ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ
М. Хайдеггер (1889—1976) XX ғасырдың аса ірі философтарының бірі.
Философия дамуының күрделі жолын сыни тұрғыдан пайымдай отырып, М.Хайдеггер
өзінің Болмыс және Уақыт еңбегінде адамның әлемнен бөлінуі техникалық
өркениетке тән деп сипаттайды. Техникалық өркениет адам мен әлемді бір-
біріне қарсы қояды, ал субъект пен объект бөлінісінің философиялық
негізделуі, сонымен қатар субъекттің объектіге белсенді ықпалы мен оны
бағындыруы Жаңа заманда жүзеге асты. Еуропалық нигилизм феноменін сынап
зерделей отырып, М.Хайдеггер болмыс тақырыбына оралып, адамның өз болмысын
өзекті мәселе ретінде қарастырады. Философтың ойынша адам осындағы - болмыс
болып табылады.
Адам өмірі көбіне мәнсіздікті сезінумен, жалғыздықпен, азап шегумен
байланысты. Олай болса, не нәрсе мәнді болып табылады?
Мәнді болып табылатын нәрсе — адамның нақты болмысы, уақыттағы болмыс.
Адамның өмір сүруі бүкіл бүтінді, әлемді өзіне қамтитын осы мүмкіндігін
жүзеге асырумен сипатталады. Демек, Болмыстың болмысы мәнді болып шығады,
ал оны ұғыну үшін тілге құлақ тұру қажет, тілдің өзін сөйлету керек. Тіл
арқылы әрбір адам өзін-өзі ашады, өзінен хабар береді, өзінің жағдайын,
көңіл-күйін білдіреді, ал сол арқылы өзінің әлемге деген, өзіне деген
қатынасын айқындайды. Ал бұл поэзиялық тілде мүмкін болады. Дәл осындай тіл
адамның жағдайын, көңіл-күйін, оның өзіндігін, ол қандай болса соған
сәйкестігін ашып көрсетеді. Поэзия әлемді, ондағы ахуалдандыру тәсілін
ашып, поэзиялық тілі арқасында адам өзінің кім екенін, мақсаты мен
тағдырын таба алады.
А.Камю (1913—1960) өзінің Сизиф туралы аңыз, Бунт көтеруші адам
еңбектерінде экзистенциалдық шарасыздық позициясын бөліседі. Ол құдайға
сенім жоғалған, барлық сүйеніштен айырылған бұл әлемдегі құндылықтар
қақтығысында өмір сүріп отырған адамның санасын таңдайды. Сүйеніш іздеудің
мәні жоқ екендігін ұққан, санасы жұлмаланған мұндай адам ендігі жерде тек
қана өзіне сенуі тиіс. Тек бір ғана нәрсе бар - адам өмірінің ашықтығы.
Ж.П.Сартр (1905—1980), адам өмірінің шектеулілігін, жалғыздығы мен
өткіншілігін, сонымен қатар оның еркіндігін атап көрсетеді, өйткені оны
шектейтін ешқандай объективті нормалар мен қағидалар жоқ. Адамның өз
еркіндігін сезінуі оның өмір сүруі үдерісінде жүзеге асады. Сартрдың
ойынша, адамның кім және қандай тұлға болуы оның шешіміне, тандауына
байланысты.
XX ғасырдағы батыс философиясындағы ең қуатты бағыттардың бірі ғылым
философиясы болды. Оның құрамында мынадай философиялық мектептер болды:
логикалық позитивизм, аналитикалық философия, сыншыл рационализм.
Логикалық позитивизмді кейбір батыс тарихшылары британ эмпиризмі мен
ағартушылық философиясы ретінде сипаттаса, кейбір зерттеушілер —
тоталитарлық және иррационалдық концепцияға қарсы реакция ретінде, ал
үшіншілері қазіргі ғылым мәселелерінің философиялық рефлексиясы ретінде
қарастырады.
Логикалық позитивистер (М.Шлик (1882-1936), О.Нейрат (1882-1945),
Р.Карнап (1891-1970)) тілдің логикалық құрылымы, білімнің негізделуі сияқты
мәселелермен айналысады. Логикалық позитивистердің пікірінше, грамматикалық
тұрғыда дұрыс құрылған және тәжірибе арқылы немесе гипотездік-дедуктивтік
тәсілге негізделген аналитикалық тұжырымдар мен апостериорлы синтетикалық
тұжырымдар ғана өмір сүреді. Мұндай тұжырымдарға логикадағы, математикадағы
тұжырымдар мен тәжірибеге және гипотездік-дедуктивтік тәсілге сүйенетін
кейбір ғылымдар тұжырымдары жатады. Теология мен классикалық метафизика
тұжырымдарын позитивистер эпитемологиялық тұрғыда мәні жоқ деп жариялайды.
Логикалық позитивизмнін, дамуы ғылым философиясының пайда болуына алып
келді. Ғылым философиясы ғылымды концептуалды талдау, формалданған тілдерді
талдау, логика мәселелерін зерттеумен айналысты.
К.Поппер (1902—1994) әрбір мезеттегі технологиялық мүмкіншіліктерге
байланысты болып келетін жалғыздылық талабына сезімділік критерийін қайта
қалыптастырды. Ғылыми жаңалық логикасы еңбегінде К.Поппер эмпирикалық
қондырғы туралы тезисін негіздейді. Бұл қондырғы бойынша білімнің өсуі үшін
айқын түйіндер мен ұсынылатын тұжырымдарды өте дәл эмпирикалық тексеру
қажет. Поппердің айтуынша, жалпы тұжырымдарды негіздеу үшін дедуктивті
тексеруге жүгіну қажет. Бұл үшін ұсынылған тұжырымнан туындайтын
эмпирикалық салдарлар тексеріледі. Бірақ бұл жерде біз жалпы тұжырымды
түйіндеу мәселесін оны негіздеу мен тексеру мәселесінен бөліп алуымыз
керек. Бұл жағдайда алынған айғақтық мәселелерді эмпирикалық ғылымдарға
жатқызамыз, ал жалпы мәселелерді зерттеу логикасы арқылы түсіндіреміз.
Зерттеу барысында дәлелденуі ең қиын деген болжамның тексеру тәсілдерін
тауып алуымыз керек. Егер гипотеза (болжам) мүндай тексеруден қалыпты өтсе,
онда оны дәлелденген деп қабылдауға болады, бірақ бұл нәтиже онан әрі
теріске шығарылуға, жалғандандырылуға дайын.
Өз позициясын К.Поппер сыншыл рационализм деп анықтайды. К.Поппердің
пікірінше, ғалымдар бірдемені үйрену үшін ашық және еркін рационалдық
пікірталас қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару
тәсілдерін табуға да, қарсыласы көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт.
Ашық пікірталаста ақылды орынды пайдалану — міне, осы рационализм болып
табылады. К.Поппер Ашық қоғам және оның жаулары кітабында Платон, Маркс
идеяларын догматизм ретінде сынап, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге
деген ұмтылыс жоқ деп санайды. К.Поппер ақиқатқа монополия жасауға қарсы
шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералдық позицияларын ұстанады.
К.Поппер өзінің Тарихилық жұтаңдығы деген тағы бір еңбегінде әлеуметтік
болжамдарға қарсы өзінің негізгі қағидаларын дәлелдеп, холистік
жорамалдарға талдау жасайды. К.Поппер бастапқы болжамдарға түзету енгізе
отырып, сал-дарларды зерттеу және оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы
арқылы болашақ туралы болжам жасауға болады деп санады. Оның ойынша, барлық
қоғам туралы болжам жасау және оны өзгерту мүмкін емес. Философтың
пікірінше нақты реформалар жүргізу барысында біздің жоспарларға түзету
енгізу мен тексерілген құралдар арқылы кезеңдерге бөліп өзгерістер жасауға
болады.
Теріске шығару туралы Поппер тезисін Т.Кун (1927—1996) өзінің ғылыми
қызметтің тарихи-ғылыми көзқарасы деген идеясы арқылы сынға алады.
Кунның анықтауынша, әлем картинасында оның мынадай маңызды
компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы және
ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша парадигма — бұл тексерілетін ғылыми
гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін
қолданылатын ұғым. Ғылымның қалыпты дамуы — бұл шынайылығы күмән
туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып, ғалымның проблемалармен жұмыс
істеу кезеңі. Ғылыми революция — бұл ғылыми зерттеулер барысында, оның
кейбір мәселелерін пайымдау нәтижесінде оның жалпы жиынтығын өзгерту
қажеттілігі туындайтын кезең. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту
Кунның сипаттамасы бойынша секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі же-
келеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады және бір парадигмадан
екіншісіне өтуге қатысы болмайды. Кунның айтуынша, әрбір парадигманың өз
ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе
бірнеше парадигмаларды салыстырғанда олар бір-біріне сәйкес келмейді.
Сонымен қатар пайда болған ғылыми революцияны бағалайтын және оны ғылыми
үдеріс ретінде аяқталған нәтижесі деп анықтайтын ешқандай да бейтарап
позиция жоқ. Мұндай -жағдайда ғылыми тұжырымның шынайылығы мен жалпы
маңыздылығы нақты бір парадигмаға бағынышты болады.
Парадигма әр түрлі түсіндірілуі мүмкін. Онтологиялық тұрғыдан алғанда,
ол өмір сүретін нәрсеге бағыттайды, методологиялық тұрғыда жақсы
зерттеу нормаларына сілтейді, педагогикалық тұрғыда әлеуметтендіру
мақсатында ғалымды оқытып-үйрету үлгісінің маңыздылығын көрсетеді, өйткені
оны белгілі бір ғылыми қауымдастыққа баулиды. Тәжірибенің осы типін өмірлік
даналыққа ие болу деп түсіндіруге болады. Бұл идея Л.Витгенштейн
(1889—1951) философиясында ерекше маңызға ие болған. Витгенштейн үшін аса
маңызды мәселе тілдік белгілер мәніне талдау жасау болып табылады. Әрбір
сөз немесе сөйлемді оқшаулағанда олардың жасырын мәні болады, ал белгілі
бір контекстке орналастырғанда олар нақты мәнге ие болады. Мән контекстке
бағынышты. Мұндай жағдайда сөйлемдердің де контекстке бағынышты көп түрлі
мәні болады. Демек, философтың міндеті тіл қолданудың нақты контекстін
іздеуде, кәдуілгі тілге талдау жасауда.
Витгенштейн Философиялық зерттеулер деген еңбегінде тілдік ойын
ретіндегі тіл идеясын дайындайды. Философтың пікірінше тілді қолдану мен
тілдің өзі белгілі бір тұтастықты құрайтын әр түрлі нақты лингвистикалық
контекстерді талдау қажет. Әрбір зерттелетін құбылыс тілдік ойынның белгілі
бір ұғымдарымен сипатталады. Ұғымдардың өзі тілдік ойын контекстінде ерекше
немесе бірнеше тілдік мәнге ие болады. Әр түрлі тілдердің лингвистикалық
көрінісі ерекше немесе бірнеше тілдік ойындар үшін жалпы болуы мүмкін.
Соңғы жағдайда оларды семьялық (үйелмендік) ұқсастық ретінде белгілеуге
болады. Осылайша, Л.Витгенштейн тілдік ойындар сипатын үйелмендік
ұқсастықтар көмегімен түсіндіре алады. Ғылым философиясымен салыстырғанда
психоанализ мектебі адамға философиялық талдау жасауға ерекше мән береді.
Психоанализ батысеуропалық философиялық мектептер ішіндегі ең ықпалды,
беделділерінің бірі. Көптеген зерттеушілер психоанализдің адамды
түсіндіруде жасаған төңкерісіне орай бұл мектеп жетістіктерін Дарвин,
Маркс, Эйнштейн сияқты ғұламалар жаңалықтарымен қатар қояды. З.Фрейд
(1856—1939) өзіне дейінгі және өзіне замандас ойшылдармен салыстырғанда ең
басты мәселе ретінде субъект өмірінің ментальды қырларын емес, оны тек кіші
бөлігі ретінде қарастыра отырып, бейсаналылыққа талдау жасауға баса мән
береді. З.Фрейдтің пікірінше, бейсаналылық адам индивидуалдылығының ядросы
болып табылады. Түс көруді жору деген еңбегінде ол бұл үдерістің
маңыздылығына алғаш рет мән беріп, түстің мәні бар және ұғынылмаған
құштарлық көрінісі деп санайды. Күнделік өмірдің психопатологиясы және
Психоанализге кіріспе деген еңбектерінде З.Фрейд ұмытылу, қате іс-
әрекет сияқты өзгертілген, анайы формаларында көрінетін бейсаналылықтың әр
түрлі формаларын талдайды және түсіндіреді. Жыныстық қатынас теориясы
туралы үш мақала (сексуалдық теориясы бойынша үш очерк) деген еңбегінде
З.Фрейд сексуалдылықты адамзат инстинкті мен жүріс-тұрысының фундаменті
ретінде қарастырған идеясын ұсынады. З.Фрейд Психоанализге кіріспесінде
бейсаналылық, жасырын саналылық және саналылық деп бөлінетін адам
менталдығы топографиясын алғаш рет жасап шығарады. Кейінірек бұл топография
Эго, жоғары эго және ид (анау) деген терминдерді енгізу арқылы
айқындала түсті.
Ләззат алу принципіне бағынатын ид менталдықтың ең ежелгі саласы болып
табылады. Бұл нақтылық принципіне бағынады және қажеттіліктерді қауіпсіз
тәсілмен өтеуді қамтамасыз ету — оның міндеті. Эго ығыстыру, идтің әсерінен
қорғанып, супер-эгоның көмегіне сүйенеді. Суперэго моральдық талаптарды,
әлеуметтік нормаларды өз бойына жинақтайды.
З.Фрейд Мәдениетке наразылық еңбегінде психоаналитикалық концепция
тұрғысында мәдениет пен өркениет мәселелерін сынай отырып, талдау жасайды.
Бүкіл мәдениет пен өркениет тарихын З.Фрейд Эрос және Танатос арасындағы
күрес тарихы ретінде сипаттайды. Егер мәдениет адамдарды қорғап, агрессия
қысымын басу үшін Эростың көмегіне сүйене отырып, индивидтер арасындағы
қатынасты реттесе, онда өркениет осы агрессияны өзгелерге қарай бағыттайды.
Егер Эрос адамды адамзаттылықпен, қоғаммен, үлтпен, тайпамен, отбасымен
біріктірсе, ал Танатос оны бұзады. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын
болжай отырып, З.Фрейд неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның
рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту
қажет деген ұсыныс айтады. З.Фрейдтің көптеген идеялары Адлердің, К.Юнгтің,
Э.Фроммның, Г.Маркузенің, сондай-ақ, біршама дәрежеде Ж.Дерриданың
көзқарастарына ықпалын тигізді.
Ж.Деррида (1930) Ницше мен Хайдеггер бастаған метафизиканы сынауды
жалғастыра отырып, Фрейдтің кейбір идеяларын дамыта отырып, бүкіл батыстық
ойлауды сынайды. Деррида мәтінді оқу барысында, оның ішіндегі жымдасып
кеткен қайшылықтарды ашу мен мәтін құрылымын мән-мағыналық тұрғыда тарату
үшін деконструкция принципін ойлап шығарды. Ж.Деррида центризм позициясын
сынау арқылы, мәтін мен жазуды қызмет ретінде түсіндіре отырып, оның өрісін
кеңейте түседі. Деррида маңызды еңбектері Өзіндік референция,
ерекшелендірумен жұмыс жасап, Өзгені ашумен сипатталады.
М.Фуко (1926-1984) индивидтегі автономдық бастаудың басымдылығы туралы
идеяны сынап, адамды әлеуметтік конструкция ретінде айқындайды. М.Фуко ез
зерттеулерінде мәдениет тарихындағы ессіздікке талдау жасап, билік пен
үстемдік құрылымдарын анықтаумен айналысады.
Р.Рорти(1931) өзінің Философия және табиғат айнасы еңбегінде субъект
деп ажыратылатын дәстүрлі ақиқатты ой мен зат арасындағы өзара бір жақты
қатынас ретінде түсіндіретін идеяны сынайды. Рорти контекстуализм
позициясын ұстанады. Философтың пікірінше констексте базистік құндылықтар
болады және ол пайдалылық дәрежесін анықтайды. Оның ойынша барлық нәрсе
контекстуалды және кездейсоқ, сондықтан ешқандай да қатаң универсалды және
қажетті пікірлер мен нормалар өмір сүрмейді. Қазіргі кезде Рорти
философиялық дистинкцияларды деконструкциялаумен айналысып, оларды
экстремалды мәнге дейін жеткізуде, мәтіндерді деконструкциялау барысында
өзіндік референциалдық қайшылықтарға жоламай, балама пікірлерге көбірек
дәлелдер келтіруге тырысады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ұ. Сыдықов Философия Алматы, 1994 ж.
2. Ә.Х. Тұрғынбаев Алматы, 2001 ж.
3. Т. Ғабитов Алматы, 2004 ж.
Жаңа заман философиясы
Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру)
үлкен ықпалын тигізді. Ренес0санс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик
мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты
құбылыстар орын алды. XVI—XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және
математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай
классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық
негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау
көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-
рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпириетер Локк және Юм,
трансценденталист Кант философия йен жаратылыстану арасындағы шекараны
демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі
мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр
— бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және
табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде
рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс,
Р.Декарт және т.б. жатады.
Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай прин-циптерін ұсынады:
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;
3) табиғаттан технологиялық үстемдік;
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз
етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін
философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді
тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік
идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын
жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан.
Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу
бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан
құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы
дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына
өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы
өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті
мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес
адамның өзі қозғайды — міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін
бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға
табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен
адам жаңа қоғам — аспанда емес, жерде жұмақ орната алады. Дәл осы Жаңа
заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында
парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі
объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің
стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны пайдаланудың жаңа
тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық
стратегияның нәтижесі болып табылады. Бэконнан Декартқа дейінгі, Локктан
Кантқа дейінгі Жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz