Моңғолияның тәуелсіздік үшін күресі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

І. Тарау. ХХ ғасыр басындағы Моңголия

1. 1. Моңголияның тәуелсіздік үшін күресі.

1. 2. ІІ. Дүние жүзілік соғыстан кейінгі Моңғол Халық Республикасының саяси дамуы.

ІІ. Тарау. Қазіргі таңдағы Моңғолия

  1. 1970-2007 жылдар аралығындағы Моңголияның саяси-экономикалық дамуы.
  2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы қатынастар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

V. Илюстрация.

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі: ХІХ ғасырдың аяғы - 20-ғасырдың басында Моңғолия империалистік мемлекеттердің Қиыр Шығыстағы талас объектісіне айралды. Басты бәсеке Жапония мен патшалы Ресей арасында болды. Ұлыбритания, АҚШ, Германия да Моңғолия қызықты. 1905-1907 жылдардағы Орыс революциясы және Қытайдағы революция қозғалысының өсуі Моңғолияда төнкерістік ситуацияның (өсуіне) өрістеуіне себепші болды. Сыртқы Моңғолиядағы Қобда өлкесінің өңтүстік-батыс бөлігіндегі Маньчжурларға қарсы арат Аюша басқарған қозғалыс өріс алды. Елдегі саяси режимге наразылық әр жерде бұрқ-бұрқ етіп, белең ала бастады. Кеңестік үкіметке қарсылық Моңғолияның ішкі жағдайын шиеленістіріп жіберді. Сухэ-Батар және Х. Чой болсан басқарған ораттардың алдынғы қатарлы өкілдері мен халықтың басқада топтары күресе білді. 1930-40 жылға дейін елдің әлеуметтік жағдайы құрт өсті.

Мал шаруашылығының 36 % дәрежесі көбейді. Елдегі сауда, тауар айналымы 1934-39 жылдар мен салыстырғанда 2, 5 есе, экспорт 2, 3 есе, импорт 2 есе артты. 40-жылға қарай МХР-дің әлеуметтік құрылымы өзгерді. Феодал тобы жойылып, ораптар ерікті ұсақ тауар өндірушілер болып алды, ұлттық жұмысшы тобы қалыптасты.

1940 ж. 8-ші маусымда 8-Ұлы халық туралында МХР-дің жаңа конституциясы қабылданды.

ІІ. Дүние жүзілік соғыс кезінде (1939-45) МХР Кеңес Одағына зор моральдық, материалдық көмек көрсетті. 1945 ж. 10 тамызда МХР Жапонияға соғыс жариялап, жапон агрессорларын талқандауға тікелей қатысты. 1944 ж. Моңғолия КСРО-ға одақтас республика ретінде кіру өтінішін қабылдамайды және статус-ква сақталуын қолдайды.

Кеңес-Қытай келіссөздердің нәтижесінде, 14 тамыз 1945 ж. Қытай үкіметі Сыртқы Монголияның тәуелсіздігін мойындайды. Соғыс аяқталған соң МХР-ніп халықаралық жағдайы нығайды. Қытайдің гоминьдандық үкіметі МХР-нің мемлекеттік тәуелсіздігін тануға мәжбүр болды. 1946 ж. ақпанда қойниған КСРО мен достық және өзара көмек туралы шарт МХР-на сырттан шабуыл жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

60-70 жылдары елдегі Социалистік өндірістік қатынастар халық шаруашылығының барлық салаларында үстемдік алған соң елді индустрияландыруды жалғастыру, ауылшаруашылығын техникаландыру қажет болды. Кеңес-Моңғол қарым-қатынасының арқасында қуатты кең-байыту комбинаты “Эдэнэт” салынды. Өнеркәсіптің ұлттық табыстың үштем бір бөлігін береді.

Өнеркәсіп орындарының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өндеумен айналысады. Халық шаруашылығын басқару өндірістік коллективтердің дербестігін ұлғайту, шаруашылық есепті енгізу арқылы жетілділе түседі. 70 жылдары МХР-сы елмен дипломатиялық қатынас, 20-дан астам елден сауда қатынасы орнатқан. 62 халықаралық, оның ішінде 19 үкімет ұйымдарымен байланыс жасады.

Курстық жұмыстың тарихномасы: ХХ ғасырдын басында Моңғол Халық Республикасы тарихи туралы жарық көрген ғалымдардың көптеген зерттеу жұмыстары бар. Соның ішінде нақтылы осы тақырыпта байланысты зерттеулер ішінен ерекше атап ететін еңбек көп. Л. С. Васильевтің “История востока” атты зерттеуі 2001 жылы жарық көрген еңбегі мемлекеттің қалыптасуы, дамуы туралы, халықаралық қатынастар, экономикалық мәселелерін қарастыруда. “Всемирная история. Даты и события” В. Г. Васиненко жұмысында қолданысқа еңгізілген, көптеген нақтылы деректер орыс зерттеушілерінің еңбектерінде кездеседі. Сонымен қатар ішкі және сыртқы жағдайларының өзекті мәселелерін “Новейшая история стран Азии и Африки” под редакций А. Родригестың еңбегінде толықтырылған.

Курстық жұмыстың мақсаты ман міндеті: Жазылған курстық жұмыстың МХР-нің “1900-90 жылдардағы Моңғол Халық Республикасының саяси дамуы” жайлы

  • ХХ ғ. басы кезіндегі Моңғолияның ішкі саяси тұрақтылығы жайлы мәлімет беру.
  • Моңғолияның тәуелсіздік жолындағы күрестің мәселесін аша білу.
  • Тәуелсіз Моңғол Халық Республикасының жариялануынан кейінгі жағдай туралы түсінік беру.
  • ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі Моңғолияның Кеңес Одағы мен ыңтымақтастығын ашып көрсету.
  • 80-90 жылдардағы Моңғолияның ішкі және сыртқы жағдайлары туралы мәлімет беру.
  • Қазіргі таңдағы Моңғолия Халық Республикасының Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен дипломатиялық, мәдени, сауда экономикалық жағдайлары туралы мәлімет беру.

Курстық жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе бөлім мен екі тараудан және қорытынды бөлімнен турады. Онымен қоса пайдаланған әдебиеттер тізімі мен сілтемелер тізімі мен илюстрациядан турады.

І. Тарау ХХ ғасыр басындағы Моңғолия

1. 1. Моңғолияның тәуелсіздік үшін күресі.

Моңғолияның тарихи өміріне тоқтамас бұрын Моңғолия территориясында мекен еткен моңғол ұлттының шыққан тегін анықтап алуымыз қажет секілді.

Моңғол (өздерінше монгол) -кең мағынасында -моңғол тілдерінде сөйлейтін барлық халықтарды атауға болады. Моңғолдар негізінен монғол тектес нәсілдің орта азиялық типінің өкілдері. Монғол этнонимі (мән-гу, мән-гу-ли, мән-ва) алғаш рет Тон дәуірінің шежірелерінде кездеседі. Моңғолия мен Шығыс Қытай жерлеріндегі ежелгі жергілікті тұрғындар негізінде қалыптасты. Осы жерлерді мекендеген ғұндар мен дун-хулардың ұрпақтары көптеген ғасырлар бойы бірін-бірі ығыстырып, ауыстырып, ішінара ассимиляцияланып отырды. 10 ғасырда бұл жерлердің едәуір бөлігі моңғол тілдес қидандардың үстемдігінде болды. ХІІІ ғасырдың басында бірнеше тайпалар мен хандықтар (тайджиуттер, наймандар, меркіттер т. б. ) бірікті немесе Шыңғысханның өкімет билігіне күшпен біріктірілді де, бір тұтас моңғол мемлекетін құрды. Моңғолдар ХVІ ғасырда “халха” деген атқа ие болды. Оңтүстік Моңғолдардың дені Қытай Моңғолиясының құрамына кірді. Кейіннен моңғол жерлері Қытайдың құрамында Үшкі Моңғолия деп аталды. ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырдың басында Моңғолия ламаизмді қабылдады.

Моңғолдар Сөлтүстік Азия нәсілдерінің Орта Азиялық типіне жатады. Оның негізгі Онтропологиялық ерекшеліктері: көздері мен шашы қара, тік шашты, сүйектері жалпақтау, көздері қысыңқы, орта бойы болып келеді.

ХХ ғ. басында Моңғолия біртұтас мемлекет болған жоқ. Гоби шөлінің оңтүстігіндегі бөлігі ішкі Моңғолия деп аталды, ал екінші бөлігі сыртқы Моңғолия деп аталды. (Холха)

Ішкі Моңғолия Қытай құрамында болды, Қытай құрамына ХVІ ғасырда кірді. Синьхай революциясы кезінде қосылған Моңғолия ХХ ғасырдың басына дейін құрсауында болды. Моңғолия территориясы яғни айтқанда Ішкі Моңғолия, Жапония мен Ресей арасындағы дау-дамайдың негізгі басты мәселесінде болып отырды. Моңғолия территориясы жағынан Ресей мен Жапонияны қатты қызықтырды. Себебі өзінің тиімді географиялық орналасуымен қызықтырса, онымен қоса өз елдерінің тауарларын өткізуде өте арзан бағамен бағаланатын рыногы және арзан шикізат кең орындарының негізгі объектісі ретінде пайдаланып отырды.

Моңғолия өте артта, мешеу қалған мемлекет ретінде саналды. Өйткені қазақтар секілді де моңғол бұқарасының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.

Еуропа мемлекеттері секілді феодализм, капитализм секілді негізгі типтердің бірде біреуі бұл елде көрініс тапқан жоқ. Тіпті айтар болсақ зауыт, фабрика өнеркәсіп орындарының мүлде болмағаны монғоп ұлттының қытайлықтардың мүддесінен шыға алмағандығын көрсетеді. Бір қызықты жайт Моңғолияда мемлекеттік билік негізінен діни сипатқа ие бола бастады. Елдегі буддизм хубиғоп (түрлену) үрдісі кеңінен таралды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ламаистік шіркеудің экономикалық тұрғыдан күшеюі және будда дінінің беделінің өсуі еді. Моңғолияның басшылары Қытайдан бөліну туралы шешім қабылдайды және Николай ІІ -ден қолдау сұрайды. Мемлекет басында Шыңғысханның ұрпағы болмағанына элита өз наразылығын білдіреді.

1913 жылы Кектада болған орыс-қытай келіссөздерінің нәтижесінде, Сыртқы Моңғолияның өкілдерінсіз, бұл территория автономия есебінде Қытайдың бір бөлігі деп жариялаған декларацияға қол қойды. Бұл тек сөз жүзінде ғана болды. Нақты түрде автономияны Ресей басқарды.

Елде “Моңғолияда тыныштық орнату басқармасы” құрылды. Оның құзырына барлық мемлекеттік істер өтті. Қытай генералы Сюй Шучэнэнның басқаруымен әскери диктатура орнатылды.

Моңғол әскері таратылып, мемлекеттік басқармалар жойылда. 1919 жылы билік Пекиннен тағайындалатын шенеуніктердің басқаруына өтетіні туралы шешім қабылданды. Моңғолия Қытай әскерлерін территориясында ұстауға міндетті болды. Жергілікті халықтың экономикалық жағдайы нашарлай түсті. Оппозицияның басшысына моңғол әскерінің командирі Д. Сухэ-Батор тағайындалды. 1920 жылы Ресейде болған азаматтық соғыста большевиктер жеңе бастаған уақытта, Кеңес үкіметі Моңғолияға бақылау орнату үшін, өз территориясында 1921 жылы науырз айында Моңғол халық партиясы құрылды. Кеңес үкіметі осы партия басшылығы Моңғолиядағы тәуелсіздік жолында күресті күшейтіп, оны Қытайдың ықпалынан шығарып алуды көздеді. Осы кезеңде елге моңғол автономиясын қайта құру және қытайлықтарды құып жіберу үшін барон Унгерннің әскері кірді. 1921 жылы ақпан айында ол Урганы алып, богдо-гэгэнды таққа қайта отырғызды. Бұған жауап ретінде Кяхтада уақытша халықтың үкімет құрылды. Ол Моңғолияны Унгерннен құтқару және ұлы Хуралды халық өкілдерін шақыру ұранын көтерді. Сухэ-Батордың әскерлері қығып әскердін көмегімен 1921 ж. наурыз айына қарай моңғол территориясының біраз бөлігін құтқарып, Унгернге наразылық білдірген жергілікті элитаның қолдауын иеленуге тырысты.

1921 жылы маусым айында Унгерн Сухэ-Баторға қарсы шабуылын бастады. Оған Солтүстік-Шығыс Қытайдың Ужан Цзолин және атаман Семенов қолдау көрсету керек болды. 6 маусым 1921 жылы Д. Сухэ-Батор және Кеңестік Реседің біріккен әскерлері Урганы алды.

Бұл оқиғалар “халық революциясы” атына ие болды. Сыртқы Моңғолия тәуелсіздігін қайта жариялап, Халық үкіметін құрды. 5 қараша күні Ресей бұл үкіметті “жалғыз заңды” деп мойындады. Бұл жағдай Қытайға әсерін тигізбей қоймады, себебі Қытай Сыртқы Моңғолияны өзінің территориясы деп есептелді. Осы күннен бастап көп жылдарға дейін Қытай-Кеңес қатынастарында “моңғол мәселесі” көптеген қайшылықтарға алып келді.

1924 жылы қарашада бірінші-Ұлы халық құралы болып өтті, онда Моңғол Халық Республикасы болып жарияланды және елдің тұнғыш конституциясы бекітілді.

Халық үкіметі Кеңес мемлекетінің көмегіне сүйене отырып, өндіргіш күштердің өсүіне үздіксіз қамқорлық жасады. 1924 жылы шілдеде Моңғол сауда өнеркәсіп банкісі ашылды, 1925 жылы декабрьде ақша реформасы жасалып, ұлттық ақша- тугрік шығарылды.

1929 жылы ірі феодалдық меншік экспроприациялана бастады. Елде мал саны 1929 жылдан 1940 жылға дейін 36 % көбейді. Мемлекет және кооператив өнеркәсіп (негізінен көмір шығаратын, электр энергия өндіретін, мал шаруашылығы шикізатын өндейтін) пайда болды. Бөлшек сауда тауар айналымы 1934-39 ж. 2, 5 есе, экспорт 2, 3 есе, импорт 2 есе артты.

1. 2. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Моңғол Халық Республикасының саяси дамуы.

Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Моңғолия Кеңес Одағына зор моральдық, материалдық көмек көрсетті. 1940 жылы Моңғолия Халық республикасында халық революциясының негізгі міндеттері орындалды. Феодалдар тобы толық жойылды, ораттардың көпшілігі орташалар болды. Жұмысшы тобының саны 15 мыңға жетті. Елдің экономикасының негізін құрған ауыл шаруашылығында ұсақ тауарлы сектор үстем болды, бірақ осы туста алғашқы мемлекеттік шаруашылықтар және кіші-гірім өндірістік бірлестіктер қатарға қосылды. Кеңестік уклад мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар, мемлекеттік және кооперативтік сауда арқылы бейнеленді. Шалдама еңбекті пайдаланатын ірі ораттар шаруашылықтары, сондай-ақ жеке саудагерлер әлі де болса сақталды, капиталистік элементтерді ығыстыру саясаты нәтижесінде олардың рөлі шамалы болды. Сөйтіп, капиталистік емес даму жолын қалап алған МХР жалпы демократиялық қайта құруларды жүзеге асырды және социализмге өтуді бастады.

1941 жылы 10-тамызда Жапония арасында бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімнен кейін сыртқы Моңғолияның мәртебесі қайта қаралды. Оның ішінде, қосымша ретінде "Моңғолияның территориясының біртұтастылығы“ туралы декларацияға көп қойылды. Қытай оны мойындаудан бас тартты. Себебі Гоминьдан үкіметінің сыртқы істер министрінің пікірі бойынша, Қытай “территориясының бір тұтастығына” қауіп тонуде. Жаңа даму кезеңі миллитаристік Жапония тарапынан елдің, тәуелсіздігіне қауіп төнген екінші дүниежүзілік соғыстың қиын жағдайында өтті.

Ұлы отан соғысы басталған кезде, Моңғолия Қызыл әскердің тылына айналды. Кеңес Одағына мал шаруашылығының өнімдері жеткізілді. Моңғолияның қаражатына танкілер коллонасымен авияциялық эскадрия құрылды. Алайда Чан Кай Ши Қытай суверенитетін орнату идеясынан қайтпады.

1944 жылы Моңғолия КСРО-ға одақтас республика ретінде кіру өтінішін қабылдамайды және статус-ква сақталуын қолдайды. Кеңес-Қытай келіссөздердің нәтижесінде, 14 тамыз 1945 жылы Қытай үкіметі Сыртқы Моңғолияны тәуелсіздігін мойындады.

Соғыс аяқталған соң МХР-дің халықаралық жағдайы нығайды. Қытайдың гоминьдандық үкіметі МХР-дің мемлекеттік тәуелсіздігін тануға мәжбур болды. 1946 ж. ақпанда көп қойылған КСРО мен достық және өзара көмек туралы шарт МХР-на сырттан шабуыл жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етті. КСРО-ның көмегіне сүйене отырып, МХР индустрияландыруды жүргізеді. Бірінші кезекте мал шаруашылығы өнімдерін өндеуге байланысты өнеркәсіп салалары дамытылды. Өзіндік өнеркәсіп базасынаң қалануы және Кеңес Одағының материалдық көмегі ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруға жағдай жасады. Моңғол халық-революциялық партиясы (МХРП) социализмге өтуді европалық елдердегі сияқты егіншілік шаруашылықтары емес, мал шаруашылықтары іске асырылып отырғанын және бұл өтеудің бұрын капиталистік емес, феодалдық құрылыс үстемдік еткен елде жүзеге асырылып жатқанын ескерді. Осының бәрі қойылған мәселелерді шешуге мұқияттылықпен қарауды және ұзақ мерзімді қажет етті. Араттардын ерікті түрде ауылшаруашылық бірлестіктеріне қіруі бірте-бірте жүргізілді. Кооперативтерге әуелі тек семья басы, содан соң бұлардың нығаюына қарай семьяның 16 жасқа толған барлық мүшелері кірді. Араттардың өмір сүруінің негізгі көзі малдың едәуір бөлігі олардың өз меншігінде қалдырылды. Ауқатты шаруашылықтар кооперативтерге кіргенде орташа және кедей шаруашылықтарға белгіленген праволарды пайдаланды, кулактарды конфискелеу жүргізілмеді.

1959 жылдың аяғында кооперативтендіру процесі аяқталды. 1959 жылдың аяғында кооперативтендіру процесі аяқталды. МХР-да ауыл шаруашылығының қайта құрылуы капиталистік даму сатысына соқпай социализмге өтетін елдерде жүзеге асыруға болатынын көрсетті.

Сонымен бірге діни-феодалдық идеологияны жеңіп шығу және басқа идеологиялық көзқарасты орнықтыру процесі жүріп жатты, оның бастамасы жалпы демократиялық кезеңде қаланған болатын.

Моңғолия Халық Республикасы 50 жылдарда жаппай сауатсыздықтан сауаттандыру жолына көшуге мәжбур болды. Бірақ елдегі саяси системада ешқандай өзгерістер орнатылған жоқ. Саяси бюроның жетекшісі, МХРП-ның мүшесі болған маршал Х. Чайболсан МХР-да өле-өлгенше билік етіп отырды (1952)

ІІ. Тарау. Қазіргі таңдағы Моңғолия.

2. 1. 1970-2007 жылдар аралығындағы Моңғолияның

саяси-экономикалық дамуы.

Социалистік өндірістік қатынастар халық шаруашылығының барлық салаларында үстемдік алған соң елді индустрияландыруды жалғастыру, ауыл шаруашылығын техникаландыру қажет болды.

Кеңес-моңғол ынтымақтастығы арқасында қуатты кең-байыту комбинаты “Эрдэнэт” салынды, оның өнімі моңғол экспортының едәуір бөлігін құрайды. МХР-де елді энергиямен, халық тұтынатын заттармен, экспорттық тауарлармен қамтамасыз ете алатын түрлі өнеркәсіп салаларын қалыптастыру аяқталды. Өнеркәсіп ұлттық табыстың үнемін бір бөлігін берді, бірақ әзірге жабдық пен станоктар негізінен басқа елдерден сатып алынды. Өнеркәсіп орындарының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өңдеумен айналысты. Халық шаруашылығын басқару өндірістік кооперативтердің дербестігін ұлғайту, шаруашылық есепті енгізу арқылы жетілдірді.

Ауылшаруашылығында жаңа саяси-егіншілік құрылды, алайда халық сирек қоныстанған аудандарда көшпелі, жайылымдық мал шаруашылығы негізгі кәсіп түрі болады.

Экономиканы дамыту ісінде енеулі табыстарға жеткеніне қарамастан, МХР даму дәрежесіне қарай европалық елдерден әлі де болса артта қалды.

Жан басына шаққанда от көп тұтынылған мен қант, көкөніс, азық түлік, жеміс-жидек жетіспеді.

Қоғамда басшылық рөл атқаратын МХРП социалистік демократияны өркендету, жариялылықты ұлғайту, халықты партияның саясатынан хабардар ету бағытын жүзеге асырды. МХР-ның еңбекшілері мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арқылы ел басқаруға қатысты. Өкіметтің жоғарғы органы Ұлы халық құралы болып табылады.

МХРП-нің 16 съезі (1971ж. маусым) МХР еңбекшілерінің материалдық, мәдени дәрежесін көтеру, елді социалистік жолмен дамытуда, жеңіске жету жолындағы жарты ғасырлық күресінің қорытындыларына жан-жақты баға берді. Съезд халықшаруашылығымен мәдениетті өркендетудің 1971-75 жылдарға арналған 5-жылдық жоспары жасауды бекітті. 70-жылдардың ортасында 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас (1973), 20 дан астам елмен халықаралық, оның ішінде 19 үкімет ұйымдарымен байланыс жасайды. 1909 жылдан бері Қорусыздандыру жөніндегі комитеттің мүшесі.

Моңғолия Республикасының 1990-2007 жылдар аралығындағы жалпы саяси, экономикалық жағдайына тоқталар болсақ қазіргі таңда Моңғол Республикасы Ресей, Оңтүстік және Солтүстік Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр. Халқының саны 2, 832 мың адамды (2006 жылдың шілдесі) құрайды. Елде 85 % монғоп ұлтты өмір сүретін болса, 7% -ы қазақтар мен қырғыздар, 4, 6 % -ы дүрбеттер және 3, 4% -ы басқада этникалық топтар (хомнигандар, цаатандар, ұйғырлар мен уренкойлар, тивалар, орыстар мен қытайлықтар) 5 млн. жуық моңғолдар өз отандарында өмір сүрмейді (соның ішінде 4, 8 млн. Қытайда) Мемлекеттің тілі Монғоп тілі көптеген ірі қалаларында орыс тілінде сөйлесуге, түсінісуге болады. 85% -дан астамы өздерінің ана тілі монғоп тілінде сөйлеседі.

1921-1990 жылға дейін Моңғолия социалистік мемлекеттердің бірі саналып келді. 1952-1984 ж. аралығында елді Чайболсан басқарды, одан кейін Ж. Батмунх 1990 жылы Кеңес Одағының әлсіреуінін кейін елде бірнеше реформалар жүргізіле бастады. Моңғолия парламенттік республика. 1992 ж. 13 қантар күні Моңғолияның Ата заңы қонституция қабылданды. 1991 жылы Ұлы Халық құрамы мемлекеттік атын өзгертіп, Моңғол Халық Республикасы деп аталуын өзгертіп, Моңғолия деп аталды. (1992 ж. 12 ақпан) Елді президент билейді. Оны халық 4 жылға сайлайды. Елде тек Ұлы Халық құрамы заң шығарушы парламентке негізделген. Оның құрамында 76 депутат жұмыс атқарады.

Моңғолия Ұлан Батордан бастап және 26 аймаққа бөлінеді: Ара-Хантай, Баян-Улэгэй, Баян-Хангар, Булган, Батыс Гоби, Батыс Гоби-Алтай, Гоби-Сумбэр, Дархан, Озабхан, Кобдос, Орхан, Селенга, Солтүстік Гоби, Сухэ-Батор, Убсунур, Увэр-Хангай, Хубсугуль, Хэнтэй, Орталық, Оңтүстік Гоби.

Экспортқа: мыс, мал шаруашылық өнімдерін, жүн шығарады. Импорт: жағармай, көлік құралдары, машиналар, әсіресе сауда саттықтағы партнерлары Ресей, Қытай, АҚШ болып табылады. Жалпы сауаттылығы 90% -ды құрайды.

96 пайызы буддизм дінін ұстанады. 6% жергілікті қазақтары, ислам дінінің суниттік бағытын ұстанады. Одан басқа шаманизм, христиандар кездеседі.

  1. Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қатынастар

1992 жылдың 22 қантарынан бастап Монғолия Халық Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1997 жылдың мамыр айынан бастап Монғолияның астанасы Ұлан-Батор қаласында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы өзінің қызметін атқарып келеді. Монғолия мен Қазақстан арасында саяси қатынастарға тоқталар болсақ. Қазақстан мен Монғолияның саяси қатынастары 1993 жылдың қазандағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ұлан-Баторға ресми сапарынан басталды. Бұл сапар барысында екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастағы шарт-құқықтық негіз қаланған болатын.

Монғолияның Президенті Н. Багабандидің 1998 жылы Қазақстанға сапары және ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1999 жылы Монғолияға сапары екі-жақты қарым-қатынасқа тың серпіліс берді.

1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР мен Монғолия арасында 40-тан астам келісім шарттарға қол қойылды.

Сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастар халықаралық алаңда да белсенді дамып жатыр. Ұлан-Батор Астананың аймақтық қауіпсіздікті нығайту және ядролық қару-жабдықты таратпау сияқты жұмыстарға қолдау көрсетіп жатыр.

Монғолия АӨСШК-тің толық мүшесі. 2002 жылдың 4-6 маусым айында Алматыда өткен АӨСШК-тің самитінде Монғолияның Президенті Н. Багабанди қатысқан болатын. Ұ. ж. 17 маусымда Алматыда өткен АӨСШК-тің Екінші самитіне Монғолияның Вице Премьер-Министрі М. Энхсайхон бастаған делегация қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдын басында Моңғол Халық Республикасы
Қазақстандағы Моңғол шапқыншылығы
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Самбо күресі туралы дерек сөз
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Т. Рысқұлов
XI – XV ғасырлардағы Монғолия
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
ЧЖОУ ЭНЬЛАЙ – ҚЫТАЙДЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРІ
Қазақ әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz