Экономика Метрологияның негізгі ұғымдары



Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Білік жүйесіндегі ж Қуыс жүйесіндегі қондырулар?Қуыс жүйесіндегі барлық қондырулар үшін қуыстың төменгі ауытқуы EI=0, негізгі қуыстың шақтама өрісінің жоғарғы шегі нольдік сызықпен беттеседі. Білік жүйесіндегі барлық қондырулар үшін біліктің жоғарғы ауытқуы es=0, біліктің шақтама өрісінің жоғарғы шегі нольдік сызықпен беттеседі. Негізгі қуыстың шақтама өрісін жоғарғы, ал негізгі біліктің шақтама өрісін нольдік сызықтан төмен, тетіктің денесіне қарай өткіземіз. Мұндай шақтама жүйесін бір жақ шекті деп атайды. Біраттас қондырулардың сипаттары шекті саңылау мен керіліс қай қондыруға болмасын қуыс жүйесінде де, білік жүйесінде де бірдей. Қуыс пен білік жүйелерін құрылымдық және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты таңдайды. Қуыс жүйесіндегі барлық қондырулар үшін қуыстың төменгі ауытқуы EI=0, негізгі қуыстың шақтама өрісінің жоғарғы шегі нольдік сызықпен
беттеседі. Білік жүйесіндегі барлық қондырулар үшін біліктің жоғарғы ауытқуы es=0, біліктің шақтама өрісінің жоғарғы шегі нольдік сызықпен беттеседі. Негізгі қуыстың шақтама өрісін жоғарғы, ал негізгі біліктің шақтама өрісін нольдік сызықтан төмен, тетіктің денесіне қарай өткіземіз.
Мұндай шақтама жүйесін бір жақ шекті деп атайды. Біраттас қондырулардың сипаттары шекті саңылау мен керіліс қай қондыруға болмасын қуыс жүйесінде де, білік жүйесінде де бірдей. Қуыс пен білік жүйелерін құрылымдық және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты таңдайдыҚуыс жүйесіндегі қондыруларда әр түрлі саңылаулар мен керілістер әр түрлі біліктердің негізгі қуыспен бірігуінің арқасында пайда болады да, Н деп
белгіленеді. Білік жүйесіндегі қондырулар әр түрлі саңылаулар мен керілістер әр түрлі қуыстардың негізгі білікпен бірігуінен пайда болып, h деп белгіленеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері.Қажет болағанда, сессиялар арасында (жылына 8-10 рет) күнделікті және рәсімдеу мәселелерін шешу мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымы барлық қатысушыларының өкілдерінен тұратын Бас кеңес шақырылады. Оған қоса, Бас кеңес Дауларды шешу жөніндегі органның және сауда саясатын шолу жөніндегі органның қызметін реттейді. Бас директордың басқаруымен Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы кеңесі және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелерін жөніндегі басқа органдар жұмыс істеуде. Оған қоса, тауарлар мен қызметтер саудасына әсерін тигізетін саясатты жетілдіру және жүзеге асыру механизмі жөніндегі мәселелер қарастырылады. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс: -- Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды; -- Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер; -- Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді; -- Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін әділетсіз тәсілдерді жою, -- Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау.
Заңдастырылған матрология д.не?заңдық метрология - метрологияның уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi;
ИСО мақсаттары мен міндеттеріИСО іс-әрекеті электротехника және электроника саласынан басқа саланың бәрін қамтиды. Электротехника және электроника саласы Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) құзырлығында. Кейбір жұмыстарды бірігіп те істейді. ИСО стандарттаудан басқа сертификаттау жұмыстарымен де айналысады. ИСО құрамында бүгінде 146 (2003 жылғы ақпарат бойынша) мемлекеттің ұлттық стандарттау ұйымдары кіреді.ИСО-ның басшы және жұмыс органдары: Бас ассамблея (жоғарғы орган), Кеңес, Техникалық басқару бюросы. Жұмыс органдары - техникалық комитеттер (ТК), подкомитеттер (ПК), техникалық кеңесші топтар (ТКГ).ИСО Кеңесіне 7 комитет бағынады: ПЛАКО (техникалық бюро), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерделеу комитеті); КАСКО (сәйкестікті бағалау комитеті); ИНФКО (ғылыми-техникалық ақпараттар комитеті); ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету комитеті); КОПОЛКО (тұтынушылар мүддесін қорғаушы комитет); РЕМКО (стандарт үлгілер комитеті).
Қызметтік шақтамалны қалай ту.з?Қызметтік Т F және Т F S шақтамалар рұқсат етілген пайдалану-көрсеткіштерімен бұйым жұмыс істей алатындай ең үлкені болуы керек.Шақтама мен қондырудың біртұтас жүйесі (МЕСТ 25346-89, СТ СЭВ 145-88)дәлдік деңгейлерін 20 дәлдік квалитеттерімен есептелінеді. Дәлдік дәрежесі-бұйым жасауға берілетін шақтама шамасын анықтайды, ол дегеніміз машина-тетіктерін өңдеуге сәйкес әдістер мен өңдеу құралдарына берілетін шақтама.
ҚР МТРЖ нормативтік негізін қандай құжаттар құрайды?Мемлекеттік стандарттау жүйесінің функционалдық және ұйымдық методологиялық сұрақтары мемлекеттік стандарттаудан негіздейтін кешенінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі негіз қалаушы стандарттары келесі құжаттардан тұрады: 1. ҚР СТ 1.0-2000 ҚР МСЖ Негізгі жағдайлар. 2. ҚР СТ 1.1-2000 ҚР МСЖ Стандарттау және аралас қызмет түрлері. Терминдер және анықтамалар 3. ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды өңдеу тәртібі. 4. ҚР СТ 1.3-2000 ҚР МСЖ Техникалық жағдайларды мемлекеттік тіркеу, бекіту, келістіру және өңдеу тәртібі. 5. ҚР СТ 1.4-99 ҚР МСЖ Фирмалар стандарттары. Негізгі жағдайлар. 6. ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың мазмұнына, мағынасына, құрылуына және безендірілуіне қойылатын жалпы талаптар 7. ҚР СТ 1.6-96 ҚР МСЖ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттарының тұп нұсқасы мен көшірмелерін есептеу, сақтау және қайта шығару тәртібі 8. ҚР СТ 1.7- 98 ҚР МСЖ Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау". 9. ҚР СТ 1.9- 99 ҚР МСЖ Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша халықаралық, аймақтық және ұлттық нормативті құжаттарды пайдалану тәртібі. 10. ҚР СТ 1.12-2000 ҚР МСЖ Мәтіндік нормативті құжаттар. 11. ҚР СТ 1.14-2000 ҚР МСЖ Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
ҚР Техникалық реттеу туралы Заңының мақсатыТехникалық реттеудің негізгі мақсаттары:1) міндетті регламенттеу саласында:
өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;саудадағы техникалық кедергілерді жою;2) стандарттау саласында:отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
Қазақстандағы стандарттаудың нормативтік базасының дамуыҚазақстан Республикасындағы алғашқы стандарттаудың құқықтың негізі 1993 жылы Сертификаттау және стандарттау туралы Қазақстан Республикасының заңында бекітілген. Стандарттау сөзі латынша стандарт-эталон яғни үлгі деген мағына береді.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Қазақстанда метрологиялық даму кезеңі ең алғаш 1923 жылдан басталады. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды. 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатасы болып өзгертілді. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. 1995 жылы Қазақ республикасының стандарттар мен өлшеу техникаларын мемлекеттiк қадағалау зертханасы Қазақ республикасының метрология және стандарттау орталығы болып қайта құрылды.
Қызметті Міндетті сертификаттау кезінде қандай құж.толтырыладыҚызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген: 1) Органға сертификаттауға өтінім беру;2) өтінім бойынша шешім қабылдау;3) сертификаттау схемасын таңдау;4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;8) Сертификат беру;9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).
Қызметті сертификаттауда қандай сұлбалар қолданыладыҚызметке қойылатын жалпы талаптардың сандық сипаттамаларына күту уақыты, орындалу мерзімін сақтау, қызметкерлер саны мен жабдықтар саны т.б. жатады. 1 сұлба - жұмыс жағдайын, нормативтік және технологиялық құжаттарды білу, жұмыс тәжірибесі, кәсіпқойлықты көтеру туралы мәліметтер, қызмет нәтижесін таңдап тексеру және соңынан жүргізілетін инспекциялық тексеруді қамтитын орындаушы шеберлігін бағалауды қарастырады. 2 сұлба - екі тәсілмен іске асатын қызмет көрсетілу процесін бағалауды қарастырады: технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайын тексеру, немесе қызмет сапасын бағалау мен инспекциялық тексеру.3 сұлба - қызмет нәтижесін толық тексеру, қызмет нәтижесін таңдап тексеру арқылы инспекциялық тексеруді қарастырады. Бұл сұлбаны материалдық қызмет көрсету, сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша бұйым жасау мен жөндеу кезінде қолданады. 4 сұлба - кәсіпорынды аттестаттау және инспекциялық тексеруді қарастырады.5 сұлба - сапа жүйесін сертификаттау мен оның жұмыс жасау тұрақтылығын инспекциялық тексеру қарастырады.
ҚР міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізіміҚазақстан Республикасы заңнамасымен міндетті және ерікті сертификаттау түрлері қарастырылған. Өнімнің (процестердің, жұмыстың, қызметтің) сәйкестігін ҚР территориясында растау ерікті және міндетті сипатта. Міндетті сертификаттау қоршаған ортаның, адам өмірі мен денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнім мен қызметке таратылады. Осы тауарларға заң жүзінде бекітілген талаптар ішкі нарықта барлық өндірушілер мен елге шеттен әкелушілермен орындалуы тиіс. ҚР міндетті сертификаттауға жататын, сәйкестік декларациясымен сәйкестігі расталатын тауар мен қызмет түрлерінің тізімдері Мемстандарт ұсынуымен ҚР өкіметінің қаулысымен регламенттеледі және арнайы реестрде тіркеледі. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізіміне машинажасау, электротехника, прибор жасау, медициналық техника, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары, шикізат пен ағаш өңдеу өнімдері, демалу ағзаларын қорғау құралдары, таралар, пиротехникалық бұйымдар, ветеринарлық биологиялық препараттар кіреді. Көрсетілетін қызмет тізіміне жолаушы тасымалдау, байланыс, туристік және экскурсиялық, сауда, қоғамдық тамақтану кіреді.
ҚР ерікті сертификаттауға жататын өнімдердің тізіміЕрікті сертификаттау өнімдерге,қызметтерге немесе процестерге арналған стандарт талаптарын немесе басқа нормативтік құжаттар талаптарын қатаң қадағалау кезінде, яғни, стандарт немесе нормалар қауіпсіздік талаптарына қатысты емес болып және тауар өндіруші үшін ерікті сипатқа ие болған кезде жүргізіледі. Ерікті сертификаттауға қажеттілік сертификаттау обьектілерінің стандарттарға немесе басқа нормаларға сәйкессіздігі кезінде туындайды, өндірушінің экономикалық қызығушылығын оятады.
ҚР Мұнай өнімдерін сертификаттауМұнай өнімдерін сертификаттау жүйесі мемстандарттың қаулысымен енгізілген. Жүйе аумағында халықтық шаруашылыққа арналған мұнай өнімдерінің кең номенклатурасын сертификаттау қарастырылған.Жүйеде қолданылады:моторлық жанар жағармайдың барлық түрі (ракетанікінен басқасы, қатты әрі күнделікті қолданылатын);турбиндік, компрессорлық, трансмиссиондық, гидравликалық және мұздатқыш жағылатын майлар;пластикалық жақпалар;қатты жағу.Мұнай өнімдерін сертификаттау жүйесі міндетті, сонымен қатар ерікті сертификаттауды қарастырады. Ол өнімді дайындаушы, сатушы немесе тұтынушы санатынан жүргізіледі. Міндетті сертификациялауға жататын мұнай өнімдерінің номенклатурасын ҚР мемстандарты орнатады.
Қондырулар түрлері.?Қондыру деп тетіктерді арасында болатын саңылау мен керіліс шамасына қарай анықтайтын біріктіру сипатын айтамыз. Қондыру біріктірілетін тетіктердің еркін қатынасты қозғалуын, немесе өзара жылжуға көрсететін тойтарыс дәрежесін сипаттайды. Саңылаулы қондыру - біріктіруде арасында саңылау болуын қамтамасыз ететін қондыру. Керілісті қондыру - біріктіруде тетіктер арасында керіліс болуын қамтамасыз ететін қондыру. Ауыспалы қондыру - біріктіруде арасында керіліс те, саңылау да болуын қамтамасыз ететін қондыру(қуыс, білік шақтама алаңдары жартылай немесе түгелжабылып орналасады).
Қазіргі уақытта метрология мынадай түрлерге бөлінеді:өлшемдердің жалпы теориялық проблемалары қарастырылатын теориялық метрология;метрологияның тарихын, оның даму үрдістерін зерттейтін тарихи метрология;өзара байланысты жалпы ережелердің, талаптар мен нормалардың, сондай-ақ мемлекет тарапынан реттеу мен бақылауды қажет ететін басқа да мәселелер кешенін қамтитын заңдылық метрология;өлшем әдістері мен құралдарын іс жүзінде қолдану мәселелерімен айналысатын қолданбалы метрология.Метрологияның өндірістің тиімділігін, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттырудағы маңызы артып келеді. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеудің дәлдігін үнемі арттыруды қажет етеді. Адам нанотехнологияларды ойластырды, яғни жұмыстар молекулалар деңгейінде жүргізілуде, яғни, микропроцессорлық техника жасалуда. Сондықтан өндірістік кәсіпорындардың, ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдар мен қызметтердің қызметін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуге тиіс. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері дұрыс шешілген жағдайда ең жақсы нәтиже береді және жаңа өнім жасаудың, технологиялық процестерді әзірлеу мен игерудің, өндірісті ұйымдастырудың бастапқы сатыларында жүзеге асырылганда барынша аз шығынды қажет етеді.
Машина жасау саласындағы біріктірулер түрлері?Машина тетіктері жабық беттермен, цилиндр, конустық, сфералық жайпақ және басқа да жай беттермен аралас шектелген. Тетіктердің геометриялық параметрлерін талдау негізінде мынадай беттерді байқаймыз: пішіні сызбада берілген номинал беттер, өңдеу нәтижесінде алынған нақты беттер. Бет пішімінің ауытқуы деп нақты беттің пішімінің номинал пішімінен ауытқуын айтамыз. Тетікті өңдеу кезінде, бұйымды жинау уақытында бірқатар әсерлерге байланысты пішім мен өлшем ауытқулары пайда болады: техникалық жүйенің элементтерінің қаттылығынан, негіздеу принциптерінен, өңдеу әдістерінен және т.б. Беттердің бөшкетәрізділік, конустық, ертоқымтәрізділік, овалдық, қырлылық сияқты пішін ауытқулары пайда болады.
Метрологияның негізгі ұғымдары
Экономика Метрологияның негізгі ұғымдары
Жалпы метрология дегеніміз не? Метрология -- жеке мөлшерлерді өлшеу, талап етілетін дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым. Адам үнемі бірдеңені өлшеу, мөлшерді анықтау, қанша уақыт қажет екенін, объектінің қаншалықты алыс орналасқанын білу қажет болатын әлемде өмір сүреді. Мұндай сан ақпаратынсыз адам негізді шешім қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасай алмайды.Қазіргі кезеңдегі метрология ғылым пән ретінде өзінің және шет елдердің өлшем бірліктерін сипаттаумен айналысқан пайда болу сатысын, ең соңында эталон жасалатын өлшем туралы ғылым деп аталатын өскелең шақты бастан өткеріп, есейе келе құдыретті физиканың тарауына айналды, сонымен бірге математикалық әдістерді игеріп, қоршаған әлемді дұрыс бағалайтын өлшем құралдарымен қамтамасыз ететін аспап жасауды басқаратын болды. Академик А.П. Александров: Метрология біздің уақытымызда өте қажет, адамның көзқарасының іргетасының қалануы, сонымен бірге еңбекшілердің әл-ауқаты да соған байланысты -- деп жазды.
Метрологияның негізгі міндеттері:жеке мөлшерлердің, мемлекеттік эталондар мен үлгілік өлшеу құралдарының (ӨҚ) бірліктерін белгілеу;өлшеу мен бақылау теориясын, әдістер мен құралдарын әзірлеу;өлшеу мен біркелкі ӨҚ бірыңғайлығын қамтамасыз ету;дәлсіздіктерді, ӨК жай-күйін бағалау мен бақылау әдістерін әзірлеу;эталондардан немесе үлгілік ӨҚ-дан жұмыста қолданылатын ӨҚ-ға көлемдерді беру әдістерін әзірлеу.
Метрология Пәні дегеніміз не?Метрология деген термин екі грек сөзіне келіп тіреледі: metron, аудармада өлшем, және logos - ғылым. Метрологияның дамуы XX ғасыр соңына келді және ол жаңа технологиялармен тығыз байланыста. Осыған дейін метрология тек сипаттаушы ғылыми пән болатын. Пәнді дамытуда 1892-1907жж. Аралығында ресейлік ғылым саласын басқарған Д. И. Менделеев еңбегі орасан зор. Сонымен метрология:1) өнімді ұзындық, салмақ, көлем, шығын, қуат көрсеткіштері бойынша есептеу әдістері және құралдарын;2) физикалық шамалар және техникалық параметрлерді, заттардың құрамы мен қасиеттерін өлшеу;3) технологиялық процестерді тексеру және реттеу үшін өлшеулерді қарастырады.метрология - өлшеу, өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым.
Метрологияның Қазақстандағы даму тарихы?Қақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды.1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын.Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. 1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды.Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді.Қазақстанда метрологияның қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. 1971 жылы ақпан айында КСРО-ң Қазақтың республикалық мемлекеттік стандарт басқармасы құрылады.
Міндетті және ерікті сертификаттау. Қазақстан Республикасы заңнамасымен міндетті және ерікті сертификаттау түрлері қарастырылған. Өнімнің (процестердің, жұмыстың, қызметтің) сәйкестігін ҚР территориясында растау ерікті және міндетті сипатта. Міндетті сертификаттау қоршаған ортаның, адам өмірі мен денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнім мен қызметке таратылады. Осы тауарларға заң жүзінде бекітілген талаптар ішкі нарықта барлық өндірушілер мен елге шеттен әкелушілермен орындалуы тиіс. ҚР міндетті сертификаттауға жататын, сәйкестік декларациясымен сәйкестігі расталатын тауар мен қызмет түрлерінің тізімдері Мемстандарт ұсынуымен ҚР өкіметінің қаулысымен регламенттеледі және арнайы реестрде тіркеледі. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізіміне машинажасау, электротехника, прибор жасау, медициналық техника, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тауарлары, шикізат пен ағаш өңдеу өнімдері, демалу ағзаларын қорғау құралдары, таралар, пиротехникалық бұйымдар, ветеринарлық биологиялық препараттар кіреді. Көрсетілетін қызмет тізіміне жолаушы тасымалдау, байланыс, туристік және экскурсиялық, сауда, қоғамдық тамақтану кіреді. Сәйкестікті міндетті түрде растау екі пішімде өткізіледі: өндіруші кәсіпорын сәйкестік декларациясын қабылдайды; міндетті сертификаттау жүргізіледі. Тізімге кірген отандық немесе импортталған өнім сатылуға тек сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Пішім беттерінің ауытқулары?Бет пішімінің ауытқуы деп нақты беттің пішімінің номинал пішімінен ауытқуын айтамыз. Тетікті өңдеу кезінде, бұйымды жинау уақытында бірқатар әсерлерге байланысты пішім мен өлшем ауытқулары пайда болады: техникалық жүйенің элементтерінің қаттылығынан, негіздеу принциптерінен, өңдеу әдістерінен және т.б. Беттердің бөшкетәрізділік, конустық, ертоқымтәрізділік, овалдық, қырлылық сияқты пішін ауытқулары пайда болады. Өлшемдер. Тағайындалуы бойынша өлшемдер, пішімі мен шамасын анықтаушы құрастыру, жинақтау және габариттік өлшемдерге бөлінеді. Құрастыру өлшемдерін тетіктерді беріктік пен қаттылыққа есептеу арқылы анықтаймыз; габариттік өлшемді шығып тұрған бөлшектері бойынша анықтаймыз: құрастыру және жинақтау өлшемдері тетіктер мен бірліктердің бір-біріне қарағанда қалай орналасқандығын сипаттайды, жинақтау бұйымдары жалғастыру беттері бойынша анықталады. Сонымен бірге номиналды, нақты және шекті өлшемдер болады. Номиналды өлшем (D, d, l және т.б) - ауытқу санаудың басы болатын және соған қатысты шекті өлшемдерді анықтайтын өлшемді айтамыз. Нақты өлшем - рұқсат етілген қателікпен өлшеу арқылы анықталған өлшем. Бұл термин тетікті абсолютті дәл өлшеммен жасап шығаруға және өлшеуге мүмкіндік болмаған соң пайда болды. Тетіктің шекті өлшемі - екі шекті рұқсат етілген өлшем, екеуінің арасында тұратын немесе жарамды тетіктің нақты өлшемі тең болатын өлшем. Үлкені - ең үлкен шекті өлшем, кішісі- ең кіші шекті өлшем деп аталынады. Оларды қуыс үшін Д max , Д min , ал білік үшін d max , d min деп белгілейміз
Сертификаттау объектілері. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс: - сертификаттау объектілері анықталуы; - талаптарына сәйкестігін анықтауға арналған нормативтік құжаттардың түрлері мен категориялары бекітілуі; - сәйкестікті растайтын сынақтарды жүргізу реті мен ережелері қалыптастырылуы; - сертификаттау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалуы, яғни сәйкес салада аккредиттелген сертификаттау органы мен сынақ зертханалары болуы.Сертификаттау объектілері өнім, көрсетілетін қызмет, процесстер, жұмыстар және сапа жүйелері(өндіріс).Бірінші кезеңде елде шығарылатын және әрдайым шетелге импортталатын өнімнің түрін анықтау жөн. Келесі кезеңде ҚР орналасқан сынақ зертханаларында сыналатын өнімдерді реттеу. Міндетті сертификаттауға жататын объектілер түрлерін анықтау үшін, өндірілетін және тұтынылатын өнімге талдау жүргізу және келесі шарттарды ескеру қажет: өнім үлкен көлемде шығарылып, үнемі импортталуын; өнім немесе қызметтің техникалық сипаттамасын анықтайтын, ҚР жұмыс жасайтын нормативтік құжаттың (ГОСТ немесе СТ РК) қажеттілігі. Қахақстан мемлекетінде міндетті сертификаттауға жататын өнімнің тізімі мен сәйкестік декларациясымен расталатын өнім тізімі бар. Соңғы тізім өнім қауіпінің дәрежесін, сертификаттау жұмыстарының шығынын азайту жағын ескере отырып жасалған.
Сертификаттау кезіндегі инспекциялық тексеру мәселелері недеСәйкестік сертификатын берген орган сертификатталған қызметке инспекциялық тексеру жүргізеді, тексеруге мыналар кіреді:сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;инспекциялық тексеру жүргізу үшін комиссия ұйымдастыру;тексеру жүргізу;тексеру нәтижелерін рәсімдеу және шешім қабылдау.Инспекциялық тексерудің көлемі мен мерзімділігін сертификаттау органы сертификатталған қызметтің жағдайы мен сапасының тұрақтылығына байланысты анықтайды, бірақ жылына бір реттен кем емес.Көрсетілетін қызмет сапасына шағымдану туралы ақпарат бірнеше рет түссе, кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізіледі.
Сертификаттауғы қатысушыларӨнімнің сапалы, дұрыс жасалынғандығына көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сай екенін және оның сәйкестігі туралы ақиқатты айғақтарды қалай алуды білу керек. Осындай айғақтың баршаға танымал әдісі сәйкестік сертификаты. Бүгінгі күні сертификаттау деп, үшінші бір жақтың ұқсастырылған өнімнің, процесс немесе қызметтің нақты бір стандартқа, нормативті құжатқа сәйкестігін дәлелдейтін іс-әрекетін айтамыз. Өнім өндірушілер мен оларды тұтынушыларға тәуелсіз үшінші жақтың жүргізген сынақтарының нәтижелері ақиқатты деп саналады. Үшінші жақ деп өндірушіге (бірінші жақ), тұтынушыға (екінші жақ) тәуелсіз деп танылған тұлға немесе органды айтамыз. Сонымен, сертификаттау дегеніміз өнімнің, қызметтің, процестің белгіленген талаптарға сәйкестігін растап, жазбаша кепілдік беретін іс реті.
Стандарттаттау түрлері ж принциптері?Стандарттар түрлері: негізқалаушы стандарттар; өнім, қызмет стандарттары, жұмыс, процес стандарттары; бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары. Негіз қалаушы стандарттарды ғылым, техника және өндірістің түрлі саласындағы іс-әрекеттің өзара байланысы және техникалық бірыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатымен дайындайды. Өнім, қызмет стандарты өнімнің, қызметтің нақты бір түріне немесе біртекті өнімдер, қызметтер топтарына қойылатын талаптарды бекітеді. Жұмыс, процес стандарттары өнімнің өмірлік циклының түрлі кезеңдерінде жүргізілетін нақты жұмыс түрлеріне қойылатын талаптарын тағайындайды.. Бақылау, сынау, талдау әдістері стандарттары өнім стандартында берілген міндетті талаптарды жанжақты және толығымен бағалауды қамтамасыз ететін бақылау әдістемесін қолдануды ұсынады.
Стандарттау д.неСтандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу құралдарының қателіктерін нормалау
Стандарттау сертификаттау,метрология туралы ұғым
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы. Өндірістік тәжірибе бойынша есеп
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласындағы өндірістік тәжірибе бойынша есеп
Бір ретті жаңама өлшемдер нәтижелерін өңдеу
Қазақтың тарихи метрологиясы
Өлшеудің стандартты емес құралдарын метрологиялық аттестаттау
Метрология және техникалық өлшеу
Стандарттау жүйесінің халық шаруашылығындағы маңызы
Метрологияның негізгі ұғымдары
Пәндер