Ауру тарихы. Клиникалық диагноз Сол жақ бұғана сүйегінің ортаңғы 1 3 бөлігінің жарқыншықты жабық сынығы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 14 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ

Пәннің аты: Жалпы хирургия

АУРУ ТАРИХЫ

Науқас: Тұрғанбай Мадияр Бейсенұлы 10.06.1999ж.

Клиникалық диагноз: Сол жақ бұғана сүйегінің ортаңғы 13 бөлігінің
жарқыншықты жабық сынығы

Студент: Махамбет А.
Тобы: ЖМ-115
Пән оқытушысы: Шаймерденов. Л
РЕСМИ МӘЛІМЕТ
(паспорттық бөлім)

1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты: Тұрғанбай Мадияр Бейсенұлы

2. Жасы: 15 10.06.1999 жылы туылған

3. Жынысы: ер

4. Білімі: орта

5. Жұмыс орыны: № 23 мектептің 9 сынып оқушысы

6. Мамандығы: Оқушы

7. Атқаратын қызметі: жоқ

8. Аурудың мекен-жайы: ОҚО, Түркістан қаласы, Шорнақ ауылы,
Н.Сарбасов көшесі 3 үй.

9. Ауруханаға түскен күні, сағаты: 04.02.2014ж.

10. Ауруханадан шыққан күні: 10.02.2014ж.

11. Жолдаманы берген мекеме: өзі келген

12. Жолдама берген мекеменің диагнозы: —

13. Қабылдау бөлімінің диагнозы: Сол жақ бұғана сүйегінің ортаңғы
13 бөлігінің жарқыншықты жабық сынығы

14. Клиникалық диагноз: Сол жақ бұғана сүйегінің ортаңғы 13
бөлігінің жарқыншықты жабық сынығы

Негізгі ауру: Сол жақ бұғана сүйегінің ортаңғы 13 бөлігінің
жарқыншықты жабық сынығы

Негізгі аурудың асқынуы: Жоқ

Қосымша (ілеспелі) ауру: Жоқ

НАУҚАСТЫҢ ТҮСКЕН КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ ШАҒЫМДАРЫ
Науқас сол бұғана аймағының ісінуі мен деформациясына, осы
аймақтағы ауырсынуға және иық буынында қимылдың шектелуіне шағымданады.

ҚАЗІРГІ АУРУДЫҢ ТАРИХЫ. (Anamnesis morbi)
Науқас 04.02.2014ж. сағат 10:00 шамасында жаттығу кезінде
биіктіктен өз салмағымен құлаудың нәтижесінде жарақат алған. Ауырсыну
кенеттен басталған, ауырсыну күшейе түскен. Туыстарының көмегімен ХҚТУ
КДО – ның жарақат бекетіне жеткізілген. Жарақат бекетінде алғашқы
медициналық көмек ретінде жабық репозиция жасалған, бірақ нәтижесіз
болған. Сондықтан операциялық емге нейрохирургия бөлімінің жарақаттық
төсегіне жатқызылды.

АУРУДЫҢ ӨМІР ТАРИХЫ. (Anamnesis
vitae)
Науқас Тұрғанбай Мадияр 1999 жылы шілде айының 10-шы жұлдызында
ОҚО, Түркістан қаласы, Шорнақ ауылында дүниеге келген. Жанұя жағдайы
орта. Отбасында 5 бала, 3-ші болып дүниеге келген. Әкесі 47 жаста, анасы
46 жаста. Тұрмыс жағдайы мен тамақтану жағдайы орташа.
Балалық шағындағы өсіп жетілуі қалыпты, денсаулығы жақсы, ешқандай
аурулармен ауырмаған. Мектепке 6 жасында барған, сабаққа үлгерімі
қанағаттанарлық, 9-сыныпта оқиды. Дене шынықтыру сабағына қатысады,
спортпен айналысады (Дзюдо).
Зиянды әдеттері: жоқ.
Ауырған аурулары: науқастың айтуы бойынша жұқпалы аурулармен,
Гепатит, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған және
ауыратын адамдармен контактіде болмаған. Соңғы 6 айдың ішінде шет елдерге
шықпаған. Тексеру кезінде диспепсиялық бұзылыстар байқалмады.
Гемотрансфузиялық анамнезі: Қан тобы: О (1) бірінші, Rh(+) оң.
Соңғы 6 ай ішінде гемотрансфузия болмаған.
Жан ұясы және жыныс қатынасы туралы мәлімет: үйленбеген.
Аллергиялық анамнез: дәрі-дәрмектер мен тағам түрлеріне аллергиялық
реакциялар болмаған, аллергиялық бөртпелер шықпаған.
Тұқым қуалаушылықтан мәлімет: Отбасында тұқым қуалайтын аурулармен
ауыратын адамдар жоқ.

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ

Status praesens objectivus:

Санасы: айқын, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді. Төсектегі
қалпы активті.
Жалпы жағдайы: салыстырмалы қанағаттанарлық. Дене температурасы
36,7 градус.
Дене бітімі: нормостеникалық. Бойы 172см, дене массасы 58кг.
Тері жамылғысы: түсі ақшыл қызғылт түстес. Терінің серпінділігі мен
тургоры қалыпты. Терінің ылғалдылығы орташа.
Патологиялық пигментациялар: бөртпелер, олардың түрлері: эритема,
теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжемі, жара, ұшық. Қанталау,
қасынған іздер, “тыртықтар, жұлдызшалары”жоқ.
Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, бетіндегі, қолтық астындағы, шап
маңының түгі қалыпты.
Тері асты шел қабаты: орташа.
Ісіну: жоқ.
Тері асты веналары: кеңеймеген.
Лимфа түйіндері: регионарлы лимфа түйіндері үлкеймеген.

Мүшелеп қарау
Басы: бет әлпеті-дөңгелек пішінді.
Көздері: көз саңылауы- қалыпты,қабақтары- ісінбеген, қарашығы жарыққа
реакциясы сақталған. Көздің дірілдеуі, еріксіз қозғалуы (нистагм),
қылилығы т.б. ерекшеліктері жоқ
Мұрын: сыртқы пішіні-қалыпты, жұмсақ тканьдерінің деформациясы жоқ.
Еріндері: бұрыштары симметриялы, еріндерінің түсі - қызғылт, ұшық шығу,
жарылуы, құрғауы жоқ.
Ауыз қуысы: Ауыз қуысының кілегей қабатын қарағанда: афта, пигментация
Белский Филатов - Коплик таңбасы, қанталаудың, қатты таңдайдың сарғаюы жоқ.
Тістері: қалыпты, кариес жоқ.
Тілі: ақ жабындымен қапталған.
Көмейі: бадамша безі ісінбеген, қызармаған.
Жатқыншақ: кілегей қабатының түсі қалыпты.
Мойын: тамырлардың пульсациясы (“каротид биі”), мойын веналарының ісінуі
жоқ:
Бұлшық ет жүйесі: жалпы даму деңгейі орташа.
Сүйек жүйесі: сүйектердің, омыртқа жотасының мойын, кеуде, белдік
бөлімдерінің қозғалысы- ауырсынусыз, күш салу белгісі, “дабыл
таяқшаларының болуы” жоқ..
Буындары: конфигурациясы, ісінуі, терісінің қызаруы, қызуының көтерілуі
анықталмайды.
Дене қызуы: қалыпты. (36,7 С)

ЖҮЙЕЛЕР БОЙЫНША ҚОСЫМША СҰРАСТЫРУ
1. Аурудың жалпы жағдайы:
Көңіл-күйі жақсы, қалтырау жоқ, тершең емес, дененің қызуы қалыпты.
2. Тыныс жүйесін тексеру:
Мұрын: тыныс алуы еркін.
Дауысы: қалыпты
Кеуде сарайын қарау: сыртқы пішіні қалыпты. (конус тәрізді) Екі өкпесіде
симметриялы тыныс алу актісіне қатысады.ТАЖ мин 16рет.
Кеуде сарайын сипап тексеру: серпінділігі, бұлшық еттерінің тонусы қалыпты;
қабырғалардың қабырға аралық нерв, бұлшық еттер ауырсынусыз
Дауыс дірілін сипап тексеру: қалыпты
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы: анық өкпе дыбысы
Топографиялық перкуссия: өкпе ұшының биіктігін алдыңғы 3см және артқы беті
VII омырқада, Кренинг кеңістігінің ені 6см

Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу: қолтық алдыңғы сызықта 5
см, жауырын асты сызығы бойынша дем алғанда 3 см, дем шығарғанда 3см жалпы
6 см. Перкуссияда: Анық өкпе дыбысы
Тексеру қорытындыларын кесте ретінде келтіру
Танымал сызықтар Оң жақ өкпе Сол жақ өкпе
1.Төс қасы сызығы V -
2.Бұғана ортасы сызығы VІ -
3.Алдыңғы қолтық асты сызығы VІІ VІІ
4.Ортаңғы қолтық асты сызығы VІІІ VІІІ
5.Артқы қолтық асты сызығы ІX ІX
6.Жауырын сызығы X X
7.Омыртқа асты сызығы XІ кеуде омыртқа тұсыXІ кеуде омыртқа
тұсы

Өкпенің салыстырмалы аускультациясы: Өкпесінде везикулалық тыныс.
Крепитация, сырылдар жоқ

3. Жүрек-тамыр жүйесі:
Жүрек тұсын қарау: Жүрек тұсында томпаюлар,пульсациялар жоқ.
Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісі V қабырғааралықта
бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке орналасқан, ауданы 1,5 см, орташа
серпімді. Систолалық немесе диастолалық дірілдің, мысық пырылы белгісі
жоқ. Мойын артериялары ісінбеген, каротид биі жоқ.
Перкуссия: Жүректің шала тұйық және нағыз тұйық шекаралары
Шектер Шала Нағыз
Оң жақ IV қабырға аралығы ІV қаб аралығы сол жақ
төстің оң жақ қырынан төс жиегі
1см сыртқа
Сол жақ V Қабырға аралық бұғанаV қаб аралық сол жақ
орта сызығынан 1,5 см шегінен 1 см ішке
ішке
Жоғарғы ІІІ қабырға аралық сол ІV қабырға аралық сол
жақ төс маңы сызығы жақ төс маңы сызығы.

Жүрек аускультациясы: жүрек тондары айқын, патологиялық шулар жоқ.
Пульс жиілігі 80 рет минутына, ырғақты, синхронды, кернеулігі орташа,
толымдылығы орташа толымды. Жүрек соғу жиілігі 80 рет минутына, АҚ 11070.

4. Ас қорыту жүйесі:
Ауыз кілегей қабаты ақ жабындымен жабылған. Тәбеті жақсы, бұрмаланған
тәбет жоқ. Дәм сезімталдығы қалыпты. Жұтыну қалыпты.
Ішті қарау: Сопақша пішінді, тыныс алу актісіне қатысады. Веналардың
білеуленуі жоқ. Ішті сипалағанда ауырсыну жоқ, іші жұмсақ. Ішті беткей
пальпациялағанда ауырсыну, кебу, құрылдау жоқ. Іштің терең пальпациясы:
Соқырішек пальпациясы: алмұрт пішінді, диаметрі 3,5см, жылжымалылығы
3,5см, консистенциясы –жұмсақ, беті тегіс, ауырсыну жоқ, құрыл-шұрыл жоқ.
Өрлеуші ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, , жылжымалылығы 3 см,
консистенциясы орта тығыздықта, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Көлденең ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3,5 см, орта тығыздықта,
қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Төменденші ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, орта тығыздықта,
қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Сигма тәрізді ішек: цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, тығыздығы -
тығыздау, қозғалмалы 4 см, беті тегіс, ауырсынусыз, құрыл-шұрыл жоқ.
Ұйқы безі пальпациясы цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, жұмсақ
ауырсынусыз.
Бауырды зерттегенде оның қолға сүйірленуі анықталмайды, жұмсақ, тегіс,
ауырсынусыз. Өт қабы пальпацияланбайды.
Бауырдың көлемін анықтаған кезде негізінен М.Г.Курловтың қағу әдісі
бойынша қалыпты жағдайдағы өлшемдерді есепке алады. Олар:
1. Оң жақ бұғанан орталық сызық бойымен бауырдың жоғары шеті мен төменгі
шетінің арасы 10 см (қалыпты жағдайда 9-10 см);
2. Алдыңғы орталық сызық бойымен төстің семсер тәріздес өсіндінің табаны
мен бауырдың төменгі шетінің арасы 8,5 см (қалыпты жағдайда 8-9 см);
3. Төстің семсер тәрісдес өсіндінің табанынан сол қабырға доғасы бойымен
бауыр шетінің түйіскен жер аралығы 7 см (қалыпты жағдайда 7-8 см).
Көкбауыр пальпацияланбайды, ауырсынуы жоқ.
Көкбауыр өлшемі: шекарасының ұзындығы 9 см, енін 6 см.

5. Несеп бөлу жүйесі:
Қарау: Несеп бөлу мүшелері бойынша қарау кезінде бел аймағының
терісінің қызаруы, ісінуі жоқ.
Бүйрек пальпациясы: (Образцов тәсілі бойынша бимануальді-тербеп) екі
бүйрек пальпацияланбайды, ауырсынусыз.
Перкуссия: Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде екі жақты теріс
мәнді.
Қуықты тексеру: несеп жолының жоғарғы нүктесі – кіндік сызығымен құрсақ
тік бұлшықетінің сыртқы шетінің қиылысатын нүктесінде – ауырсыну
байқалмайды; несеп жолының төменгі нүктесі – қос қыр сызығымен қасаға
бұдыры арқылы жүргізілген тік сызығымен қиылған нүктесі – ауырсыну
байқалмайды; омырытқа мен белдеме аралық нүкте-омыртқамен бел бұлшықеттері
арасындағы бұрыш – ауырсыну байқалмайды.
6. Тірек – қимыл жүйесі.
Сол жақ иық аймағын қараған кезде сол бұғананың проекциясында айқын
деформация байқалады. Пальпацияда бұғананың 13 бөлігінде сүйек
крепитациясы, паталогиялық жылжу, ауырсыну байқалады. Саусақтарда қимыл
мен сезімталдық сақталған.
7. Нерв жүйесі:
Ақыл-есі дұрыс, сөзі анық, қозғалыс, тепе-теңдігін сақтайды, БМН:
қарашық D=S, жарыққа сезімтал, конвергенция сақталған, есту, иіс сезу, дәм
сезу, сипап сезу, көзінің көру сезімдері қалыпты, мұрынерін қатпары
симметриялы, тілі орта сызық бойында.
Менингиальді симптомдар теріс мәнді.
Омыртқаның мойын бөлігіндегі С4-С5-С6 деңгейіндегі паравертебралдық
нүктелерде ауырсыну жоқ. Рефлекстер сақталған, бірдей. Бұлшықет күші
қалыпты, сезімталдық бұзылмаған.
8. Ішкі секреция бездері жүйесі
1. Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес.
2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.
3. Дененің өсуінің бұзылуы: дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының
бұзылулары жоқ.
4. Семірулер жоқ.
5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялар жоқ.
6. Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі,
ауырсынбайды.

9.Қан түзу жүйесі
Қарау: тері, кілегей жамылғыларының түсі қалыпты, денесінде,
бетінде геморрагиялық бөртпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы
аймағының томпаюы, немесе ассиметриялық өзгеруі жоқ.
Сипау: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды.

10.Сезім мүшелері:
Көру, есту, иіскеу қабілеттері қалыпты, тері мен кілегей
қабықтардың дәм сезуі қалыпты.

Status localis: қарағанда сол жақ бұғана сүйегінің диафизарлы бөлігінде
4,0x3,0 см ісіну, деформация байқалады. Пальпацияда бұғананың 13
бөлігінде сүйек крепитациясы, паталогиялық жылжу, ауырсыну байқалады,
қимыл шектелген ( сынуға байланысты ) жергілікті гипертермия анықталады.

АЛҒАШҚЫ (БОЛЖАМДЫ) ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕУ
1. Науқастың түскен кездегі шағымдары бойынша: сол жақ бұғананың ісінуі
мен деформациясына, осы аймақтағы ауырсынуға, сол иықтың төмен түсіп
кетуіне және иық буынында қимылдың шектелуі.
2. Науқастың ауру тарихына байланысты: Науқас 04.02.2014ж. сағат 10:00
шамасында жаттығу кезінде биіктіктен өз салмағымен құлаудың
нәтижесінде жарақат алған. Ауырсыну кенеттен басталған, ауырсыну
күшейе түскен. Туыстарының көмегімен ХҚТУ КДО – ның жарақат бекетіне
жеткізілген.
3. Өмір тарихына байланысты: науқастың айтуы бойынша жұқпалы аурулармен,
Гепатит, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған және
ауыратын адамдармен контактіде болмаған. Соңғы 6 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жамбас сүйегінің сынығы
«Қойдың жабық жарақатын емдеуге арналған ауру тарихы»
Сырқатнама (ауру тарихы) жайлы
Ауру тарихы
Ауру ағымы және клиникалық белгілері
Ауру тарихы жайында
АУРУ ТАРИХЫ. Жалпы жағдайы туралы мәлімет
Клиникалық неврологияның даму тарихы
Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия ауру тарихы
Сиырдың ортан жілігінің сынығы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь