Жоғарғы мектептегі оқыту үдерісі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоғарғы мектептегі оқыту үдерісі

Педагогикалық үрдіс - білім алушы тұлғасының жағдайын өзгертуге бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді әрекетінің негізіндегі өзара әрекеттесу процесі. (Б. Т. Лихачев) Педагогикалық үрдіс - белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға өзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын ӛзара әрекеттесу процесі (И. П. Подласый) . Біртұтас педагогикалық үрдіс - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқытушы мен білім алушылардың ӛзара әрекеттесу процесі (Н. Д. Хмель - Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым) . Сонымен, біртұтас педагогикалық үрдіс - ол оқытушы мен білім алушылардың ӛзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады. Біртұтастық - ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Біртұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән. Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері - мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық - БПП әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжамданады. Екіжақтылық - процестің нәтижесінің тиімділігі оқытушы мен білім алушылардың әрекеттерінің ӛзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты. Тұтастық - процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты. Жоғары мектептегі біртұтас педагогикалық үрдіс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, оқытушы әрекеті, білім алушы әрекеті. Оны келесі сызба арқылы көрсетуге болады.

Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс құрылымы Педагогикалық процестің бөліктерінің өзара байланысына талдау жасаудың маңыздылығы оқытушының практикалық жұмысының тиімділігін арттыру саласында ғана емес, оның алдын ала жоспарланған нәтижелер алу үшін мектептің жақсы тәжірибесін модельдеуде белгілі маңызы бар. Қойылған міндеттерге жетудің тиімділігін анықтайтын құралдар мен әдістерді таңдап алу оқытушылардың әдіснамалық ұстанымдарына байланысты. Нақты айтса, ол оқытушының тұтас педагогикалық үрдіс заңдары мен заңдылықтарын білуіне байланысты. Педагогикалық үрдіс мәнін анықтайтын келесі педагогикалық үрдіс заңдары айқындалған: - бала өзінің белсенді шығармашылық іс-әрекеті негізінде ғана өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесінің мұрагері болады. Осыдан жасалатын Әдіс-тәсілдер, формалар мазмұн Оқытушы әрекеті Нәтиже студент мақсат әрекеті қорытынды, жоғары мектепте студент кәсіби білім мен іскерлік жүйесін меңгеру үшін белсенді және саналы ізденіс пен шығармашылық әрекеттерінің субъектісіне айналу керек. - Индивидтің тұлға ретінде дамуы өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын табуға даяр, белгілі бір әлеуметтік-азаматтық статуста («барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы ретіндегі») әлеуметтену үрдісінде, социумға кіру барысында жүзеге асады, жас өсе келе бірте-бірте әлеуметтік белсенділік әлемі кеңи түседі. - Педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлықтарының және оның әрбірінің табысын оқытушылар мен білім алушыларды біріктіретін орталықтан жекеге бөлінетін іс-әрекет қамтамасыз етеді. Педагогикалық үрдістің заңдары - оның мәндік ерекшеліктері, демек, тұтастықта және жеке бөліктерде де көрінеді. Бірақ, педагогикалық үрдістегі реттелген өзгерістер немен байланысты екендігін білу үшін құбылыстардың, бөліктерін, элементтер (компоненттердің) үрдістің қалай ӛзара байланысатынын, қалай заңдар заңдылықтарда көрінетіндігін елестету керек. Заңдылықтардың үздіксіз жаңарып, үздіксіз қайталану тенденциясы болады. Осыдан заңдылық деген ұғым туындайды. Заңдылықтар дегеніміз жүйенің өз ішіндегі және жоғары сатыдағы жүйелермен байланыстары. Заңдылықтарды білу, біріншіден, практикалық әрекетте тиімді нәтижелерді алуға, екіншіден, педагогикалық үрдістің моделін жасауға мүмкіндік береді. Педагогикалық үрдістің заңдылықтарын зерттеу ӛткен ғасырдың 20- шы жылдарында-ақ басталған болатын. Бірінші болып ол тұжырымдамаларға түсініктеме берген М. А. Данилов болды. Ол барлық педагогикалық үрдістің заңдылықтары ішінен ең маңыздысы ретінде екеуін - педагогикалық үрдістің мақсаттылығы және ондағы білім алушының белсенді позициясын баса көрсетеді. Сонымен бірге, М. А. Данилов педагогикалық үрдісте көптеген факторлардың ықпалы ұдайы байқалатындығы және олардың жағдайлар мен уақыттардың алмасуымен байланысты өзгеріп тұратындығына назар аударады. Сондықтан, педагогкалық үрдіс заңдылықтарын көрсету маңыздылығы артады, оларға төмендегілер жатады: - педагогикалық үрдістің қоғамның әлеуметтік-экономикалық талаптарына сәйкес болуы; - педагогикалық үрдістің белгілі бір мақсатқа бағытталуы; - педагогикалық үрдістің нәтижелігі білім алушының белсенді, субъектілік позициясына байланысты; - педагогикалық үрдістің тиімділігі білім алушылардың жас ерекшеліктерінің және білім алушылар ұжымы мен жеке мүшелерінің даму деңгейіне байланысты. Тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру үрдістің мәнін оқытушылар мен білім алушылар арасындағы іс-әрекеттермен алмасу ретінде ғана емес, сонымен бірге үрдіс деген ұғымды қандай да болмасын құбылыс сияқты даму үстінде болатынын ескеру қажет. Дамудың қозғаушы күштері - пайда болатын және жеңуге болатын (шешілетін) қарама-қайшылықтар болады. Оқытушының педагогикалық үрдістің қозғаушы күштерін білу, пайда болып келе жатқан қайшылықтарды (субъективті пайда болатын қиыншылықтар ретінде анықталатын) таба білу іскерліктеріне сүйене отырып және оларды әрекетке келтіріп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сонымен ол құбылыстың өзінің нақты дамуына әсерін тигізеді. А. С. Макаренко педагогикалық үрдістің қарама-қайшылықтылығын, диалектикалығын көрсеткен болатын. Н. К. Крупская еңбектерінде де оқушылар іс-әрекеттерін ұйымдастыруда диалектикалық тәсілдің керек екендігін жазғанда дәл осыны айтады. Әрине, педагогикалық үрдістің қозғалысын, оның дамуын түсіну тек қана оған тән сол қайшылықтарды шешкенде ғана түсінуге болады. Педагогикалық үрдіс «оқытушы-білім алушылар» жүйе жағдайының алмасуы ретінде өз болмысында әлеуметтік болып табылады. Сондықтан да тұтас педагогикалық үрдіске тән қайшылықтардың үш тобы ажыратылады: тұлға дамуының қайшылығы, ұжымды қалыптастыру қайшылығы, іс-әрекетті ұйымдастыру қайшылығы. Тұтас педагогикалық үрдіс тұлға мен қоғам мүддесіне сай жасалып жүзеге асырылатындықтан, онда ол тұлғалық бағытталған сипат алады. Демек, тұлға дамуының қайшылықтар тобы ең өзекті, жетекші болады. Сондықтан да оларға нақты тоқталатын болсақ: - жаңа мүдделер, талаптар, ұмтылыстар мен тұлғаның даму мүмкіншілігінің жеткен деңгейі арасындағы; - жаңа танымдық практикалық міндеттер мен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері арасындағы; - тұлғаның дамуындағы жеткен деңгей мен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның алатын орны, істейтін қызметтері арасындағы; - жақсы жетістіктерге ұмтылыс пен қиындықтарды жеңіп шығудағы қорқыныш арасындағы; - дербестікке ұмтылушылық пен жеке

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Коучинг әдістері
Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері
Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және бейнелеу өнерінің асыл мұраларын кейінгі ұрпаққа насихаттау
Оқушыларға қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуді үйретуде еңбекті ұйымдастыру негіздері
Критериалды бағалаудың құрылымы
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Мектепалды даярлықта қарапайым математикалық ұғым қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz