Тұлғааралық қарым - қатынастағы кедергілер және мінез-құлық мотивтері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Тұлғааралық қарым - қатынастағы кедергілер және мінез-құлық мотивтері.

Тұлғааралық және бетпе бет қарым- қатынас- ең негізгі деңгейі қолжетімді ақпаратпен байытылу жолы және бір адам немесе бірнеше адамдардың арасындағы ақпаратпен алмасу болып табылады. Тұлғааралық қарым- қатынас тура немесе сол мезеттілік үрдіс. Тұлғааралық қарым- қатынас тәртібін өзгертуде жаңа тәжірбиелік қарым қатынаста маңызды сәт болып табылады .

Тұлғааралық қарым- қатынас адамдармен қатысты барлық жерде пайдаланылады, алға қойған мақсатқа жетуде, жақсы дағдылар болып табылады.

Бұл- бетпе бет, вербальді, вербальді емес ақпарат алмасу, адамдар арасындағы немесе топтағы пікір алмасу болып табылады .
Тұлғааралық қарым - қатынасқа мотивация, оқыту, кеңес беру кіреді.

Мәдениеттің терең қабаттарындағы құндылықтар мен құнды бағыттардың қатарында жалпы қабылдаушы, стандартты әрекеттермен тәртіптерінде мәдени құндылықтарды жинақтайтын нормалар, және ол нормативтік жарлықтар мен заңдарды және қоғамдағы индивидтің тәртібін реттейді.

  • өнер;
  • заңдар;
  • салт-дәстүрлер;
  • ритуалдар;
  • ым-ишаралар;
  • киім стилі;
  • тағам;
  • сөйлеу ритуалдары;
  • сәлемдесу стилі;
  • қоштасу;

Мыналарға қатысты ережелер және құндылық бағдарлар:

  • іс-әрекет, қарым-қатынас;
  • ситуативті қоршаған орта;
  • уақыт, кеңістік, билік, даралық;
  • бәсеке, қоғам құрылымы, ойлау;

Ережелер қоршаған ортадағы жүріс-тұрыстың дәл немесе дәл еместігін көрсететін критерий, яғни өз тұрғысынан алып қарағанда өзгелермен өзара әрекеттестік барысындағы мәдени-спецификалық жарамды немесе жарамсыз жүріс-тұрыстың «фильтрі», яғни белгілі бір жағдайларда күтілетін жүріс-тұрыс эталоны болып табылады.

Құндылықтардың негізгі мазмұнына бірнәрсеге деген, яғни заттарға, құбылыстарға, жағдайларға, процестерге, қоршаған ортаға деген қатынас, өзіне «жақсы» немесе «жаман» адам ретінде қарау қатынасы жатады.

Картинки по запросу Тұлғааралық қарым – қатынас

Шетелдік мәдениет зерттеушілерінің жұмыстарында құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әлеуметтік өмірдің өзіне қажетті нәтижелері мен оларға қол жеткізудің жолдары туралы ұғым ретінде қарастырылады. Жеке тұлға құндылықтарды қабылдаған жағдайда олар сол адамның санасында құндылық бағдарларға айналады да мәдениет өлшемінің критерийіне жатады (басқа мәдениеттермен салыстыру барысындағы оның ұқсастықтары мен айырмашылықтары) . Олар адамның қарым-қатынас жасау барысында маңызды рөл ойнайды, солардың негізінде «әлеуметтік қарым-қатынас орнайды, эмоциялар және сезімдер (аффекттер), өзараәрекеттестік дағдылары қалыптасады». Серігіңнің құндылық бағдарларының ерекшелігін білу қарым- қатынастың табысты болуын қамтамасыз етеді, яғни серігіңнің жүріс-тұрысын, ұмтылыстарын және тілектерін болжауға мүмкіндік береді.

Е. Холл үлгісінде белгілі бір қоршаған ортадағы сөйлеу іс-әрекеті мен қарым-қатынасқа, яғни контекстке көп мән беріледі. Ол мәдени контекстеен тысқары айтылатын ойдың еш мағынаға ие бола алмайтынын атап өткен. Сонымен қатар автор мәдениеттің детерминдеуші рөлін құндылықтар, идеялар, көріністер, тіл көмегі арқылы ойды білдіру жолдары негізінде басқалармен өзара қарым-қатынас жасау барысында адам жүріс-тұрысына әсер ететін әлеуметтік өмірдің негізі деп атап көрсеткен.

Адам үйренген барлық нәрсе жүріс-тұрыста көрінеді. Жүріс-тұрыстағы айырмашылықтарды сезіне отырып, мәдениеттердің айырмашылықтарын сезінеміз. Мәдениетті игеру жүріс-тұрыстың мәдени-спецификалық айырмашылықтарында көрінетін құндылықтарды сезінуден басталады. Сондықтан ғылыми қызығушылық әртүрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімеен ұқсас болып келетін немесе бір-бірінен айрықша болып келетін мәдениаралық жүріс-тұрыс үлгілерін салыстыруды көздейді. Мәдениет кеңейген сайын олардың құндылық бағдарлары бір-біріне қарама-қарсы қойылған, ал ол қарым-қатынасты одан сайын қиындатады. Сонымен қатар, мәдениет жүріс-тұрыс үлгісі үшін тыйымдар мен рұқсаттардың деңгейлерін белгілейді, олардың негізінде мынадай аттитюдтер - құрамында ережелер, рөлдер, құндылық бағдарлар, үміттер бар жүріс-тұрыс заңдары - жатады. Жүріс-тұрыс ережелері мен ойды білдірудің дәлме-дәл жолдары бұзылатын коммуникативті жүріс-тұрыс мәдениаралық жанжал формасында пайда болатын қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады. Оның нәтижесі коммуникантты қарым-қатынасқа қатыстырмай, қарым-қатынасты блоктау болып табылады. Мәдениет компоненттері әлемді көру - «әлем бейнесін», менталитет, халықтың ментальділігін - жалпы адам қоғамына қатысты әлемді түсінудің эмоционалды түстелген жүйесін бейнелейді. Мәдениаралық процесте қарым-қатынас тиімділігі ешқандай да символдар мен артефактардағы нақты айырмашылықтар үшін емес, серіктің әлем бейнесінің айырмашылықтарының салдарынан төмендеп кетуі немесе нөлге жетуі мүмкін

Қарым - қатынас серіктестер арасында дұрыс жүзеге аспай жатады. Бұған сыртқы шектеулермен қатар, біршама терең қарама-қайшылықтар себеп болуы мүмкін.

Коммуникативті кедергілер- ақпараттың механикалық үзілуі және осыдан оның мағынасының жоғалтуы; берілетін ақпарат анық еместігі, бұның нәтижесінде берілетін ойдың мағынасы жоғалады. Бұны ақпараттың жетіспеушілігі деп атайды.

Көп жағдайда эмоциямен эмоционалдық тосқауыл байланысты. Бұнда адамдар қандай да бір ақпаратты алып, өздерінің сезімдеріне сай қабылдайды. Келесі түрі фонетикалық түсінбеушілік ол ең алдымен қатысушылар әртүрлі тілде және диалектерде сөйлеген кезде пада болады. Сондай-ақ түсінбеуді семантикалық тосқауылы бар бірінші кезекте ол қарым-қатынасқа қатынасушылардың мағыналар жүйесіндегі әртүрлілігі. Бұл ең алдымен жаргодар алэнгтер мәселесі.

Түсінбеудің логикалы тосқауылы . Ол коммуникатормен ұсынылатын логикалық пайымдау рецепиент үшін өте қиын немесе оған дұрыс емес болып көрінеді, дәләлдеу мәнеріне қайшылық тудырады.

Психологиялық тосқауылдың пайда болу себебі: сыбайлас қарым-қатынасындағы әлеуметтік мәдени айырмашылықтарға байланысты. Бұл әлеуметтік, саяси, діни, және кәсіби айырмашылықтар болуы мүмкін.

Қарым-қатынастағы тосқауыл -бұл коммуникатор мен рецепиент қарым-қатынасының барысында туындайтын, таза психологиялық феномен.

Мұндай қарым-қатынастың шектеулері, деп көрсетеді әйгілі отандық психолог Д. С. Парыгин жасанды қарым-қатынастардың кейпін киіп, "стереотипін", "стандартты тәрбиелік реакциялармен" орнын ауыстыра отырып, бұл "адамдар арасында психологиялық кедергі" туғызады дейді. Бұл кедергілер адамдардың бір-бірін дұрыс түсінуіне, өзара қарым-қатынасына кедергі жасайтын қарама-қайшылықтар ретінде көрінеді. Кез келген адамның қарым-қатынас процесінде алдынан кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды жеңе алмауы, бұл оның эмоцианалдық күйі, физикалық, психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді .

Қақтығыс - (латын тілінен conflictus - қақтығыс) қарама - қарсы бағыттағы оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының, бағыттарының қарама-қайшылықтары.

Қақтығыс жағдайы - ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі. Өзінің табиғатына сай қарым-қатынастың сыртқы шектеулері әр түрлі болуы мүмкін.

межличностные конфликты 4.jpg

А. Б. Добрович қарым-қатынастағы екі жақтың қанағаттанбаушылығын туғызуға себеп болатын шектеудің 3 типін көрсетіп береді .

Шартты түрдегі шектеулер - адамдар арасында "конвенция" болған жағдайда пайда болады, яғни салт - дәстүр, ғұрып өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып, тыңдау керек, үлкендер - кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала қалыңдығын қамқорына алу керек, қалыңдық - басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай, алдамау керек. т. б.

Жағдайлық шектеулермен - біз толыққанды қарым-қатынас қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз. Қарым-қатынасқа тұлғалардың серіктес ретінде қатысуы жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т. б. айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған") Мұндай жағдайда жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т. б. . Бұндай жағдайда осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.

Эмоционалды шектеу - қарым-қатынас атмосферасының құрылуында анықталады. Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе, онда олар қарым-қатынастағы бақытты минуттарды бұзбау үшін олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады. Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен жауласқан болса, онда олар конфликтіні шектеуге тырысып, қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда әркім өзінің серіктесіне қуаныш сыйлауы өте сирек болады.

Н. И. Шевандрин біздің эмоциямызға негізделген келесі кедергілерді көрсетіп берді:

Жек көру және жиренгіштік кедергісі - күнделікті өмірде жиі кездеседі. Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті - бұның бәрі қарым-қатынастағы серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады. Ал мұның алдын алу үшін гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.

Уайым мен қайғырудан пайда болатын қарым-қатынастағы кедергімен кез-келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте қиын. Қайғыруға себеп әдетте трагедиялық оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан, артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.

Қорқыныш кедергісі - тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда өмірлік қиын жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі болып кетуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.

Ұят пен кінә кедергісі - бұл басқа біреудің немесе өзіне деген қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе жақтау кезінде пайда болады. Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты үзетін кездері аз емес. Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын адамдар да бар. Соңғылары өзінде психологиялық қорған құрып алған. Олар көп жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы мотивтер іздейді. Өте төмен және өте жоғары кінәні сезіну адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты бұзады.

Күштеу шектеулері т уралы біз серіктестердің біреуі тұлғааралық қарым-қатынасқа дайын болса, басқасы қандай да бір себептер арқылы бұдан өтіп кетіп, вербальды немесе вербальды емес жолдарды қолдана отырып, өзінің серіктесін тура соны істеуге мәжбүрлеуінен көреміз. Осындай қарым-қатынасты әйгілі Шекспир сахнада бейнелеп берген болатын, оны Рамеоның Капулетти әулетімен достасуға тырысқан көрінісінен көруге болады. Осындай шектеудің ішінен мынандай кедергілерді көрсетуге болады:

Жек көрушілік кедергісі - мінездің бейнеленуін көрсетеді, бірақ бұл кейде нәсілдік немесе ұлттық кемсітушіліктен көрінеді. Кейбір жағдайда ғана болмаса, оны жеңу қиын.

Қабылдау кедергісі - түсініксіз ойды айтуда, әңгімедегі ойдың дұрыс құрылмауы, т. б. жағдайда пайда болады.

Ойдың дыбысталуы, мағынасына қарағанда маңызды емес. Аз эмоционалды сөздің адамның жүрегі мен жанына жол табуы қиын.

Картинки по запросу препятствия в межличностных коммуникациях

Жоғарыда айтылған сыртқы шектеулермен қатар, қарым-қатынас кедергісі ретінде басқа да факторлар конфликтінің пайда болуына әсер етеді. Көбіне ішкі психологиялық кедергілермен қақтығыс жиі кездеседі. Кез- келген конфликт өздігінен пайда болып, ізсіз жоғалып кетпейді. Кез-келген әрекеттің астында қарым-қатынастағы әріптестердің мақсаттар, ал конфликтінің артында - қарым-қатынастағы серіктестердің мақсаттары мен тілегінің келіспеушілігі жатады. Әйгілі психолог М. Аргайл қарым-қатынастың маңызды мотивтері, конфликтінің себептері ретінде: өзіндік таным, рухани және эмоционалдық байланыс, басқару, агрессия, басқаларды өзіне бағындыру сияқты т. б. себептерді көрсетіп береді.

Қақтығыста соңғы қарым-қатынастағы табыс өзгереді, яғни адамдар арасындағы бір-бірінен күткен, тәртіп сәйкестілігі. Қарым-қатынас әрқашан және барлық жерде жақсы жүреді және ішкі қарама-қайшылықтардан азат болуы мүмкін емес. Кейбір жағдайларда келіспеушілік байқалады, мақсат пен тапсырмаларды шектелуін бейнелейтін антогонизм позициясы, бұл кейде өзара жауласушылықты - өзара конфликт пайда болады.

"Қақтығыс" аударғанда қақтығыс деген мағынаны береді. Кез-келген конфликтінің негізі болып бір жағдай жатады, оған қарым-қатынастағы серіктестердің қарама-қарсы бағыттағы мақсат, позиция, көзқарас, ойының қақтығысуынан болады. Қақтығыстың әлеуметтік маңызы әр түрлі болып келеді және тұлғааралық қарым-қатынаста негізінен қандай құндылықтар жатқандығына байланысты. Бұл былғанған жейдеден туған конфликт бір бөлек, ал мемлекеттік мәселелері өз алдына бір бөлек болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу жолдары
Коммуникация терминінің мағынасы
Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық мәселелері
Қарым - қатынастағы қиындықтар
Оқытушы мен студент өзарақатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу
Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас арқылы дамуы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Кикілжің психологиясы
Психологиялық қақтығыс
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz