ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен мәдениеттің дамуы
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен мәдениеттің дамуы.
XX ғасыр басындағы қоғамдық санадағы бетбұрыс. XX ғасырдың басындағы
ғылыми-техникалық табыстар, Бірінші дүниежүзілік соғыс, революциялар мен
контрреволюциялық төңкерістер адамзат баласының қоғамдық санасының
өзгеруіне себебін тигізді.
Соғыстың адам айтқысыз қиыншылықтары, миллиондаған халықтың өлімі,
қалалар мен ауылдарда дәрменсіз мүгедектердің кебеюі, үйлер мен
гимараттардың қирауы Еуропа тұрғындарына мейірімсіздік пен қатігездікті
бірге алып келіп, өркениеттің сәулесі өшкендей болд.
Сонымен қатар қоғамдық санада сенбеушілік (иррационализм) сезімі бекіді.
Буржуазиялық зиялылыр арасында материализмді сынауға, занды құбылыстарды
мойындамауға, санаға табынуға қарсылық білдірушілер көбейді. Соған
қарамастан қоғамда ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адамдар санасының
жаңа бағытта байқалды.
20-жылдарда батыстағы буржуазиялық зиялылар тобы Австрия
психологы Зигмунд Фрейд пен Франция философы Анри Бергсонның
көзқарастарына тоқтады. 3. Фрейд (1865—1939 жж.) — дәрігер
психолог. Фрейдтің ойынша адамның мінез-құлқының қозғаушы
күші ырықсыз. Бірақ мұндай ой-сезім қоғамның талаптарына сәйкес келмей,
"басылады" немесе адамның өзіне білінбей, күңгірт қиял болып сақталады. Кей
кездерде бұл "басылып" қалған ой-сезімдер шыгармашылық іс-әрекеттерде
байқалуы мүмкін. "Психоталдаушылық теориясы негізінде Фрейд және оның
жақтастары жүйке ауруларының, көрудің себептерін, "басшылардың"
психологиясын, дін мен өнердің шығу себептерін, тіпті тарихи процестердің
даму мүмкіндіктерін алдын ала болжауға тырысқан.
Философия саласында Анри Бергсон аса ірі беделді түлға болды. Бергсон:
"өмірдің негізі—шығармашылық рух, "өмірлік қарқын", ерік-жігер және энергия
болып табылады" деп есептеді. Ол өмірдің мәнін ұғыну "һәм ақиқат, болмаса
санамен емес, түйсікпен,,,сезумен, болжаумен беріледі" деген сенімде болды.
Тарихи даму заңдарының өмір сүретінін Бергсон теріске шығара отырып,
"тарихты көрнекті тұлғалардың ерік-жігері мен энергиясының арқасында кері
бұруға болады" деп пайымдайды. Ол тек күшті тұлғалар, қоғам "элитасы" ғана
адамдарды басқара алады деп есептеді. Сондай-ақ оның дәлелдеуінше, "суретші
қоғамның сұранысы үшін емес, тек өзінің эстетикалық ләззат алуы үшін ғана
жұмыс істемек".
Ғылым мен техника. XX ғасырда ғылымның дамуы шамадан тыс
қарқын алып, нағыз революция жасалды. Дүние жүзінің ғылыми
келбеті қатты өзгерді.
Тіпті XIX ғасырдың екінші жартысында-ақ ғылым өнеркәсіпті технологиялық
қайта жарақтандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. XIX ғасырдың соңында
шведтік инженер Г.Лаваль бу турбиналарының құрылымын ұсынды. 80-жылдардың
ортасында неміс өнертапқыштары Г.Дайплер мен К.Бенц сұйық және іштен жану
отыны арқылы жұмыс істейтін жеңіл қозғалтқыштардың кұрылымын ұсынды.
Телефон аппаратына тұңғыш патентті 1876 жылы американдық өнертапқыш А.Белл
алды. 1906 жылы АҚІП-та іштен жану козғалтқыштары бар тракторлар пайда
болды.
Көрнекті орыс ғалымы А.С.Попов сымсыз электр байланысы арқылы қатынас
міндетін шешіп берді.
XIX ғасырдың соңғы он жылдары және XX ғасырдың басы физика ғылымындағы
түбегейлі төңкерістермен белгілі. Заттардың құрылысы кеңістік және уақыт
туралы түсініктер түбірімен өзгертілді. Радиоактивті ыдырау ашылды,
салыстырмалылық теориясы жасалып, кванттық теорияның негіздері қаланды.
XIX ғасырдың соңында ерлі-зайыпты Пьер Кюри мен Мария Склодовская-Кюри
уран мен торийдің радиоактивтілігін белгіледі. Көптеген тәжірибелер
жасағаннан кейін олар жаңа радиоактивті элементтер полоний мен радийді және
олармен байланысты радирактрвті ыдырау құбылысын ашты. Ағылшын физигі Эрнст
Резерфорд радиоактивті элементтердің ыдырау кезінде сәуленің үш түрі: альфа-
сәулелер (оң зарядталған бөлшектер), бета-сәулелер (электрондар) және гамма-
сәулелер (электрмагнитгік сәулелену) бөлініп шығатынын анықтады.
Резерфорд тәжірибелерінің негізінде дат физигі Нильс Бор (1885— 1962 жж.)
айналасында теріс зарядталған электрондар айналатын оң зарядталған ядродан
тұратын атом үлгісін ұсынды.
Неміс физигі АлъбертЭйнштейн(1870—1955жж) салыстырмалылықтың арнаулы
теориясын тұжырымдады. Ғалым бірде-бір материалдық нысан жарықтан
жылдамырақ, яғни 300 мың кмс қозғала (жылжи) алмайды деген қорытындыға
келді. Осының негізінде ол дененің массасы оның қозғалысының жылдамдығына
тәуелді деп қорытынды жасайды. Ғалым И.Ньютон заманынан бері айтып келе
жатқандай барлық денелер бір-біріне тартыла бермейді, қоршаған кеңістік пен
уақытты бұрмалайды деп болжам жасады. Эйнштейннің теориясынан айқын
болғандай, денелердің қозғалысы кезінде олардың көлемі ғана емес, уақыт
ағыны да өзгереді. Кеңістік пен уақыт қасиеттері материалдық қозғалысқа
тәуелді және бір-бірімен тығыз байланысқан.
А. Эйнштейн энергия мен жылдамдық арасындағы жаңа қатынасты тапты. Ол
өзінің жасаған салыстырымдылық теориясына сүйеніп дененің жарық
жылдамдығына жуық қозғалысы кезінде уақыттың баяулайтынын және дене
өлшемінің (ұзындығы) өзгеретінін, кеңістіктің қисаятынын дәлелдеді.
Неміс физигі Макс Планк (1858—1947 жж.) атом деңгейінде энергия тұрақты
ағынмен емес, квант деп атанған порциялармен шығарылатыны туралы теориясын
ұсынды. Бұл гипотеза физикада түбегейл революция жасаған квант теориясының
пайда болуына алып келді.
Ядролық физика саласындағы күрделі жаңалықтар атом деңгейіндегі
энергияның үздіксіз толқын немесе бөлік үлес ретінде шығарылатынын
айқындайды. Макс Планк бөлік үлес түрінде шығарылатын энергия түрін квант
деп атады.
КСРО-да ғылым мен техниканың дамуы. Осы кезеңдегі кеңес ғылымының алдына
төтенше жауапты міндет қойылды, атап айтсақ өндірістік күштердің дамуына,
еңбекші халықтың материалдық және мәдени деңгейінің бұлжымас өсуіне
мүмкіншілік жасау. 20—40-жылдарға қарай уақыт өте ірі ғылыми орталыктарға
айналған ғылыми зерттеу институттарының саны едәуір артты. Яғни 1940
жылдарды басыңда КСРО-да 1800 ғылыми-зерттеу мекемелері ашылды, оның саны
Қазан төңкерісі карсаңындағыдан 6 есе артық. Барлық ғылыми мекемелердің
қызметін бағыттап, үйлестіруші ғылымның бас штабы КСРО Ғылым Академиясы
болды. 1929 жылы В.И.Ленин атындағы ауыл шаруашылығы Ғылымдарының
Бүкілодақтық академиясы құрылды.
Кеңес галымдарының барлық күш-жігері үлкенхалық шаруашылығы және
теориялық мәелелерін шешуге бағытталды. Физиктер мен химиктер шикізат пен
энергия көздерінің, қорытпалар мен пластикалық массалардың жаңа түрлерін
жасаумен шұғылданды. Геологтар пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарына
барлау жүргізді. К.Э.Циолковскийдің зерттеулері космосты игерудің теориялық
мәселелерін әзірлеуде бірінші болып КСРО-ны қамтамасыз етті. Ядролық
физикада Д.Д.Иваненко, А.Ф.Йоффе, Н.Н.Семенов, Д.В.Скобельцин, В.И.Курчатов
маңызды жаңалықтар ашты. Ауыл шаруашылығы ғылым академиясы дақылдардың
өнімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірледі. Жеміс ағаштарының жаңа
сорттарын айқындауда көрнекті селекциялар И.В.Мичурин үлкен табыстарға
жетті.
Кеңес ғалымдары тарих, философия, саяси экономиканың маңызды мәселелері
бойынша іргелі зерттеулер жүргізді. Елдің бұрын зерттелмеген, адам аяғы
баспаған, мәселен, Қиыр Солтүстік аймақтарын кешенді зерттеу кең құлаш
жайды. Солтүстік теңіз жолдарын игеруге ірі ғалым О.Ю.Шмидттің басшылығымен
болған экпедиция үлкен үлес қосты. 1934 жылы ақпанда "Челюскин" мұзжарғыш
кемесі мұзбен қамалып қалған кезде О.Ю.Шмидт экспедициясының мүшелері мұзға
түсіріліп, өте қиын жардайларда екі ай болып өздерінің Ғылыми жұмыстарын
әрі қарай жалғастыра берді. Кеңес халқы челюскиншілерді құтқару үшін
қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Ұшқыштар М.В.Водопьянов, И.В.Доронин,
И.П.Каманин, С,А.Леваневский, А.В.Ляпидевский, В.С.Молонов және М.Т.Слепнов
отандық ұшақтармен барлық челюскиншілерді Үлкен жерге алып шықты. Бұл
ұшқыштар алғашқылардың бірі болып, 1934 жылы белгіленген ең жоғары атақ
"Кеңес Одағының Батыры" атағын иеленді.
Өнер саласындагы өзгерістер. Қоғамдық сана-сезімдегі өзгерістер Еуропа
өнері мен әдебиетіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Бірінші дүниежүзілік
согысқа дейін көркемөнер саласында реализм ағымы басымырақ еді. Реалистер
салған суреттерде айналаны қоршаған өмір шындығының тікелей әсерін сол
қалпында беруге тырысты. Өз шығармашылығында олар "суретші қоршаған өмірді
қалай көрсе солай салуы керек" деген ұстанымды мойындады. Реалистер өзара
үйлесімді бояулар арқылы адамның өмірге құштарлық сезімін оятатындай тамаша
шығармалар берді. Олар күн сәулесін, ауа кеңістігін және кеңістіктің
тереңдігін бейнелеуге керекті жаңа техникалық мүмкіндіктер тапты. Соғыстан
кейінгі 20-жылдары бейнелеу өнерінде "ескі реализмді" шегіндіріп, жаңа
қазіргі заманғы өнері үстемдік алды. Өнер саласында кубизм, абстракционизм,
сюрреализм бағыттары қалыптасып, антиреалистік тенденциялар байқала
бастады.
Жаңа бағыттың бейнелеу мәдениетін Пабло Пикассо (1881—1973 жк. )
көрсетті. XX ғасырдың басында П.Пикассоның шығармашылық әрекетінде өзгеріс
байқалды. "Қоршап тұрган өмірді өз ойымның тілегіне сәйкес саламын" деген
пікірге көшті. Кубизм ағымының ерекшелігі "қоршаған табиғатты шар, конус,
цилиндр" сияқты символдар арқылы суреттеудің жаңа бағытын ұсынды. Кубистер
сурет өнерінің формасы мен көлемін іздеуге тырысты. "Заттың өзі (натура)
суретке таңба түрінде көшіріледі" деп жазды Пикассо. Пикассо және оның
жақтастары сызықты көріністен бас тартып, затты жан-жақты нүктеден
суреттеуге тырысты. Суреттік форма негізіне геометриялық көлемді алады.
Олардың салған бейнелері ғажайып, бірінен-біріне араласқан, түйіскен шар,
конус, куб түрінде көрінеді.
П. Пикассо 1937 жылы неміс авиациясының Испанияның Герника қаласын
талқандап, күлін көкке ұшырғанына байланысты "Герниканың талқандалуы"
панносын салды. Суретші астан-кестеңі шыққан дүниенің кескінін, ашу-ыза
кернеп, үрейі ұшып, аспанға қолын соза есінен танған, тәңіріне жалбарынған
адамның жүзін бейнелеп, жан түршігерлік қылмыстың бейнесін жасады.
Фашизмге қарсы күреске шығу тегі жағынан испандық, Францияда жұмыс
істейтін суретші Пабло Пикассо белсенді араласты. Кубизмнің негізін
салушылардың бірі Пикассо 1937 жылы Герника қаласын фашистік авиацияның
тағылықпен бомбалауына қарсы ыза-кегін білдіріп "Герника" деп аталатын
сурет көрмесін ұйымдастырды. Пикассоның соғыстан кейінгі көптеген
суреттерінің тақырыптары фашизм мен соғысқа қарсы үндеу, бейбітшілік үшін
күресу туралы болып келеді. Таза реалистік мәнерде жұмыс істемесе де
Пикассо осы жылдары үлкен қоғамдық үндегі тамаша туындыларын жасады. Атап
айтсақ, "Бейбітшілік көгершіні", "Бейбітшілік жүзі", "Соғыс және
бейбітшілік". Оның еңбегі еленіп, оған "Халықтар арасындагы бейбітшілікті
нығайтқаны үшін" халықаралық Лениндік сыйлығы берілді.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы ұлттың мәдениеттің қарқынды
гүлденуіне әкелді. XX ғасырдың екшші жартысындағы әлемдік мәдениет әдеттен
тыс әр түрлілігімен ерекшеленді.
20-жылдардың барысында сурет өнерінде жаңа — абстракционизм ағымы дамыды.
Бұл ағымның жетекшісі Ресей суретшісі Василий Кандинский (1866—1944 жж )
болды. Абстракционистер ағымы қоршап тұрған шындықты бейнелеуден мүлдем бас
тартты. Суреттейтін заттар мүлдем өз бейнесіне ұқсамауы қажет.
Авангардтық бейнелеу ағымының бір тармағы сюрреализм (реа-лизмнен де
жоғары деген мазмұнда) болды. Бұл ағымның жетекшісі Салъвадор Дали болды.
Жалпы көрініс түрінде сюрреализм мағынасы жоқ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz