Халық ауыз әдебиетінен- педагогикалық практикалық жұмыс



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.

Халық Ауыз Әдебиетінен- педагокигалық практикалық жұмыс.

.
Орындаған: Серікбаева Н
Тобы: 310-16.
Қабылдаған:
Жаппарқұлова.А

Шымент 2007 ж

Халық ауыз әдебиеті

Ертегілер елінде...

Ертегі- ауыз әдебиетінің көлемді саласынның бірі .
Ертегілер- бірнеше ғасырлардың жемісі. Өз халықтаррррыннның тарихын, тұрмыс-
салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарастаррррын білуге
болады.
Ертегі- өткендегі өмірдің елесі. Қазақтың тұрмыс-салтын кеңінен
шолып, мол қамтыған ауыз әдебиетінің ең көлемді, ең бай түрі ертегілер
болып саналады.
Ертегінің алға қойған негізгі тілек- мақсаты: табиғаттың сыры
мәлімсіз күштерін жеңу. Сондай- ақ халық оптимист , жақсылықты алдан
күтеді, болашаққа сенеді.
Қандай ертегі болмасын аяғы жақсылықпен бітеді. Бұл- барлық
ертегілерге тән түйін және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын
көрсететін тұрақты шешім. Міне, осындай керемет ертегілердің бірі ”Тірлік
түбі- бірлікте”.
Бұл тиін ормандағы туысқандарынан өзін әсте бөлек ұстайтын. Бір-бірі
дегенде құрақ ұшып, жәрмендесіп тату-тәтті тұратын көрші тиіндерді
көргенде, мұның қарадай отырып зығырданы қайнайтын. Тіпті бұтадан-бұтаға
секіріп ойнап жүрген тиіндерді: “Ой,өңкей жәдігөй, сәуегөй немелер ,” деп
іштей сөгіп те алатын. Сөйтіп ормандағы тиіндер бір төбе де, бұл жалғыз өзі
бір төбе өмір сүріп жатты.
Жадыраған жаздың зымырап өте шығуына да аз қалды. Күз түсіп, артынша
қылышын сүйретіп келер қыстың да жетері тез. Сондықтан жалғыз тиін қыс
қамына кірісіп кетті. Ол бұталарға тізіп саңырауқұлақ кептіре бастаддды.
Өстіп бұтадан- бұтаға секіріп аласұрып жүргенінде қураған жіңішке бұтақ
морт сынып, жерге топ ете қалды. Тиін тура аш қасқырдың тұмсығын сипай
құлады. Қарыны қабысып, көзі қанталап, ақсиған қасқырды көргенде ол орнында
қатты да қалды.
-“ Жүргенге жүргем ілінер“ деген осы. Жортуылдап бармаған жерім жоқ,
сөйтсем азығым аузыма түсе қалуға әзір тұр екен ғой, - деген қасқыр тиінді
шап беріп ұстап алды. Дәл осы мезгілде тағы бір тиін төменге құлдилай
секіріп түсіп:
-Қасеке, қауқайған құйрығынан бөтен іліп алар жапырақ еті жоқ
тиінді жегенде жари қаламын деп ойлаймысың. Қайта оны құтқарып жіберсең
ұтасың. Бұл тиін- түлкінің қарауылы, Ана бір дәу ағаштың ұшар басына аппақ
қардай семіз тоқтының етін күнге қақтап кептіріп отыр. Бұдан бірер күн
бұрын бұл шіркінді өзің тәрізді түлкі ұстап алған болатын. “ Жоғарыға
тасып қозы етін қақтап, бос үңгірдің біріне жасырып сақтасаң босатамын.
Араны ашылған аңдар азығымды жетіқабат жер астына жасырсам да тауып ала
беретін болды”” деген соң, бұл сол түлкінің талабына келісіп, қазір е
кептіріп әлектеніп жүрген жәйі бар. Егер келіссең тиінді босат, екеулеп
семіз етті тұрғанда, тіске басары жоқ тиіннің қу сүйегіне қақалып
кайтесің. Шыным,- деді секіріп түскен тиін.
------Әй, қарауылшы,жолдасың рас айтып тұр ма?
------ Рас.
----- Қане, әуелі етті көрсетіңдер,--деп қасқыр ағаш басына қарағанша
болған жоқ, тиіндер жоғарыдан бір-ақ көрінді.
---лақтырыңдар, төменге тастаңдар,-деп ақырды қасқыр.
-Қазір, араныңды кеңірек ашып оңтайлап тұр.Тиіндер ағаш жаңғақтарып оқты
боратып жіберді,
Бүйтіп бөрі болғаным құрысын. әбден алжасайын деген екенмін, титімдей
тиіндер де алдап соқты. Сүрінсең сүйер досқа не жетсін.

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар..

Жұмбақтар—халық ауыз әдебиеті орын алған және ерте заианнан бастап
бүгінгі күйге дейін даму, өсу ретінде келе жатқан дәстүр.. ол—барлық елдің
ауыз әдебиетіне ортақ жанр. Ойға алған нәрсенің өззін айтпай, оның сырт
көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ
етілген затты табуды жұмбақ деп атайды.
Қазақ халқында жұмбақтардың тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі,
табиғат жайы,еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер адам және
оның өмірі, өнер-білім , техника туралы т.б.
Мысалы: 1 жылда неше ай, неше күн, неше жұма бар екендігін суреттейді.
1 жылдағы 365 күнді жұмыртқаға, 12 айды ұяға, 48 жұманы балапанға
теңейді. Сөйтіп, бұл жұмбақты халық календарь есебінде айтады...
Жалпы жұмбақ тапқырлыққа құрылады. Онда фантазиядан да деректілік,
нақтылық басым келеді. Ол жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді алыстағы
бұлдардан емес, адамның көз алдындағы күн сайын көріп, біліп отырған
нәрселерін жұмбақ етеді.
Жұмбақ—адам баласының өй-өрісі ,дүние танымы, білім көлемі ұлғая
беруіне көмектесетін, тапқырлыққа, білмегенді білуге ізденуге ой салаатынн,
соған ұмтылдыратын білімділік , тәрбиелік мәні бар халық шығармасы болып
табылады ... .

1. Алтын алма тербеледі
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделері
Шешуін мұның кім біледі (Күн),
2. Қонақтап күнде келер су бетіне
Пар келмес гауһар затты келбетіне

Мекені су жүзінде
көрінеді
Тамаша қарап тұрсам суретіне ( Ай жүзі.)
3 . Зер-зер кілем, зер кілем
Көтерейін десем зор кілем. (Жер)
4 . Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ
Тоқтамай қысы-жазы жүре берер
Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ. (су)
5. Асты таста, үсті таста
Ортасы жасыл мақта..
(Пісте)
6. Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладдым.
(Қарақат)
7. Жер жатарға жасқанбай бірді берсең,
Он аларсың біріне бір күн көнсең
Еш уақытта еңбегің еш болмайды ,
Әрекет қып , беріп ол тіліме ерсең. (Егін)
8. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Найзағай)
9. Бір нәрсе білмегенді білдіреді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлдіреді,
Жалғанда әңгіме сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді... (Кітап)

Жаңылтпаш- бұл жинаған жұртты күлдіруді, адам әрбір сөзді тез, шебер
айтуға, тіл ұстартуға көбінесе , ұяң және қатаң дауыссыз
дыбыстардан тұрады. Егер жаңылтпаш айтушы адам қиыннан қиыстырып құралған
қырлы сөздері орамына келтіре алмаса , аздап тайып кетсе – онда күлкі
боларлық, тңптті ұятқа қаларлық
Міне, осындай қиын әрә күлдіргі жаңылтпаштардан тізіп жазып көрелік.
1.Үш қышқа ұшқыш үш құс қонды.

2.Баланы қанағаттандыра алмадыңдар
Қалаға аттандыра алмадыңдар..

3. Ара-тұра төл арала
Тал ішінде талар ара
Ара-тұра қала арала
Таппай сені қалар ара..

4. Маймылдың тісі тіс-ақ
Түсі түс ақ.
Істеген ісі іс--- ақ
Кісі құсап.

Бірақ ұсақ

Ұсағы ұсақ!

5. Батырға қай көлік
Сай көлік.
Батырға сай көлік?
Сәйгүлік.!

6. Балаақты қырық түрік
түріп- түріп,
Жүгірді қырық түрік,
Тұрып- тұрып

7. Сүйініш ауырса бір ,
Үй іші абыр- сабыр,

Қылмайтын абыр- сабыр

Одан да тәуір сабыр.

8. Тері шалбар бар,
Тері шалбарды киетін
Сері шалдар бар.
.

Қазақ мақал-мәтелдері.

“... Мақал да тақпаққа жақын салт –санасына сәйкес айтылатын пікірлер
тақпақтан гөрі мақал маңызды, шыны келеді.””.
Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кезегімен айтылатын
белгілі—белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал
тәжірибиеден шыннан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай
әдетте сөз есебінде айтылады.
Мақал—үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой
қорытындысы. Ол адам өмірінде тұрмыс тіршілікте. Қоғамдық жағдайда бар
оқиғаларға берілген даналық баға тұжырымды түйін есебінде қолданылады.
Мақалды тудырушы—еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын-қазынасы,
мұрасы болып табылады.. Халықтың тұрмыс- тіршілігі, әдет-ғұрпы мен
салты,дүниені танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен
қайғыс, барлығы мақалдың басты тақырыбы болып табылады...
Мақалдардың сан мыңдаған тақырыптары бар. Біз олардың бірнешеуіне
тоқталғанды жөн көрдік.
Қырағылық
туралы.

1. Айла алтау, ақыл жетеу.
2. Алдыңа бір қарасаң
Артыңа бес қара.
3. Сол көзіңе, оң көзің қарауыл болсын.

4. Бай бауырын танымас.
Әдет- ғұрып туралы.

1. Сыпайының сыры мол.
2. Ас иесінің әлі біледі,
Асатушының қолы біледі.
3. Қонақ аз отырып
Көп сынайды..
4. Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтіп үйірін тапқан соң.

Аңшылық-саяхатшылық туралы.

1. Мылтығыңның күмісін
айтпа,
Тиісін айт.
2. Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ.
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.
3. Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
4. Қаңтар қақпаңды сүйер,
Сонаршы ақпаңды сүйер.
Алғыс,бата-тілек
туралы..

1. Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін..
2. Жаманда болса ұрпақ қалсын,
Өз орныңда отың жансын.
3. Құдай малыңды алса да,
Пейіліңді алмасын.
Мәтел-сөз айшығы көркем теңеу, сөз образы болып келеді. Мәтелде
мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Енді біз осы мәтелге мысал
іздеп көрелік.

1. Құрыққа сырық жалғап.
2. Қызым саған айтам,
Келінім сен тыңда
3. Тілге тиек жасап.
4. Сәттілік--- тәттілік.
5. Сыпайы тоңбас – қалтырар.
6. Жақсыны көрмек үшін.
7. Игілікке – Сүйгілік.
8. Татуға тіл,
Сұлуға сұқ
9. Балық жаны суда ...

Шешендік сөздер

Қазақ шешендерінің сөздері ауыз екі айтылып, қағазға емес ауызда—халық
жадында сақталған. Сондықтан да олар сол бастапқы қалпында емес, бізге ұзын-
ұрғасы, үзік- жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан –ауызға
көшіп—елеуінен өткен.Сөйтіп, қысқарған, ұстарған жалпы халық шығармасына
айналған.
Шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанмен,оны кейін
жөндеуші, сақтаушы – халық. Жеке адамдар бірде белгілі бір сөздің авторы
ретінде аталса, екінші бір жерде әдеби кейіпкер ретінде сипатталады.
Солардың бірі ретінде шешендік сөздерден бір мысал келтіріп кеткенді жөн
көрдім.

Мысалы: Қыпшақ Арғынбай шешен мал мен басқа тапшы бірақ
ауыздағы сөз, аяқтыға жол бермейтін сөзге ұста шешен екен. Шешенді
кемсітіп, кекетіп бір жиында Қоңырат жайымбай датқа былай депті.

Сөйле-сөйле құлағы жоқ шұнақ биім, құйрығы жоқ шолақ биім. Сонда
Арғынбай шешен амйцтқан екен :
---- Жақсы айтасың, датқа ! Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз табар
өз иесін табар. Сен мал мен басқа мақтандың. Байлық түбі ---бақыл бақыл,
қазына түбі—ақыл. Атадан алтау тусаңда бір жалғыздық бар. Асқа тойған
кекірер, басқа толған кетірер. Ешкі егіз тауып, қойдан көп болмас, ит
сегіз тауып мплдан көп болмас. Құлағым шұнақ болса—сұңқар шығармын.
Құдайдың маған берейін десе баласы жоқ па, саған жіберейін десе пәлесі жоқ
па!?

Сондай-ақ жаңа прогресшіл әдебиетіміздің өкілі Махамбет Өтемесұлының
өлеңдері де шешендік толғаулар мен аралас, астарлас..

Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар
Тарлаудан татқан дәні бар
Азамат елдің баласы.
Аз ұйықтар да көп жартар
Дұшпанға кеткен ары мен
Толауға түскен малы бар,

деген сынды шешенді сөздерді кездестіруге болады.

Жер- су аттарына байланысты аңыздарды жинау.

Жер-су аттары туралы аңыз әңгімелер көптеген мәліметтер бар. Ол туралы
“Дала уалаяты” газетіндегі мақалаларда Қазақстан терреториясындағы
кейбір топонимдердің этимологиясы туралы халық аңыздары да кездеседі.
“ Шыңғыстау”” топонимі туралы мынадай болжамдар айтылады.
“... Өзінің басқыншылық шабуылдарының бірінде Темучин қазіргі Шыңғыс
деп аталатын таудың маңына шатырын жігіп,аялдама жасайды. Қазақтар өзара
ақылдасып, Темучинге қан төгіссіз берілуге тырысып, майқы биді бас қылып
елшілікке жіберіпті. ”.
Темучин өз атын өзгертіп “ Шыңғыс тау”” деп атамақшы
болады. Оған бағынған 12 тайпа таудың ең биік жотасына 12 қада қағып,
үстіне ақ шатыр тігіп, Темучинді ақ киізге көтеріп, Шыңғыс хан деп
атандырады.
Согндай—ақ ” Қостанай ” деген қаланың
шығуы туралы түрлі аңыз әңгіме бар.

“ Ертеде бір кедей өзін және егіз қызы Қос пен Танайды” асырап, күн
көру үшін ертеден қара дейін байдың жұмысын істеп, малайы боп жүреді..
Күндердің күнінде бай мен кедей арасында жер жайлы дау туады. Бай
өктемдігін көрсетіп, кедей пайдаланып отырған жерді тартып алады да, оны
елден қуып жібереді. Кедей бейшара Тобыл өзенінің бойына барып, бір сайға
жалғасады. Кедейдің сорына күндердің күнінде екі бірдей сұлу қызы Қос пен
Тонай өліп қалады да, оларды тобыл өзенінің жағасына жерлейді. Осы екі
қыздың бейітінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар ұзақ уақыт тоқтай
қайғыратын, кейде қонып та қалатын болған. Сөйтіп ол қыздар жерленген жерді
“ Қостанай ” деп атаған.

Енді тағы бір аңыз-әңгімеге сүйенсек Павлодар обылысындағы Ямышево
станциясының қазақтар бұрын “”Тұз қала ” дейді екен және бұл қазақ
жеріне ең брын салынған қала екен. Бұл қаланың орнында бұрын Жамшы деген
қалмақ батырдың аулы отырған екен. Содан барып бұл қаланы Иамұмұф “ Ямышево

деп атап кеткен екен.

Жыр арқауы-халық мұраты.
Халық-жасампаз. Әр халықтың да өз тарихы мен мәдениеті, өз тарихының
шежіресі , өз мәдениетінің асылы тәрізді көркем мәдениеті бар. Халық
арасынан талай саңлақ жыраулар мен жыршылар, барлығынан өнер төгілген
кұйшілер шыққан.. Талант- гүл, халық соның нәр алар топырағы.
Қазақтың ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары , әдеби мұрасы
ұрпақтан- ұрпаққа ұластырушылар- ақпа ақын, жыраулар мен жыршылар болған.
Кіші- гірім лирикалық, шешендік, сықақ мәнді өлеңдерден бастап, эпикалық
поэмалар мен дастандарға дейін ақындар қолма- қол шығарып,сол жырлар мен
өздері естіген әдеби мұраларды сан жылдар жадында сақтап,өңдеп, дамыта
жырлап, осы өнегесін қанаттас ақын, жыршыларға жеткізіп отырған.
Өмір сырын мол сезініп, самаға жазған дана далалары халқын
елдікке , ерлікке үндеген, қайғысына қабырғасы қайысып, қуанышына жүрек
жарды жыр төккен.
Ақын жыраулар мен ә нші, жыршылар дәстүрі белгілі бір әдеби
ортада қалыптасып, дамиды. Қазақ жерінің әр аймағында да көрнекті ақын,
жыраулар бастаған дәстүрлі әдеби орта болған..
Жетісу аймағындағы Сүйінбай бастаған импровизатор ақындар тобы:
Семей алқабындағы Абай өнегесі мен өрбіген жазба әдебиет дәстүрі; Арқадағы
Біржан, Ақан, Балуан Шолақ арқылы танылатын әншілік салт.
Қазақ ауыз әдебиетінде жырауларымыздың жырлаған жырлары
халықтық мақал- мәтелге сіңісуі тағы бар.
Жырау- халық әдебиеті қайнарынан мол нәр алған.Олар халық
тілін шұбарламай, саф таза күйінде шебер қолданып, тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін бере білген сөз зергері. Міне, осындай жырауларымыздың
бірі – Абыл Өтембетұлы.
Абыл Өтембетұлы. (1777-1864)
Абыл- Маңғыстау түбегіндегі Бозашы мекнінде дүниеге келген. Кіші жүздегі
Адай руының жары бөлімінен, оның ішінде Тоқтамас- Табай ауылынан шыққан.
Абылдың туған, өлген жылы туралы деректер бір арнаға түспеген. Қарт жыршы
Қойшыбай Боқанов 1964 жылы кездесуінде: “ Абыл-екең менің 3 жасымда
өліпті,- деп әкемнің құрдасы Іздібай деген кісі айтып еді, әкем биыл 103-те
деген. Демек, Абыл 1864 жылы өлген.

Ақынның туысы Қосдаулетов Бөкембай қарт
былай дейді :
“ Абыл өмірінің соңғы негізінде 3 ай ауырыпты. Ұйықтап жатса да , үнемі
жырлап жатады екен. Көктемнің соңғы кезінде дүние салса керек. Ел арқаға
көшетін мезгілде абыл: - мен өлемін, көшпеңдер , мені жерлеп кетіңдер,-
депті. ”. Ауырып жатып мынадай өлең айткан екен.:
Сексеннің із де келдік жетеуіне,
Жаманның ергенім жоқ жетегіне.
Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік.
Біздей шал жатып қалды төсегінде.

1942 жылы абыл туралы айтқан деректерінде дәуіріміздің атақты жырауы Мұрын
былай деген: “Менің әкем Сеңгірбай Абыл ақынның үйінде зергерлік құрып
жатқан уағында” Сіз қалй ақын болдыңыз ?- деп сұрағанда Абыл айтыпты:
“Отызға келген кезім , ерте қой өргізіп келіп, ұйықтап қалсам,біреу бір
сұйық нәрсені аузыма құйып жіберді, жұтып жібердім. Ояна келсем, кеудемде,
өлең сөз кернеп барады екен.Осыдан былай қарай ақын болып кеттім,- депті.
Абыл- үстем тап өкілдерін шенеп өткен ақын. Халықты аяусыз қамаған
Баймағамбет Айшуақов, Қайыпқали Ешімов сынды озбыр сұлтандарды жалтақсыз
әшкерелеп отырған. Абыл Қаным дейтін жұбайынан Арыстан, Артығалы, дейтін 2
ұл, қырмызы, Қытайы деген 2 қыз көрген. Енді осы Абылдың шығармашылығынан
үзінді келтірік кетелік:
Отырған қарсы
алдымда балдайымыз ,
Бал татыр жесе сенер таңдайымыз
Сендерді жақын-
жақын дей береді.
Қабылдың тіленшісі қандайыңыз?
Жаз болса-
ауылдасым, қызылдасым
Қыс болса- қораласым-, қызылдасым
Қабылдың тіленшісін бізге қосып,
Басыңыз Абыл-еке, ауырмасын.-
Ақ балдай отырмысың ісіңді істеп,
Кісіге сөйлес деген “ үйге түс” деп
Қолыңа қонған құсың құтты болсын.
Болыпты көзі тыртық түлкі тістеп
Жарасар салсаң тоқым қара көкке
Құсыңыз қыран ба екен салшы жеке
Құсыңның оң көзінің жиегі жоқ
Алмасақ жиектетіп сегіз екке.

Адамның бір қызығы бала деген

Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата- анасының ғана емес,
бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері “ шілдехана,
шілде күзет, бесікке салу, ат қою, тұсау кесер салттары өткізіледі.
Шілдехана-нәресте дүниеге келгенде шырқалатын ән. әдетте, шілдеханаға
ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан,
перілердің салқынынан қорғап, күзету- халық сенімі бойынша тек жастардың
міндеті.
Шілдеханаға сойылған малдың мойын омыртқасын босанған жас әйелге
береді. Ол мойын омыртқаны опырмай, етін тек қолмен үзіп жеп, төрге іліп
қояды. Ел ішінде жас баланың мойнының тез қатып кетуі осы омыртқамен
байланысты деген сенім бар.Енді осы шілдеханада айтылатын әрі баба ретінде
берілетін өлеңге келіп тоқталсақ.

Жас нәрестенің шілдеханасында берілетін бата.

Нәрестенің бауы берік
болсын.
Ата-анасына серік болсын,
Азамат болып ер жетсін
Ақсақал болып төрлетсін.
Ғұмыры ұзын берікті,
Қолқанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті.
Азамат болсын ардақты
Мінезі болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі келсін,
Алла берсін зор бақты
Аллау әкбар! ... ...

Бәсіре - бұл дәстүр де қазақ халқының аса бір маңызды салтының бірі болып
табылады.. яғни нәресте туылғанда бір құлып атау салты. Халықтық түсінік
бойынша, баланың тағдыры аман-есен жер басып жүруі осы бәсіремен тығыз
байланыста болғандықтан оны мінбейді, соймайды, өзге біреуге сатпайды.
Ат қою- халқымыз бөпеге ат қоюғ ерекше мән береді.. Осы ат қою
дәстүрінен де халықтың наным- түсінігі, салт- санасы, арман- мүддесі,
эстетикалық талғамы көрінеді. Әдетте ат қою құрметіне ауылдың ақсақалы
немесе көрші ауылдың шежіресі –қариясы ие болады.
Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша, нәрестеге 3 күннен қалдырмай
ат қойылады. Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде ат қоюға да
молда шақырылатын болған. Молда азан шақырып, нәрестенің құлағына аузын
таяп, сәбиге қойылар атты 3 рет сыбырлап айтады. Осыған байланысты
итілімізде тілімізде “ азан шақырып ат қою” тіркесі қалыптасқан. Ат
қойған адамға ақы ретінде арнайы сыйлық дайындалады. Баланың туылуына
байланысты шала туылса Шалабай, Шалабек, Лекер деп ерекше көзге түсер
белгілеріне қарай, қалы болса –Қалдыбай, Қалдыгүл деп ат қояды.
Тұсау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақ әдебиетінен үй тапсырмасын берудің тиімділігі
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
М. Әуезовтың педагогикалық еңбектері
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Пәндер