Жоғарғы мектептегі оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс - жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады.
Оқыту әдiсi дидактиканың негiзгi бiр құрамды бөлiгi болып табылады. Себебi, оқыту процесi оның мақсаты, мазмұны, әдiстерi және ұйымдастыру формаларының бiртұтастығы болып табылады.
Әдiс деген сөз гректiң ''metodos'' деген сөзiнен шыққан. Метод деген ұғым белгiлi ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудiң жолдары деген мағынаны бiлдiредi. Оқыту әдiстерi туралы әрбiр автор өз анықтамасын бередi.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздiк ''әдiс'' - мақсатқа қол жеткiзетiн жол, тәсiл, белгiлi жолмен тәртiпке салынған iс-әрекет''- деген анықтама бередi.
Оқыту әдiсi - білім алушыларға бiлiм беру және оларды дамыту мақсатында оқытушы мен білім алушылардың бiрлесiп жасайтын қызметi мен қарым-қатынасының тәсiл-амалдары - деген де пiкiр айтылады.
Оқыту әдiстерi - оқытушы мен білім алушылардың жұмыс iстеу әдiсi, оның арқасында бiлiм, iскерлiк, дағды қалыптасып, білім алушылардың дүниетанымдылығы мен қабiлеттiлiгi артады. Оқыту әдiстерi - оқытушы мен білім алушылардың бiрлесе жасайтын әрекетi.
Оқыту әдiстерi - оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекетiнiң барысында бiлiм алу жолдары.
Оқыту әдiстерi - оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекетiнiң негiзiнде бiлiм, тәрбие және таным процесiн жетiлдiру.
''Әдiске'' қатысты анықтамаларда бәрiне ортақ пiкiр: ''белгiлi бiр мақсатты көздеген оқытушы мен білім алушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас және iс-әрекет''.
Олай болса оқыту әдiстерi - оқытудың мақсат-мiндеттерiне сай оның мазмұнын білім алушыларға меңгертуде оқытушы мен білім алушылардың қолданатын амал-тәсiлдерi мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Оқытушы оқыту әдiстерiнiң көмегiмен білім алушыларға бiлiм берiп, олардың тәжiрибелiк әрекетiн ұйымдастыруда өзiнiң iс-әрекетiн білім алушылардың таным әрекетiне басшылық етумен байланыстырады.
Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады.
Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әртүрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны танымды басқаға беру әдісі (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы деп көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әртүрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі - бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері - тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт төңкерісті бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі - үлгі болып табылады мұғалім - ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі - ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі - осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі - дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және' әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады.
Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін - тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер). Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.
Оқытушы оқытудың нәтижесiн арттыруда оқыту әдiстерiне қатысты амал-тәсiлдерiмен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кiтаптары, көрнекi және техникалық құралдар жатады.
1. Оқу кiтаптары - оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кiтаптар, анықтамалар, сөздiктер, есептер жинағы т.б.
2. Көрнекi құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.
3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. Сабақтар жүйесiнде оқытудың әр алуан әдiстерiн мұғалiмнiң пайдалана бiлуi оқыту процесiнiң дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай дейдi: ''Қандай мұғалiм болмасын, әдiстердi неғұрлым көп бiлуге тырысуға, оларды көмекшi шара ретiнде қабыл алуға тиiстi. Оқушының сабақ түсiнуiндегi қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшiлiгi емес, қайта өзiмнiң сабақ оқытудағы кемшiлiгiм деп қабылдауға тиiстi. Жаңа тәсiлдердi ойлап табу жөнiнде өзiнiң қабiлетiн дамыта беруге ұмтылуға тиiстi''.
Сондықтан, әрбiр оқытушы сабаққа дайындалу барысында оқу материалын білім алушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемi шығармашылықпен жұмыс iстеуi тиiс.
Оқыту процесiнде білім алушыларға ғылым негiздерiне сай терең де тиянақты бiлiм беру, оларды адамгершiлiк рухта тәрбиелеу және дамыту мiндеттерiн шешудегi оқытушының басшылық ету тәсiлдерi, амалдары мен құралдарының бiртұтастығын оқыту әдiстерi демекпiз.
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы - оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы - нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады. Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі - зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі - уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің ӛзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар әдістер теориясының дағдарысын білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін, ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.
Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу - танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық ӛнердің бык шины болып кед және ары қарай да солей болып бала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс- әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция рөлін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.
Интербелсенді оқытудың мәні мен оқыту әдістері.
Интербелсенді (интерактивті) оқуоқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген интерактив сөзі де осы ұғымды білдіреді: inter дегеніміз өзара мағынасында, ал act - әрекет жасау дегенді білдіреді.
Басқаша айтқанда, интербелсенді дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
Интербелсенді дегеніміз диалог арқылы үйренуүйрету, яғни үйретуші - үйренуші, үйренуші - үйренуші, үйренуші - өзімен өзі форматтарында жасаған қарым-қатынас (әңгіме, сұхбат, бірлескен әрекеттер). Интербелсенді оқуоқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
1) барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Сонымен интербелсенді оқуоқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйренуоқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.
Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады.
Интербелсенді оқуоқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқудаүйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:
- терең ойлануға;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
- ақпаратты жан-жақты талдауға;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- басқа да балама пікірлерді ескеруге;
- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;
- жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқуоқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,
- ситуативтік және рөлдік ойындар,
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар, т.б.
Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың с-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.
Кесте 7. Интербелсенді оқуоқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары
Қағидалар
Мақсаттар
Орта Қалыптастыру
-Білім алушы оқыпүйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
- Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым- қатынас орнату;
- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу
Бірлескен әрекеттер арқылы үйретуүйрену
-Үйренушілерге білімнің ӛзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;
-Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру
өмірмен байланыстыру
-Үйретуүйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру
Өзінділік пен дербестікке баулу
-Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау);
- Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, ӛзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіру).

А.Алимов ұсынған интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері:
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау. Аудитория (сынып бөлмесі, кабинет) үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын сан рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет. Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек. Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда тақта (оған қоса жылжымалы немесе интерактивті тақталар болса тіпті жақсы), қолда бор, қағаз (А-1 және А-4 форматтардағы), маркерлер болғаны дұрыс.
Екінші ереже. Топқа бөлу. Әр сабақта үйренушілерді шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Шәкірттерді шағын топтарға 4 адамнан бөлген тиімді. Олардың партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырғаны дұрыс.
Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда жыл бойы бір шәкірт басқалармен барлық сабақтарда топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым- қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау. Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.
Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді.
Сонан соң үйренушілердің өздері де сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде ӛзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек? деген сұрақтар тӛңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.
Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.
Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды қатаң ұстану арқылы үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде жұмыс жасауға үйрету. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі-түсті маркерлермен жазып, аудиторияның кӛрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емей, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға тырысады.
Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жӛн. Мәселен, Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!, Тұлғаның жеке басын сынамай, көқзқарас пен пікірді сынайық!. Кешікпейік!, Қысқа да нұсқа сөйлейік!, Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!, Берілген тақырыптан ауытқымайық!, Біз үшін әрбір пікір құнды!, Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!, т.с.с.
Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық:
- өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,
- оң нәтиженің шығуына күмәндану,
- жазалаудан немесе күлкімазаққа жығылудан қаймығу,
- еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау),
- назарын жинақтай алмау (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың әсерінде болу).
Үйренушілердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау аппаратын белсенділендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер арқылы аудиториядағы үйренушілер ӛздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымның ӛкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады.
Ойсергектер келесі мазмұнда болуы мүмкін:
1. Жағымды психологиялық сезімкөңіл қалыптастыратын әрекеттер.
2. Логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (есептер, мәселелер, жұмбақтар).
3. Көңіл көтеретін ойын түріндегі с-әрекеттер.
4. Өзіңді таны тақырыбындағы психологиялық тестер.
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.
Интербелсенді оқу аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек.
Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.
Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі, тыңдай білген қиын да шығар. Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.
Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен кӛзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (сӛйлеуші, шешен, спикер, капитан, т.б.) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.
Үйренудің басты мақсаты - тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары) - ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар МЕН тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды.
Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны.
Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.
Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің пікірлері. Олар Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?, Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?, Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?, Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Пәндер