Психологиядағы зерттеудің әдіс-тәсілдері туралы түсінік


СӨЖ
Жоспар:
- Психологиядағы зерттеудің әдіс-тәсілдері туралы түсінік.
- Вербалды-коммуникативті әдістер.
- Модельдеу.
Психологиядағы зерттеудің әдіс-тәсілдері туралы түсінік.
Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталады. Психология ғылымында негізгі әдістерге бақылау және эксперимент әдісі болып табылады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.
Бақылау әдісі - әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап - бақылау үнемі мақсатты болуы қажет , яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап - оның нәтижесін тіркеу . Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т. б. ) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т. б. ) .
Бакылау және тәжірибелік әдістердің қолдану тәсілдері әр қилы. Бақылау арқылы байқалғаи фактілер мен құбылыстардың табиғаты пснхологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Өмір тәжірибесінде әдеттегі бақылаудан ғылыми бақылаудың негізгі айырмашылығы құбылыстардың себеп-салдар принципі бойынша әрбір нәрсенін сыры.
Психологияның негізгі әдістерінің бірі - эксперимент. Психодогияны зерттеу әдістерінің объективтік сипаты.
Эксперимент- психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Эксперименттін, (тәжірибенің) қолданыла бастағанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. Эксиерименттін, лабораторкялық эксперямент және табиғи эксперимент дейтін екі түрі бар.
Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы. орыс оқымыстысы А. Ф. Лазурский енгізді. Оның негізгі мақсаты- зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
Бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Мұның рөлі ерекше. Табиғи эксперимент бойынша психологиялык зерттеулер адамның өмір-тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сонаай-ақ, психологиялық-педагогикалык зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның (оқушьшың) қальштасуы карастырылады. Әр түрлі кезеңдерге сәйкес зергтеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге негізделеді.
Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін аныктау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргізіледі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция) , оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.
- Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы(гипотеза) болуы тиіс.
- Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.
- Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
- Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;
- Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
- Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т. б.
Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В. В. Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.
Қосалқы әдістер:
Әңгемелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды. Әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі;
Анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап береді. Осы әдіспен әр түрлі топ ұжымының психологиялық өзгешеліктері зерттелінеді;
Сұхбат барысында сұрақ қоюшы респондентпен әңгімелеседі, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді;
Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық барма деген сауалдарға жауап алынады. Cынау (тест) әдісі - адамның бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, психолог сьшау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді ажыратьш, оның ұшқыш не астроном, не өзге де мамандықтарды игеруге деген бейімдік қабілетінің қаншалықты екендігін анықтайды. Жете тексерілмеғен сынау әдісімен жасалған кейбір қорытындыларда қателіктер де кетуі мүмкін. Мұндай қателер көбінесе кей-бір балалардың бойындағы психологиялық процестер мек ерекшеліктердің кешігіп барып оянатынына жете мән бермей, асығыс қорытьшды жасауға байланысты. Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық процестер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарьша орай, негізгі әдістер және көмекші не қ осалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырамыз. Мысалы, оқушылардың мамандықты игеруге бейімділігін анықтау үшін сынау (тест) негізгі әдіс деп саналса, ал сол оқушының өз қольшен жасап шығарған затын не оқу кұралдарын көмекші әдіс деп атаймыз, Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да мүмкін. Мәселен, окушының орындаған жазба (бақылау) жұмысы оның белгілі пәнді менгеруін анықтауда негізгі әдіс болып саналады.
Психологиялық зерттеудегі нақты әдістер мең тәсілдер. Мұндай зерттеу әдістері нақты мәселені шешуде арнайы әдіс ретінде қолданылады. Психологияла зерттеу әдістерінің мүмкіншіліктері зор. Сондай накты зеттеу әдістерінің бәріне ортақ жалпы сипаттама бар. Мәселен, қалыпты дамыған балалар мен ақыл-ойы кем түрлі жастағы балалар зейінін зерттеу мақсатымен жүргізілетін тәжірибе бірнеше сатыдан тұрады: 1-саты - даярлык. сатысында бақылау жүргізіледі. 2-сатыда қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалар екі топқа белініп, берілген тапсырма зерттеледі. Алынған нәтижелер тиісті жорамал бойынша тексеріледі.
Психологиядағы мұндай зерттеу әдістері анықталуға тиіеті мәселенің шындығын көрсетіп, айқындап, түрлі психологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Қазақ жұртының сана-сезімі мен салт-дәстүрінде. тіршілігінде талас-тартысты, дау-дамайлы істердің анықтанығын айқындап отыру үшін ел-жұртына беделді адамдар - билер мен сыншылар, шешендер мен көреген кісілер әр алуан тәжірибелер жасаған. Қазақ этносының өмірінде мұндай тәжірибелік әдістер даулы істердің түйінін шешуге қолданылып отырғандығы жайында нақты деректер мен аңыз-әңгімелер өте көп. Атақты Төле бидің бала кезінде екі әйелдің бір балаға қатысты дауын шешуі, қазақ билерінің жоғалған мал-мүліктердің ізін анықтап, иесіне қайтару жөніндегі шешімдері халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінен жинақтаған білім қорын, сана-сезімінің даму деңгейік көрсететін пснхологиялық қасиеттер екенін дәйектейді.
Вербалды-коммуникативті әдістер.
Сөйлеу - бұл вербальді коммуникация, яғни тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Вербальді коммуникацияның құралы болып қоғамдық тәжірибеде белгілі бір мағынаны құрайтын сөздер табылады. Сөздер дауытап, іштей айтылуы, жазылуы мүмкін немесе естімейтін адамдарда олардың орнын мағына беретін ерекше ым-ишаралар, жесттар басуы мүмкін (дактиология деп аталады, онда әрбір әріп саусақ қозғалыстарымен белгіленеді және жесттік сөйлеу, мұнда жест тұтас бір сөздің немесе сөздер тобының орнын басады) .
Сөйлеудің мынандай түрлері бар: жазбаша және ауызша сөйлеу , соңғысы өз кезегінде диалогтық және монологтық деп бөлінеді.
Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог, яғни қандай да бір мәселені бірлесіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің әңгімесі болып табылады. Ауызша сөйлеуге репликалар, әңгімелесушінің жекелеген сөздері мен фразаларын қайталау, сұрақтар қою, толықтырулар, сөйлеушіге ғана түсінікті намектарды қолдану, әр түрлі көмекші сөздер мен тән. Бұл сөйлеудің ерекшелігі әңгімелесушілердің өзара түсінісу дәрежелеріне, олардың өзара қатынастарына тәуелді. Әңгімелесу кезінде эмоционалдық қозу деңгейінің үлкен мәні бар. Жабырқау, қуанған, қорыққан, ашуланған, таңданыс үстіндегі адам тыныш күйде болған кезіндегідей сөйлемейді, тек басқа интонацияларды ғана емес, сондай-ақ, басқа сөздерді жиі қолданады.
Ауызша сөйлеудің екінші түрі - монолог, мұнда бір адам оны тыңдап отырған екінші адамға немесе көп адамдарға қарап сөйлейді: бұл мұғалімнің әңгімесі, оқушының жауабы, баяндама және т. с. с. монологтық сөйлеудің үлкен композициялық күрделілігі бар, ойдың аяқталуын, грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, монолог айтушының айтқысы келгендерінің қатаң логика мен талап етеді. Монологтық сөйлеудің диалогтық сөйлеумен салыстырғанда үлкен қиындығы бар, оның развергнутое формасы онтогенезде кешірек дамиды. Еркін, қиындықсыз әңгімелесе алатын, бірақ монологтық сипаты бар ауызша хабарлама жасауда (баяндама, т. с. с. ) алдын-ала жазып дайындалған мәтінге жүгінетін адамдардың кездесетіні кездейсоқ емес. Бұл көбінесе мектеп оқытушыларының оқушылардың бойында монологтық сөйлеуді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізуге жеткілікті көңіл қоймағандықтарының салдары.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда адамзат тарихында көп кейін пайда болды. Ол кеңістік пен уақытқа қатысты алшақ ораласқан адамдар арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктердің нәтижесі ретінде пайда болды және пиктографиядан дамып шықты (ол кезде қазіргі жазу пайда болғанға дейін ойлар шартты схемалық суреттер арқылы берілді, мыңдаған сөздер бірнеше ондаған әріптердің көмегімен жазылды) .
Жазу арқылы адамдардың жинаған тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа қолайлы түрде жеткізу мүмкін болды, өйткені оларды ауызша сөйлеудің көмегімен беру кезінде ол бұрмалануы, өзгеруі, тіпті ізсіз жоғалып кетуі мүмкін. Жазбаша сөйлеу ғылымда пайдаланылатын күрделі таңдауларды дамытуда, көркем бейнелерді беруде маңызды рөл атқарады. Жазу мен оқу мектепте баланың ақыл-ой горизонтын кеңейтеді және білімдерді меңгеру мен хабарлаудың маңызды құралы болып табылады. Жазбаша сөйлеуді пайдалану барынша дұрыс тұжырымдамалар жасау, логика мен грамматика ережелерін қатаң сақтау, ой мазмұнының терең болу қажеттілігін туғызады.
Модельдеу.
Модельдеу әдісі
- ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқаға байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің (субъект) баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, әрі категориясы болып саналады.
Модельдеу екі түрге бөлінеді.
1) заттық модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.
2) Идеалдық модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін.
Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән ретінде, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады.
Модель таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz