Психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізудің әдістемесі. Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізудің әдістемесі

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері және зерттеу әдістерінің мәні былайша анықталады.

Зерттеу мәселесін таңдау және негіздеу: кез келген зерттеудің нәтижелі аяқталуы, проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білуге байланысты. Көптеген зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеуде тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Өкінішке орай, сондай жұмыстар көп кездеседі. Зерттеудегі қойылған проблеманың шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді.

Зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді, екеуінің де өзіндік мәні бар. Кейбір теориялардың жүзеге асуына белгілі бір уақыт, жағдай керек. Сонымен қатар, педагогикадағы кейбір теориялардың практика жүзінде толықтай іске аспайтындары да болады.

Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе. Дж. Бернал стратегиялық бағыттағы теорияны анықтау, оны іске асырудан күрделі дейді.

Зерттеу проблемасы қайшылық ретінде : зерттеу мәселесінің табиғаты күрделі, сондықтан зерттейтін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымды дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі (Мочалов И. И. ) .

Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді. Оның табиғаты диалектикалық таным заңдылығы арқылы түсіндіріледі. Ғылыми танымның дамуы қалыптасқан теория мен қазіргі практика арасындағы қайшылықты көрсетеді.

Ғылыми білімнің дамуы барысында қайшылықты тенденция пайда болады: біріншіден - ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, екіншіден - бұрынғы теорияның іргелі негіздерін сақтап қалу қажет. Жаңа мен ескінің арасындағы қайшылықты, ескіні қажетсіз деп тусінуге болмайды. Педагогикалық зерттеулер - оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт. Жаңа өзінен-өзі пайда болмайды, ол ескінің орнында пайда болады

Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме?

Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады. Зерттеу жүргізу үшін педагогикалық процесті біртұтас көре білу керек.

Тарихилық және қисындылықтың қарым-қатынасы : кез келген зерттелетін проблеманың мәні, оның тарихи дамуымен тығыз байланысты. Тарихилық пен қисындылық принципі барлық психологиялық және педагогикалық зерттеулерге тән. Проблеманы таңдап, оны негіздеуде тарихилық пен қисындылық принциптерді дұрыс қолдана білу керек.

Жетекші идея: егер проблема дұрыс қойылған болса, онда оның басты бағыты белгіленіп тұр деген сөз. Қойылған проблеманы шешу үшін бірнеше жылдар зерттеу жүргізу қажет пе? - деген сұрақ болуы мүмкін. Проблеманы шешу, оның идеясымен және зерттеуімен анықталады. Жетекші идея зерттеудің ең басты мәселесі.

Кейде жетекші идея тек бір қырынан ғана зерттеліп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерілмей қалады. Осыған орай жетекші идеяны, қойылған мақсатқа байланысты жан- жақты талдау қажет.

Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты - зерттеудің басты координаты, оның «даралығынң сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететін - іргелі зерттеулер мен маңызды идеялар. Идеялар ғылымның алтын қоры десек те болады.

Проблеманы таңдау: оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты.

Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешек пен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Проблеманы анықтау - зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін проблема нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс.

Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, проблеманы анықтауға көмектеседі. Проблеманың құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық проблеманы анықтай білудің мәні орасан зор.

Болжамның рөлі: педагогикалық зерттеуде шындыққа жету үшін, болатын нәрсені ойда түйіндеп, оны іске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері болжанады. Болжам ғылыми зерттеудің тірек көзі. Болжам құра білу өте күрделі. Болжам жетекші идеямен бірге туындайды және проблеманың мәнін түсіну барысында дамиды. Алғашқы жұмыс болжамы, уақытша бар фактіні жүйеге келтіру үшін қолданылады. Ал, ғылыми немесе шынайы болжам ауқымды материал жинақталғаннан кейін жасалады, ол логикалық тұрғыдан қорыту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады.

Алғашқы жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелік салыстырмалы нәрсе.

Қарапайым тұспалдан болжамның ерекшелігі:

Ұсынылған болжамның фактіге сәйкес келуі, оны тексеруге болатындығы, ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүмкіндігінше қарапайым болуы.

Болжам екі бөліктен тұрады: бірінші - кейбір қағидаларды ұсыну, онан кейін оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз логикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.

Біріншіден, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау. Ол үшін негізгі ғылыми әдебиеттерді оқып, оның зерттелу жәйін анықтау шарт. Зерттеудің теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерілуі тиіс.

Екіншіден, бар материалдарды жинақтау және оларды есепке алу. Олар: проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттер; мектеп және мұғалім тәжірибесін ескеру; педагогикалық құжаттар; оқу шылардың шығармашылық және оқу-тәрбие істері; тәжірибеліе жұмыс және педагогикалық эксперимент.

Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестің бір-бірімен байланысын және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседі.

Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Педагогикалық зерттеудің мақсаты
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Дарынды балалар және қабілеттілік олардың диагностикасы
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Дарындылықтың негізгі түрлері
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Педагогикалық эксперимент түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz