Корея халқының мәдениеті, Қазақстанмен қарым - қатынасы



Жоспар
І.
Корея елінің тарихы
ІІ. Қазақстан және Корея
а) Салт .дәстүрлері
ә) Мерекелері
б) Дәстүрлі киімдері
в) Екі елдің зәулім ғимараттары
г) Қолөнері

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
І Корея халқының тарихы
Корей атауы коре деп аталынған орта ғасырлық мемлекеттің атынан
пайда болған екен. Егер Чосон деген сөздің иероглифтік жазбасының
аудармасына көңіл бөлсек, онда коре - Таң самалы елі деген ұғымды
білдіреді. Жалпы бұл атау Корей құл иеленушілік мемлекеті болып тұрғанға
дейін өмір сүрген.
Корей-өзіндік тарихы мен бай мәдениеті бар ежелгі ел. Алайда ол қазір
екі мемлекетке (Солтүстік және Оңтүстік Корея) бөлініп отыр.
Корейлер негізінен ауыл шаруашылық кәсібімен айналысады. Сол себепті
бұл халық отырықшылық жағдайда өмір сүрді. Теңіз жағалауын мекендеушілер
балық аулау ісімен шұғылданса, таулы жердегі тұрғындар аңшылқ пен жабайы
(шипалық) шөптерді жинаулы кәсіп етті.

ІІ Қазақстан және Корея
а) Салт-дәстүр
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-
дәстүрлер, тұрмыс –салт дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып
үш үлкен топқа бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген
күнінен беру жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, сүйінші,
балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу,
атқа мінгізу, сүндет тойы, т.б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек
отбасы –жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған
азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
Осы күннің дәстүрлері той-мерекелерінің көп тараған кейбір түрлерінің
өткізілу рәсімдеріне тоқталмақпыз.
Шілдехана –халқымыздың қастерлі тойларының бірі. Шілдехана қазақ
халқының ежелгі дәстүрлі бойынша нәресте қырқынан шыққан соң өткізіледі.
Өмірге бала келуі кімге де болса үлкен бақыт, зор қуаныш. Бала -өмірдің
жалғасы, елдің болашағы.
Қазір шілдехана тойына нәрестенің ата-анасының туған-туыстары,
достары, еңбектес жора-жолдастары, көршілер, жалпы көңіл жақын адамдарды
шақырылады. Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау айтылып,
оның бүкіл тіршілігінің қайғысыз-уайымсыз, жақсы өмір кешуіне жүрек жарды
тілектер, жылы лебіздер білдіріледі. Оның ата-анасына да ізгі тілектер
айтылады. Ішкіліксіз өтетін, қазіргі тойлардың қатарына шілдехана да
кіреді.
Отбасының қуанышын қызықты өткізу үшін дастарқан мәзірін дайындаумен
қатар, тойдың мазмұн жағы ойластырылады.
Тойдың жинақы, мәнді де сәнді етуі асабаға байланысты, сондықтан той
иелері асабалық қызметті кез келген адамға тапсыра салмай, шешендік өнері
бар, жиналған қонақтарды аузына қаратып, оларды ән мен жырдың, өлең мен
шырайлы сөздің әуенінде ұстай білетін адамға жүктейді.
Осындай көңілді, сәні мен тәрбиелік мәні мол, ішімдіксіз өткен
шілдеханалар еліміздің озық дәстүріне айналып халық өмірінде тұрақты орын
алып келеді.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі,
мәдениетінің арқауы. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан
ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап,
оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі
іс.

Ал Корея халқының салт-дәстүріне келетін болсақ ,корейлердің отбасы әдетте
көп балалы болып келеді. Баланың дүниеге келуі мереке ретінде тойланған.
Тұрмыстың ауырлығынан, түрлі сырқаттың көбеюінен балалар нәресте кезінде
көп шетней берген. Сол себепті осындай кесепаттан және тіл мен күзден
сақтап қалу үшін балаларға түрліше ырымдар жасау әдетке енген. Мәселен,
ерте езде ер баланың бірнеше есімі болған. Егер бала ауқатты отбасынан
шыққан болса, есімі жақсы сөздерден таңдалып қойылған (Маржан, Әсем,
Айдаһар) егер шаруа адамның баласы –болса, Шошқа, Бақа, Ит және т.б.
делінген. Баланың есімі неғұрлым тұрпайы болса, соғұрлым оның өмірі жеңіл
болады деп түсінген Кейде ер балаға қыз баланың атын берушілік болған.
Ондағы мақсат баланы көз тиюден сақтау. Кейіннен бүлдіршіндердің сырт
бейнесіне, мінезіне қарай лайықты есім берген. Мәселен, Бүркіт-батылдық
бейнесі, Шелпек - жалпақ бет бала және т.б. Ең ақырында бала кәмелетке
толып, тиісті құжат алу уақытына жеткенде оған ресми есім берілетін болған.
Дәстүр бойынша бірінші немеренің есімін ата-тегіне қарай оның атасы қоятын
болған. Сондықтан ба, әлде басқаша жағдайдан ба, әйтеуір корей халқында
Ким, Ли, Пак, Цой деген есімдер көп тараған. 30-шы жылдары балаларына
орысша есім беру дәстүрі ене бастаған (Герасим, Агриппина). Бүл халықта
фамилия атынан бұрын келеді. Бір таңқаларлық жайт - корей халқында
әйелдердің ресми есімі болмаған. Олар әкесінің немесе некеге отырғаннан
кейін күйеуінің есімімен аталынған. Тек XX ғасырдың бас кезінен бастап қана
ұл балалар мен қыз балаларға туған күнінен бастап ресми есім беру тәртібі
енгізілген. Корей халкында өнеге аларлық және шығыс халқына барынша тән
әдет - қыз балаға қамқорлық жасап, оны отбасында еркелетіп тәрбиелеу.
Қыздарын жаксы көргендіктен Әсемім, Пысығым, Дәулетім деп атау дәстүрі
болған.
Корей халқы жайында материалдар іздестіру кезінде кез болған мына бір
жайға ерекше тоқталмасқа болмайды. Ерте кезде бүл халықтың әдет-ғұрпында
жасы кішілерге үлкендердің атын атап сөйлесуіне тыйым салынған. Сол себепті
мүнда "үлкен аға", "пэленің апасы", "тәте", "аға" деген сөздер кеңінен
қолданылған. Бүл дәстүр осы күні де өз мағынасын жоймаған. Кішілер
үлкендердің алдын кесіп өтпейді. Ендеше осыдан артық этнопсихологиялық
тәрбие болмақ па.
Корей халқына тән кең тараған құбылыс - баласы болмаған отбасының бала
асырап алу ғұрпы. Бір ескертетін жай - мұнда көбінесе өз туыстарының
баласын алуды дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ асырап алған ер балаға кейін
өзінің туған қызын қосу салты болған. Асырап алған баланы бақытсыздықтан,
пәле-жаладан сақтау ырымымен көп балалы, еңбек сүйгіш болып өскен отбасынан
алғанды ұнатқан.
Көп балалы әйелдің бірін оған ана етіп белгілеу салты да болған. Мұндай
жағдайда бала өз ата-анасының қолында қапа береді. Ал асырап алдым деген
ата-ана оны өз баласы санап, оның тәрбиесіне көп көңіл бөледі, сыйлықтар
әкеліп таратады. Бүл бала кейін ер жеткенде асырап алған ата-анаға
қамқорлығының қарымын қайтарып отырған. Бұрын да, қазір де корей халқында
қатаң сақталған тәртіп - балаларының өз ата-анасына ерекше құрмет
көрсеткен.
Қай халықтың болсын рухани мәдениетіні бүлінбес қоры - оның бай
фольклоры десек, корей халқының да ауыз әдебиеті деп жазба әдебиетінде,
әсіресе аңыз әңгімелеріне, ертегілеріне ұлағатты өнеге, ғибратты тәрбие
үлгілері, үлдары мен қыздарының ел сүйсінерлік бейнелері жасалған.
"¥рпақ тәрбиелеуде әр халықтың, әлденеше ғасырға созылған өзіндік
тарихи тағылымы бар. Ол жазу сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен,
ұлттық өнерінен, халықтың дэстүрі мен салт-санасынан, әдет ғүрпынан, бір
сөзбен айтқанда, мәдениет тарихынан өзекті орын алып, көрініс береді.
Өткенінің тәжірибесін бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз ұрпақтар
сабақтастығын елестету қиын".

ә) Мерекелері (Қазақстан және Корея )
Жыл бойы ақ мол, дән тасқыны көпір, жауын-шашын көп болсын деп, Қызыр
түні ыдыс атаулының бәрін дәнге (бидай, тары, арпа, сұлы, т.б. аққа (сүт,
айран,шұбат, шалап, уыз.т.б.) және кәусар бұлақ суына толтырып қояды. Қызыр
- адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге
көрінетін қиял-ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы, Күн нұрының символы
Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітіп
ал, тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен-мыс.
Күн сәулесі таңғы сағат 6 шамасыңда себезгілеп жер бетіне нұрын төккен
сәт біздің өңірімізде түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді екен. Сондықтан да,
қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22-сіне қараған түнгі сағат 3-те қарсы
алады.
Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның
соңғы етін уызға салып пісіріп, Ұйқыашар деп аталатын ерекше тағам
дайындайды. Ал, бозбалалар мен жігітер болса, қыздардың қолақысының
қарымтасы ретінде оларға айна, тарақ, иіссудан тұратын селт еткізер, дір
еткізер сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сьійлықтағы айна — пәктік пен
жастықтың, тарақ -әдемілік пен сұлудықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған
жауқазыңдай құлпырудың, жайнаудың белгісі саналады.
Түнгі сағат 3-ке таман ауып жастары бір асау тайыншаға ашамай ерттеп,
үстіне жаңдықуыршақ мінгізіп, мойнына қоңырау тағып, төбесіне бір шоқ
құстың қауырсынын (қарқара) тағады да, сағат дел 3-те қорадағы малды
үркітіп, иттерді шулатып, елді ұйқыдан оятып, тайьшшаның басын бос қоя
береді. Оның үстіндегі жандықуыршақ келе жатқан жаңа жылдың бейнесін
білдіреді. Ойын-күлкісіз, эзіл-қалжыңсыз өткен мереке мереке ме? Сол
себепті, жастардың мүндай қьшығына ешкім де реніш білдірмейді, қайта оларды
қоштап, ақ бата береді. Наурыз күні халық қуанышқа кенеліп, үстеріне бір
киер ең жақсы киімдерін киеді. ¥лыс күні жеті түрлі заттан - соғымнан
қалған сүр, қойдың басы сүт, езілген құрт бидай (тары, күріш), пияз жэне
сәбізден қазан толы көп көже, яғни наурыз көже . пісіріледі.
Корей халқында үш мерекенің аталынып өтуі міндетті көрінеді. Бірі
-баланың туған күні, екіншісі- үйлену тойы, үшіншісі - мүшел тойы (алпысқа
келуі). Бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша некеленген жастар жаңа ғана
кәмелетке толды деп саналған. Соған орай үйлену тойы да бірнеше кезеңге
бөлініп өткізілген. Арасына көп уақыт түссе де қызығы мен шыжығы өзара
сабақтастық тапқан. Тағы бір айта кетерлік жай - үйлену тойы міндетті түрде
сенбі, жексенбі күндері ғана өткізілуі тиіс. Қазақ халқының өміріндегідей
бұл халықта да құда түсу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік кореяның Қазақстандағы мүдделері
Қазақстан және Корея қарым қатынастары
Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру
Жапония — күн-шығыс елі
Корея Республикасының тарихы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Азиядағы жаңа индустриялы елдер экономикасы
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Оған сәйкес, еркін экономикалық аймақ
Пәндер