ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ

XX ғасырдың басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп,
болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп-жетілді.
Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды,
қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең
алдымен, білім мен мәдениет керек екендігін анық ұғып, халқын мәдениеті
жоғары елдер санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін,
білімін көтеруді өздеріне мақсат қылып қояды.
Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы
мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы
сияқты мәселелер А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен
еңбектерінен көрініс тауып жатты.
Түркі зиялыларын біріктірген Жәдитшілер ұйымының бір топ мүшелері
қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға
төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың Әліппесі (Уфа, 1910), З.
Ерғалиұлының Қазақ әліппесі (Қазан,1910), М. Малдыбаев пен Ж.
Аңдамасовтың Қазақша ең жаңа әліппесі (Қазан, 1912), К. Сырғалиннің
Қазақша әліппе кітабы (Қазан, 1913) тағы басқа осындай серпілістен туған
алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба
алмады. Ол кезде қазақ тілінде жарық көрген мектеп оқулықтары мен ғылыми
әдебиеттің тапшы екендігін ескеріп, Алаш қайраткерлері, соның ішінде
Әлихан Бөкейхан оқу-ағарту мен ғылымның сан-салаларын қамтитын
Т.Тутковскийдің Жердің қысқаша тарихы, К.Фламмарионның Астрономия-
әліпбиі және Д.Гравенің Дүниенің құрылысы деп аталатын мектеп
оқулықтарын қазақ тіліне аударады. Бұл оқулықтар оқушыға жаратылыстың пайда
болуы, оның құрылысы, аспан денелері, оның ішінде планеталар,олардың
орналасуы, Күнмен ара қашықтығы және тағы басқа да түрлі қызықты мәліметтер
береді. Бірақ бұл аударма оқулықтар болатын.
XX ғасырдың басындағы бастауыш білім беруге байланысты жарық көрген
қазақ тіліндегі оқулықтар өте аз, қолмен санарлықтай болды. Солардың
ішінде алғашқы әріптану жұмыстарын жүргізуге тиімділік берген
А.Байтұрсыновтың Әліппе оқу құралы, М.Дулатовтың Есеп құралы, 1927
жылы жарық көрген А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлының Оқу құралы еңбегі.
А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. Оқу
құралы (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық
жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына
тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу
ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ
бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің
мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай
сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. 1925 жылы А.
Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш
мектептеріне арналған Жаңа Әліп-биді (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз
заманына лайық Әліппе жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат
ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу
дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және
әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. Жаңа Әліп-биге: а) баланың өз
атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды
адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді.
Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен
байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің
жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды.
1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан А.Байтұрсыновтың Әліп-би-
І деген оқулығы 1912-1925 жылдар аралығында жеті рет басылып, оқу-
ағартушылық салада біраз уақыт қолданылады.
А.Байтұрсыновтың бұл оқулығы өз кезеңінде сауат ашу мәселесінде бірден
бір таптырмайтын оқу құралы болды. Сонымен бірге бұрынғы, кешегі, бүгінгі
кезеңге дейін бұл оқулықтың бүкіл әліппе оқулықтарын жасаудың негізгі
тірегі болғандығын теріс деп айта алмаймыз.
Міржақып Дулатов 1914 жылы, кейін 1927 және 1928 жылдары ұлттық
мазмұнды, бастауыш мектеп оқушыларына арналған екі кітаптан тұратын тұңғыш
“Есеп құралы” атты оқулық шығарған. Оның Есеп құралын Республика Халық
ағарту комиссариаты жоғары бағалап, оны қайта басып шығару туралы шешім
қабылдап, кеңестік кезеңде бастауыш мектептерде кең пайдаланылуды ұсыныпты:
Бұл оқулықтың мазмұны қазақ балалары өмір сүріп жатқан ортаның талғамына
толық сай келеді. Мысалдар қазақтардың күнделікті тіршілігінен алынған.
Кітапта балалар ұғымына ауыр келетін бірде-бір тапсырма жоқ. Есептердің
барлығы бала жанына жақын, ұғынықты да түсінікті. Бұл аталған оқулықтың
басты жетістігі. Кітаптың жаңа басылымында бүкіл үнді цифрлары араб
цифрларымен алмастырылған. Бұл кітап сапасын көтерді. Оқулықтағы есептер
оқушыларға өз беттерінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Күрделі,
оқушыларға ауыр тиетін тапсырмалар жоққа тән. Оқулықта 344 есеп бар,
соңында ауырлау есептердің жауабы берілген. Мұның бәрі оқу құралының
жоғары деңгейінің дәлелдері ... Міржақыптың осы Есеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz