ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-Т‡РІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.д., профессор
________________ Қ.Ергөбек
Орындаған студент:
_________________ Шериева А.
Бекітемін СҚӘ-415 тобының
студенті
Кафедра меңгерушісі ________
ф.ғ.д., доцент С.Ергөбек
Хаттама № _____
_____ _____________ 2009 ж.
Түркістан 2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе (Жұмыстың жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І ТАРАУ
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы және поэма жанры
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-22
ІІ ТАРАУ
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасының тақырыптық, жанрлық және көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23-54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 55
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 56-
57
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
уақыт жағынан алғанда аз ғана жырдарды қамтиды. Шамамен, 1900-1920 жылдар
аралығы деуге болады. Әйтсе де, осы аз уақыт ішінде қазақ әдебиеті ақын-
жазушылары қатарының молаюы жағынан да, жанрлық өсу, көркемдік баю
тұрғысынан да кемелденген, жан-жақты байыған әдебиет, әдеби кезең болды.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет ХІХ ғасыр екінші жартысынан бастап,
жаңа идеялық, тақырыптық, көркемдік салада өсе бастаған ақындық поэзияның,
ағартушылық әдебиеттің заңды жалғасы болды. Сол себепті де, сол кезеңдегі
ағартушылық ой-идея ХХ ғасыр басында онан әрі ұласты. ХІХ ғасырда
шығармашылық еткен ұлы ағартушылар Шоқан, Ыбырай, Абай салған сара жол ХХ
ғасыр басында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Сералыұлы, Сұлтанмахмұт
Торайғырұлы секілді көптеген ағартушы ақын-жазушылар шығармашылығы арқылы
жалғастықта дамыды. Бұлар демократтық-ағартушылық, сыншыл-реалистік
бағыттағы ақындар болды. Олардың қатарын Мағжан Жұмабайұлы, Спандияр
Көбейұлы, Сәбит Дөнентайұлы, Тайыр Жомартбайұлы Ә. Тәңірбергенұлы т.б. деп
соза беруге болады. Олар қазақ халқын оқу оқуға, өнерге ұмтылуға шақырды.
Сол арқылы әлемдік өркениетке қол жеткізуге ұмтылды. Ел-жұртын өркениетті
елдер қатарына қосу үшін көркем әдебиетті құрал етіп, сол жолда әрі әдеби,
әрі қоғамдық қызмет етті. Әдеби, әдеби-публицистикалық шығармашылық етті.
Біршама мол ағартушылық бағыттағы әдеби мұра қалдырды.
Ұлы ағартушылар Ыбырай, Абай шығармаларының да кітап болып басылды.
Сол секілді М.Сералыұлының Топжарған, Гүкәшима, А.Байтұрсынұлының
Маса, Қырық мысал жинақтарының кітап болып басылуы сондай-ақ М.
Дулатұлының Бақытсыз Жамалы, С. Көбейұлының Қалың мал, Т.
Жомартбайұлының Қыз көрелік романдарының жариялануы қазақ әдебиетінің әрі
тақырыптық, әрі жанрлық көркемдік тұрғыдан өскендігін көрсетеді.
ХХ ғасыр басында ерекше көркейген жанрлардың бірі – поэма болды.
Әлбетте, жанр бастауы ретінде бүгінгі әдебиеттану ғылымында Абай поэмалары
аталады. Дегенмен, қазақ поэмасының бастауында тек ұлы Абай шығармашылығы
ғана емес, қазақ фольклорлық жырлары, тарихи жырлары, батырлық жырлары,
шығыс тақырыбындағы қазақ қисса-дастандары жатқаны анық. Шын мәніндегі
поэма жанры туындылары ретінде негізінен Абай поэмаларпы дәстүріндегі
ағартушы-демократ ақын-жазушылардың поэмалары айтылып келеді.
Мәселе бұл поэмалардың қазақтың орыс әдебиетіне, орыс әдебиеті арқылы
батыс әдебиеті үлгілерінде жаңа арнада жаратылуы еді. Осы тұрғыдан алғанда
алғанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жаңа жанрларын, оның ішінде
поэманы қарастыру қазақ әдебиетінің тарихы ғылымы үшін өзекті мәселе екені
анық.
Тақырыптың жаңалығы. Зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиетінің поэма жанры тақырыптық, жанрлық, түрлік тұрғыда, мазмұн мен
көркемдік тұрғыда арнайы қарастырылады. Кезең әдебиетінің поэма жанры сан
қырлы ерекшелігі туралы аналитикалық талдау жасау жұмыстың жаңалығы
саналады.
Тақырыптың теориялық, практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасыр
басындағы әдебиетінің поэма жанрының даму мәселелерін зерттеу арқылы ХХ
ғасыр басындағы әдебиет тарихы мен теориясына қосары бар деп білеміз.
Зерттеудің мақсат, міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – ХХ ғ.б.
қазақ әдебиетінің поэма жанрының даму ерекшеліктерін талдау. Осы мақсатқа
сай мынадай міндеттер көзделеді:
- Кезең әдебиетіндегі поэма жанрының тақырыптық ерекшеліктерін
анықтау;
- Кезең әдебиетіндегі поэма жанрының көркемдік тұрғыдан даму
ерекшеліктерін саралау.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тақырыптық және жанрлық
тұрғыда өсуі
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің күллі сипаты мен даму
зандылықтарының көріністері, өзіндік кемшілік-жетістіктеріне қарамастан,
қазақ топырағындағы ұлттық көркем сөз өнерінің табиғи болмысын танытады.
Жаратылысынан қазақ елінің мүддесін талғаған әдебиеттің даму жолы айқын
болатын. Заман ағымы өзгерді. Бірте-бірте әдебиет те кеңестік идеология
тезіне түсті. Әдебиет тарихында қазақ әдебиетінің әр кезеңінің, мерзім
жағынан қысқалығына қарамастан, өзіне тән заңдылықтары жан-жақты зерттеу
түсуді қажет етеді.
XX ғасырдың басындағы әдеби процесс біршама зерттеліп, түрлі сапалы
ғылыми еңбектер де, зерттеу, оқулықтар да жарық көрді. Сол қысқа мерзімді
тұстағы қазақ қаламгерлерінің шығармалары мен көзқарастары хақында әр қилы
бағалар беріліп келді. С.Мұқановтың XX ғасырдағы қазақ әдебиеті (1932
ж.), Б. Кенжебаевтың Қазақ халқының XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
(1958 ж.), XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (1956 ж., 1993 ж.),
Е.Ысмайыловтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1941ж.), Б. Шалабаевтың
Қазақ прозасының тарихы (1968 ж.), Ә.Дербісалиннің Казақтың Октябрь
алдындағы демократияшыл әдебиеті (1966 ж.), Т. Кәкішевтің Сын сапары
(1971 ж.), Қазақ әдебиеті сынының тарихы (1994 ж.), А. Нұрқатовтың
Абайдың ақындық дәстүрі (1966), Б. Ысқақовтың Қазақ-татар әдеби
байланысы (1976), XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең.
Хрестоматия (1983), З. Бисенғалиевтің XX ғасыр басындағы қазақ романы
(1997 ж.), Д. Қамзабекұлының Алаш және әдебиет (2002), т.б. монографиялық
кітаптар мен оқулықтарда бұл кезең әдебиеті әр қырынан қарастырылды. Қазақ
ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
ғалымдар ұжымы бастырып шығарған XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті
(1994 ж.), Қазақ әдебиетінің тарихы (II т. 2 кітап, 1965 ж.) сынды іргелі
еңбектерде де бұл тұстағы әдеби үрдіс ерекшелігі арнайы қозғалды.
Академиялық Қазақ әдебиетінің тарихы (II т. 2 кітап, 1965 ж.) басылымының
үлкен міні - осы XX ғасыр басындағы казақ әдебиетін егжей-тегжейлі саралап
бағалай алмады. Сол тұстағы саясаттың пәрменімен бірқатар жаңсақ
тұжырымдарға жол берді. Көптеген шығармалар мен ақындар, ағартушылар туралы
жеткілікті түрде сөз болмады, немесе мүлде ауызға алынбады. Енді бір
шығармалар, мысалы, М.Сералиннің Топжарған дастаны, қисынсыз мінелді [1,
17].
XX ғасыр басындағы қазақ ортасындағы ұлттық әдебиет тынысы осы тұста
жазба әдебиеттің білікті де білімді, дүниетанымы кең өрісті, әлемдік
әдебиеттін үздік үлгілерімен жақсы таныс, өз елінің өткені мен болашағы
жайлы заман ағымында толғанған ақындар мен жазушылардың қуатты толқыны,
кесек дарынды суреткерлердің шығармаларынан көрінді. Сол толқынның
белортасында Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектер тұрды. Осы аса
әлеуетті толқынның шығармалары арқылы қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа
кезеңі замана сөзін айтты. Қазақ өлеңінің мазмұны да, өрнегі мен рухы да
жаңа толғаммен шыға бастады. Оян, қазақ! сол ұлттық поэзияның жаңа
күніңің бөрілі байрағындай жұрт көңілін аударды да тұрды.
Жаңа дәуірде келе бастаған соны жанрлар туралы да осы кездегі әдебиет
туралы сөздерде пікір қозғалды. Әсіресе, роман жанрының сипаты, негізгі
белгілері жөніңде түрлі көзқарастар (Арысұлы. Роман не нәрсе?, Қазақ,
1914, №48, 31 каңтар; Талапкер. Роман жарысы туралы, Қазақ, 1914,
№56,57, 30 наурыз, 4 сәуір.) жарияланып тұрды. Сол тұста енді ғана бой
көрсете бастаған драмалық шығармалар туралы да пікір қозғалып тұрды.
Айқап журналының бірнеше санында жарияланған Манап драмасы туралы
баспасөзде С. Сейфуллин, М. Дулатов бастап пікір қосты.
С.Торайғыровтың Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан [2, 150] атты
мақаласы - әдеби сынның белесті үлгісі ретінде әдебиет тарихында өз орны
бар еңбек. Бұл мақалада жеке кітаптар туралы қысқа пікірлерден қазақ
өлеңінің даму үрдісіне сараптама жасауға ұмтылыс көрінді. Әдеби сынның
тынысы кеңігендігі байқалды. Шығармашылық үрдістегі тағы бір жаңашылдық
сипат ретінде ақын, жазушылардың ғылым, мәдениет, коғам дамуы жөніңде
күрделі проблемаларды түбегейлі шешуге құлшыныстарын атуға болар еді. Олар
мақала, пікір, ой қосу ыңғайындағы түрлі оқшау сөз, публицистика, көркем
әдеби шығарма шегінен шығып, сүйекті ғылыми талдауларға, күрделі оқулықтар
жазуға атсалысты. Ж.Аймауытовтың - психология, М.Жұмабаевтың педагогика
ауылындағы, әскери дәрігер Х.Досмұхамбетовтың ежелгі түркі жазбалары,
әдебиет тарихы жөніңдегі, белгілі бір мамандық салаларындағы ірі ғылыми
еңбектері, монографиялары - XX ғасыр басындағы қазақ білім беру саласындағы
ірі қадамдар. Мағжанның Педагогикасы сол кезеңдегі таза қазақ тілінде
ұғынықты, тілге жеңіл, санаға сергек тиетін, ғылыми негізді бірден бір оқу
құралы еді.
Әдебиет пен тіл өнері хақында ғылыми негіздемесі берік еңбектерін
жазған А.Байтұрсынов зерделі көзқарастарымен зерттеу ісін ғылыми жүйеге
түсірді. Ол - қазақ халқының рухани дүниесін жаңғыртып, ұлттың тарихи
санасын түлеткен дара да дана дарын.
Әдебиеттану саласындағы алғашқы іргелі зерттеуі - Қазақтың бас ақыны
Абай тұлғасының халықтық қасиетін ұлықтайды. Қастерлі ақындық құбылыстың
қыр-сырын саралап, эстетикалық тегін зерделеген ғылыми-зерттеушілік
көзқарасы Абайтану мектебінің іргетасына айналды. А.Байтұрсынов қаламынан
шыққан Жоқтау, Ер Сайын (1923 ж., Мәскеу) сынды зерттеу кітаптары -
ежелгі әдеби мұраларды ұлттық мүдде орайында танудың үздік үлгісі. Кітапта
жинақталып, талданған жиырма үш жоқтау, әсіресе, Қазыбек би мен Абылай
ханды, қазақтың асыл ұлдарын жоқтаған әдеби мұралар – еліміздің асыл
жәдігерлері. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би,
Алтыбас Шортанбай, Байтоқ, Сүгір, Мұрат, Шернияз, тағы басқа ондаған
тұлғалы жыраулар мен шешендік сөз зергерлері қазақтың Бас ғалымы
А.Байтұрсынов талдаулары арқылы тұңғыш рет кәсіби білікті әдеби зерттеу
нысанасына ілінді.
XX ғасырдың басындағы әдеби процестің жаңалығы әдебиет пен тілдің
тарихи әрі теориялық келелі мәселелеріне кеңінен қозғау салып,
әдебиеттанудың одан әрі қалыптасып дамуына жол ашуы болды. Әдебиет тарихы
мен теориясына қатысты көзқарастар жоталанып көрінді. Шығыс пен батыс
әдебиетін жақсы білетін, қазақ әдебиетінің мұралары мен дәстүрін жете
таныған білімді қалам иелері шықты. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
С.Ғаббасов, Ә.Ғалымов, С.Дөнентаев, М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кәшімов,
М.Ж.Көпеев, Ғ.Қарашев, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин, М.Сералин,
С.Торайғыров, т.б. көптеген алаш зиялылары ел және жер мәселесімен бірге
әдебиет пен мәдениет жайлы ойларында мақалалары мен хабарларында Айқап,
Қазақ секілді баспасөз беттерінде ортаға салып отырды. Жарық көрген
кітаптардың деніңде кездесетін соңғы сөз, алғы сөз, түсіндірмелер де -
әдебиеттану мен сынның көрінісі. Ондай мақала, сөздер жинақтар мен
кітаптарға да батыл қосыла түсті. Мысалы, Семейдің Жәрдем баспасынан
жарық көрген Шын мақсұттар кітабына шығарып, таратушы Баймұхаммед
Айтқожаұлы Ескі ақындар, Абай қандай? деген тараулар қосқан. Бұл
тұстағы әдебиеттану мен әдеби сын енбектерінің әлі де қарастырылып,
талданбаған, ғылыми айналымға қосылмаған тақырыптары мол. Олар XX ғасыр
басындағы он бес—жиырма жыл аумағындағы әдеби процестің кең тынысын, ұлттық
кенеулі сипаттарын танытады.
Халық поэзиясы деген жалпы ұғыммен кеңінен мәлім ұлттық өлең өнерінің
ұзақ көркемдік-эстетикалық тәжірибесінің барша нәрі мен сөлін, түрлі
ерекшеліктері мен мазмұн және түр үлгілерін сіңіре жинақтаған ұлы
әдебиеттің жиырмасыншы ғасырда да көкжиегін кеңейте дамығандығы белгілі.
Кітап бастыру ілгеріледі, баспа, баспасөз ісі өрістей түсті дегенмен, қазақ
даласындағы халық эдебиетінің дәстүрлі тынысы өз ырғағынан жаңылған жоқ.
Халық поэзиясы барлық қуат, мүмкіндігімен ел жүрегіне жол тауып отырды. Оны
жиырмасыншы ғасыр басындағы тарихи аумалы-төкпелі оқиғалар тұсындағы халық
поэзиясы үлгілерінен де анық байқауға болады. Халық поэзиясы
майталмандарының көп екендігін, ел ішіндегі сөз ұстаған, өлең қуған ірілі-
ұсақты халықтық таланттардың одан да көп екендігін ескерсек, ұлы көркем сөз
өнерінің ұлттық қасиетінің кемелдігін айқын сезіне түсеміз.
Жаңа реалистік әдебиеттің, ағартушылық-халықтық бағыттағы әдебиеттің
ерекшеліктері мен жаңашылдық сипаты XX ғасыр басындағы шығармалар мен әдеби
басылымдарда айырықша көзге түседі. Бұл тұстағы әдебиеттің даму
заңдылықтарынан байқалған негізгі екі бағытты бөле-жара айтқан жөн.
Біріншіден, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде берік тамыр
жайған, өзіндік орны бар Шығыс әдебиетінің тегеурінді әсері мен дәстүрлі
терең іздері, діни сипатты әдебиеттің таралуы өзінің белгілі бір биігіне
жеткендей. Кітаби ақындар деп аталған қарқынды бағыттың өзіндік беті
айқындалды да, жаңа әдеби процесте өзіндік орын, жөн-жосығымен бейтарап
қалып танытты. Енді әдебиеттің даму үрдісі, бағыты, басты-басты
қайраткерлерінің ой-назары батыс, орыс мәдениетінің, жаңа заманның ғылым
жаңалықтарына ден қойған таным дүниесіне ауа түскендей еді. М.Жұмабаевтың
өзі мақалалары мен аударма, оқулықтарында, оку ісі туралы еңбектерінде
ғылым дүниесіне негізделген білімге, Еуропа мәдениетіне ден қоятын
көзқарасын ашық жазды. Бұл, Мұхтар Әуезовтың Мағжанды сүйемін,
Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы
ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы
жарасқан арқа қызын көріп сезінгендей боламын, Мағжан - культурасы зор
ақын [3, 407], - дейтін.
Дүниетаным мен руханият дүниесіндегі бұл бағыттың тууы, белең алуы
даму заңдылығы болатын. Сол тұстағы қазақ оқығандары мен ұлтшыл
қайраткерлері, зиялы қауымның тұлғалы өкілдері түгелге жуық еуропаша білім
алып, Ресейдің кәсіби білім орталықтарында оқығандар еді. Олра ғасыр
басындағы саяси тіршілікке де белсене араласты. Алашорданың батысында да,
шығысында да ой тізгінін солар қолға алды
Дамудың осындай сәттерінде әдебиеттің жаңа бітімі түзілді, көркем
публицистика белең алды, азаматтық үнді ұлттық көркем сөздің мүше-мүшесі
дараланып, мүсінделе түсті. Бұл - екінші бағыт. Бағыттың сипаты ең алдымен
халықка ежелден жақын өнер саналатын өлең, жырда барынша айқын көрінді.
Жыраулық поэзия одан әрі жалғасын тауып, түрлене дамыса да, заман тынысына
лайықты, уақыттың өзі әкелген жаңа дәуір поэзиясы тез буын бекітті. Көтеш,
Шал ақын шығармашылығынан бедерленіп басталған ақындық поэзия Абай
дәстүрімен бір биік белеске шықты да, одан әрі біржолата мектеп
қальштастырды. Яғни, осы тұста ақындық жаңа мектеп біржолата қалыптасып
үлгерді. Соған орай поэзия жанрының бітімі де, мазмұны да жаңғырды.
Поэтикалық күрделі өзгеріске түсті. Бір жағынан жыраулық поэзияның өзекті
өрнектерін, көркемдік сөз зерін дамыта жалғастырса, екінші жағынан жаңа
дәуір танымынан туған соны сипаттарды әкелді. Еуропа, орыс әдебиетінің
көркемдік әсері көбірек көзге шалынды. Сөйтіп, батыс пен шығысты тел емген
қазақ поэзиясы, өзінің ұлттық болмысын, тілдік нәрін де сақтай отырып,
әлемдік поэзия белдеулеріне жол тартқандай еді.
Абай дәстүрі, Абай мектебі казақ ақындарына бағдар шамдай көрінді.
Акад. З.Ахметовтың Поэзия шыңы - даналық. Абайдың ақындық әлемі
кітаптары Абай дәстүрінің осынау бастау арналарын теориялық тұрғыдан
тереңнен түйіндеп тұжырымдап берді. Ғалым Абай дәстүрін жалғастырған,
өрістеткен әдебиетшілер қатарында қазақтың аса ірі тұлғалары Шәкәрім,
Сұлтанмахмұт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов
шығармашылығына ой жүгіртіп, талдау арқылы қазақ әдебиетінің тарихындағы
реформаторлық ақындық мектептің табиғатын ашып көрсетіп берді. Сөйтіп, ақын
даналығынын ұлттық өзегін бекітеді, дәстүр жолының қуатты тасқынын
аңғартады. Абай даналығы туралы сан тарау ой-пікірлердің қай-қайсысын да
онын ақындық өнерінен, ақындық шеберлігінен өрбіте сөйлейді [4].
XX ғасыр басындағы әдебиетте елеулі еңбектерін жариялап, мәдениеттің
дамуына айтулы үлес қосқан ақын Ғұмар Қараш өмірі мен қызметі ұзақ уақыт
бойы жете бағаланбай, аталса да жеткілікті деңгейде сараланбай келген
таланттардың қатарынан саналады. Ол он-он бес жылдың ішінде қазақ
әдебиетінің тарихынан күні бүгінге дейін ерекше бағалы орын алатын қазақ
ақындарының екі жыр жинағын, өзінің бес өлеңдер кітабын, бірнеше зерттеу,
публицистикалық еңбектерін жариялатып үлгірді. Бөкейліктен деген лақап
атпен ел аузындағы әдеби туындылардан құрастырып, жариялатқан Шайыр, яки
қазақ ақындарының басты жырлары (1910) және Көксілдер (1910) жинақтары
әдеби мұралардың асыл көмбесі іспетті. Бұл жинақ сөздерін тереңірек талдап,
поэтика тарихы тұрғысынан зерттеу әлі де көптеген көркемдік таным
мәселелерін танып-білуге мұрындық болады деп ойлаймыз. Сонымен бірге Ғ.
Қараштың Бала тұлпар (1911), Қарлығаш (1911), Тумыш (1911), Аға
тұлпар (1914), Тұрымтай (1918) атты іркес-тіркес жарық көрген бес бірдей
өлеңдер кітабы автордың шабытты жылдарын меңзесе, өлендерінің тақырыбы,
өрнегі, поэтикасы жаңа дәуір әдебиетінің тынысына ұштасып жатты. Алаш
саясатына зор үмітпен қарап, жүрекжарды жырларын арнаған ақындармен қатар
(Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, т.б.) Ғұмар
Қараш та Алаштың азаматтарына арнап аңсарлы жырларын жариялатты. Азаматтық,
философиялық толғамдарға бай өлеңдері көбінесе ағартушылық, ұлт азаттық
тақырыптарына арналды.
Кейін XX ғасыр әдебиетінің басты тұлғалы қаламгерлері болған талантты
тұлғаларының бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің осы тұста 1907 жылы үш бірдей
жинағы (Қазан, Хал-ахуал, Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір
тамашамыз, Сарыарқа кімдікі екендікі) оқырмандар қолына тиді. Бостандық
туралы ашық көзқарастары, ақынның 1905 жылғы орыс революциясы әсерімен
айтқан пікірлері үшін үш кітапты шығарған баспаға он екі мың сом ақшалай
айып салынды. 1915 жылы С. Дөнентаевтың Уфада Уақ-түйек деген атпен
тұңғыш жинағы шықты. Сәкен Сейфуллиннің Өткен күндер (1914), Мағжан
Жұмабаевтың Шолпан (1912), Нұржан Наушабаевтың Алаш (1910), Міржақып
Дулатовтың Оян, қазақ! (1909), Бекет Өтетілеуовтің Жиған-терген (1914)
жинақтары, тағы басқа жоғарыда аталған кітаптар осы тұстағы әдебиет тынысы
мен бағытының барынша көрінісі іспетті.
Небәрі жиырма жеті жыл ғана ғұмыр кешіп, шығармашылықка шындап ден
қойған оншақты жылдың ішінде орасан зор маңызды көркем әдеби мұра қалдырған
С. Торайғыровтың осы кезеңдегі туындылары өмірінің өзінше бір белесін
білдіреді. Ақынның алғашқы тырнақалды кітабы өзі көз жұмғаннан кейін, 1922
жылы ғана жарық көрді. Оған дейін шығармалары мерзімді баспасөз беттерінде,
ел аузында таралды. Түсімде (Айқап, 1913, №1), Бұлар кім?, Қымыз,
Итаршыға (Айқап, 1913, №9; №18, №20), Шәкірт ойы, Жас жүрек
(Сарыарқа газеті, 1917, №19; №15), Неге жасаймын (Абай журналы,
1918, №3), Алты аяқ (Айқап, 1915, №3), т.б. өлеңдері мен мақала,
толғаулары жарық көрді. Қазақ газетінің шығуына қуанып, құттықтаған
Міне, алақай! өлеңі (Қазақ, 1913, №4) ақынның азаматтық көзқарасын
айқын жеткізген шығармасы еді. Қараңғы түнек түнде еді, қара қазақ баласы
деп, жиырмасыншы ғасыр басында айы туып, күні туып жарық көрді
алашы! деп, алғы күнге үміт арта сөйлейді. Сұлтанмахмұт қаламынан шыққан
Алаш ұраны (1917) ұлттық-азаттық идеясының ашық үніндей естілді. Жалпы,
ақынның бүкіл шығармалары негізінен XX ғасырдың басындағы жиырма жыл ішінде
жазылды да, сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің ахуалын, мүкіндіктері мен бағыт-
бағдарын айқын танытты. Адасқан өмір казақ әдебиетіндегі поэма жанрының
өшпес рухты үлгілерінің қатарына қосылды. Кедей поэмасы да аса бір зерлі,
көркем әрі тарихи мәнді шығарма. Өлеңмен жазылған тұңғыш роман Қамар
сұлу - реалистік қазақ әдебиетінің көш басындағы ірі шығармашылық
құбылыстардың бірі. Ақынның шығармашылық өмірінің айтулы үш кезеңін (1907-
1911 жылдарды қамтитын шәкірттік өлеңдері, 1912-1913 жылдағы Айқапта
қызмет істеп жүрген тұстағы өлеңдері, 1917-1918 жылдардағы Семейдегі
шығармашылық тағдыры) бөле-жара қарастырған акад. С.Қирабаев ақын табиғатын
лапылдап тұрған ақындық мінездің қайсарлық пен табандылыққа ұласуын
көреміз [5, 6],- деп сипаттайды. С.Торайғыров ақындығы жаңа қазақ өлеңінің
жарқын беттеріне айналды, жігерлі, әсерлі, мұңлы да сазды азаматтық
поэзиясы өзгеше бітімді, келісті кестелі зерімен санаға тез жетіп отырды.
Бірқатар өлеңдері Абай мақамының өрнектерін қайталай жаңғыртса, енді
бірқатар өлеңдері көзі көрген аласапыран заманның суреттерін қаз-қалпында
түсіріп отырғандай. Сарыарқаның жаңбыры - 1917 жылғы қазақ өмірін
тереңнен ақтара жеткізген, психологиялық жарыстыра баламалауды шебер
колданған шығарма.
Көп уақыт жаңбыр көрмей қурап, күйіп,
Жоқ еді Сарыарқада көрер сиық.
Сол қатарда шөлдеген жан-жануар,
Аузына тұра алмаған тілі сиып.
Айналған Сарыарқамен қоштасуға,
Бір жаңбыр жібермесе Құдай иіп, -деп басталатын өлең үмітке, арманға
толы, ақын Сарыарқаның жанбырын бостандықтың лебіндей сезінеді.
Көрсетсін қара шекпен еккен ісін,
Қиналып жан аямай жеккен күшін,- деп басталатын небәрі алты тармақтық
Итаршыға өлеңінде де уақыт бедері қалың түскен.
С.Торайғыров 1) Қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш роман жазушылардың
бірі болды [6, 136]; тұңғыш рет өлеңмен роман жазды; 2) қазақ әдебиетінде
сюжетсіз, философиялық-лирикалық поэма жанрын туғызды; 3) қазақ әдебиетінде
шын мағынасындағы публицистика жанрын жазушылардың бірі болды . Бұл
ақындық ғұмыры XX ғасыр басындағы он-он бес жылға сәйкес келе қалған С.
Торайғыровтың (1893-1920) жомарт та қайсар талантының жемісіне берілген
әділ тұжырым.
XX ғасырдың басындағы әдебиеттің белбаласы Бернияз Күлеев (1899-1923
ж.ж.) - өзіндік дара бітімді суреткерлігімен қоса, қазақ өлеңінің тарихында
Абай ақындық мектебінің жарқ еткен жаңа жас өркені ретінде қалатын ақын.
Жиырма беске де жетер-жетпесте қайғылы қазаға ұшыраған, үзілген үміттің
тұзағына ілініп, ақындық жүректің дертті күйігіне күйіп кеткен Бернияздың
өлең тынысында, сөз орамдары мен ырғақ-бунақтарында Абай поэзиясының
адастырмас пернелерінің мақамы сөйлеп тұр. Абайдың өлең өрнегіне
(Бостандық күніңде), сөз сынына (Жырла да зарла, көңілім...) барынша
жақындап барған, уақыт тынысына сай рухы жаңа, дәстүрі берік тарпаң да
балаң шабыт иесі сол тұста осы Бернияз Күлеев болды. Ол өз заманының сөзін
айта алды және Абай сынды ұлы тұлғаның мектебін одан әрі бекітіп,
жаңғыртты.
Поэма жанры дамыды. М. Сералиннің реалистік, романтикалық сипаттағы
Топжарған (1898 жылы жазылып, 1900 жылы жеке кітап болып жарияланған),
Гүлһашима (1901 жылы жазылып, 1903 жылы жеке кітап болып жаряланған)
поэмалары, С.Торайғыровтың азаматтық рухы күшті, реалистік сарыны басым
Таныстыру (1918), Адасқан өмір (1918), Кедей (1919), толық
сақталмаған Қайғы (1919), аяқталмаған Айтыс... (1919) поэмалары,
Ығылман Шөрековтың тарихи-реалистік суретке толы, жыр сипатты Исатай-
Махамбет (кейін, 1924 жылы Сәуле журналының №4 санында жарық көрді)
поэмасы, Шәді Жәңгіровтың Шығыс саздарын одан әрі терендете нәзирәшылдықты
жалғастырған Назым чәһар дәруіш (1913), орыс-қазақ тарихи катынастарының
шынайы шежіресіне негізделген Ресей патшалығында Романов нәсіліне
хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан
бері қарай қазақ халқының ахуалы (1912) дастандары және тағы басқа
туындылар эпикалық жанрдағы алуан қырлы поэтикалық ерекшеліктердің мейлінше
кенеулене түскендігін байқатты. Поэма жанрының реалистік, тарихи,
азаматтық, философиялық сипаты, ұлттық рухы айқындалып, күшейді. Ақындар
уақыт тынысына, күнделікті қоғамдық оқиғаларға жедел үн қосып, ой толғау
арқылы да өлеңнің өміршеңдік нышандарын еселеп жібергендей еді. Азаматтық,
публицистикалық сарын сөз зергерлігімеи ұласты. Өлеңнің әдеттегі ырғақ,
буын, бітімі жедел түлеп, түрлі түрлік өзгеріске ұшырап жатты.
Жарық күн туды,
Жер жүзін жуды,
Көктен нұрлар төгіліп.
Ежелгі, ескі, Ортадан кетті,
Етек-жеңі сөгіліп.
(Бернияз Кулеев, Бостандық күніңде).
Иесі болса дағы алтын тақтың,
Көнеді бенде ісіне жалғыз хақтың.
Тағдырға мойын сұнып, елден безіп,
Мен жүрмін ортасында бөген-жаттың.
Сары қазы, сары қымыз тамағы боп,
Жүргенде жастары біздің жақтың,
Өлшеулі ет, қара шайды тамақ қылып,
Өткізіп жүрмін уақытын жастық шақтың.
* * *
Я, Алла! Жеткізе гөр мұратыма,
Рақаты бар деуші еді михнаттың.
(Сәкен Сейфуллин, Қазақ саяғы)
[7, 226],
Қарасаң сонда қазақ арасына,
Ойнаған жалаң аяқ баласына,
Кетеді іш елжіреп, жанып, күйіп,
Көнілдің тұз сепкендей жарасына.
(Мағжан Жұмабаев, Күз күні).
Бұл өлеңдер мазмұны жағынан дәл сол уақыт тақырыбындағы туындылар
болса, поэтикалық беті, үлгісі, бітімі тұрғысынан бұрынғы жыраулар сөзінен
іргесін бөліп, оқшаулана түскендігі білінеді. Қысқа өлеңнің, азаматтық,
саяси лириканың небір ұтымды үлгілері, махаббат лирикасының дара нұсқалары
да ақындар сөзін нұрландырып, мағынасын тереңдетіп әкеткені де уақыт
ерекшелігі деген орынды. Түрлік, пішіндік ізденістер, күрделі метафоралар,
азаматтық көзқарастың айқындығы сол тұстағы қазақ поэзиясын әдеттегі жыр,
толғаулардан оқшауландырып тұрды. Өлеңдеп әлеуметтік драма, тартыс желісі
ширай берді. Оқиғалы өлеңдер, философиялық ойға құрылған өлеңдер, қысқа
сюжетті, сюжетсіз поэмалар пайда болды. Осының барлығы да қазақ өлеңінің
қысқа мерзім ішіндегі трансформациялық түлеулерін, даму жолын көрсетеді. XX
ғасыр басында ақындық өнер, соны тынысты әлеуметтік поэзия алдыңғы лекке
шықты да, ағартушылық, насихатшылық, халықшылдық сипатын одан әрі
тереңдетті. Алашшыл ақындар үні басым естіле түсті. Ғасыр табалдырығында
Абай негізін қалаған реалистік поэзия одан әрі тармақталып, даму бағытына
бет бұрды. Поэзиялық туындылардың мазмұны байыды, түрі құбылды, ұлттық
қасиеті таралып аршылды.
Дәстүрлі халықтық әдебиет те уақыт сынына сай түлеп толысып, өзінің
өзекті сипаттары мен қасиеттерін одам әрі жалғастырды. Халықтың тұрмыс-салт
заңдылықтарымен біте қайнасып кірігіп кеткен әнші ақындар өнері, сал-
серілік мәдениет, фольклор сөз өнерінің ежелден мәлім түрлі желілері XX
ғасырда да заңды жалғасын тапты. Одан әрі дамыды. Дәстүрлі әдебиет өкілдері
мен жанашырлары жүздеп, мыңдап саналады. Өйткені дәстүрлі сөз өнері шынында
да халықтық сипатын жоғалтпай, ел тұрмысына етене араласып, сіңісіп кеткен-
ді. Бесік жырынан бастап от басында, орда төрінде бірдей айтыла беретін
әншілік жаңа XX ғасырға да тән еді. XX ғасыр басындағы әншілік, сал-серілік
әдебиет нұсқаларының өзгеше нәші мен өкпесі қысылған тағдырын Үкілі Ыбырай
Сандыбайұлы (1856-1932), Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1929), Балуан Шолақ
Баймырзин (1864-1919), Әсет Найманбаев (1867-1922) өмірінен көреміз. XX
ғасыр басында бұл қатардағы кемеліне келген, халықтың мерейіне бөлеңген
шынайы ірі таланттар көркем сөз өнерінің аруағын асырып тұрды. Әншілік
өнермен ұштаскан жаңа ақындық мектептің ең бір бітімді үздік үлгілері де
осындай ірі тұлғалар шеберлігінен туындайды.
Ішім түтін болғанда, құр сыртым сау,
Маған деген көз жасым жаңбыр боп жау.
Бүркіт салып шығайын басыңа бір,
Көрінсеңші көзіме, Ерейментау!
деген Иманжүсіп сөзі - күллі қазақтың көз жасын мөлтілдеткен трагедиялы
лирика. Түрменің қара наны балдай болды дейтін де сол Иманжүсіп. Әр сөзі,
әр қайырымы аласапыран заманның көз жасына суарылған, уақыт шындығының
суретін бедерлеп түсірген бұл ән мәтіндері - сөз өнерінің інжу-маржандары.
Балуан Шолақтың:
Көкшетау, мен қайтейін биігіңді,
Баурыңда бейғам өстім киігіңдей.
Дұшпаннан қысым көріп, үйден безіп,
Басамын қайда барып күйігімді?! –
дегендегі ой мен сөз кестесі де XX ғасыр белесіндегі қазақ өлеңінің өр
биігін жақсы аңғартса керек. Бұл сипатты дарындар әншілік, сал-серілік
секілді кірпияз өр мінез өнерді тұрмыс-көңіл күй саздарынан әлдеқайда
биіктетіп әкетіп, замана трагедиясын ашуға, адамзат тағдырын айшықтауға
дейін аскақтатқан ұлы суреткерлер еді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті қозғаған тақырыптары, көтерген
мәселелері және жанрлық тұрғысынан да көп өсті. Осы кезеңде едәуір дамыған
жанрдың бірі – поэма. Поэма – көркем әдебиеттегі басты жанрлардың бірі.
Қазақ әдебиетінің тарихына көз жүгіртсек, оның даму кезеңдерінің әр тұсында
да поэманың өзге ірі жанрларымен қатар іргелі де маңызды орын алып келе
жатқанын көру қиын емес.
Қазақ әдебиетіндегі поэманың алғашқы түрлері ертедегі көне
фольклордан-ақ бой көрсете бастағаны мәлім. Алпамыс, Қамбар,
Қобыланды, Ер Тарғын секілді батырлық жырлар, Қозы Көрпеш-Баян сұлу,
Қыз Жібек, Айман-Шолпан сияқты ғашықтық жырлар, сондай-ақ тарихи
жырлар, қисса-дастан, хикаялар қазақ топырағындағы бұл жанрдың әр қилы
салалары еді. Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин секілді халық ақындарының
қазан төңкерісінен бұрынғы эпикалық жырларды сол фольклор үлгісіндегі қазақ
поэмаларының өзіндік бір түрлері болатын.
Қазақтың жазба әдебиетіндегі алғашқы поэмалар ХІХ ғасырдың екінші
жартысында пайда бола бастады. Әрине, ол поэмалар қазақтың фольклорындағы
эпостық, лиро-эпостық жырлардың негізінде, орыс-шығыс халықтарының
классикалық әдебиеттерінің тікелей ықпалымен жазылғаны аян. Қазақ жазба
әдебиетінің негізін қалаушы А.Құнанбаевтың Ескендір, Масғұт поэмаларын
қазақ әдебиетіндегі осы жанрдың алғашқы нұсқалары дейтін болсақ, бұл
туындыларда шығыстық классикалық әдебиеттің әсері басым. Сонымен қатар, бұл
поэмаларда қазақтың төл фольклорының сарыны да бар. Өзінің өлеңдеріндегі
гуманистік идеяны Абай поэмаларына идеялық қазық етіп алған. Оқиғасы,
кейіпкерлері қазақ тіршілігінен алынбаса да, ақын сол оқиға, кейіпкерлерді
қазақтың өміріне жанастыра суреттеп берді. Өз тұсындағы қауым тағылым
аларлықтай ірі әлеуметтік, гуманистік идеяларды поэмаларымен әсерлі түрде
уағыздап отырды [8, 3-4].
А.Құнанбаевтың балалары Ақылбайдың Дағыстан, Зұлыс, Мағауияның
Медғат-Қасым поэмалары романтикалық сарында жазылған еді. Үлкен
адамгершілікті, биік арманды идеялық нысана етіп ұстау жағынан бұл поэмалар
Абай шығармаларымен сабақтас. Бұл шығармаларда қазақ фольклорының әсері
болғанымен, бұл поэмаларға, негізінен, батыс әдебиеті мен орыс
әдебиетіндегі романтикалық шығармалардың ықпалы басым болғаны көрінеді.
Қазақ халқының өз тіршілігін тікелей бейнелейтін поэмалар ХХ ғасырдың
басында жарық көре бастады. Бұл ретте М.Сералиннің Гүлкәшима,
Топжарған, С.Торайғыровтың Кедей, Адасқан өмір, секілді поэмаларын
атауға болады. Әсіресе С.Торайғыров поэмалары сол тұстағы қазақ қоғамындағы
көкейкесті әлеуметтік мәселелерді айқын да өткір бейнелеуімен дараланады.
С.Торайғыровтың аталған туындыларын қазақ әдебиетіндегі реалистік
поэмалардың басы деуге болады.
Қазақтың қазан төңкерісіне дейінгі жазба әдебиетіндегі бұл поэмалар
осы жанрдың алғашқы нұсқалары еді. Жанрдың әдебиеттен іргелі орын алып
қалыптасуы, қаулап өсуі кеңес дәуірінің әдебиеті үлесіне тиді. С.Мұқанов
[9, 253], Е.Ысмайылов [10, 81], Т.Нұртазин [11, 94] өздерінің еңбектерінде
қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының шын мәнінде қанат жаюы кеңес дәуірі
жылдарында болғанын айтады.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ әдебиетінде шығыс немесе халықтың аңыз
әңгімесі негізінде жазылған поэмалары ғана болды. Қиссашыл ақындардың
Мұңлық-Зарлық, Шәкір-Шәкірат, Алтын балық сияқты дастандарын былай
қойғанның өзінде Абайдың немес оның дәстүріндегі ақындардың жазған
Масғұт, Ескендір, Дағыстан, Еңлік-Кебек сияқты поэмалары жаңа
европалық поэманың үлгісіне толық көшіп болмаған еді, түп негізі шығыстың
дастандық поэзияларының үлгісінде жатыр. Демек, шын мәніндегі, яғни орыстың
және дүниежүзілік классикалық поэзияның үлгісіндегі сюжетті поэмалар жасау
қазақ кеңес ақындарының шығармашылық тәжірибесінде шешілді [12, 81-б].
Қазақ әдебиеттану ғылымында едәуір зерттеліп жүрген жанрдың бірі –
поэма жанры. Қазақ поэмаларын арнайы зерттеген біршама ғылыми зерттеу
еңбектері бар. Солардың бірі – Ш.Әлібековтің Қазақтың революцияға дейінгі
сюжетті поэмаларының даму жолдары [13] атты зерттеуі. Бұл еңбекте қазан
төкерісіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі қисса, дастан және Абайдың, Ақылбай
және Мағауия Абайұлының, М.Сералин мен С.Торайғыровтың поэмалары ғылыми
тұрғыдан тексеріліп, ол поэмалардың ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы
әдебиеттен алатын орны белгіленді. Ғалымның бұл еңбегінде қазан төңкерісіне
дейінгі қазақ поэмаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері жан-жақты сөз
болды. Сол секілді ғалым Н.Карбанованың кеңес дәуіріндегі қазақ поэмасының
белгілі бір кезеңінің нақтылы бір мәселелеріне арналған жұмысында 50-
жылдардағы қазақ поэмаларындағы тарихи қайраткерлердің көркем бейнесінің
сомдалуы проблемалық мәселесін қозғайды [14, 6-б].
Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің поэма жанрының дамуы мәселелерінде ғылыми
зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізген ғалымдардың бірі - Ә.Нарымбетов.
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасының дамуына мол үлес қосқан
қаламгерлеріміздің бірі – ақын-жазушы, аудармашы Шәкәрім Құдайберді еді. Ол
қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі мен тақырыптарын сәтті жалғастырушы,
дамыта жырлаушы бола білді. Әдебиеттің түрлі жанрында қалам тербеген
Шәкәрім шығармашылығының өнімді саласы поэма болды. Оның поэмаларының
көпшілігі ескі аңыз оқиғаларына арналған. Оларды адамның бас бостандығы,
әлеуметтік теңсіздік, ескі әдет-ғұрып салдарынан туатын драмалық,
трагедиялық жайлар көтеріледі. Ақынның бірсыпыра поэмасында осындай
әлеуметтік тақырыптар көтерілсе де, негізінен жастар тағдыры, махаббат,
сүіспеншілік жайындағы әңгімелер терең қозғалады. Ақынның көлемді поэмалық
шығармалары Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кбек, Ләйлі-Мәжнүн. Жастардың жүрек
сезімін жаншып, жара салып келген кері тартпа әдет-салттарды сынайды, топас
қара күштің құрбаны болып, арманына жетпей кеткен жас қыршындардың аянышты
өмірін суреттейді. Ақын сүйіскен жүректердің трагедиялық халге душар болуын
бейнелей отырып, ескі ғұрыптар мен жаңа жас үміттің арасынадығ бітіспес
қайшылықтарды аршып көрсетеді. Ескі заманның, қоғамның заң жосықтары
үстемдік етіп тұрған кезінде Қалқаман мен Мамырдың да, Еңлік пен Кебектің
де өз тілек, армандарына жету мүмкін емес еді. Кейіпкерлер өлім құшағынан
шыға алмайды. Бұл фактілер аталған шығармаларда реалистік мәнде, жоғары
көркемдік сапада суреттелген, сөйтіп, ақын махаббат тақырыбын жырлай
отырып, қазақ қоғамындағы ескіліктің етегіне жармасқан кертартпа күштерді,
әдет-салттарды орынды сынайды, осы арқылы сол тұстағы әлеуметтік құрылысқа
наразылық айтады.
Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек поэмаларына берілген алғы сөздерінде
Шәкәрім былай дейді: Қалқаман, Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен
қараса да, осы көңілінің көзі ашықтар жазасыз екенін біліп, дұға қылса
керек. Автордың аузына бұл сөзді салып отырған сол кездегі тарихи-
әлеуметтік жағдай еді. Атап айтқанда, ескі салттардың, әдет-ғұрыптардың
іргесі сөгіліп, жаңаша қарым-қатынастың орын ала бастауы. Осы тарихи
құбылыс ақынды Қалқаман мен Мамырды жақтаушылардың қатарына тартады. Бұдан
ақынның өз тұсындағы өмір ағымын дұрыс танығанын көреміз. Еңлік-Кебек
поэмасына кіріспесінде ақын: Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке
есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын
ойлап берер дегені. Әйтпесе жас баланы сатып пайдаланып, еріксіз кем
кетікке беріп, обалына қал демейді. Мен соны ойлап, Еңлік, Кебекті соншалық
жазалы демеймін,- дейді [15, 551-552]. Бұл арада ақынның шариғат жолын
адамгершілік жолына иіп әкелу ниеті, Еңлік, Кебекті жазасыз адамдар деп
тануы орынды. ХХ ғасырдың бас кезінде кертартпа салттар әлі де дәуірлеп
тұрған дәуірде Шәкәрімнің сол ескілікке қарсы шығып, Қалқаман мен Мамырдың,
Еңлік пен Кебектің жазықсыз өлімін жырлауы, жаңа қадам, жақсы талап еді.
Сондықтан да мұны Шәкәрім шығармашылығының аса бағалы жағы деп тануға
болады.
Еңлік пен Мамыр да, Қалқаман мен Кебек те шығармада махаббат
еркіндігін аңсаған, бүкіл адамзатқа тән қасиеттер мол жас жандар ретінде
көрінеді. Олардың арасындағы махаббат сезімі шынайы адамгершілікпен ұштасып
жатады. Осы ретте Еңліктің мына сөзін сол кейіпкерлердің қайсысына да ортақ
қасиет ретінде атап өтуге болады.
Мен татысам, жігітсің маған татыр,
Міне осындай ішімде қайғым жатыр.
Ойнас емес, өмірлік жолдасым деп,
Беремісің уәде Кебек батыр...
Аз күндік арам жүріс аужал емес,
Бермесең уағдаңды мүлде кесіп.
Ғашықтық мәселесінде Қалқаман мен Мамыр, Еңлік пен Кебек осы бір ортақ
адалдық, ақтық сезіммен көрінгендерімен кейіпкер ретінде бірін-бірі
қайталамайды. Дара, өзгеше бейнелер есебінде сомдалады. Кейіпкерлердің
ғашықтық сезімі поэмаларда романтикалық бағытта баяндалады. Олар сол жолда
адалдықпен өлудің өзін үлкен адамдық қасиет деп таниды. Осы ретте Мамырдың
өлім құшағына енгелі жатып айтқан мына бір сөзі кейіпкерлердің басындағы
ортақ жайды танытады.
Тілегім келді орнына арманым жоқ,
Артында Қалқаманның қалғаным жоқ.
Мені сен өлтіргенмен жасармайсың,
Сөйткенмен жас жанымды алғаның жоқ,-
дейді Мамыр Көкенайға. Мамырдың осы бір сөзі арқылы ақын азаматтық ары ұшін
күресіп, адалдықпен қаза табудың өзін адамдық биік қасиет деп танитынын
байқатады.
Шәкәрім Ләйлі-Мәжнүн поэмасында да адал махаббат жырын шертті.
Поэма шығыс ғашықтарына тән аңызға құрылған сияқты болғанымен, оқиға
реалистік сипатта баяндалады. Ақын сүйіскен жастарға тосқауыл болған қара
күштерді жиіркенішті сезіммен суреттей отырып, махаббаттың жеңімпаздығын
паш етеді. Шығарма ғашық жандардың өлім құшағына енуімен аяқталса да,
махаббат сезімінің ештеңеден жасқанбайтын, қандай қиындықты болса да, жеңе
алатын қуатты, тегеурінді күш екенін танытады. Шәкәрімнің махаббат
тақырыбында жазылған поэмаларының қайсысында болса да, биік адамгершілік
сенім, бір-біріне қалтқысыз берілген шынайы сезім тебірене жырланады.
Шәкәрім поэмаларын оқыған адам оның бұл жанрда кең тынысты, серпіні
мол ақын болғанын аңғарады. Ақын поэмаларының композициялық даму заңдылығы,
тақырып нақтылығы, реалистік ерекшеліктері ірі көркем шығармаларға
қойылатын талаптардың қайсысына да жауап бере алады. Ақын бұл еңбектерінде
әсіресе адам бейнесін жасауға, кейіпкерінің психологиялық дүниесін ашуға
шеберлігін танытады.
Шәкәрімнің поэмалары негізінен ғашықтық, махаббат тақырыбына
арналуының өзіндік себебі де бар. Поэма жанры тумай тұрғанның өзінде
қазақтар арасына шығыстың ғашықтық жырлары едәуір тарап үлгерген болатын
және едәуір орын алатын. Сондықтан ол поэзия жанрында тыңнан туып келе
жатқан кесек шығармаларға аз да болса әсерін тигізбей қоймады. Осы жайды
Шәкәрім поэмаларынан да байқауға болады.
Шәкәрімнің поэмаларын тек шығыс әдебиетін, не өзіміздің ауыз
әдебиетінің әсері негізіне ғана бағалау дұрыс болмас еді. Шәкәрім поэма
жазуда көркем әдебиеттің өзінен бұрынғы үлгі өнегесін лайықты пайдалана
отырып, өз тарапынан да көп ізденді, тың жаңалықтар жасады. Оның
поэмаларындағы реалистік мотивтер мен кесек образдарды сол шығармашылық
іздену мен өсудің лайықты нәтижесі ретінде бағалауға болады.
Шәкәрім шығыстың аты шулы ғашықтары Ләйлі мен Мәжнүнін жазғанда, бұл
саладағы шығыс поэзиясының машықтары оны әбден қызықтырғанын ұғуға болады.
Шығарманың негізгі сюжеттік желісінде шығыстық ежелгі рухы сақталғанымен,
поэманы негізінде аударма емес, Шәкәрімнің төл еңбегі, өзіндік туындысы
ретінде қараған жөн. Бұл сияқты жағдай көркем әдебиетте жиі кездесіп
отыратын құбылыс. Ләйлі мен Мәжнүн оқиғасын баяндауда Шәкәрім шығыс
аңызының желісінде қалып қоймайды, көпке ортақ болған сюжетті өз тарапынан
соны көріністер, психологиялық мінездемелер арқылы толықтырып, шығарманың
өткірлік күшін едәуір арттыра түскен. Поэманың тақырыбы да автордың адал
махаббат жырын жырлайтын ниетімен тығыз үйлеседі. Шәкәрім поэмаларының
негізгі ерекшелігі, әрине, кесек мінездер қақтығысына, күтпеген қылықтар
мен әр қилы оқиғаға бай болып, басты кейіпкерлер тағдырының үнемі
трагедиялық жағдайда өтетіндігі. Қазақ әдебиетінде Шәкәрім – сюжеттік поэма
жанрын дамытқан шебер ақын. Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Ләйлі-Мәжнүн
(Физулиден) поэмаларында оның ақындық дарыны айрықша көрінеді. Ертегі, аңыз
болып кеткен трагедиялық сюжеттерді алып, көркемдігі жоғары туындылар
жасады. Бір жағынан ескі қисса, жыр үрдісін қолдана отырып, қазақ қауымына
жетерліктей түсінікті тілмен, екінші жағынан, шиеленіскен, шытырман оқиғалы
сюжет құрып, бұрынғы ұзыннан ұзақ толғау сипаттас жырға түбірлі жаңалық
енгізді. Абайдың Ескендір, Масғұт поэмалары, Ақылбайдың Дағыстан,
Мағауияның Медғат-Қасым поэмаларын еске алсақ, Шәкәрім поэмаларының да
біржағынан шығыстан тараған сюжеттерге құрылып, негізінде адамгершілік,
махаббат, ізгілік сияқты тақырыптарды романтикалық биікке көтере жырлаған
төркіндестігін байқаймыз,- дейді ғалым М.Базарбаев [16, 265-266-б].
Пушкиннің Евгений Онегин романын Абай аударса, Шәкәрім Пушкиннің
Дубровский повесін поэма етіп аударды. Бұл Шәкәрімнің Абай ізімен келіп,
Пушкин мұрасына кезіккенін білдіретін факт. Осы аударманың негізгі
құндылығы да ең алдымен осы ерекшелігінде. Шәкәрімнің аудармашылығына, оның
деңгейіне баға беру үшін ақынның тақырыпқа еркін барып, прозалық туындыны
өлеңмен аударғанына ден қою керек. Бұл қазақ әдебиетіндегі шығыс
ертегілерін қисса-дастан етіп жырлайтын дәстүрге ұқсайды. Сол ақындардың
шығыс фольклоры мен әдебиеті материалдарын қайта жырлауға қолданған әдісін
Шәкәрім орыс әдебиеті туындыларын қайта жырлауда қолданып отыр.
ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде жаңа қарқынмен өзгеше дамыған жанр
– поэма жанры болды. Жанр дәуірдің, уақыттың сұранысына орай қазақ өміріне
қатысты түрлі тақырыптарды қозғады. Осы кезеңде қазақ поэмаларының
тақырыптық тұрғыдан кемелденуіне өздерінің поэмалары арқылы мол үлес
қосқан, туындылары қазақ әдебиетіне табыс болып енген ақындар М.Сералин
және С.Торайғыров болды. Ақындардың осы жанрдағы туындылары жаңа дамып келе
жатқан қазақ поэмасының жанрлық жағынан да, көркемдік жағынан да дамуын
көрсете алатын шығармалар болды.
Жалпы, қазақ поэмасының тарихы әріде жатыр. Оның түп-төркіні қазақ
фольклорында, оның батырлық, ғашықтық, тарихи жырларында жатыр. ХІХ
ғасырдың екінші жартысын бастап ерекше дамыған қисса-дастан жанры да қазақ
поэмасының туып-қалыптасуына өзінше өрнек болған бір негіз десек те
болатын секілді. Бұл мәселе жөнінде қазақ әдебиеті тарихындағы поэма
жанрының табиғатын, тарихын зерттеуші ғалым Ә.Нарымбетов қазақ жазба
әдебиетіндегі алғашқы поэмалардың ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола
бастағанын айта келіп, ол поэмалардың фольклордағы жырлардың негізінде,
сонымен бірге батыс, шығыс әдебиеттерінің де ықпалы бар екенін сөз етеді.
Бұл әлем халықтары әдебиетінің, жалпы мәдениетінің бір-бірімен қалайда
байланысып отыратынын көрсететін жайт. Бұған күні бүгінге дейін жалғасып
келген батыс, шығыс әлемінің мәдени, әдеби байланысын айтуға болады. Абай
поэмалары қазақ әдебиетіндегі осы жанрдың алғашқы үлгілері болса, ол
шығармаларда батыс әлемінің де, шығыс әлемінің де әсері анық аңғарылады.
Сонымен қатар, Абайды Абай еткен үш мәдени арнаның ең негізгісі ұлттық
фольклор мен әдебиет, мәдениет, сондықтан да оның бұл поэмаларында қазақ
фольклорының сарыны болуы тағы заңды. Ғалым Ә.Нарымбетов: Революцияға
дейінгі қазақ әдебиетінде шығыс немесе халықтың аңызы негізінде жазылған
поэмалар ғана болды. Қиссашыл ақындардың Мұңлық-Зарлық, Шәкір-Шәкірат
... сияқты дастандарын былай қойғанның өзінде, Абайдың немес оның
дәстүріндегі ақындардың жазған Масғұт, Ескендір, Дағыстан, Еңлік -
Кебек сияқты поэмалар т.б. ... негізгі шығыстың дастандық поэзияларының
үлгісінде жатыр, - дей келе ХХ ғасыр басындағы реалистік поэмаларды,
әсіресе, Сұлтанмахмұт поэмаларын жоғары бағалайды. Қазақтың өз тіршілігін
тікелей бейнелейтін поэмалар ХХ ғасыр басында жарық көре бастады. Бұл ретте
М.Сералиннің Гүлкашима, Топжарған, С.Торайғыровтың Кедей, Адасқан
өмір, Кім жазықты? поэмаларын атауға болады. Әсіресе, С.Торайғыров
поэмалары сол тұстағы қазақ қоғамындағы көкейкесті әлеуметтік мәселелерді
айқын да өткір бейнелеумен дараланады. С.Торайғыровтың аталған туындыларын
қазақ әдебиетіндегі реалистік поэмалардың басы деуге келеді,- деп ақын
поэмаларының жаңа арнада дамуға бет алған жаңа жанрдың дамуындағы орнын
маңызын атап көрсетеді. [17, 4-бет].
Ғалым поэма жанрын қарастыру барысында ақын поэмаларына ауық-ауық
қайта оралып соғып отырды. Ол өзінің 1982 жылы жарыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz