Жоғарғы оқу орнындағы лекция. Ағымдағы лекция



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Начало формыКонец формыЖоғарғы оқу орнындағы лекция
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың бiрнеше формалары бар. Негiзгi формасы-лекция. Лекция латынның оқу деген мағынаны бiлдiретiн сөзiнен шыққан. Алғашқы лекциялар ертедегi Грецияда пайда болып, Римде одан әрi дамыды.Ресейде алғашқы лекцияларды өзi iрге тасын қалаған Ресей Университетiнде Ломоносов оқыды. Ол лекцияға: "Лекция әдемi сөйлеудi, әдемi сөздердi айтуды, тiл байлығын жетiлдiрудiң және оны жүйелi түрде үйренудiң қажеттiлiгi үшiн маңызды нәрсе, қажеттi сөздер мен ережелердi жаттауды қажетсiнбейдi" - деп баға бердi.
Лекцияның негiзгi дидактикалық мақсаты- студенттердiң оқу материалын меңгеруiне қажеттi бағыттаушы негiздi қалыптастыру.
Жақсы дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырылған лекция лектордың
аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиiмдiлiгi жоғары болады. Егер студенттiң ойлау қабiлетi белсендi болса, онда жаңа материал оңай, әрi тез оқылады, сондықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсендiлiгi мен ойлау қабiлетiн тудыру қажет.
Лекциялар мазмұны,құрылымы,сипатына қарай әртүрлi болып келедi. Бiрақ, жалпы басшылыққа алатын әдiстемелiк ереже, қағидалар ортақ болады.
Лекцияның үш түрi болады:
1.Кiрiспе.
2.Ағымдағы лекция.
3.Қорытынды немесе шолу лекциясы.
1.Кiрiспе- мұнда пәннiң мақсаты, ғылымдар жүйесiнде алатын орны,сол
мамандыққа қажеттiлiгi, яғни рөлi, сол пән ғылымның пәнi, әдiснамалық
негiзi, әдiстер, проблемалар мен гипотезалар, даму перспективасы, iс-
тәжiрибесi, яғни практикамен байланысы, теориялық матеиалдар, даму тарихы,студенттердiң болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдiстемелiк құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты проблемалар сөзболады.
2.Ағымдағы лекция - оқу жоспары негiзiнде жасалған типтiк
бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргiзiледi.
3. Қорытынды шолу немесе қорытынды лекция - бағдарламаға сай,
белгiлi бiр пәннiң толық курсын оқып өтiлуiне байланысты мемлекеттiк
емтихандар алдында оқылады.
Лекция оқу барысындағы лектордың мiндетi студенттердiң жұмыстарын тиiмдi ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсiнуi сияқты танымдық процестердiң белсендi байқай отырып қадағалап отыруы. Өтiлген материалды өңдеу, тұжырымдап, қорытынды жасау. Сонымен бiрге, тыңдай отырып, жазып алу қабiлетiн қалыптастыру. Дұрыс әрi тиiмдi ұйымдастырған лекцияның тәрбиелiк маңызы арта түседi, яғни ойлау, еңбек әрекетi, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады.
Лекцияның сапалылығын бағалауда мынадай критерийлер қолданылады:
1. Лекцияның мазмұны.Оған:
а) ғылымилығы - қазiргi кездегi ғылымның дамуына, жетiстiгiне
сәйкестiлiгi;
ә) саяси бағыттылығы - дүниетанымдылық идеяларды бөлiп алу, жекелеу, әдiснамалық сұрақтарды ажырата бiлiп, оларды түсiндiру;
б) ойлаудың белсендiлiгi - проблемалық сұрақтар қою және пәнаралық
байланыстарды анықтау;
2. Оқытудың әдiсi - лекцияның құрылымы, логикасы, жоспары, әдебиеттер,қосымшалар, жаңа терминдер, дәлелдiлiгi мен дәйектiлiгi, негiзгi
ойлар мен қортындылар, оларды ажырата бiлу, көрнекiлiк құралдар,
жекеленген жазбалар, тiрек конспектiлердi қолдану.
3. Студенттертер жұмысына басшылық - лекция, конспекттiлердi жазу,
сұрақ - сауал, дискуссия ұйымдастыру. Лекторға қойылатын талаптар: пәндi жетiк бiлу, идеялық сенiмдiлiк, көңiл - күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нақтылығы, дем алысы, сырт көрiнiсi, өзiн - өзi аудиториямен байланыста болуы. Лекцияның нәтижесi: ақпаратты құндылығы, тәрбиелiк әсерi, дидактикалық мақсатқа жетуi.
Лекция және оның құрылымы, өткiзу әдiстерi Орта ғасырларда дәрiс кiтап
жетiспегендiктен бiлiм берудiң жалғыз тәсiлi болды.Қазiргi уақытта да
лекция мектептiң жоғары сыныптарында, колледждерде, ЖОО, бiлiм жоғарылату оқу орындарында оқытудың басты әдiсiнiң бiрi болып отыр.
Лекция кезiнде оқытушы бiрнеше рөлдердi атқарады:
- құбылыстарды және фактiлердi талдап, түсiндiретiн ғалым ретiнде;
- сабақ берудiң қазiргi заманғы әдiстерiн қолданып, жеке тұлғаның
дүниетанымын, адамгершiлiгiн қалыптастыратын педагог ретiнде;
- тыңдаушыларын сендiретiн, насихаттайтын шешен ретiнде;
-аудиториядағы тыңдаушылардың жағдайын жеке және тұтастай сезiне алатын психолог ретiнде. Лекция - бұл көп қырлы құбылыс. Мұнда көрнекi құралдар мен иллюстрацияларды қолдану, уақытты есептеу, студенттердi белсендiру, сабақты бұрынғы материалмен байланыстыру, негiзгi мәселелердi есiнде сақтату, лекция барысында жазғызып және өз бетiндiк жұмысқа әдебиеттер беру т.б.лекция барысында орындалуы тиiс.
Дайын материалды теледидар, радио, магнитофон арқылы оқу бұл дәрiс болып
табылмайды. Мұғалiмнiң тiлi, дауысы тiкелей бiлiмдi қалыптастыруға әсер
етедi.
Лекция негiзгi үш функцияны атқарады:
-ақпарат берушiлiк ( студентке қажеттi бiлiмдi бередi);
-ынталандырушы ( тақырыпқа қызығу туғызып, басқа да қайнар көздердi
оқып үйренуге шақырады);
-тәрбиелеушiлiк және дамытушылық ( құбылысқа баға берiп, ойланады).
Оқытушы лекцияның негiзгi жақтарын дәл ұсынуға мiндеттi.
1. Ұйымдастырушылық деңгей. Мұнда лекцияға, семинар, тәжiрбиелiк және
зертханалық сабаққа қанша сағат берiлгендiгi шешiледi.
2. Дидактикалық деңгей. Лекция жоспары (еркiн, шолу, мәселелiк, жалпылау
және т.б.), демонстрациялық, техникалық құралдардың, топтық дайындық
деңгейi қарастырылады.
3. Әдiстемелiк деңгей. Лекцияны жазып дайындау, бiлiм берушiлiк және
тәрбиелеушiлiк мiндеттер қою, нақты материалдарды таңдау, логикалық
аппараттарды анықтау, эксперименттi демонстрациялау, техникалық және
көрнекi құралдарды пайдалану әдiстемесiн жасау, нақты өмiрден
деректер келтiру.
Кез-келген лекция құрылымы бойынша 3 бөлiмнен тұрады.
1.Еркiн бөлiм. Тақырып аталып, мiндеттер қойылып, мәселеге қысқаша
сипаттама берiледi,лекцияға қатысты әдебиеттер айтылады, өткен сабақпен
байланыс жасалады.
2.Лекция материалын баяндау. Оқытушы фактiлердi сұрыптап, керек
ақпараттарды келтiредi, тәжiрбиенi талдап, керек кезiнде тарихи анықтама
берiп,ғылыми зерттеу мен iс жүзiнде пайда болған мәселеге баға берiп,
теорияны тәжiрибемен, өмiрмен байланыстыруды, келешектегi дамуын ашады, осы мәселе бойынша iзденуге мүмкiндiк бередi.
3.Қорытынды.Негiзгi тұжырымдарға тоқталып, алдағы өз бетiмен орындалатын жұмыстарға әдiстемелiк кеңес берiп, сұрақтарға жауап берiледi.
Құнды лекция бай материалымен ғана емес, оның құрылымы және оңтайлы әдiстермен берiлiп, қатаң дидактикалық жүйеде құрылуымен сипатталады.
Лекцияның тиiмдiлiгiн жоғарылату үшiн құрылымдық ерекшелiгi, әрбiр типiнiң оқыту әдiстемесi мен дайындалу деңгейiн жетiлдiру керек. Сонымен қатар лектордың лекцияны аудиторияға жеткiзу шеберлiгiн, сөйлеу техникасын, педагогикалық тактиканы меңгеруi қажет.
1. ЖОО-дағы лекция.Лекцияны бiрнеше типтерге бөлуге болады:
-жалпы мақсатына қарай: үгiттеушiлiк, насхихаттаушылық,
тәрбиелеушiлiк, дамытушылық;
-мазмұнына қарай: академиялық және көпшiлiктiк (популярный);
-дидактикалық мiндетiне қарай: еркiн, қорытынды, жалпылай шолу,
мәселелiк, лекция - диалог, баспасөз конференцияны, лекция - толғау, лекция - iскерлiк ойындар, т.б.;
-әсер етуiне қарай: эмоция деңгейiнде, түсiндiру деңгейiнде, сендiру
деңгейiнде.
Әрбiр лекцияны тыңдаушыларға нақты, сенiмдi сезiне алатындай жеткiзе
бiлу - оқытушының мiндетi. Оқыту үрдiсiн интенсификациялау тұжырымдамасына негiзделiп, дәстүрлi дәстүрмен қатар инновациялық түрлерi де жоғары мектеп тәжiрбиесiнде кең
орын алады.Оған лекцияның мына түрлерi кең қолданылады:
-хабарлау лекциясы;
-мәселелi;
-лекция - диалог;
-алдын ала жоспарланған қателерден тұратын лекция;
-лекция - баспасөз-конференция;
-лекция - толғау;
-лекция - iскерлiк ойындар,т.б.
Оқытушы лекцияның әр түрiн пайдалануда өз пәнiнiң, оқыту
әдiстемесiнiң ерекшелiктерiн ескеруi тиiс.
Әрбiр лекция конспектiсiнде мынадай шарттар орындалуы қажет:
-тақырыбы (дәл анық);
-мақсаты мен мiндетi;
-әдебиеттер тiзiмi (мiндеттi және қосымша);
-мәтiн мазмұны (негiзгiсi жанамасынан бөлiнген);
-өз бетiндiк жұмысқа тапсырма.
Ал лекцияға дайындалу кезеңдерi мыналардан тұрады:
-бағдарламаны және оқулықтарды оқу;
-әдебиеттер тiзiмiн құрастыру;
-әдебиеттердi оқу, мазмұнын iрiктеу;
-көрнекi құралдарды таңдау (кесте, сурет, бейнелеу және музыкалық өнер
шығармалары, көркем әдебиеттерден үзiндi, фото, открытка және техникалық
құралдар (киноаппарат), магнитофон, компьютер және т.б.).
Дауыстың дұрыс қойылуы, сөйлеу техникасын меңгеру, мимика және жест
лекцияның берiлу формасына жатады.
Лекцияны оқу барысында мынадай ережелер сақталуы тиiс:
-жоспар бойынша оқу;
-оқулықта толық берiлмеген материалды нақты, толық жазғызу;
-әрбiр сұрақта ең бастысын жанамасынан, қызықтысын қызықсызын,күрделiсiн бөлектеп айтып беру
-ойлау операцияларын: анализ, синтез салыстыру, жалпылау, жүйелеу және ой
қорытындыларын индуктивтiк, дедуктивтiк, аналогиялық лекция барысында
пайдалану;
- лекция барысында жалықтырмай зейiндi аударып, шоғырландырып,
тұрақтататындай әртүрлi реприкаларды қолдану;
- дәстүрлi педагогиканың әдiстемелiк тәсiлдерiн оқытудың жаңа
әдiстерiмен (диалог, пiкiрталас, шағын әңгiме және т.б.); ұтымды үйлестiру;
-терминдердi анық және шешiп тақтаға жазу;
-сөйлеу техникасын меңгеру, сөздердi, буындарды, дыбыстарды анық, ашық,
дұрыс айту;
-аудитория реакциясын сезiну және түсiну;
Оқытудың белсендi әдiстерiн қолдануды ұйымдастырудың имитациялық және имитациялық емес түрлерi болатындығы белгiлi. Бiз имитациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Студенттің өзіндік жұмысы
Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту
Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар
Оқу іс-әрекеттің психологиялық теориясы
Психология пәні бойынша дәрістер
Психологиялық білімді меңгерудің ерекшелігі
Жоғары мектеп педагогикасы (дәрістер жинағы)
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Дәріс - оқытудың басты формасы
Пәндер