XVIII—XIX ғасырлардағы неміс философиясы. Неміс философиясындағы классисизм



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

а) ХҮІІІ-ХІХ ғ. Неміс философиясы

ІІ. Негізгі бөлім

а) Неміс философиясындағы классисизм
в) Неміс философтары
ІІІ. Қорытынды бөлім.
а) Неміс философтарының тұжырымы

XVIII—XIX ғасырлардағы неміс философиясы

И.Кант (1724-1804) жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық
проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. Оның гносеологиясы жекелеген
индивидке басымдылық беруден келіп шығады. Эпистемология ретінде
философияны негіздеу идеясын жалғастыра отырып, И.Кант өзінің
трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен (Локк және Юм),
рационализм мен скептицизмнен (Декарт) асып түсуге тырысады. Өзінің
философиясын негіздеуді Кант Юммен пікірталасқа түсумен қатар,
экспериментадды ғылым негіздері тұрақтылығын талдау мен дәлел-деулерден де
бастайды. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт танымға тән қажеттілік
болып табылады.
Рационализм мен эмпиризмді синездеуге тырысып Кант танымдағы
субъекттің белсенділігін мойындайды. Бұл белсенділік қабілет субъекттің
объектіге әсерінен көрінеді. Және объект субъекттің алдында қалай көрінсе,
ол объекттің субъектіге әсерінің нәтижесі емес, бұл жерде объект парасат
пен ақылдың белсенді әрекеті нәтижесінде өзгеріп көрінеді. Канттың
түйіндеуінше, кезкелген таным субъектпен сипатталады, яғни барлық таным
оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталадьу Субъект объектке салған барлық
әсердің формасы бар. Объект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік
әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Осылай біз себептілік
категорияларының көмегімен жалпы мәнді және қажетті формалары негізінде
сезімдік қабылдау формасындағы әр түрлі құбылыстарды объекттен бөліп алып,
белгілі бір тәртіпке келтіреміз. Бұл формалар қатарына кеңістік, уақыт,
себептілік жатады, өйткені олар таным мүмкіндігін қамтамасыз ететін
алғышарттар болып табылады.
Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни априорлы.
Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық
рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Канттың пікірінше барлық
сезімдік әсерлер сыртқы нақтылықтан туындайды. Адамның танымдық әрекет
аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп аталады, ал танымдық қабілеттің
тікелей бағытталған нәрсесін Кантзат (предмет) деп атайды. Біз өзіміздің
танымдық әрекетіміз аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің
танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды және оларды Кант
өзіндік зат деп атайды.
Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық таным,
синтетикалық таным (апостериорлы), синтетикалық априорлы таным.
Синтетикалық априорлық дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп
түсіндіреді. Синтетикалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал
аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау
нәтижесінде пайда болатын таным типін айтады. Синтетикалық априорлы танымға
мынадай математикалық пайымдау мысал бола алады: түзу сызық екі нүкте
арасындағы ең қысқа қашықтық болып табылады. Канттың пікірінше математика
мен жаратылыстану негізделген ғылымдар болып табылады, ал олардың пікірлері
жалпы мәнді және қажетті сипат алады. Бұл ғылымдардағы зерттелетін
элементтерді белгілі тәртіпке келтіру үшін қолданылатын формалар барлық
субъектке тән. Демек, Канттың пікірінше математика мен жаратылыстану берік
негізге сүйенеді.
Кант Юмнің скептицизмін теріске шығарып, оның тұжырымдары
кемшіліктерін айқындайды, сонымен қатар рационалдық интуицияға негізделген
рационалистік догматизмді де теріске шығарады. Канттың пікірінше,
рационалдық догматизмнің (метафизиканың) берік негізі жоқ, себебі
рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Осы сәттен
бастап Кант танымды сынай бастайды. Ол дәстүрлі рационализмді жалған ғылым
деп есептейді, өйткені біз рефлексияны тек тәжірибе жағдайында ғана, оның
шеңберінен шықпай ғана іске асыра аламыз. Ал рационалистер рационалдық
интуицияның көмегімен сезімдік тәжірибе шекарасынан шығып кетеді, яғни
трансценденттікке иек артады. Бірақ адам трансценденттік туралы біле
алмайды, өйткені ол таным шарттарынан асып кетеді.
Өзінің көзқарасын негіздей отырып, Кант екі дәлел келтіреді:
1. Біз тәжірибе мүмкіндігіміз шекарасынан тыс жатқан нәрселерді
сезіммен қабылдай алмаймыз. Сондықтан трансценденттік біздің танымымыз
шекарасынан тыс орналасқан және ол таныла алмайды.
2. Рационалистер өз түйіндерін дәлелдеу барысында растайтын және
терістейтін дәйектер келтіреді. Мұның екеуі де салмақты болғандықтан
берілген жағдайды бірдей дәлелдейді де, теріске де шығарады. Мұндай
растайтын және терістейтін дәйектеме бірдей мөлшерде дәлелденіп және
теріске шығарылатын болғандықтан адамды априорлы теориялық тығырыққа әкеліп
тірейді. Кант мұны антиномия деп атайды. Антиномиялар біздің
трансценденттік туралы ешнәрсе біле алмайтындығымызды көрсетеді. Сонымен,
таным үдерісінде метафизикалық сұрақтар үнемі туындап отырады, алайда
оларға толық жауапты біз бере алмаймыз деп санайды Кант.
Мұндай жағдайда діни сұрақтарға берілген жауаптар сенімге непзделуі
мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінін біз дәлелдей де, теріске шығара да
алмаймыз – деп ойлады Кант.(Себебі Кант материалист.) Бірақ біздің сенуіміз
мүмкін немесе керісінше сенбеуіміз мүмкін. Кант сенімнің орнын діннің
ауқымы ішінде қалдырады да, ал дін туралы білімді одан айырады. Ол ақыл-
ойдың ауқымы ретінде математика мен жаратылыстануды айқындайды. Осылай Кант
өзінщ Таза ақыл-ой сыны (1781) еңбегінде сол замандағы жаратылыстанудың
алғышарттарын сипаттап, ғылымның дінге бағынбайды деп есептеді. Себебі Кант
дінге сенбейтін дінсіз ғалым еді.
Осы жұмысында Кант ескі метафизиканы сынай отырып, философияның нені
зерттеуі керек екендігі туралы мәселені көтереді. Философияның зерттеу
аймағын қайта қарай отырып, Кант ескі метафизиканың негізі болып табылатын
логиканың шектеулі екендігін аңғарды. Жалпы логиканың (Канттың
терминологиясы бойынша) шектеулілігі, онда пікір мен ой-тұжырым формаларына
баса назар аударылып, ал олардың мазмұнын қарастыруды теріске шығарғанынан
көрінеді. Бұл алдын ала бар білімді өзгерткенімен жаңа білім алуға
мүмкіндік бермейді. Бұл логиканы Кант талдау логикасы деп атады. Жалпы
логиканың мақсаты мен функциясын жан-жақты қарастыра отырып, танымдағы
пікірдің рөлі мен білім алу туралы мәселелерді зерттей отырып, Кант жаңа
логиканың — синтез логикасының қажеттілігі туралы ойға келеді.
Жаңа логиканың мәні логикалық фомалардың мазмұндық жағын зерттеу болып
табылады. Бірақ мұндай логика субъект шеңберінен шығып кетеді, яғни
трансценденттік логикаға айналады. Мұндай логиканың зерттеу аймағы
субъекттің объектке қатынасын зерттеу болып табылады, басқаша айтқавда
танушы субъекттің (адамның) қоршаған әлемге қатынасы болып табылады. Бұл
мақсатты логиканы таным теориясы мен синтездейтін жаңа философия ғана шеше
алады, ал ескі метафизика болса, ол логика мен таным теориясы арасындағы
байланысты керек етпейтін онтологияға баса көңіл бөлетін еді. Осылай Кант
адамның танымдық әрекеті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу
философияның мақсаты деп санады.
Егер ғылымның міндеті ақиқатты негіздеу, философияның міндеті ақиқатты
меңгеруге септігін тигізетін адамның танымдық әрекеті формаларын, жалпыға
тән шарттарды негіздеу болса, ал моральдың, эстетиканың және саясаттың
мақсатын анықтау мәселесі Канттың Практикалық ақыл-ой сыны (1788),
Пікірлесу қабілетіне сын (1790) еңбектерінде сөз болады. Кант моральдың
дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде негіздейді. Оны
негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас ойшылдармен
салыстырғандағы ерекшелігі сен тиіссің деген нақты нормадан шығуында
болды. Бұл норма абсолюттік міндет болып табылады, себебі ол тікелей
тәжірибеден туындамайды. Ол біздің ішкі дүниемізде непзі қаланған және
біздің моральдық еркімізге бағытталған. Канттың пікірін-ше, адам өзінщ
моральдық принциптерін тәжірибе жолымен тексере алмайды. Адам әрқашан да өз
қылықтары мен әрекет-терінде өзінің парыздық сезіміне сүйенеді. Сен
тиіссің деген императив өзге де трансценденталдық формалар — кеңістік, уа-
қыт, себептілік және т.б. сияқты біздщ санамызға сіңіп кеткен.
Кант бойынша мораль абсолютті және міндетті. Бұл жағдайды негіздеу
барысында Кант табиғи адам мен ақылды адам арасында айырмашылық жүргізе
отырып, субъектке сілтеме жасайды. Адам табиғи мақұлық ретінде ақыл
негізінде бекітілген заңдарға бағынады. Ал ақылды бола отырып адам заңдар
формасындағы абсолюттік моральдық міндеттерге бағынады. Бұл заңдар дербес
мақұлық ретінде өзі үшін ақыл-ой негізінде бекітіледі. Адам ақыл-оймен
қатар ерікке ие болғандықтан, этика ақылды мақұлық ретіндегі адамға
негізделеді.
Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық императиві
бар: Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе
жетекшілікке ала отырып әрекет ет. Канттың пікірінше, адам осы ұстанымға
сәйкес моральдық міндеткерлікті жалпыға тән маңызы бар деп түсінеді, ал
моральдық өлшемі осындай жағдайдағы әрбір адам үшін бұл ұстанымның әділдігі
болып табылады. Демек, бұл ұстаным әркім және барлығы үшін норма (қалып)
болып табылады, өйткені ол жасырын емес және дүрыс, жалпыға тән үлгілі
стандарт ретінде қызмет атқарады. Категориялық императив Канттың ойынша
априорлы сипат алады және өзіңді қоршаған адамдарға құрал ретінде емес,
өзіндік мақсат ретінде қарауға және қабыл-дауға бағдар беруі тиіс.
Барлығының бұл ұстанымға деген құрметі, оның жасырын еместігі мен дүрыстығы
адамзаттық қоғам үшін негіз бола алады.
Канттың философияны ғылымға айналдыруға тырысқан үмтылысы И.Фихтенің
шығармашылығында жалғасын тапты. Канттың нағыз ізбасары И.Фихте (1762—1814)
ұстазының ілімін ғылыми жүйс түрінде баяндауға тырысты. Фихтенің пікірінше,
кезкелген ғылым өзінің жетілген формасына келгенге дейін екі кезеңнен
өтеді: эмпирикалық және теориялық. Теориялық деңгейде таным үдерісінің
барлық формаларын жүйелі түрде қосу жолымен адамның танымдық қабілетін
ғылыми негіздеу жүзеге асады. Ғылыми жүйенің негізделуі МЕН=МЕН принципін
(өзін-өзі пайымдау акті) білдіреді. Философтың пікірінше өзін-өзі пайымдау
өзге нәрсеге сәйкестендіру жолымен мүмкін болады. Адамның танымдық
қабілетінің субстанциясы қиялдың іс-әрекеті болып табылады. Қиялдың өзі екі
сәттің байланысы: продуктивті және репродуктивті.
Фихтенің айтуынша, адам теориялық іс-әрекетте қиялдағы бейнелермен
еркін қимыл жасайды. Қиялдағы мұндай еркін құрылымдар кезкелген теориялық
ойлаудың негізі болып табылады. Қиялдың іс-әрекеті нәтижесінде бір жағынан
нақтылықпен байланыс орнатылады, екінші жағынан ол туралы біздің
біліміміздің шынайылығы қамтамасыз етіледі. Өзінің ғылыми ілімінің бастапқы
принциптерін негіздей отырып, И.Фихте мынадай маңызды жағдайға тоқталады:
таным үдерісінің өзі түбірленген сипатта болады және ол анықтаушы болып
табылады. Фихтенің түйіндеуінше адам жануарлармен салыстырғанда мәдениет
әлемінде өмір сүреді. Онда ол өзінің интеллектуалдық құралдарын, жалпылық
кепілін және біздің біліміміздің қажеттілігін таба алады. Мәдениет әлемі
адамның табиғатпен қатынасын және танымын түбірге отырғызып қана қоймай,
оның сезімі қалыптасуы мен дамуына жағдай жасап, танылатын заттардың мәнді,
қажетті және жалпылама сипаттамаларын айқындау қабілетін арттыруға
мүмкіндік береді.
Гегель (1770—1831) Кант пен Фихтенің ерекше дара идеяларын
шығармашылық тұрғыда танытуға тырысты, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды
негіздемекші болды, яғни Жаңа заман философтарының шығармашылық
жетістіктерін жалғастырды. Егер Кант трансценденталды алғышарттарды -
қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорияны
және априорлы субъект пен берілген себептілік принципін аштым және
негіздедім деп ойласа, Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады.
Кантпен салыстырғанда Гегель трансценденталды алғышарттарды тарих
құрастырады деп санады, өйткені ол Абсолюттік Идея дамуының
интерсубъективті үдерісі болып табылады. Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуын
Гегель өзінің Рух феноменологиясында (1807) түсіндіреді. Ол бойынша бұл
үдеріс екі деңгейде көрінеді: индивидтің санасы деңгейінде (сезімталдықтан
философиялық білімге дейінгі сана қозғалысында) және тарих деңгейінде
(антик дәуірінен Наполеон заманына дейін). Гегель әр түрлі формалар арқылы
өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді.
Абсолюттік Идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын
индивидтің қалыптасуы мен даму үдерісі ретінде қарастыруға болады және оның
барысында индивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, болмысының
негіздері шайқалады. Сананың өзгерісі үдерісінде Гегель гносеологиялық
теориялар мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда
қарастырады. Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы
өткелдерді сипаттай отырып, танымды қалай пайда болғаны түрғысынан
баяндайды. Сананың пайда болу жолын анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-
өзі тану күрделі диалектикалық үдеріс деген тоқтамға келеді. Ақиқат
өзгермейтін нәрсе емес және абсолюттік біліммен мәңгіге берілмейді, оған
таным үдерісінде жетуге болады және ол әрекетпен байланысты.
Гегель бойынша адам әлемі өлі, дайын, өзгермейтін және абсолюттік
заттар жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Адамды қоршаған нәрсенің бәрі - өзгертілген әлем, адам әрекеті барысында
қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Неміс классикалық философиясы
Канттың философиядағы таным мәселесі
И. Кант
Экзистенциализм философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Ортағасыр христиан философиясы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Антика мәдениетіндегі философия
Пәндер