Қазақстанның банктік жүйесі



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстанның банктік жүйесі

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ...17
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі - банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған елдердің барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар: бірінші денгейдегі - мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа банктердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық экономиканың негізгі түйіні болып табылады.
Семестрлік жұмыстың мақсаты - банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шығу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жүйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.

Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жүргiзедi.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердіңқашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк италян сөзiнен Bank - орындық мағынада "Айырбас орындығы-Айырбас орны" дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп, банкирлерге айналды.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде сипатталады. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктедің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына келеті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:
Бірінші кезең; 1917 - 1930 жылдар аралығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең: 1930-1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең: 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыға мемлекеттердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген.
Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.

1.2 Банк жүйесінің құрылымы
Қазақсатн республикасындағы банктер және банк қызметі туралы республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы Қазақстанда екі денгейлі банк жүйесі бар делінген. Ұлттық банк - мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесініңтөмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк - негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде жәненемесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары ҚР Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.
Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi.
Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
Коммерциялық банктер - кәсіпорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік операциялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:
Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.
Жалпы банктердің қызметтерi:
уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;
ақша айналымын реттеу;
айналымға несие құралын шығару;
экономикалық, қаржылық кеңес беру;
эмиссиялық қызмет атқару.
ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.
Екіншіден, акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.
Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орыбасарлары саналады.
Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операцияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.

II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа құқығы жоқ.
Орталық банктiң қызметтерi:
ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота шығару;
орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың құрамдас элементi;
орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы);
орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi, қаржылық кеңесшiсi;
Мемлекеттiк борышты басқару деп - орталық банктiң зайымдарын орналастыру және конверсия операциясын жәргiзу.
Орталық банктiң операцияларыекi тұрге бөлiнедi: актив-ол осы қаражатты орналастыру операциялары. Пассив- ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып банктер ресурстарын құру операциялары.
Сонымен:
мемлекет орталық банкпен тығыз байланысты. Оның саясатына шексiз ықпал етедi;
орталық банк- ол дербес заңды тұлға;
ақша несиелiк валюталық тұрақтылықты сақтаудағы iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне қажеттi жағдай жасау;
әкiметтiң экономикалық саясатының негiзгi элементi ақша несиелiк қаржы саясатын орындау орталық банкiнiң қызметiнiң түйiнi болады.
Орталық банктiң мiндетi - ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету.
ҚР банктер және банк қызметi туралы Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң күшi бар жарлығында Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:
Ұлттық банк- мемлекеттiк орталық банк.
Басқа барлық банктердi заңда төменгi деңгейлi банк деп жазылған.
Ұлттық статистика көрсеткiшi бойынша 2000 жылдың басында 55 екiншi деңгейлi банк анықталған. Оның iшiнде бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет аралық 22 шетелдiк қатысуымен, 17 шетел өкiлдiгi ашылған. республикада тiркеуден өткен 44 ломбард, 7 несиелiк серiптестiгi және кейбiр банктiк операция жәргiзетiн 46 басқа мекеме бар.
Қазақстан Ұлттық банкі ҚР заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.Ол нормативтік актілер Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысың , Вестник Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
несие берушілер мен салымшалардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады :
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, ҚР қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмөлшерін анықтап,дайындығын қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып,бірінші класты бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Несие жүйесінің түсінігі
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
Пәндер