен бірге көшіп жүрген. Бір орында отыруды білмеген. Дөңгелек киіз үйде
тұрған, оның есігін шығыс жаққа қаратқан. Ет пен қымызды тамақ қылған.
Киімдерін әр түсті жүннен тоқып немесе тігіп киген. Кім батыр, күшті, сөзге
шешен болса, дауларды шеше алатын болса, сол басшылық жасаған. Мұрагерлікті
иелену болмаған. Жүзден мыңға дейінгі үйлер бір қауымдастық құрған. Ең
үлкен басқарушыдан бастап төменгі бағынышты адамға дейін өз малдарын өздері
баққан, өз мүлкіне өздері ие болған, бір-бірінен қолдау сұрамаған. Әр істе
әйелдердің ақылына құлақ түрген. Жауынгерлік жұмысты еркектер өздері
шешкен. Соғыс жағдайын өте маңызды деп санаған.
Сыма Цяньнің айтуына қарағанда, Орта Азия біздің жыл санауымызға
дейінгі 403-221 жылдары патшалық соғыс дәуірінде көп езгеріске ұшыраған.
Бүрынғы жундардың орнына солтүстіктен батысқа келген көшпелі тайпалардың
сюннулар (хундар мен юечжилар) атты күшті біріккен қоғамы пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда хундарды қытайлар алғаш рет өзінің
жауы санаған. Кейініректе хундар Чжас хандығымен Ордос үшін соғысады.
Соғыста кезекпен жеңіске жетіп отырады.
Қазбаларда хун мәдениетінің екі түрі табылған. Олар біздің заманымыздан
бұрынғы I мыңжылдыққа жатады. Бірінші түрі -қиыршық тастардан жасалған
сандықтас зираты. Сандықтас төрт бұрышты жәшікке ұқсаған, тереңге
қойылмаған. Көсемдердің басын шығысқа қаратып, қару жарағын, ыдыс-аяғын, әр
түрлі әдемі заттарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz